Биопестицидтер, олардың артықшылықтары


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология факультеті

Микробиология кафедрасы

Тақырыбы: Биопестицидтер, олардың артықшылықтары.

Орындаған: ФРБТ411К тобының 4-курс студенті

Байқара Баршагүл

Тексерген: б. ғ. д. ; проф. Заядан Б. К.

Алматы 2007

Жоспар

I Кіріспе

Биопестицидтер туралы түсінік

II Негізгі бөлім

  1. Бактериялар негізінде жасалатын биопрепараттар
  2. Саңырауқұлақтар пестицид ретінде
  3. Бакуловирустар

III Қорытынды

Биопестицидтердің болашағы

Мазмұны

Биопестицидтер туралы түсінік . . . 3

Бактериялар негізінде жасалатын биопрепараттар . . . 4

Битоксибациллин . . . 7

Бацикол . . . 7

Бактокулицид . . . 7

Актинин . . . 7

Саңырауқұлақтар пестицид ретінде . . . 8

Боверин . . . 9

Вирустық пестицидтер . . . 10

Бакуловирустар . . . 10

Биопестицидтердің болашағы . . . 11

Биопестицидтер туралы түсінік

Өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден қорғау үшін химиялық заттар - инсектицидтер қолданылады. Бірақ олар сүтқоректілерге де зиян келтіреді, пайдалы жәндіктерді өлтіреді, қоршаған ортаны ластайды, бағасы қымбат болады және зиянкестер оларға тез бейімделіп кетеді. Пайдаланатын инсектицидтерге төзімділік қасиеті бар 400 астам жәндіктер түрлері белгілі. Сондықтан биологиялық жолмен күресу амалдары өзіне назар аударуда, өйткені олар әр жәндік түріне сәйкес қатаң таңдаулы әсер етеді және де зиянкестер биопестицидке бейімделе алмайды.

Бунақденелілер де ауруға ұшырайтыны бұрыннан белгілі. Аристотель (б. з. д. IV ғ) аралардың ауруын сипаттаған. Италияның ғалымы А. Басси XIX ғасырдың 30 жылдары тұт жібек құртының ауруын тапты. Бұл аурудың қоздырғышы Botrytis paradossa деп аталатын саңырауқұлақ. Басси жібек құрттың зақымдануына әкеп соғатын жағдайлар мен инфекциялық тасымалдану әдістерін анықтап, осы аурумен күресу жолдарын ұсынды. Осылайша, Бассиді жәндіктердің алғашқы патологы деп атайды. XIX ғасырдың 60 жылдары Пастер жібек құртының ауруы инфекциялық сипатқа ие екендігін анықтады.

Кейінірек И. И. Мечников Пастер институтында жұмыс істегенде жәндіктердің бактериалды ауруына ұшырасты. Ол паразит жәндіктерді практикада қолдану мүмкін екендігін жазды. И. И. Мечников дәнді дақылдардың қауіпті зиянкесі Anisoplia austriaca атты нан қоңызының дернәсілінен жасыл мускаридті Metarrhizium anisopliae және Entomophtora anisopliae саңырауқұлақтарындағы тудыратын ауруды анықтады.

1892 жылы Пастер институтының қызметшісі И. М. Красильщик нан қоңызының ауру дернәсілінен екі энтомопатогенді бактария -Bacillus trachteitus sivegraphitusis және B. Septicus. Insectorum бөліп алды. Басқа зерттеушілердің бақылаулары да жәндәктер инфекциялық ауру қоздырғыштары бактериялар, саңырауқұлақтар және вирустар болып табылады инфекциялық аурулармен ауыратыны көрсетілді. Осылардың барлығы зиянкес жәндіктерге қарсы немесе олардың биологиялық бақылаулары микроорганизмдерді қолдануға негізделді. Өйткені

бұл жәндіктер ауыл шаруашылық дақылдарының болып табылады.

Микробиологиялық әдістің мақсатты сәйкестілігі энтомопаразиттер зиянкес жәндіктердің белгілі бір тобында ауру тудыруына негізделген. Қолданылатын микроорганизм адамға және басқа да зооценоз өкілдеріне мүлдем зиянсыз.

Сонымен қатар, жәндіктердің аурулары кең таралған және індет сипатына ие болады. Өсімдіктерді химиялық қорғау әдістері локальді әсер етеді және қоршаған ортаны ластайды.

XX ғасырдың I жартысында практикада жәндіктерге патогенді бактерия дақылдарын пайдалана бастады және кейбір жағдайда жақсы нәтиже алды. Әсіресе, Пастер институтының қызметшісі С. Метальников кейбір ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестетімен күресте үлкен жетістіктерге жетті. Ол әр түрлі ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестеріне қарсы микроорганизмдердің аралас дақылдарын пайдаланды. Метальниковтың биопрепараттарының жоғары эффективтілігі олардың құрамында 1915 жылы неміс ғалымы Е. Берлинер бөліп алған Bacillus thuringiensis дақылдарының бар болғанына байланысты болса керек. Осы бактерия түзетін токсинге көптеген қабыршаққанаттылар сезімтал келеді.

Қазіргі кезде зиянкес жәндіктермен микробиологиялық әдістер арқылы күресу жолдары біздің елде және шет елдерде де жалғасын табуда.

Әр түрлі бактериялар, саңырауқұлақтар және вирустар өндірістік биоинсектицидтер ретінде таралымын тапты.

.

Бактериялар негізінде жасалынатын биопрепараттар

Табиғатта бактериялар өте көп және олардың метаболизмі кез-келген биосфера бөлігінде өмір сүруге мүмкіндік тудырады.

Жәндіктерді инфекциялайтын 90 түрден астам бактерялар сипатталған. Олардың көп бөлігі Pseudomonadaceae, Enterobacteriaceae, Micrococcaceae және Bacillaceae тұқымдас-тарына жатады.

Өндірістік бактерия штамдарының көбісі Bacillus туысына жатады. Кең тараған биопрепараттардың негізгі бөлігі Bacillus thuringiensis- тен дайындалған. Бұл микроорганизм XX ғасырдың басында Жапонияда жібек құртынан бөлініп алынған болатын

Төменде ең кең тараған инсектопатогенді бактериялар және олар зақымдайтын жәндіктер көрсетілген.

Pseudomonadaceae

Pseudomonas aeruginosa Шегіртке

Pseudomonas septica Ағаш қоңызы

Vibrio leonardia Жүгері көбелегі

Enterobacteriaceae

Serratia marcescens, Бабочка-голубянка, бабочка-

Escherichia coli, толстоголовка

Enterobacter aerogenes

Proteus vularis, Шегірткелер

P. mirabilis, P. retigeri

Salmonella schottmuelleri Үй арасы

Bar. alvei

Lactobacillaceae

Diplococcus spp., Тұт жібекқұрты, емен

Streptococcus spp. жібекқұрты, мамыр хрущ

Micrococcaceae

Micrococcus spp. Жылтырауық жасыл хрущ,

пилильщики, әр түрлі

көбелектер,

Bacillaceae

Bacillus thuringiensis, Әр түрлі көбелектер және моли

B. cereus

B. popilliae, B. lentimorbus Қи қоңызы

B. sphaericus, B. larvae Масалар, үй арасы

B. moritai Шыбындар

Бұл микробтың токсині жапырақтармен қоректенетін жәндіктердің дернәсілін өлтіреді. B. thuringiensis штамдары бірнеше токсин түзеді. Олар зақымдайтын жәндіктер түріне және де тиімділігіне қарай ерекшелінеді. Бұл түрдің өкілдері көбелектерге, қоңыздарға және қосқанаттыларға токсинді болып келеді. Сонымен қатар бұл

штамдар жұлдызқұрт, маса және шіркей сияқты зиянкестерге қарсы қолданылады. Екінші өндірістік түр жапон зауза қоңызына қарсы қолданылатын - Bacillus popilliae. Үшіншісі масаларға қарсы қолданылатын және жоғары патогені сипатқа ие микроорганизм - Bacillus sphearicus.

Қазіргі кезде әлемде 160 түрлі жәндіктермен күресте қолданылатын 50 астам биопрепараттар шығарылды. Осылардың 30-дан астамы B. thuringiensis негізіндегі өндірістік биопрепа-раттар.

B. thuringiensis клеткалары төзімді споралар және белоктық кристалл түзеді. Құрамында эндотоксині бар кристалл немесе параспорлық дене қабылдағыш жәндіктердің орталық ішегінде сілтілік ортаның және протеиназаның әсерінен ыдыраған соң инсектицидке айналады. Босап шыққан эндотоксин жәндік ішегінің эпителияльді выстилкасын шабуылдап, мембрананы бұзады, ол ішек қабырғасының бұзылуына әкеп соғады, бұл жәндікті өлімге ұшыратады.

Төменде Ресейде шығарылатын негізгі пестицидті биопрепараттар туралы қысқаша сипаттама берілген.

  • битоксибациллин, дендробациллин, лепидоцид, бацикон бірнеше химиялық инсектицидтерді алмастыра алатын, зиянды жәндіктердің түрлік санын бақылауға арналған (колорадо қоңызы, ақ кбелек, жұлдызқұрт және т. б. ) препараттар.
  • бактокулицид - суқоймалардағы қансорғыш масалардың дернәсілдерінің санын азайтуға арналған препараттар.
  • бактороденцид - майда тышқан тәріздес кеміріштердің санын бақылауға арналған бактериоцидтік препарат.
  • актинин - жабық грунттағы өрмекшітәріздес кенлермен күресуге арналған актиномицетті препарат.

Бұл бактериалды биопрепараттарды қолдану мақсатты емес объектілерді (балықтар, пайдалы жәндіктер, энтомофагтар, тозаңдаңдандырушылар) сақтап қалуға мүмкіндік тудырады. Олар адамға және жылықанды жануарларға қауіпсіз. Ландшафты,

су ресурстарын қорғайды, экологиялық таза ауыл шаруашылық өнімін алуды қамтамасыз етеді.

Битоксибациллин (БТБ) . B. thuringiensis (H-1) subsp. негізіндегі микробты биопрепарат. ТМД-да өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден қорғауда, әсіресе, колорадо қоңызына қарсы кең қолданылатын биопрепарат.

БТБ жылықандыларға аз токсинділік қасиетіне ие заттарға жатады (ЛД 50 6-9 г∕кг тең) . Препарат адамға, жылықанды жануардарға, балықтарға және басқа гидробионттарға қауіпсіз.

БТБ препаратын ауыл шаруашылығында қолданғанда топырақта, суда және өсімдікте жиналмайды, қоршаған ортаны ластамайды. Препараттың қолданылатын дозасы энтомофагты - жәндіктерге аз токсинді, өндірістік дозалары араларға улы әсер етпейді.

Бацикол. B. thuringiensis негізіндегі зиянес қоңыздарға қарсы қолданылатын жаңа бактериалды препарат. Тәжірибелі өндіріс негізінде шығарылады. Бацикол - мақсатты емес объектілерге (солардың ішіндегі энтомофагты жәндік ) қауіпсіз, жоғары спецификалық зат. Колорадо қоңызына, сүлік және крестоцветті блоштарға қарсы эффективті болады. Олардың әсер ету спекторлары әлі де зерттелуде.

Бактокулицид. Қансорғыш масаларға, шіркейлерге, суқоймалардағы күріш масаларына қарсы қолданылады. Бұл жоғары эффективті бактериалды ларвицидті зат. Препараттың негізгі артықшылығы инсектицидті әсерінің таңдамалылығы. Бактокулицидтің 70 түрден астам маса дернәсілдеріне әсер ететіні белгілі болды. Бұл препарат адамға, жануарларға және т. б. жылықандыларға, тұт жібекқұртына, араларға мүлдем қауіпсіз.

Бактокулицид Aedes туысына 0, 5-1 кг/га дозасында, Culex - 0, 5 кг/га, Anopheles - 1, 5-2 кг/га дозасында өңделгеннен кейін 48-72 сағаттан соң маса дернәсілдері толық өлімге ұшыратады.

Актинин - экологиялық таза акарицидті препарат. Ол акарифагтарға, энтомофагтарға және араларға зиянсыз. Адамға және жылықандыларға қауіпсіз болып табылады. Фититоксинді емес. Актининді қолдану химиялық өңдеу масштабтарын қысқартуға мүмкіндік тудырады, осылайша, табиғатты және адам денсаулығын сақтауға көмектеседі. Препараттың активтілігі өте жоғары және қолдану дозасы 30 г/га.

Жаңа биотехнологиялық әдістер белок синтезін бақылайтын бактерия плазмидаларын өзгерту арқылы биопестицидтердің эффективтілігін жоғарлатуға өз үлестерін қосуы мүмкін. Бұл өнім бағасын төмендетуге және жаңа препараттарды қолдануға жол ашады.

Саңырауқұлақтар пестицид ретінде

Жәндіктер мен кенелерді, сонымен қатар ауыл шарушылық зиянкестерін зақымдайтын 400-ден астам саңырауқұлақтар бар. Адамға ең қажеттілері детеромицеттер және фикомицеттер. Көбнесе саңырауқұлақтар жәндіктерді тікелей инвазия жолы арқылы зақымдайды. Олар сәйкесінше өздерін жеп қоймас үшін қожайындарын ауруға шалдықтырады. Сонымен қатар, саңырауқұлақтардың негізгі белгілерінің бірі - иесінің өлі денесінде спора түзуге қабілеттілігі. Осылайша олар популяцияда індет ( эпизоотии) шақыра отырып тарала алады. Олар тек ғана сол зақымданған дарақты өлімге ұшыратып қана қоймай, өте ұзақ уақыт аралығында иесінің барлық популяциясының санын бақылап отырады. Өкінішке орай, саңырауқұлақтардың эффективтілігі температура мен ылғалдылыққа тәуелді болады. Егер температура мен ылғалдылық оптимальді мағынасынан көп ауытқыса, зақымданушының өлуі өте баяу жүреді және қажетті індет басталуы екіталай болады.

Осы себепке байланысты жылыжай және оранжерея зиянкестеіне қарсы жасалған өндірістік биоинсектицидтер кейде көкөністер мен гүлдерді зақымдайды. Осы айтылған кемшілікке қарамастан саңырауқұлақтар экономикалық жағынан пайдалы биопестицидтер болып есептелінеді. Қазіргі кезде пестицид өндіруде саңырауқұлақтардың көптеген түрлері пайдаланылады. Көбнесе, Metarrhisum anisopliae қолданылады. Бұл ең атақты энтомопатогенді саңырауқұлақты 100 жыл бұрын жасыл мускатты саңырауқұлақ деп сипаттаған. Ол өндірістік масштабта алғаш шығарыла бастаған саңырауқұлақ. Өсінділерін пайдалана отырып, эпикутикула арқылы өтіп, саңырауқұлақтар субэпикутикулярлы бляшка түзеді, одан гифтер өсіп шығады. Зақымдалған жәндік өледі де, ал саңырауқұлақ оның қалдығында өз спораларын түзеді. Metarhizium anisopliae әр түрлі топ жән- діктерін зақымдайды. Бұл препаратты Бразилияда қант қамысындағы сілекей клопасына қарсы қолданады. Metarhizium anisopliae- ні вируспен қосып, носорог қоңызының сандық бақылауында қолданады. Бұл қоңыз Тынық мұхитының оңтүстік жағалауындағы аралдар пальмаларның негізгі зиянкесі болып табылады.

Көптеген жылдар бойы боверин деген өндірістік биопре- парат түрінде Beauveria bassiana саңырауқұлағы қолданылды. Ол АҚШ және т. б. елдерде интенсивті түрде зерттеулер жүргі-зілген объект болды және биопестицидтердің ішіндегі эффек-тивтілерінің бірі болды. B. bassiana жәндіктерді зақымдаған соң оларды өлімге ұшырататын токсин боверин бөледі.

Зиянкес - жәндіктердің көп түрлері (өсімдік биті, колорадо қоңызы, алма жеміс құрты) Beauveria bassiana саңырауқұлағы тудыратын ауруларды қабылдағыш келеді. Саңырауқұлақтардың кептірілген конидиінен жасалған боверин препаратының энтомопатогенді қасиеті топырақты немесе өсімдікті өңдегеннен кейін 1 жыл бойы сақталады. Poecilomyces fumoso - roseus саңырауқұлағынан жасалынған пециломин препараты бұталы өсімдіктер, мысалы қарақат зиянкестеріне қарсы қолданылады.

“Боверин” биопрепараты колорадо қоңызына т. б. ауыл шаруашылық зиянкестеріне (көбелектер дернәсілі, жібек құрты-ның дернәсілі және алма жемісқұрты) қарсы қолданады.

Entomophthora thaxteriana. Бұл саңырауқұлақ негізінен энтомофторин препараты жасалынды. Препарат әсіресе жылыжай және оранжерея жағдайында өсімдік битіне қарсы эффективті болады.

Verticillium lecanii. Осы энтомопатогенді саңырауқұлақ негізінен өндірістік биопрепараттар шығарылады. Бұл препарат оранжерея жағдайында өсімдік битінің (тля) санын бақылап отырады.

Саңырауқұлақтардың гендік инженериясы бактериялар мен вирустардағыдай тез дамыған жоқ. Бірақ та соңғы зерттеулер гендік инженерияны саңырауқұлақтардың генетикасы, биохимиясы және физиологиясының арасындағы қарым-қатынасты жақсы түсінугде қолдану мүмкіншілігін көрсетті. Бұл жаңа өнімдерді алуға және осы организм топтарына қызығушылық тудыруға әсер етеді.

Вирустық пестицидтер

Вирустар қоздыратын аурулар жәндіктер арасында да кең таралған, сондықтан эиянкестермен күресу үшін олардың табиғи вирустарын қолдануға болады. Олардын өндірілген препараттарды вирустық пестицидтер деп атайды. Жәндіктердің 1200-ден астам вирустық аурулары сипатталған, олардың төрттен үші қабыршаққанаттылар аурулары болып есептелінеді. Негізгі

назар жәндіктерде ауру тудыратын вирустардың ерекше бір тобына аударылды, бұл - бакуловирустар. Бұл топта омыртқа-лыларға патогенді вирустар жоқ.

Бакуловирустар- қос тізбекті ДНҚ-лы вирус. Олардың үш тобы бар: ядролық полиэдроз вирустары (ЯПВ), гранулез вирусы (ГВ) және фильтрлеуші вирустар. Олар жәндіктердің ішіне еніп, оларды зақымдайды. Вирустық препараттардың эффективтілігі уақытпен және пайдалану жилігімен, дозаман, әдіс

ерекшелігімен және өңдеу жылдамдығымен анықталынады. Қазіргі кезде ядролық полиэдроз вирустары негізінен

бірнеше вирустық препараттар шығарылған: Вирин - КШ, Вирин

- ЭНШ, Вирин - ХС, Вирин - ЭКС. Бұл препараттар қырыққабат, мақта зиянкестеріне, америкалық ақ көбелек, алма жемісжегіне қарсы қолдануды ұсынған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шымтезек және шымтезек компосттары
Дәрілік өсімдіктердің кездесетін жерлері
Гендік инженерия мәні
Гендік инженерия туралы
Гендік инженерия туралы жалпы түсініктеме
Тамақ биотехнологиясы
Целлюлозалитикалық бактериялар
Гендік инженерия негіздері. Трансгендік ағзалар, медицинамен фармацияда қолданылуы
Биотехнология және генетикалық инженерия
Қолданыстағы есік құлыптау жүйелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz