Елдердің сыртқы саясаты
Франция бұрыннан бері дүние жүзінің экономикасында ғылымда мәдинетте және халықаралық қатынастарда басты рөлде ойнайды дүние жүзінің бірден бір басты елі. Көлемі жағынан европадағы үшінші мемлекет (Ресей мен Украйнадан кейінгі). Европа материгінің батыс бөлігін алып жатыр оның конфигурациясының максимальды қашықтығы 900 – 1000 км болатын алты бұрышты еске түсіреді. Францияның құрамына Корсика аралы мен ұсақ жағалау аралдарының тобы кіреді. Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінің арасында орналасқан Франция елі басқа дамыған елдермен шекаралас жатыр. Европаның басты сулытранспоттық магистралі Рейн өзені оның Германия мен шекарасын ұзына бойын қамтиды. Ірі батыс Европалық мемлекеттердің арасындағы Францияның тізбекті географиялық жағдайы, оңтүстік –шығыс Азия , рейналды Германия, Батыс Швейцария, Италияның солтүстік – батыс региондарының экономикалық орталықтарымен көршілес болуы, теңіз қатынастарының ыңғайлығы- осының барлығы елдің ерте экономикалық дамуына ықпал етті. Алайда Франция жаулап алушылардан көбірек зәбір көрді.
Франция минералдық ресурстарға бай емес Тас көмір, мұнай мен табиғи газға кедей. Ең басты енергетикалық ресурстары болып –Орталық массивтегі уран қоры және таулардағы өзен энергиясы табылады. Елдің жағалауындағы биіктігі 12-16 метрге жететін теңіз толысуының энергиясының көптеген қорын болашақта қолдануға болады. Жерортатеңіздік Франциядағы боксит пен Лотаренгиядағы темір рудасының қоры өзінің маңызын жоғалтты. Эльзаста калий тұздары өндіріледі. Бұл ел табиғи құрылыс материялдарына бай болып келеді.
Француз Республикасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін таныған алғаш мемлекеттердің бірі. 1992 ж. 7 қаңтар – Француз Республикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін мойындады. Міне, осы кезден бастап екі ел арасында көпжақты халықаралық байланыстар орнатыла бастады. Тәуелсіз республикамыздың алғашқы жылдарындағы Француз Республикасымен орнатылған байланыстарға қысқаша мәліметтер ретінде тоқталайық:

КІРІСПЕ
Франция бұрыннан бері дүние жүзінің экономикасында ғылымда мәдинетте
және халықаралық қатынастарда басты рөлде ойнайды дүние жүзінің бірден бір
басты елі. Көлемі жағынан европадағы үшінші мемлекет (Ресей мен Украйнадан
кейінгі). Европа материгінің батыс бөлігін алып жатыр оның
конфигурациясының максимальды қашықтығы 900 – 1000 км болатын алты бұрышты
еске түсіреді. Францияның құрамына Корсика аралы мен ұсақ жағалау
аралдарының тобы кіреді. Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінің арасында
орналасқан Франция елі басқа дамыған елдермен шекаралас жатыр. Европаның
басты сулытранспоттық магистралі Рейн өзені оның Германия мен шекарасын
ұзына бойын қамтиды. Ірі батыс Европалық мемлекеттердің арасындағы
Францияның тізбекті географиялық жағдайы, оңтүстік –шығыс Азия , рейналды
Германия, Батыс Швейцария, Италияның солтүстік – батыс региондарының
экономикалық орталықтарымен көршілес болуы, теңіз қатынастарының ыңғайлығы-
осының барлығы елдің ерте экономикалық дамуына ықпал етті. Алайда Франция
жаулап алушылардан көбірек зәбір көрді.
Франция минералдық ресурстарға бай емес Тас көмір, мұнай мен табиғи
газға кедей. Ең басты енергетикалық ресурстары болып –Орталық массивтегі
уран қоры және таулардағы өзен энергиясы табылады. Елдің жағалауындағы
биіктігі 12-16 метрге жететін теңіз толысуының энергиясының көптеген қорын
болашақта қолдануға болады. Жерортатеңіздік Франциядағы боксит пен
Лотаренгиядағы темір рудасының қоры өзінің маңызын жоғалтты. Эльзаста калий
тұздары өндіріледі. Бұл ел табиғи құрылыс материялдарына бай болып келеді.
Француз Республикасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін таныған
алғаш мемлекеттердің бірі. 1992 ж. 7 қаңтар – Француз Республикасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін мойындады. Міне, осы
кезден бастап екі ел арасында көпжақты халықаралық байланыстар орнатыла
бастады. Тәуелсіз республикамыздың алғашқы жылдарындағы Француз
Республикасымен орнатылған байланыстарға қысқаша мәліметтер ретінде
тоқталайық:
1992 ж. 25 қаңтар – екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1992 ж. наурыз – Қазақстан Республикасында Француз Республикасының
Елшілігі ашылды.
1993 ж. ақпаннан бері – Қазақстан Республикасындағы Француз
Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жерар Перроле.
1993 ж. шілде – Француз Республикасында Қазақстан Республикасының
Елшілігі ашылды.
2005 ж. 6 қазаннан бері – Француз Республикасындағы Қазақстан
Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Аманжол Жанқұлиев.
Екі жақты қатынастардың негізгі қағидаттары 1992 жылы ҚР Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Францияға ресми сапары кезінде Достық, ынтымақтастық және
өзара түсіністік шартына қол қою арқылы, сондай-ақ 1993 жылы Франция
Президенті Ф. Миттеранның Қазақстанға ресми сапары барысында құрылды.
Ынтымақтастықтың алғашқы жылынан бастап қазақстан-француз саяси диалогы
серпінді дамуда. Саяси тұрғыдан Қазақстан және Франция өзара түсіністіктің
жоғары деңгейіне, бүгінгі әлемнің ең өзекті мәселелерін бағалау бойынша
ортақ немесе ұқсас ұстанымға жетіп отыр. Франция Қазақстанды өңірдегі
тұрақтылықтың кепілі және Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік көпір ретінде
қарап, әлемнің басқа ядролық мемлекеттерімен бірге Қазақстанға қауіпсіздік
кепілдігін берді. Ресми Париж Қазақстан өңірдегі тұрақтылық және дамудың
қорғаны екендігін айта отырып, Қазақстанның бастамаларына, атап айтқанда,
АӨСШК-ні шақыру, дәстүрлі дін көшбасшыларының съезін өткізу, Орта Азия
мемлекеттерінің кеңесін құруда қолдау көрсетіп отыр.
Елдердің сыртқы саясаты
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты тек қана көршідес
мемлекеттермен байланыс орнатумен шектелмейді. Қазақстан көптеген
халықаралық ұйымдардың мүшесі. Сонымен қатар сыртқы саясатының басты
бағдарларын айқындап, халықаралық өмірдегі өзекті проблемаларды шешуге ат
салысады.
Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясында Қазақстан
Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саяси міндеті қойылған
болатын. Бұл міндеттің орындалуы мемлекеттік егемендікті сақтаудың,
аумақтық тұтастықты және шекараның мызғымастығын қамтамасыз етудің кепілі
ретінде түсінідіріледі.
КСРО-ның тарауы бұрынғы одақтас республикалардың аумақтық мәселені
шешуі қажеттігін туғызғанын ескере отырып, Қазақстан шекараны рәсімдеу
бойынша келіссөздер процесіне белсене кірісті.
1991 жылға дейін Қытаймен келіссөздерді ҚХР-мен шекаралас одақтас
республикалар өкілдерінің қатысуымен құрылған кеңестік үкіметтік делегация
жүргізді. Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Ресей
Федерациясының және Тәжікстан Республикасының үкіметтері арасындағы Қытай
Халық Республикасымен шекаралық мәселелер бойынша келіссөздер туралы 1992
жылғы 8 қыркүйектегі келісімге сәйкес, 1992 жылы КСРО Үкіметтік
делегациясының орнына ҚХР-мен келіссөздер жүргізу үшін Қазақстан
Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан
Республикасы үкіметтерінің Бірлескен делегациясы құрылды.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қытай Халық
Республикасымен қазақ-қытай шекарасы маңында әскери саладағы сенімді
нығайту әрі қарулы күштерді өзара қысқарту жөніндегі келіссөздер туралы
және шекара мәселелері жөніндегі келіссөздер туралы 1992 жылғы 17
шілдедегі № 607 қаулысының негізінде Қазақстан өз делегациясын жасақтап,
Қытаймен келіссөздерге кірісті.
Делимитациялау туралы келіссөздер 1992-1998 жылдары өтіп, демаркация
толығымен 2002 жылы аяқталды.
Келіссөздер процесінің негізіне Ресей Империясы мен Қытай арасында ХІХ
ғасырда жасалған сегіз шарттар мен хаттамалар алынды.
ҚР мен ҚХР арасындағы келіссөздер нәтижесінде Қазақстан-Қытай
мемлекеттік шекарасының өту сызығын және оның жергілікті жерде шекаралық
белгілермен белгіленуін нақты анықтап әрі егжей-тегжейлі сипаттап берген
халықаралық шарттар жасалды, олар:
1. Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасы
мен Қытай Халық Республикасы арасындағы 1994 жылғы 26 сәуірдегі келісім;
2. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы
Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1997 жылғы 24 қыркүйектегі
қосымша келісім;
3. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы
Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1998 жылғы 4 шілдедегі қосымша
келісім;
4. Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Ресей
Федерациясы арасындағы Үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу
нүктесін айқындау туралы 1999 жылғы 5 мамырдағы келісім;
5. Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Қырғыз
Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу
нүктесі туралы 1999 жылғы 25 тамыздағы келісім;
Қытаймен мемлекеттік шекараны демаркациялауды Қазақстан-Қытай бірлескен
демаркациялық комиссиясы жүргізді, комиссияны Қазақстан Республикасы мен
Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы
туралы 1994 жылғы 26 сәуірдегі келісімнің 4-бабына сәйкес Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі құрды.
Демаркациялық жұмыстарды алты жұмыс топтары 1996 жылдың шілдесінен
бастап 2001 жылдың желтоқсанына дейін жүзеге асырып, 2002 жылы Пекинде
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев пен Қытайдың Сыртқы
істер министрі Тан Цзясюаньнің Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай
Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік
шекарасының сызығын демаркациялау туралы Хаттамаға қол қоюымен аяқталды.
1991 жылғы 21 желтоқсандағы Алматы Декларациясы, Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы шеңберіндегі ынтымақтастық қағидаттарын сақтау туралы 1992 жылғы
14 ақпандағы декларация, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының
мызғымастығын сақтау туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі декларация, түрлі екі
жақты құжаттар, Одақтық және республикалық деңгейдегі Жоғары Кеңестердің
заң актілері бұрынғы КСРО-ның әкімшілік-аумақтық шекарасын межелеуді тану
қағидаттарын бекіткен жалпы сипаттағы құқықтық құжаттар болып табылады.
Осы құжаттарға сәйкес, Тараптар одақтас республикалардың арасындағы
әкімшілік-аумақтық межелеуді шекаралық келіссөздерде негіз ретінде таныды.
Бұрынғы одақтас республикалардың арасындағы әкімшілік шекаралардың
бәріне ортақ ерекшелік ретінде ондағы кейбір учаскелердегі іс жүзінде
орныққан шекара сызықтары қолда бар құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес
келмейтіндігін айтуға болады. Мұндай жағдайларда тараптар ұлттық және
экономикалық мүдделерді ескере отырып, өзара тиімді шешімдер қабылдады,
аумақтарды теңдей бөлісті және алмасып отырды.
Қазақстан тарапының мемлекеттік шекараны делимитациялау бойынша
жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының
Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және және
Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі
Қазақстан Республикасының Үкіметтік комиссиясы туралы (ҚР Үкіметінің 2000
ж.24.02. №289, 2000 ж. 06.06. №856, 2002 ж. 17.07. №791, 2003 ж. 02.06.
№509, 2004 ж. 01.07. №726 қаулыларымен енгізілген өзгертулері бар) 1999
жылғы 1 қыркүйектегі №1283 қаулысына сәйкес жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Комиссияның құрамынан
мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, облыстық, аудандық және ауылдық
әкімдіктердің өкілдерін кіргізе отырып, тиісті Үкіметтік делегацияларды
жасақтап отырды. Сапрапшы ретінде әртүрлі мекемелердің мамандары тартылды,
геодезистер, картографтар, жерге орналастырушалыр мен гидрологтардан жұмыс
топтары құрылды.
Орталық Мемлекеттік мұрағаттағы, Қазақстан Республикасының
министрліктері мен ведомстволарындағы, арнайы мекемелеріндегі құқықтық база
мен онда бар материалдар түпкілікті зерттеліп, әрбір мемлекетпен
келіссөздер жүргізудің қағидаттары мен әдістемесі жасалды. Делегацияның
мүшелері, сонымен қатар жұмыс топтарының өкілдері қажет кезде жергілікті
тұрғындармен, қоғам өкілдерімен және басшылармен кездесіп отырды. Халыққа
ақпарат беру мақсатында келіссөздер процесі барысында пресс-конференциялар
өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбаттар беріліп отырды. Қажет
болған кездерде жергілікті жерлерге далалық сапарлар ұйымдастырылып, шекара
белдеуін әуеден және космостан суретке түсірулер және басқа да іс-шаралар
жасалып отырды.
Қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі
келіссөздер 1999 жылдың қарашасынан 2001 жылдың желтоқсанына дейін
жалғасып, мемлекет басшыларының 2001 жылғы 15 желтоқсанда Астанада
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз
мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қоюымен аяқталды.
Екі жақты келіссөздер өзара сыйластық және тең құқылық қағидаттарына
негізделіп, іскерлік және сындарлы жағдайда өтті.
Аталған Шарт 2008 жылғы 5 тамызда күшіне енді.
Тараптар мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі келіссөздерге
кірісті.
Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесі 2000-2002
жылдар аралығында өтті.
Анықталған күрделі учаскелер мен тараптардың ұсыныстары өзара сыйластық
пен тең құқылық қағидаттарының негізінде, жергілікті халықтың мүдделері
ескеріле отырып шешілді.
Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесін екі
кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең. Шекара сызығының бүкіл ұзақтығының 96 пайызын анықтап
берген, 2001 жылғы 16 қарашада Астанада мемлекет басшылары қол қойған
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-
Өзбекстан Мемлекеттік шекарасы туралы шартты дайындау.
Екінші кезең. Ортақ шекара сызығын анықтауды толығымен аяқтаған, 2002
жылғы 9 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері қол
қойған Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері
туралы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы шартты
әзірлеу.
Қазақстан-өзбек Мемлекеттік шекарасы туралы екі Шарт та 2003 жылғы 5
қыркүйекте күшіне енді.
Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялау процесі 2003 жылы,
ал тікелей далалық жұмыстар 2004 жылдың 1 сәуірінен басталды.
Шекаралық белгілерді шекара сызығында орнату жөніндегі далалық
демаркациялық жұмыстар толығымен дерлік аяқталды. Қазақстан, Түрікменстан
және Өзбекстан мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі ауданында ғана
шекаралық белгіні орнату қалды.
Шекара сызығы 1620 шекаралық белгілермен белгіленген, оның ішінде 837
белгі Қазақстан тарапымен, 783 өзбек тарапымен орнатылған.
Казіргі уақытта тараптар мемлекеттік шекараны демаркациялаудың
қорытынды құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты жүргізуде.
Қазақстан Республикасы мен Түрікменстанның Қазақстан-Түрікменстан
мемлекеттік шекарасын делимитациялау және оны демаркациялау процесі туралы
шартқа мемлекет басшылары 2001 жылғы 5 шілдеде Астанада қол қойды.
Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы
келіссөздер 2000-2001 жылдар аралығында сындарлы әрі іскерлік жағдайда
өтті. Тараптар 1972 жылы Қазақ КСР-і мен Түрікмен КСР-і арасында келісілген
шекара сызығын өзгерту туралы ешбір ұсыныстар білдірмеді.
Ортақ шекараны демаркациялауға бағытталған іс-шаралар 2003 жылы
басталды. Шекарада шекаралық белгілерді орнатуға тараптар 2005 жылы

Шекара сызығы 278 шекаралық белгілермен белгіленген, оның ішінде 134
белгі Қазақстан тарапымен, 144 түрікмен тарапымен орнатылған.
Казіргі уақытта мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды
құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмыс жүргізілуде.
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келіссөздер
1999 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қаңтарына дейін жалғасты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Ресей Федерациясына
ресми сапары барысында 2005 жылдың 18 қаңтарында Мәскеу қаласында Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік
шекарасы туралы шартқа мемлекет басшылары қол қойды.
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қоюмен Қазақстан
өзінің құрылықтағы шекарасын бүкіл өн бойында құқықтық рәсімдеуді аяқтады.
Шарт 2006 жылғы 12 қаңтарда күшіне енді. Қазақстан-Ресей
мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссия өз жұмысына
2007 жылғы шілде айында кірісті.
Қазақстанның мемлекеттік шекарасында көрші елдердің шекараларымен төрт
түйісу нүктелері бар. Үш жақты форматта қол қойылып, күшіне енген
келісімдер:
1. 1999 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасы, Қытай Халық
Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Үш мемлекеттің мемлекеттік
шекараларының түйісу нүктесін айқындау туралы келісім;
2. 1999 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасы, Қытай Халық
Республикасы және Қырғыз Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік
шекараларының түйісу нүктесі туралы келісім;
3. 2001 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасы, Қырғыз
Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің
мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісім.
Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы
арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекаралары түйісу нүктесінің ауданы
туралы шартқа қол қою жоспарлануда.
Мемлекеттік шекараның жалпы ұзақтығы (Каспий теңізіндегі шекараны
есепке алмаған кезде) 13 500 км. шамасында, оның ішінде:
- Қытай Халық Республикасымен – 1 782, 75 км. шамасында;
- Қырғыз Республикасымен – 1 241, 58 км. шамасында;
- Өзбекстан Республикасымен – 2 150 км. шамасында;
- Түрікменстанмен – 426, 08 км. шамасында;
- Ресей Федерациясымен – 7 591 км. шамасында.
Француз және Қазақстан республикаларының саяси - экономикалық
байланыстары
Қазақстан мен Франция арасындағы қатынастардың дамуында мемлекеттер
басшыларының арасында қалыптасқан өзара жеке сенімді диалогтары өзінің
маңызды рөлін атқарып отыр. 1995 – 2005 жылдар кезеңінде олар ресми және
жұмыс сапарлары барысында және халықаралық форумдар шеңберінде оннан астам
рет кездесті.
Соңғы жылдары жоғарғы деңгейдегі екі жақты байланыс қарқынды дамып
келеді. Францияның Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Р.
Мюзельенің (2002 ж.), Сенат төрағасы К. Понселенің (2003 ж. ақпанда),
Сыртқы сауда министрі Ф. Лоостың (2003 ж. мамырда), Қорғаныс министрі М.
Аллио-Маридің (2003 ж. шілдеде), Индустрия және сауда министрі П.
Деведжянның (2004 ж. тамызда), Конституциялық кеңес төрағасы П. Мазоның
(2005 ж. тамызда), Франция Сенатының төрағасы К. Поселенің (2006 ж.
мамырда) Қазақстанға сапарлары болды.
Өз кезегінде, ресми және жұмыс сапарлары шеңберінде Парижде: ҚР
Президенті Н. Назарбаев (2003 ж. маусым), Мемлекеттік хатшы – сыртқы істер
министрі Қ. Тоқаев (2002 ж. маусым), Мемлекеттік хатшы И. Тасмағамбетов
(2003 ж. қазан), Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қ. Келімбетов
(2004 ж. наурыз), ҚР Сенаты Төрағасы Н. Әбіқаев (2004 ж. сәуір), Индустрия
және сауда министрі Ә. Жақсыбеков (2004 ж. сәуір), Ішкі істер министрі З.
Тұрысбеков (2004 ж. маусым), Білім министрі Б. Әйтімова (2005 ж. сәуір), ҚР
Сенаты төрағасы Н. Әбіқаев (2006 ж. мамыр) болды.
Жақында Франция премьер-министрi Франсуа Фийон ресми сапармен
Қазақстанға келгенде арнайы атбасын сенатқа бұрды. Франция үкiмет
басшысының, ағылшын премьер-министрi сияқты ролi зор болмаса да, анау-мынау
мәселелердi реттеуге септiгi тиiп қалады. Бiздiң елiмiзге үкiмет басшысы
ретiнде бiрiншi рет келiп отырған Фийон мырза 1993 жылы Франция президентi
Франсуа Миттеранның ресми сапарымен бiлiм министрi болып жүргенде келген
едi.
Спикер Қ. Тоқаев мырза, 1995 жылғы Қазақ елiнiң өзгерген конституциясын
жазарда Франция заңгерлерiмен кеңесiп, француз ата-заңын негiзге алғанын,
Қазақстанның мемлекеттiк билiк құрылымы Францияға өте ұқсас екенiн
жеткiздi.
Ф. Фийон мырза, өз тарапынан Қазақстан тәуелсiздiк алғанда
алғашқылардың бiрi болып француздардың танығанын, Астана қаласын аралай
жүрiп, болашақта үлкен бiр державаның дүниеге келе жатқанына көзi жеткенiн
әңгiмеледi. Сонымен қатар, Қазақстан президентi және үкiмет басшысымен
кездескенде тек экономика саласында қазақ пен француздар арасында
үкiметаралық стратегиялық серiктестiк жөнiндегi декларацияға қол қойылғанын
тiлге тиек еттi. Франция сенат төрағасының, Қ. Тоқаевты Францияға
парламентаралық байланыстарды өрiстету мақсатында ресми сапармен келiп-
кетуге шақырғанын жеткiздi.
Екіжақты қатынастардың нығаюына екі ел парламентшілері қомақты үлес
қосып келеді. Төрағалар арасындағы және парламенттердің екі палатасының
мүшелері арасындағы сапарлар мен кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Француз депутаттары ҚР-да болып жатқан саяси үдерістерге үлкен қызығушылық
танытып отыр. Франция Парламентінің мүшелері 2004 жылғы 19 қыркүйектегі
парламенттік және 2005 жылғы 4 желтоқсандағы президенттік сайлауларда
Халықаралық бақылаушылар ретінде қатысты.
Қазақстан-француз қатынастары жүйесінде экономика саласы басты орын
алады. Бүгінде Қазақстанда француздық 40-тан астам компаниялар (Тоталь,
АреваКожема, Жейсмар, Сифаль, Газ де Франс, БНП Париба, Сосьете
Женераль және т.б.) мұнай, тау-кен өндірісі, энергетика, көлік, банк және
қызмет көрсету салаларында қызмет атқарады.
Қазақстан - француз сауда-экономикалық қатынастары тұрақты дамып келе
жатыр. Ресейді айтпағанда, Францияның сауда серіктестері тізімінде
Қазақстан ТМД елдері ішінде екінші шепті ұстап отыр.
ҚР статистика органдарының ресми деректеріне сәйкес, өткен жылмен
салыстырғанда 2005 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 63 пайызға
жоғарылап, 2,956 млрд. АҚШ долларын құрады. ҚР Қаржы министрлігінің
деректеріне сәйкес, 2002 – 2004 жылдары тауар айналымы көлемі 13 есе
көбейді (2002 жылы 138 млн АҚШ доллары және 2004 жылы 1 млрд. 782 млн. АҚШ
доллары).
Қазіргі таңда Қазақстан Францияға экспорт көлемі бойынша 35-ші орынды,
Франциядан импорт көлемі бойынша 52-ші орынды ұстап отыр.
Қазақстандық экспорттың негізін: мұнай, металдар және металл өнімдері,
химиялық және ауылшаруашылық (қатты бидай, балық) өнімдері құрайды.
Франциядан Қазақстан электрлік, электрондық және механикалық жабдықтар,
тұтыну тауарлары, медикаменттер және косметика, автокөліктер, азық-түлік,
құрылыс материалдарын импорттайды. Франция таңдаулы тауарларды дәстүрлі
жабдықтаушы болып табылады: винолар, теңіз өнімдері, ірімшік, парфюмерия
және косметика, кутюрлерден киім және аксессуарлар (жоғарғы мода).
Соңғы бес жылда француздық инвестицияның Қазақстан экономикасындағы
көлемі едәуір артты. 1994 – 2005 жылдар кезеңінде француз кәсіпорындары
қазақстандық экономикаға 1,3 млрд, АҚШ долларын инвестициялап, қазіргі
таңда шетелдік тікелей инвестициялау деңгейінің 8-ші шебінен орын алып
отыр.
Екі ел министрліктері мен мекемелері арасындағы ынтымақтастық қарқынды
дамып келеді. Тиісті мекемелердің өзара ықпалдасуы шеңберінде соңғы жылдары
жоғарғы полиция мектептері, шекара қызметтері, сондай-ақ ұйымдастырылған
қылмысқа қарсы күрес және қызметтік иттерді баптауды үйрету салаларында 4
жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ, Еурокомиссияның қолдаумен ҚР Жоғарғы Соты
және Ұлттық магистратура мектебі ағымдағы жылы ҚР сот жүйесінің
институционалдық дамуына жәрдемдесу жөніндегі жобаны табысты жүзеге асырды.
Қазіргі кезде Қазақстан мен Еуропа елдері арасында саяси, сауда және
экономикалық қарым-қатынастар екі жаққа тиімді арнада іске асуда. Соның
ішінде еліміздің Франция сияқты дүние жүзінде өз орны бар мемлекетпен
ынтымақтастығы оның Қазақстанды тәуелсіз ел ретінде мойындап, дипломатиялық
байланыс орнатқан 1993 жылдан бері жыл өткен сайын нығайып келеді. Қолда
бар мәліметтерге қарағанда, осы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында екі
мемлекеттің өзара сауда айналымы 2,3 млн. АҚШ долларын құраған. Ал
Францияның 1993 жылдан бастап Қазақстан экономикасына құйған
инвестициясының көлемі 4,8 млрд. АҚШ долларына жеткен. Бүгінде Қазақстанның
да, Францияның да бір-бірінен алыс қашықтықта жатса да экономикалық
ынтымақтастықты нығайтып, алыс-беріс, сауда-саттықты арттырғысы келетінін
аңғаруға болады.
Индустрия және сауда вице-министрі Ерхат Есқалиев қазір елімізге келіп
жатқан инвестицияның көлемі 93 млрд. АҚШ долларын құрап отырғанын, бұл
көрсеткіштің Орталық Азия өңіріне құйылған инвестицияның 80 пайызына тең
екендігін айтып, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері шетелдер үшін
қолайлы инвестициялық өңірге айналып келе жатқанын баса атап өтті. Осы
орайда ол қазір Қазақстан мен Францияның бірлескен 103 кәсіпорны
тіркелгенін, алайда олардың қызметі әлі де жандандыруды талап ететінін айта
келіп, егер екі жақтың кәсіпкерлері байланысты одан әрі арттырғысы келсе,
мемлекет тарапынан оларға барлық жағдай жасалатынын жеткізді.
Франция, Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы берік әрі ұзақ мерзімді
стратегиялық, саяси және экономикалық әріптесі санайды. Өткен жылы Парижде
екі ел басшылары Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол
қойған болатын. Айта кетерлігі, еліміз, Еуроодақ мемлекеттері арасында,
осындай дәрежедегі келісімге, тұңғыш рет Франциямен келген болатын. Бұған
қоса, Француз Республикасы, Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалық етуін қолдаған
алғашқы еуропалық елдердің қатарында.
Қазақстан мен Францияның арасындағы қарым-қатынас жыл санап нығайып
келеді. Өткен бес жылдың ішінде екі ел арасындағы сауда айналымы 10 есеге
артып, 6 миллиард АҚШ долларынан асты. Францияның Қазақстан экономикасына
салған инвестициялары 5 миллиард доллар болса, Қазақ елі де Францияға 3
миллиардан астам доллар көлемінде инвестиция құйған. Елімізде 40-тан астам
бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Олар мұнай-газ, тау кен
өндірісі, энергетика, құрылыс, көлік және қызмет көрсету салаларын қамтиды.
Наурыз айының басында Парижде Қазақстан Республикасының Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов пен Францияның Сыртқы сауда
жөніндегі мемлекеттік хатшысы Анн-Мари Идрактың төрағалығымен экономикалық
ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-француз үкіметаралық комиссиясының
сегізінші отырысы өткен болатын.
Мәжілістің барысында Технологиялар инжинирингі және трансферті
орталығы акционерлік қоғамының президенті Азат Бетекбаев баяндама жасап,
Технологиялар трансфертінің қазақстандық желісін Технологиялар
трансфертінің еуропалық желісіне (Enterprise Europe Network)
ықпалдастырылуы жоспарланып отырған Технологиялар трансфертінің Қазақстан-
Фарцнуз орталығы таныстырылды.
Технологиялар трансфертін дамыту және 2009-2011 жылдарға арналған
Еуропаға жол мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Технологиялар трансфертінің
Қазақстан-Француз орталығы құрылып отыр. Негізі қаланған бұл орталықтың
құрылтайшысы: Қазақстан жағынан - Технологиялар инжинирингі және
трансферті орталығы акционерлік қоғамы (Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат
қоры АҚ), француз жағынан – Стратегиялық зерттеулердің еуропалық
компаниясы CEIS (президенті - Оливье Дарразон).
Бұл орталықтың негізгі қызметі – инновациялық өнімдердің ғылыми
зерттеулерінің нәтижелерін өндіріске жеделдетіп енгізу және оларды
коммерциялық негізде тұтынушыларға жеткізу проблемаларын шешу, сондай-ақ
ақпараттық алмасулар, оның ішінде білім трансферті негізінде халықаралық
ынтымақтастықты қамтамасыз ету болып табылады. Орталықты құру - шикізатқа
деген тәуелділіктен алыстап, инновациялық технологияларды дамытуға
мүмкіндік береді. Орталықтың жұмысы Қазақстан Республикасы экономикасының
энергетика, энергияның орны қайта толатын көздері, химия, мұнай химиясы,
минералдық шикізаттарды терең өңдеу, машина жасау, ақпараттық
технологиялар, агроөнеркәсіптік кешендер, биотехнология және фармацевтика
сияқты нақты секторларын дамытудың басымдықты бағыттарына негізделеді.
Франция мен Қазақстан байланыстарының
2009 жылдағы жаңа сипаты
Әрине, бұл байланыс болашақта да нығая береді. Бірақ, Франция
президенті Н. Саркозидің 2009 жылғы Ақ Ордаға ресми сапарына тоқталу
мүмкін емес.
Франция президенті Николя Саркози 2009 жылы 6 қазанда Қазақстанға
мемлекеттік сапармен келді. Франция президентін әуежайда Қазақстанның
мемлекеттік хатшысы- сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, Астана
қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, ҚР экономика және бюджетті
жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтар күтіп алды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан
Ашықбаевтың құлағдар еткеніндей, сапар барысында президент еліміздің
басшылығымен келіссөздер өткізеді, олардың нәтижесінде сауда-экономика,
энергетика, әскери, ғылыми-техникалық және басқа да салаларда үкіметаралық
және жекелеген компаниялар арасында құжаттарға қол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz