Қазіргі түрік тіліндегі ағылшын тілінен енген кірме сөздер


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 2
Негізгі бөлім:
I. ҚАЗІРГІ ТҮРІК ТІЛІ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЛЕКСИКАЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
1. 1 « Ауыс түйіс терминнің пайда болуы . . . 8
1. 2 Лексикалық «ауыс - түйіс» ұғымының теориялық зерттеулері . . . 9
II. ҚАЗІРГІ ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ЕНГЕН КІРМЕ СӨЗДЕР
2. 1 Түрік тілінде батыс еуропа тілдерінен енген сөздердің пайда болуы . . . 11
2. 2 Түрік тіліндегі англицизмдер және олардың қалыптасу себептері . . . 12
III. ҚАЗІРГІ ТҮРІК ТІЛІНДЕ АНГЛИЦИЗМДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЛЕКСИКА - СЕМАНТИКАЛЫҚ САЛАСЫ
3. 1 Түрік тіліндегі мағынасына қарай англицизмдердің классификациясы . . . 43
3. 2 Ағылшын тілінен енген сөздердің қолданыстағы ерекшеліктер . . . 44
3. 3 Түрік тілінен ағылшын тіліне енген кірме сөздер . . . 46
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 50
ҚОСЫМША
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаты. Тіл- мәдениеттің қайнар көзі. Өйткені ол мәдениеттің құрастырушы бір бөлігі, сонымен қатар, біз тіл арқылы мәдениетті меңгереміз. Тіл мәдениеттің жалпы сипатын танытады, негізгі ақпаратты сақтайды, жинақтайды, таратады. Осыған байланысты тіл әрбір этникалық қоғамдастықта этностың мәдени ерекшелігін танытатын фактор ретінде, мәдениеттің тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетуін қамтамасыз етеді. Осылайша, ұлтты бір тұтастырып, бүтіндігін сақтайды. Кез келген тілдік бірліктің тіл дамуында өзіндік орны мен маңызы бар. Қайсы бірлік болса да, адамдардың қарым- қатынасына қызмет етеді. Сондықтан олардың мағынасына тарихи талдау, шығу, қалыптасу жолы мен этимологиясын айқындаудың қажеттілігі үлкен. Демек, кез келген ұлттық тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпті тамыры сол тілде сөйлеуші этностың сан ғасырлық жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде орныққан мәдениетімен, ой танымымен тікелей байланысты. Белгілі қоғамдағы тілдік ортаның қолданып отырған қарым - қатынас құралы болып табылатын тіл өзінің даму эволюциясын бір сәтке де тоқтатпайды. Тілдік сөздік қоры, әдетте, әр түрлі жолмен байып отырды. Оның негізгісі сөздердің мағыналық дамуы, грамматикалық тұлғалардың қосылуы, екі сөздің бірігуі не тіркесуі. Тілдің даму мәселесі, ең алдымен, адам санасының өсуімен, оның дүниетанымының баюымен байланыстырылады. Қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, тіларалық қарым - қатынасқа байланысты тілде өзге тілдік элеменнтер бой көрсетеді. Кірме сөздердің сөздік қорды байытуда, өзге мәдениеттің табиғатын танытуда өзіндік үлесі бар. Кез келген тілдің сөздік құрамы сол тілдің ежелгі, төл сөздерінен және шет тілдерден алынған кірме сөздерден тұратын күрделі құбылыс екені мәлім. Кірме сөздер ұлт санасындағы дүниетанымның өзгеруіне, қалыптасып дамуына әсер етеді. Б. А Серебренниковтың пікірінше: «Кез келген кірме сөздің пайда болуы дүние бейнесіндегі болып өткен немесе болып жатқан өзгерістерден хабар береді. Жаңа ұғымның басқа тілден енуіне байланысты дүние бейнесі кеңи түседі. »
Тілдегі байырғы көне сөздер мағыналық және тұлғалық жағынан іштей жіктеліп, семантикалық дифференцияға ұшырап, саны жағынан ылғи дамып отырады. Осындай дамудың нәтижелері әр түрлі сипатта болуы мүмкін. Мұндай дамудың негізінде сөздің тура мағынасынан әр түрлі ауыспалы мағыналары туындайды. Сөз жаңа мағынаға ауысып, жаңа зат пен ұғымның, құбылыстың атауы болып та жұмсалады. Ал кейде байырғы түбірдің әуелгі негізгі бір ғана мағынасы сақталып, тұлғалық сипаты өзгеріске ұшырап, ол қосымшаларға айналуы да ықтимал. Біздің жұмысымыздың міндеті түрік тіліне ағылшын тілінен енген кірме сөздердің қалыптасу жолы мен қолданыстағы ерекшеліктерін айқындау. Осы диплом жұмысының басты объектісі - қазіргі түрік тіліндегі ағылшын тілінен енген лексикалық бірліктер, олардың таралу жолдары мен қабылдаған тілдегі қолданылу аясы болып табылады. Талдау жасалатын ағылшын- американдық түп-төркіні бар лексикалық бірліктер тобы қазіргі түрік тілінің сөздік құрамы және оның кәсіби -стилистикалық нұсқаларымен бірге күнделікті осы тілде сөйлеушілердің тіл мәдениетімен анықталатын ауызекі сөйлеу тіліндегі қолданысында қатар қарастырылады. Ағылшын тілінен енген сөздердің тілге кіру себептері немесе алғышарттарына көп көңіл бөлінген.
Осы жұмыста әдеби тілдегі жаңа лексиканың бейімделу үрдісін нормалау жөніндегі бұл ресми институттың қызметі бағаланады. Кірме сөздерді қабылдаудың жаңа әдістерін тіл дамуының бұрынғы кезеңдерімен салыстыра отырып зерттеу тілдік дамудың тенденцияларын көрсетуге, тіл дамуының белгілі кезеңдерінде тілшілік және экстралингвистикалық факторлардың ара қатынасы туралы айтуға мүмкіндік береді. Кірме сөздердің тақырыптық - идеографиялық классификациясы халықтың концептуалдық және тілдік дамуындағы өзгерістер, тілдік тұрғыдан тұрақтандыруды қажет ететін қоғам өміріндегі жаңа құбылыстар туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі ағылшын тілінен енген сөздердің саны, құрамы, дәрежесі мен түрік тіліне бейімделуі немесе ықпал етуінің ерекшеліктері тұрғысынан жеткіліксіз зерттелгеніне негізделеді. Осы құбылыстар американдық - ағылшын мәдениетінің ықпалына түскен көптеген тілдердің лексикалық деңгейінде тұрақталған жаһандану үрдісіне байланысты болуы мүмкін, сонымен бірге ағылшын - американдық сөздердің түрік тіліне енуінің әлеуметтік - лингвистикалық себептері жеткілікті зерттелмеген. Сондықтан осы тілдің әдеби нормасының қызмет етуі үшін ағылшын тілді лексиканың енуін жүйеге келтіру, стандарттау немесе бірыңғайландыру ерекше маңызды болып табылады. Түрік лингвистикалық қоғамы қызметінің маңызды бөлігі болып табылатын бұл үрдіс қазіргі әлеуметтік лингвистика тарапынан осы ғылыми ұйымның функционалдық - стилистикалық тұрғыдан қарқынды даму кезеңін басынан кешіріп жатқан қазіргі түрік тілінің нормасын кодтау және қалыпқа түсіру бойынша қызметін бағалау айрықша мәнге ие.
Осы зерттеу жұмысының мақсаты - қазіргі түрік тіліндегі ағылшын тілінен енген сөздерді кешенді түрде зерттеу болып табылады, осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылады:
- отандық және шетелдік лингвистердің лексикалық кірме сөздер ұғымына берген анықтамаларына сүйене отырып, осы ұғымның түрік тіліне қатысты анықтамасын шығару;
- түрік тілі дамуының түрлі кезеңдерінде батыс еуропа тілдерінен сөздердің ену үрдісінің ерекшеліктерін қарастыру;
- ағылшын тілінен қазіргі түрік тіліне кірме сөздердің енуінің негізгі экстралингвистикалық және лингвистикаішілік себептеріне сипаттама беру:
- англицизмдерді пайдаланудың лексика - семантикалық саласын анықтап, қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылу мысалдарын талқылау;
- ағылшын тілінен енген кірме сөздердің қазіргі түрік тіліне ықпалын қарастыру;
- Түрік лингвистикалық қоғамының кірме лексика саласындағы саясатына талдау жасау және түрік тілін тазарту жөніндегі күресті ұйымдастыру жұмысының нәтижесін бағалау.
Мақсатқа жету және міндеттерді орындау үшін мынадай жұмыс жүргізілді:
- зерттеу тақырыбы бойынша арнайы және терминологиялық әдебиеттер қаралды;
- арнайы әдебиет, маусымдық, анықтамалық және сөздік басылымдарды жалпы байқау негізінде ағылшын - американдық кірме терминдерге таңдау жасалды;
- түрік тілі жүйесіндегі ағылшын тілінен енген сөздердің орны анықталды;
- түрік әдеби тілінің қалыптасуы мен дамуы тарихында ағылшын тілінің ықпал ету кезеңдері белгіленді, тілге англицизмдердің енуіне түрік лингвистикалық қоғамының көзқарасына баға берілді;
- қазіргі түрік тілінің ағылшын тілінің ықпалына түскен терминологиялық топтарындағы кірме лексемалардың лексика-семантикалық топтары анықталды және сипатталды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік базасы ретінде қазіргі лингвистердің түрлі жүйедегі тілдердің материалдары негізінде әзірлеген жалпы және түрік тіл білімі бойынша, кірме сөздер теориясы, әлеуметтік лингвистика бойынша еңбектері алынды. Дипломдық зерттеудің теориялық негізінде Баскаков Н. А., Кононов А. Н., Лотте Д. С., Реформатский А. А., Горбаневич К. С., Крысин Л. П., Орешкина М. В., Косериу Э., Doerfer G., Aksoy Ö. A., Brendemoen B., Dilacar A., Haugen E., Korkmaz Z. идеялары мен көзқарасы жатыр, сонымен бірге тіларалық байланыс мәселесін зерттейтін ресейлік және шетелдік лингвистердің еңбектері, Түрік лингвистикалық қоғамының зерттеулері де бар.
Зерттеудің негізгі әдістері . Осы жұмыста қойылған міндеттерді орындау үшін
- сипаттау және салыстыру әдістері: біріншісі тілдік материалды таңдау және сыныптау кезінде, екіншісі лексикалық бірліктер арасындағы тіларалық лексика-семантикалық байланыстарды анықтауда;
- компоненттік талдау әдісі зерттеу объектілерінің аясын анықтауда;
- сыныптау және жүйелеу әдістері;
- лингвистикалық байқау және диахроникалық аспектіде салыстыру;
- контекстік және сандық-сапалық талдау элементтері пайдаланылды.
Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігін қамтамасыз ету үшін жұмыс барысында тілдік және әлеуметтік құбылыстар корреляциясының әлеуметтік - лингвистикалық әдісі ескерілді. Еңбекте функционалдық -семантикалық талдау және типологиялық талдау тәсілдері кеңінен қолданыс тапқан.
Жұмысының ғылыми жаңашылығы - түрік тіліне ағылшын тілінен енген лексикалық кірме сөздер жиынтығы алғаш рет бірыңғай әдістеме негізінде, алынған нәтиженің жаңалығы мен дәйектілігін дәлеледейтін жаңа теориялық көзқарастарды пайдалана отырып, тұтас бір тілдік құбылыс ретінде қаралады.
Диплом зерттеуінің түрік қоғамының жаңа технологияларды белсенді түрде меңгеруіне, бизнес және қызмет көрсету саласының дамуы, батыс елдерімен саяси және экономикалық қарым -қатынас орнату және оны нығайтуға байланысты англицизмдердің түрік тіліне енуінің ерекшеліктері көрсетіледі. Сонымен қатар қазіргі заманғы әдебиет пен бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын талдау барысында анықталған күнделікті өмірде кірме сөздерді қолданылуы және Түрік лингвистикалық қоғамының тілді басқа тілдік лексикадан тазарту және туған тілдегі баламасын табуға қатысты қызметі қазіргі тілде артық синонимияны тудырды. Осы жұмыста бірнеше лексика - тақырыптық топтар үлгісінде тілдің әр түрлі функционалдық стильдерінде ағылшын тілінен енген сөздерді қолдануға мысал келтіріледі, компьютерлік технологиялардың кеңінен қолданылуы тиісті лексиканың таралуына әкелді, олардың көпшілігі интернационализм болып саналады.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы зерттелетін мәселенің өзектілігімен және түрік тіліндегі кірме сөздердің жүйелі түрде берілуімен анықталады. Зерттеу нәтижесі мен жұмыстың теориялық негізі басқа түркі тілдеріндегі зерттеулерде, сонымен бірге тілдік универсалийлерді анықтау бойынша типологиялық зерттеулерді жүргізуде қолданыла алады. Олар түрік тілінің теориялық лексикасын әзірлеуде қолданылуы мүмкін. Қазіргі түрік тілі жүйесіндегі барынша жаңа кірме сөздер оның лексикалық жүйесіне басқа тілден енген сөздердің лексикалық бейімделуі мен ықпал етуі механизмін нақтылауға, шынайы болмыстағы жаһандық өзгерістердің түрік менталитетінде қалай көрініс табатынын анықтауға мүмкіндік береді. Түрік лингвистикалық қоғамының кірме сөздерді кодтау және нормалау жөніндегі қызметі қазіргі Түркияның экономикалық және қоғамдық өмірінің жаһандық өзгерістер ықпалымен болып жатқан үрдістердің қоғамдық әсерін түсінуде бағалы болып отыр.
Зерттеудің практикалық мәні - түрік тіліндегі ағылшын- американдық кірме сөздерді лексика - семантикалық талдаудың нәтижесі және олардың анықталған ықпал ету заңдылықтары түрік лексикологиясы, ғылыми - техникалық аударма бойынша дәрістер курсы немесе оқу құралын дайындауда, түрік тілін оқытуда коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруда қолданыла алады, сонымен бірге басқа түрік тілдері жүйесіне ағылшын - американдық кірме сөздердің енуі мәселесін зерттеуге негіз бола алады.
Зерттеудің әлеуметтік - лингвистикалық аспектілері тілдің лексикалық жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін эсктралингвистикалық және лингвистикалық факторларын зерттеудің жалпы теориясы үшін қызықты болып табылады.
Осы жұмыстың эмпирикалық базасын қазіргі лексиканы қалыптастыруға үлкен ықпал ететін қазіргі түрік маусымдық басылымдары мен Интернет ресурстары құрайды. Ауызекі сөйлеуде кірме сөздерді пайдалану мысалдары қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарынан, түрік газеттері мен журналдарынан, сонымен бірге түрік ақпаратшыларымен жұмыс істеу барысында жинақталды. Тілдік материалдар оқу құралдары, монографиялар, мақалалар, сөздіктер мен анықтамалықтар, Интернет порталдарынан да алынды.
Бітіру жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлім (үш тарау), қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімнен және қосымшадан тұрады.
Негізгі бөлім
- ҚАЗІРГІ ТҮРІК ТІЛІ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЛЕКСИКАЛЫҚ АУЫС - ТҮЙІС
Ағылшын сөздерінің түрік тілге енуінің қоғамдық -саяси шарттарын анықтау және қолданылуының лексика - семантикалық аясын сипаттау маңызды іс болып табылады. Осындай қарқынды дамып келе жатқан лексикалық топтың қолданылуы қазіргі Түркияда болып жатқан қоғамдық үдерістердің сипаттамасы тәріздес. Тілдің лексикалық жүйесінің белсенді саласы, бір жағынан, жаһандану үрдісіне қосылған ел басынан өткеріп отырған ғылыми - техникалық прогрестің көрсеткіші болса, екінші жағынан англицизм мәселесі- әлеуметтік - лингвистикалық байқаулар үшін қызықты объект, әрі Түрік лингвистикалық қоғамына жүктелген тілдік саясаттың тұрақты және арнаулы «пациенсі» болады.
Қорғауға мына ережелер шығарылады:
1. Басқа тілді сөз ұғымы күрделі және көп мәнді. Басқа тілді сөздің тілдің лексикалық жүйесіне қатыстылығы критерийлері лексикалық кірме сөздер, интернационализмдер, варваризм мен экзотизмдерді бөлуге мүмкіндік береді.
2. Түркияны әлемдік қауымдастыққа біріктіру, жаһандану үрдісіне қосу әлем тілдерінің бірі, халықаралық жарнама тілі, заманауи ғылым, бұқаралық ақпарат құралдары және Интернет тілі болып саналатын ағылшын тілінен көптеген сөздердің түрік тіліне енуіне әкелді.
3. Кірме сөздердің көпшілігі арнайы лексикаға жатады, ол әдеби тіл нормасына енетін, алайда соңғы кезде қазіргі түрік тілі лексикасындағы көптеген белсенді үрдістерге болып отыр.
4. Түрік ғалымдарының еңбектерін зерттеу кезінде лингвистердің батыс Еуропа тілдерінен, әсіресе ағылшын тілінен енген сөздердің көптеп кездесуіне наразылық білдіретіні бірден байқалады, олар туған тілдің тазалығы және кірме сөздерге түрік тілінде балама табуға шақырады.
5. Кірме сөздердің көпшілігі интернационализм, яғни халықаралық лексикалық қор бірліктері болып табылады, сонда сол сөз беретін ұғым да интернационалдық сипатқа ие болады.
6. Қазіргі түрік тіліне ағылшын тілінен сөздердің енуі мен қолданылуының басты себебі экстралингвистикалық сипатқа ие.
Кіріспеде диплом тақырыбын таңдау өзектілігіне негіздеме беріледі және зерттеуге тиіс ғылыми мәселе, еңбектің мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, теориялық маңыздылығы мен практикалық құндылығы ашылады, онда қолданылатын әдістерге сипаттама жасалады, тілдік материал көздері туралы мәлімет беріледі.
3 бөлімнен тұратын «Қазіргі түрік тілі жүйесіндегі лексикалық ауыс-түйіс» атты І тарауында жалпы және түрік тіл білімінде «лексикалық ауыс-түйіс» ұғымын зерттеудің теориялық мәселелері қарастырылады.
- «Ауыс- түйіс» терминнің пайда болуы
Заманауи өркениет дамуының басты ерекшеліктерінің бірі, бір жағынан, социумдардың жақындасу үрдісі болса (экономикалық және әлеуметтік жаһандану), екінші жақтан жеке (ұлттық, этникалық, өңірлік) ерекшелікті ұғыну және мадақтау, бұл басқа мәдениеттермен салыстыру аясында әсіресе айрықшаланады. Мәдениетаралық қатынас проблемасы тіл баламаның басты белгісіне ие бола бастаған кезде әсіресе өзекті бола түседі [1; 39] . Тіл қаншама өзіндік және жабық болса да, қазіргі жаһандану жағдайында үнемі өзгеріске ұшырап отырады, ең алдымен бұл ықпалға адамның ішкі және сыртқы өмірінің көрінісі болып табылатын тілдің лексикалық саласы кезігеді. Халықтар арасында тығыз қарым - қатынас жасау барысында еңбек өнімдері, жаңа технологиялар, идеялармен алмасу жүріп отырады. Тіл өз алдына материалдық объектілердің атауларын қабылдайды.
Қоғам белсенді және күнделікті қатынас құралы ретінде пайдаланатын тіл өмір сүреді және дамиды. Диахрондық түрде бір тілдік белгілердің басқамен алмасуы арқылы, синхрондық түрде нормативтікке таласатын, қатар қолданылатын нұсқалардың күресі арқылы анықталып отырады. Лексика қоғамдық өзгерістер мен тілдік ұжым мүшелерінің қызығушылығының «барометрі» болып табылады [2; 148-151] . Тілге әлеуметтік, «адамдық» фактордың ықпалын жою мүмкін емес. Тілдің құрылымдық жүйесі - әлеуметті материализациялау, тіл - әлеумет пен құрылымның материалданған жиынтығы.
Тілдің лексикалық жүйесі фонетикалық, грамматикалық, синтаксистік жүйелермен салыстырғанда жаңалықтарға барынша ашық. Осы лексикада мәдени қоғамдастықтың белгілі бір қоршаған орта, шынайы болмыс туралы түсінігі шоғырланады. Басқа мәдениет және тілдің ықпалымен пайда болған лексикалық деңгейдегі жаңа құбылыстарды «ауыс-түйіс» терминімен атайды. Зерттеушілер лингвистикалық ауыс -түйісті түрліше қарастырады. Құрылымдық лингвистика тұрғысынан ауыс - түйіс бір тілдік модельдің басқа тілде дыбысталуы және де ол тілдің түрліше деңгейлерінде түрліше дыбысталуы мүмкін [3; 51- 55] . Блумфилд Л. ауыс - түйіс ұғымын тілдік өзгерістердің түрі ретінде ұғынады және оның үш түрін бөледі: 1) мәдениет ұғымдарымен алмасу; 2) тікелей тілдік қатынас нәтижесінде ішкі ауыс - түйіс; 3) диалектілерден әдеби тілге енетін диалектілік ауыс - түйіс [4; 54-59] .
1. 2 Лексикалық ауыс- түйіс ұғымының теориялық зерттеулері
Ауыс - түйіс термині осы үрдіс нәтижесін белгілеуге қолданылады. Ауыс - түйіс бір реттік пайдаланудан, тілдік жүйе құралдарының біртіндеп меңгеруі, соңында рецептор - тілге толыққанды элемент ретінде енуіне дейінгі үрдіс [5; 79] .
Кірме сөздердің түрлі классификациясының болуына қарамастан қазіргі лексикологияда кірме сөздердің жалпы танылған типологиясы бар. Дәстүрлі кірме лексика келесі принциптер негізінде сараланады: Этимологиялық принцип бойынша (ауыс- түйіс уақыты мен көзін дәл анықтау мүмкіндігі мен мүмкінсіздігі, бір жағынан, қазіргі тілдер лексикасында сөздердің болуы, екінші жағынан) барлық кірме сөздер екі топқа бөлінеді: жалқы кірме сөздер - интернационалдық лексика [6; 53-55] . Ауыс - түйіс уақыты бойынша жалқы басқа тілді лексика алғашқы ауыс - түйіс және қайталанған ауыс- түйіс болып саралана алады, - дейді Крысин Л. П. (2004) .
Бір тілден екінші тілге лексикалық ауыс - түйісті қарастырған кезде тілдің әлеуметтік - лингвистикалық аспектісі ескеріледі. Бұл ең алдымен қоршаған ортада ішкі (тілдік) және тілдік емес (әлеуметтік) себептермен қатынастағы тілдік дамуды зерттеу. Лексикалық ауыс - түйіс үрдісі себептердің толық кешенімен сипатталады, онда тілдік, психологиялық, әлеуметтік, логикалық және т. б. себептер жинақталған.
Ағылшын тілінен енген сөздерді кеңінен енгізу және қолдану - тек қазіргі заманғы әдет қана емес. Оның негізінде психологиялық механизм жатыр: сендіру, ұқсау, бірыңғайландыру, «эмоционалдық жұқтыру әсері, иландыру ақпарат көзінің беделі мен оған сенуге негізделеді» [7; 38-41], бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі үгіт-насихат сипатындағы ағылшын тілін үйрену қажеттілігі, тілді жарнамалау, енді оқылатын мәтін әдеби шығарма емес жарнама мәтіні болған жағдайда - осының бәрі басқа да әлеуметтік - мәдени факторлармен бірлесе отырып, тілдік сананың қалыптасуына әкеледі, сленг, қажетсіз кірме сөздер тілдің белгілі бір бөлігі болуына әкеліп соғады. Ауыс - түйіс жүзеге асу үшін жаңа ұғымға атау беру қажеттілігі болған жағдайдың өзінде де белгілі бір психологиялық алғышарттар қажет. Оқу көлемі азайып, теле, бейне өнімді қабылдау көлемі өскен кезде оқырман, көрермен үшін теледидар экраны немесе радио арқылы ұсынылатын тіл үлгі болады. Баспасөз тілінде ақпараттандыру және ойын - сауық қызметі ерекше рөлге ие болды.
Отандық түркологияда кірме сөздер мәселесіне ерекше көңіл бөлінді, өйткені бұл бірегей құбылыс. Мұнда үш бағытты көруге болады. Бұл ең алдымен араб және парсы тілдерінен түркі тілдеріне, оның ішінде түрік тіліне де енген кірме сөздер. Осы мәселені түрік филологтары көп зерттеген. Ататүрк реформасына дейін түрік тілі араб және парсы сөздеріне толы болды, олар сөздік қордың жартысынан көбін алып отырды. Тілдік реформа осы сөздерді жою мен оларды түрік сөздерімен алмастыруға бағытталды. Осы құбылыстың бірегейлігі қысқа уақыт ішінде түрік тілтанушылары кірме сөздерді алып тастап, түрік тілінің лексикалық құрамын едәуір өзгерте алды. Араб және парсы тілдерінен енген кірме сөздер мәселесін Кононов А. Н., Баскаков Н. А., Дмитриев Н. К., Иванов С. Н., Кондратьев В. Г., Баскаков А. Н. және т. б. қозғады. Осы ғылым саласындағы дәстүрлі үлгі ретінде Дерфердің парсы тілінің түркі және монғол тілдерімен қатынасы туралы үш томдық еңбегін айтуға болады.
Екінші бағыт - орыс тілінің бұрынғы Кеңес одағындағы түркі тілдеріне ықпалын зерттеу. Онда орыс лексикасы үлкен көлемде еніп отырды. Барлық одақтық республикаларда осы бағытта зерттеулер жүргізілді.
Мәдениетаралық қызығушылық танытатын үшінші бағыт - орыс және басқа славян тілдеріндегі түркі сөздерінің көрінісін зерттеуге арналған негізгі еңбектер сериясы ретінде ұсынылады (Мелиоранский П. М., Корш Ф. Е., Дмитриев Н. К., Баскаков А. Н., Менгес К., Добродомов И. Г., Орешкина М. В. және т. б. ) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz