Монополия және монополиялық билік
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 БӨЛІМ. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ ТЕПЕ.ТЕҢДІК
1.1. Монополия және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Мемлекет тарапынан монополияны реттеу ... ... ... ... ... ... ... ..9
2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАБИҒИ МОНОПОЛИСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕТТЕУ
2.1. Табиғи монополияның керектігі және монополист
компаниялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2. "АЭМЗ" ЖШС.нің экономикалық потенциалын талдау ... ... 18
3 БӨЛІМ. ЕСЕПТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Курстық жұмысымда мен мынадай тақырыпты қарастырдым: «Монополия және монополиялық билік».
Алдымен, курстық жұмысымды әдеттегідей жоспар құрудан бастадым. Бұл курстық жұмысты қарастыру барысында үш бөлімге бөлдім. Әр бөлім, бөлімшеден құралады. Бұлардың барлығына мен жеке-жеке тоқталдым.
Алғашқы бөлімді монополия және монополиялық тепе-теңдік деп атадым. Бұл бөлімде монополия, монополия түсінігі, оның түрлері мен ерекшеліктеріне, монополиялық биліктің көрсеткіштері мен әлеуметтік шығындарына және мемлекет тарапынан монополияны реттеу сияқты тақырыптарға жеке тоқталдым.
Екінші бөлімді Қазақстан Республикасының табиғи монополистер және оларды реттеу деп атап кеттім. Бұл бөлімде табиғи монополияның экономикада болу керектігін және монополис компанияларды қарастырдым, Қазақстан Республикасындағы нарықтағы фирма даму тарихын және қызметін талдап тақырыбыма қатысты қарстырдым.
Келесі бөлімге келетін болсақ, берілген жоспар бойынша осы монополия тақырыбына байланысты бірнеше есептер құрастырдым.
Енді осы монополияға сәл ғана түсініктеме беріп өтейін.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап ҒТП-ның әсерінен өндірісті шоғырландыру жүріп жатыр, ол ірі және аса ірі кәсіпорындардың ,яғни монополияның құрылуына әкеп соқты.
Монополия (грек – moons – жалғыз, polio – сатамын ) жее өндіруші тауар рыногын бақылап және сол рынокта үстем орын алған кезде пайда болады.
Монополия – басқа сатушылар мен өндірішулерді ығыстыру мақсатымен бір компания не компания тобының белгілі бір тауар рыногын немесе сол тауарды өндіруді басып алуы .
Монополияны талдауда «монополия» ұғымының бір мәнді еместігін есепке алудың маңызы зор .Бәрінен бұрын бұл құбылыстың мәнін өз этималогиясынан ( «моно» - біреу, «полео –сатамын») шығару дұрыс емес. Нақты өмірде рынокта бір ғана фирма – тауар өндіруші әрекет ететін жағдай болмайтын нәрсе. Олай болса, сұраныс қисық сызығы абсолютті түрде икемді емес фирманы табу мүмкін емес .
Сондықтан «таза» монополия ұғымы турлаы әр уақытта шарттылықтың белгілі бір үлесі бар екенін ұмытпау керек. Кейбір экономистердің осы ұғымға балама іздеуі кездейсоқ емес, мысалы, «жетілмеген бәсекелес» ( П. Самуэльсон ), «баға іздеуші» ( П. Хейне).
Монополист – сатушы рыноктық қатынастарға тек өз өнімін сатып алушымен түседі. Бұл өзара қатынастардың сипаты мынадай: егер монополист бағаны кемітсе, онда одан көп өнім сатып алынады. Бір қарағанда монополистің өз өнімінің бағасын төмендетуі пайымдау оғаш көрінуі мүмкін .

1. Г. Нұрмолдақызы Заң қабылданып еді, монополистердің монологы естіле бастады. /Жас Алаш 1998 жыл 6 тамыз
2. Егеменді Қазақстан Табиғи монополиялардың тарифтері төмендетілді. 1998 жыл 29 тамыз
3. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормалық құқықтық акт бюллетені 2000 №2.
4. Қадырбеков Б. Экономиканы монополсыздандыру реформаның басты бағыты /Қаржы-қаражат 1996 №5
5. Я. Әубәкіров Экономикалық теория негіздері Алматы Санат 1998
6. Н.Қ.Мамыров, Қ.С.Есенгалиева, М.Ә.Тілеужанова Микроэкономика Алматы Экономика 2000
7. Ж.Қ.Нұрпейісов. Микроэкономика негіздері. Астана, 2001
8. Гальперин В.М.,Игнатьев С.М., Моргунов В.И. Микроэкономика СПб, 2001
9. Экономикалық теория негіздері.Оқулық.- А., «Санат», 1998. – 479 бет.
10. Б.Б.Байжұмаев, Т.П.Табеев, Ф.Н. Жақыпова, Я.Ә. Әубәкіров.- А: Қазақ университеті, 1999. – 280 бет.
11. Е.Қ. Құдайбергенов, С.Қ.Бекмолдин, С.С: Мәуленова. Экономикалық теория: Оқу құралы.-А: Экономика, 2003.-194 б.
12. Мамыров Н.Қ.,Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика: Оқу құралы.- А: Экономика ,2000.-420б.
13. Гальперин В.М.,Игнатьев С.М., Моргунов В.И. «Микроэкономика».
СПб, 2001

Мазмұны:
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..3
1 БӨЛІМ. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
1.1. Монополия және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Мемлекет тарапынан монополияны
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . .9
2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАБИҒИ МОНОПОЛИСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕТТЕУ
2.1. Табиғи монополияның керектігі және монополист
компаниялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .14
2.2. "АЭМЗ" ЖШС-нің экономикалық потенциалын талдау ... ... 18
3 БӨЛІМ.
ЕСЕПТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..27
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...28
КІРІСПЕ
Курстық жұмысымда мен мынадай тақырыпты қарастырдым: Монополия және
монополиялық билік.
Алдымен, курстық жұмысымды әдеттегідей жоспар құрудан бастадым. Бұл
курстық жұмысты қарастыру барысында үш бөлімге бөлдім. Әр бөлім, бөлімшеден
құралады. Бұлардың барлығына мен жеке-жеке тоқталдым.
Алғашқы бөлімді монополия және монополиялық тепе-теңдік деп атадым.
Бұл бөлімде монополия, монополия түсінігі, оның түрлері мен
ерекшеліктеріне, монополиялық биліктің көрсеткіштері мен әлеуметтік
шығындарына және мемлекет тарапынан монополияны реттеу сияқты тақырыптарға
жеке тоқталдым.
Екінші бөлімді Қазақстан Республикасының табиғи монополистер және
оларды реттеу деп атап кеттім. Бұл бөлімде табиғи монополияның экономикада
болу керектігін және монополис компанияларды қарастырдым, Қазақстан
Республикасындағы нарықтағы фирма даму тарихын және қызметін талдап
тақырыбыма қатысты қарстырдым.
Келесі бөлімге келетін болсақ, берілген жоспар бойынша осы монополия
тақырыбына байланысты бірнеше есептер құрастырдым.
Енді осы монополияға сәл ғана түсініктеме беріп өтейін.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап ҒТП-ның әсерінен өндірісті
шоғырландыру жүріп жатыр, ол ірі және аса ірі кәсіпорындардың ,яғни
монополияның құрылуына әкеп соқты.
Монополия (грек – moons – жалғыз, polio – сатамын ) жее өндіруші
тауар рыногын бақылап және сол рынокта үстем орын алған кезде пайда
болады.
Монополия – басқа сатушылар мен өндірішулерді ығыстыру мақсатымен
бір компания не компания тобының белгілі бір тауар рыногын немесе сол
тауарды өндіруді басып алуы .
Монополияны талдауда монополия ұғымының бір мәнді еместігін
есепке алудың маңызы зор .Бәрінен бұрын бұл құбылыстың мәнін өз
этималогиясынан ( моно - біреу, полео –сатамын) шығару дұрыс емес.
Нақты өмірде рынокта бір ғана фирма – тауар өндіруші әрекет ететін жағдай
болмайтын нәрсе. Олай болса, сұраныс қисық сызығы абсолютті түрде икемді
емес фирманы табу мүмкін емес .
Сондықтан таза монополия ұғымы турлаы әр уақытта шарттылықтың
белгілі бір үлесі бар екенін ұмытпау керек. Кейбір экономистердің осы
ұғымға балама іздеуі кездейсоқ емес, мысалы, жетілмеген бәсекелес ( П.
Самуэльсон ), баға іздеуші ( П. Хейне).
Монополист – сатушы рыноктық қатынастарға тек өз өнімін сатып
алушымен түседі. Бұл өзара қатынастардың сипаты мынадай: егер монополист
бағаны кемітсе, онда одан көп өнім сатып алынады. Бір қарағанда
монополистің өз өнімінің бағасын төмендетуі пайымдау оғаш көрінуі мүмкін .
1 БӨЛІМ. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ
ТЕПЕ-ТЕҢДІК.
1.1 Монополия және оның түрлері.
Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің
бірі, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады.
Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте
көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық
бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс
арасындағы байланыс арқылы анықталады.Осының салдарынан тұтынушылар мен
сатушылар жеітлген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және
өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты
пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім
көлемін анықтауға ынталанады.
Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының
таңдауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер
тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия
жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады. Тұтынушы
қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған
бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистің үлкен билікке ие болуына
оның тауарының ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да
әсерін тигізеді.Бұл 1-суретте бейнеленген.
1-сурет. Монополияның ерекшеліктері.
Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы
тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық -
монополия, ал фирма – монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды
өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде
нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының
бағасын анықтайды.Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың
шамасының бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді
және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер
сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін
тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.
Егер нарықта жеке өндірушінің монополиялық билігі орнықса, онда қоғам
жалпы белгілі шығындарға ұшырайды, себебі тұтынушылар тауарды тұтынудың
көлемін азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейді. Сондықтан да дүние
жүзінің көптеген елдерінде нарықты монополиялауды шектейтін монополияға
қарсы заңдар қабылданып, іске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнің
барлық елдерінде өндіруші – монополистер бар. Экономикалық тұрғыдан
қарағанда тиімді болады деп есептелетін кейбір нарықтарды монополиялауға
да мүмкіндіктер туғызылады. Оларды монополиялық нарыққа енудің тосқауылы
деп атайды және де олар кез келген жаңа өндірушінің нарыққа кіруіне
мүмкіндік бермейді.
Бұл шектеулер төмендегідей:
1) ірі өндірістің басымдылығы;
2) легальды тосқауылдар (шикізат қорын, жерді ғылым мен техниканың
жетістіктерін монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндіру үшін
өкіметтен алынған ерекше құқықтар) ;
3) бәсекелесуді әділетсіз жүргізу .
Ірі өндірушілердің ұсақ өндірушілермен салыстырғанда өте көп
артықшылықтары бар. Мысалы, ұсақ бәсекелестердің шикізат көзіне, несиеге,
нарықтық ортаға шығуына ірі өндірушілер тосқауыл қоя алады.
Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді,
себебі ірі өндірістің шығындары ұсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен
болатыны практика жүзінде дәлелденген. Мысал ретінде табиғи монополияны
айтуға болады.
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер емес, сонымен қатар
құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің көп тараған түрі –
жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде өте сирек кездесетін
шикізат болса, онда бұл фирма монополист болады.Легальды тосқауылдарға
патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса,
онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальды
тосқауылдың негізгі мәнін былай түсінуге болады: патентің болса – құқығың
бар, ал патент жоқ болса – құқығың да жоқ. Бұл жағдайдың біздің
мемлекетіміз үшін маңызы зор, өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі ойлап тапқан
жаңалықтардың көбінің мемлекетаралық патенті жоқ болды, сондықтан да бұл
жаңалықтарды шет елдің адамдары тегін пайдалануда.Легальды тосқауылдың тағы
бір түрі жеке өндірушіге мемлекет тараыпынан белгілі бір тауарды өндіруге
ерекше түрде құқық беру. Бұндай жағдайда елдің ұлттық қауіпсіздігі
көзделеді. Көп жағдайда арақ-шарап өнімдері, қару-жарақ шығару, дәрі-дәрмек
шығаруда қолданылатын есірткілік заттар бір мемлекеттік фирмада өндіріледі.
Монополияның мақсаты – рынокта баға мен өндіріс көлемін бақылау
арқылы мүмкін болатын жоғары табыс алу. Мақсатқа жету құралы болып
орташадан жоғары пайданы қамтамасыз ететін монополиялық баға құрылуын
ұсынады.
Монополияның пайда болуы бәсекені жетілмеген ( жетілмеген бәсеке
рыногы ) сипатта дамытады.
Жетілмеген бәсеке деп еркін бәсекенің шарттарының кем дегенде біреуі
орындалмайтын рынокты айтады.
Жетілмеген бәсеке үш типке бөлінеді: монополиялық бәсеке, олигополия,
таза монополия.
Монополиялық бәсеке кезінде рынокта сатушылар мен сатып алушылардың
саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады- өнімнің
дифференциясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас
тауарларынын айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің
жоғарғы сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды
орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады.
Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, дифференциалданған өнімнің
иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету
мүмкіндігіне ие. Бірақ, сатушының сату көлемі жоғары болғандықтан, бірде
монополист – фирмалар көп болады да, олардың әрбіреуі рыноктық бағаны
шектелген түрде бақылай алады – бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісін
көрсетеді.
Таза монополия рынокта ешқандайсыз бәсекелестерсіз бір ғана сатушы
болған кезде пайда болады.Осының ерекшелігі, сатушы өз бағасын өте кең
шектікте ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек төлем қабілеттік
сұраныспен шектеледі.Кейбір жағдайда рынокта тек бір ғана сатып алушы
болады. Ол монопсония деп аталады.
Монополияның ролі экономикада екі жақты. Оның жақсы жағы монополиялық
компаниялардың өнімдері жоғары сапасымен ерекшеленеді, ал ірі масштабты
өндіріс шығындары азайту мен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жаман жағы монополия рынокта үстемдік етеді және монопольды жоғары
баға арқасында жоғары пайда ала отырып , өнімді шығаруды шектейді. Сонымен
қатар, бәсеке жоқ жағдайда, монополия техникалық прогресс есебінен
тиімділікті жоғарылату ынтасын жоғалтады.
Осыны ескере келе, мемлекет бәсекені қолдай отырып, монополизмге
қарсы тұруға ұмтылады. Бұл үшін маңызды құрал болып антимонополиялық заңдар
қолданылады, яғни бәсеке мен монополияның арасындағы тепе-теңдікті
мемлекеттік қолдау құралы болып табылатын заңдар пакеті қабылданады.
Бәсекені әділетсіз түрде жүргізудің негізгі түрі – демпинг –
бәсекелесін ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сату.
Ірі фирмалар – олар мүмкіндігі мол монополистер. Олардың қаржы
мүмкіндіктері де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздеріне тиімсіз бағамен
ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Ұсақ фирма
шыдамай нарықтан кеткен соң, ірі фирма бағаны көтере отырып, өз шығынын
қайтарып алады.Өкімет тарапынан бәсекені әділетсіз жүргізу қадағаланады.
Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның
төмендегідей түрлері болады:
1) Жабық монополия. Ол бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен
қорғалған.
2) Легальды тосқауылды. Бұл өкіметтен алынған ерекше құқықтар бір
тауарды өндіруге.
3) Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада
өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін
өндіріс саласы.
4) Ашық монополия. Берліген тауарды өндіретін тек қана бір фирма
болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын
жағдай.
Монополистің мақсаты – пайданы ең жоғарғы деңгейге жеткізу.
Сонымен, монополия дегеніміз – басқаларды шеттетіп тастаған бір
сатушы рыногы.
Монополиялық билік және оның көрсеткіштері.
Бәсекелестік нарықта жеке өндіруші тауардың нарықтық бағасына әсерін
тигізе алмайды, баға шекті шығын деңгейінде белгіленеді. Өндіруші тауардың
нарықтағы бағасына әсерін тигізсе және баға шекті шығындардан жоғары
деңгейде белгіленетін болса, онда біз жеке өндірушінің монополиялық
билігінің бар екендігін айтамыз. Ал монополиялық биліктің күшін бағалау
үшін, Абба Лернер көрсеткішін қолданады. Ол былай анықталады :
P - MC
P
Берілген коэффициент нарықтағы тауардың бағасының шекті шығындардан
ауытқу деңгейін анықтайды және оның мәні 0-ден 1-ге дейін өзгеріп отырады.
Көрсеткіштің мәні неғұрлым жоғары болса, монополиялық билік солғұрлым
күшті болады. Монополистің тепе- теңдік жағдайында :
P ۰(1 E + 1 ) = MC екенін біле отырып, Лернер көрсеткішін мына
түрде де жазуға болады :
P - MC 1
P E
Бұдан байқайтынымыз: монополиялық биліктің күші; басқа жағдайларды
тұрақты деп ұйғарғанда, сұраныс икемділігіне кері пропорционалды болады,
демек, өнімге деген сұраныс икемсіз болғанда монополиялық билік күшейе
түседі.
Бәсекелес нарықпен салыстырғанда монополист – өндірушілер тауардың
бағасын жоғары деңгейде белгілейтінін және өнімді бәсекелес фирмадан аз
көлемде ұсынады. Осы жағдайдың нәтижесінде тұтынушылар тауар үшін жоғары
баға төлейтін болады, ал бұл басқа жағдайлар тұрақты деп ұйғарғанда
халықтың әл-ауқатын нашарлатады. Демек, монополиялық өндірушілер қызметі
қоғамға белгілі бір дәрежеде ауыртпашылық түсіреді, әрі өмір сүру деңгейін
төмендетеді.
Біз монополиялық биліктің қоғамдық шығындарын, тұтынушылар мен
өндірушілердің бәсекелес нарықтан монополиялық нарыққа көшу кезіндегі жалпы
ұтымдары згеруін салыстыра отырып бағалаймыз. Қарастырып отырған фирманың
монополия кезіндегі және бәсеке нарығындағы шекті шығын қисықтары біркелкі
болады деп ұйғарайық.
Онда біз графикте бәсекелес фирма мен монополист өндірушінің тепе –
теңдік жағдайын көрсете аламыз.
2-суретте монополиялық баға мен өнім шығару көлемі Р және Q ал
бәсекелес бағамен өнім шығару көлемі Р және Q деп белгіленген. Енді
бәсекелес нарықтан монополияға ауысқан уақытта тұтынушылардың жалпы ұтымы
қалай өзгеретіндігін есептейміз: тауар бағасы Р –дан Р – ге дейін өсті,
нәтижесінде тұтынушылар осы тауарды тұтынуды Q – дан Q – ге дейін
азайтады.
P
MC
P B
A
P C
AR
MR
Q Q Q
2-сурет. Монополияның әлеуметтік ауыртпашылығы.
Тауарды жоғары деңгейдегі бағамен сатып алғанда тұтынушылардың кей
бөлігі А тікбұрышы ауданы шамасындағы ұтымдарынан айрылады. Ал тауарды Р
бағасымен алуға шамасы жетпейтін тұтынушылар В үшбұрышы ауданына тең
болатын ұтымнан айырылады.
Сонымен,тұтынушы ұтымының жалпы мөлшері ( А + В ) –ға азаяды.
Монополист тауарды жоғары бағамен сата отырып, қосымша пайда алады, ол
графикте А тікбұрышы болады. Бірақ тауаро санының Q - ден Q – ге дейін
азаюы монополистің пайдасын С үшбұрышына азайтады. Нәтижесінде
монополистің жалпы пайдасы ( А – С ) – ға тең болады. Монополистің
пайдасын тұтынушылардың көрген зиянының көлемін алып тастаймыз, сондағы (
В + С ) – таза шығындар шамасы болады. Бұл шаманы қоғамның монополиядан
шегетін әлеуметтік зардабы деп атаймыз. Сонымен, неғұрлым тұтынушы ұтымының
көп бөлігі монополист меншігіне ауысатын болса, солғұрлым қоғам
монополиялық биліктен көп зардап шегеді.
2. Мемлекет тарапынан монополияны реттеу .
Көптеген елдерде жеке фирмалардың монополиялық биліктерін шектеу
үшін белгілі заңдар қабылданып, олардың қызметтерін реттеуде әр түрлі
механизмдерді пайдаланады. Мысалы, жоғары деңгейдегі баға белгілеу,
салықтар және т.б.
Монополиялық фирмалар нарықта билік,үстемдік жүргізу арқылы
тауарлардың бағасын неғұрлым жоғары қойып, ал өнім көлемін солғұрлым
төмендететінін білеміз. Көпшілік елдерде жеке фирмалардың монополиялық
билігін тежеу үшін арнайы заңдар қабылданады және оның іс-әрекетін жөндеу
үшін түрлі реттеу механизмдері қолданылады. Осы тәсілдердің бірі бағаны
шектеу, реттеу және салық салу. Енді осы айтылған тәсілдер монополиялық
фирмаға қалай әсер ететінін көрейік.
1. Бағаны реттеу. Фирманың монополиялық билігін жоғары деңгейдегі
баға қою арқылы реттеуді көрелік. Бұл баға монополистің MR=MC тепе-теңдік
бағасынан төмен болу керек. Енді бұны график түрінде көрсетейік .P , Q -
монополистің тауарының бағасы мен өнім көлемі.
P MC
D
MR
Q Q Q Q
2-сурет. Бағаны реттеу.
Енді мемлекет тарапынан реттеу болып, тауарға Р бағасы қойылды
делік. Соның нәтижесінде тауардың бағасы монополия бағасынан гөрі төмендеп,
ал оның көлемі Q -ге дейін көбейеді.Бағаны реттеу механизмі бұл жағдайда
нарыққа оң әсерін тигізіп тұр, бірақ бұл әдістің шектеуі болады. Бағаны
реттеудің ең төменгі деңгейі бәсеке нарығының бағасына келіп тіреледі, одан
әрі баға төмендесе, өнім көлеміне азаюына әкеліп соқтырады, яғни
монополистің іс-әрекетіне теріс әсерін тигізеді. Монополияға бағаны Р -нан
жоғары белгілесе,ондай жағдайда да баға монополиялық фирманың жұмысына әсер
етеді. Сондықтан бағаны реттегенде Р бәсеке бағасынан жоғары, ал
монополия бағасынан төмен болуы керек: P P P.
2. Салық салудың монополияға тигізетін әсері. Фирманың шекті
шығындары тұрақты деп ұйғарайық. Мемлекет тарапынан монополиялық өндірушіге
қосымша салық салынды дейік.
3-сурет. Монополиялық фирманың тауарына салық салу.
LRMC – шекті шығын;
Т - салық;
Р және Q - монополистің салық салынғанға дейінгі жағдайы, ал P ,
Q - салық салынғаннан кейінгі баға мен өнім көлемі .
Шекті шығын қисығы LRMC салық көлеміне тең шамаға жоғары қарай
жылжиды, себебі салық мөлшерін өндіруші өз шығындарына қосады: LRMC +Т.
Сондықтан салық салынғаннан кейін тауардың бағасы да жоғарылайды, бірақ
баға түгел салық көлеміне көбеймейді ол салық шамасынан аз болады Р - Р
Т.
Жетілген бәсеке кезінде МС тұрақты болған уақытт қосымша салық
салынса, баға салық мөлшеріне өсетіні белгілі. Ал монополия кезінде баға
салық мөлшерінен аз шамаға көбейіп тұр, сондықтан монополистердің іс-
әрекеттерін салық механизмі арқылы реттеу оң нәтиже береді.
Антимонополиялық заңдар.
Жетілмеген бәсекенің барлық даусыз жақсы жақтарымен қатар оның елеулі
кемшіліктері бар. Рыноктық процестердің дайындықсыз жүруі шаруашылық
өмірдің кейбір салаларының монополиялануына әкеліп соғады. Өзімен-өзі
болған жетілген бәсеке, жетілмеген бәсекеге айналады. Монополия, жоғарыда
атап өткендей, бағаға деген белгілі бір билікті білдіреді. Ал бұл билік әр
түрлі алғы шарттарға негізделуі мүмкін, салалық өндірістің басым бөлігін
басып алу ( капитал мен өндірістің шоғырлануы мен орталықтануы ) рынокты
және баға деңгейін бөлу, жасанды тапшылықтар жасау т.б. құпия және ашық
келісімдер жасау. Трестерге қарсы заңдар зиянды іс тәжірибені арттыруға
бағытталған.
Антимонополиялық заңдар 1880 жылы АҚШ – та қабылданған. Қазіргі
антимонополиялық заңдар екі бағытта жұмыс істейді: бағаны бақылау және
компаниялардыңқосылуын бақылайды.
АҚШ – тың монополияға қарсы заңдары барынша жетілдірілген деп
есептелінеді, оның бұрыннан келе жатқан тарихы бар. Ол үшін үш китке, үш
негізгі заңдар актілеріне бағындырылған:
1. Шерман заңы (1890 ж. ) .Бұл заң сауданы құпия монополияландыруға,
бір салада жалғыз үстемдік етуге, баға жөнінде келісімге келуге тыйым
салады .
2. Клейтон заңы ( 1914 ж. ) - өткізу саласындағы шектеу іс
-әрекеттеріне, баға алалаушылығына ( барлық жағдайда емес, тек күнделікті
бәсекенің ерекшелігіне байланысты ), бірігудің кейбір түрлеріне тыйым
салады.
3. Робинсон – Пэтман заңы ( 1936 ж. ) – баға алалаушылығы
баға қайшысы т.б. сауда саласындағы істерді шектеуге тыйым салады.
1950 жылы Клейтон заңына Селлер – Кефовер түзетуі қабылданды,
заңсыз бірігу ұғымы пысықталды. Активтерді сатып алу арқылы бірігуге тыйым
салынды. Егер Клейтон заңымен ірі фирмалардың көлбеу бірігуіне кедергі
қойылса, Селлер – Кефовер түзетуі тікелей бірігуді шектейді .
Трестерге қарсы заңдарды жүзеге асыру мемлекеттік ұйымдардың алдында
тұрған аса қиын міндет мынаған саяды: монополиялану фактін қандай
экономикалық белгілердің негізінде анықтауға болады ? Бұл мәселені мемлекет
тұрақты шешіп отыруға тиісті сұрақпен түсіндірейік. Қандай баға деңгейін
төмен не жоғары деп есептеуге болады ? Салалық өндірістің қандай үлесі
монополистік басып алуды көрсетеді ? Өнім шығаруды шектеудің қандай
деңгейін жасанды тапшылық деп есептеуге ? Бұл оңай сұрақтар емес, оларға
барлық жағдайларда бірдей мағыналы жауап беруге болмайды. Ал ірі фирма сату
бағасының деңгейін, жоғарғы деңгейдегі технология мен шаруашылық
тиімділігінің арқасында шығындарды азайту арқылы жетсе ше ? Демпинг
бағаларын жоғары тиімділік жағдайында қалыптасқан төмен бағалардан қалай
айыруға болады ? Жалпы, төтенше бағалармен сатуға тыйым сала отырып,
трестерге қарсы заңдар кімді қорғайды, бәсекені ме, әлде бәсекелестер
тобын ба ?
Мұның бәрі жай академиялық сұрақтар емес, таза теориялық сұрақтар.
Мысалы Робинсон – Пэтман заңы, баға алалаушылығына тыйым салады, сатып
алушылардың белгілі бір тобына, бағаны төмендететін ірі бөлшек сауда
дүкендері мен супермаркеттерге қарсы бағытталған. Бірақ майда сауда
фирмаларына қарсы мұны істей алмайды .Сонда бұл заң кімге қарсы бағытталған
және кімнің мүддесін қорғайды ? П. Самуэльсонның пікірінше, бұл заң
бәсекені шешуге көмектесті, тұтынушының пайдасына бағаны төмендетудің
орнына, ол тиімділігі төмен көптеген кәсіпорындардысақтауға бағытталған.
Трестерге қарсы заңдар өз тауарларын ірі кәсіпорындарға қарағанда жоғары
бағамен сататын майда фирмаларды қорғағаннан қоғам не ұтты ? Өйткені
тұтынушылар, супермаркеттерге баға алалаушылығына тыйым салғаннан кейін,
жоғары баға төлеуге мәжбүр болды ғой. Трестерге қарсы саясаттың өзгермейтін
жоғары тиімділігі туралы қүдік ойларға көптеген батыстың оқулықтары мен
монографиялардың беттері толы. Мысалы, П. Хейне трестерге қарсы реттеу
еркін бәсекені емес, бәсекелестердің бір тобын қорғайды деген пікірді
табанды түрде жақтайды .
Монополияға қарсы заңдарды жүзеге асырушы мемлекеттік қызметтер екі
принципті басшылыққа ала алады. Біріншіден, заңды қатал сақтап отыру,
екіншіден, парасаттылық принципін ұстау. Өйткені көп жағдайларда
трестерге қарсы заңдардың ( мысалы Шерман заңы ) ресми жалпы түрде
жазылғаны сонша ,АҚШ федеральдық соты осы заңның қолдану сферасына іс
істемекші болған қандай да болсын келісімге келуші екі жақты жатқыза алады.
Сондықтан парасаттылық принципі бойынша тек жөнсіз ,ақылға сыймайтын
сауданы шектеулер ғана Шерман заңының қолдану сферасына жатады. Бірақ
ақылға сыйымсыз шектеулер деп нені есептеуге болады ? Бұл мәселелердің
бәрі трестерге қарсы заңдарды жүзеге асырудың қандай қиын екенін
көрсетеді. Мемлекет қиратушы монополизм қаупі мен бәсекені шектеу қаупінің
( мемлекеттің қандай да болсын араласуы, тіпті бәсекені қолдау мақсатымен,
әрбір бәсекелестік мүмкіндіктерді шектеуге әкеліп соғады ) арасындағы
жіңішке соқпақ жолда өзін тең ұсынуға тиісті. Монополияға қарсы істер
өндірушілендің ( тұтынушылардың ) бір тобына басқа топтардың есебінен
барынша жеңілдік жасаудың орнына бәсекені қолдау керек.
Монополиялану фактісін анықтау үшін монополияға қарсы реттеу
математикалық құралдарды және жалпы Э. Чемберлиннің, Дж. Робинсонның, В.
Пареттонның т.б. экономистердің жетілмеген бәсеке концепциясының барлық
теориялық аппаратын кеңінен пайдалануды көздейді. Өкіметтің атқарушы
ұйымдары монополистік шектеулерді болдырмау үшін тек қана жазалау емес,
оның алдын алатын жұмыстарды да жүргізеді. Мысалы, Әділет министрлігі
трестерге қарсы заңдар, компаниялардың бірін-бірі жұтып қоюы, қосылуы
туралы келісімдердің параметрлері бар анықтама материалдар басып шығарады.
Мысалы, бір немесе бірнеше кәсіпорындардың рыноктағы басымдылығы фактісі
туралы қорытындыға негіз болатын белгілер мынадай: бір кәсіпорын үшін –
33 %, үшеуі үшін – 50 %, бесуі үшін – 66,6 %. Айта кететін жай, трестерге
қарсы заңдар, үлкен бизнестің ірі корпорацияларына қарсы бағытталмаған ,
өйткені бір компанияның мөлшері оған монополия деп қарауға негіз бола
алмайды. Монополияға қарсы заңдар тиімді бәсекені бұзатын шектелген іс
тәжірибеге қарсы бағытталған. Егер рыноктық экономикада уағыздалатын
қосымша шығындар мен қосымша пайданы салыстыру принципі қолданылса, онда
мынаны айтуға болады: монополияға қарсы реттеуге байланысты болатын
шығындар ,қанша дегенмен рыноктық экономикадағы монополистік тенденцияларды
шектеуге әкелетін айырмашылықтардан төмен болады.
Қазақстанда 1996 жылы Бәсеке және сауда рыногындағы монополиялық
қызметті шектеу туралы заң қабылданды және антимонополиялық саясат
бойынша мемлекеттік комитет құрылды. Бірақ, заң әлі жетілмеген және толық
қолданылмайды.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz