Ақша – жалпыға бiрдей эквивалент
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I АҚША . ЖАЛПЫҒА БIРДЕЙ ЭКВИВАЛЕНТ ТАУАР РЕТIНДЕ ... ... ... ... 5
Ақшаның шығу тегi мен қажеттiгi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Ақшаның түрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Ақшаның экономикада атқаратын қызметтерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
II АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.1 Ақшаның металдық, номиналистiк және сандық теорияларының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Ақша жүйесi жөнiнде түсiнiк және оның негiзгi элементтерi ... ... ... .23
III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АҚША ЖҮЙЕСIНIҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай-талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.
Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.
Сондай-ақ қоғам дамуының әр түрлi формациясында, сол уақыттың талабына сай ақшаның бiрнеше теориясы дамыды. Олар ақшаның металдық, номиналистiк және сандық теориялары болып табылады. Олардың экономикалық қызметтi жүзеге асыруда алатын орны өте зор.
Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын “Ақша теориясының дамуы” деп алдым. Өйткенi ақша экономикада ең маңызды категорияның бiрi және экономиканың әр кезенiнде ақшаны реформалап отырудың қажеттiлiгiнiң маңызы ерекше. Оны мына теңдестiрулерден көруге болады: “ Ақша – жалпыға бiрдей эквивалент ” , “ Ақша – ерекше тауар ” , “ Ақша зат емес, ол қоғамдық қатынас ” , “ Ақша – еңбек өлшемi ” , “ Ақша бастапқы капитал ” деп аталуы тегiннен – тегiн болмаса керек.
Мен жұмысымды үш бөлiмге, яғни бiрiншi бөлiмде жалпы ақшаның шығу тегiн және оның экономикалық мәнi мен қызметтерiне тоқталдым.
Екiншi бөлiмде ақша теориясының дамуына, яғни оның басты үш теориясын және олардың айналысын қарастырдым. Бұл әр теорияның экономика үшiн әр түрлi пайдалы жақтары бар, сондай-ақ ақша теориясы экономикалық қатынастардың дамуымен оның құрылымы да осы үш теорияны бағытретiнде алып дами бередi . Бұл теориялармен және олардың айналыс ерекшелiктерiмен жұмыс барысында кең тоқталамын.
Үшiншi бөлiмде болса, Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің жағдайы мен құрылымына тоқтала келе, ақша айналысындағы ақша агрегаттарының құрамы мен статистикалық мәліметтеріне тоқталып кеттім.
Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады. Ал мұның алдында тұнғыш рет 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, экономикада жаппай етек алған инфляцияға төтеп бердiк. Ұлттық валютаның тиiмдi жолға түскенiн және ұлттық экономика дамуына тиiмдi жол ашып отырғандығын көруге болады.

1. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
2. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы // 13.12.1996.
3. “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның заңы // 24.12.1996.
4. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001, - 466 б.
5. С.Б. Мақыш, Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2000ж.
6. С.Б.Мақыш / Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. 2-шi басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – алматы: ИздатМаркет, 2004. – 248 бет.
7. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г.
8. Абрамова М.А., Александрова Л.С. / Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.
9. Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
10. Бункина М.К. / Деньги, банки, валюта, Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
11. Экономическая теория. / А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Саннк-Петербург 2001.
12. Аубакиров Я. А. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.
13. Қаржы-Қаражат // 2007, №7.

ЖОСПАР
КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I АҚША – ЖАЛПЫҒА БIРДЕЙ ЭКВИВАЛЕНТ ТАУАР РЕТIНДЕ ... ... ... ... 5
1. Ақшаның шығу тегi мен қажеттiгi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Ақшаның түрлерi

... ... ... .9
1.3 Ақшаның экономикада атқаратын қызметтерi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
II АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1. Ақшаның металдық, номиналистiк және сандық теорияларының дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2. Ақша жүйесi жөнiнде түсiнiк және оның негiзгi элементтерi
... ... ... .23
III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АҚША ЖҮЙЕСIНIҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... .27
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
КIРIСПЕ
Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай-талай шығармалар жазылып, ақшаны
бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын
тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол
бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға
ұшыратады.
Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының
дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы
күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы
объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу
құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны
ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және
олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi.
Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.
Сондай-ақ қоғам дамуының әр түрлi формациясында, сол уақыттың
талабына сай ақшаның бiрнеше теориясы дамыды. Олар ақшаның металдық,
номиналистiк және сандық теориялары болып табылады. Олардың экономикалық
қызметтi жүзеге асыруда алатын орны өте зор.
Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын “Ақша теориясының дамуы”
деп алдым. Өйткенi ақша экономикада ең маңызды категорияның бiрi және
экономиканың әр кезенiнде ақшаны реформалап отырудың қажеттiлiгiнiң маңызы
ерекше. Оны мына теңдестiрулерден көруге болады: “ Ақша – жалпыға
бiрдей эквивалент ” , “ Ақша – ерекше тауар ” , “ Ақша зат емес, ол
қоғамдық қатынас ” , “ Ақша – еңбек өлшемi ” , “ Ақша бастапқы капитал ”
деп аталуы тегiннен – тегiн болмаса керек.
Мен жұмысымды үш бөлiмге, яғни бiрiншi бөлiмде жалпы ақшаның шығу
тегiн және оның экономикалық мәнi мен қызметтерiне тоқталдым.
Екiншi бөлiмде ақша теориясының дамуына, яғни оның басты үш теориясын
және олардың айналысын қарастырдым. Бұл әр теорияның экономика үшiн әр
түрлi пайдалы жақтары бар, сондай-ақ ақша теориясы экономикалық
қатынастардың дамуымен оның құрылымы да осы үш теорияны бағытретiнде алып
дами бередi . Бұл теориялармен және олардың айналыс ерекшелiктерiмен жұмыс
барысында кең тоқталамын.
Үшiншi бөлiмде болса, Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің жағдайы
мен құрылымына тоқтала келе, ақша айналысындағы ақша агрегаттарының құрамы
мен статистикалық мәліметтеріне тоқталып кеттім.
Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың
ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша
жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы”
Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес
ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және
формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң
эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын
ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады. Ал мұның алдында тұнғыш рет
1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, экономикада жаппай
етек алған инфляцияға төтеп бердiк. Ұлттық валютаның тиiмдi жолға түскенiн
және ұлттық экономика дамуына тиiмдi жол ашып отырғандығын көруге болады.
Ал 1999 жылы ұлттық валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық
қатынастарды еркiн рыноктық түрде дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк.
Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты
экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.
I АҚША – ЖАЛПЫҒА БIРДЕЙ ЭКВИВАЛЕНТ ТАУАР РЕТIНДЕ
1. Ақшаның шығу тегi мен қажеттiгi
Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-
бiр шарт және өнiм болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшiн
жасалынған еңбек өнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi, оны өндiрушiлердiң белгiлi
қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың
тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды.
Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын
таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен
уақыттың рәсуә болғаны. Мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның
қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу

Әрбiр ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның құны
жасырын түрде болады. Тауарлар және ақшалар бiр және осы тауарлар
формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-
бiрiн табады және өзара бiр-бiрiне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезiнде бiр тауардың басқа бiр тауарға
айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары
қолданылады ( 1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай).
Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты кездейсоқ айырбас жиiленедi. Жалпы
тауар массасының iшiнен барынша жиi айырбасталатын тауардың бөлiнiп
шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Осыдан келiп, құнның
толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде
өту басталды. Бiрақ оның ролi бiр тауарға нық бекiтiлмеген едi. Бiртiндеп
жалпы құндық эквивалент ролiн белгiлi бiр тауарлар көптен атқара бастады
және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша
формасына айналды.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық
эквивалент немесе рәсiмделiнбеген ақша формасын, әр түрлi тауарлар
қабылдады. Әрбiр тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалнтiн алға тартады.
Сонымен, бiрiншi, iрi еңбек бөлiнiсiнiң нәтижесiнде мал бағушылардың
бөлiнiп шығуымен мал (iрi қара) айырбас құралына айналды. Шалғынды
аудандарда – жылқы, сиыр және қой, ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе, ал
тундрада – бұғы жалпы эквивалент қызметiн атқарады. Бұған бiрнеше мысалдар
келтiруге болады: латынның сөзi “пекуния” (ақша) “пекус (мал) сөзiнен
шыққан. “Рупа” (мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы “рупия”
негiзiнде жатыр.
“Капитал” сөзiнiң шығуы да малмен байланысты, өйткенi ескi герман тiлiнде
бұл сөз мал басы санының көптiгiн бiлдiре отырып, меншiк иесiнiң байлығын
көрсеттi.
Солтүстiк халықтары ең бiрiншi айырбас құралы ретiнде жүндi пайдаланды.
Ежелгi скандинавтар көлемi бойыша әр түрлi тауарлар сатып алу барысындақ
құстардың, аңдардың жүндерiн пайдаланды.
Жылы теңiздердiң жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретiнде
бақалшақ ақшаларды пайдаланды. Көлемi түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ
“кари” көптеп таралды. Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бiр тұрақты
формасы болып табылады. Бiздiң бүгiнгi күндерiмiзмге дейiн өмiр сүре
отырып, олар ешкандай өзгерiске ұшыраған жоқ.
XX ғасырдың 70 жылдарының басында Соломон аралдарының кейбiр тұрғылықты
тұрғындарының ақша айналысы ретiнде бақалшақтардың үш түрi: ең арзаны –
қара түстi (куррила), ақ түстi (галиа), аса қымбат - қызыл түстi
(ронго) пайдалынады.
Әлемде әр түрлi экзотикалық ақшалар болған. Королин аралдары тобына
кiретiн ява аралдарында осы күнге дейiн “феи” акша айналысыда
қызмет етедi. Олардың формасы дөңгелекше тас түрiнде келе отырып
диiрменнiң тасын еске түсiредi. Мұндай монеталардың диаметiрi бiрнеше
метрге жетедi. Сауда мәмiлесi орындалғаннан кейiн сатушыға феяға
бұрынғы иесiнiң белгiсiн өшiрiп, өзiнiң белгiсiн соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретiнде “құралдарды” пайдалынған.
Сонымен бiр құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екi қойға
теңестiрiлген.
Өнер мен жер игертушiлердiң бөлiнуiмен эквиваленттiң жетiлуi
жалғасты. Бөлiнушiлiк, бiрiгушiлiк, бiркелкiлiк мiнездемелерi бар
эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсiмдiк өнiмдерi – зәйтүн майы
, күрiш , кофе, какао, құйма түрiндегi тұздар т.б.
Жалпы эквивалент ретiнде металдарда пайдалана бастады. Ежелгi Спартта,
Жапонияда, Африкада темiр, мырыш, қорғасын, мыс, күмiс алтын түрiндегi
ақшалар қолданалыды. Рим императоры Диониссий сиракуз және орта
ғасырдағы ағылшын карольдары мырыш ақшаларды құйды . Қытайда және Ежелгi
Римде мыс ақша ретiнде пайдаланылды . XYII ғасырда Солтүстiк
Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшектерiн қолданылады .
Металл ақшаларының артықшылығы олар - бiркелкi, төзiмдi,
ұсақталынады. Металл ақшалардың кен таралуымен ақша есебiнiң салмақтық
жүйесi нақтылана түстi. Кейiн келе металдардың арасында басты роль алтын
мен күмiске өте басталды, өйткенi олар жалпы эквивалент үшiн аса
қажеттi сапаға ие .
Әрине , металлдар бұған дейiнгi ақша формаларын бiрден
ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар
формасын сақтап келдi. Темiр ақшалар күрек, таға, шынжыр, шеге және т.б
формаларда ұзақ уақыт бойы сақталынды. Грек ақшасының атауы “ драхма”
“бiр уыс шеге ” деген мағынаны бiлдiредi. Мыс ақшалар қазандық, құмыра,
қалқан түрлерiнде ғана айналысқа түстi. Күмiс және алтын ақшалар жүзiк,
сырға, бiлезiк түрiнде пайданалынды .
Бiрақ б.э дейiн XIII ғасырда салмағы көрсетiлген құймалар
пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бiрлiктерi
фунт стерлинг, ливр ( жарты фунт ), марка ( жарты фунт ) салмақ
бiрлiктерi атауымен аталады. Алғашқыда белгiлi массасы бар формасыз металл
ақшаларды кейiн келе әр түрлi массадағы бiркелкi формасы бар металл
ақшалар ауыстыра бастады .
Монеталардың пайда болуы - ақшаның құрылуындағы соңғы кезең
болып табылады.
Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар
өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделедi. Кез келген тауар
айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр –
бiрiнен бөлiнбейдi. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да
болмайды.
Бiрақ XVI ғасырдың басында ( 1516 ж.) утопиялық социализмнiң
негiзiн қалаушы Томас Моор өзiнiң “Жаңа утопия аралы және мемлекеттiң
үздiк құрылымы туралы алтын кiтап” деген еңбегiнде: “Алдау, ұрлау, тона,
кiсi өлтiру заң тәртiбiмен қатаң жазаланатынын кiм бiлмейдi, әйтсе де
бұл жөнiнде алдын ала ескертiлмеу мүмкiндiгi бар жерде алдымен ақша
құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бiрге ақшаның жоғалуына байланысты
адамдардың алаңдаушылығы, қағысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндерi де
ұмытылар едi. Егер ақша адам өмiрiнен алыстанатын болса, онда тiптi
ақша қажеттiлiгiнен туған кедейлiктiң өзi де жоғалар едi”.
Ол аздай Т. Моор тағы былай дедi: “Қай жерде барлық нәрсенi
ақша өлшемiмен өлшейтiн болса, онда ол жерде мемлекеттiк табыс және оның
дұрыс ағысының болуы мүмкiн емес”.
XIX ғ. Социал утопистерi – Прудон, Оуэн, Грей және басқалар
ақшаға терiс көз қараста болды. Прудон тауар өндiрiсiн сақтай отырып
ақшаның жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан (1917)
кейiн, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқалған кезде ақшаны
жою сәтi келедi, яғни тарихтың өзi оыған алып келдi деген тұжырымдар
пайда бола бастады. Керек десеңiз ауыл шаруашылық өнiмдерiн өнеркәсiп
өнiмдерiне тiкелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында,
оның бәрi сәтсiз аяқталды. С.Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек
бiрлiктерi - тредаларды, ал ағылшын экономисi Смит Фалтьнер
энергетикалық бiрлiктердi - энедаларды пайдалануды ұсынды.
Осыған байланысты К. Маркс былай дейдi : ақшаларды жоя
отырып, бiз қоғамдық дамудың ең жоғарғы сатысында болуымыз мүмкiн
немесе ең төменгi сатыға оралар едiк. Қанша дегенмен коммунизм - ол,
қиял сондықтан да ақша болған, олар бар және бола бередi.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала бередi,
бiрақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда
барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде
қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы
үздiксiз жасала бередi .
Жалпыға бiрдей эквивалент ролi тарихи түрде алтынға
бекiтiлген. Алтынның басқа тауарлардың құндылығын бейнелеу
қасиетi, оның табиғи қасиетi емес. К. Маркс айтқандай: “Табиғат
ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берiлгген ”.
Алтын жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындау үшiн ең бiр
лайық тауар болып қалып отыр. Бiрiншеден ол ерекше табиғи сапаға
ие: бөлiнуi оңай, әдемi, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана “патша
арағында” ( 23 тұзды және 13 азот қышқылында еридi. Екiншiден ең
бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз
болуы, алтынға кететiн еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкелiп
соқтырады. Алтынды тұтынуға жылдан жылға өсуде. Ол әр түрлi
салаларда пайдалыналады – электроникадан бастап зергерлiк iстерге
дейiн, бiрде өте жұқа қалыңдықпен, бiрде балқытылған құймалар
күйiнде кездеседi .
Алтын өндiру қиын және капиталды көп қажет етедi . Қазақстанда
160 алтын кен орындары бар. Соның iшiнде 70-тен астамы жұмыс
iстеп тұр.
Ақша - өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi
бiр эканомикалық қарым-қатынастарды көрсететiн, тарихи даму
үстiндегi эканомикалық категория болып табылады. Эканомикалық
категория ретiнде ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң бiрiгуiмен
көрiнiс табады. Оларға:
- Жалпыға тiкелей айырбастау ;
- Айырбас құнының дербес формасы ;
- Еңбектiң сыртқы заттық өлшемi .
Жалпыңа тiкелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану
кез-келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау
мүмкiншiлiгiнiң бар екендiгiн көретедi, яғни оның өтiмдiлiк қасиетi.
Социализм жағдайында бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды және тек
қоғамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi.
Кәсiпорындар жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып
алынбады. Қазiргi кезде жекешелендiру процесстерiнiң жүруiмен
байланысты, жалпыға тiкелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың
көлемi едәуiр кеңiдi.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану
тауарларды тiкелей өткiзумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада
қолдану жағдайлары, олар несие беру, бюджеттiң кiрiстерiн қарыздық
берешектердi өтеу, мемлекттiк бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастыру,
өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктер
несиелiк ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б
Еңбектiң сытрқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған
еңбектiң, олардың ақша көмегiмен өлшену мүмкiн құнын анықтау арқылы
көрiнедi.
1.2 Ақшаның түрлерi
Ақша өзiнiң дамуы барысында екi түрге бөлiнедi: толық құнда ақшалар
және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты
құнымен сәйкес келетiн ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар жатады.
Металл ақшалар әр түрлi формада болады. Монета түрiндегi формасы – бұл
олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – “аверс”, артқы жағы – “реверс”
және жаны “грунт” деп аталады.
“Монета” сөзiнiң шығуын римдiктердiң жүрегi саналатын шiркеу құдайы
Юнона-Монета есiмiмен байланыстырады, яғни сол шiркеуден берiлген ақшалай
қаражаттардың көмегiмен Римнiң эпир ханы пиррмен соғыста жеңiске жеткендiгi
туралы аңыз бар.
Алғашқы монеталар VII ғ. б.э.б Ертедегi Қытайда және ертедегi Лидия
мемлекетiнде пайда болды. Бастапқы кезде айналысты алтын монеталармен қатар
күмiс монеталар да қоса жүрдi.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгiлерiнiң пайда болуының
мынадай объективтi қажеттiлiктерi болған:
• алтын өндiрiсi тауар өндiрiсiнiң артынан iлесе алмай, нәтижесiнде
айналыстағы ақшаға деген қажеттiлiктi толық өтей алмады;
• жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
• алтын стандарты, жалпы алғанда өндiрiстi және тауар айналымын
ынталандырмады.
Толық құнсыз ақшалар (құнның белгiлерi) – номиналдық құны нақты
құнынан, яғни олардың өндiрiсiне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып
келетiн ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
• құнның металдық белгiлерi – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ
монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
• құнның қағаздан жасалған белгiлерi, ол екiге бөлiнедi: қағаз ақшалар
және несиелiк ақшалар.
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкiлдерi. Қағаз ақшалардың
айналыста жүруiнiң объективтi мүмкiндiгi олардың айналыс құралы қызметiн
атқару ерекшелiктерiне байланысты.
Металл ақшалардың қағаз ақшаларға ауысу себептер келесiдей:
• металл ақшаларды тасымалдап алып жүру қолайсыз;
• металл ақшалардың мемлекттiк билiк органдарының жасаған әрекетiнiң
нәтижесiнде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық
құрамын төмендетуi барысында бiлiнуi;
• бағалы металдарды өндiрудiң қағаз ақшаларды өндiруден қарағанда
қымбатқа түсуi;
• бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б.э. XII ғ. Қытайда 1690 ж. Ұлыбритания
отарыболған Солтүстiк америкада, 1762 ж. Авсрияда және 1769 ж. Ресейде
пайда болды. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық
елдерде шығарылды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу
мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет
белгiлеген өзiндiк номиналы бар құнның белгiлерi.
Қағаз ақшалар тек қана айналық құралы және төлем құралы қызметiн
атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттiң қаржы жетiспеушiлiгiне
байланысты шығарумен түсiндiрiледi. Қағаз ақшалар өзiнiң табиғаты жағынан
тұрақсыз және құнсыздануға тез икемдi. Олардың құнсыздану себептерiне:
айналысқа артық ақша эмиссиялау, эмитентке деген сенiнiң төмендеуiн және
төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.
Несиелiк ақшалар – тауар өндiрiсiнiң дамуымен, яғни тауарларды сатып
алу және сатудың уақытын кешiктiрiп төлеуге берiлуiмен байланысты пайда
болған ақшалар.
Несиелiк ақшалардың шығуы банктердiң несиелеу операцияларымен
байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемдi ету;
нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкiндiк
жасау.
Несиелiк ақшалардың мынадай түрлерi бар: вексель, банкнота және чек.
Вексель – белгiлi бiр соманы алдын ала келiсiлген мерзiмде және
белгiленген жерде төлейтiндiгi туралы борышқордың қарыздық мiндеттемесi.
Вексельдiң екi түрi бар: жай және аудармалы. Елiмiздiң “ҚР-дағы
вексель айналысы туралы” (28.04.97) ҚР заңында мынадай түсiнiктемелер
берiлген:
Жай вексель (соло) – вексельдi ұстаушыға вексельде көрсетiлген
соманы белгiлi бiр уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы
вексель берушiнiң еш нәрсемен негiзделмеген мiндеттемесiн сипаттайтын
вексель.
Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетiлген соманы белгiлi
бiр уақытта алғашқы вексельдi ұстауыға (ремитентке) төлеу туралы үшiншi бiр
тұлғаға (трассатқа) вексель берушiнiң (трассанттың) еш нәрсемен
негiзделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.
Қазақстанда вексель айналысын бiрiншi болып қолданушылардың қатарында
Казкоммерцбанк тәжiрибесiн атап өтуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР
Үкiметiнiң астық жинау бағдарламасына сәйкес өзiнiң 500, 1000 және 5000 АҚШ
долларындағы “астық” вексельдерiн айналымға шығарып, оларды несие құралы
ретiнде клиенттерiне бердi.
Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретiнде “Қазақстан
темiр жолы” ҰК-ның 200,0 млн теңгеге бағалаған вексельдерiн өтедi.
Мұндағы, “домицилиант” – вексельде көрсетiлген төлемдi төлемдi жүзеге
асыратын, вексельде делдал ретiнде қатынасатын банк.
Ендi несиелiк ақшалардың келесi түрi бұл банкнота. Бнкнота ( ағыл.
сөзiнде “Bank-note” аударғанда “банк билетi”) – орталық банктiң айналысқа
шығарған әр түрлi номиналдағы ақша бiрлiктерi.
Банкнота вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады.
Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылықтары бар:
• мерзiмдiлiгiне қарай, егер де вексель мерзiмдiк қарздық мiндеттеме
болса, ал банкнота – мерзiмсiз қарыздық мiндеттеме;
• кепiлдiгiне қарай, вексельдi айналысқа жеке кәсiпкерлер шығарады
және оның жеке кепiлдiгi болады, ол банкнотаны қазiргi кезде орталық
банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепiлдiк бередi.
Экономикада банкнотаның екi түрi бар. Ол: классикалық және жай
банкноталар.
Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы
ретiнде алтынға еркiн алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етiлген
Орталық банктiң билетi.
Жай банкнота – бұл қазiргi кездегi айналысқа шығарылған Орталық банк
билетi. Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктiң барлық
активтерiмен қамтамасыз етiледi. Ендеше қазiр айналыста жүрген орталық
банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етiлмейдi, бiрақ
олардың белгiлi бiр дәрежеде тауарлық немесе несиелiк негiзi сақталған,
сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.
Чек – ағымдағы шот иесiнiң чектi ұстаушыға белгiлi бiр ақшалай соманы
төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзiнiң банкiсiне
берген жазбаша бұйрығы. Алғашқы чектер тарихта 1683 жылы англияда пайда
болды. Чектiң келесiдей түрлерiн көрсетуге болады:
• Ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
• Атаулы чек – аударуға құқысыз белгiлi бiр тұлғаның атына жазылады;
• Ордерлi чек – бiр тұлғаның атына толтырылған, бiрақ индосамент бойынша
басқа бiр тұлғаға беруге құқық бередi;
• Есеп айырысу чегi – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп
айырысуда қолданылады;
• Жол чегi – туристiк сапарларға арналған төлем құралы;
• Кепiлдендiрiлген чек – банктiң чекте көрсетiлген соманы төлеуге
кепiлдендiруiн сипаттайтын төлем құралы.

Ақша экономикадағы ролiн өзiнiң атқаратын негiзгi қызметтерi арқылы
орындайды. Ақшаның әр қызметi тауар айырбасы процесiнен туындайтын тауар
өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi ақшаның әлеуметтiк -
экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi. Ақша қазiргi
экономикада атқаратын бес түрлi қызметi бар:
1) құн өлшемi және баға масштабы;
2) айналыс (айырбас) құралы;
3) төлем құралы;
4) қор және қазына жинау құралы;
5) дүниежүзiлiк ақша.
Ақша құн өлшемi қызметi. Ақша жалпыға бiрдей балама ретiнде барлық
тауарлардың құнын өлшейдi. Құнның өлшем қызметi тауар өндiрiсi жағдайында
туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi ретiндегi
қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады.
Өзiнiң жеке құны бар тауар ғана , құн өлшемi бола алады. Яғни, бұл қызметтi
толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемi – ол жұмыс уақытын емес,
осы еңбекпен құрылған құнды көрсетедi.
Ақша құн өлшемi қызметiн идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни
тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейiн орындалады, сонымен
құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшiн тауардың бағасын
белгiлесек жеткiлiктi.
Тауар бағасын өлшеу үшiн қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебi
еңбек өнiмiн теңестiру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегiмен
өлшеуге болады, өйткенi олар адам еңбегiнiң өнiмi.
Ақша түрiндегi көрiнетiн тауардың құны, оның бағасы болып табылады.
Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның
өз бағасы болмайды, олардың құны өздерiмен анықталуы мүмкiн емес. Бағаның
орнына ақшалар кез-келген тауарларсанын сатып алу мүмкiндiгi бар. Сатып алу
қасиетiмен ерекшеленедi.
Құн өлшеу қызметi жалпы эквивалент ретiнде ақшаның тауарға деген
қатынасын көрсетедi. Бiрақ тауардың бағасын анықтау үшiн баға масштабы
қажет. Металл ақша айналысында мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты
етiп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бiрлiгiне бекiттi. Алғаш рет
монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай
келдi. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмiстiң фунты есебiнде пайда
болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан
ерекшелене түстi.
Құн өлшемi және баға масштабы ретiндегi ақша қызметтерiнiң арасында
едәуiр айырмашылықтар бар. Құн өлшемi – мемлкетке тәуелдi емес ақшаның
экономикалық қызметi болып табылады. Ол құн заңымен анықталады. Баға
масштабы және құнды емес тауар бағасын көрсету үшiн қызмет етедi.
Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен алтынның тройск унциясына
(31,1 г) 35 доллар есебiнде анықталып бекiтiлдi. Ол 1971 және 1973
жылдардағы доллардың девальвациялануына дейiн сақталды және 1980 жылдың
қаңтарында 850 долларға дейiн жеттi.
Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттiк тұрақты бағасының
арасы ашық болып кетуiне байланысты өзiнiң экономикалық мағынасын жоғалтты.
Ямайка валюта реформасының (1976-1978) нәтижесiнде арнайы алтын бағасы
және алтын паритетi жойылды. Құн өлшеу өызметi нарықтық баға масштабы
негiзiнде орындалды.
Қазiргi уақытта алтын тауарға тiкелей айырбасталмайды және бағалар
алтынмен көрсетiлмейдi. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау
жағдайында ақшалы тауар тiкелей массасына емес, алтын нарығындағы несие
ақшалармен операциялар жүргiзугеқарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие
ақшалардың құнын өлшеу ретiнде көрiнедi. Несие ақшалар тауардың құның
өлшемейдi, өлшенген құнды көрсетедi, өйткенi өзiнiң құны жоқ.
Сонымен алтын белгiлерiнiң, яғни толық құнды емес және қағаз
ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан
ажырауына алып келедi.
Ақшаның айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметiнде тауарларды
өткiзудегi делдал болып табылады.
Тауарлар бiр қолдан екiншi қолға ауыса отырып, өзiнiң тұтынушысын
тапқанға дейiн ақша үздiксiз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал ролiн атқарады, ал бұл кездегi
сатып алу және сату актiсi ерекшеленедi, уақыты мен кеңiстiгi бойынша сай
келмейдi. Сатушы, тауарын сатғаннан кейiн, басқа тауарды сатып алуға әр
уақытта асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сату, ал басқа нарықтан сатып
алуы мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi
өзара сай келмеушiлiк жойылды.
Өзiнiң құнын өткiзгеннен кейiн, айналыстан кететiн тауарларға
қарағағанда, ақшалар айналыс құралы ретiнде барлық уақытта осында қалып
отырады және сату-сатып алу процесiне қызмет етедi.
Бiздерге ақша айналыс құралы қызметiн негiзiнен мемлекеттiк,
оперативтiк, коммерциялық саудада тұрғандардың тауарларды сатып алуы
кезiнде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Одан фирмалар мен
корпорациялардың және тағы басқа қолма-қол ақшамен есептесуiне тиым
салынбаған.
Айналыс құралы ретiнде ақша қызметтерiнiң ерекшелiктерi мыналар:
• Тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
• Оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
• Ақшаның бұл қызметiнде таарларды айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша
белгiлерi орындайды.
Бiрақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшылы тауармен (алтын) байланысты
емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын
айналыс болуыменен түсiндiрiледi.
Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс
қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы
негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасы мен анықталады.
Егер ақшаның айналыстағы масасы тауар массасынан көп болса, одан бұл
олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келедi.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты.
Бiрақ ақша қозғалысы мiндеттi түрде тауар қозғаласымен бiр уақытта
тоғысуы тиiс емес. Ақша құнның еркiн формасында көрiнедi. Олар
өтiзуi процесiн еркiн аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан
ерте немесе кеш жүруi мүмкiн.
Егер тауар мен ақшаның қарама - қарсы қозғалысы болмаса, яғни
тауар төлем ақы түскенге дейiн сатып алынған немесе керiсiнше
болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметiн атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретiнде тек қана тауар айналысына ғана
емес, сонымен бiрге қаржы – несие қатынастарына да қызмет етедi.
Барлық ақшалай төлемдердi төмендегiдей етiп топтатуға болады:
• Тауарларды және қызметтердi төлеуге байланысты мiндеттемелер;
• Еңбек ақы төлеуге байланысты мiндеттемелер;
• Мемлекетке қатысты қаржылық мiндеттемелер;
• Банктiк қарыз, мемлекеттiк және тұтыну несиесi бойынша борыштық
мiндеттеме;
• Сақтандыру мiндеттемелерi;
• әкiмшiлiк - сот сипатындағы мiндеттемелер және басқалары .
Ақша төлем құралы ретiнде айналыс құралынан өзара
айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек
қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесiнде тауарларға қатынасты ақшаның
өз бетiнше еркiн қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып,
сатып алушы сатушыға ақшаны берудiң орнына, борыштық мiндеттеменi жазып
ұсынады. Бұл борыш өтелгенкезде, ақша төлем құралы ретiнде қызмет
атқарады.
Төлем құралы қызметiн толық емес нақты (қағаз немесе несие), ал
борыштық мiндеттемелердi өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.
Төлем құралы ретiндегi ақшаның қызметi оның бұдан бұрын қарастырылған
қызметтерiнен айырмашылығы болғанымен ол оларменберiк байланысты екенi
анық. Ақшаның төлем құралы ретiде қызмет етуiнiң дамуы резервтiк қор
құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау қызметтерiнiң туындауының қажет
екенiн көрсетедi.
Ақшаның төлем құралы қызметiн атқаруына байланысты ақша айналысы заңы
өзiнiң неғұрлым толық көрiнiсiн тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, одан
қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген
қажеттiлiгiн азайтады. Бiрақ төлем мерзiмi жақындаған сайын борыштарды жабу
үшiн ақша айналымының қажеттiлiгi атқарады. Өзара өтелетiн төлемдер сомасы
айналыс үшiн ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бiр бөлiмде борыштық
мiндеттеме бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz