«Қыз Жібек» жырындағы сын есімдердің танымдық сипаты


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚЫЗ ЖІБЕК» ЖЫРЫНДАҒЫ СЫН ЕСІМДЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ
Филология ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация
Ғылыми жетекші:
Филология ғылымдарының докторы,
профессор,
Алматы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
Сын есімдердің тіл білімінде зерттелуі
1. 1. Түр-түстердің қолданылуы және когнитивтік мағынасы . . . 6
1. 2. Сын есімдердің морфологиялық сипаты . . . 20
1. 3. «Қыз Жібек» жырының әдеби тілге қатысы . . . 26
«Қыз Жібек» жырындағы сын есімдердің танымдық сипаты
2. 1. Әдеби мұра - «Қыз Жібек» жырының зерделенуі . . . 37
2. 2. «Қыз Жібек» жырындағы көркемдік-бағалауыш сөздердің қолданылуы . . . 57
2. 3. «Қыз Жібек» жырының тілі мен стилі . . . 63
2. 4. «Қыз Жібек» жырындағы сын есімдердің танымдық сипаты . . . 71
Қосымша . . . 85
Қорытынды . . . 96
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 98
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Эпос (грекше, eposn - әңгімелу, тарихтап айту) - көркем әдебиеттің байырғы негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мол қамтып, кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі күрделі жанр. Эпостың туу, қалыптасу тарихы адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтың болсын баяғы бабалар заманынан бері қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып келе жатқан әдеби туындылардың дені-эпостық жырлар.
Эпостық шығарманың арқауы - автор үшін ішкі субъективтік шындық емес, сыртқы объективтік шындық. Жекелеген адамдардың көңіл-күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи тағдырлары мен ұлттық адам заңдылықтары .
Адамның көңіл-күйінен туатын лирика мен қимыл-әрекетіне негізделетін драмадан эпостың айырмасы - мұнда шындық кең көлемдегі баяндалу, әңгімелеу арқылы жинақталады. Сонда эпикалық шығармадағы авторлық суреттеу мен қаһармандардың диалог - монологтары - эпостық баяндауды жүзеге асыру жолдары, амалдары мен тәсілдері ғана. Белинский эпикалық шығарманың тағы бір ерекшелігі ретінде, мәселен, драмадағы басты нәрсе - адам болса, эпостағы басты нәрсе -оқиға екенін ескертеді. (Эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, қысқасы адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан айқын көрсетіледі.
Қазақ фольклортану ғылымында эпостық туындыларды үш салаға бөліп қарастырып келеді. Олар батырлық эпос, лиро-эпос және тарихи эпос.
Жұмыстың тақырыбы «Қыз Жібек» жырындағы сын есімдердің танымдық сипаты болғандықтан, кіріспеде лиро-эпостық шығармалардың ерекшелігін, оның зерттелуі мен даму тарихына және оның тілі мен сын есімдерге шолу жасауды қажет деп таптық.
Лиро-эпос - лиро-эпикалық жанр, лирикалық әрі эпикалық тұрғыдан жасалған көркем әдеби шығарма. Лиро-эпостық шығарманың қаһармандары қарапайым, сүйіспеншілікке берілген нәзік сезімді, азаттық үшін күрескер жандар болып келеді.
Лиро-эпостық поэмаларда ғашықтық, мұңды армандар, сүйіспеншілік, ынтызарлықтар жырланады. Бұл поэмаларда ерліктен гөрі мұңлық - зар басым болып келеді.
Лиро-эпос та халық арасында көп замандар ауыздан-ауызға көшіп, біреуден - біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп, баспаға іліккен.
Батырлар жыры сияқты лиро-эпостың да нұсқалары көп.
Талай ғасырларды басынан кешіргендіктен, лиро-эпостардың да негізгі желісіне басқаша бір оқиғалар, эпизодтар қосылуы кейде бір нұсқада бар көріністер, екіншісінде болмауы кейде шығармаларда суреттелетін оқиғалардың шиеленісі, шарықтау шегі мүлдем өзгеше болуы да ықтимал.
Батырлар жырымен салыстырған, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбындағы жырларда халықтың тұрмыс-салты, әдет - ғұрпы, адамның ішкі сезімі молынан баяндалады. Бұлардың лиро-эпос деп аталуы да сондықтан.
Қазақ лиро-эпостық шығармаларын үлкен-үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның біріншісі - қазақ халқының тума шығармалары. Олардың бір тобы халық арасына кең тарап баспа бетінде жарияланып үлгерсе («Қозы Көрпеш - Баян - сұлу», «Қыз Жібек», «Айман Шолпан»), тағы бір тобы қолжазба күйінде Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасында сақтаулы. Екінші топқа шығыстың классикалық әдебиетінің сюжетінің негізінде жасалынған «Ләйлі-Мәжнүн», «Тахир- Зухра», т. б. хикаялар жатады. Ә. Қоңыратбаев өзінің «Қазақ фольклорының тарихы» деген еңбегінде де осы пікірді қолдайды.
Лиро-эпостық жырлардың жариялану тарихында Қазан төңкерісіне дейін орыс ориентанистері В. В Радлов, И. Н. Березин, Г. Н. Потанин т. б. еңбек етті. Ал қазан төңкерісінен кейін бұл бағытта М. О. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, М. С. Сильченко, Н. С. Смирнова, М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев т. б. зерттеушілердің еңбегі бар.
Лиро-эпос ескі әдет-ғұрып нормаларына негізделген күрделі жанр болып табылады. Батырлық жырлар мен лиро-эпос арасындағы ерекшеліктер қандай деген сауалға тұңғыш рет М. Әуезов жауап іздеген еді. Зерттеуші батырлық және лиро-эпос жырларының 3 түрлі жанр ерекшелігіне тоқталады.
- Батырлық жырлардың тақырыбы-ерлік болса, ғашықтық жырлардың тақырбы - сүйіспеншілік.
- Батырлық жырлардың образдарында әсірелеу басым болса, лиро-эпоста реалистік арна үстем;
- Батырлық жырларында көбіне сыртқы, коллизиялық тартыс суреттелсе, лиро-эпоста қазақ қоғамының ішкі қайшылықтары, халық өмірінің шынайы суреттері көрсетіледі, - деп атады М. Әуезов.
Бұл пікірмен ғалым Ә. Қоңыратбаев та келісіп, қуаттайды. [1, 195]
Лиро-эпос тақырыбына бұрын -соңды үлкенді-кішілі мақалалар, кейде жеке зерттеулер жазылып келеді. Қашан және қандай зерттеу жұмысын алсақ та бір кісіден басталып, сол автордың есімімен аяқтала бермейтіні рас. Көбінесе күрделі тақырыпты жан-жақты қамти отырып, терең тексеру жөніндегі кездесетін талас ойларды түйіп, белгілі бір қорытындыға ену үшін әдетте көптеген ғалымдардың жемісті зерттеулерін қажет етеді.
Лиро-эпос жырларының қай мезгілде пайда болғанын кесіп айту өте қиын. Өйткені, олар кезінде қағаз бетіне түспеген және басқа да жөнді дерек сақталмаған, тек ұрпақтан-ұрпаққа ауызша айтумен жетіп отырған. Бұл нұсқалардың көпшілігі көне заманда туып тарала бастады десек те, халық арасында жайылған аңызға қарағанда, сол жырлардың бір қатарын ХVІІІ-ХІХ ғасырда өмір сүрген атақты ақын-жыраулардың ел аралап айтып жүргені, өңдеп жөндегені мәлім.
Лиро-эпос жырларының қайсысы болса да олар жөнінде құнды пікірлер айтылған. Ш. Уалиханов, В. В. Радлов, Г. Н. Потаниндерден бастап қазақ фолклортанушы ғалымдары қазақ халқының ауыз әдебиетін, сондай-ақ лиро-эпос үлгілерінің кейбіреулерін өте жоғары бағалаған. Осындай ғалымдарымыздың қатарында ең алдымен М. Әуезовті атаған жөн. Аса көрнекті ғалым, қазақ ауыз әдебиетінің көптеген түрлерін зерттеумен бірге, лиро-эпос жырларына да арнаулы еңбектер жазған. Автор өзінің зерттеулерінде лиро-эпос жанрының шығу даму жолына, өзіне тән ерекшеліктеріне, көркемдік қасиеттеріне тоқтала отырып, терең талдау жасаған. [2; 50-58]
Жұмыстың мақсаты - зерттеу еңбектерді салыстыра отырып өзіндік ой білдіру. Бұл тағы да классикалық туындының ұлылығын тани түсуге өз септігін тигізеді деген сеніміміз зор.
Жұмыстың мазмұны кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім екі бөлімнен тұрады, біріншісінде - тарихи - нұсқалары, версиялары арасындағы ұқсастық пен алшақтықты аша түсуді көздесе, екінші бөлімінде «Қыз Жібек» жырының тілі, ондағы қолданылған көркемдегіш - бейнелегіш тәсілдер мен сын есім туралы сөз етіледі.
І. СЫН ЕСІМДЕРДІҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
1. 1. Түр-түстердің қолданылуы және когнитивтік мағынасы
Тілімізде түр-түстің араласпайтын, қатыспайтын саласы кемде-кем. Өмірдің өзі соны талап етеді. Табиғаттағы, қоғам өміріндегі бірде-бір құбылыстың, бояусыз, реңксіз, өңсіз, түссіз болмайтыны бәрімізге белгілі. Бірақ сол бояу-реңктерді өмірдің қай саласында қай түрде және қалайша қолдануды бәріміз біле бермейміз және оны білуді қажет деп ойламаймыз да.
Ал енді тіліміздегі түр-түске байланысты фактілерді жинап, жүйелі түрде қарастырған адамға оның халқымыздың дүниетанымымен бірге туып, біте қайнасқан, ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрге айналған небір тамаша өзіндік өрнектері байқалады. Табиғаттағы өзіміз білетін ақ, қара, қызыл, жасыл, сияқты қарапайым түр-түстер мен олардың неше түрлі реңктері өз орнымен, талапқа сай қолданылып, тіл фактілерімен өріліп отырған жағдайда, олардың қоғам өміріне тигізетін ықпалы, адамдардың эстетикалық таным-талғамын тәрбиелеудегі қызмет орасан зор болмақшы.
Осыған байланысты бір түр-түстің жалпы табиғатымен қатар, оның өмір-тіршілігімізде атқаратын сан алуан қызметін, орнын, қолданылу өрісін білуіміз де керек. Мәселен, біз тіліміздегі түр-түс атауларының ылғи бір затты, құбылысты анықтап, сипаттап, суреттеп, әсерлеп тұратын қызметін жақсы білеміз. Бұл олардың анықтауыш қызметіне тән табиғи қасиеті. Ауызекі тілде болсын, көркем шығармада болсын, түр-түс атаулары қалай болса солай ретсіз бейберекет қолданыла бермейді. Оның да белгілі заңдылығы бар, ол ақын-жазушы қауымынан, бейнелеп сөйлегісі келген шешендер мен зиялылардан зергерлерше шебер қолдануды талап етеді. Бұл өнердің бір көрінер биігі - тіліміздегі мыңдаған фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер. Түр-түске байланысты түсініктерді өзінің тура мағынасында қолдану бар да, оларды образ жасау, бейнелеу тәсілі ретінде ауыспалы мағынасында, халықтың әдет-ғұрпы мен салт-санасына тән этнографизмдік және қоғамдық символика мәнінде пайдалану тағы бар.
Жалпы тіл біліміндегі зерттеулер бойынша, барлық салада ең көп қолданылатын түс - қара, одан кейінгі - ақ, одан кейін - көк, төртінші орында - қызыл, бесінші орында - сары т. т. Бұл түр-түс атауларын қолданудағы обьективті фактор болса, оның субьективтік көріністері де жоқ емес. Мәселен, біреуге ақ түстің, екінші біреуге көк түстің, ал үшіншісіне қызыл түстің ұнауы, немесе сол түстерге боялған заттардың, табиғи құбылыстардың әртүрлі әсер етіп, ұнамды, ұнамсыз болып көрінуі - өмірде кездесетін жағдай.
Қазақ тілінде түр-түс атауларының арнайы зерттелуіне Ә. Қайдаров, З. Ахтамбердиева, Б. Өмірбеков авторлығымен жарық көрген «Сырға толы түр мен түс» (1986 ж. ), «Түр-түстердің тілдегі көрінісі» (1992 ж. ) еңбектері арналған.
«Фразеологизмы с компонентами цветообозначения в казахском языке» атты Ж. Қалымованың кандидаттық диссертациясы да түстік фразеологизмдерге құрылымдық жағынан талдау жасайды, семантикалық, құрылымдық типтеріне сипаттама береді, көркем әдебиеттегі осы типті фразеологиялық бірліктердің стилистикалық қасиеттері сипаттайды [24] . Халық әдеби тілінің зерттелуінде де түс сыңарлы күрделі атаулар мен сөз тіркестері құрамында жан-жақты қарастырылады (Р. Сыздықова, Е. Жұбанов т. б. ), ақын-жазушылар шығармаларының тіліне қатысты жұмыстардан (Р. Сыздықова, Е. Жанпейісов, т. б. ) лингвистикалық, этимологиялық, лингвомәдени тұрғыдан талдау жасалған еңбектерден де (І. Кеңесбаев, Т. Қоңыров, Н. Нұрмағамбетов т. б. ) түр-түске қатысты құнды пікірлерді көптеп келтіруге болады.
Когнитивтік аспектідегі тілдік зерттеулерде, оның ішінде фразеологизмдер құрамында қаралуда түр-түс атаулары әлі де зерттеушілер назарынан тыс қалмай келеді. Алайда осы күнге дейін ажыратылмай келген екі нәрсе - ол түстердің ауыс мағыналығы, полисемиялығы, омонимділігі мәселесі және күрделі атаулар құрамындағы түстік атаулар. Негізгі түс атаулары ( ақ, көк, қызыл, сары, жасыл, қара, қоңыр ) бұрынғы зерттеулерде этимологиялық табиғаты анықталғанмен, тілдік қолданысында түрлі мазмұн алуы қайтадан сол түстердің ауыс мағыналары ретінде түсіндіріледі (Қараңыз ҚТТС) . Ал тұлғаларды қабылданатын ақпарат ретінде когнитивтік модельдерде кодталуы тұрғысынан қарастырғанда, уәжділігіне қарай әрқайсысы өз ядросына, орталық прототипіне, тірек негізіне (базисная основа) шоғырланатыны анықталған.
Түр-түс - адамның өмір сүру әлемі. Түсті тану визуальді жүзеге асатындықтан ол, ең алдымен, адамның сезім мүшелеріне тікелей қатысты. Сезім мүшелері бас миымен басқарылады, яғни біз түсті сана-сезім арқылы қабылдаймыз. Қабылданған ақпарат ми қатпарында өңделіп қорытылады, ішкі когнитивтік құрылымға сәйкес модель түзіледі, ақпараттық құрылым арқылы ойша кодталады. Бұл тілді тасымалдаушылар арқылы тікелей, болмаса жанама берілген, мәні түсінілген, нәтижесі семантикалық, концептуальдық құрылым - ғаламның тілдік бейнесі ретінде құрылған практикалық, теориялық, мәдени білім мен тәжірибенің тілде көрініс табатындығын айқындайды.
Айналадағы табиғатты біршама танып болған адам өзін танып-білуге көп әрекет етіп келеді. Ол өзінің адамдық қасиетін, рухани дүниесі мен мінез-құлқын, жүріс-тұрысы мен т. б. ерекшеліктерін танып-білумен ғана шектелмей, сыртқы пішінін, бет-әлпетін, реңін, шырайын, денесінің (көзінің, қас-кірпігінің, шашының, сақал-мұртының т. б. ) түсін анықтауға да қатты көңіл бөлген. Осының нәтижесінде тілімізде жүздеген түр-түстік тіркестер, теңеулер, салыстырулар пайда болған. Олардың біразын біз жоғарыда анықтауыш сөз ретінде келтірдік.
Ал сол тіркестерді тіл дәстүрінде, көркем шығарма тілінде адамдарды жан-жақты сипаттау үшін кейіпкерлердің портретін, бейнесін, тұлғасын жасау үшін қолдана білу - шеберліктің нышаны. Оның қайнар көзі, әрине, халық ауыз әдебиетінде, ескіден келе жатқан жыр-дастандарда жатыр. Олардың небір тамаша нұсқасын халық ақындарының бай мұрасынан, тілімізде қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа сақталып келе жатқан фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерден іздеп табуға болады.
Мәселен, тіліміздегі сын тағу, сын айту, сынақтан өткізу деген тіркестердің бүгінгі мағынасын «сын» деген сөздің күні кешеге дейінгі қолданысымен салыстырғанда, арасы жер мен көктей. Бұл сөз ертеректе сұлу қыз, көркем жігіт, жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазыға байланысты айтылып, олардың сын-сымбатына, көркі мен түр-түсіне, жақсы-жаман қасиетіне қатысты ұғымды білдірген. Кешегі қазақ даласында осы қасиеттерді тап басып, тани білетін, байыбына жетіп, саралай білетін зерделі де зерек сыншылар болған. Бірақ ол сыншылар мен бүгінгі сыншылардың түп мақсаты бір бола тұрса да, міндеті басқа-басқа. Дәстүрге айналған осындай сынның талаптарына адамның реңін, шырайын, дене мүшелерінің түр-түстерін анықтау да енді. Осыған орай бұрынғы сыншылар әрбір түстің, реңктің қадір-қасиетін, мән-мағынасын көркемдік танымы мен сұлулық эстетикасы тұрғысынан қарады. Әрбір түстің өзіндік мәнін айыра білді.
Түр-түске қойылатын талаптың бірі сұлулық идеалына байланысты болды. Мәселен, ұлттық дәстүр бойынша халық қаса сұлу бейнесінен әрқашан да контрасты үш түстің - ақ, қара, қызыл түстердің ашық та қанық реңктерін көруді қалады. Осыған орай: ақ маңдай, ақша бет, ақ тамақ, ақ саусақ, ақ білек, ақ бармақ, ақ бұғақ, ақ дидар, ақ жүз, ақ тән, қара қас, қара шаша, мойылдай қара мұрт, сүмбіл қара шаш, қызыл ерін, қызыл рең, қызыл шырай т. б. тіркестер пайда болып, оларды дәстүрлі түрде қолданып келеміз. Әрине, қазақ әйелдерінің бәрі бірдей ақ құба, қара көзді, қолаң қара шашты, оймақ ауыз, қызыл бет, қызыл ерін бола бермейді. Олардың ішінде қарасы да, қара торысы да, бидай өңдісі де, сарысы да, шикіл сарысы да, сондай сұрша көздісі де, қой көздісі де, көк көздісі де бола береді.
Көркем шығармада түр-түс атауларын қолдана суреттеудің басқа да тәсілдері жоқ емес. Солардың бірі - бір түсті екінші түспен салыстыра, салғастыра отырып, күшейтіп көрсету, теңеу-теңестіру арқылы белгілі бір түстің қанықтығы мен солғындығын, ашықтығы мен күңгірттігін, зат пен құбылыстың реңі мен реңкін, бояу-нақышын әсірелеп көрсету. Мысалы, «Қыз Жібек» жырында Жібектің портретін сипаттау үшін қолданылған мына тәсіл әсерлі де әсем:
Қыз Жібектің ақтығы,
Наурыздың ақша қарындай,
Ақ бетінің қызылы,
Ақ тауықтың қанындай;
Екі бетінің ажары
Жазғы түскен сағымдай . . .
Сондай-ақ, эпостардағы: «Қара жерге қар жауар, қарды көр де, етім көр, Қар үстіне қан тамар, қанды көр де бетім көр . . . » сияқты салғастырулар күні бүгінге дейін өзінің эстетикалық мәнін жойған жоқ.
Сапалық сын есімдер ішінен түр-түсті білдіретін семантикалық топты бөліп алып қарастырғанда, осы тақырыптық топ арқылы мифологиялық ойлау кеңінен поэтикалық таным уақытына дейін аралықта тілдік қолданыстан түспеген, бүгінде түр-түстердің ауыспалы мағыналары дәрежесіне ие болуды қанағат еткен дербес ұғымдар туралы мағлұмат алуға болады.
Түркітанушы ғалымдардың пікіріне жүгінсек, «ақ, қызыл, сары, қара» түр-түс сын есімдері етістік түбірлерден семантикалық-функциональдық трансформация, конверсия тәсілі арқылы пайда болғанын дәлелдейді. Демек, бұл сын есімдердің бастапқы қимыл, қозғалыс мәндері негізінде заттың сындық мағыналары пайда болған.
Дәстүрлі лингвистикалық зерттеулерге сүйеніп, анықталған ғылыми тұжырымдарды келтірер болсақ, «ақ, сары, қызыл, қара, көк» түстік лексемаларының ілкі табиғаты етістік екендігі оларға еркін жалғана беретін етістік жұрнақтары арқылы да дәлелденеді (ақ-ағыл, сары-сарыл, қара-қарал, қызыл-қызын, көк-көгер, сұры-сұрлан) . Етістік, одан сын есім, одан зат есімге айналып, бір-бірімен омонимдік қатар түзе алатын осы топтағы сөздердің барлық уақытта болмаса да, абстрактілік деңгейінде өз тірек-негіздік болмысына сұранып тұратыны когнитивтік саралауда байқалмай қалмайды.
Ақ - сын есім ретінде қараға қарама-қарсы (жарықтың екі шегінде) реңкті белгілейтін сөз. «Ақ» сөзінің этимологиясы жөнінде түрлі пікірлер бар. Э. В. Севортян «аға» және «әке» деген туыстық атаулардағы екі сөздің де негізі - «ақ» - «оқ» (қартаю) етістігінен өрбіген деген пікір айтады. Егер «ақ» түбірінің көне түркі тілінде шынымен «қартаю, жан ұлғаю» синкретикалық мағынасы болса, онда «қосағыңмен қоса ағар» деген тілек мәнді тіркестегі «ағар» сөзі де жоғарыдағы «ақ» түбірімен төркіндес болуы ықтимал [3, 57] .
Бұл болжам негізсіз емес. Себебі қазақ тіліндегі ақсақал, шашы ағару, ақ кірсе де, ақылы кірмеген, ақ жаулықты ана т. с. с. тіркестерде де қартаю, жасы жету мағынасы меңзеледі. Жоғарыда келтірілген «Қосағыңмен қоса ағар» деген алғыс сөздегі «Қосақ» (қосығ) - әйел, жар мағынасын береді. Сонда түркі тектес халықтарда көбінесе бата, алғыс сөздердің ер адамға қаратыла айтылатынын ескерсек, бұл алғыстың мәні «қосылған жарыңмен бірге қартай» болып шығады. Осы секілді тіліміздегі «ақыл, ақымақ, ақылды, ақылсыз» түбірлес сөздері де жоғарыдағы «ақ» сөзімен төркіндес болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz