Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ . . . 6

  1. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттеудің құқықтық негіздері . . . 6

1. 2Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік саясаты . . . 11

1. 3Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің қазіргі деңгейі және динамикасы . . . 20

ІІ БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ . . . 32

2. 1 Тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік реттеудің құралдары мен түрлері . . . 32

2. 2 Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік бағдарламалардың орны . . . 38

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 48

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда экономикамыздағы орын алған қолайсыз жағдайлар кезінде өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды саясаттарды жүзеге асыруда. Бұл саясаттардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы саясат болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады.

Жер бетіндегі дамудың тұрағы, тұтқасы, тірегі - адам, адамның қоғамдағы тыңғылықты іс-әрекеттері, сондай-ақ қоғамдағы тыныштық пен ынтымақты қамтамасыз ететін мемлекеттің әлеуметтік қызметі. Адамның денсаулығын қадағалайтын, білім жүйесін жетілдіретін, мәртебесін көтермелейтін, азаматтық жауапкершілігін арттыратын бастамалар - халықтың әл-ауқатын арттыруда, одан әрі ел экономикасының дамуында ерекше сипат алады. Сол бастаманың бірі халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де - әлеуметтік саясаттың бас желісі болып табылады.

Біздің азаматтарымыз үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапалылығы - мемлекеттің барынша өмірлік маңызы бар басымдықтарының бірі болып келді және алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы «Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты - Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру» атты жолдауында тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін негізгі бағыттарды айқындап, тұрғын үй құрылыс саласы - экономикамыздың алға сүйреуші күші екендігін атап өткен болатын[1] .

Курс жұмысының бірінші бөлімінде экономикадағы мемлекеттің рөлі, жалпы мемлекеттік реттеудің маңызы мен әдістері талданып, тұрғын үй қатынастарын реттеудің шетелдік тәжірибесі қарастырылған.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттеудің құқықтық негіздері талданып, қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясат, соның ішінде халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің қазіргі деңгейі жан-жақты қарастырылған.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік бағдарламалар және олардың рөлі, сол бағдарламалардың шеңберінде халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің құралдары мен түрлері курс жұмысының үшінші бөлімінде қарастырылған. Сонымен қатар қазіргі экономикалық дағдарысқа байланысты құрылыс саласында туындаған қолайсыз жағдайлар, және одан шығу жолдары ауқымды сипат алған.

Тұтастай алғанда мемлекеттік бюджеттің адами капиталды дамытуға шығыстары жалпы шығыстар көлемінің кемінде 61% құрайды, бұл Үкіметтің экономиканың мәселелерін шешкен кезде әлеуметтік саланың басым артықшылықтарға ие екенін көрсетеді. Бұл Ұлттық экономиканың барынша өсуіне және болашақта одан асып түсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың мақсаты халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін жан-жақты зерттеп, соның ішінде халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің тетіктерін жетілдіру және қазіргі уақыттағы құрылыс саласындағы орын алған дағдарыстан шығу жолдарын анықтау болып табылады.

Сонымен қатар курс жұмысында дұрыс мемлекеттік реттеу арқылы төмендегідей экономикалық маңызы жоғары мәселелердің шешім табатыны жайлы айтылған:

Біріншіден, халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі;

Екіншіден, құрылыстың дамуына байланысты осы салаға маманданған шағын және орта бизнестің дамуы;

Үшіншіден, құрылыстың жандануына және шағын және орта бизнестің дамуына байланысты жаңа жұмыс орындарының ашылуы:

Курстық жұмыста жоғарыда көзделген мақсаттарға сәйкес келесідей негізгі міндеттер айқындала түседі:

  1. Қазақстандағы экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызы мен әдісстерін талдау. ;
  2. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету саясатының шетелдік тәжірибесін зерттеу және оны Қазақстанда қалай қолдануға болатынын қарастыру;
  3. Қазақстандағы жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясат, соның ішінде халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін қарастыру;
  4. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік бағдарламалар, және олардың рөлін анықтау;
  5. Қазіргі уақыттағы тұрғын үй құрылыс саласының дағдарысқа ұшырау себептері және одан шығу жолдарын қарастыру:

Зерттеу жұмысының ғылыми-әдістемелік базасы Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастарының Заңы, Қазақстан Республикасының Үлескерлік қатынастар туралы Заңы, Статистикалық ақпарат көздері, нормативтік-құқықтық актілер, мерзімді басылымдар, ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер болып табылады. Бұл Курстық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияларда және Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған ғылыми-зерттеу конференциясында қорғалып, арнайы басылымдарда шығарылды. Курстық жұмыстың зерттелу жағдайы. Қазақстан Республикасының Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауларында өзекті мәселе деп айтылғынымен, іс жүзінде 2004 жылдан бастап халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету саласында іс-шаралар жүргізіле бастады. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының құрылыс саласын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануымен шңшімін таба бастады.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні Қазақстан Республикасындағы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу. Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үрдісі болып табылады. Жұмыс барысында негізінен келесідей авторлардың еңбегіне сүйендім: Дж. М. Кейнс, Ж. Дуанабай, И. К. Ихданов, Р. Т. Дуламбаева, А. К. Қошанов, Е. Б. Бекетова, В. И. Кошкин. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативті актілері, республиканың статистикалық органдарының, министрліктердің және ведомстволардың материалдары қолданылды.

І БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

  1. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттеудің құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары Қазақстан Республикасының Тұрғын үй Заңымен, Азаматтық кодекс нормаларымен және соларға сәйкес шығарылатын өзге де заңдармен реттеледі.

Тұрғын үй - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгiленген техникалық, санитариялық және басқа да мiндеттi талаптарға сай келетiн жеке тұрғын жай (жеке-дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме) .
Тұрғын үй қоры - Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншiк нысандарындағы тұрғын үйлер[13] .

Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдары:

1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiк органдардың қатысуымен:

- тұрғын үйлерге меншiк құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негiздерiне;

- тұрғын үйлердi пайдалану құқығының жүзеге асырылуына;

- тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға;

- тұрғын үй қорларының сақталуы мен жөнделуiнiң қамтамасыз етiлуiне;

- азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының пайдаланылуын мемлекеттiк органдардың бақылауына байланысты қатынастарды реттейдi.

2. Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары Заңмен, Азаматтық кодекс нормаларымен және соларға сәйкес шығарылатын өзге де заңдармен реттеледi.

3. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға, тұрғын үй қорының дамытылуы мен ұлғайтылуына байланысты қатынастар Заңда белгiленген талаптарды ескере отырып, тиiстi заңдармен реттеледi.

4. Мейманханаларда, пансионаттарда, интернаттарда, қарттар үйлерiнде және осындай мақсаттағы басқа да үй-жайларда тұру заңдарымен реттеледi[14] .

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры:

1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры мыналарды қамтиды:

- жеке тұрғын үй қоры - азаматтар мен заңды тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi, мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйлер;

- мемлекеттiк тұрғын үй қоры - меншiк құқығымен мемлекетке қарасты және жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағындағы (мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттiк кәсiпорын қарамағындағы (мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын үйлер.

2. Тұрғын үй қорына тұрғын үйлердегi тұрғын емес үй-жайлар кiрмейдi.

3. Жеке тұрғын үй қорының және мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорының үйлерiндегi тұрғын үй-жайларды жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың немесе өзге де ұйымдардың мәжбүр етiп алуына, Заңда және басқа заң актiлерiнде көзделгендегiден басқа жағдайларда тыйым салынады[9] .

Тұрғын үйлердi пайдалану:

1. Тұрғын үйдi (тұрғын үй-жайды) немесе оның бiр бөлiгiн тұрғын емес мақсатқа пайдалануға Заңда көзделген жағдайларда жол берiледi.

2. Тұрғын үйдi пайдалану оның бұзылуына немесе бүлiнуiне әкелiп соқпауға, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтiрмеуге тиiс.

3. Тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесiнiң келiсiмiмен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келуiне жауап беретiн заңды немесе жеке тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Жобаның мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган растайды[13] .

Тұрғын үй қорын басқаруды меншiк иесi тiкелей, не өзi құратын органдар арқылы, сондай-ақ сенiм бiлдiрiлген адамдар арқылы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттiк есепке алу, оның кiмге тиесiлi екенiне қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады[13] .

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры мыналарды қамтиды:

  • жеке тұрғын үй қоры - азаматтар мен заңды тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi, мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйлер;
  • мемлекеттiк тұрғын үй қоры - меншiк құқығымен мемлекетке қарасты және жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағындағы (мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттiк кәсiпорын қарамағындағы (мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қоры) тұрғынүйлер[14] .

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттiк есепке алу, оның кiмге тиесiлi екенiне қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады.

Тұрғын үй қатынастары жағдайында туындайтын дауларды шешу төмендегідей мемлекеттік органдардың құзыретінде:

  • тұрғын үйге құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды сот шешедi;
  • азаматтарды және заңды тұлғаларды олардың тұратын тұрғын үй-жайларынан тек Заңда белгiленген негiздемелер бойынша, сот тәртiбiмен ғана шығаруға болад;

Тұрғын үй иесiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерiне келетін болсақ:

  • тұрғын үйдiң, сондай-ақ салынып бiтпеген тұрғын үйдiң иесi оны, сату шартын белгiлей отырып, өз қалауы бойынша еркiн сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға, басқа адамдарға мұраға қалдыруға, кепiлге беруге, осы бапта көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, заң актiлерiнде тыйым салынбаған өзге де жолмен оған билiк етуге құқылы[10] .
  • ипотекалық тұрғын үй қарызы қаражатының есебiнен толық нeмece iшiнара сатып алынған тұрғын үйдi сатып алу-сату шарты мемлекеттiк тiркелген кезден бастап меншiк иесiнiң ипотекалық тұрғын үй қарызы толық өтелгенге дейiн кредитордың келiсiмiнсiз осы тұрғын үйге билiк етуге құқығы жоқ.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру шарттары келесідей:

  • мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй оған мұқтаж, осы елдi мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзiмiне қарамастан) және халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi;
  • мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге және сайланбалымемлекеттiк қызмет атқаратын адамдарға берiледi. Оларға берiлетiн тұрғын үй, жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi қоспағанда, қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiледi;
  • мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй өздерiнiң жалғыз тұрғын үйi ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша ипотека нысанасы болған және оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастарытуралы заңдарына мемлекттік орган сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi[12] .

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу келесідей тәртіппен жүзеге асырылады:

1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады.
2. Есепке алу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi мен нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Азаматтардың қандай да болсын қосымша құжаттар беруiн талап етуге тыйым салынады.

3. Азаматтардың өздерiн және өздерiнiң отбасы мүшелерiн мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге мұқтаждар есебiне қою туралы арыздары тұрғылықты жерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органда бiр ай iшiнде қаралады. Арыз берушiлерге қабылданған шешiм туралы аталған мерзiм аяқталғанға дейiн жазбаша түрде хабарланады[13] .

Азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру кезегi:

1. Мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген
кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi.

2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуге мұқтаждар есебiнiң тiзiмiн былайша бөлек жүргiзедi:

- әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтар;

- мемлекеттiк қызметшiлер, өзге де бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi мен әскери қызметшiлер[12] .

Аталған тiзiмге енгiзiлген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бұл тiзiмге енгiзiлген басқалар алдында ешкiмнiң де басымдық құқығы болмайды.

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру нормасы:

1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй әр адамға кемiнде
он бес шаршы метр және көп дегенде он сегiз шаршы метр пайдалы алаң,
бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде берiледi.

2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй мемлекеттiк немесе әскери қызмет атқармайтын, сондай-ақ бюджеттiк ұйымдарда (мекемелерде) жұмыс iстемейтiн әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мөлшерде, бiрақ Республикада бiр адамға қолданылатын санитариялық нормадан кем емес тұрғын алаң және кемiнде бiр бөлме мөлшерiнде берiлуi мүмкiн.

3. Заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген мүгедектердiң жекелеген санаттарына және аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын азаматтарға бөлек қосымша бөлме берiледi. Аталған қосымша алаң артық деп есептелмейдi.

4. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үй мөлшерiн анықтаған кезде отбасында жүктi болғанына жиырма аптадан асқан әйелдiң болуы ескерiледi.

5. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы азаматтарының аталған санаттарына мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды[15] .

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру шарттары:

1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй оған мұқтаж, осы елдi мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзiмiне қарамастан) және халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi.

2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге және сайланбалы мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдарға берiледi. Оларға берiлетiн тұрғын үй, жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді қоспағанда, қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiледi.

3. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй өздерiнiң жалғыз тұрғын үйi ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша ипотека нысанасы болған және оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңдарына сәйкес жергiлiктi атқарушы орган сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi[8] .

Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын топтарына жататын азаматтар:

  1. Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдар.
  2. I және II топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда) .
  3. Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары.
  4. Заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар.
  5. Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер.
  6. Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма жасқа жетпеген жетiм балалар жатады.
  7. Оралмандар.
  8. Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар.
  9. Көп балалы отбасылар.
  10. Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары.
  11. Толық емес отбасылар жатады.

Азаматтар егер тұрғын үйге мұқтаж деп танылады:

  1. Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығымен өздерiнiң тұрғын үйi болмаса;
  2. осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан, сондай-ақ меншiктiң мемлекеттiк емес нысанына негiзделген заңды тұлғаларға тиесiлi үйлерде, соның iшiнде тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативтерiнiң үйлерiнде өздерiнiң тұрақты пайдаланатын үйлерi болмаса;
  3. отбасы тұрып жатқан тұрғын үй нормативтiк санитариялық және техникалық талаптарға сай келмесе;
  4. оқшауланбаған, шектес тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса;
  5. отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып (заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аурулардың тiзiмi бойынша), бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса[8] .

Азаматтардың мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу құқығы ерлi-зайыптылардың әрқайсысында некеге тұрғанға дейiн осындай тұрғын үйi болған жағдайларды қоспағанда, азамат (зайыбымен және кәмелетке толмаған балаларымен бiрге) осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiр тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға құқылы болып табылады[13] .

  1. Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік саясаты

Бүгінгідей жаңа технология дами түсіп, ғылыми әлеует алдыңғы қатарға шыққан уақытта әрбір мемлекет ең әуелі адам ресурсымен ерекшеленеді.

Адам ресурсы дегеніміз, ол - сіз бен біздер, Қазақстанның азаматтары. Ол - қоғамның басты байлығы, қозғаушы күші және дамуының қайнар көзі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрғын үй нарығының даму жағдайы (Маңғыстау облысы материалында)
Қазақстандық құнды қағаздардың салада қолданылмауы, соның ішінде кепілдік құнды қағаздардың болмауы
Тұрғызылған тұрғын үйлер аумағы
Тұрғын үй нарығының құрылымы мен қызмет ету механизмы
Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеу жүйесін жетілдіру бойынша ғылыми-теориялық және тәжірибелік ұсыныстар дайындау
Тұрғын үй нарығы
Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы
Жылжымайтын мүлік объектісінің жіктелуі
“Банктік тәуекел және оларды бағалау әдістері”
Жылжымайтын мүлік рыногын реттеудің экономикалық-құқықтық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz