Арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері



Жоспар

1.1. Арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған
арнаулы салық режимі.
2.1. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық
режимі.
2.2. Біржолғы талон және патент негізіндегі арнаулы салық
режимі.
2.3. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық
режимі.
Арнаулы салық режимдері және оның ерекшеліктері.

Арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері.

Салық режимі – салық кодексінде белгіленген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу жөніндегі барлық санаттары үшін белгіленетін және барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы.
Салық режимдерін екі топқа бөледі:
• жалпы режим;
• арнаулы салық режимі;
Жалпы салық режимі – салық төлеушілердің барлық санаттары үшін белгіленетін және басқа да бюджетке төленетін басқа міндеттердің түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін берудің жалпы тәртібін қолдануды көздейтін тәртіп.
Арнаулы салық режимі – салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлерін есептеу мен төлеудің және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.
Арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлғалар:
• шағын бизнес субъектілері;
• шаруа қожалықтары;
• ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар;
• кәсіпкерлік қызметтің жекелкеген түрлері;
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, біржолғы талон және патент бланкілері қатаң есептілік бланкілері болып табылады және ақша алынбай беріледі. Оларды басқа адамдарға беруге тиым салынады.
Жеке кәсіпкер – заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға.
Арнаулы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, орналасқан жері бойынша тұрақтары жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты болып есептеледі.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде жүзеге асыра алады.
Базарларда тауар сату бойынша (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы киоскілерде, тұрақты үй-жайларда өткізуді қоспағанда) бюджетпен есеп айырысуды шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі бойынша ғана жүргізіледі.
Бұл ретте, рыноктарда өткізу бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлғаларға шағын бизнес субъектілеріне және шаруа қожалықтарына арналған ережелер қолданылмайды.
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері бойынша айналысатын тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимінде ғана жүзеге асырады.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.1. Арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған
арнаулы салық режимі.
2.1. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық
режимі.
2.2. Біржолғы талон және патент негізіндегі арнаулы салық
режимі.
2.3. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық
режимі.

Арнаулы салық режимдері және оның ерекшеліктері.

Арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері.

Салық режимі – салық кодексінде белгіленген салықтарды және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу жөніндегі барлық санаттары үшін
белгіленетін және барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық
төлеуші қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы.
Салық режимдерін екі топқа бөледі:
• жалпы режим;
• арнаулы салық режимі;
Жалпы салық режимі – салық төлеушілердің барлық санаттары үшін
белгіленетін және басқа да бюджетке төленетін басқа міндеттердің түрлерін
есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін берудің
жалпы тәртібін қолдануды көздейтін тәртіп.
Арнаулы салық режимі – салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін
белгіленетін және жекелеген салық түрлерін есептеу мен төлеудің және жер
учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық
есептілігін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен
есеп айырысудың ерекше тәртібі.
Арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлғалар:
• шағын бизнес субъектілері;
• шаруа қожалықтары;
• ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар;
• кәсіпкерлік қызметтің жекелкеген түрлері;
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, біржолғы талон және
патент бланкілері қатаң есептілік бланкілері болып табылады және ақша
алынбай беріледі. Оларды басқа адамдарға беруге тиым салынады.
Жеке кәсіпкер – заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге
асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға.
Арнаулы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында
салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып оның
функцияларының бір бөлігін орындайтын, орналасқан жері бойынша тұрақтары
жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер
жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты болып есептеледі.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар бюджетпен есеп
айырысуды шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде
жүзеге асыра алады.
Базарларда тауар сату бойынша (жалдау шарттары бойынша базарлар
аумағындағы киоскілерде, тұрақты үй-жайларда өткізуді қоспағанда) бюджетпен
есеп айырысуды шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі
бойынша ғана жүргізіледі.
Бұл ретте, рыноктарда өткізу бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге
асыратын тұлғаларға шағын бизнес субъектілеріне және шаруа қожалықтарына
арналған ережелер қолданылмайды.
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері бойынша айналысатын тұлғалар
бюджетпен есеп айырысуды кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған
арнаулы салық режимінде ғана жүзеге асырады.

Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі.
Арнаулы салық режимін қолданатындар, оның ішінде бір жолғы талон,
патент және оңайлатылған декларация негізіндегі талаптарға сай келетін жеке
кәсіпкерлер және заңда тұлғалар шағын бизнес субъкектілері деп аталады.
Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін, төлем көзінен
ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпорациялық
немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін
белгілейді.
Бұл орайда, төлем көзінен салық салынатын табыстарды қоспағанда,
жоғарыда аталған салықтарды есептеу, төлеу және салық есептілігін табыс ету
тәртібі шағын бизнес субъектілеріне қолданылмайды.
Жоғарыда аталмаған салық және бюджетке төленетін басқа да міндеті
төлемдер бойынша есептеу,төлеу және салық есептілігін табыс етуге жалпыға
бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Әлеуметтік салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын
есептеудің оңайлатылған тәртібі салық салу объектісіне патент және
оңайлатылған декларация негізінде салық ставкаларын қолдану жолымен
жүргізіледі.
Төлем көзінен салық ұсталғанын растайтын құжаттар және бір жолғы талон
болған кезде, бұрын салық салынған табыстарды қоспағанда, төлем көзінен
салық салынбайтын мүліктік табысы мен өзге де табыстары салық салу
объектісі болып табылмайды.
Арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері кәсіпкерлік
қызметтің бірнеше түрлерін жүзеге асырудың жиынтығымен анықталады.
Арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын төлеушілер
болып табылатын шағын бизнес субъектілері үшін салық кезеңі ішінде қосылған
құн салығының сомасы табысқа қосылмайды.
Арнаулы салық режимін қолдану талаптары.
Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ
олар бойынша салық есептілігін тапсырудың төменде аталған тәртіптерінің
біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:
1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;
2) біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі;
3) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
4) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;
Бұл талап базарларда (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы
тұрақты үй-жайларда сауда жасайтындарды қоспағанда) тауарлар өткізетін
адамдарға қолданылмайды.
Салықтарды есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне
ауысқан кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіп екі жыл қолданылғаннан
кейін ғана арнаулы салық режиміне қайта ауысуға болады.
Мына аталғандардың арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ:
1) филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалар;
2) филиалдар және өкілдіктер;
3) әр түрлі елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдары бар
бөлімшелері бар салық төлеушілер;
4) заңды тұлғалардың еншілес ұйымдары және тәуелді акционерлік қоғамдар;
Арнаулы салық режимі мынадай қызмет түрлеріне қолданылмайды:
1) акцизделетін өнім өндірушілер;
2) кеңес беру, қаржы бухгалтерлік қызмет көрсетулер;
3) мұнай өнімдерін өткізушілер;
4) шыны ыдыстарды жинау мен қабылдаушылар;
5) жер қойнауын пайдаланушылар;
6) төменде аталған басқа да қызмет түрлері:
• медициналық дәрігерлік қызметі, мал дәрігерлік саласындағы
қызметтерді: мал дәрігерлік мақсаттағы препараттарды өндіру мен,
өткізуді; мал дәрігерлік мақсаттарға арналған дәрі-дәрмек құралдарды,
биологиялық препараттарды өткізуді; жануарлардан алынатын өнімдер мен
шикізаттарға мал дәрігерлік-санитарлық сараптама жүргізуді; мал
дәрігерлік емдеу-профилактикалық қызметтер;
• тұрғын үй коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газбен жабдықтау
жөніндегі өндіру, жөндеу және құрылыс жұмыстары;
• күзет, өрт сигналы мен өрт сөндіру автоматикасы қүралдарын жобалауды,
монтаждауды, жөнге келтіруді және оларға техникалық қызмет көрсету;
• өртке қарсы қолданылатын техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғау
құралдарын өндірушілер;
• автокөлік құралдарымен халықаралық жолаушылар және жүк
тасымалдаушылар;
• жолаушылар лифтілерін монтаждауды, жөнде және оларға қызмет
көрсетушілер;
• емдік препараттарды дайындау мен сатушылар;
• жобалау-іздестіру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, құрылыс
материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру жөніндегі
жұмыстар;
• алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатушылар;
• пошта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы қызметті,
теледидарлық және дыбыстық (радио-хабарларын тарату) бағдарламаларды
тарату жөніндегі қызметті жасау мен көрсету, жалпы республикалық
магистральды, халықаралық байланыс желілерін жобалау, салу, іске қосу
және радиожиілік спектрін пайдалану;
• жолаушылар мен жүкті өзен көлігімен тасымалдау;
• жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық
жұмыстар;
• өлшеу құралдарын жасау және өлшеу;
• тарих және мәдениет ескерткіштерін археологиялық және жаңғырту
жұмыстары;
• жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты қызметтер: жол
жүрісін реттеудің техниткалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу
және пайдалану;
• іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтан атқылауға
қарсы жұмыстар;
• пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметер;
• жалпы бастауыш, негізгі жалпы немесе жалпы орта; бастауыш кәсіптік
білім, оның ішінде кәсіптер бойынша; орта кәсіптік, жоғары кәсіптік,
оның ішінде мамандықтар бойынша білім беретін заңды тұлғалардың білім
беру қызметі, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың
қызметтері;
• жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы;
• электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тарату;
• өнеркәсіптік жарылыс-өрт қаупі бар және тау-кен өндірістерін, электр
станцияларын, электр желілері мен қосалқы станцияларды,
гидротехникалық құрылыстарды, магистральді газ-мұнай өнімдері
құбырларын, көтергіш құралдарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін
қазандықтар, ыдыстар мен құбырларды жобалау және пайдалану;
• химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-
шахта, металлургия, энергетика жабдықтарын, жарылыстан қорғалған
электротехникалық жабдықтарды, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ
қысыммен жұмыс істейтін қазандықтарды, ыдыстар мен құбырларды бақылау,
аварияға қарсы және дабыл беру аппаратуралары мен жүйелерін жобалау,
жасау, монтаждау және жөндеу;
• астық қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеу;
• темір жолдың жылжымалы құрамын жасау мен жөндеу;
• қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын арнаулы контейнерлерді
жасау мен жөндеу;
• шетелдік валютамен қолма-қол бөлшек сауда жасау және қызмет көрсетуді
жүзеге асыру;
• ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарылн, ақпаратты өңдеудің
қорғалған техникалық құралдарын әзірлеуді, дайындауды, монтаждауды,
реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және оларға сервистік қызмет
көрсетуді қоса алғанда, ҚР мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау
жөніндегі қызметтің барлық түрлері;
• экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалауды,
нормалауды және табиғат қорғау жұмыстарын қоспағанда, лицензияланатын
қызмет түрлері.

Біржолғы талон және патент негізіндегі арнаулы салық режимі.

Біржолғы талон – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын
және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс
салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.
Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қызметі ара-тұра
сипатта болатын жеке тұлғалар қолданады.
Жылына бәрін жинақтағанда тоқсан күннен аспайтын қызмет ара-тұра
сипаттағы кәсіпкерлік қызмет деп аталады.
Біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібі.
Қызмет түрлерінің тізбесін, біржолғы талондардың нысаны мен берілу
тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Біржолғы талондардың құны кіріс алынатын объектінің орналасқан жерін,
түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен көлемін, сондай-ақ
қызметпен шұғылдану тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере
отырып, салық органы жүргізген орташа күндік хронометраждық қадағалау мен
зертеу деректері негізінде жергілікті өкілді органдардың шешімімен
белгіленеді.
Жалдамалы еңбекті қолданбай біржолғы талон негізінде ара-тұра
сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеуметтік салық төлемейді
және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден босатылады.
Патент негізінде арнаулы салық режимі.
Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және
салық сомаларының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Белгілі бір арнаулы салық режимін қолдануға арналған патент нысанын
уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Патент жоғалған немесе бүлінген жағдайда салық төлеушінің өтініші
бойынша дубликат беріледі, ал салық төлеуші бүлінген патентті салық
органына тапсырады.
Салық органдары берілген патентттерді тіркеуді патенттерді тіркеу
(беру) журналында жүргізеді.
Тіркеу журналдарының нысандарын және оларды толтыру тәртібін уәкілетті
мемлекеттік орган белгілейді.
Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай
келетін жеке кәсіпкерлер қолданады:
1) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбау;
2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыру;
3) жыл ішіндегі табысы 2,0 миллион теңгеден аспауы;
Патент негізінде арнаулысалық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін
жағдайлар туындаған ретте, салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде
арнаулы салық режиміне не салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей
белгіленген тәртібіне өтініш негізінде ауысады.
Аталған өтініш патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға
мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған кезде беріледі.
Патент жеке кәсіпкерге бір күнтізбелік жыл шегінде кемінде бір ай
негізінде беріледі.
Жеке кәсіпкер патент алу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын
жері бойынша салық органына қызмет түрін көрсете отырып, уәкілетті
мемлекеттік орган белгілеген нысанда өтініш және жеке кәсіпкерді
мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті табыс етеді.
Жеке кәсіпкер лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асырған жағдайда,
ол мұндай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясын көрсетуге
міндетті. Бұл орайда патент лицензияның қолданылу мерзімінен аспайтын
мерзімге беріледі.
Жеке кәсіпкер жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау
жөніндегі қызметті асырған жағдайда, ол патент алуға берген өтінішінде
тасымалдау түрін (жүйелі немесе жүйесіз тасымалдаулар) көрсетуге міндетті.
Автомобильмен тасымалдаулар түрінің ҚР заң актілерінде белгіленген
талаптарға сай келуін бақылауды автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті
орган жүзеге асырады.
Салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орны бойынша
салық органына, кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқата тұру туралы өтініш
берілген жағдайды қоспағанда, патент алуға өтініш бермеуі оның салықты
жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептеуге және төлеуге келісімі деп
саналады.
Салық органдары өтініш берілгеннен және бюджетке патенттің құны,
жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары және
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың
төленгенін растайтын құжаттар көрсетілгеннен кейін бір күн ішінде патент
беруді жүргізеді.
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көрсетілмейінше,
патент жарамсыз болып саналады.
Патент негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібі.
Патенттің құнын есептеу үшін жеке кәсіпкер мәлімделген кірістің 3
пайызы мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүзеге асырады.
Патенттің құны бюджетке мынадай түрде:
1) жеке табыс салығы – патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде;
2) әлеуметтік салық - ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне
сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік
аударымдар сомасын алып тастағаннан кейінгі патент құынының ½ бөлігі
мөлшерінде төленеді.
Бюджетпен есеп айрысуды патент негізінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер
үшін күнтізбелік жыл - салық кезеңі болып табылады.
Жеке кәсіпкерді іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайды
қоспағанда, патенттің күші жойылған мерзімге дейін кәсіпкерлік қызмет
тоқтатылған кезде салықтың енгізілген сомасы қайтарылуға және есептеуге
жатпайды.
Нақты табыс патент алған кезде мәлімделген табыстан асып кеткен
жағдайда, салық төлеуші бес жұмыс күні ішінде асып кеткен соманы мәлімдейді
және осы сомадан салық төлейді. Салық төлеушінің өтініші бойынша бұрын
белгіленген патенттің орнына оған нақты табысы көрсетілген жаңа патент
беріледі.
Нақты табыс патент алған кезде мәлімделген табыстан төмен болған
жағдайда, артық төленген патенттің құны салық төлеушінің өтініші бойынша
салық органы жүргізген хронометраждық зерттеуден кейін қайтарылады.

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне салық кезеңі
басталғанға дейін көшу үшін шағын бизнес субъектілері өз қызметін жүзеге
асыратын жері бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік орган
белгілеген нысанда өтініш береді.
Қызметін бір елді мекен шегіндегі деген әр түрлі аумақтық - әкімшілік
бірліктерде орналасқан бірнеше объектілерде жүзеге асырған кезде, салық
төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолануға
өтініш беру үшін салық органын дербес анықтайды.
Төмендегідей талаптарға сай келетін шағын бизнес субъектілері
оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады.
1) жеке кәсіпкерлер үшін:
• жеке кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің орташа тізімдік саны
салық кезеңі ішінде 15 адам болса;
• салық кезеңі ішінде шекті табысы – 4500,0 мың теңге болса;
2) заңды тұлғалар үшін:
• қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 25 адам
болса;
• салық кезеңі ішінде шектің табысы – 9000,0 мың теңге болса.
22.11.2005 жылғы №89 Заңымен аталған талаптарға өзгерістер енгізілді
және ол 2006 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
1) жеке кәсіпкерлер үшін:
• жеке кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа
тізімдік саны салық кезеңі ішінде 25 адам болса;
• салық кезеңі ішіндегі шекті табысы 10000,0 мың теңге болса;
2) заңды тұлғалар үшін:
• қызметкерлердің орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде елу адам болса;
• салық ішіндегі шекті табысы 25000,0 мың теңге болса, оңайлатылған
декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады;
Осы белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайларда немесе арнаулы
салық режимінен өз еркімен шыққан кезде шағын бизнес субъектісі есепті
тоқсаннан кейінгі тоқсаннан бастап өтініш негізінде салықты есептеу мен
төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне көшеді.
Жеке кәсіпкер үшін жоғарыда белгіленген талаптар өзгерген жағдайда
(көрсеткіштер асып кетсе), ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кездегі заңды
тұлға ретінде оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін
қолдануға құқылы.
Салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен
оңайлатылған декларация негізігдегі арнаулы салық режиміне көшкен кезде
әлеуметтік, корпорациялық салық немесе жеке таьыс салығын төлеу және олар
бойынша есептілікті тапсыру жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Оңайлатылған декларация негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібі.
Салықты оңайлатылған декларация негізінде есептеуді шағын бизнес
субъектісі салық салу объектісіне есепті салық салу кезеңіне тиісті салық
ставкасын қолдану арқылы дербес жүргізеді.
Салық кодексі қабылданғаннан бері жеке кәсіпкердің табысына мынадай
ставкалар бойынша салық салынады.

Салық кодексі қабылданғаннан бері жеке кәсіпкердің табысына салық салу.

Тоқсандық табысы Ставкасы
2000,0 мың теңгеге дейін қоса алғандаТабыс сомасыны 3 пайызы
2000,0 мың теңгеден жоғары – 3000,0 60,0 мың теңге + 2000,0 мың теңгеден
мың теңгені қоса алғанда асатын табыс сомасынан 5 пайыз
3000,0 мың теңгеден жоғары 110,0 мың теңге + 3000,0 мың теңгеден
асатын табыс сомасынан 7 пайыз

22.11.2005 жылғы №89 Заңымен бұл кестеге өзгерістер енгізілді және ол 2006
жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Жеке кәсіпкердің табысына салық салу
(2006 жылы 1 қаңтардан)
Тоқсандық табысы Ставкасы
3000,0 мың теңгеге дейін қоса алғандаТабыс сомасының 3 пайызы
3000,0 мың теңгеден жоғары – 6000,0 90,0 мың теңге + 3000,0 мың теңгеден
мың теңгеге дейін қоса алғанда асатын табыс сомасынан 4 пайыз
6000,0 теңгеден жоғары 210,0 мың теңге + 6000,0 теңгеден
асатын табыс сомасынан 5 пайыз

Салық кодексі қабылданғаннан бері заңды тұлғаның табыстарына мынадай
ставкаларда салық салынады

Салық кодексі қабылданғаннан бері заңды тұлғаның табыстарына салық
салу

Тоқсандық табысы Ставкасы
2000,0 мың теңгеге дейін қоса алғандаТабыс сомасының 4 пайызы
2000,0 мың теңгеден жоғары алғанда – 80,0 мың теңге + 2000,0 мың теңгеден
4500,0 мың теңгені қоса алғанда асатын табыс сомасынан 5 пайыз
4500,0 мың теңгеден жоғары – 6500,0 205,0 мың теңге + 4500,0 мың теңгеден
мың теңгені қоса алғанда асатын табыс сомасынан 7 пайыз
6500,0 мың теңгеден жоғары 345,0 мың теңге + 6500,0 мың теңгеден
асатын табыс сомасынан 9 пайыз

Заңды тұлғаның табыстарына салық салу
( 2006 жылы 1 қаңтардан)

Тоқсандық табысы Ставкасы
3000,0 мың теңегеге дейін қоса Табыс сомасынан 3 пайыз
алғанда
3000,0 мың теңгеден жоғары – 10000,0 90,0 мың теңге + 3000,0 мың теңгеден
мың теңгеге дейін қоса алғанда асатын табыс сомасынан 4 пайыз
10000,0 мың теңгеден жоғары – 18000,0370,0 мың теңге + 10000,0 теңгеден
мың теңгені қоса алғанда асатын табыс сомасынан 5 пайыз
18000,0 мың теңгеден жоғары 770,0 мың теңге + 18000,0 мың
теңгеден асатын табыс сомасынан 7
пайыз

Егер есепті кезеңнің қорытындысы бойынша жалдамалы қызметкерлердің
орташа айлық жалақысы ҚР заң актілерінде белгіленген ең төменгі айлық
жалақының жеке кәсіпкерлердің кемінде 2 еселенген, заңды тұлғалардың
кемінде 2,5 еселенген мөлшеріндей болса, онда кестеге сәйкес салық кезеңі
ішінде есептелген салық сомасы, қызметкерлердің орташа тізімдік санын
негізге ала отырып, әрбір қызметкер үшін салық сомасының 1,5 пайыз
мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай түзетілуге тиіс.
Табыстың шекті мөлшері жоғарыда белгіленгеннен асып кеткени жағдайда,
салық сомаларын есептеу табыстың шекті сомасынан және нақты алынған табыс
сомасынан жеке-жеке жүргізіледі. Салықтың осы сомаларының арасындағы айырма
жоғарыда көзделген түзетусіз бюджетке төленеді.
Шекті орташа тізімдік сан жоғарыда белгіленгеннен асып кеткени
жағдайда, осы көзделген түзету жоғарыда белгіленген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері туралы
Жеке табыс салығының ұғымы және жеке табыс салығын салу объектілері
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші - заңды тұлғалар
Қазақстанда арнаулы салық режимдерін ұйымдастыру ерекшеліктері
АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ_
Салық төлегендегі жеңілдіктер
Қазақстан Республикасының арнайы салық режимдері
Ауыл шаруашылықты өндiрiсiндегі фермерлік шаруа қожалықтары
Арнаулы салықтық режимінің жалпы сипаттамасы, ережелері және оның қолданылу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы салықты есептеу және төлеу тәртібі туралы
Пәндер