Исламдағы әйел мәселесі


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Исламдағы әйел мәселесінің өзіндік ерекшеліктері

1. 1 Қасиетті Құрандағы әйел мәселесі мен құқықтары . . . 8

1. 2 Хадистер мен суннадағы әйел мәселесінің алатын орны . . . 24

1. 3 Қазақ қоғамының тарихи кезеңдеріндегі әйел тұлғасы . . . 33

2 Қазіргі мұсылман қоғамындағы әйел мәселесі

2. 1 Шет елдік мұсылман елдеріндегі әйел мәселесінің шешілу жолдары . . . 47

2. 2 Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйел мәселесі және исламның әсері . . . 57

Қорытынды . . . 68

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 74

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста ислам дінінің қасиетті кітабы Құран мен суннадағы әйел мәселесінің қоғамның барлық салаларындағы шешілу жолдары қарастырылып, қазіргі қоғамдағы исламның роліне дінтанушылық пайымдаулар жасалды. Қазақ халқының байырғы діни дүниетанымы, сонымен қатар мұсылман елдерінің қазіргі әлеуметтік сипаты, діни санасы тұрғысында қалыптасқан әйел мәселесіне қатысты туындаған сауалдар дінтанушылық, саяси, әлеуметтік, тарихи тұрғыда қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам баласы жаратылғаннан бері қанша заман өтіп, адамдар өздерін саналы түрде сезіне бастағалы екі топ болып, яғни, әйелдер мен еркектер болып бөлінетінін біліп келеді. Бірақ өркениет алға озып, жаһандану жүрген сайын әйел мен еркектердің қоғамдағы орын деңгейлері қалай болу керек? - деген сұрақ ешқашан күн тәртібінен түскен емес.

Сан ғасырлар бойы өсіп, дамып келе жатқан адамзаттың әрбір тайпа, қоғам, ұлт тарихында матриархаттың дамыған кезі болғанынан да көне тарих сыр шертеді.

Қазіргі таңдағы дамудың қарама-қарсы тенденцияларының арасынан батыстық және шығыстық дәстүрлердің қайшылығын, модернизацияның басымдылығын, мәдениет вестернизациясын ерекше атап өтуге болады. Бұл тендерлік қатынастар, ерлер мен әйелдер арасындағы әлеуметтік және отбасылық ролдерді иемдену, әйелдердің қоғамдағы мәртебесі сияқты сферада маңызды орын алады.

Қоғамның әйелдер мәселесіне назар аударуы Еуропа мен АҚШ сияқты елдерде XX ғ. 60 ж. бастау алады. Осы уақыттарда тендерлік зерттеудің пәнаралық ғылыми бағытына айналған әйелдер мәселесіне қатысты зерттеулер пайда бола бастады.

Әйелдер мәселесі қазіргі араб елдерінде ерекше өзекті мәселеге айналды. Бұл елдерде исламдағы әйел мәселесін түрлі түсінуден туындаса керек.

Исламдағы әйел мәселесі - күрделі, көпқырлы, нәзік, зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі. Қазіргі уақытта мұсылман әйелдеріне қатысты полигамия, мұрагерлік, куәгерлік, хиджаб мәселелері қоғамдағы түрлі түсініспеушіліктерге алып келіп отыр. Осындай сұрақтар қазіргі Қазақстан қыздары мен әйелдерін де мазалауда.

Қазақ халқының қазіргі діни сенімін саралау үшін өткенді ескергеніміз дұрыс. Себебі, халықтың діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор болып табылады. Дін - руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше.

Қазіргі уақытта ислам дінінің қасиетті кітабы Құранның ғылыми негіздері дәлелденіп, ислам дінін ұстанушылар саны көбеюде.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазіргі исламтанудағы өзекті мәселелердің бірі исламдағы әйел ахуалы мен құқықтары болып табылады. Бұл сұрақ дінтанушылық зерттеу шеңберінен де шығып кетеді, экономика, құқық, әлеуметтану, демография, мәдениет мәселелерімен тығыз байланысты.

Исламдағы әйел мәселесі және мұсылман елдеріндегі әйелдердің орны туралы мәселелерді зерттеуші ғалымдарды екі бағытқа бөлуге болады: дәстүршілер және модернистер.

Бірінші бағыттың өкілдеріне Афиф Абдульфаттах Табар, Бу Али Ясинд, Забиба Хабиса, Салима Бахнасави, Мұхаммад аль-Хадер Хусейн және Хусейн Махмуд жатады. Ерлер мен әйелдер арасындағы биологиялық айырмашылықты нақтылау тұрғысында Мұхаммад аль-Хадер Хусейн және Хусейн Махмуд, әйелдердің орны отбасымен шектелуі тиіс, ал саяси және қоғамдық өмірге әйелдерді араластыруға болмайды деген тұжырымды ұстанады. Олардың ойынша қазіргі батыстық үлгіге еліктеу, исламның әйелдерге берген мәртебесінен бас тарту. Экономикалық тәуелсіз әйел отбасылық міндеттерінен бас тартып, ар-ұжданын, әйелдік орнын жоғалтады.

Екінші бағыттың өкілдері араб қоғамындағы әйелдердің орнын модернизм тұрғысынан қарастырады, бұл теориялар араб реформаторларының көзқарастарына сүйенеді. Олар: Бутрус аль-Бустани, Рифаа ат-Тахтави, Амин Осман, Мұхаммед Абдо, Касим Амин, Варда ат-Турк, Марйана Марраш т. б.

Әйел мәселесінің шешілу жолдары ислам дінінің негізін салушы Мұхаммед пайғамбардан бастау алды. Пайғамбардың хадистерінен қоғамда туындаған мәселелердің шешімі үнемі табылып отырған. Уақыт өте келе ислам діні, тілі, мәдениеті, қоғамдық санасы, географиялық орналасу аймағы әр түрлі елдерге таралып, шекарасы кеңейді. Кеңейе отырып, дау тудыратын мәселелері де көбейді. Пайғамбардың көзі тірісінде барлық мәселелер орынды шешіліп отырды. Кейін осы себептерге байланысты ислам әлемінде мұсылмандарға жол көрсететін жарық сияқты құқық мектептері - төрт мәзһаб пайда болды.

Қазақ даласындағы ең өзекті мәселе жер дауы мен жесір дауы екендігі де белгілі. Қазақ философиясының жарқын тұлғалар, жыраулар, ақындар, шешендер, ойшылдар да әйел мәселесін аттап өтпеген.

Қазіргі таңда исламдағы әйел мәселесін зерттеуші ғалымдар шынайы исламды қазіргі қоғаммен үйлестіруге ұмтылуда. Аталған тақырыпқа қатысты ғалымдардың зерттеулеріне шолу жасасақ түрік ғалымы, профессор Хайдар Баштың «Исламдағы әйел құқығы» еңбегінде әйел мәселесі исламдық ілім тұрғысынан қарастырылады.

Хайдар Баш өз еңбектерінде исламдағы әйел статусын қазіргі мұсылман әлеміндегі басқа да өзекті сұрақтарға қарсы қоймайды, жалпы контексте шешуге тырысады [1, 75 б] . Әйел құқығын «Пайғамбардың соңғы уағызы және адам құқығы» еңбегінде де қарастырады. Бұл кітапта автор қазіргі заманда барлық жерде әйел құқығы неге бұзылады деген сұрақ қояды және оған екі негізгі себепті айтады: «Құқық туралы айтпас бұрын, құқықты қорғайтын ішкі қасиеті бар, қабілетті адам туралы айту керек. Бұл адамға билік және осыған сәйкес қорғау механизмін беру керек». Профессордың пікірінше, исламдық классикалық ілім практикамен бірігіп өз құқығы мен міндетін саналы түрде түсінетін тұлғаны қалыптастырады. Профессордың тұжырымдауынша, ислам әлемінде әйел құқықтарының бұзылуы ислам концепциялырының өз деңгейінде, толық жүзеге аспауында.

Хайдар Баш ұсынған ислам концепциясы бойынша әйел құқығы оған тумысынан Аллаһтан берілген, оны ешкімнің толықтыруына немесе бұзуына құқығы жоқ. Бұл құқықтар әйелдердің жаратылысының мәнімен, оның тағайынымен, ахуалымен, міндеттерімен біртұтас,

Әйел құқығы мәселесін оның табиғаты мен жаратылу мақсатынан тыс қарастыру - ислам концепциясының бүтіндігін бұзу. Хайдар Баш әйел статусын көтеруге байланысты теоретикалық зерттеулер жүргізе отырып, оны практикада шешуге тырысты.

«Исламдағы әйел құқығы» еңбегінің авторы мұсылман профессоры Азгар Али Инженер өз еңбегінің көмегімен мұсылман әйелдер қазіргі жағдайда гендерлік теңдікке жетудің құралдары мен тәсілдерін меңгереді деген сенім білдіреді. Оның пікірінше, діни мәтіндер әйелдердің белгілі бір социоэкономикалық жағдайға интерпретация және адаптация объектісі болып табылады [4, 296 б] .

Мысал ретінде автор Құран мен хадистерде бейнеленген құлдық мәселесін келтіреді. Ғалымның ойынша Құранның құлдарға қатысты тұстарын әйелдерге қатысты қолданған. Инженердің пікірінше, Құранда құлдар туралы құлдар институтын түбегейлі бекіту үшін емес, VII ғ. басында Аравия түбегінде құл иелену кең таралған құбылыс болғандықтан айтылған.

Автордың ойынша, мұсылман заңгерлері мен діндарлары Құран мәтіндерін ортағасырдағы құл иеленушілікті ақтау үшін пайдаланған. Хижраның I ғ. теологтар мен заңгерлердің түсіндірмелері өздері өмір сүрген сол қоғам шарттарына сәйкес келеді. Құранның әмбебаптығы оның қағидаларының шынайы өмірге сәйкес келуінде. Исламның заманға бейімділігі мен жұмсақтығы да осында. Алғашқы факихтер мен улемдер құрған түсіндірмелер мен заңдар ислам діни ілімінің мәніне қарама - қайшылықта.

Мұсылман әйелдерінің мәселесіне қатысты Қазан мемлекеттік университетінің оқытушысы Л. И. Шайдуллинаның «Араб әйелі және қазіргі заман» кітабы қызықты еңбектердің бірі. Бұл кітап 1970ж. жазылғанымен оқырмандарының қызығушылығын жоғалтқан жоқ. Кітапта араб әлеміндегі әйелдер мәртебесіне талдау жасалып, мұсылман әйелдің әлеуметтік ролінің даму мәселесі, ислам өркениетіндегі әйелдер дамуының эволюциясы мен бағыттары, тарихтың фундаменталды талдауы көрсетілген.

Мұсылман әйелдерді қазіргі уақытқа дейін толғандырып келе жатқан көпнекелілік, хиджаб, куәгерлік, т. с. с. сауалдар көптеген ғылыми пікірталастар тудырып келе жатыр. Мұсылман ойшылдары Құран мен хадис мәтіндеріне сүйене отырып, оларды уақыт пен әлеуметтік - экономикалық жағдайдан тәуелсіз жиі - жиі түсіндірмелеуде.

Мұсылман елдеріндегі әйелдердің ролі мен орны мәселесі көптеген зерттеушілердің назарын аударып отыр және болашақта да аудара береді деп ойлаймын.

Зерттеудің жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты - ислам дініндегі әйел құқықтарының негізін анықтап, қайнар көздер Құран сүресінің аяттары мен суннадағы әйел мәселесінің қоғам өміріндегі шешілу жолын қазіргі заманмен үйлестіру.

Аталған мақсатты орындауда төмендегідей міндеттер алға қойылды:

- Құрандағы әйелге қатысты сүрелердің мағынасын ашып, оның әйелдің қоғамдағы ролі үшін маңыздылығын көрсету;

- ислам әлеміндегі аталған мәселеге қатысты тұжырымдамаларға, қайнар көздерді түсіндірмелеудің әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, гендерлік теңдіктің исламдық концепцияларына талдау жасау;

- түрлі діндердің әйелдерге қатынасының негізгі себептерін анықтап, ерекшеліктерін көрсету және оларға дінтанушылық тұрғыда салыстырмалы талдау жасау;

- қазақ халқының дүниетанымындағы ислам дінінің үйлесуінің тарихи-мәдени, рухани-әлеуметтік, саяси-құқықтық сипаттарын анықтау;

- қазіргі мұсылман елдеріндегі әйел ахуалын сипаттап, Қазақстандағы әйел ахуалымен салыстыру.

Зерттеудің теориялық негіздері. Зерттеудің негізіне ислам дініндегі әйелдер мәселесіне гуманитарлық ғылыми пәндер: мәдениет, тарих, әлеуметтанудың нәтижелері мен әдістеріне сүйенетін кешенді дінтанушылық талдау жатыр. Жұмыс барысында негізінен ислам діні мен қазіргі қоғамдағы әйел мәселесіндегі өзгерістер мен оның тарихи дамуын зерттеуге мүмкіндік беретін тарихи-генетикалық әдіс қолданылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы төмендегідей:

- ислам діні тұрғысында әйел мәселесінің қоғамның барлық салаларындағы шешілуі кешенді түрде зерттеу нысанына айналып, теориялық талдау арқылы оның ғылыми маңызы анықталды.

- ислам қайнар көздерінде көрсетілген қағидаларға талдау жасау арқылы, оның ислам құқықтық мектептерінде, түрлі бағыттарда полигамия, хиджаб, куәгерлік, мұрагерлік мәселелерге байланысты тұжырымдарының қалыптасу себептері көрсетілді.

- қазақ қоғамының тарихи кезеңдеріндегі әйелдің қоғамдағы орны мен мәртебесін, қазақ дүниетанымындағы әйел табиғатын ашып, аталған тақырыпқа байланысты ұлттық ерекшеліктеріміздің ислам дінімен жақындығы пайымдалды.

- қазіргі мұсылман елдеріндегі әйелдер ахуалына дінтанушылық, саяси, әлеуметтік, құқықтық пайымдаулар жасалынды, қазіргі Қазақстан қоғамымен салыстырмалы талдау жасалынды.

- ұлттық дүниетаным мен ислам дінінің қағидаларының рухани сабақтастығы көрсетілді.

- әйел мәселесінің өзекті қыры әйелдер құқығы, полигамия, хиджаб және т. б. сұрақтардың шынайы ислам мен қазіргі заман арасындағы үйлесімділігі көрсетілді.

Зерттеудің жұмысының нысаны. Исламдағы әйел мәселесінің Құран мен суннадағы әйел тақырыбы, ондағы мәселелердің қазіргі заманмен үйлесімі.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу қорытындылары исламдағы әйелдің қоғамдағы мәртебесі мен ролін анықтауда, қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйел тақырыбына байланысты туындайтын сауалдарды шешуде, халықтық дүниетаным қалыптарына сүйене отырып, ислам қайнар көздерін нысанаға ала отырып, өзіндік заманауи тұжырымдарымен ерекшеленеді. Исламның әйелге қатынасына байланысты туындап отырған қазіргі қоғамдық санадан орын алған орынсыз пікірлерге дұрыс жол көрсету қажеттілікті талап етеді. Рухани азғындау, ұлттық рухани құндылықтардың бағасының түсе бастау, қоғам мен отбасындағы жағымсыз қылықтар, бала тәрбиесіндегі олқылықтар қазіргі заманның өзекті мәселелеріне айналып отыр. Осыған орай, ислам дінінің дені сау қоғам қалыптастырудағы маңызын түсіну үшін, бұл еңбек өз пайдасын тигізеді деп ойлаймыз.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытынды пен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Исламдағы әйел мәселесінің өзіндік ерекшеліктері

1. 1 Қасиетті Құрандағы әйел мәселесі мен құқықтары

Исламдағы әйел мәселесін қарастырмас бұрын, жалпы әйел мәселесінің тарихына қысқаша талдау жасап өтуге тиіспіз. Бүгінде ірі діни ұстанымға айналған христиандық, иудаизм, буддизм, ислам діндері өз қағидаларында әйел мәселесіне көп орын бөліп қарастырған.

Адамзат тарихы қаншама күрделі бұралаң жолмен дамыған болса, сол жолда аян болған діни қағидалар да соншалықты сан қатпарлы болып отырған. Жалпы уағыздары сырттай ұқсас болып көрінетін діни талаптарға, шындап келгенде әр түрлі мәселе бойынша тереңдеп үңілер болсақ, әр дін талаптары арасында үлкен айырмашылықтар, өзгешеліктер жатқанын байқауға болады. Мысалы мұны өзіміз қарастырып отырған адамзат қоғамындағы әйел кісінің орны қай дінде қалай белгіленген екеніне шолу жасасақ көзіміз біршама жетеді.

Үнді әйелдері үшін жесір қалу тірілей жерленгенмен бірдей. Сондықтан үнді әйелдері күйеуінің жерлеуінен кейін өзін-өзі өлтіреді және индуизм шарттары жесірліктен соң әйелге қайта отау құруға тыйым салынатын болғандықтан да болар өзін-өзі өлтіру басым болатын. Өзін-өзі өлтіру рәсіміне 1978ж. ресми түрде тыйым салынды. Дәстүр бойынша, жесір қалу - әйелге тән күнәлардың өтеуі, сондықтан өзін өртемеген жағдайда да, жесір әйел өмірдің барлық рахатынан бас тартуы тиіс: қарапайым тамақтану, еденге ұйықтау, шашын кесу, әр күнін құлшылықпен өткізу және өмірінің соңына дейін қайтадан неке құрмау. Қазіргі таңда екінші рет тұрмысқа шығуға ресми түрде рұхсат берілгенімен, бұл құқықты ешкім пайдаланып жатқан жоқ деуге болады. Қоғамда жесір әйелмен көршілері мен туыстары қатынаспайды. Үнді халқының сенімі бойынша әйел болу өткен өмірдегі күнәлары үшін берілген жаза. Үнділіктердің ұстанымы бойынша әйел ешбір меншік иесі де, мұрагерлік құқық иесі де бола алмайтын. Өйткені оны өзі ерінің, әкесінің, немесе әкесі жоқ жағдайда сол әулеттің еркек кісісінің қолына тағдыр шешімі өтетін зат секілді болатын. Үндістандағы осы заң көне заман заң шығарушысы Манудан бастау алып, он тоғызыншы ғасырдың ортасында жаңа қоғамдық заң күшімен алып тасталынғанша орындалып келді.

XIX ғ. дейін Еуропада әйел жан иесі ретінде саналмады. Ғалымдар мен философтар әйелдің жаны бар ма, егер бар болса, ол адами жан ба, әлде хайуани жан ба, деген сұрақтың шешімін табуға тырысты. «На Соборе 1555 года обсуждался тезис: «женщины не суть люди . . . », с поправкой на то, что женщины, конечно люди, но суть в другом смысле» [44, 23] .

Жалпы христиан дінінде әйел туралы зұлым, күнәһар, өтірікші, кекшіл, яғни жағымсыз қасиеттер таңылып, ер адамдардан төмен саналды. Католик дінінің ресми теологы болып бекітілген Фома Аквинский: «Әйел тез өсетін арам шөп сияқты, ол толыққанды адам емес, оның денесінің толық жетілетінінің өзі оның құндылығының төмендігінен, табиғат онымен азырақ айналысатындықтан . . .

Әйелдер оларды мәңгі билеушінің немесе ұстаздың басқаруымен ұстап отыру үшін туады», - деді [45] .

Мысалы: Англияда 1850ж. дейін тұрғындардың ұлттық санағында әйелдерді есепке алмаған. Тек 1882ж. Британ заңы өз тарихында алғаш рет әйелдерге өз қаржысын иемдену, жұмсау құқығын берді.

Ал, ислам кұкығына сәйкес әйел де еркек сияқты жанға ие тіршілік иесі екені даусыз.

Құран бойынша, әйел Адамның алғашқы қателігіне күнәлі емес. Құранның аяттарынан әйелді кіналау кездеспейді. Олар Аллаһты тыңдамағаны үшін екеуі де күнәлі ретінде танылды.

«Раббылары екеуіне: «Екеуіңді осы ағаштан тыймап па едім? Расында, шайтан сендерге ашық дұшпан демеп пе едім?» - деп дауыстады» [3, 7:22] .

Осы аяттан Аллаһ алдында еркек пен әйел адамның тең жаратылыс иесі екендігін көруге болады.

«Адам ұялғаннан қашты. Аллаһ оған тіл қатуға шақырды. Хадисте: Адам қашқан кезде Аллаһ тағала оны: «Ей, Адам! Сен менен қашпақсың ба?» - деп шақырды. Ол: «Жоқ, о, Раббым. Мен Сенен қашпақшы емеспін. Бәлкім, осы күнәһар, жалаңаш күйімде көруіңнен ұялдым» деген [2, 32] . Жоғарыда келтірілгендерден жауапкершіліктің көп бөлігінің Адамнан талап етілетінін байқауға болады.

Енді Исламдағы әйел мәселесіне тоқталайық. Ислам дінінің тарихы араб елінен басталады. Исламға дейінгі араб елінде әйел еркектердің меншігі болғаны бәрімізге белгілі. Әйелдердің жағдайы адам төзгісіз төмен болды: мысалы, жесірлер мұраның бір бөлігі саналды, ал мұрагер оны әйелдікке алуға немесе сатып жібере салуға да құқығы бар. Ал араб-бедуиндері қыз баланың туылуын бақытсыздыққа балап, кейде өздерінің пұттарына құрбандыққа шалған, кейде тәрбиелеп, әуреге түспеу үшін, тірілей көміп тастаған. Кейбір деректерде араб-бедуиндері қыз баларын өлтіруі ішінара сипатта болған деген мәліметтер де бар.

Осындай тағылыққа тыйым салып, Пайғамбарымыз адамдарға теңдік пен әділдік дінін әкеліп, әйелдерге заңды құқығын берді. Ислам алғаш рет, еркектерді әйелдердегі шексіз құқығынан айырып, әйелдерге шариғат шеңберінде бостандық берді.

Ислам - әділдік дін туын көтере отырып, ер мен әйел арасындағы теңдікті жариялады. Әйелді рухани түрде еркекпен тең қарастырды. Әрине, физиологиялық тұрғыда әйел мен еркек тең емес. Иә, әйел мен еркек тең емес. Мүмкін, бұған қарсы дау айтатындар да болар. Егер, олар теңдей жаратылыс иелері болып, атқаратын қызметтері бірдей болса, онда оларды ер мен әйел деп атаудың да керегі жоқ болар. Олар қарама - қарсы, қарама - қарсы бола отырып, олар бір бүтін. Осы қарама - қарсылық адамзат дамуының қайнар көзі.

«Сондай пәк Аллаһ, барлық нәрсені жұп-жұбымен жаратты. Мейлі, ол жердің өсірген нәрселерінен болсын, мейлі өндірген және тағы білмегендерінен болсын» [ 3, 7: 36] .

Бұл аяттан Аллаһның бүкіл болмысты қарама - қарсы ете отырып, жұп, бүтін етіп жаратқандығы байқалады. Еркек пен әйел, күн мен түн, ыстық пен суық, жақсылық пен жамандық сияқты жұптар даму заңдылығын көрсетпей ме? Сондықтан да Аллаһ оларды әйел мен еркек етіп жаратты. Әйел мен еркектің тең еместігін медициналық, философиялық, діни тұрғыда қарастырып, көз жеткізуге болады. Әйел мен еркек тек рухани тұрғыда ғана бір- бірімен тең.

Бұл мәселе қазіргі таңда да көптеген қазақ азаматтарымыздың қаламдары арқылы талданып, түсіндірмеленуде. Сыр өңірінің ақыны Тұрмағанбеттің:

Әйел көктен түскен жоқ,

Ол - еркектің баласы.

Еркек жерден шыққан жоқ,

Әйел - оның анасы, - дегеніндей, екі жыныс өкілдерінің де қоғамда өзіндік міндеттері бар [15, 18] .

Араб мәдениетін зерттеушілердің еңбектерінде жаһилиет дәуіріндегі ер адамдардың әлеуметтік тұрғыдағы үстемдігі көрсетіледі.

«Олар: «Тіршілігіміз дүниедегі ғана. Өлеміз, өмір сүреміз. Бізді заман ғана өлтіреді» дейді. Негізінде олардың бұған байланысты мәліметі жоқ. Олардыкі межелеу ғана» [3, 45:24] .

Арабтардың келесі тобы Аллаһқа сенгенімен, ақырет күніне сенбеді. Олар туралы да Құранда төмендегідей айтылады:

«Адам баласына; Пайғамбар тура жол (Құран) келтірген кезде, олардың; «Аллаһ; адамды пайғамбар қылып жіберді ме?», - деген сөздері ғана иман келтірулеріне бөгет болды» [3, 17:94] .

Бұл адамдар Пайғамбардың адам ұрпағынан келгеніне сенгісі келмеді.

Үшінші топ өкілдері Аллаһқа сенгенімен, о дүниелік өмірге, өлгеннен соң қайта тірілетініне, Аллаһ алдында жауапқа тартылатынына сенбеді. Құранда оларға мынадай аят арналған:

«Олар өз жаратылысын ұмытып, Бізге мысал береді: «Мына шіріген сүйектерді кім тірілтеді». «(Мұхаммад Ғ. С. ) : «Оны, сондай алғаш жаратқан тірілтеді. Ол, барлық жаратылысты біледі» де» [ 3, 36: 78, 79] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исламдағы әйел мәселесі және қазіргі қоғам
Исламдағы адам өмірі
Ислам дініндегі антрапалогиялық мәселелер
Исламдағы мазһабтар
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ
Ислам ілімдері факультеті
Ислам дініндегі мәзһабтардың тағдыр түсінігі
Еркекті адам ететін әйел
Сабуни іліміндегі таным және оның маңызы мен мәні
Исламдағы жанұя мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz