Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы



КІРІСПЕ 2
1. Ежелгі Грекия мәдениеті 3
2. Гомер дәуірінің мәдениеті 4
3. Архикалық кезеңдегі Грек мәдениеті 6
4. Эллинизм дәуірінің мәдениеті 13
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 14
Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик — (көне, ежелгі)» деген ұғым. Қайта өрлеу дөуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мүрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және қүқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары — көне заман тарихы туралы ұғымымызды кеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.
1. Княжицкий А., Хурумов С. Древний мир. Мировая художественная культура от первобытности до Рима. Учебник для пятого класса.
2. Кравченко А.И. Культурология. - М.:Академический Проект, 2001.
3. Культурология для технических вузов. Ростов-на-Дону: Феникс, 2001.
Подосинов А.В., Щавелева Н.И. Lingua Latina: Введение в латинский язык и античную культуру

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ 2
1. Ежелгі Грекия мәдениеті 3
2. Гомер дәуірінің мәдениеті 4
3. Архикалық кезеңдегі Грек мәдениеті 6
4. Эллинизм дәуірінің мәдениеті 13
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 14

Кіріспе

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің
әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. Антик — (көне, ежелгі) деген ұғым.
Қайта өрлеу дөуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-
гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп-
төркіні ежелгі, көне, қадым заман мағынасын беретін антиквус деген
латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мүрасы Еуропаның
барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының
және т.б. дамуына, саяси және қүқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі
ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылық,
шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим
сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени
туындылары — көне заман тарихы туралы ұғымымызды кеңейтіп қана қоймай,
мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.

1. Ежелгі Грекия мәдениеті

Көне, қадым заман мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер
екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін Эллиндер; ал өз
елдерін Эллада деп атағанАнтик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан
бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он
бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V-ғасырда Рим
империясының құлауымен аяқталды.
Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени
қүндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің
ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мөн береді, өйткені ежелгі
Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның
барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына,
композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің
дүниежүзілік мөдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық
мәдени қазынасы мен үшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мүндай
ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметтік өмірдің барлық салаларында —
поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, кескіндеме, сөулет, мүсін және т.б.
өнер салаларында кеңінен көрініс тапты.Көне мәдениеттің жарқын беттері
Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель
сияқты ұлылар есімімен тығыз байла-нысты болды.
Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның
бастауында б.з.д. III—II мыңжылдықтарда Гре-кия жері мен Эгей теңізі
аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. Эгей өркениеті
мәдениеттің қайнар бұлағы болды, міне сондықтан да грек халқының ежелгі
мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д. –ІІ мыңжылдықта
Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес
түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей оркениетін Крит-Микены мәдениеті
деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит — ұлы жебеуші, найзағай
тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты құдайы Зевс
бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, асқан сүлу Еуропаны алып келеді, ал
одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Атақты Геракл өз ерліктерінің
бірін дәл осы Крит аралында жасаған, құтырған бұқаға бас үйреткен. Гомер де
өз дастандарында бұл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді.
Ал шындыққа белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел
билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар.
Алайда Критті осын-дай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана
емес, грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шыға-руға тағы да
болмайды.[1] Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-түра
кездесіп қалады.

Гомер дәуірінің мәдениеті

(б.э.д. ХІ-VІІ ғасырлар)

Ежелгі Грекия мәдениетінің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен — Гомер
кезеңі деп аталады. Олай деп атала-тын себебі, бұл дәуір жайындағы басты
деректердің негізгі көзі — б.з.д. VIII ғ. Туған Илиада мен Одиссея
дастандары. Соқыр жыршы Гомер, Платонның айтуынша, бүкіл грек елінің
тәрбиешісі болды, өйткені, өзінің бүкіл тарихында ежелгі Эллин туындылары
осы дастандардан нәр алған. Шындығында да Гомер дастандарының қүдіреттілігі
де осы бір ұлы адамның дәуір тынысын терең сезінгендігінде болса керек.
Грек дастандарының ішінде, әсіресе Гомер эпосы халық аңыздарының негізінде
жүйелі түрде баяндалады. Жалпы грек поэзиясына халықтың қиялынан шыққан
бейнелерге жан-жақты қасиеттер мен белгілер берілгендіктен болар, оны
кейінгі заманда суретшілер мен мүсіншілер өз туындыларында кеңінен
пайдаланды. Ежелгі Элладаның ең ұлы мүсіншісі Фидийдің Илиаданы оқығанда,
адамдар маған екі есе үлкен көрінеді деген сөзінің астарында терең мағына
жатқан сияқты.
Гомерлік кезеңнің IX-VIII ғасырда рулық құрылыстың орнына біртіндеп
таптық қоғам қалыптаса бастады. Бай зираттардан табылған мол дүниелер де
грек дүниесінде әлеуметтік теңсіздіктің үстемдік еткендігін дәлелдейді.
Жаңа қүлиеленушілік қарым-қатынастардың дүниеге келуіне байланысты — грек
мифологиясы да жүйелі түрде қалыптаса бастады. Грек халқы да өзін қоршаған
табиғаттың тылсым құбылыстарының құпиясын танып-білуге талпыныс жасады,
қауіп-қатерлермен өз мүмкіндігінше күресе білді. Бұл өмір үшін болатын
табаңды да, табысты күрес болатын. Олай болса күрес бар жерде өлім бар,
күрес бар жерде жеңіс бар деген өмірлік қағиданы ұмытпаған жөн сияқты.
Адам — бар дүниенің өлшемі деп грек философы Протогор тегіннен-тегін
айтпаған болар. Сондықтан да табиғаттың қатерлі күштерін жеңуде адамға тән
қасиеттің бәрі бар, бірақ адамнан да гөрі қүдіретті құдайлар бейнелерінің
көптеп берілуі — грек мифологиясына тән қасиет болып саналады.
Ол боиынша: мына жарық дүниені Олимп тауы шыңын мекендеген мәңгілік
құдайлар билейді. Гректердің түсінігінде құдайлардың құдайы — Зевс бастаған
даналар тобы, олар әбден жетілген, керемет адамдар сияқты. Құдайлар
бейнесінің адамға жақындатылғаны соншалық, олардың бойынан тек адамға ғана
тән қасиеттерді молынан табуға болады. Грекия топырағында құдайлар мен
халық қаһармандары жайында талай тамаша хикаялар өмірге келді. Миф деп
аталатын халықтың ауызекі шығармашылығының осы бір түрінде, сонау көне
заман жөніндегі естеліктер мен ақындық қиялдың өзара ұштасып жатқандығын
аңғаруға болады.
Грек ақындары, философтары, тарихшылары, мүсіншілері мен суретшілері
Миф уақиғалары мен олардағы басты кейіпкерлерді өз шығармаларына арқау ете
отырып, заман ағымына және онда қалыптасқан көзқарастарға сәйкес жаңа
мазмұн, жаңа тұр беріп отырды...
Гомер дәуірінен бізге келіп жеткен мәдени ескерткіштер онша көп емес.
Солардың ішіндегі біздің заманымызға келіп жеткен бағалы ескерткіштердің
қатарына геометриялық ою-өрнектермен әшекейленген қүмыралар мен қоладан
жасалған мүсіндер жатады. Б.з.д. IX-VIII ғ. құмыраны өрнектеу өнерінің
дамуы нәтижесінде керамика бүйымдарын әшекейлеуде геометриялық стиль
қалыптасты. Геометриялық стиль керамикасының таңдаулы нұсқалары — б.з.д.
VIII ғ. афиналық құмыралар. Құмыраларға салынған суреттердің көркемдігі,
композициясының үйлесімділігі бірден көзге түседі. Құмыралардағы суреттер
лак деп аталатын жылтыр қара бояумен салынған. Геометриялық стиль бойынша
салынған жан-жануарлар мен адамдардың пішіндері айшықты ою-өрнектердің
ырғағына үлкен шеберлікпен бағындырылған.
Археологиялық қазба жүмыстарының нәтижесінде Дипилон зиратынан
табылған әртүрлі пішінді заттар (б.з.д. VIII ғ.) көңіл аударуға түрарлық.
Бұл жерде табылған құмыралардың үлкендігі соншалық, олар адам бойынан да
биік етіп жасалған. Мұндай алып құмыралар жаназа салтына арналып жасалған
болу керек, өйткені олар ақсүйектердің молаларының басында ескерткіш
ретінде қойылған. Бұл ыдыстар ғажайып нақыштармен безендірілген. Онда
шейіт болғандарды жоқтау көріністері, өлікті жерлеу кезіндегі салттық
билер, жекпе-жек сайыстар мен күймелер жарысы және т.б. шынайы бейнеленген.
Бұл құмыралардың арасынан ққрлық пен теңіздегі шайқастар оқиғаларын
баяндайтын тың сюжеттерді: ескекшілері көп зор кемелер бейнелерін де
кездестіруге болады.
Бұл кезеңнің мүсін өнеріне төн нәрсе — құдайларға сыйға тартуға
арнайы жасалынған қыш немесе қола мүсіншілер. Де-мек, б.з.д. I —
мыңжылдықтың алғашқы ғасырларында өнер саласында көркемдік кәсіп — керамика
жетекші орын алды. Қалай болғанда да гомерліктер жасаған өнер туындылары ар-
қылы қауымдық құрылыс мәдениетінен таптық қоғамға өту кезеңіндегі өмір
шындығын бейнелеудегі алғашқы талпыныстармен қатар, сол кездегі адамдардың
дүниетанымынан мағлү-мат береді.
Гомер дәуірінде жазу болған жоқ, гректің жазба ескерткіштері негізінен
архаикалық кезеңде туындаған. Бірақ алфавиттік жазудың алғашқы нышандары
осы кездің өзінде-ақ байқала бастаған.
Негізінен, Гомер дөуірінде мәдениет құлдырау, тоқырау кезеңін басынан
кешіргенімен де, дәл осы түста грек қоғамының дамуына, мәдениеттің
гүлденуіне қолайлы алғышарттар жасалғандығын естен шығармауымыз керек.

Архикалық кезеңдегі Грек мәдениеті

Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д VIII— VI ғ. аралығын
қамтиды. (Архайос грек сөзі, көне ұғымын білдіреді). Бұл кезең
гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді
меңгеру — ұлы отаршылдық кезеңі, бұл — құлиеленушілік құрылыстың кірігу
кезеңі, грек мемлекет-қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында
қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық-саяси оқиғаларға толы
түбегейлі терең өзгерістер кезеңі.
Дәуір басында-ақ, әсіресе материалдық мәдениет қаулап дами бастады.
Жолдар тартылып, көпірлер түрғызылды, қалаларда су қүбырлары салынды, темір
қару-жарақтар кеңінен қолданыла бастады, металлургия мен құйма тәсілі одан
әрі жетіле түсті. Тұрмысқа қажетті бүйымдарды шығаруды ұлғайтудың арқасында
жалпы гректік рыноктар пайда болды, тұңғыш рет теңге сомдалып, сауда
айналымында кеңінен қолданыла бастады. Крит-Микены мәдениетінің күйреуі
нәтижесінде тығырыққа тірелген грек әлемі томаға-түйықтықтан арылып, басқа
халық-тармен байланыстарының арнасын кеңейте түсті. Шындығында да, гректер
көршілес жатқан халықтардан кеп нәрселер үйренді. Мысалы, олар
мидиялықтардан теңге-ақшалар соғуды, финикиялықтардан — алфавиттік жазуды
(кейіннен оны жетілдірді) мүра етті. Қала тұрғындары арасынан шыққан
байыған құлиеленушілерді жаңа байлар деп атады. Ру басшыларының зорлық-
зомбылығына шыдамаған шаруалар қалаларға қарай ағыла бастады. Шаруалар
сияқты кедейленген әлеуметтік топтардан демос (халық) қалыптасты.
Демостың экономикалық және саяси жағынан билеп-төстеген ақсүйектерге қарсы
күресі бір толастамады. Осындай таптық тартыстардың өрлеуі, жердің
жетіспеуі және қала тұрғындарының шектен тыс көбеюі б.з.д. VIII—VI ғасырда
етек алған ұлы отаршылдықтың белең алуына тікелей себепкер болды.
Оңтүстік Франция мен Испанияда, Сицилия мен Апенин түбегі жағалауларында,
Ніл сағасы мен Қара теңіз жағалауында 150-дей грек қала-отарлары пайда бол-
ды. Осы бір жағдайды ұлы Платон гректер Жерорта теңізі төңірегін батпаққа
жиналған бақадай қоршап алды деп тамаша бейнелеп айтқан.
Архаикалық дәуірде рулық құрылыстың түкпілікті ыдыра-уына байланысты
көне полис-құлиеленушілік құрылыстың саяси-әлеуметтік формасы — мемлекет
қалалар қалыптаса баста-ды. Әр полюске қаланың өз жерімен қатар, оны
қоршаған егістік жерлер де кіретін болды. Қаланың дербестігі мен
тәуелсіздігін еркін азаматтар жасағы қамтамасыз етті. Олар мемлекеттік
полистік құрылыс жағдайында халық жиналыстарына, сот процестеріне және
мемлекеттік маңызы бар істерді шешуге қаты-са алатын болды. Мүндағы
шаруашылықтың жүргізілуі қүлдық жүйенің мүдделеріне сай келді. Мемлекет-
қалалардың орналас-қан аумағы әртүрлі болған. Мысалы: Афины мемлекет-
қаласының келемі 8400 шаршы км., ал Спартаның көлемі — 2650 шаршы км.
болды. Ғалымдардың пікірінше, Грекиядағы мем-лекет-қалалардың жалпы саны
екі мыңға жуық болған. Со-лардың ішіндегі ең ірілері — Афины, Спарта,
Коринф, Аргос, Фивы және т.б. Саяси жағынан алып қарағанда көптеген
мемлекет-қалаларға ұсақталып бөлінген Грекия, дәл осы архаикалық дәуірде
басқа халықтармен қарым-қатынастар жасаудың нәтижесінде елдің бірлігі
туралы ойлана бастады, сондықтан да болар бүкіл грек әлемін қамтитын
Эллада, Эллиндер деген ұғымдар қалыптасты. Жергілікті діндердің
бірігуінің нәтижесінде жалпы гректік құдайға табыну орындары —
ғибадатханалар по-листер арасындағы басты экономикалық, саяси және мәдени
қарым-қатынастардың орталықтарына айнала бастайды.
Ежелгі Шығыс елдері сияқты, грек дінінде де политеизм тән болып
келеді. Грекияда басты құдай, құдайлардың әкесі Зевс болып есептеледі. Оның
әйелі Гера — аспан құдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындары:
Пасейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын берді. Сұлулық пен
сүйіспеншілік құдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған,
ол римдік аңыздарда Венера деген атпен белгілі. Венера Медицейская, Венера
Таврическая, әсіресе Милос Венерасы және тағы да басқа әйгілі мүсіндер
Афродитаның даңқын бүкіл дүние жүзіне паш етті.
Ежелгі Грекияның басты құдайларының бірі — жануарлар әлемінің, ағаштар
мен өсімдіктер дүниесінің қамқоршысы Артемида. Әлемнің жеті кереметі болып
саналатын Артемида ғибадатханасы — Артемиданың қүрметіне тұрғызылған. Афина
данышпандық құдайы, оның шапағатының арқасында адамдар ғылымға ұмтылған,
қолөнермен айналысқан, әйелдерді тоқыма ісіне үйреткен. Гелиос — күн
құдайы, Ника (Виктория) — жеңіс құдайы, Арес — соғыс құдайы, Дионис — шарап
құдайы, Гермес — сауда-саттық құдайы және т.б.
Грекияда құдайлар мен адамдардың некесінен пайда болған батырлар да
ерекше қүрметке бөленген. Әсіресе 12 рет ерлік жасаған Гераклдың мерейі
үстем болды. Геракл (Геркулес) — ежелгі грек жүртында аты аңызға айналған
нағыз халық батыры. Әкесі Зевс, анасы Алкмена, зайыбы — Амфитриона,
Гераклдың көзсіз ерліктері ғасырлар бойы жырланып келді. Бір таңқаларлығы
оның есімі Илиада мен Одиссея дастандары жазылмай тұрған кездің өзінде-
ақ белгілі болған. Гераклдың образы өнер туындыларында да асқан шеберлікпен
берілген (мүсін өнерінде Дем алып түрған Геракл, әдебиет саласында Софокл
мен Еврипидтің шығармалары).
Қүлиеленуші полистердің өсуі монументтік сәулет өнерінің дамуына,
Грекияның көптеген қалаларында салына бастаған храмдар (ғибадатханалар)
құрылысының етек алуына әкеліп соқты. Ғибадатханалар қалаларды одан әрі
көркейтіп, оның күш-қуатын көрсетті, храм салуда полистер арасында
бәсекелестік пайда болды. Сарайлық, криттік сәулет өнеріне қарағанда, бұл
дәуірдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы
Мәдениеттану. Ежелгі грекия мәдениеті
Антика әлемінің мәдениенті
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті, өнері
Грек тарихнамасы
Ежелгі Грекия өнері жайында
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті
Ежелгі Грекия мәдениеті туралы
Ежелгі Грекия
Ежелгі Грекия мәдениеті
Пәндер