Тауарлық-материалдық қорлар жайлы



Кіріспе
I. Тауарлық.материалдық қорлар жайлы түсінік
1.1 Тауарлық.материалдық қорлардың жіктелуі
1.2 Материалдарды есептеуді үйымдастыру
1.3 Материалдардың номенклатурасы
II. Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау
2.1 Тауарлық.материалдық қорларды бағалау әдістері
2.2 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі
2.3 Материалдардың бухгалтериядағы есебі
2.4 Материалдық қорларды түгендеу
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жүмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.
Олардың өндіріс қүралдарынан өзгешелігі, өндіріс қүралдары шаруашылық үдерісіне (лроцесіне) ұүзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немеск сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
6. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.
1. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана.
2. Налоговый кодекс. О налогах и других обязательных платежах в бюджет. – Алматы: Юрист, 2003.
3. Закон Республики Казахстан «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 24 июня 2002 года, №329-1 // Нормативные акты по финансам, налогам, бухгалтерскому учету, страхованию: «Қаржы-қаражат» Официальные материалы // Қаржы-қаражат . – 2002. - №7.
4. Постановление Национальной комиссии по бухгалтерскому учету от 13.11.96. №3.
5. Стандарт бухгалтерского учета «Представление финансовой отчетности» (Приказ министра финансов РК 17 января 2003 г. № 14) // Бухгалтерский учет и аудит. – 2004. - № 2.
6. Типовой план счетов и их типовая корреспонденция (Приказ министра финансов РК от 18 сентября 2002 г. № 438) // Бухгалтерский учет и аудит. – 2003. – 1,2,3.
7. Бухгалтерлік есеп счеттарының жұмыс жоспарын жасау жөніндегі нұсқау және 2006 жылдан бастап қолданылатын бухгалтерлік есеп счеттарының жұмыс жоспары. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 22 желтоқсан 2005 жылғы 426, 427-ші бұйрықтары.
8. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) оқулық, - Алматы 2006 жыл.
9. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. – М.: Финансы и статистика, 1994.
10. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001. – 330 бет.
11. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З:Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы. – Алматы: ЭкономикС, 2003. – 360 бет.
12. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З:Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Қаржылық есеп – Алматы: Экономика, 2001.
13. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. – М.: Центр экономики и маркетинга, 1995.
14. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов. – Алматы, 2004.
15. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. – А.: Центраудит – Казахстан, 2002.
16. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша – қазақша сөздік. Алматы: - сөздік – словарь, 1999.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын
бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзірге ұйымға
келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс,
басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жүмыстарды орындау және
қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері,
отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа
да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдағы
активі болып табылады.
Олардың өндіріс қүралдарынан өзгешелігі, өндіріс қүралдары шаруашылық
үдерісіне (лроцесіне) ұүзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай
отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса,
еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын
түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын
жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады.
Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немеск сыртқа босатылған
материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын
бақылау.
3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе
төмендеп кетпеуін бақылау.
4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық
жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
6. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың
жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған
материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.
Жақсы және дүрыс үйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына,
үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс
сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды
жасау қажет:
• тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе
бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі
бір түрін сақтауға арналған болуы керек;
• материалдар қойманьң әp бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары,
өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі
кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы
керек.
Кәсіпорыңдар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді
таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі
тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Ұйымның басшысы материалдарды
кабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен
материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын
басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жүмыстан босату
барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы қажет.
Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату қүжаттарына қол қою құқығына
ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол
сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар
керек:
• материалдардың бірыңгай номенклатурасы мен жоспарлы есеп
айырысу бағасын белгілеу;
• құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды
есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау;
• бірыңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу
жәоне олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін ондіріске
босату және басқа жакқа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп
отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай
түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есспке
алып отыру қажет.
I. Тауарлық-материалдық қорлар жайлы түсінік
1.1 Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі
Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын
міндетгеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне
қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс
ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан
дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім
дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
• шикізат;
• негізгі материал;
• көмекші материал;
• жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп
оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды.
Бұлардың құрамына кен өндіруші өнер-кәсіп пен ауыл шаруашылығы
мекемелерінің өндірген өнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және
тағы да басқа материалдар жатады.
Негізгі материалдардыц қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өндеуші
өнеркәсіп өнімдері — ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады.
Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өндеуді қажет
ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл
түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқ-талмаған
өнінмен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда
жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өндейді. Сондықтан
да әрі қарай өндеуге арналған ұйымнын, өзінің өндірген немесе басқалардан
сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай
фабрикаттар қатарына құрылыс үйымдарында - бетон және ағаш бүйымдарын,
металлургияда — шойын мен болатты жатқызуға болады.
Көмекші материалдарга — әр түрлі химикаттар мен майлайтын сүртетін
және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың
негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық)
негізін құрамайды. Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы барысында негізгі
материалдарға өзінің қандайда бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі
материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өзгертеді. Материалдардың бұл
түріне бояуларды, әктерді (известь) жатқызуға болады.
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық
материалдар, қосалқы бөлшектер,құурылыс материалдары, тағы да басқалар
есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруте, үй-
жайларды жылытуга пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.
1.2 Материалдарды есептеуді үйымдастыру
Ұйымның типтік бухгалтерлік есепшоттар кестесінің екінші бөлімінде
"Материалдар" есебі мына шоттарда жүргізіледі.
• шикізат пен материалдар; 201
• сатылып алынған жартылай фабрикаттар; 202
• отындар; 203
• ыдыс және ыдыстық материалдар; 204
• қосалқы бөлшектер; 205
• басқадай материалдар ; 206
• өндеуге берілген материалдар; 207
• құрылыс материалдары. 208
Шикізаттар мен материалдар шотында — өндірілетін өнімнің құрамына кіріп,
оның негізін жасайтын немесе өнімді дайындағанда оның керекті
құрастырушысы болып табылатын шикізаттар мен негізгі материалдардың, өнім
өндіруге қатысатын немесе шаруашылық қызметіне сондай-ақ техникалық
мақсатқа пайдаланатын, өнім өндіру үдерісіне әсер ететін материалдардың
ұйымдардағы есебі, олардың кіріске алынуы мен шығыс етілуі есептеледі.
Сатылып алынган жартылай фабрикаттар шотында өндіріліп шығарылатын өнімді
жинақтау үшін сатылып алынған өңдеу және жинақтауды керек ететін жартылай
фабрикаттардың, жинақтауыш бұйымдардың, болшектердің кәсіпорындағы есебі
жүргізіледі.
Отындар деп аталатын шотта тасымалдау құралына пайдаланатын, сондай-ақ
өндірістің технологиялық қажетіне, энергия өндіруге және үйді жылытуға
пайдаланатын (мүнай өнімдері мен фтор, газ, көмір тағы да басқа)
отындардың қалдығы және кірісі мен шығысы есептеледі.
Ыдыс және ыдыстық материалдар шотында ұйымдағы ыдыс және ыдыстық
материалдардың барлық түрлерінің (шаруашылық құралы ретінде
пайдаланатындардан басқасы), сондай-ақ ыдыстарды өндіріп (жасап)
шығаруға, оларды жөндеуге арналган материалдар мен бөлшектердің кіріске
алынуы мен шығыс етілу есебі жүргізілсді. Жабдықтаушы, өткізуші немесе
саудамен айналысатын кәсіпорындар тауарлар салынған ыдыстарды "сатылып
алынған тауарлар" шотында есептейді.
Қосалқы болшектер деп аталатын шотта ұйымның пайдалануындағы машиналар
мен жабдықтарды, тасымалдау құралдарын және тағы сол сияқтыларды
жөндеуге, мүжілген жерлерін ауыстыруға арналған қосалқы бөлшектердің
кірісі мен шығысы және қалдығы есептеледі.
Басқадай материалдар деп аталатын шотта өндіріс қалдықтары, түзетілмейтін
өндіріс ақаулары, үйымның өзінде материал, отын немесе қосалқы бөлшек
ретінде пайдалануға жарамайтын есептен шығарылған негізгі құралдарды
бүзғаннан алынған материалдардың, металл сы-нықтарының есебі жүргізіледі.
Сонымен қатар бұл шотта ауыл шаруашылық кәсіпорындары өз өндірісіне
қажетті тұқымдарды, отырғызылатын кошеттерді, мал азығын дайындаудағы
тыңайтқыштарды, ауыл шаруашылық дақылдарын дайындауда зиянын тигізетін
жәндіктермен күресу үшін пайдаланатын улы химикаттар мен дәрі-дәрмектерді
және тағы да басқа материалдарды есептейді.
Өңдеуге берілген материалдар шотында қайта өңдеу үшін басқа ұйымдарға
берілген, келешекте өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнының құрамына
кіретін материалдар есептеледі.
Құрылыс материалдары атты шотта тікелей құрылыс салуға және монтаж
жұмыстарына, сондай-ақ құрылыс бөлшектерін дайындауға пайдаланатын
материалдар және құрылыс қажетіне керекті басқадай материалдар
есептеледі.
1.3 Материалдардың номенклатурасы
Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін материалдардың номенклатуралық
тізімі мен баға көрсеткішін дайындаған дұрыс.
Материалдардыц номенклатурасы деп өндірісте пайдаланатын материалдардың
белгілі бір түрлеріне олардың аты, сапасы, мөлшері тағы да басқа
көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімін айтады. Номенклатуралық
тізімде әр материалдың дұрыс аты, оған берілген номен-клатуралық нөмірі
мен өлшем бірлігі көрсетіледі. Сонымен қатар номенклатуралық тізімде
әрбір материалдың бухгалтерлік есепте есептелетін бағасы көрсетіледі.
Сондықтан номенклатуралық тізімді номенклатуралык, баға көрсеткіші деп те
атайды. Кәсіпорындар мен ұйымдарда пайдаланатын материалдар
номенклатуралық тізімде, әдетте белгілі бір өздерінің топтары бойынша
және ішкі топтары аттары, сапалары немесе мөлшерлері бойынша жіктеліп
көрсетілуі тиіс. Әрбір топқа тиісті сан жүйесі яғни шифр белгіленеді.
Шифр жүйесіндегі сандық белгілер саны әрбір топқа жататын материалдар
санына байланысты. Материалдарға берілген шифрлар бұл материалдар
жазылған алғашқы қүжаттарда, есеп тіркелімдерінде және әр түрлі
кестелерде (таблицаларда) көрсетілетін болғандықтан, есеп қызметінің
жұмысын жетілдіру үшін сан жүйесінің (шифрлардың) және оның цифрларының
аз болуы ыңғайлы әрі дүрыс болады. Материалдарға шифрлар тағайындағанда
сол шифрдан материалдың қай шотқа, сондай-ақ қандай ара-лық шотқа
жататынын керсететіндей етіп тағайындау керек. Материалдардың
номенклатуралық номірін жеті цифрдан кұрастыру ыңғайлы болып табылады.
Оның алдыңғы үш цифры шоттың келесі екі цифры қай топқа жататынын
көрсетсе, соңғы екі цифры материалдардың осы топ ішіндегі реттік санын
көрсетеді. Номенклатуралық номірді бес саннан да құрастыруға болады. Ол
жағдайда оның алдыңғы бірінші цифры шоттың келесі екі цифры қай топқа
жататынын, ал соңғы екі цифры материалдың топ ішіндегі реттік санын
көрсететіндей болып тағайындалуы керек. Номенклатуралық баға
көрсеткіштерінде материалдар өздерінің статистикалық есеп берудегі
қаралған тізімдердегі тәртібі бойынша топталғаны дүрыс. Номенклатуралық
тізімде материалдың әр тобы бойынша жаңадан алынатын материалдарға бос
орын және реттік сан қалдырылады. Егер бағаларында көп айырмашылық
болмаса бір номенклатуралық нөмірге түрлері бір тектес, бірақ бағасы мен
сортында аздап айырмашылығы бар материалдарды біріктіруге болады. Бұл
жағдайда олардың есептеу бағасы орташа бағаға сәйкес тағайындалады.
Материалдарға қойылатын номенклатуралық нөмірі, өлшем бірлігі ол
материалдың барлық кіріс-шығыс құжаттарында, қоймадағы есеп карточкасында
(үлгілі түрі М-17) және материалдық есеп беруде көрсетіледі. Егер
ұйымдарға кейбір материалдар басқа өлшем бірлігімен келіп түссе ондай
материалдар номенклатуралық нөмірде көрсетілген өлшем бірлігі бойынша
қайтадан саналып кіріске алынады. Материалдардың номенклатуралық баға
көрсеткіші, әсіресе материалдар есебін оперативтік - (жедел) қалдық
тәсілін қолдану арқылы жүргізгенде өте тиімді.
II. Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау
Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері
Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:
. Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі
2. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
3. ФИФО әдісі
4. ЛИФО әдісі
Арнайы сәйкестірыген есептеу әдісі
Арнайы сәйкестірілгсн есептеу әдісі әдетте бірімен бірін алмастыруға
болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл
металдардың, асыл тастардың т.б.) нақтылы бір материалдық қорлардың
бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен
істелінген жұмыстардың нақты өзіндік күнын есептеп шығаруды көздейді.
Сондай-ақ бұл есептсу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде
өндірілгеніне карамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың
өзіндік қүнын есептеуге арналған.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған
әрбір материалдық корлардың бағасы олардың кіріске алынғаңдағы шоты
бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі.
Материалдыкқкорлар тобының (түрінің) орташа өзіндік құны ұйымдағы
материалдардың есепті айдың басындағы қалған калдығының құнымен ай бойы
кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын (қосындысын) материалдардың
ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті
материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.
ФИФО әдісі
ФИФО есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте
кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады.
Бұл әдіс кағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске
алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп
жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған
материаддар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс
етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсілорынның қоймасында
қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың
бағасымен бағаланады.
ЛИФО әдісі
ЛИФО әдісі кәсіпорынға ең соңғы кезекте кіріске алынған материалдар тобы
бірінші болып шығыс етіледі немесе жұмсалады деген қағидаға негізделген,
яғни алғашқы жұмсалатын немесе шығыс етілетін материалдар кәсіпорынға ең
соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша
бағаланады. Ал ай соңында кәсіпорында қалған материалдар алғашқы кіріске
алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады.
Өндіріске босатылған және материалдардың қоймадағы қалдықтары ФИФО және
ЛИФО әдістері бойынша мына түрде есептелінеді. Мысалы: А — турлі
материалдар тобы Кесте 1
Саны Бағасы Сомасы
(дана)(теңге)(теңге)
А) Қаңтар айының бірнпші 50 100 5000
жұл-дызына кәсіпорынның
қоймасын-дағы материалдардың
қалдыгы
Қаңтар айында кіріске алынған материалдық қорлар
1 -топтамада 2 100 80 90 110 120 130 11000 9600
-топтамада 100 140 150 11700 14000
3-топтамада 70 10500
4-топтамада 5
-топтамада
Кіріске алынған материалдық қорлардың жиыны
440 ___ 56800
Бастапқы қалдық пен қоса есептегендегі қалдығы
490 ___ 61800
Ай бойы материалдық қорлардың шығыс етілгені
ФИФО әдісімен 250 28200
бағалаганда
ЛИФО әдісімен 250 34900
бағалаганда
Ай соңындагы материалдық қорлардың қалдығы
ФИФО әдісімен 240 33600
бағалағанда
ЛИФО әдісімен 240 26900
бағалаганда

бесінші топ-сомасы 10500 теңге,
Бұл кестеден көріп отырғанымыздай шығыс етілген 250 дана материалдық
қорлардың құны былайша есептелінеді.
ФИФО әдісі бойынша:
Бірінші кіріс етілгендер, соның ішінде айдың басындағы кәсіпорынның
қоймасындағы материалдардың қалдық саны 50 дана сомасы 5000 тенге,
бірінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана сомасы 11000 тенге, екінші
топтамада кіріске алынганы 80 дана сомасы 9600 тенге, үшінші топтамада
кіріске алынған материалдардың тек қана 20 данасы сомасы 2600 теңге шығыс
етіледі. Барлығы 250 (50+100+80+20) дана, сомасы 28200 (5000+11000+
+9600+2600} теңгенің материалдары.
ЛИФО әдісі бойынша:
Соңғы кіріс етілгендер, соның ішінде: тамада кіріске алынғаны 70 дана,
төртінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана, сомасы 14000 тенге, үшінші
топтамада кіріске алынған 90 дана материалдың сомасы 11700 теңге, 80
данасы сомасы 10400 теңге шығыс етілсді. . Барлыгы 250 (70+100+80) дана
сомасы 34900 (10500+14000+10400) теңгенің материалдары.
Материалдық қорларды ФИФО жонс ЛИФО әдістерімен бағалау барысында
матсриалдардың талдамалық (аналитикалық) есебін олардың түрлері бойынша
ғана жүргізіп қоймай, егер олар әр түрлі бағамен сатылып алынған болса,
онда келіп түскен материалдарды олардың топтамасы бойынша есептеу керек.
Материалдар баланста нақты өзіндік қүны бойынша корсетіледі. Сонымен
қатар материалдар өздерінің топтамалық (синтетикалық) есебінде нақты
өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал талдамалык (аналитикалық) есебінде
жоспарлы ессптеу бағасымен немесе келісілгсн бағасы бойынша көрсетіледі.
Егер кәсіпорын материалдық қорлардың талдамалық (аналитикалық) есебін
келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың нақты құны
материалдық қорлардың сатылып алынған құны мен
дайындау-тасымалдау шығындарының қосындысынан тұрады. Бұлардың құрамына
теміржол тарифы, көлік, ұшақ басқа да тасымалдау құраддарының тарифтері,
жарналар, материалды тисуге, түсіруге кеткен шығындар, материалдық
қорларды дайындаушылардың іс-сапары шығындары, қамсыздандыруға төленген
төлем және басқа да шығындар жатады. Егер материалдық қорлардың
талдамалық (аналитикалық) есебі жоспарлы есептеу бағасы бойынша
есептелетін болса, онда олардың нақты өзіндік құны жоспарлы есептеу
кұнына баға өзгеруінен болатын ауытқуларды қосу немесс алу арқылы
анықталады.
Бұл бағаны кәсіпорынның немесе ұйымның өзі жоспарланған дайындау-
тасымалдау шығындарын ескере отырып есептеп шығарады. Жалпы материалдық
қорларды есептеуде заттай және ақшалай өлшемдер қолданылады.

2.2 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі
Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын
қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептеледі. Материалдық
қорлардың қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс
сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың
қалай қойылғандығына байланысты. Қоймада материалдық қорлардың әрбір
түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы,
сорты, көлемі, номенклатуралық нөмірі, өлшем бірлігі, сақталып тұрған
материалдардың мөлшері, тағы да басқа көрсеткіштері картонға немесе
фанерге жазылып, материалдарға байланып немесе жапсырылъш қойылады.
Қоймадағы және цехтағы материалдардың аналитикалық (талдамалық) есебі
белгіленген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша
жүргізіледі. Қоймада материаддық қорлардың тек қана сандық есебі
жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралык нөмірі бойынша бөлек
үлгілі түрі М-17 карточкасы ашылады. Бұл карточкада материалдык қорлардың
аты, мөлшері, көлемі, сорты, өлшем бірлігі, номенклатуралық нөмірі және
есептеу бағасы көрсетіледі. Бұл карточканы жаңадан кіріске алынған
материалға кәсіпорынның бухгалтериясы дайындап, одан кейін кіріс ету
ордерімен тізілім (реестр) бірге қоймаға беріледі. Қойма қызметкері
немесе қойма меңгерушісі алынған карточкаға материалдық қорлардың қай
жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады. Материалдардың кіріс-
шығысының сорттық-сандық есебін сол материалдарға жауапты адам жүргізеді.
Кейбір жағдайда материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша қойманың
карточкалық есебін жүргізу жұмысы баска адамға, яғни есепшіге немесе
операторға жүктелуі мүмкін. Материалдардың түрі номенклатуралық номері аз
болатын кәсіпорынның қоймаларында бұл карточканың орнына материалдар
есебін тиісті түрде жүргізуге дайындалып жасалған сорттық есеп кітабында
жүргізуге болады. Мұндай жағдайларда сорттық есеп кітабында қойма
есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет. Қоймашы белгіленген тәртіп
бойынша толтырылған алғашқы құжаттардың негізінде материалдардың кіріске
алынуын және есептен шығару операцияларын, олардың іске асырылған күнін
қойманың есеп карточкасына жазып, онда материалдық қүндылықтардың сол
күннің соңындағы қалдығын шығарып отыруы керек. Бұл карточкада
материалдардың қалдығы әрбір операциядан кейін шығарылып отырылады.
Айта кететін жағдай, ай соңында бухгалтерияға ондағы көрсетілген
материалдың алынған немесе алынып болмағанына қарамастан шектік-заборлық
(лимиттік-заборлық) карточкасының барлығы тапсырылуы керек. Толык алынып
болмаған материалдар үшін келесі айға жаңа ли-миттік-заборлық карта
жазылып береді. Қоймашы материалдардың қоймалық сорттық есеп
карточкасының деректері негізіндс жабдықтау бөліміне материалдарлдың
әкелінілуі. Бухгалтерлік есеп принциптері
номенклатуралық түрінің қалдығы, оның тұрақты қор мөлшерден ауытқуы,
көптен бері пайдаланылмай жатқан материалдар жайлы деректер беріп
отырады. Қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін бухгалтерия
бақылап отыруы керек. Бухгалтерия қызметкері жиі-жиі (апта сайын, 10
күнде) қоймашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы
құжаттардың дұрыс жазылуын, қоймалық сорттық карточканың дұрыс
жүргізілуін және карточкадағы материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын
тексеріп отыруы қажет. Карточкадағы жазылған операциялардың дұрыстығын
және оны тексергені жайлы бухгалтерия қызметкері есеп карточкасының
тиісті жеріне қол қояды. Қоймалық-сорттық карточкалардағы жазуды тексеру,
қойма меңгерушісінің бухгалтерияға материалдарды кіріске алуы кезінде
тапсыратын есептерінің негізінде жүргізіледі. Қойма меңгерушісінің
бухгалтерияға тапсыратын қүжаттары үлгілі түрі М-18А "Қүжаттарды қабылдау-
өткізу қүжатына" тіркеледі. Материалдарға жауапты адамның келісімі
бойынша бухгалтерия қызметкері әр операцияның дұрыстығын тексергсні
жайында және күжатты қабыддағаны жайында карточкаға қол қояды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы тауарлы – материалдық қорлардың есебі және талдауы
Түскен материалдарды алуды тексеру
Кәсіпорында тауарлық - материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы
Тауарлық - материалдық қорлар есебі
Тауарлық-материалдық қорлар есебінің теориялық негізі
Қорларды жіктеу және бағалау туралы
Тауарлық-материалдық қорлар
Тауарлық- материалдық қорлар жайлы түсінік
Тауарлы Материалдық Қорлар есебі. №2-ші ХҚЕС
Материалдар қозғалысының есебі және бағалау әдістері
Пәндер