Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Кинофото құжаттары және дыбыс жазбалары


Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе. …. 3

І. Аудиовизуальды құжаттардың ерекшеліктері

І. 1. Аудиовизуальды құжаттарды сипаттау . . . …. . 7

І. 2. Ғылыми-анықтамалық аппараттын

құрудың ерекшеліктері . . . 10

ІІ. Кинофото және дыбыс жазбалары мұрағаттарында

аудиовизуальды құжаттарды пайдаланудың

жаңа әдіс-тәсілдері . …. 12

ІІ. 2. “Мәдени Мұра” және “Асыл Мұра” бағдарламалары аудиовизуальды құжаттарды пайдаланудың даму үрдісі ретінде . . . . . ……. . 20

ІІІ. Аудиовизуальды мұрағаттарда құжаттарды

пайдаланудың заңдық негіздері 25

Қорытынды . . . 34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . 37

Қысқартылған сөздер тізімі . . . …. . 40

Қосымшалар …… . . . …… . . . . . . . 41

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Егемендігіміздің шынайы көрінісі ретінде қоғамның өз тарихымызға деген қызығушылығы мен сұранысы соңғы кездері арта түсуде. Бұған Қазақстан Респуликасының Орталық Мемлекеттік Мұрағат қорларындағы құжаттардың құндылығы ғана емес, сол сияқты бүгінгі қоғамның ақпараттанған жүйесінің де әсері мол. Осыған сәйкес бүгінгі қоғам мүшелерін ретроспективті құжаттармен таныстыру және оны пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту мұрағаттың басты міндеті болып отыр. Оған қол жеткізудің ең тиімді және ыңғайлы түрі мұрағат ісін ақпараттандыру болмақ. Қазіргі кезде мұрағат ісін ақпараттандырудың мүмкіндіктері көптеген зерттеушілердің зерттеу обьектісі болумен қатар, ҚР ОМ мұрағатының “2001-2005 жылдар аралығында мұрағат ісін жетілдіру” тұжырымдамасында да ерекше орын алады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2003 жылы қабылданған “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында Қазақ Мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазу мұрағаты қорында сақталған әйгілі әншілеріміз бен атақты орындаушыларымыздың, белгілі ғылым мен мәдинет қайраткерлерінің дауысын осы заманғы аудеотаспалар мен дискілерге жазып қалдыру ісін қолға алу мәселесін көтерді.

Мұрағат ісін ақпараттандыру мәселесін мәдени мұрамен байланыстыра қарастыруымыздың бір себебі, ақпараттанған қоғам мүшесін ақпараттық жүйеде ретроспективті құжаттармен қамтамасыз етудің маңыздылығына байланысты болып отыр. Сонымен бірге, мәдени мұраның мәйегіне айналған рухани байлықтарымыздың көзі болып табылатын мұрағат құжаттарының, соның ішінде аудиовизуальды құжаттардың перспективасына мән беру қажет.

Сол үшін де бүгінге дейінгі көтеріліп келген және болашақта да өзекті мәселе тұрғысында зерттеле бермек мәселеге баға беру, талдау және оның “Мәдени мұра” бағдарламасымен байланысын, құжаттардың қоғамды ақпараттандырудағы рөлі, сонымен қатар аудиовизуальды мұрағат ісі мен интернет жүйесінің мүмкіндіктері саралануы тиіс. Ақпараттандырудың Қазақстандағы бүгінгі күнгі жағдайы, аудиовизуальды құжаттардың дәстүрлі құжаттарға қарағанда тиімділігі, интернет жүйесінде мұрағат құжаттарын пайдаланудың мүмкіндіктерін пайымдау арқылы Орталық Мемлекеттік Мұрағаттың интернеттегі сайтының қызметіне әлемдегі өзге де мұрағат сайттарымен салыстыра баға беру де маңызды.

Себебі мұрағаттардағы кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазу құжаттарын (КФДЖ) үнтаспадан аудеокасетаға, дискіге көшіру тікелей бүгінгі ақпараттандырылған технологиясыз іске аспайды. Және сырттан алынатын көне тарихымызға қатысты құжаттар, қолжазбалар мен деректер көптеген елдерде магниттік дискілерге, компакт - дискілерге сақталған күйінде жеткізілсе, оларды қазіргі таңдағы Қазақстан мұрағаттарында сақтау аса күрделі іс болары сөзсіз. Сондықтан да көтеріліп отырған проблеманың алдын алу үшін және отандық мұрағаттардың бүгінгі таңдағы техникамен жабдықталуы, ақпараттандыру саласын жетілдіру мәселесінің сөз болуы заңды құбылыс.

Зерттеліп отырған тақырыптың мақсаты - Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Кинофото құжаттары және дыбыс жазбалары (ҚР ОМ КФДЖ) мұрағатындағы материалдарды жаңаша әдіс - тәсілдеріне зер сала отырып, заңдық және нормативтік - құқықтық актілер негізінде пайдаланудың даму үрдісін зерделеу.

Алға қойған мақсатымызға жету барысында бірнеше міндеттер негізінде жұмыс жасалынды. Біріншіден, аудиовизуальды құжаттарға сипаттама берумен бірге ҚР ОМ КФДЖ мұрағатында аудиовизуальды құжаттарға ҒАА құру ерекшеліктеріне тоқталдық.

Екіншіден, аудиовизуальды құжаттарды пайдаланудың даму үрдісін көрсету мақсатында оларды пайдаланудың жаңаша әдіс- тәсілдеріне назар аударылды.

Үшіншіден, ОМ КФДЖ мұрағатының материалдарын пайдаланудың және көшірмесін алудың заңдық және нормативтік құжаттық актілер негіздеріне шолу жасалынды. Аудиовизуальды құжаттардың дәстүрлі құжаттардан ерекшелігі және оларды пайдаланудың тиімділігі мен перспективалары көрсетілді.

Қарастырылып отырған мәселенің тарихнамасына келетін болсақ, аудиовизуальды құжаттарды пайдалану, сақтау, құндылығын сараптау сынды мәселелер Ресей мұрағатшыларының еңбектерінде көрініс тапқан. 1960 жылы жарық көрген А. А. Кузиннің “Кинофотофоноархивы” [1] монографиясында және өзге де мақалаларында аудиовизуальды мұрағаттардың сол кездегі жағдай және оның ерекшеліктері талданған. Ресей мұрағатшы мамандары мен ғалымдары аталған мәселені конференциялар мен халықаралық конгрестерде мұрағат саласының сан- қилы проблемаларына тоқталып, олардың шешілу жолдарын қарастырған. Әсіресе П. Бюхердің [2], И. М. Фурманованың [3], көтерген мәселелері күні бүгінге дейін өзектлігін жоғалтпай отыр. Л. Н. Кривошеин “Вопросы архивоведения” журналында жарық көрген “Об исползовании КФФД” [4] мақаласы аудиовизуальды құжаттарды пайдаланудың бірнеше әдіс - тәсілдерін ұсынады. Сонымен бірге орыс журналдарында жарық көрген Жигуновтың [5], Седованың [6] мақалалары арқылы жан- жақты қарастыра алдық.

Қазіргі таңда Қазақстанда мұрағат ісі саласында бұл мәселемен арнайы айналысып жүрген зерттеушілердің бірі Г. А. Сексенбаеваның “Методика работы с архивными источниками” [7] атты мононграфиясы және бірқатар мақалаларын [8] атауға болады. ҚР ОМ КФДЖ мұрағатының директоры А. Ф. Сеитованың [9] “Қазақстан мұрағаттары” журналында жарық көрген мақалалары мен баяндамалары, Г. Нұрпеисованың [10] “Простор” журналына шыққан мақаласына тоқталынды. Бұл зерттеушілер Қазақстан мұрағат ісінің ерекшеліктеріне баса назар аудара отырып, аудиовизуальды құжаттардың сақталуы мен пайдалану жүйесіне тоқталған.

“Мәдени мұра” бағдарламасы [11], “Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы” ҚР заңы [12], “ 2001 - 2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұрағат ісін дамыту” тұжырымдамасы [13], “Асыл мұра” бағдарламасы [14], және ОМ КФДЖ мұрағатында жасалған бірнеше бағдарламалар мен жобалар негізінде жазылды. Бұл заңдық актілер ғылыми жұмыстың деректік негізін құрайды.

Ғылыми жұмысты жазу барысында ҚР ОМ КФДЖ мұрағатының 2003 -2004 жылдардағы жылдық есебі [15], Қазақстан, Ресей және де шет ел мұрағаттарының интернет сайттары [16] пайдаланылды.

Ғылыми жұмыс мұрағат ісіндегі тың мәселелерге арналғандықтан оның қолдану аясының кең болуы заңдылық. Ғылыми жұмыс кіріспеден, үш тараудан, жекелеген бөлімдерден, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер мен қысқартылған сөздер тізімдерінен және қосымшадан тұрады. Жұмыс ғылыми мақала жазуда, дөңгелек үстелдерде, лекциялар мен семинарларда қолданылуы мүмкін.

І. Аудиовизуальды құжаттардың ерекшеліктері

І. 1 Аудиовизуальды құжаттарды сипаттау

Аудиовизуальды құжаттардың дәстүрлі құжаттардан басты айырмашылығы - оның адамның сана - сезіміне тікелей әсер етуінде. Адам санасын еріксіз билеп алатын аудиовизуальды құжаттар өз кезегінде шынайы ақпарат берумен қатар, сақталуы жағынан тиімділігімен де ерекшеленеді. Жекелеген адамадардың және оғамның өмірі әртүрлі удиовизуальды құжаттар кешенінде көрініс береді [17] .

Мәтіндік құжаттарға қарағанда аудиовизуальды құжаттардың үнемі дамып, жетіліп отыруы оны жан - жақты зерттеуді міндеттейді.

Аудиальды (лат. audіre - есту) мен визуальды (лат. vіzere - көру) екеуі қосылып аудиовизуальды (есту және көру) құжатты құрайды.

Визуальды құжаттарға: диафильмдер, диапозитивтер, слайдтар, тілсіз кинофильмдер, эпифильмдер жатады. Аудиальды құжаттарға: грампластинка, магниттік фонограммалар мен компакт дискілер кіреді. Ал екеуінің қосындысы аудиовизуальды құжаттарға: кинофильмдер, диафонофильмдер, видеофильмдер кіреді.

“Кинофотофоноқұжаттар” деген термин ғылымға 1980 жылдары енгізілді. Жалпы бүгінге дейін кинофотофоноқұжаттар туралы арнайы жалпыға ортақ анықтама берілмеген. Соған қарамастан, аудиовизуальды құжаттарға келесідегідей анықтама беруге болады.

Арнайы бір техникалық жабдықтардың көмегімен бейнелі дыбысты ақпарат беретін құжат түрін аудиовизуальды құжаттар [4., 3-8], деп атайды.

жекелеп тоқталсақ, киноқұжаттар - киномотографиялық жолмен жасалатын құжат түрі. Киноқұжаттардың материальдық негізін көпқабатты полимерлі пленкалық жүйедегі кинопленка құрайды. Киноқұжаттар диафильмдерден, кинофильмдерден және де видеофильмдерден тұрады.

Диафильмдер арнайы тақырып бойынша рет-ретімен жинақталған позитивтік фотографиялық бейнелердің кино және фотопленкадағы жинағы. Диафильмдерді мұрағаттарда пайдалану мақсатында жиі қолданыста болмаса да, мұрағат құжаттарын сақтау барысына жиі қолданылады.

Кинофильмдер (грек. kіneo- әрекеттемін, ағыл. fіlm - пленка) - арнайы киноаппаратураның көмегімен экранға шығатын, кинопленкаға түсірілген бірнеше фотографиялық бейнелердің жиынтығы [18] .

Бұл кинофильмдерді бірнеше мақсатта қолданады. Ғылыми -көпшілік, оқу процесінде, құжаттық, мультипликациялық мақсатта пайдаланады. Ғылыми - көпшілік, оқу процесінде кинофильмдер 8 (16 мм пленкаларында түсіріледі. Бұл құжаттарды арнайы дайындықсыз сәттерде де көруге мүмкіндік бар.

Киноқұжаттардың соңғы тасымалдаушы құралы CD және DVD дискілердің видеофильмдерді жазуда және оларды пайдалануда алатын орны ерекше.

Диафильмдер мен кинофильмдерден видеофильмнің ерекшелігі оның магниттік ленталарда сақталуы мен қатар, оптикалық дискілерде сақталуы және видеофильмдерді тұрмыстық жағдайда пайдалану мүмкіндігінде. Мұрағаттарда оларды ҒАА құру барысында видеотека немесе фильмотека деп каталогқа енгізеді.

Қазақстан республикасының Орталық мемлекеттік Кинофото және дыбыс жазбалары мұрағаттарында өте көп (87) [19], жинақталған аудивизуальды құжаттар - Фотоқұжаттар. Фотографиялық жолмен алынған бір немесе бірнеше бейнелі құжаттар фотоқұжаттарды құрайды. Фотоқұжаттар негативті және позитивті болып екіге бөлінеді. Негативті фотолар - пленкада бейнеленеді, ал позитивті фотолар - қағазда немесе шыныда.

Мұрағат қызметкерлерінің айтуына қарағанда, күмісқұрамдас эмульсті фотолар мың жылға дейін сақталады. Ақ - қара түсті фотопленкалар мен суреттер 10 жылдан 140 жылға дейін, ал түрлі - түсті суреттер 5 жылдан 30 жылға дейінгі аралықта сақталу мүмкіндігіне ие.

Фотоқұжаттар фотографиялардан және диапозитивтерден тұрады. Алғашында ақ - қара түсті фотоқұжаттар уақыт талабына сай түрлі- түсті болып жетіле түсті. Фотоқұжаттардың негізгі тасушылары- қағаздар, пленкалар және де шынылар (слайдтар) . Фотоқұжаттар мұрағаттарда фотосурет, диапозитив, слаид түрінде сақталып, пайдаланушыларға арнайы фототекалық каталогтар жүйесі бойынша әр түрлі мақсатта пайдалануға беріледі.

Түпнұсқалылығы дау тудырмайтын аудиовизуальды мұрағат құжаттары - Фоноқұжаттар. Грампластинкаларда, фонграммаларда және компакт дискілерде сақталынатын фоноқұжаттар әрқашан мұрағаттың көз алдында [6. Б. 4-11] .

Грампластинкалар - ескі және барынша көп тараған фоноқұжат түрі. Олардың мұрағаттарда сақталу және пайдалану барысында жиі қолданған. Грампластинкалардың орнын келе - келе магниттік ленталар басты, ал қазіргі таңда негізгі рөлді компакт дискілер атқарады. Фоноқұжаттардың бүлінбей сақталуы сақтауды дұрыс ұйымдастыруға ғана байланысты емес, сол сияқты оларды дұрыс пайдаланумен байланысты [2. Б. 3-12] .

Аудиовизуальды құжаттарды пайдаланудың мақсаттары дәстүрлі құжаттардан ерекше. Оларға сұраныс көбіне радио және телевизия, киностудия, мерзімді басылым тарапынан түседі [2. Б. 3. 13] .

Бұл құжаттар дәстүрлі құжаттар секілді ғылыми - көпшілік, оқу - ағарту, мәдени мақсаттарында пайдаланылады.

І. 2 Ғылыми - анықтамалық аппарат құрудың ерекшеліктері

Аудиовизуальды құжаттарды пайдалануда жаңаша әдіс - тәсілдерінің шығуы, бұл құжаттардың даму үрдісін көрсетеді. Ал оның даму үрдісін саралау үшін аудивизуальды мұрағаттардың ақпараттық жұмысы, ғылыми - анықтамалық аппаратын (ҒАА) алдын - ала зерделеген жөн.

КФДЖ мұрағатының ақпараттық жұмысы біріншіден, мұрағатқа келіп түскен нақтылы сұраныстарға нақтылы жауап беруден тұрады. Екіншіден, ақпараттық хаттар мен бюллетендер жасалынып, ол мекемелер мен зерттеушілердің назарына ұсынылады. Соңғы кездері ақпараттық жұмысты атқаруда соңғы технологиялар (мәселен, интернет сайттары) барынша пайдаланылуда. ҚР ОМ мұрағат сайтында (www. kazarchіves. kz) [20] . Онда ҚР ОМ КФДЖ мұрағаты жөнінде және ондағы аудиовизуальды құжаттар туралы анықтамалық - ақпараттық басылым берілген.

Ақпараттық жұмыс ҒАА - қа сүйене отрылып жүргізіледі. Бюллетендер мен хаттар мұрағаттарда бар құжаттар негізінде жасалынады. [6. Б. 3-20] .

Ақпараттық анықтамалық басылым құжаттардың топтасқан түрін және оларға жасалынған аннотацияларды толыққанды ұсынбайды. Олар тек мұрағаттарда бар құжаттардың тізімін ғана берумен шектеледі.

КФДЖ мұрағатында ҒАА - ты үнемі байыту және дамыта түсу жұмысы бірінші кезекке қойылуы тиіс. Себебі бүгіндері аудиовизуальды мұрағат құжаттарына деген сұраныстың күннен - күнге арта түсуі және оны пайдаланудың жаңаша түрлерінің қалыптаса бастауы солай жасауға итермелейді [21] .

Сондықтан да мұрағаттарда, әсіресе ОМ КФДЖ мұрағаттарында каталог жүйесіне ерекше мән беріледі. Жыл сайын каталогты жаңа түскен құжаттармен жаңарту іске асырылып тұрады. Бұл әсіресе каталог жүйесін электрондандыруға сәйкес жеңілдене түсті. Осыған байланысты, КФДЖ мұрағатының дәстүрлі қағаз жүйесінде қалдырумен қатар, оларды электрондық нұсқаға да көшіру ісі қолға алынған. Сол сияқты анықтамалықтар, шолулар мен жолсеріктерді электрондық жүйеге енгізе отырып, оның тиімділігін арттыра түскен. Жылдан жылға КФДЖ мұрағатына келіп түскен құжаттарға сәйкес олардың каталог жүйесі де толығып отырады. ҒАА- тың даму сатысында КФДЖ мұрағат құжаттарын каталогтау міндетті.

2003 жылы ҚР ОМ КФДЖ мұрағатына келіп түскен құжаттарға сәйкес келесідегідей каталогтар жасалынып, карточкалар тізілді.

-1001 сақтау бірлігі бар фотоқұжаттар каталогталынып, 1001 карточка тізілді;

-106 сақтау бірлігі бар фоноқұжаттар 106 тақырыптық, 364 атқарушы карточкалар тізіліп, барлығы 524 карточка каталогқа енгізілді;

-25 сақтау бірлігі бар видеофонограммалардан 155 карточка тізілді;

-56 сақтау бірлігі бар киноқұжаттардан 1142 карточка тізілді. [22] .

Каталог жүйесін дамытуда ОМ КФДЖ мұрағатының фотоқұжаттарға арналған бөлімдеріне тоқтала кеткен жөн.

“Е” - халықаралық қатнастар бөлімі;

“Ф” - халықаралық білім беру;

“К” - баспасөз ақпарат құралдары;

“Ц” - әдебиеттер;

“Ш” - мәдени- ағарту жұмыстары;

“Э” - спорт [22. б. 25] .

Бұлайша фотоқұжаттардың каталогтарын бөлімдерге бөліп жасау, зерттеушілердің мұрағат құжаттарын пайдалануда аса тиімді болмақ.

ІІ. Кинофото және дыбыс жазбалары мұрағат құжаттарын пайдаланудың жаңа әдіс - тәсілдері

Аудиовизуальды құжаттардың үнемі дамып отыруы оларды пайдаланудың жаңа әдіс - тәсілдерін енгізуді қажет етеді. Алғашында фоноқұжаттар грампластанкаларда жазылып таратылса, осы күндері фоноқұжаттар компакт дискілер мен кассеталарға жазылады. Сол сияқты киноқұжаттар диафильмдерден көрініс тапқан оқиғаларын, бұл күндері сапалы да тиімді видеофильмдерде көрсете алады.

Осылай қоғамның алма - кезек дамуы жыл сайын жаңа әдіс- тәсілдері мен жаңаша ойлау жүйелерін қажет етіп отырады. Он- он бес жылдай бұрын мұрағат материалдарымен жұмыс істеу жүйесі басқаша ұйымдастырылатын. Ескі аппаратулармен жадықталған аудиовизуальды материалдармен уақыт өте келе сұраныстан қалып, өзіндік құндылығын жоғалта бастаған еді. Бұл әрине мұрағат имиджіне ғана нұқсан келтіріп қана қоймай, құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру да әлсірей бастайды. Ғылыми - техникалық революцияның арқасында және де техникалық ғылымның қарқынды дамуы нәтижесінде мұрағат ісінде де өзгерістер мен игі жетістіктерге қол жеткізілді.

Мұрағат құжаттарын пайдаланудың жаңа түрін енгізу отандық тарихқа деген қызығушылықты оятып, сұранысқа ие болып отыр [4. б. 21. ] .

Аудиовизуальды мұрағат құжаттарын пайдаланудың жаңаша даму үрдісі қалыптасты. Көптеген ескі ақпарат тасушы құралдар жаңа технологиялармен алмастырылды. дайындауда цифрлық аппараттар, цифрлық видеокамералар, ал оларды сақтауда CD- ROM, DVD, DVD- ROM, SVHS, Betacam форматындағы видеомагнитафондар пайдаланылады.

Аталған технологиялармен ҚР ОМ КФДЖ мұрағаты да жабдықталған. Мұрағаттың 2001-2005 жылдары мұрағат ісін дамыту бағдарламасында дәстүрлі аудиовизуальды құжаттарды (пленкалық) қазіргі заманғы ақпарат тасушыларға (цифрлық) ауыстыру іске асырылды [13. б. 4] .

Ақпарат легі жан- жақтан толассыз ағып жатқан жаһандану кезеңінде құнды да шынайы ақпаратты алу мүмкіндігі жоқтың қасы. Обьективті шындықтың көзін мұрағат қорлары мен құжаттарынан іздесек, онда аудиовизуальды құжаттардың ақиқатты шындықты ашуға тигізер әсері мол. Осыған орай, қарастырылып отырған мәселенің өзектілігін тек аудиовизуальды құжаттарды зерттеуден ғана емес, сонымен қатар оны пайдаланудың жаңаша әдіс - тәсілдерінен, пайдаланудың даму үрдісінен де көруге болады. Бұл тақырыптың өзектілігін аталған мәселені Қазақстан көлемінде зерттеу әлі де жолға қойылмай отырғандығынан да көруге болады.

2003 жылғы 28 - қарашада өткен Ұлттық Кеңестің үшінші отырысында қарастырылған мәдени мұраны жаңғырту ісі жоғарыда қозғаған әңгімеміздің өзегі болып отыр. Мәдени мұраның түпкі мақсаты - халқымыздың асыл мұраларын жаңғырту, өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді жандыру және мүмкіндігінше мәдени мұраларды рухани айналымға шығару. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев бастамасымен қабылданған бағдарламада шын мәніндегі қазіргі таңдағы өте маңызды мәселелер қамтылған, әсіресе тарихи - мәдени мұраларға ерекше мән берілген.

2004 - 2006 жылдар аралығында атқарылуы тиіс істердің қатарында Қазақстандағы тарихи - мәдени ескерткіштердің жинағын шығару ісін жеделдету, Қазақ мемлекеттік кино- фото құжаттар мен дыбыс жазу (ҚР ОМ КФДЖ) мұрағаты, қазақ радиосы мен телевизиясы қорында сақталған әйгілі әншілеріміз бен белгілі ғылым және мәдениет қайраткерлерінің дауысын осы күнгі аудио таспалар мен дискілерге жазып қалдыру ескерілген. Бағдарламаның тағы бір айрықша тұсы- “ТМД елдері мен шет елдік мұрағаттардағы Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды, сирек кездесетін кітаптарды алдыру, көшірмесін жасаттыру, шығару” мәселесіне назар аударылғандығын айтуға болады. “Мәдени мұра” орта мерзімдік бағдарламасы қанаттас екі процесстен тұрады. Бұл біріншіден; жинау, сақтау, жүйелеу, сипаттау, тарату және т. б. Екіншіден; тарихи мұраны мәдени өмірімізге қайта әкелу, әлеуметтік, мәдени, көркемдік тұрғыда қайта жаңғырту. "Бұл мәдени игіліктердің жаңаша түрленіп, түлеуіне де оң ықпал етпек".

Бағдарламаның мақсаты - қолда бар мәдени мұра мен рухани игілікті сақтап, жаңғыртуға, тиімді пайдалануға байланысты жоспарлы іс-шаралар жасау. Сондай-ақ, ұлттың ағартушылық және интеллектуальдық деңгейін көтеруге, өскелең ұрпақты туған халқымыздың тарихы мен жалпыадамзаттық құндылықтар, идеалдар рухында тәрбиелеуге бағытталған.

Бағдарламаның көтерген міндеттерін іске асыруда бүгінгі таңдағы технологиялық жетістіктерді пайдаланудың маңызы зор. Бұл әсіресе бағдаралманың тарих секциясына соның ішінде мұрағат ісіне қатысты.

Ақпараттандыру мәселесі күні кеше ғана туындаған проблема емес. Кеңес үкіметінің шарықтап тұрған шағында да бұл мәселе мұрағатшылармен бірге билік басындағы өкілдердің де назарынан тыс қалмаған. Ол кезде ақпараттандыру автоматтандыру, электрондандыру мағынасында ғылыми техникалық революцияның жетістіктері ретінде қолданылды.

Ғылыми әдебиеттерде ақпараттандыру ұғымы кең және тар мағынада қолданылады. Ол кең мағынасында ақпараттандыру қорларын пайдалану және қалыптастыру негізінде азаматтық, мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін - өзі басқару ұйымдарының қоғамдық бірлестіктердің ақпараттандыру мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін тиімді жағдайларды жасаудың әлеуметтік - экономикалық және ғылыми техникалық процесі ретінде көрсетіледі. Барынша тар мағынада ақпараттандыру- адамзат белсенділігінің көптеген қоғамдық мәнді түрлері бойынша сенімді, терең және дер кезіндегі біліммен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Өткен ғасырдың 70 - жылдарында ақпарат ұғымы қандай да бір мағлұматтың, білімнің жиынтығы, кейбір мәліметтерді білдіретін информатика және әлеуметтік ақпарат теориясы тұрғысында мағына бергендігін байқауға болады. Ақпараттың ХХІ ғасырдың рухына сәйкес мазмұны да өзгерді. Ендігі жерде ақпарат бұрын айтылып келгендей фактілер мен мағлұматтардың, мәліметтердің ғана жиынтығы емес. “Ақпарат - бұл нысанды мағлұматтар мен субьективті әдістердің даму үстіндегі өзара әрекетінің өнімі. ” [23] . Осы мағынадағы ақпараттандырудың қазіргі жағдайы кез-келген өндірістік, экономикалық және әлеуметтік жүйенің қызмет етуінің негізін үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеу қажеттілігімен байланысты берік ақпараттық қызмет көрсетуді құрайды.

Өкінішке орай қазіргі кезде мұрағаттар жүйесінде және басқа салаларда да компьютерлер және ақпараттық технологиялар мүмкіндігі жеткіліксіз пайдалануда. Республикада кәсіпкерлік саласында бүгінгі күні біржарым миллионға жуық адам айналысады. Республикалық Ақпараттық Көрме Орталығы компьютерлік технологияны шағын бизнес субьектілерінің пайдаланылуына әлеуметтік зерттеу жүргізеді. “Олар өз белсенділігінде компьютерді тұрақты пайдаланатындары 44, 3%, қажеттілік туғанда 28, 3%, мүлдем қолданбайтындары 27, 4% екендігі анықталды. Компьютерлік техникасы бар фирмалардың меншікті үлесі өңдеуші өнеркәсіптерде 64, 4 %, қызмет ету саласында 57, 7%, саудада 36%, ауыл шарушылығында 15, 8% құрайды. " [23. б. 151] .

Қазір электрондық технология, электрондық құжат, электронды іс-жүргізу, Интернет жүйесі арқылы қарапайым ғана компьютерлердің көмегімен бүкіл дүние жүзі өздерінің тұрмыстық қажеттіліктерінен бастап күрделі мәселелерді де шеше алатындай мүмкіндікке ие болды. Бұрындары орындалуы бірнеше сағаттарды алатын күрделі жұмыстар ендігі жерде санаулы минуттардың, секундтардың ішінде шешуін табады. Қоғам бүгінгі таңда компьютерсіз еш нәрсе жасай алмайтындай дәрежеге жетті. Қоғамның электрондық жүйемен қамтамасыз етілуі мен ақпараттандырудың жаңа жүйесі қалыптасты.

Десе де осындай мүмкіндігі мол жүйемен жұмыс жасайтын қоғам мүшесінің өз тарихын зерттеуде атам заманғы технологиялық жабдықтармен жұмыс жасауына тура келетіндігі қалай? Ақпараттандырылған қоғамның мүшесі ақпараттандырылмаған мұрағаттарда қалайша жұмыс жасап, одан бір нәтиже шығармақ?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиовизуалды мұрағат құжаттарын пайдаланудың қазіргі заманғы технологиялық және құқықтық негіздері
1998-2006 жылдардағы мұрағат ісін дамыту проблемалары
Мұрағат ісін ұйымдастыруда іс –шараларды жүргізу
Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің даму тарихын талдау
Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағаты
«Мәдени Мұра» және «Асыл Мұра» бағдарламалары: аудиовизуалды құжаттар мәселелері
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Қозғалыстағы мекеменің мұрағатына фотоқұжаттарды қабылдау
Мұрағаттық жолкөрсеткіш
Тәуелсіз Қазақстанның мұрағаттар тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz