Баға құрылымы және бағаны тұрақтандыру



Кіріспе

І.Бөлім. Баға құрылымы және бағаны тұрақтандырудың модельдері

1.1. Бағаның қалыптасуындағы теориялар
1.2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері

ІІ.Бөлім. Баға деңгейін анықтайтын факторлар

2.1 Баға құралуының теориялық аспектілері.
2.2 Нарықтық экономикады бағаның құралуы факторлары.
2.3 Бағаның жіктелуі (класификациясы)
2.4 Баға құралу үрдісіндегі мақсаттар.

ІІІ . Бөлім Бағаны тұрақтандыру және мемлекеттік реттеу
3.1. Бағаны мемлекеттік реттеу
3.2. Баға, сұраныс және ұсыныс
3.3. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып жатқандығын көрсетеді.
Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашаан алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфлиясия шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының экономика саласындағы ерекшеліктер мен бағаны тұрақтандырудың математикалық модельдеу әдістерін талқылау, ондағы тиімді модельдеу әдістерін таңдап алу, мемлекеттің баға тұрақтылығын қалыптастырудағы, оны реттеудегі өзіндік ұстанымдарына, бағаны анықтайтын факторларға тоқталу табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: негізгі үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде – баға құрылымы түсінігі, бағаның қалыптасу теориялары, бағаның негізгі қызметтеріне тоқталдық.
Екінші бөлімде – Қазақстан республикасындағы модельдеу үлгісіне, баға мен сұраныс, ұсыныс түсініктері арасындағы байланыстарға арналды, баға деңгейін анықтайтын факторлар анықталды.
Үшінші бөлім - Қазақстан Республикасының баға жүйесі мен ондағы модельдеудің жеке үлгілеріне назар аудардым және бағаны тұрақтандырудағы мемлекеттің ролі қарастырылды.
1. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана на пути к рынку: тенденции и размышления. Алматы, 2004 г.
2. Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы. – Алматы, 2008 ж. – 216 б.
3. Воловой В.В. Политэкономия. , 2009.
4. Елемесов Р. Переходная экономика: проблемы методологии и теории. Алматы, 2008 г.
5. Ермекова Э.М. Состояние и перспективы развития социальной сферы в Казахстане: занятость и уровень жизни населения // Вестник КазГУ 2001 №5.
6. Информационно-статистический сборник «Казахстан: 2003-2004 годы, Алматы, Агенство РК по статистике.
7. Кубаев Е. Экономическая политика и экономический рост. Алматы, 2000 г.
8. Кенжегузин М.Б., Додонов В.Ю. Шевелев С.А. Формирование и реализация казахстанской модели устойчивого экономического роста. Алматы, 2007 год.
9. Курс переходной экономики. Под.ред. Л.И. Абалкина. 2007 г.
10. Казахстан в цифрах за 2007 год. Агентство РК по статистике. 2007.
11. Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы.//Егеменді Қазақстан 2003, 5 сәуір.
12. Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы.//Егеменді Қазақстан 2005, 18 ақпан.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

І-Бөлім. Баға құрылымы және бағаны тұрақтандырудың модельдері

1.1. Бағаның қалыптасуындағы теориялар
2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері

ІІ-Бөлім. Баға деңгейін анықтайтын факторлар

1. Баға құралуының теориялық аспектілері.
2. Нарықтық экономикады бағаның құралуы факторлары.
3. Бағаның жіктелуі (класификациясы)
4. Баға құралу үрдісіндегі мақсаттар.

ІІІ - Бөлім Бағаны тұрақтандыру және мемлекеттік реттеу
3.1. Бағаны мемлекеттік реттеу
3.2. Баға, сұраныс және ұсыныс
3.3. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі
қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси
және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай
саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту
мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды
көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып
жатқандығын көрсетеді.
Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта
дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашаан алдын ала өз жоспарлары
арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен
қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфлиясия
шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен
мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың
біріне саналады.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының экономика
саласындағы ерекшеліктер мен бағаны тұрақтандырудың математикалық
модельдеу әдістерін талқылау, ондағы тиімді модельдеу әдістерін таңдап
алу, мемлекеттің баға тұрақтылығын қалыптастырудағы, оны реттеудегі
өзіндік ұстанымдарына, бағаны анықтайтын факторларға тоқталу табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: негізгі үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде – баға құрылымы түсінігі, бағаның қалыптасу
теориялары, бағаның негізгі қызметтеріне тоқталдық.
Екінші бөлімде – Қазақстан республикасындағы модельдеу үлгісіне,
баға мен сұраныс, ұсыныс түсініктері арасындағы байланыстарға
арналды, баға деңгейін анықтайтын факторлар анықталды.
Үшінші бөлім - Қазақстан Республикасының баға жүйесі мен
ондағы модельдеудің жеке үлгілеріне назар аудардым және бағаны
тұрақтандырудағы мемлекеттің ролі қарастырылды.

І-Бөлім. Баға құрылымы

1.1. Бағаның қалыптасуындағы теориялар
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін
қалаушы Адам Смит пен Рикардоның ойынша, тауар құны оған
жұмсалатын еңбектің мөлшерімен анықталады деп есептеген. Адам еңбегі
тауар құнының субстанциясы, қайнар көзі. Сондықтан да классикалық
мектептің өкілдері еңбектің құн теориясының негізін қалады. Оны
кейіннен К.Маркс дамыта түсті.
Егер К.Маркс өзінің барлық зерттеуін тауардың еңбек құнын
талдауға арналса, Батыс елдердегі экономикалық ойдың өкілдері: мейлі
либерализм, неолиберализм, кейнстік, неокейнстік, радикализм – барлығы
дерлік бағаның шығуын зерттеді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Батыс пен Ресей
экономикалық теория өкілдері ағылшын эеономисі Альфред Маршалл және
ресей ғалымы М.И.Туган-Барановский құндық теорияны шекті пайдалылық
теориясымен қосты.
Осыдан, құн мен баға – ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі, пара
пар деп түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын
көрсетеді, ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және ол
құннан ауытқуы мүмкін. Себебі оған сұраным мен ұсыным, пайдалылық,
сиректік, сән, инфлияция және т.б. факторлар ықпал жасайды. Баға
– тауар құнының ақшалай өлшемінің модификациясы.
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір
бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске
асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие
саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде
экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР
Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын,
валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске
асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне
немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге
болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ
несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын
шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа
факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап
өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.

1.2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері

Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады.
1. Есеп-қисап қызметі. Бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек
шығыны процесінің өзгеруінде байқалады және әр түрлі өнімді
өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді.
2. Ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер
етіп, өнім ассортиментін жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға күш
салады. Бағаның осы қызметі біріншісімен етене байланысты.
3. Бөлуші реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші қызметі
сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі
кезінде байқалады.
4. Бағаның бұл қызметі нарықтың, тепе-теңдік сақтағанда, тұтыным мен
өндірісті теңгергенде байқалады.
5. Ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан тауар ұсынымы
туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы
келетіндігін баяндайды. Екінші жағынан сатушылар сатып
алушылардың төлем қабілеттігін немесе өндіріс ресурстарының
қорын байқайды.
Қазақстанда ТМД елдері бойынша банктік қызмет көрсету жүйесін
әлемдік стандарттар бойынша жүзеге асыруға және қаржы экономикалық
дағдарысқа қарсы тұруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем жүйесі (О.А.
Жандосов пікірінше, нақты жағдайда есеп айырысуды жүргізетін ірі
төлемдер жүйесі; әр жолғы төлемдер клиенттік аударымдар,
карточкалық төлемдер және т.б. келесі күнге есеп айырысумен; бағалы
қағаздар бойынша есеп айырысу, корпоративті қоса алғанда) әрекет
етеді.
Банк функциясының ішкі нысаны – төлем айналымы бойынша әсері –
банктердің халықаралық төлемдер және ақша аудару операцияларын жүргізуден
тұрады, сондықтан аталған функция халықаралық құқық аясында
қарастырылады. Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
1) ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар
(мемлекеттік және жеке тұлғалардың);
2) капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар
- тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;
3) тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және
қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы
көздері;
4) қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының,
несиелердің өзгерісі.
Қазақстанда ақшалардың төлемдері және аударымдары негізінен банктер
арқылы жүзеге асырылады, сонымен бірге бұл қатынастар Қазақстан
Республикасының банктік заңнамасымен реттеледі. Соның мысалы ретінде,
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңы жеке
және заңды тұлғалардың, оның ішінде банктік корреспонденттердің олардың
банктік шоттары бойынша тапсырмасымен есеп айырысуды жүзеге асыру
белгіленген және аударым операциялары банк
операцияларын жатқызады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі туралы Заңында Қазақстан Республикасында төлемдер мен аударымдарды
жүзеге асырудың тәртібін, жүйесін және нысанын айқындайды, ұйымдастырады,
сондай-ақ Қазақстандық теңге мен банктер арасындағы
аударымдардың уақытылы және кідіріссіз жүргізілуін қамтамассыз ететін
төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асырады, банктердің
қолданылатын автоматтандырылған жүйелерінің сенімді әрі қауіпсіз болуын
және банк ақпаратының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ең төменгі
талаптарды белгілейді.
Қазақстанда төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәсілдің
заңнама актілермен және олардың негізінде қабылданған құқықтық актілермен,
оның ішінде Қазақстан Ұлттық банкі актілерімен белгіленеді. Ақша төлемі мен
аударымын Қазақстан Республикасынан аумағынан тыс жерде ұлттық валютамен
де, шетелдік валютамен де жүзеге асыру кезінде, сондай ақ Қазақстан
Республикасы аумағында валюталық
заңнама талаптарын сақтаумен шетелдік валютамен ақша төлемі мен аударымын
жүзеге асыру кезінде белгіленген нысандағы бланктерде ақша аударуға өтініш
пайдаланылады, ол ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы банкке
жөнелтушінің төлем тапсырмасы болып табылады.
Ақшаны аудару өтінішіне банктің аталған өтінішті өңдеу не Қазақстан
Республикасы заңнамасы талап ететін жағдайлар үшін оған қажетті деген
жөнелтуші туралы қосымша мәліметтерді қосуға болады.

ІІ-Бөлім. Баға деңгейін анықтайтын факторлар
1. Баға құралуының теориялық аспектілері.

Қазіргі кезде экономкалық ғылымда баға құралуы экономикалық теория,
маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады.
Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке
қарастыруымыз тиіс. Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады.
• Баға теориясы;
• Баға жүйесі;
• Баға саясаты;
Баға құрылу тәсілдері:
• Индуктивті;
• Дедуктивті;
• Диалектикалық
Баға құралу ғылымы – баға қозғалысы мен оны қолдануды зерттеуші ғылым.
Баға құралудың оқыту құралы-баға теориясы мен оның тәжірибеде
қолданылуы болып табылады.
Баға механизімі, баға құралуы, баға саясаты нарықтың өте күрделі және
нәзік құралы болып саналады және іс жүзінде оның құрылуы өте қиын.
Сондықтан баға теориясы сұрағын бірінші қарасытуымыз керек.Оның ішінде
қазіргі кезде кең таралған баға теориясының бірі шағындық баға теориясы.
Бұл теорияның пайда болуы қазіргі заман экономикалық теориясының негізін
қалаушылар – А.Смит, Д. Рикардо, К.Маркс ж.т.б. көзқарастарымен байланысты.

Шығындық баға теориясы бойынша тауар құны тауар өндірушілер еңбегінің
әлеуметтік жиынтығы ретінде, ал тауар құнының өзі сол өнімді өндіру үшін
қажетті өндіріске кететін шығын ретінде анықталған. Соңғысы нақты тауарды
дайындау үшін қажетті жұмыс уақытымен есептеледі. Бұл жағдайда нарықтық
баға сол тауарларды өндіру үшін кеткен орташа шығындар бойынша құралады.Құн
екі жақты сипатталады:
• Сандық;
• Сапалық;
Сандық сипаттамада тауардың тұтынылуы құндылығын құратын сол тауарға кеткен
еңбек мөлшерімен анықталады.
Сапалық сипаттамада, адамдар арасындағы тауар алмасуда өндірістік
қатынастар ретінде көрсетілген. Осыған байланысты, басқа өнімге айырбастау
мүмкіншілігі бар еңбек өнімі, құны бар болып есептеледі.
Егер баға теориясын тереңінен қарастыратын болсақ, онда бұл жайында ежелгі
кезеңдерде де көп көңіл бөлінгендігі байқалады.
Нарықтық экономикада бағаның құрылуы тек қоғамдық қажетті еңбек
шығындарымен ғана емес, ақшаның қайта үлестіру факторлары әсерінен де пайда
болады. Оған жататындар:
• Сұраныс және ұсыныс қатынасы бұл жағдайда бағаның құрылуы үшін
қажет жайлардың бірі сұраным икемділігі;
• Әлеуметтік факторлар бұл поблемаларды баға жүйесі арқылы шешу үшін
мемлекеттің араласуы;
• Мода және тауар болашағы факторлары, көбіне бұл жайлар монополиялық
өндіріспен сәйкестенеді;
• Ұлттық және климаттық ерекшеліктер факторлары кейбір ұлттардың
тағамдық ерекшеліктеріне байланысты.
Бұданда басқа, солтүстіктегі суық климат оңтүстіктегі өндірістерден
қарағанда жылу энергиясын көп қажет етеді.
Бағаның құрылуы факторлары, көріп отырғанымыздай, әр түрлі және олардың
баға көрсеткішіне әсерлері әр жақты. Бір тауарлар үшін модалық факторлар
үшін артықшылық мағынада болатын болса, ал, екінші тауарлар үшін беделдік
жайлар, ал , үшіншілерге ұлттық және климаттық ерекшеліктер болып табылады.
Барлық факторлар бағаның құрылуына тек жеке-жеке әсер етіп қоймай, кейбір
жағдайларда бірлескен жиынтық әсерлерінде тигізіп отырады.
2. Баға түсінігі және мағынасы.

Баға туралы толық түсінікті алу үшін оның мағынасын тереңдете
қарастырумыз қажет. Оны бағаның әр түрлі функцияларынан анықтап көруге
болады. Бағаның мағынасын, оның функциясы ашып көрсетде -мынадай жайды есте
ұстауымыз тиіс: баға функциясы ақша функциясымен ұласып жатыр, яғни,
ақшасыз баға болмайды, ал бағасыз, ақша экономикалық мағынаға ие бола
алмайды. Бағаға тән функциялардың тәжірибе жүзінде қолданылуына байланысты
көптеген экономистер оның негізгі бес функциясын атап көрсетті:
• Есептік өлшемдік;
• Қайтаүлестіру;
• Ынталандыру;
• Баланыстық теңестіру;
• Өндірісті орналастыру.
Есепетеу және шығындарды өлшеу функциясын баға, әр түрлі шаруашылық
үрдістерін, олардың көрсеткіштерін өлшеумен ұйымның құндық есепті орындауы
бойынша жүргізеді. Мысалы, алдын ала дайындалған жағармай көлемі (көліктік
дайындау шығындарын қоса алғанда) осы тауардың баға сомасына эквивалентті
кәсіпорынның өндірген немесе сатып өткізген тауарлық өнімдерінің көлемі,
оның өнімінің немесе қызмет көрсетуінің жиынтық құннына тең. Есептік-
өлшемдік функцияны іс-жүзіне асыра отырып, тауарлар мен қызмет түрлерінің
еңбек шығындарына байланысты әр түрлі тұтынушылық жайлардың салыстыруына
мүмкіндік туындатады. Қоғамнның дайын тауарларға деген мұқтаждығының
қамтамасыз етілуінің қаншаға түсетіндігін баға көрсетіп береді. Сонымен
қатар өндірістік айналым шығындарын және пайда көлемін анықтайды.
Баға механизімінің көмегімен экономика секторындағы пайда мөлшері
жоғары өндірістерге капиталдың шоғырлануы іс-жүзіне асады. Осыған сәйкес
баға өзінің өндірісті орналастыру функциясын жүргізеді.
Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы (баланыстық), өндірістегі
және айналымдағы келісімсіздік ( диспропорциялық) жайлардың орнын толтыру
есебінен немесе бағаның өзгеруі есебінен (немесе бұл екі шараны бір
кезеңде жүргізу арқылы) жүргізілуі мүмкін.
Бағаның ынталандыру функциясының мәндік сипаттамасын төмендегідей
сипаттауға болады: Яғни оның өндіріске әсер етуі және әр түрлі тауарларда
пайданың бекітілген деңгейі арқылы тұтынылуы.
Бағаның көмегі арқылы, ғылыми техникалық прогресті, шығын үнемділігін
қамтамасыз етуді, өнімдер сапасын жақсартуды, өндіріс және тұтыну
құрылымдарын өзгертуді ынталандыруға немесе керісінше тоқтатуға мүмкіндік
туындайды.
Ынталандыру функциясы, бағадағы пайда деңгейін теңестіру жолымен
бағаға қосымша баға немесе жеңілдіктер беру жолымен жүргізледі.
Бағаның үлестіру және қайта үлестіру функциясы да негізгі орындарға
ие. Ол нарықтық факторлар іс-әрекеті шегінде бағаның құнынан ауытқуына
байланысты. Баға үлестіру және қайта үлестіру экономика салалары арасындағы
ұлттық түсімнің, оның секторларының, әр түрлі меншік формаларының,
аймақтарының, қорлану және тұтынылу қорларының, әр түрлі әлеуметтік
тұрғындар тобының арасында үлестіру құралы ретінде қолданылады. Мысалы:
қымбат заттарға (алтын, күміс) және беделі имеджі жоғары тауарларға бөлшек
сауда бағасының жоғарлауы халықтың бір бөлігінің әлеуметтік бағыттағы
қорларды құруы үшін ақша түсімін үлестіруге көмектеседі. Бағаның бұл
функциясы нақты бір тауалар тобының аксизы , ҚҚС және басқа да салықтық
сипаттағы алымдар, мемлекет халқының әлеуметтік мұқтаждығын
қанағаттандыруға бюджеттік аударымдар арқылы көрініп отырады.
Баға үлестіру құралы ретінде активті түрде қолданылады. Көбіне
мемлекеттік немесе реттеуші бағаны қолданғанда бұл жайлар байқалады.
Дегенменде, баға-үлестіру мен қайта үлестірудің жалғыз ғана құралы емес.
Бұл жерде қаржы-несие жүйесі және еңбек ақы да үлкен роль атқарады.
3. Бағаның жіктелуі (класификациясы)

Бағаның әр түрлі функцияларының арасында тығыз байланыс бар. Олар
кейде бір бағытты нұсқаса, келесіде бір-біріне қарама-қайшы жағдайда болуы
мүмкін. Мысалы: бағаның ынталандыру функциясы сұраным мен ұсынымды
теңестіру функциясын іс-жүзіне ауыстыруға көмектеседі, сұранымға ие
тауарлар өндірісін өсіруге жол ашады. Ал, бағаның төмендеуі ұсыным көлемін
төмендетеді.
Бағаның үлестіру функциясы өндірісті оңтайлы орналастыру функциясымен
бірге іс-әрекет жасайды, яғни жоғарғы сұранымға ие тауарлар өндірісі
сферасына капиталдың жинақталуын іс-жүзіне асырады.
Есептік-өлшемдік баға сферасы көп жағдайларда өзінің басқа
функцияларымен қарама-қайшы жағдайда болады, себебі, нарықтық жағдайда
баға, өндірістік шығындардан көп ауытқуларға ие. Баға функцияларының бір-
бірімен байланысын айта келсе, оның арнайы маркетингтік зерттеулер құралы
болып табылатындығын ұмытпауымыз тиіс.
Экономикадағы баға жүйесі
Экономикадағы іс-әрекет жасаушы барлық бағалар бір-бірімен байланысты
және өз-ара жеке жүйе құрады. Бұл жүйе көптеген нарықтық фактордың әсерінен
әр уақыт қозғалыста болады. Баға жүйесі жеке өзара байланысты баға
блоктарынан құрылады. Барлық бағалардың байланыс негізін, қан тамырлары
қызметіне ұқсас байланыстық принципі құрады, бір жүйедегі баға қозғалысы
басқа да барлық жүйеге автоматты түрде өзгертулер енгізіледі.
Баға жүйесінің маңызды және негізгі блоктары төмендегідей:
• Көтерме сауда бағасы;
• Сатып алу бағасы;
• Бөлшек сауда бағасы;
• Жүк көлік қызмет көрсету тарифі;
Бағаның негізгі блоктары бірнеше блокасты бөліктерден тұрады. Мысалы
ретінде: көтерме сауда бағасы блогы екі блокасты тобына бөлінеді,
кәсіпорындардың көтерме сауда босату бағасы және өнеркәсіп көтерме сауда
бағасы. Жүк көлігі тарифтер блогы мынадай блокасты бөліктерінен тұрады:
темір жол жүк көлігі тарифі, теңіз жүк көлігі тарифі, өзен жүк көлігі, әуе
жолымен тасымалдау, автожүк көлігі, құбыр байланысы жүк көлігі тарифтері.
Барлық бағалар жүйелерінде анықтаушы және негіздеуші роль атқаратын,
бұл –базалық өнеркәсіптік салалар өнімдерінің бағасы, яғни, отын –
энергетикалық кешендерінің, металлургия саласының өнімдері, себебі, бұл
өнімдер экономиканың барлық салаларында қандайда болмасын бір көлемде
тұтынылады немесе қолданылады. Энергетикалық өнімдер бағасының өзгеруі
барлық өнімдер мен қызмет түрлерінің баға деңгейіне тез арада өзгерістер
енгізетіндігі айқын.
Жоғарыда аталып өткендей баға жүйесіндегі барлық бағалар бір-бірімен
тығыз байланысты. Өзара жеке жүйе құрушы бағалар байланысы және өзарар
тәуелділігі төмендегідей екі жағдайға негізделген:
• Құн заңы, сұраным мен ұсыныс және де басқа экономикалық заңдарды
қолданана отырып, жекеше әдістемелік негізде бағаның құралуы;
• Бағаның әсерінен өндірістік кәсіпорындар мен салалардың шаруашылық
қызметінің байлаыстылығы.
Бұл байланыспен тәуелділікті агроөнеркәсіптік, орман және басқа да
кешендік кәсіпорындар мен салалар мысалында көруге болады. Бұл жағдайда
айтатынымыз, соңғы өнімнің бағасы, келесі және аяқтаушы кезең үшін
қолданылатын шикізат ретінде бастапқы кезең өнімінің баға деңгейімен
анықталады.
4. Баға құралу үрдісіндегі мақсаттар.

Баға байланысы тек қана кәсіпорындар арасындағы технологиялық байланыс
кезінде ғана емес, оның жоқ кезінде де болатындығы байқалады. Себебі, жеке
салалардағы және жеке категориялық жұмысшыларға еңбек ақы деңгейінің
өзгеруі, зергерлік бұйымдардың, әдет-ғұрыптық қызмет түрлерінің және т.б.
арзандап немесе қымбаттап кетуіне әсер етуі ықтимал.
Жеткілікті түрде күрделі баға жүйесінде бағыт-бағдарды таңдау үшін
баға жіктемелері қолданылады. И.Жельтякова, Г.Маховикова, Н. Пузыния
бағаның келесідей жіктемесені атап көрсетеді.
А. Айналымды қамтамасыз ету сипаттамасы бойынша:
➢ Көтерме сауда бағасы –кәсіпорынның өндірген тауарын басқа
кәсіпорынға немесе сатып-өткізу ұйымына сату үшін қолданылатын
баға.
➢ Бөлшек сауда бағасы-сауда –саттық ұйымының халыққа өнімдерді
сатып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағаны тұрақтандырудың модельдері
Баға құрылымы
Қазақстан Республикасының баға жүйесі
Бағаның қалыптасуындағы теориялар
Бағаны белгілеу мен тұрақтандыру процестерінде мемлекеттік араласу
Жаңа тауарға баға белгілеу
Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері
Баға оның экономикадағы рөлі, оны қалыптастыру және реттеу әдістері
Акция - шаруашылық субъектінің бағалы қағаздары
Инфляция саясаты
Пәндер