Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері


МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК
ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Кәсіпкерлік қызметтің даму тарихы, түсінігі. 6
1. 2 Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық реттелуі . . . 14
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК
2. 1 Жеке кәсіпкерлік түсінігі, түрлері. . … . . . 19
2. 2 Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу . . . 26
2. 3 Жеке кәсіпкерліктің тоқтатылу мәселелері. . 35
2. 4 Жеке кәсіпкерлік аясындағы жауапкершілік39
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 49
ҚОСЫМША . 51
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық қатынастарға өту кезеңінде экономикалық реформаны сәтті жүзеге асыру кәсіпкерлікті жан жақты дамытуды ұйғарады, ал Қазақстанның 2030 стратегиясынан шығатын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде басты рөл ойнайды. Сондықтан нарықтық қатынасқа өту біздің қоғамымыздың алдында бірнеше міндеттер қояды, олардың ішінде кәсіпкерліктің дамуы маңызды орынға ие. Ал кәсіпкерлік даму үшін оны құқықтық реттеу ең басты міндет болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет заман талабына сай нормативтік өзгертулер мен бағдарламалармен қамтамасыз етілген. Осыған байланысты жаңаша теориялық кешенді зерттеуді қажет ететіндіктен және дербес ғылыми зерттеу пәні болғандықтан аталған тақырыптың өзектілігін құрайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Зерттеу барысында кәсіпкерлік түсінігі, нысандары және түрлерін, оның ерекшеліктерін, кәсіпкерлікке қатысты құқықтық-теориялық және тәжірибелік мәселелерді зерттеу.
Зерттеу барысында алға қойылған міндеттер:
- Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтық мәртебесін анықтау;
- Қазастандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы жағдайын, даму ерекшеліктерін зерттеу және дамудағы жаңа беталыстарды анықтау;
- Кәсіпкерлік аясында еңбекті жалдауды құру мен қолдану;
- Кәсіпкерлікті реттейтін қолданыстағы заңдар мазмұнын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасау.
Зерттеу жұмысының пәні кәсіпкерлік қатынастарынан туындайтын қоғамдық қатынастар.
Жұмыс құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды, пайдаланған әдебиеттер мен нормативтік актілерден, қосымшадан тұрады.
Диплом жұмысының нормативтік негізін Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикаының Азаматтық кодексі және осы кодекске сәйкес қабылданған азаматтық заңдар мен заң актілері. Зерттеудің теориялық негізін азаматтық құқық, кәсіпкерлік құқық ғылымдарының дамуына үлес қосқан отандық және жақын, алыс шетелдік заңгерлердің ғылыми еңбектері құрайды.
Диплом жұмысын зерттеудің ғылыми жаңалығы. Кәсіпкерлікті реттейтін нормалар жете сараланып, өз тарапымнан зерделеніп заңнамаға ұсыныстар жасаумен анықталады. Кәсіпкерлер саласындағы осы кәсіпкерлердің қызметті жүзеге асыруындағы проблемаларды анықтап, анықталған проблемаларды шешу мақсатында төмендегідей ұсыныстар келтірдім:
1. Тапсырыстарды қарау мерзімін қысқарту туралы мәселені қарау;
- Сараптамалық кеңестердің қызметін жақсарту үшін 2006 жылғы 31. 01 «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестер жөніндегі Үлгі ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 2. 06 № 496 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу жолымен кәсіпкерлік мәселелері бойынша олардың қызметтік міндеттерін кеңейту;
- Кредит беру нысандарын қайта қарау, өйткені кәсіпкерлердің көбінде қаржылық қаражаттарының жоқтығынан жаңа өндірісті дамытуға немесе ашуға мүмкіндік жоқ, сондай-ақ сыйақы ставкілерін жылдық 8 % төмендету, бірақ аса қатаң жағдайларда және «Даму» кәсіпкерлікті қолдау Қоры арқылы.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» атты стратегиялық бағдарламасында еліміздің экономикалық саясатының бірден бір басымды бағыты шағын және орта бизнес деп атаған болатын [1] .
Конституцияда көрсетілгендей «әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігін, өз мүлкін кез келген занды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға қүқығы бар. Монополиялық қызмет заңмен реттелінеді әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тиым салынады» [2] . Бүл кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің басты нормасы болып табылады.
Кәсіпкерлік - ел экономикасының жандануы мен одан әрі қарай дамып, тұрақты өсуінің қамтамасыз етілуін іске қосушы тұтқасы ретінде бизнестің әр алуан түрлері мен ұйымдық формаларынан тұратын нарықтық шаруашылықты қалыптастыру мен оның жұмыс істеуінде үлкен маңызға ие. Ол өзінің икемділігіне және өзгермелі нарықтық жағдайларға тез бейімделуіне байланысты теңдессіз артықшылықтарының негізінде нарықтық механизмнің маңызды интеграциялық элементіне жатады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың нәтижесінде ұсақ және орта сериялы өндірістер негізінде нарықты тауар және қызметтермен толықтыру, жергілікті шикізат ресурстары мен өндіріс қалдықтарын кеңінен пайдалану, қоғамның «орта сыныбын» қалыптастыру және халықты жұмыспен қамту мақсатында қосымша еңбек салаларын және жұмыс орындарын көбейту мәселелері тез арада шешімін табады. Әсіресе, жұмыссыздық деңгейі елеулі белең алған кезеңде кәсіпкерліктің қосымша еңбек салаларын және жұмыс орындарын көбейтуге ықпал етуі оның маңыздылығы мен артықшылығын елеулі дәрежеде арттырады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын құрылымдарда жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру және осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету елімізде және оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан туындаған әлеуметтік шиеліністерді азайтады. Сондықтан дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде кәсіпкерліктің, әсіресе, шағын, орта бизнес сияқты түрлеріне деген қызығушылық азаюдың орнына арта түсуде. Мұны бизнестегі жеке сектордың кеңеюі де растайды, бұл елдерде сол экономикасының анағұрлым үлкен секторын алып жатыр және оның үлесіне жалпы ішкі өнім мен экономикалық белсенді тұрғындардың айтарлықтай бөлігі келеді.
Қазақстан Республикасында да тұрғындардың жұмыспен қамтылуын арттыру және нарықты отандық тауарлар мен қызметтерге молықтыру мақсатында кәсіпкерліктің шаруашылықты жүргізу тәжірибесіндегі техникалық-өндірістік және әлеуметтік-экономикалық потенциалын толығырақ пайдалану үшін оның пайда болуы мен дамуына үлкен мән берілуде. Елде оның тәуелсіз дами бастаған әр алуан түрлері мен нысандарырының, Қазақстанның қайта қалыптасушы экономикасының құрамдас бөлігі ретінде қалыптасу үрдісін қамтамасыз ету және нарықтық қатынастарға өту жағдайларында әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды жүзеге асыруда, олардың рөлін жоғарылату үшін 20-дан астам заң және жекешелендіру, тіркеу процедураларын қарапайым түрге келтіру және нарықтық жұмыс істеуіндегі бәсекелестік режимді күшейту бойынша жалпы экономикалық шаралар дайындалды, олар іс жүзінде жүзеге асырылу кезінде кәсіперліктің пайда болуы мен жер-жерлерге таралуына және дамуын ынталандыруға қолайлы мүмкіндіктер туғызды. Енді бұл жағдайды тұрақтандыру үшін мемлекет сол кәсіпкерлік қызметпен айналысуға еркіндік, кепілдік бере отырып, кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қорғай отырып, ол қызметтің жүзеге асуын қадағалап құқықтық реттеп отырады. Яғни кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, жүзеге асырылуындағы заңдылықтарын тексеру, лицензиялау, акредиттеу, бақылау, қадағалау, яғни кәсіпкерлік қызметті жалпы құқықтық реттеу. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметін құқықтық реттеу Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі заңдары жүйесі және басқа да нормативтік құқықтық актілер арқылы жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын рөлінің ұшан теңіз екені дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі заманда гүлденіп, кемеліне келіп дамып түрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай дәрежеге жеткен болатын. Осыдан дәрежеге жетудің алғы шарттарының бірі болып мемлекеттік қүқықтық реттеуді тануға болады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Кәсіпкерлік қызметтің даму тарихы, түсінігі
Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінде экономикалық реформалардың табысты жүзеге асуына ерекше назар аударды. Өйткені ұзақ жылдар бойы үстемдік еткен жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту тұсында оның маңыздылығы жоғары болды. Осыған байланысты елімізде меншіктің әр түрлі нысандарының қалыптасуы және соның негізінде кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне жол беру кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының бастапқы алғышарты болып табылады.
Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының көптеген факторларының ішінде кәсіпкерлік қызмет және оның субъектілері, яғни кәсіпкерлер маңызды рөл атқарады. Кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу, оның негізгі белгілерін анықтауға экономика ғылымы үш ғасырдан астам уақыттан бері өзіндік үлес қосып келеді. Алайда, үздіксіз жүргізілетін зерттеулер негізінде «кәсіпкерлік» түсінігі жаңа элементтермен толыға түсті. Ол өз кезегінде кәсіпкерліктің мәні мен мазмұнын толық ашуға септігін тигізеді. Бірақ ол қоғам мен экономиканың дамуына сәйкес жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді.
Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы орта ғасырлардан бастау алса, кәсіпкер түсінігін алғаш рет ағылшын экономисі Ричард Контильон XVII-XVIII ғасырдың басында енгізген. Оның пікірінше, кәсіпкер - ол тәуекел жағдайында іс-әрекетін жүзеге асыратын адам. Кейінірек атақты француз экономисі Ж. Б. Сәй (1767-1832) кәсіпкерлік қызмет негізі үш өндіріс факторының, яғни жер, капитал, еңбектің өзара үйлесуі мен бірігуі нәтижесінде орын алады деп сипаттаған. Ол кәсіпкерді тәуекелге бара отырып, өз есебінен өз пайдасы үшін қандай да бір өнім өндіруді қолға алған адам деп есептейді. Ал ағылшынның экономист-ғалымы А. Смиттің (1723-1790) пікірінше, кәсіпкер - капиталдың меншік иесі бола отырып, белгілі бір коммерциялық идеяларды жүзеге асыру және пайда табу үшін тәуекелге баруы [3] .
XIX-XX ғасырларда кәсіпкерлік институтының рөлі мен мәні күшейе түсті. Француз экономисі А. Маршал (1907-1968) жоғарыда атап өткен үш өндіріс факторына (жер, капитал, еңбек) төртінші фактор ретінде ұйымдастыруды қосты. Ал, американдық экономист Дж. Б. Кларктың (1847-1938) пікірінше, өндіріс процесінде төрт фактор тұрақты түрде қатысады. Олар: капитал, капиталдық игіліктер-жер мен өндіріс құралдары, кәсіпкерлік қызмет, жұмысшының еңбегі. Осыған байланысты әрбір факторға өндірістік түсімнің өзіндік үлесі тән болуы керек: капитал капиталиске - пайыз түрінде, капиталдық игіліктер - рента түрінде, кәсіпкерлік қызмет - пайда түрінде үлесті алып келсе, жұмысшылар еңбегі оған жалақыны қамтамасыз етеді. Танымал американдық ғалым, Й. Шумпетер (1883-1950) кәсіпкер түсінігін «новатор» ретінде сипаттайды. Атап айтатын болсақ, кәсіпкер - бұл жаңа технологияларды әзірлейтін новатор (жаңашыл) . Басқаша айтқанда, ол өндіргіш күштерді жаңаша ұйымдастырады, үйлестіреді және олардың қозғалысы өз кезегінде жалпы экономикалық өсімге немесе өндіріс циклінің жеделдеуіне алып келеді. Оның ойынша, кәсіпкердің функциясы - экономикалық өсімді қамтамасыз етуде, капиталистік экономиканың дамуында маңызды рөл атқаратын жаңашылдықты жүзеге асыру. Осыған байланысты Шумпетер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда пайдаланылатын немесе ескерілетін негізгі мәселелерді атап көрсеткен. Оларға төмендегіле жатқызылады:
- Жаңа өнімдер өндіру және қызметтер көрсету;
- өндірістің жаңа әдістерін анықтау немесе жаңа технологиялар енгізу;
- өткізудің жаңа нарықтарына ие болу;
- жабдықтаудың (шикізаттың) жаңа көздеріне ие болу мүмкіндіктері;
- ұйымдастырудың жаңа нысандарын анықтаудың қажеттілігі.
Кәсіпкерлікті жоғарыда аталған ғалымдардан басқа да көптеген экономист-ғалымдар әр түрлі аспектіде қарастырған. Зерттеушілердің бір тобы, «кәсіпкерлікті шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы қаржылық міндеттемелерін өтеу мен жеке істің дамуын қанағаттандыру үшін түрлі қызметтер аясында еркін экономикалық қызмет ету, нарық субъектілері мен қоғамның нақты тұтынушыларының сұраныстарын өнім өндір (жұмыс орындау, қызмет көрсету) арқылы қанағаттандыру және пайда табу мақсатындағы іс-әрекет» ретінде қарастырса, тағы бір тобы «кәсіпкерлікті меншік иелерінің инновациялық іс-әрекетіне негізделген, жаңа идеяларды табу және оларды қолдану, сондай-ақ, нақты кәсіпкерлік жобаларға енгізуге бағытталған шаруашылық жүргізу қағидаларының жаңа түрі» ретінде сипаттайды.
Кәсіпкерлік қызметтің түсінігін заңдастырудың даму тарихындағы жұмыстары бірнеше сатылардан өткен. Кәсіпкерлік қызметтің алғашқы түсінігі «Шаруашьшық қызметтің еркіндігі және Қазақ ССР-дегі кәсіпкерліктің дамуы» заңында көрініс тапқан. Бұл заңдарда кәсіпкерлік қызметтің түсінігімен дамуы айқын көрініс тапқан. Мысалы осы занда кәсіпкерлік қызметке келесідей анықтама берген: заң шегінде қызмет жасайтын өз қаражатынан, мүлкінен, несиелердің негізінде шаруашылық және өзге де қызмет жасау аркылы барлық қатысушы субьектілерге пайда табу мақсатына негізделген ынталы қызметі. Бүл қызметтің субьектілері болып азаматтар мен заңды тұлғалар табылған. Бүған қарағанда «ҚСРО-дағы азматтардың кәсіпкерліктің жалпы бастамалары» заңында өзгеше көрсетілген. «Кәсіпкерлік - бұл азаматтардың дербес, пайда табуға бағытталған өз атынан және өз мүлкімен жауап беретін ынталы қызметі».
Қазақстанның кәсіпкерлік қызмет туралы заңдарының қалыптасуы XX ғасырдың 80 жылдардағы кеңес заманында-ақ, кооперациялық қозғалыстың және сыртқы экономикалық қызметтің пайда болуына жеткізген «қайта құру» деп аталатын кезеңде басталған. КСРО-ның 1986 ж. қарашаның 19-ында қабылданған «Жеке еңбек қызметі туралы» Заңы және 1988 ж. мамырдың 26-сында қабылданған «КСРО-дағы кооперация туралы» Заңы шаруашылық қызметтің субъектілері ретіндегі азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке еңбек қызметін іске асырудың құқықтық негіздерін айқындап берді. КСРО Министрлер Кеңесінің 1988 ж. желтоқсанның 2-індегі № 1405-ші «Мемлекеттік, кооперациялық және басқадай қоғамдық кәсіпорындардың, бірлестіктер мен ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін ары қарай дамыту туралы » Қаулысы ең маңызды міндет ретінде кәсіпорындардың, бірлестіктердің, өндірістік кооперативтердің және басқадай ұйымдардың валюталық өзін-өзі ақтау, социалистік іскерлікті дамыту ұстанымдарында сыртқы экономикалық қызметтің әртүрлі формаларына белсенді қатынасуы үшін қажетті шарттар құру міндетін белгіледі. КСРО Министрлер Кеңесінің 1989 ж. наурыздың 7-індегі № 203-ші «Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу туралы» Қаулысы арқылы сыртқы экономикалық байланыстардың қатысушыларын тіркеуді; КСРО-ның мемлекеттік шекаралары арқылы өтетін тауарлар мен басқадай мүліктерді мағлұмдауды; жалпымемлекеттік маңызы бар жекелеген тауарлардың экспорты мен импорты тәртібін; сыртқы экономикалық байланыстарды тікелей реттеу шараларын қамтыған сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу жүйесі белгіленді [3] .
Жоғарыда аталған нормативтік актілер шаруашылық (оның ішінде сыртқы экономикалық та) қызмет саласындағы реформаларды жүзеге асыруға және кәсіпкерлік заңдар жүйесін құруға көшу мәселесін айқындады.
Халықаралық-құқықтық салада сонымен қатар түбегейлі өзгерістер орын алды: КСРО капиталистік деп аталатын елдермен ірі қаржы салуды өзара қолдау және өзара қорғау туралы екіжақты келісімдер жасай бастады.
1989-1990 жж. Ішінде ірі қаржы салымдары (оларға қатысты Ресей Федерациясы мемлекеттердің шарттарға байланысты құқықтық мирасқорлық туралы халықаралық нормаларды басшылыққа ала отырып, құқықтарын жүзеге асырып және міндеттерін орындауды жалғастырып келеді) бойынша қолдау және өзара қорғау туралы шетелдік мемлекеттермен 14 келісім жасалды. Атап айтқанда: Финляндия Республикасы, Бельгия Корольдігі және Люксембургтің Ұлы Герцогтігі, Ұлыбритания, Германия Федерациялық Республикасы, Канада, Франция Республикасы және басқа елдердің Үкіметтерімен келісімдер жасалды.
Шаруашылық қызметтің қалыптасқан қауырт дамыған жағдайында Қазақ КСР-інің 1990 ж. желтоқсанның 11-інде «Қазақ КСР-інде шаруашылық қызметті және кәсіпкерлікті дамыту еркіндігі туралы» Заңының қабылдануы алдын ала шешіліп қойды. Аталған заң алғаш рет кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі ұстанымын жариялады және Қазақ КСР-і азаматтарының кәсіпкерлік қызметіне азаматтығы жоқ тұлғалардың, ҚР заңды тұлғаларының, шетелдік жеке және заңды тұлғалардың араласуына рұқсат берді. Заң республикада фундаменалды құқық негізін құрды [4] . Онда Қазақстанда кәсіпкерліктің жалпы бастамалары, кәсіпкерлікпен кім айналыса алатындығы, өз ісіңді қалай ұйымдастыру керек екендігі, кәсіпкер қандай құқықтар мен міндеттерге ие екендігі, белгіленген міндеттерді бұзған жағдайда қандай жауапкершілікке тартылатыны және ол өзінің заңды мүдделері мен құқықтары бұзылған жағдайда қалай қорғана алатындығы бекітілді. Кәсіпкерлік қызметін реттейтін негізгі нормативтік актілердің ішінде маңызды рөл бұл қызметте еркіндік, оның дамуы, қорғауы мен қолдауын бекітетін актілерге берілген. Қазақ КСР-інің 1990 ж. желтоқсанның 7-індегі «Шетелдік инвестициялар туралы» Заңы республикада ашық тұрпатты экономиканы қалыптастыруға бағытталды және ол елді тезірек әлемдік практикада жалпы қабылданған шаруашылық жүргізу ұстанымдарына көшіруге септігін тигізуге тиіс болды. Сол кезеңде Қазақстанда тараптары Кеңес Одағы және американдық «Шеврон» корпорациясы болып табылған алғашқы сыртқы экономикалық шарт жасалды (1993 ж. аталған шарт ҚР және «Шеврон» корпорациясы арасында қайта жасалды) .
Кәсіпкерлік заңдар дамуының бірінші кезеңі осы уақыттарда кәсіпкерлік субъектілері қызметінің құқықтық негізі қаланғанымен сипатталады. Оған сол кезде қабылданған: 1991 ж. маусымның 11-індегі Қазақстан республикасының «Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар айналысы және акционерлік және қор биржалары туралы» Заңы; 1991 ж. желтоқсанның 25-індегі «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» ҚР Заңы және т. б. сияқты заң актілері дәлел бола алады.
Бұл кезеңде кәсіпкерлік қызметтің өркендеуі үшін 1992 ж. шілденің 4-інде шыққан, жеке кәсіпкерліктің негізгі формаларын және оны қорғау, қолдау тәсілдерін айқындаған, сонымен бірге жеке кәсіпкерлікке мемлекеттің тікелей араласудан бас тарту саясатын, жеке кәсіпкерліктің барынша бостандығын, коммерциялық құпияны сақтауды және мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың жеке кәсіпкерлердің құқыларын бұзуға жауапты болуын бекіткен Қазақстан Республикасының № 1543-XII-ші «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» Заңы аса маңызды құжат болды.
Заңдардың ұлттық жүйесін қалыптастыруда азаматтық заңдарды бір жүйеге түсіру (кодификация) маңызды рөл атқарды. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 1994 ж. желтоқсанның 21-інде («Шетелдік инвестициялар туралы» ҚР Заңымен бір мезгілде) қабылданды. Ол қолданысқа енгізілген уақыттан (1995 ж. 1 наурызынан) бастап, Қазақ КСР-інің 1963 жылғы Азаматтық кодексінің кіріспесі, 1-223 баптары; КСР Одағы және республикалардың 1991 ж. Азаматтық заңдар негіздерінің 1-73 баптары күшін жойды (Азаматтық кодекстің және Азаматтық заңдар негіздерінің басқа баптары 1999 ж. шілденің 1-іне дейін, яғни ҚР Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімі қолданысқа енгізілгенге дейін күшін жойған жоқ) ; 1991 жылғы Қазақстан Республикасының «Меншік туралы», «Кәсіпорындар туралы», «Кепілдік туралы» Заңдары және Азаматтық кодекс жеке-құқықтық қатынастарды (оның ішінде кәсіпкерлік қатынастарды да) реттеу саласында негізгі арнайы нормативтік акт болып табылады.
Сөйтіп, аталған кезең Қазақстан Республикасында тұтастай алғанда тәуелсіз және егеменді мемлекеттің мүлдем жаңа заңдық жүйесін және оның ішінде Қазақстанның кәсіперлік заңдары жүйесін құру бойынша нарықтық қатынастар дамуының бастапқы кезеңі болып саналады.
Кәсіпкерлік заңдардың дамуындағы екінші кезеңнің басталуына Қазақстан Республикасының 1997 ж. маусымның 19-ындағы № 131-I «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» және 1997 ж. маусымның 1-індегі № 135-I «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдарының қолданысқа енгізілуі себепші болды. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заң шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың төмендегідей:
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдық ұстанымы;
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау кешенділігі ұстанымы;
Шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының және шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін іске асырылатын шаралардың қолжетерлік болуы ұстанымы;
Шағын кәсіпкерлікті қолдау және өркендету саласында халықаралық ынтымақтастық ұстанымын бекітті. Жеке кәсіпкерлік туралы заң ҚР Конституциясы белгілеген азаматтардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігін жүзеге асыруға, жеке кәсіпкерлік үшін мемлекеттік кепілдіктер жүйесін құруға бағытталған.
Кәсіпкерлік қатынастарға оң ықпал еткен заң актісі ретінде 1997 ж. ақпанның 28-інде шыққан мынадай: жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауларды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен және қызметтермен толтыру; отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастарушы өндірісті дамыту; жаңа жұмыс орындарын құру; қоршаған табиғат ортасын жақсарту және басқадай негізгі міндеттерді айқындаған Қазақстан Республикасының «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заңын атауға болады. Аталған актіге сәйкес, экономиканың басымдыққа ие секторында инвестициялауды жүзеге асыру барысында айтарлықтай артықшылықтар мен жеңілдіктер (оның ішінде инвестициялық салық артықшылықтары, кеден төлемдерін босату, заттай грант) берілді. Экономиканың басымдыққа ие секторлары болып: 1) өндірістік инфрақұрылым; 2) өңдеуші өнеркәсіп; 3) Ақмола (Астана) қаласының нысандары; 4) тұрғын үй, әлеуметтік сала және туризм нысандары; 5) ауыл шаруашылығы танылды. Мемлекет дамуы, басымдыққа ие болып табылатын экономика секторларын және сол жағдайда берілетін ынталандыру және қолдау шараларын айқындады. Осының бәрі кәсіпкерлердің белсенділігін тудырып, экономиканың дамуына ықпал етті[5] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz