Паскаль тілінің негізгі түсініктері



Мазмұны

Кіріспе

1.0 Паскаль тілінің негізгі түсініктері ... ... ... ... ... ... ... ..2
1.1 Турбо паскаль тілінің операторлары ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
1.2 Циклдік құрылымды алгоритмді программалау ... ... ... 4
1.3 Алғы шартты цикл операторы. While операторы ... ... ..4
1.4 Келесі шарт бойынша циклді ұйымдастыру.
Repeat операторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.5 Параметрлі қайталану операторы. For операторы ... ... .7
1.6 Күрделі циклдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.7 ЭЕМ.де есеп шығару кезеңдері.
Қадам бойынша орындау әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.8 Мысал есептер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.9 Қайталау (цикл) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
1.0 Паскаль тілінің негізгі түсініктері.
Алфавиті
Паскаль тілінде: латынның әріптері (Аа, ..., Zz) араб цифрлары (0,...,9) және арнайы таңбалар қолданылады. Арнайы таңбалар:
-арифметикалық және салыстыру амалдары (+,-,*,/,>,<,< >,<=,>=,@);
-арифметикалық және логикалық функциялар (DIV,MOD, NOT,AND,OR,IN,SHL,SHR).
-әр түрлі тыныс белгілері:
{} немесе (**)-түсініктеме жазатын жақшалар;
[] – массив индекстерін және жиын элементтерін белгілеу;
() – айнымалы тізімін белгілеу;
‘ ‘ – апостроф; := - меншіктеу белгісі;
; - операторлар мен хабарларды ажырату;
: - айнымалыны бөліп көрсету;
= - айнымалының типін типтің сипаттамасынан немесе тұрақтыны өз мәнінен бөліп көрсету;
, - тізім элементтерін ажырату;
Программа құрылымы
Программа келесі бөлімдерден тұруы мүмкін, бұл бөлімдер (тек соңғыдан басқасы) бір-бірінен нүктелі-үтір арқылы ажыратылады:
• программа тақырыбы;
• белгілер бөлімі;
• тұрақтылар бөлімі;
• типтерді сипаттау бөлімі;
• процедура мен функцияларды сипаттау бөлімі;
• программа денесі;
Қолданылған әдебиеттер:

1. “Turbo Pascal” Ж.Қ.Масанов, Б.А.Бельгибаевб
А.С.Бижанова, Қ.Қ.Мақұлов

2. Паскаль тіліндегі программалау негіздері.
А.Б.Дәулетқұлов, С.С.Алғазы

3. “Алгоритмы и программы на языке Turbo Pascal''
Ю.Федоренко

4. “Алгоритмдеу және программалау негіздерін оқыту”
Б.Д.Сыдықов

5. “Паскаль тілінің негіздері”
Б.Нақысбек
Г.Қалықова

6. Интернет сайт WWW.RAMBLER.RU

Мазмұны

Кіріспе
1. Паскаль тілінің негізгі түсініктері
... ... ... ... ... ... ... ..2
1.1 Турбо паскаль тілінің операторлары ... ... ... ... ... ... .3

Негізгі бөлім

1.2 Циклдік құрылымды алгоритмді программалау ... ... ... 4
1.3 Алғы шартты цикл операторы. While операторы ... ... ..4
1.4 Келесі шарт бойынша циклді ұйымдастыру.
Repeat
операторы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6
1.5 Параметрлі қайталану операторы. For операторы ... ... .7
1.6 Күрделі
циклдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
0
1.7 ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері.
Қадам бойынша орындау
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...10
1.8 Мысал
есептер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...10
1.9 Қайталау
(цикл) ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .20

Тақырып: Қайталау операторы

1.0 Паскаль тілінің негізгі түсініктері.

Алфавиті

Паскаль тілінде: латынның әріптері (Аа, ..., Zz) араб цифрлары (0,...,9)
және арнайы таңбалар қолданылады. Арнайы таңбалар:
-арифметикалық және салыстыру амалдары (+,-,*,,,, ,=,=,@);
-арифметикалық және логикалық функциялар (DIV,MOD,
NOT,AND,OR,IN,SHL,SHR).
-әр түрлі тыныс белгілері:
{} немесе (**)-түсініктеме жазатын жақшалар;
[] – массив индекстерін және жиын элементтерін белгілеу;
() – айнымалы тізімін белгілеу;
‘ ‘ – апостроф; := - меншіктеу белгісі;
; - операторлар мен хабарларды ажырату;
: - айнымалыны бөліп көрсету;
= - айнымалының типін типтің сипаттамасынан немесе тұрақтыны өз мәнінен
бөліп көрсету;
, - тізім элементтерін ажырату;
Программа құрылымы
Программа келесі бөлімдерден тұруы мүмкін, бұл бөлімдер (тек соңғыдан
басқасы) бір-бірінен нүктелі-үтір арқылы ажыратылады:
• программа тақырыбы;
• белгілер бөлімі;
• тұрақтылар бөлімі;
• типтерді сипаттау бөлімі;
• процедура мен функцияларды сипаттау бөлімі;
• программа денесі;
Программалау барысында алдын-ала анықтауды қажет етпейтін мәліметтердің
стандартты типтері мен программалаушының өзі анықтайтын типтерді
пайдалануға болады.
Стандартты типтер
- бүтін типтер-SHORTINT, INTEGER, LONGIN, BYTE,WORD;
- нақты типтер – REAL, SINGLE, DOUBLE, EXTENDED, COMP;
- логикалық тип -BOOLEAN ; символдық тип CHAR ; жолдық тип STRING ;
ASCII –жолдық- PCHAR; текстік файл TEXT;
Басқа типтердің барлығы типтер бөлімінде, айнымалылар немесе
тұрақтыларды сипаттау бөлімінде анықталуы қажет. Нақты типтен басқа
қарапайым типтер үшін мына функциялар анықталады:
DEC(N) N-ді азайту (қысқарту)
INC(N) N-ді үлкейту (ұзарту)
ORD(N) N-нің рет нөмірі
ODD(N) N-нің жұптығын тексеру
PRED(N) N-нің алдынғы мәні
SUCC(N) N-нің келесі мәні
Нәтижесі бүтін болатын мәліметтердің бүтін типтерімен жұмыс істеу үшін
келесі арифметикалық функциялар қолданылады:
ABS(N) N-нің абсолют шамасы
A DIV B бүтін бөлу
A MOD B қалдықты бөлу
+ қосу
* көбейту
- азайту
TRANC(X) Х нақты санның бүтін бөлігі;
ROUND(X) Х нақты санды бүтінге дейін дөңгелектеу;
SQR(X) N санын квадраттау;
Логикалық функциялар: NOT- терістеу; OR - біріктіру немесе логикалық қосу;
AND -қиылысу немесе логикалық көбейту; XOR - екінің модулі бойынша қосу.
Стандартты функциялар
ABS(X)-Х-тің абсолют мәні
ARCTAN(X)- Арктангенс Х
COS(X)-Косинус Х
SIN(X)- Синус Х
EXP(X)- е2
FRAC(X)- Х-тің бөлшек бөлігі
ARCCOS(X)=ARCTAN(SQRT(1-SQR(X))X)
ARCSIN(X)=ARCTAN(XSQRT(1-SQR(X)))
Тілдің операторлары
• BEGIN END құрама оператор;
• IF...THEN шартты оператор;
• CASE...OF таңдауоператоры;
• FOR... DO параметрлі қайталау операторы;
• REPEAT... UNTIL шартқа дейін қайталау операторы;
• WHILE... DO әзіргі шартқа байланысты қайталау;
1.1 Турбо mаскаль тілінің операторлары.
Операторлар-программадағы нұсқаулардың (бұйрықтар,алгоритмдер)
машиналық тілде жазылуы. Яғни берілген есепті шешу мақсатында орындалатын
іс-әрекеттердің машинаға түсінікті түрде жазылуы. Сонда, программа денесі
бірінен кейін бірі жазылған операторлар тізбегінен тұрады. Операторлар
арасына нүктелі үтір (;) белгісі қойылады.
Операторлар қарапайым және күрделі (құрама) операторлар болып екі топқа
бөлінеді. Егер оператор құрамында басқа операторлар боламса, онда ол
қарапайым оператор деп аталады. Бұл топқа: меншіктеу, процедураны шақыру,
шартсыз көшу – GOTO, бос орын операторы жатады.

Күрделі (құрама) оператор бірнеше қарапайым операторлар тұрады. Бұл
операторлар begin (басы) және end (соңы) қызметші сөздер арасында жазылады.
Әр оператордан кейін (;) нүктелі үтір таңбасы қойылады.
Құрама оператордың жалпы жазылуы:
Begin
1-оператор;
2-оператор;
3-оператор;
...
N-оператор;
End;
Begin (басы) және end (соңы) сөздерін операторлар жақшасы деп
қарастырсақ, жоғарыдағы мысалды мына түрде жазуға болады:
(1-оператор; 2-оператор; ...; N-оператор).
Құрама операторлар ішінде тағы бір құарма оператор болуы мүмкін. Бұл
жағдайда программа денесін құрама оператор деп қарастырса болады.Құрама
операторға шартты көшу, таңдау және қайталау операторлары жатады.
1.2Циклдік құрылымды алгоритмді программалау.
Кейбір алгоритмдердің белгілі бір бөліктері бірнеше рет қайталанып
орындалуы мүмкін. Мұндай алгоритмдерді циклдік құрылымға ие алгоритмдер
дейді. Қайталанатын бөліктерді, яғни циклдерді әртүрлі тәсілдермен
құрастырады.
Цикл – бұл прграмманың орындалу барысында бірнеше рет қайталанатын
бөліктері. Циклдерді пайдалану арқылы салыстырмалы түрде қысқа программалар
жазуға, программаның көлемін едәуір қысқартуға болады. Бірақ осы программа
арқылы ЭЕМ өте үлкен көлемдегі есептеулерді орындайды. Турбо Паскаль да
циклдік құрылымды алгоритмді программалауды үш түрлі жолмен ұйымдастыруға
болады.
1. Алдын-ала шартты тексеру арқылы
2. Келесі шарт бойынша
3. Параметрдің мәніне тәуелді
Үш түрлі жолмен ұйымдастыратын циклға арнайы операторлар қолданылады.
Олардың әрқайсысын талқылайық.
1.3Алғы шартты цикл операторы While операторы.
While операторы жан жақты басқару үйлесімі болып табылады. Алдын ала
берілген шартты тексеру арқылы циклді ұйымдастыруға While операторы
қолданылады. While операторын циклдің қайталану саны белгісіз болғанда
пайдаланған ыңғайлы. Қайталанушы процесс қойылған шартты тексеру арқылы
жүзеге асырылады. Яғни, шарт ақиқат болса цикл қайталанылады да, шарт
жалған болса, циклден шығу орындалады. While операторы екі бөліктен тұрады:
циклдің тақырыбынан және циклдің денесінен.
Жалпы жазылуы:
While шарт do
циклдің денесі;
While шарт do
Begin
...
End.
Мұндағы, Қызметші сөздерінің қазақша мағынасы: While –“әзір”, do
–“орында”. Ал, шарт-логикалық өрнек түрінде жазылады. Берілген шартқа
тәуелді бірнеше рет қайталанып орындалатын операторды – циклдің денесі деп
атаймыз. Орындалу ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған
оперпторлар шарт ақиқат болғанда орындалады
While операторы алгоритмдік тілдегі “әзір” цикл командасына сәйкес
“әзір” цикл командасының жазылуы және блок схемасы:
әзіршарт
цб
цикл
цс
бітті.

Шарт

1.0-сурет.

Жоғарыдағы блок схемасы While операторымен ұйымдастырылатын циклді
толық сипаттайды. While операторында, әрбір қайталанудың алдында берілген
шарт тексеріледі. Шарт ақиқат болса, цикл денесі орындалады. Егер, шарт
орындалмаса, цикл денесі де бірде-бір рет орындалмайда.
Егер, цикл денесі екі немесе екіден де көп операторлардан тұрса, оларды
операторлар жақшасының ішіне жазамыз.
While шарт do
begin
циклдің денесі;
end;
While операторында программалаушы циклдің өзгеру қадамын өзі тағайындап
отырады. Егер әрекет белгісі “” не тең болмаса немесе екінші сан да 0-
гетең болмаса, онда программаның орындалу процесінде бұл циклді айналып
өтеді, яғни цикл бір рет те орындалмайды. Программаны жүктеп, оның қалай
жұмыс істейтін F7 пернесін қолдану арқылы тексереміз. Мысалы:
Z=Y3 функциясының мәнін есептеу керек, мұндағы Y=1,2,3,4,5,6,7.Программаның
нәтижесінде Y-тің мәні мен сәйкес функцияның мәні кесте түрінде шығады. Y-
тің өзгеру қадамы 1-ге тең.
Program pr1;
Var Z,Y: integer; {берілген айнымалыны сипаттау}
Begin
Z:=1;{Y-тің бастапқы мәнін меншіктеу}
While y=6 do {цикл тәуелді болатын шарт}
Begin
Z:=sqr(Y)*Y; { Y –тің мәнін Z-ті есептеу}
Writeln ( ‘Y=’,Y,’___ Z=’,Z) ; { Y және Z экранға шығару}
Y :=Y+1 ; { Y –тің өзгеру қадамы}
End ;
End.
Нәтижесі:
Y=1 ! Z=1
Y=2 ! Z=8
Y=3 ! Z=27
Y=4 ! Z=64
Y=5 ! Z=125
Y=6 ! Z=196
Y=7 ! Z=343
1.4 Келесі шарт бойынша циклді ұйымдастыру Repeat операторы.

Циклдің процестері ұйымдастыруда Repeat операторы циклдің қайталану
саны белгілі болғанда қолданылады. Мұндай жағдайлар көбінесе программаларды
құрғанда кездеседі. Әрине бұл оператор бірден белгісіз санның қайталануынан
немесе берілген формуламен есептелетін болса ғана қолданылады.

Repeat операторының жалпы жазылуы:
Repeat
циклдің денесі
Untilшарт
Мұндағы, қызметші сөздері Repeat- қайтала, Until- соған дейін деген
мағынада қолданылады. Цикл денесі – қайталанып орындалатын бір немесе
бірнеше операторлардан тұрады. Цикл денесін құрайтын операторлар санын
шектеу қойылмайды. Шартты тексеру логикалық өрнек арқылы жүргізіледі.
Орындалу ережесі: Repeat сөзінен кейін жазылған операторлар бір рет
орындалады. Шарт жалған болса операторлар қайталанып орындала береді. Шарт
ақиқат болғада ғана тоқтайды, яғни орындалмайды.
Repeat операторы алгоритмдік тілдегі “дейін” цикл командасына ұқсас.
“Әзір” цикл командасынан “дейін” циклінің айырмашылығы: қойылған шартқа
тәуелсіз бірнеше цикл денесі орындалады. Сонан кейін, шарт тексеріледі.
Демек, шарт ақиқат болмаса цикл денесі кемінде бір рет орындалады. Repeat
операторының қызметін суреттегі блок схема арқылы сипаттауға болады.

Жоқ

1.1-сурет.

Repeat операторы құрамды оператордың орындалуын талап етпейді. Бірақ
бұл Repeat операторы циклдің бір рет те орындалуын қажет ететін жағдайда
циклдарды жазуға жарамайды. Егер мұндай жағдайда болса, онда алғышарт
операторын қолдануымыз керек. Мысалы: 1кг ірімшік 300 теңге тұрады.
Ірімшіктің 100,200,300,...1000 граммына төленетін теңгені анықтайтын және
есептің жауабын кесте түрінде шығарудың программасын жазайын.
Program pr2;
Var m:integer; {Бүтін}
z:real;{Нақты}
Begin
m:=100;
Repeat
z:=(300*m)1000;
Writeln(m,’___’,z);
m:=m+100;
until m1000;
readln
end.
1.5 Параметрлі қайталану операторы For операторы.
Циклдік құрылымды алгоритмді программалауда қайталанушы процесс бір
айнымалының мәніне тәуелді болса, For операторын қолданамыз. Айнымалы тек
бір қадамға ғана өзгере отырып циклді басқарыды. Бұл айнымалы циклдің
параметрлі қайталану операторы деп аталынады. Санағышы бар параметрлі цикл
операторы цикл қайталануын бақылайтын санағыштың алғашқы және соңғы мәндері
алдын ала белгілі болған кезде ғана қолданылады.
For операторы алгоритмдік тілдегі параметрлі қайталану командасына
сәйкес келеді.
і үшін m1 бастап m2 дейін h қадам
Цб
Серия
Цс
For операторы екі түрлі жазылады:
А) for I:=A to B do
Begin
...
End;
Орындалу ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған
операторлар I:=A, I:=A+1, I:=A+2,...,I:=B үшін орындалады. Мұндағы І цикл
параметрі, А –параметрдің бастапқы мәні, В-параметрдің соңғы мәні.
For Х:=М1 to M2 do S1;
Мұндағы, қызметші сөздер: For(үшін), to(дейін) циклдің қадамы +1-ге
өсіп отыратынын көрсетеді, do(орында);
Х- скалярлық типтегі айнымалы циклдің параметрі;
М1-цикл параметрінің бастапқы мәні;
М2-цикл параметрінің соңғы мәні;
S1-параметріне тәуелді қайталанып орындалатын оператор. Сондықтан, S1-цикл
денесі деп аталады.
Б) For I:=A DOWN TO B DO
Begin
...
End;
Орындау ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған
операторлар I:=A, I:=A-1, I:=A-2,..., I:=B үшін орындалады.
For X:=M1 down to M2 do S1;
1-нұсқадан өзгешелігі to сөзінің орнына down to (төменге дейін) қызметші
сөзі жазылады. down to циклдің өзгеру қадамы –1 тең екендігін көрсетеді.
Мұндағы Х –тің мәні М1- ден М2-ге дейін –1 қадаммен кему үшін М1M2 шарты
орындалуы керек. Егер бұл шарт орындалмаса цикл денесі бірде бір рет
орындалмайды.
Егер, цикл денесі бірнеше оператордан тұрса, Begin және End
операторлар жақшасынпайдаланамыз.
Параметрдің мәніне тәуелді циклді блок схемасында төмендегідей
сипаттайды.

1.2-сурет.
Параметрлі қайталану операторының жазылуына және орындалуына мысал
келтірейік:

Оператордың жазылуы Нәтижесі
For k:=-1 To 6 do Write (x,’,’) -1,0,1,2,3,4,5,6
For k:=3 To 3 do Write (x,’,’)_ 3
For k:=1 To 9 do Write (x,’,’) 1,2,3,4,5,6,7,8,9
For k:=-1 To -6 do Write(x,’,’) Цикл орындалмайды
For k:=10 down to 6 do Write(x,’,’) 10,9,8,7,6
For k:=0 down to –1 do Write(x,’,’) 0,-1
For k:=1 down to 16 do Write(x,’,’) Цикл орындалмайды

Қайталану санын келесі тәсілдермен анықтауға болады. Соңғы мән –
алғашқы мән +1 – бірінші жағдай үшін;
Алғашқы мән – соңғы мән +1 екінші жағдай үшін. Мысалы:Р=1*2*,...*10
сандарының көбейтіндісін есептеу.
Program pr3;
Var i,P :integer;
Begin
P:=1;
For i:=1 to 10 do
P:=P*1;
Writeln (‘P=’,P);
Readln
End.

1.6Күрделі циклдер
Күрделі қайталанушы процесстерді ұйымдастыруда бір цикл операторы
құрамында екінші бір цикл операторы болуы мүмкін. Бұл жағдай да бірінші
цикл оператор – ішкі цикл деп аталады. Сыртқы және ішкі цикл ұйымдастыруда
мына шарт орындалады: ішкі циклдің барлық операторы сыртқы цикл денесіне
толық енеді
Мысылы, суретте екі параметрлі цикл операторлары арқылы жазылған
күрделі циклдің жұмысы сипатталынған.

1.3-сурет.

7. ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері. Қадам бойынша орындау әдісі.
Кез-келген есерті ЭЕМ-де шешу бірнеше кезеңдерден тұрады:
1) есептің қойылуын ұғу;
2) формальдау деңгейі (есептің математикалық түрде қойылуы);
3) шешу әдісін таңдау;
4) алгоритмін жазу(құру);
5) программасын құру;
6) программаның дұрыстығын тексеру;
7) есептеу және нәтижелерін өңдеу.

1.8 Мысал есептер
1-есеп. М натурал саны берілген. Оның жай сан екендігін анықтау керек.
Program pr1;
Var I,M,F: integer;
Begin
Repeat
Write(‘натуралсан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Паскаль тілінде сызықтық бағдарлама құру
Паскаль тілінің алғашқы түсініктері
Turbo Pascal программасының негізгі түсініктері
Процедуралар мен функциялар
Объектілі бағдарланған программалау
Сызықтық бағдарламалаудың негізгі есептері
Полиморфизм - бір иерархиядағы объектілер үшін бір атаумен берілген әдістерді қолдану мүмкіндігі
Паскаль тілінің түсініктері
Паскаль тіліндегі сызықтық програма есептері
Тілдің алфавиті
Турбо Паскаль бағдарламасының жазу ережелері, құрылымы және тілдің әліпбиі
Пәндер