Аграрлық саланы дамытуға байланысты туындаған экономикадағы теориялар


Тақырыбы: Аграрлық саланы дамытуға байланысты туындаған экономикадағы теориялар.
Жоспар:
- Агроөнеркәсіп кешені: күрделі құрылымы
- Ауыл шаруашылығында жер негізі
- Өсімдік шаруашылығының салалары
- Мал шаруашылығының жас және ежелгі саласы
Пайдаланған әдебиет тізімі.
1. Агроөнеркәсіп кешені: күрделі құрылымы
АӨК құрамы мен маңызы. Агроөнеркәсіп кешені: күрделі құрылым. Осы уақытқа дейін біз өндіріс құралдарын - машиналар, конструкциялық материалдар, отын шығаратын салаларды оқып үйреніп келдік. Дегенмен, адамдар үшін, ең алдымен, азық-түлік өнімдері қажет. Олардың негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өндіреді.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдың өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан, оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.
Агроөнеркәсіптік кешен халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті халық тұтынатын тауарлар жасап шығаруға қажетті шикізатпен қамтамасыз етуді негізгі максат ететін көптеген салаларды біріктіреді.
АӨК құрамында үш негізгі буын бар. I буын АӨК-ке кызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды. II буын - бұл ауыл шаруашылығы, ал ІІІ буын - тамақ және жеңіл өнеркәсіптері. Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады.
Жұмыскерлердің саны жөнінен (2, 4 млн адам) АӨК аса ірі салааралық кешен болып табылады. Ол елдегі ішкі жалпы өнімнің 1/10 бөлігін береді. АӨК өнімдері барлық тауар саудасының 50%-дан артырып кұрайтындыктан, халықтың әл-ауқатын жақсартуға әсерін тигізеді. Сонымен бірге өнімдері шет елдерге сатылады. Мысалы, бидай Қазақстанның маңызы жөнінен бесінші экспорттык тауары.
I буынның салалары АӨК-ке ауыл шаруашылық машиналарын, құрал жабдық жеткізе отырып, оның интенсификациясының жалпы деңгейін анықтайды. Тұтас кешеннің жетістіктері оның дамуімен тығыз байланысты.
Әзірге I буынның салалары АӨК-ті қажетті өніммен толық қамтамасыз ете алмай келеді.
АӨК тіқ қалыпты Жұмыс істеуі үшін техника мен құрал-жабдықтар-дып 4000 - дай түрі кажет. Біздің елімізде олардың 400-дей түрі ғана шы-ғарылады. Көптегөн мыңызды өндірістер дамымаған немесе енді пайда болып келеді,
Сондыктан, Әлі де ескі техника пайдаланылады, қол еңбегінің үлесі жоғары, ауыл шаруашылың дақылдары мен малдардың өнімділігі төмен. Өндірілген өнімнің аз ғана үлесі өңделеді, АӨК-те Жұмыскерлер саны көп болғанымен еліміз шет елдерден азық-түлікті көп мөлшерде сатып алады.
2. Ауыл шаруашылығында жер негізі
Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің II буыны . Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің орталық тізбегі болып табылатын, «ең кәрі», ел экономикасының дәстүрлілік саласы. Оның өнеркәсіптен 3 негізгі айырмашылығы бар.
1) Ауыл шаруашылығында жер - негізгі зат, әрі еңбек құралы болып саналады. Сондыктан, жерді дұрыс пайдалану, кұнарлылығын сактау - коғамның маңызды міндеті болып саналады.
2) Ауыл шаруашылығы - экономиканың маусымдық саласы.
Көктемде егістікті уақытында жыртып, топырақта ылғал сақталу үшін өңдеп, барлық дақылдарды себу керек. Жазда өсімдіктерді ты-ңайтқыштармен коректендіру, суару, түптеу, арам шөптермен және зиянкестермен күрес жұмыстары жүргізіледі. Күз - өнімді жинап, егістікті күздік себуге даярлайтын мезгіл. Қыс - техника жөндеп, малды күтіп - бағатын, тұқымды себуге даярлайтын уақыт.
3) Ауыл шаруашылық өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді. Олар біздін, елімізде әр түрлі және күрделі.
Жиі болатын құрғақшылык, катты аяздар, қар басуы мен кек тайғак ауыл еңбеккерлеріне егін өнімі мен мал басын сақтап калу үшін қажырлы күрес жүргізуге мәжбүр етеді. Осыған байланысты, еліміздің аумағын «тәуекелді егін және мал шаруашылығы зонасы» деп атауға болады.
Ауыл шаруашылығымен 190 мыңдай әр түрлі кәсіпорындар - фермерлік шаруашылықтар, акционерлік коғамдар, серіктестіктер, кооперативтер мен тұрғындар шаруашылықтары айналысады.
Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің рөлі өзгереді. Ол енді ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен айналыспайды, тек ол үшін қажетті жағдай жасайды.
Мемлекет ауыл тұрғындарының тіршілігі мен еңбек жағдайын жақ- сартып, шаруашылықтарға техника мен жанар-жағар май алуға көмектеседі, сонымен бірге ауыл шаруашылығы ғылыми мекемелері мен тәжірибе стансаларын қаржыландырады. Мемлекеттік азық-түлік корпорациясы ауыл түрғындарынан өсірген өнімнің бір бөлігін сатып алады.
Қазақстанның жер аумағы үлкен - 272 млн га. Еліміздің барлык жері - жерқорына (немесе жер фондына) жатады.
Оған, сонымен қатар көлдер мен су қоймаларын, езендерді, тоғандар ды да енгізеді.
Оның көп бөлігін ауыл шаруашылығына жарамды жерлер құрайды. Бұлар - ауыл шаруашылық жерлері (аумақтары) . Олардың негізгі түрлері - егістік жерлер, жайылымдықтар мен шабындықтар, сонымен бірге көп жылдық алқаптар (бактар мен жүзімдіктер) .
Егістік жерлердің жекелеген бөліктері көп уакыт бойы өңделмей, тыңайған жер есебінде қалдырылады.
Ауыл шаруашылық жерлерінің кұрылымындағы ең бағалы жерлерінің (егістіктер) үлесі көп емес - 11%. Бірак, оның жан басына есептегендегі шамасы әлемдегі ең жоғарғылардың бірі болып саналады. Ең көп аумақты жайылымдық жерлер алып жатыр, Мамандардың есептеулеріне қарағанда, олар 100 миллиондай мал басын азықпен қамтамасыз ете алады.
Ауыл шаруашылық жерлеріне қолайсыз факторлар - құрғакшылық, жел және су эрозиясы, топырактың тұздануы мен батпақтануы әсер етеді. Сондықтан, жерді мелиорациялау (жақсарту) шараларының егістік жерлерді суарудың, жайылымдарды суландырудың; ағаш отырғызудың, кұмдарды бекітудің, жер бетін тегістеудің, қышқыл топырақтарды әктаспен өңдеудің маңызы зор.
Бірнеше мелиоративтік шараларды бір уақытта қатар жүргуге де болады. Оны кешенді мелиорация деп атайды. Мысалы, Оңтүстікте егістікті суару және онда ағаш отырғызу арқылы қорғаумен ұштастырыла жүргізіледі. Мелиорациялык шаралар тұрақты өнім алу мен жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Біздің елімізде ауыл шаруашылық жұмыстары орасан үлкен аумақтарда қысқа мерзім ішінде жүргізіледі. Ол үшін әр түрлі қазіргі заманға сай техникаііың көп мөлшері қажет. Ол бірақ, өзірге жеткіліксіз.
Сондықтан, егістік жерлерді өңдеудің қарапайым технологиясын қолдануын тура көреді. Жағдай, дегенмен, біртіндеп жақсарып келеді. Бірақ, бәрібір материалдык-техникалык базаның жетіспеушілігі - ауыл шаруашылық өндірісіне кедергі келтіретін негізгі себептердің бірі.
Ауыл шаруашылык өнімдерінің өндірісі өңделетін жер мен мал басымы өсуі есебінен ұлғаюы мүмкін. Ондай жол экстенсивті болар еді. Өндірістің өсуін жерді, техниканы, тыңайтқыштарды тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылық ғалымдарының жаңа жетістіктерін қолдана отырып қамтамасыз етуге болады. Бұл ауыл шаруашылығын дамытудың интенсивті жолы. Қазіргі уақытты негізінен осы жол басым болуы керек.
Ауыл шаруашылығы бір-бірімен байланысты екі саланы - өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Олар тиісінше ауыл шаруашылык өнімдерінің 56% және 44%-ын береді.
Сонымен, еліміздің ірі салааралық кешендерінің бірі - АӨК. Ол бірдей емес үш буыннан тұрады. Негізі буынның - ауыл шаруашылығының дамуы мол қор мүмкіндігіне, бірақ жеткіліксіз матералдық-техникалық база кедергі келтіреді.
3. Өсімдік шаруашылығының салалары
Адамзатқа азық-түліктің көп бөлігі мен жеңіл өнеркәсіп үшін кажетті шикізатты өсімдік шаруашылығы береді. Біздің елімізде бұл ауыл шаруашылығының басты саласы.
Өсімдік шаруашылығы немесе егін шаруашылығы егіншіліктен, бақша шаруашылығы мен жүзім өсіруден тұрады.
Егіншілік дақылдар түріне қарай астық шаруашылығы, техникалык, азықтык, көкөніс-бакша дақылдары мен картоп өсіруге бөлінеді (85-сурет) .
Егін шаруашылығы географиясына табиғи факторлар, яғни топырақ пен агроклиматтық жағдайлар (жылу, жарық, ылғал) тікелей әсер етеді.
Сіздер өсімдіктердің жылумен қамтамасыз етілуін орташа тәуліктік температурасы +10°С-тан жоғары болатын кезеңнің температура жиынтығы сипаттайтынын білесіздер. Оны тағы да белсенді температуралар жиынтығы деп атайды. Өсімдіктің жылу сүйгіштігі жоғары болған сайын, оны өсіруге көп мелшерде белсенді температуралар жиынтығы қажет. Өсімдіктің ылғалмен қамтамасыз етілуін ылғалдылык коэффициентінің көмегімен анықтайды.
Ауыл шаруашылық дақылдарын орналастырудың климаттық жағдайларына талдау жасау үшін агроклиматтық карталар пайдаланылады.
Елімізде 50-ден астам ауыл шаруашылық өсімдіктері өсіріледі. Егіншіліктің басты саласы - дәнді дақыл өсіру (астық шаруашылығы) . Олар егістік жерлердің 2/3 бөлігін қамтиды. Ең алдымен, бұл - бидай, одан әрі - арпа, жүгері, күріш, сүлы, қарақұмық, тары және қара бидай. Олардан нан, жарма, үй жануарларына жем алынады. Дәнді дакылдар өсірудің географиясын қарастырайық.
Бидай жылуды жаксы көретін дақыл, ол үшін ең кажетті топырақ түрлері - қара және қара қоңыр топырақтар.
Қысы қатал әрі қар аз түсетін Қазақстанның, солтүстігіне көктемде себілетін жаздық бидай өсіріледі. Мұнда орманды дала және дала зонасының қара және қара коңыр топырақты кең алқабы Тобылдан Ертіске дейін созылып жатыр. 1950 жылдары оның орасан үлкен бөлігі жыртылып, бидай себілді. Аты аңызға айналып тың немесе еліміздің бидайлы белдеуі осылай пайда болды. Оны негізінде 3 тың облыстары - Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан құрайды. Олар республикадағы астықтың 5/4-іи береді. Бидайлы белдеуде нан мен макарон өнімдерінің ең жоғары сорттарын алатын бағалы бидай түрлері өсіріледі.
Қазақстанның жылы оңтүстік аймағында күзде, қыска қарай себілетін куздік бидай өсіріледі. Ол ерте, маусым айында пісіп, көктемгі және күзгі жауын-шашынды пайдаланғандықтан, тұрақты өнім береді.
Жылу және ылғал сүйгіш, тропиктік өсімдік - куріш Қазақстанда тек XX р. бастап өсіріле бастады. Бұл су жайылған егістік жерлерде - атызда (чек) өсетін біздің еліміздегі бірден-бір дақыл. Оны Оңтүстіктің суармалы жерлерінде, Сырдарияның (Қызылорда обл. ), Іле мен Қараталдың (Алматы обл. ) аңғарларында өсіреді. Бұл езендерден күріш егістіктеріне ирригациялық (суландыру) каналдардың тармақтары бағытталған.
Арпа мен сұлы негізінен азықтық өсімдіктер. Олардан алынатын өнімнің бір бөлігі азық-түлік алу үшін, мысалы, арпа мен сұлы жармасын алуға жұмсалады. Арпа - тез пісетін, ең төзімді өсімдік болғандықтан, барлық жерде таралған дәнді дақыл. Бірақ, оның негізгі өнімі бидайлы белдеуде жиналады. Сұлы ыстықка төзімсіз, ылғал сүйгіш өсімдік. Оның негізгі өсірілетін аудандары - Солтүстік пен Шығыс.
Жылу мен жарықты сүйетін жугеріні Қазақстанның Оңтүстігіндегі суармалы жерлерде, жылуды көп кажет етпейтін күздік бидайды елдің Шығысында, құрғақшылыққа төзімді тарыны Батыс пен Солтүстікте өсіреді.
Техникалық дақылдар тамақ, және жеңіл өнеркәсіптеріне шикізат береді. Олардың қалдықтары малға жем ретінде пайдаланылады. Біздің еліміздегі негізгі техникалык дақылдар - мақта, қант қызылшасы және күнбағыс.
Мақтадан бағалы талшық, тұқымынан май алынатындықтан, оны «ақ алтын» деп атайды. Мақта - тропиктік өсімдік. Оған,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz