Көркем шығармадағы психологизм туралы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 Көркем шығармадағы психологизм
1. 1 Қазақ әдебиетіндегі психологизм мәселелері . . .
1. 2 Мұхтар Әуезов прозасындағы психологиялық элементтердің қолданысы . . .
1. 3 . . .
2
2. 1 М. Әуезов әңгімелеріндегі психологиялық иірімдер . . .
2. 2 Мұхтар Әуезов әңгімелеріндегі трагедиялық ахуал . . .
3
3. 1 . . .
3. 2 . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Ең алғашқы көркем әңгiмесi - "Қорғансыздың күнi" 1921 жылы "Қызыл Қазақстан" журналында жарияланып, 1922 жылы жеке кiтап болып шықты. Алғашқы "Еңлiк-Кебек" пьесасының жобасы 1917 жылы киiз үйде қойылып, 1922 жылы кiтап болып басылды. Алғашқы мақалалары 1917 жылдан бастап "Алаш", "Сарыарқа" газеттерiнде, "Абай" журналында жарияланды. Әрине, бұған дейiн де қазақ әдебиетiнде тиiп-қашты болса да прозалық, драмалық шығармалардың, әдеби сын мақалалардың нобай үлгiлерiнен iз түсе бастаған едi. Бiрақ, олар өздерiнiң сапалық деңгей-дәрежесiмен де және басқа да түрлi себептермен әдебиетiмiздiң даму жолында айтарлықтай орынға ие бола алмаған. ХХ ғасыр әдебиетiмен тел өскен, "заманмен қатар аттап келген" көрнектi қаламгер Сәбит Мұқанов: "1921 жылы жазылған "Қорғансыздың күнi" атты алғашқы әңгiмесiмен Мұхтар шын мағынасындағы европалық прозаның дәрежесiне көтерiлді.
М. Әуезов 1920-30 жылдары жиырмадан астам әңгiмелер мен бiрнеше повестер және он шақты пьесалар жазған екен. Оларды тақырыптық-жанрлық жағынан шартты түрде:
- ескi өмiр ауыртпалықтарын суреттейтiн шығармалар;
- қазақ әйелдерiнiң тағдыр-тауқыметi туралы әңгiмелер мен пьесалар;
- оқыған азаматтар бейнесiн жасауға арналған әңгiмелер;
- жаңа заман тақырыбына жазылған туындылар деп топтап жiктеуге болар едi. Бұл топтаудағы әңгiмелердiң қай-қайсысы болса да, бiр тақырып ауқымынан асып, бiрнеше тақырыпты қамтып жатуы әбден мүмкiн. Сондықтан да жалпы топтау-жiктеулердiң қандай түрiнде болмасын шарттылықтың орын алатыны белгiлi.
Ескi өмiр ауыртпалықтарын суреттейтiн I-топқа: "Қорғансыздың күнi", "Жетiм", "Ескiлiк көлеңкесiнде", "Барымта" т. б. әңгiмелерi мен "Қараш-Қараш оқиғасы" повесiн және “Еңлiк-Кебек”, “Қарагөз” пьесаларын жатқызуға болар едi.
М. Әуезовтiң ертерек кезде жазған шығармаларына тағылған мiн, тiптi "саяси айып" дәрежесiне дейiн көтерген кiнә, негiзiнен, осы ескi тарихи тақырыпта жазылғандығы едi. Әрине, қай кезеңде болмасын, қалам қайраткерлерiнен өз дәуiрiнiң көкейкестi мәселелерiн игеру қажеттiгiн еске салып, талап етiп отыру орынды делiк. Дегенмен, өнер табиғатын, суреткер тағлымы мен тағдырын тек тақырып шеңберiне телiп қою, жұмсартып айтқанда, үлкен әбестiк болар едi. Ондай "шаш ал десе, бас алатын" әпербақандық кезiнде кей жерлерде үлкен зардаптарға соқтырды ғой.
Әйтпесе, тiптi, пролетариаттың маңдайалды жазушысы, социалистiк реализмнiң негiзiн салған Максим Горькийдiң өзi революция жылдары "Италия туралы ертегiлерi" мен "Орыс ертегiлерiн" жазған едi. Ал, революциядан кейiнгi алғашқы жылдары ол өзiнiң автобиографиялық шығармалары мен орыс буржуазиясының тарихын көрсетуге арналған "Артамоновтардың iсi" романын жазғаны белгiлi. Кейiнiректегi "Егор Булычов және басқалар", "Достигаев және басқалар" атты пьесаларын да тарихи тақырыпқа арнады. 1928-1929 жылдары "Советтер Одағын аралағанда" атты очеркiнде жазушы: "Менiң бұлайша өткен күндерге жиi-жиi орала бергенiм, мүмкiн, жас оқырманға ұнамас та. Бiрақ мен мұны әдейi, саналы түрде iстеп отырмын. Өйткенi жастар жағы өткен өмiрдi жете бiлмейдi деп ойлаймын", - деп жазған едi. Горькийге ешкiм, ешқандай айып та, кiнә да таққан жоқ.
Шынында да өткен өмiрдi жете бiлiп, сол арқылы қоғамдық дамудың түрлi заңдылық ерекшелiктерiн айқын түсiнбейiнше, бүгiнгi өмiрдiң жай-күйiн, өсу өрiсiн аңғарып болжау мүмкiн емес қой.
М. Әуезов 1920 жылдары жазылған көптеген әңгiме, повестерi мен пьесаларында өткен өмiр көрiнiстерiн жаңаша көзқарас тұрғысынан, жаңа дәуiр талабына сай суреттедi. Яғни, бұл шығармаларында жазушы өткендегi ауыр да азапты тұрмыстың күйкi құбылыстарын, қайшылықтарын сынап, әшкерелеп қана қоймай, олардың түп-төркiнiн, түрлi себеп-сырларын да ашады; кейiпкерлер бойындағы тамыры тереңнен тепсiнiп жатқан бүгiнге, келешекке жалғасар серпiндi де жарқын қасиеттерiн тауып көрсетедi, соларға меңзейдi.
Зерттеушi-сыншылардың назарына ерте iлiнiп, көп айтылып, жоғары бағаланып жүрген алғашқы "Қорғансыздың күнi" атты әңгiмесiнiң өзiн алайық. Мұнда автор ескi өмiрдiң сорақылық көрiнiстерiн, ғарiп-қасерлердiң азапты да аянышты халiн ашып суреттейдi. Әңгiменi оқып шыққаныңызда көз алдыңызда зұлымдықтың құрбаны болған уыз жас Ғазиза, одан айырылып, соңғы үмiтi үзiлiп, соңғы жарығы сөнген зарлы кемпiр мен мұңлық ана қалады. Жан түршiгерлiк трагедия.
Бiрақ осы әңгiмеде тек құрдымға кеткен қайғы-мұң ғана емес, мұнда бiлiнер-бiлiнбес болса да бұлқынып жатқан қайсар күш бар, қарауытып тұнжыраған мылқау ағыстың астында жатқан табан толқын бар.
Қолында қара күшi мен билiгi бар азулы қорқау Ақан болыс пен оның жандайшабы Қалтай әлсiз, панасыз сәби жасқа жауыздық сұмдығын жасап кеттi. Мұндай адам айтқысыз жауыздықтың мазағына жәбiрленген Ғазизаның "басында ойына келген бiр нәрсе - шешелерiне барлық көрген қорлығын айтып жылап, зарлап жату едi. Артынан әлгiлердiң әлсiздiгiн ойлағанда, iшi құсаға толып, жас жүрегi жаншылып, бұл күнге дейiн көрмеген азабын тартты".
Ал бұл тек жалғыз Ғазизаның ғана тартқан азабы емес, дәл осы сияқты зорлық-зомбылықтарды әр түрлi кезеңде түрлi деңгейде үлкен де, кiшi де бастан кешiрiп отырған. Бұл жайды жазушы өмiрге жаңа қадам басқан "таза тәрбиелi бала" Ғазизаның сезiм-түйсiгi арқылы берiп отыр. Мұндай зорлық, зұлымдықты көрердей Ғазизаның, ғазизалардың не жазығы бар едi?! Өмiр деген осылай болу керек пе едi? Бұған қарсы қандай шара, дауа бар? "…Осыны ойлаған сайын жүрегiн ыза керней бастады. Көңiлiндегi күштi намыс сiлкiнiп оянғандай болды. Барша басынан кешiрген жетiмдiкке, бейнетке, жалғыздыққа, қорлық-мазаққа түгелiмен қарсылық ойлады. Өмiрiнде сыртына шықпаған ашу, ыза, намыс, барлық еркiн билеп, дуылдап, басына бiр-ақ шықты".
Мiне, сол "ашу, ыза, намыс" дәрменсiз жас Ғазизаны "құдай салды - бiз көндiк" дегiзбей, осындай жауыздық, зұлымдық тудырып отырған азапты өмiрдiң есiгiн сiлкiп жабуға итермелеп отыр. Оның сол күнәсiз өлiмi әдiлетсiз, күнәїар ортаға деген тұяқ серiппе қарсылығы, күресi едi.
"Бiресе өкiрiп, бiресе гуiлдеп, құтырынып ұйтқып соққан қатты жел Ғазизаға "жүр-жүр!" дегендей болып, дедектетiп алып жүрiп кеттi", -дейдi жазушы. Осы елеусiз ғана берiлген табиғат сұрапылы әңгiме кейiпкерiнiң жан дүниесiндегi бұлқыныспен ғана емес, жалпы сол Ғазиза сияқты жәбiр-жапа шеккендердiң бойындағы, әлi бағыт-бағдары айқындалмаған, екпiн лебi бiр-бiрiне ұласып, тұтаспаған стихиялы дүлеймен де табиғи үйлесiп тұрған сияқты.
"Жетiм" деп аталатын келесi әңгiмеде осы болмашы бұлқыныс басқаша, жаңаша сипат алады. Мұнда да тұрмыстың ауыр азабы он-он бiр жасар тұл жетiм Қасымды өлiмге, мәңгiлiк толасқа итермелейдi. Бiрақ оны өлiмге жетелеген Ғазизадағыдай ыза, намыс қана емес, стихиялы түрдегi өмiр үшiн күрес. Қасым өзiне зәрленiп төнiп қалған Исаны жан далбаса жасап, таспен ұрып жiберуге мәжбүр болды. Ендi оған Исаның қолына қайта түскеннен гөрi, қара түннiң қойнына қашып кiргенi әлдеқайда артық.
Мiне, мұнда Қасым өзiн жазықсыз жәбiрлеушi Исаға, яғни, әдiлетсiздiкке қарсы тас атуға дейiн барады. Оған тас лақтыртып отырған жалаң үгiт, жадағай идея емес, әлi оң қол, сол қолын жете айырмаған жас сәбиге төнiп келген әдiлетсiз өмiрдiң азабы, тұрмыс ауыртпалығы. Ал, Әуезов сол ауыртпалықтар мен ескi өмiр қайшылықтарын қатал шыншылдығымен ашып көрсете алған. М. Әуезовтің басқа да әңгімелерін жалпы сипаттай келе, онда тұнып тұрған психологизм элементтерін байқауға болады. Ол сана ағысы, монолог, түс көру, пейзаж, психологиялық параллелизм тәсілдері арқылы берілген.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғаламның жаратылысында адам мен табиғат - егіз ұғым. Сол себепті де олар бір-бірімен тығыз байланыста және де еш уақытта бір-бірінен ажырамас бірлікте. Адамның денінің саулығы және өсіп-өнуі, рухани кемелденуі үшін табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы қажет.
Табиғи ортаға саналы, жанашырлық көзқарас қалыптастыру, оны қорғау, көркейту және сұлулығын ұғыну бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Ғалам жаратылысында адам орталық тұлға, табиғат оның ажырамас бөлігі. Табиғат адамның тіршілік ортасы, оның тірлігінің, өсіп-өнуінің негізі. Табиғат ана алақанында адамды мәпелеп өсіреді. Сонымен қатар табиғат - адамды, адамзат қоғамын, ақиқатты, хақты танудың әліппесі. Табиғат сұлулықтың, тылсым ақиқаттың бейнесі, эстетикалық таным обьектісі. Сондықтан да табиғат көркем шығармашылық ізденіске қашаннан азық болған. «Өзін өзі таныған ер бақытты, өзін өзі билеген ел бақытты» деген халық мақалында айтылғандай, шығыс мұсылман мәдениеті және онымен тығыз байланысты қазақ халқы үшін. Адамның өзін-өзі тануы, сөйтіп хақты, жоғарғы Ақиқатты тануы аса маңызды болған. Адам табиғаттың төл баласы, ол өзінің ішкі психологиялық күйін, жан ізденісін және тән құштарлығын қашаннан табиғат құбылыстарымен шендестіре, меңзей, бейнелей, теңей суреттеген. Сөз кестесін түзген, осы көркем туындыдан әуелден бар, тіптен өзіне белгісіз өз жанының тылсым сырларын аңғарып таныған, өзгеге эстетикалық ләззат беру арқылы оларды да ақиқатқа жуықтатқан.
Әуезов шығармашылығындағы табиғат та адаммен бірге күліп, бірге жылайтын, адамның өзі аңғармас тереңіндегі тылсымын айнадағыдай көрсететін сырлы дүние.
Адам мен табиғат ажырамас бірлікте. Яғни, табиғат адамның қолмен ұстап, көзбен көре алмайтын сырлы жан дүниесінің құпиясына үңілудегі бейнелеу құралы, басты нысан. «Табиғат өлсе өлер, адам өлмес» деп Абай жырлағандай, «Адам» - табиғат аясында өмір сүргенімен, адам - ғалам жаралысының мақсатты себебі. Түбінде сұрау адамнан болатынын ұмытпауға, табиғат пен ғалам адамға қызмет еткенде, оның нәпсілік тұтыну нысаны ғана емес, рухани таным нысаны болуға тиіс екенін ескертеді. «Адам - табиғат патшасы» дегеннің өзінде Адам табиғатты күшпен игеруші емес - танушы, билеуші емес - аялаушы, ысырапшыл тұтынушы емес - қамқоршы, сұқтанушы емес - сүйінуші болсын деген ой жатқандай.
Бірақ бүгінде қомағай тұтынушылық қоғамда өмір сүріп жатқан адамдар үшін табиғаттың о бастағы мәні жоғалғандай. Адамзат техникалық-компьютерлік прогресс жетістіктерін табиғатты тізе бүктіріп, билеу құралына айналдыру арқылы игеріп, қомағайлықпен тұтынуды ғана ойлауда.
Ежелден табиғат адамның ең асыл қасиеті танымының және көркем әдебиеттегі эстетикалық ізденісінің басты нысаны екені белгілі. Сол табиғат бүгін қамқорлыққа мұқтаж, мүшкіл халде. Оның мүшкілдігі қаһарының кемуінде емес, бағзыдағы сұлулығының сұрқы қашып, байлығының талан-тараж болуында. Табиғат аналық кеңдігімен адамның шексіз шолжаңдығын көтеріп тұрса да, экологиялық зардаптарды жасыра алмай тұр.
Адам - табиғаттың бір бөлігі. Табиғатты адамның екінші анасы десек те, артық айтқандық болмас еді. Сондықтан адам табиғат анасының қадірін біліп, өмір бойы оны аялап, мейіріммен қараса, табиғат та адамзатқа бар нұрын шашар еді. Жер бетіндегі табиғаттың даму заңдылықтарымен санаспай келдік, сол себепті де табиғаттың тепе-теңдігі бұзылуда. Осыдан барып түрлі экологиялық апаттарға тап болдық. Ата-бабамыздан қалған жеріміз қаншама зардап шекті.
Семей полигонында түрлі атом бомбаларының сынақтары жерді аздырып-тоздырды. Арал теңізі тартылып, адамдардың денсаулығы нашарлап, түрлі аурулар пайда болды. Өмірге денсаулығы нашар, мүгедек нәрестелер келуі көбейді.
Зерттеу екі тараудан тұрады.
І тарауда Әуезов шығармашылығындағы адам және жануарлар әлемі жайлы зерттеуді мақсат еттік. Әуезов өз шығармаларында әлем әдебиетіндегі озық үлгілеуді қолданғанын ескере отырып, мифологиядан, шығыс және қазақ әдеби дәстүрінен бастау алатынын дәлелдеуге тырыстық. Жазушының өзінің тың өрісі, өзіндік қолтаңбасы бар екенін ашуға тырыстық.
Адам мәселесін орталық мәселе деп тауып, ал табиғаттың адам образын ашудағы, шығарманың көркемдік-эстетикалық құнарын арттырудағы маңызды орнын көрсеттік.
Жазушы адамды жеке тұлға образдары, сондай-ақ жалпы типтік образдар ретінде ала отырып, оның рухани жетілуін, қоғамдық қарым-қатынаспен байланыста қарастырғанын ескере отырып, оның ішкі психологиялық күйінің табиғатпен үйлесімін ашуына тоқталдық.
Жануарлар дүниесінің тыныс-тіршілігін суреттеу арқылы адамдардың психологиялық терең қатпарларына үңілуін, адамның нәпсілік, хайуандық негізін ашуына назар аудардық.
Сонымен қатар психологиялық параллелизм мәселесін басты нысан етіп белгіледік. Кейіпкердің көңіл-күйімен табиғат құбылыстарын ұштастыра, байланыстыра суреттуінің үндестігіне назар аудардық. Осы үйлесімнен жазушы шеберлігінің сырын аңдап, оқырманға шығарма ахуалына дендеп енуге табиғатты кейіпкер көзімен көруге жетелейтініне тәнті болдым.
Табиғатқа жан бітіре суреттеуімен, адам көңіл-күйін табиғат құбылысымен шендестіре бейнелеудегі жазушы шеберлігіне назар аудардық.
Зерттеудің міндеті бүгінгі таңда экологиялық ахуалға байланысты көкейкестілігі артып отырған Адам және табиғат мәселесін көтеру. Осы мәселенің Әуезов шығармасындағы орны мен маңызын аша отырып, жалпы көркем шығармашылықтағы адам және табиғаттың үйлесімді баяндалуының шығарма көркін арттырар, ақиқатқа жақындатар, сырлы тылсымға бойлатар мәнісіне тоқталды.
Зерттеудің теориялық маңызы мынада. Әуезов шығармашылығындағы табиғат пен адам мәселесі бұрын да зерттеліп келген еді. Осы зерттеу соған азғана болса да үлес деп ойлаймын. Адамды ғалам жаралысының мақсатты себебі дегендіктен де, табиғат адамның анасы бола тұрып, ең бастысы, ол адамның тануы нысаны екендігі, адам осы табиғатты тану арқылы рухани кемелденіп, ақиқатқа бет бұратыны жайлы жалпы шығыс мұсылман әдебиетіне ортақ теорияның Әуезов шығармашылығына да жат еместігіне көзіміз жетті.
Ал, Әуезов шығармашылығының батыстың өскелең жаңа көркемдік әдісін қолдана отырып, өз туған елінің бай құнарлы әдеби топырағында, шығыс мұсылмандық қайнарлардағы философиялық жүйелерден бас тартпастан, жаңа тың көркемдік шешім тапқан туындыларды дүниеге әкелгенін дәлелдеуге тырыстық.
Теориялық методологиялық негізі.
Зерттеу барысында Қ. Жұмалиев, А. Нұрқатов, З. Қабдолов, Ж. Дәдебаев, Б. Майтанов, Р. Нұрғалиев, М. Қаратаев, Ш. Елеукенов және т. б. ғалымдардың ғылыми еңбектері басшылыққа алынды.
І КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ПСИХОЛОГИЗМ
1. 1. Қазақ әдебиетіндегі психологизм мәселелері
Әдебиеттанудың өзекті тұсы көркем әдебиеттегі психологизм мәселелері. Психологизм мәселелері әдебиеттанушылар тарапынан кеңінен зерттелді. Адам психикасы, оның құпиясы мол табиғаты есті және ессіздік т. б. психологиялық үдерістер философия, психология, әдебиеттану ғылымдарында жай талдау тәсілдерін тудырып, адам мәселесін тереңдей зерттеуге бастайды. Психологизм түрлері. Ой мен іс - әрекет кереқарлығы. Сана тасқыны. Ессіздік психикасы. Жанталдау (Ж А) . Психологизмді архетиптен іздеу. 1. Ішкі монолог. 2. Ішкі сөз, сана тасқыны, түс көру автордың аналитикалық принциптері.
Бейнелеудің жанама тәсілдері - бейвербалды сипаттар, сыртқы қимыл көріністері, көркемдік деталь, заттық әлем, психикалық орта т. б. динамикалық принцип. Психологиялық талдау - психологиялық романтизмнің ең басты қолданатын көркемдік тәсілі. Бұларды былайша топтастырады.
1. Психологиялық шығарманың өзіне тән жанрлық, көркемдік, стильдік ерекшеліктері.
2. Психологиялық бейнелеу.
3. Психологиялық талдау жасау.
4. Бейвербалды ишараттарға мән беру.
5. 1 + 2 тәсілдермен авторлық психологиялық баяндау. Әдебиеттану ғылымындағы психологиялық прозаның зерттелу тарихын төмендегіше баяндасақ.
1. Көне дәуірдегі.
2. Халықтық психологиялық мәселелер.
3. Прозадағы арнаулы психологиялық бейнелеу тәсілдері.
«Жан туралы трактат» (Аристотель) . Этнопсихология (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет - ғұрып, дін т. б. ) . Психологиялық проза - толғау жанры.
Біріншіден, психологиялық бейнелеу құралдары ұлттық әдебиеттану ғылымында қалай қолданылып жүр деген мәселеге жауап іздейді.
Екіншіден, психологизм жүйесін құрайтын арнаулы психологиялық бейнелеу тәсілінің үш түрі - аналитикалық принципке қарайтын түс көру, динамикалық принципті құрайтын сыртқы белгілер - бейвербалды ишараттар мен заттық әлем мәселелері қарастырылады.
Үшіншіден, үш көркемдік психологиялық бейнелеу тәсілдері ұлттық әдебиетте көрініс тапқанынан бастап, бүгінгі өркендеп - өсу процесіндегі жеткен көркемдік жетістіктері әдеби ортада мойындалған көркем шығармаларды талдау барысында айтылады. Психологиялық бейнелеу құралдары ұлттық әдебиеттану ғылымында сараланды. Түс көрудің фольклор мен әдебиеттегі көркемдік қызметі. Түс көру көркем сөз өнеріндегі бастау көздері, қалыптасу кезеңдері, даму арналары. Түс көру тәсілінің дәстүр мен жаңашылдық категориялар барысындағы фольклорлық жанрлрардағы қолданылуы мен оның шығармадағы сюжетті, композияциялық құрылымын, көркемдік ерекшелігін, кейіпкер характерін ашудағы атқарар ролі. Түс көрудің әдеби тәсіл ретіндегі поэтикалық қуаты. Төл әдебиеттану ғылымындағы түс көру тәсілін әдебиеттанушы Г. Пірәлиева зерделеп шықты. Діни әдебиеттегі түс көру, жору, аян беру көркемдік компоненттердің дүниеге келуі. Аян беретін Пайғамбарлар, Әулие әмбиелер, Қыдыр, Қызыр ата бейнелері, Қырық Шілтен-Ғайып ерен, Баба түкті-Шашты Әзиз т. б. сынды кейіпкерлердің әдебиеттегі орны. Түс көрудің түрлері: 1. сәуегей түстер, 2. ұжымдық түстер, 3. сериялы түс, 4. эротикалық түс, 5. ойсыз түс және түсініксіз түстер, 6. түс эллюзия, 7. тоқырау түстері, 8. жайсыз түс, 9. бұлдыр түс, 10 кіреукелі түс, таңғажайыптүс, 11. символдық түстер. Батырлар жыры жанрындағы, ертегілік прозадағы түс көрудің көркемдік ерекшелігі. Көркем шығармада түс кейіпкердің іс - әрекетін психологиялық тұрғыдан нанымды әрі дәл беру үшін, әр кезеңнің өзіндік дүние танымына орай фантастикалық, мистикалық, лирикалық, комедиялық акцент беруі. Түс көрудің қосалқы компоненттері сандырақтау, елес, елестету, елеңгіздеу, шатасу, галлюцинация т. б. өң мен түс, өмір мен өлім аралығындағы жан азабы, шекаралық шақты, эзотериялық нышандарды, онейрикалық поэтиканы бейнелеуі. Түс көркем шығармада информациялық, символдық, архетиптік, мифологиялық, психологиялық, психоаналитикалық, медициналық, эстетикалық, философиялық т. б. көркемдік қызметтер атқаруы. Қазіргі прозада түс көру тәсілінің көркемдік табиғаты. Түстің поэтикалық қуаты, көркемдік кеңістігі мен мүмкіндігі мол, кейіпкердің ішкі иірімдерін бейнелеуде спецификалық ауқымы кең, мағыналық, философиялық атқаратын ролі. Түс көркемдік кілттің оқыс жағдайда табылуына дәнекер болады. Белгілі бір қоғам мүшесі қаламгердің айтпауға тиіс мәселелерін бейсаналылықтың сөз өнеріндегі көрінісі болып табылатын түс көру техникасы мен оны қолданудағы кәсіби шеберлігі ашық жариялауға мүмкіндік береді. Қаламгер қиялына ерік беретін түс көру сәтіндегі патопсихологиялық түзілістерді (жылау, үркуі, қара терге малшыну, шошыну, бастырғылу т. б. ) физиологиялық, физиономиялық өзгерістер мен сезімдерді суреттеу психологиялық шығарманың негізгі міндеті.
Бейвербалды ишараттардың әдебиеттану ғылымында зерттелуі. 1. Фольклорлық жанрдағы психологиялық талдау. Бейвербалды ишараттардың дені көркем мәтіндегі қолданысына қарай көбіне символ, тұспалдың міндетін атқарады. 2. Кейіпкер психологиясын ашудағы бейвербалды ишараттардың көркемдік ролі. Ғалымдар тіл қисыны, портрет, кескін ілімі, бет - әлпеттегі, көз жанардағы тағы басқа да денедегі әр түрлі мәнердегі мағыналы қимыл қозғалыстар, ишараттардың көркемдік ерекшеліктерін сөз етуі. Ұлттық сөз өнеріндегі портрет, ым, беттің ымы, ымдау, ишара мен емеурін, бүкіл денедегі психологиялық қимыл көріністері т. б. Көркемдік компоненттер, психологиялық детальдар турасында. Қимыл қозғалыс тілі, ишарат тілі, мимика - ым, беттің ымы, ишара мен емеурін, дене қалпы, дене тұрғы көркемдік бейнелеу құралдары тұрғысынан қарастырылды. Бейвербалды ишарат көркем шығарманың әлеуметтік филососфиялық концепциясын, сюжеттік - композияциялық желісін, рухани эстетикалық құндылығын арттырып, кісілік табиғатын бейнелеудегі психологиялық қызметі ғылыми айналымға түсірілген еңбекпен ұштастырылады.
Көркем прозадағы заттық әлем мәселесі. 1. Көркемдік детальды құрайтын заттық әлем. 2. Психологиялық портрет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz