Активтер аудиті



Ұзақ мерзімді активтер
Ағымдағы активтер аудиті
Қаражаттар аудиті
Міндеттемелер аудиті
Еңбекақы бойынша есептесу аудиті
Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын «audio» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы, «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді. Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объетивті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі.
Ұзақ мерзімді активтер
Материалдық емес активтердң аудиті
Материалдық емес активтердің аудиті ретінде қалыптасуды, іс-жүзіндегі нақты қолда бар, құжаттарарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайлығын, амортизациялық есептеуді, істен (есептен) шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру түсіндіріледі.
Аудитор объектілерді тексергенде ең алдымен, аудит бағдарламасына сай Бас кітаптың мәліметтеріне баланс көрсетіштерінің сәйкестігі зияткерлік меншік объктілерінің бар екендігі және оның жағдайы, алу фактісін растайтын материалдық емес активтердің қаьбылдауөтапсыру актілері, бұл объектілер сипатталған немесе кесімді белгіленген жердегі ақпарат көздері мен өзге құжаттар тексеріледі.
Объектілерді бұл кәсіпорынның пайдалануына жарамды жағдайға келтіруге қажетті шығындар көлемін айқындаудың анықтылығы мен материалдық емес активтердің алғашқы бағалаудың әр түрлі тәсілдерімен анықталады:
1) жарғы капиталына санаткерлік меншік салынған жағдайда тараптардың келісімдері бойынша;
2) объектілерді иелікке алу мен дайын жағдайға келтіру бойынша нақты шығындарға негізделе отырып;
3) басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан өтеусіз алу күйінде сараптама жолымен.
Белгілеуі мен атқарылатын функцияларына байланысты материялдық емес активтер үш негізгі топқа бөлінеді:
1) Санаткелік меншік.
2) Мүліктік құқықтар.
3) Кейінге қалдырылған шығындар.
Санаткерлік меншіктің объектілері мыналар: патенттер, лицензиялар, пайдалы үлгілер, жаңалықтар, өнер тапқыштар, өндірістік үлгілер, сараптау жүйелері, «ноу-хау», «гудвилл», сауда белгілері, авторлық және басқа аралас құқықтар.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын audio деген латын сөзінен
шыққан, аудармадағы мағынасы, ол естиді немесе естуші дегенді
білдіреді. Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы
объетивті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге
сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын
процесі.
Ұзақ мерзімді активтер
Материалдық емес активтердң аудиті
Материалдық емес активтердің аудиті ретінде қалыптасуды, іс-жүзіндегі
нақты қолда бар, құжаттарарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы
қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайлығын, амортизациялық
есептеуді, істен (есептен) шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды,
оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру
түсіндіріледі.
Аудитор объектілерді тексергенде ең алдымен, аудит бағдарламасына сай
Бас кітаптың мәліметтеріне баланс көрсетіштерінің сәйкестігі зияткерлік
меншік объктілерінің бар екендігі және оның жағдайы, алу фактісін растайтын
материалдық емес активтердің қаьбылдауөтапсыру актілері, бұл объектілер
сипатталған немесе кесімді белгіленген жердегі ақпарат көздері мен өзге
құжаттар тексеріледі.
Объектілерді бұл кәсіпорынның пайдалануына жарамды жағдайға келтіруге
қажетті шығындар көлемін айқындаудың анықтылығы мен материалдық емес
активтердің алғашқы бағалаудың әр түрлі тәсілдерімен анықталады:
1) жарғы капиталына санаткерлік меншік салынған жағдайда тараптардың
келісімдері бойынша;
2) объектілерді иелікке алу мен дайын жағдайға келтіру бойынша нақты
шығындарға негізделе отырып;
3) басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан өтеусіз алу күйінде сараптама
жолымен.
Белгілеуі мен атқарылатын функцияларына байланысты материялдық емес
активтер үш негізгі топқа бөлінеді:
1) Санаткелік меншік.
2) Мүліктік құқықтар.
3) Кейінге қалдырылған шығындар.
Санаткерлік меншіктің объектілері мыналар: патенттер, лицензиялар,
пайдалы үлгілер, жаңалықтар, өнер тапқыштар, өндірістік үлгілер, сараптау
жүйелері, ноу-хау, гудвилл, сауда белгілері, авторлық және басқа аралас
құқықтар.
Мүлік пайдалану жөнінде мына құқықтар жатады: табиғат ресурстарын (жер
қойнауын, минералды қазбалармен т.б.) жер учаскелерін, мүліктің әрқилы
түрлерін және т.с.с.
Кейінге қалдырылған шығындарға мыналар жатады:

1) ұйымдастыру шығыстары;
2) ғылыми-зерттеу жұмыстары;
3) тәжірибелік-конструкторлық әзірлеме.

Негізгі құралдардың аудиті
Негізгі құралдардың қолда барының, сақталуы және пайдалану аудиті
бағдарламасының құрамдас элементтері болып келесі тексерістер табылады:
1) негізгі құралдардың бар болуын сипаттайтын баланс баптарының Бас
кітаптың мәліметтері мен сәйкестілігі;
2) негізгі құралдардың қолда бары мен сақталуы;
3) мүлікті негізгі құралдарға жатқызудың, оларды жіктеу бойынша
топтастырудың, өндірістік процеске қатыстылығы;
4) негізгі құралдардың түсуі мен істен шығуы жөніндегі операциялардың
есебінде бағалаудың, рәсімдеудеудің және көрсетудің дәлдігі;
5) негізгі құралдардың тозуы мен жөндеуін есептеу мен көрсетудің
мақсатқа сәйкестігі. Амортизация (кейінгі латынның өтеу сөзінен) –
негізгі құралдардың құнын арнайы ақшаны - өндіріс шығындарына немесе
негізгі қорлардың жай немесе кеңейтілген қайта өндірісіне айналуына
кіретін амортизациялық аударымдар пайдалануына көшірудің объективті
процесі;
6) бухгалтерлік есеп пен есептілік регистрлерінденегізгі құралдардың бар
болуы мен қозғалысы туралы мәліметтерді дұрыс көрсетудің жүйелігі;
7) негізгі құралдарды пайдаланудың оңтайлы ісі мен тиімділігі және т.б.
Негізгі құралдардың қозғалысын тексергенде мыналарға ерекше назар
аудару керек:
а) мүліктің түрін негізгі құралға жатқызу мен оларды тиістілік жағынан
(меншікті әлде жалға алынған), өндірістік процеске қатысу сипаты бойынша
(өндірістік пен өндірістік емес), өндірістегі рөлі бойынша (белсенді-
активті немесе бәсең - пассивті) және т.б. жіктеудің дұрыстығы;
ә) бастапқы құнды, тозуды, келісу немесе сатып алу бағасын (ұлттық
валютамен сатып алу сәтіндегі қайта есептеу бағамы бойынша шетелдік валюта
үшін) көрсету тізбесін;
б) кәсіпорынның негізгі құрал құрамына кірмейтік, 126 шотында бітпеген
құрылыс ретінде ескерілетін, уақытша пайдалануда тұрған күрделі құрылыс
объектілері;
в) әдетте, баланстан кем болмайтын нарықтық құнды белгілеу;
г) негізгі құралдарды өтеусіз бергенде оларға ҚҚС салынуға
тиістілігіне, бұған өндірістік емес сала үшін сол салықпен бірге иелікке
алынғанды өтеусіз беру кірмейді (беретін тарап ҚҚС-ны төлеуші болып
табылады және т.б.)
Негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділігін анықтау тексерудің
маңызды процедураларының бірі болып табылады.бұл үшін аудиторға әртүрлі
тәуелді байланыстарды, көрсеткіштерді және коэфиценттерді есептеулерге
сүйене отырып, негізгі құралдарды қалыптастыру мен пайдалану мәліметтеріне
мәнді талдау жүргізу керек.

Сонымен қатар қор қайтарымы, қор сыйымдылығы, қордың жарақтандырылуы,
істен шығуы мен тозуы коэфиценттері, негізгі құралдарды және т.б.
экстенсивті, интенсивті және интегралды коэфиценттері сияқты көрсеткіштері
есептеледі.
Ағымдағы активтер аудиті
Тауарлы материялдық қорлар
Тауарлы материялдық қорларға сатып алу циклінің функцияналды аудитін
қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың
қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті
ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта рәсімдеуді, тиеу-тасу жұмыстарын,
материялдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын
бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыраты қойма шаруашылығы
қызметкерлері маңызды рөл атқарады.
Тауарлы материялдық қорларды құру мен сақтау белгілі бір шығындарға
кездеседі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлы материялдық құрамдас
бөліктерінің бірі – дайын өнім. Оны шығару, сақтау және өткізу дегенінің
өзі – субъектінің шаруашылық іс-қызметінің жалпы жиынтық процестерінің
жекелеген процестері. Дайын өнімнің жағдайын бағалау тауарлы-материялдық
қорды басқарудың функционалды аудиті аясында не болмаса оның іс-әрекетінің
жеке циклін іріктемелі тексеру ретінде өткізіледі. Соңғы жағдайға тексеру
бәрінен гөрі ішкі бақылау жүйесіне қатысты және ревизия сипатты болады.
Аудитор дайын өнімді тиеу мен өткізу жағдайын тексеріп, мыналарды
анықтау тиіс:
1. Дайын өніммен жабдықтауға арналған шарттар жасалған ба және
оларды рәсімдеу дұрыстығы;
2. Өнімді тиеуге арналған құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы;
3. Тиелген өнімнің бағасын рәсімдеудің дұрыстығы;
4. Банкке тиелген өнім үшін төлем талап-тапсырмасын ұсынудың
мерзімділігі;
5. Егер өнім тікелей жабдықтаушының қоймасынан босатылатын болса,
өнімді босатуға арналған құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы.
6. дайын өнімді тиеу мен өткізу есебін жүргізудің дұрыстығы;
7. өнімді тиеу мен өткізу жөніндегі жөніндегі бухгалтерлік
өткізбелерді жасаудың дұрыстығы.
ТМҚ тгендеу мен оның қорытындысын талдау заттарды сатып алу, өнімді
өндіру мен өткізу циклдерін функционалды аудит кезінде жеке шара болып
табылады. Түгендеу өткізу үшін құрамын кәсіпорын басшысының бұйрығымен
бекітілетін түгендеу жұмыс комиссиясы құрылады. Түгендеу бастамас бұрын
қойма меңгерушісінен бухгалтерияға материялдық құндылықтардың кірісі мен
шығысына арналған барлық құжаттар тапсырылғаны туралы қолхат алынады. Бір
материялға жауапты адамның қорларды әр түрлі оқшауланған бөлмелерде
сақтағанында олар сақталу орындары бойынша дәйектілікпен түгенделеді.
Қорлардың бар жоғы тексерілген соң бөлмеге кіру пломбыларды және комиссия
басқа бөлмеге жұмыс істеу үшін көшеді.
Дебиторлық берешектің аудиті
Есеп айырысуды бақылаудың ықпалды тәсілі дебиторлық және кредиторлық
берешектердің, кірістік құжаттарды тіркеудің дұрыстығына функцияналдық
аудитті уақытылы өткізу, тіркелген құжаттарды төленген құжаттармен
салыстыру болып табылады. Бұл тұрған қарағанда, кірістік ордерлер бойынша
алынған ақшаны сіңіріп кетуді жеңілдететін жағдайларды анықтау қажет.
Кассалық ордерлерді төлегенде және төлеушінің қолына құжат беруді тіркеудің
жоқтығы немесе шоттардың төленбеуін атап өту маңызды.
Дебиторлық және кредиторлық берешекте, әсіресе, көбіне теріс
пайдаланула жасалады. Дебиторлық борышты көбінесе, кәсіпорын еңбеккерінің
берешегін жедел өндіріп алу теріс пайдалануға кедергі келтіретін маңызды
шара болып табылады. Ордерлерді дұрыс тіркеу мен түбіртекті тікғелей
кассаға беру, бухгалтерияға төленбеген кірістік ордерлер қайтаруды бақылау
жазбалардың анық сенімділігін арттырады және теріс пайдалануды болдырмайды.
Ақшаны сіңіріп кетумен күресу ең алдымен барлық мүмкін жағдайларда қолма-
қол ақшасыз есеп айырысу жүзеге асуын талап етеді.
Кәсіпорындар арасындағы есептесулер әдетте қолма-қол ақшасыз аударым
тәртібімен банктер арқылы жасалады. Банктер арқылы жасалатын есептік және
кредиттік операциялар арнайы ережелермен реттеледі. Алайда есеп айырысудың
іс жүзіндегі жүйесі кәсіпорынның (банктің қтысуымен және қатысуынсыз) теріс
пайдалануды жасау мүмкіндігін толықтай болдырмайды. Оларды негізінен
басшылар, бухгалтерия мен кәсіпорынның қаржы қызметкерлері жасайды. Заңсыз
іс-әрекеттер банк шотынан көшірмені өңдеуде жалған жазумен және бұл
операцияларды есептік регистрге жазу сипатында болады.
Тексеру мен соттық-бухгалтерлік сараптау материалдары бойынша мұндай
теріс пайдалануларды тексеру оларды мынадай сызба бойынша жіктеуге
мүмкіндік береді.
1. Банктен алынған қолма-қол ақшаны иемдену (сіңіріп кету)
2. Түскен ақшаны жасыру мен иемдену үшін ағымдағы шот бойынша
операцияларды есепте толық көрсетпеу.
3. Есеп регистрлерінде жиынтықты дұрыс есептемеу.
4. Анық емес мәтіндегі шоттар негізінде жабдықтаушыларға ақша
аудару.
5. Жасанды заңды мен жеке тұлғаларға ақша аудару және т.с.с.
Кассалық операциялар есебі
Кассада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді активтер есебі туралы
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
Активтердің рентабелділігі Таза табыс активтердің жалпы орташа құны
Ұзақ мерзімді активтердің есебі
«Шенгел и К» ЖШС
РПК Бектау ЖШС
«Metrocom Service» ЖШС
Қысқа мерзімді инвестициялардың құндарының төмендеуі
Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
Дебиторлық борыштар есебінің аудиті
Пәндер