Ауыл жастарының құқықтық әлеуметтенуі



КІРІСПЕ 3
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Құқықтық әлеуметтендірудің мазмұны мен мәні 6
1.2 Құқықтық тәрбиенің қалыптасу тарихы 14
2 АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Құқықтық әлеуметтендірудің қоғамдағы рөлі мен маңызы 18
2.2 Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің негіздері 26
2.3 Құқықтық әлеуметтендіру жүйесі 34
ҚОРЫТЫҢДЫ 40
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 42
ҚОСЫМШАЛАР 44
Бітіру жұмысның өзектілігі. Жастар саясатын дұрыс жүргізе отырып оларды әлеуметтендіру жолдарына төмендегілер жатады:
1. Қазақстан патриоттарын қалыптастыру, яғни жеке бас құқықтарымен бостандықтарын сыйлайтын, ұлттық және діни төзімділік танытатын, басқа халықтар дәстүрі мәдениетіне сыйластықпен қарайтын, азаматтық ұстанымы бар, ұлтжанды, отансүйгіш азаматтарды қалыптастыру.
2. Бейбітшілік және өзара қатынас мәдениетін қалыптастыру, мемлекет ішіндегі саяси кикілжің болған жағдайда күщ жұмсамай шешу қабілетін бойға сіңіру, мемлекетті агрессиядан қорғауды ұғындыру.
3. Жастардың жан-жақты дер кезінде дамуына жағдай туғызу, олардың шығармашылық қабілетін, жеке басының өмірдегі өз орнын таба білуін, өз құқығын қорғай алуын, қоғамдық ұйымдар жұмысына қатысуын қамтамасыз ету.
4. Жастар бойында еңбекке деген дұрыс мотивация қалыптастыру, жоғары іскерлік белсенділігін арттыру, кәсіптік шеберлікке қол жеткізуін қамтамасыз ету, жұмыс нарығында тиімді мінез-құлық этикасын қалыптастыру.
5. Жастардың түрлі қоғамдық дағдыларды меңгеруін қамтамасыз ету, олардың бойына қоғам әлеуеттілігі мен жағдайына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, олардың әлеуметтік мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.
Жаңа нарықтық қоғамдық қатынастар жүйесіне өту үрдісінде бұрындары қалыптасқан экономикалық-өндірістік жүйе тоқырауға ұшырап, елімізде жұмыссыздық, осыған, байланысты туындаған жоқшылық көп қиындықтар тудырды. Жұмыс іздеп босқан ауыл жастары тарапынан құқық бұзушылық - ұрлық істеу, қарақшылық жасап жол тору, барымташылық, балағатшылдық, т.т. көбейді. Міне, осының бәрі жинақтала келіп ауыл жастарын құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіріп, қоғам өміріне өз құқықтарын қорғап қана қоймай, заңды міндеттерін түсінетін, құқық бұзушылық жасаса, ол үшін заң алдында жауап беретіндігін сезінетін, қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың сақталуына үнемі мүдделік танытып жүретін құқықтық мінез-құлықтары үлгілі, кәсіби біліктіліктері жоғары азаматтар етіп қосу қажеттілігін күн тәртібіне қойып отыр [31]. Бұл түсінікті де. Себебі жас ұрпақты құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіріп, қоғамдық өмірге құқықтық мәдениеті жоғары, іскер де белсенді азамат етіп қосу адамзат өркениетті дамуының алғы шарттарының бірінен саналады. Себебі, құқықтық әлеуметтендіру барысында өсіп келе жатқан жас ұрпаққа адамгершілікке негізделген қарым-қатынас тәжірибесі игертілуімен қатар, қоғамдық өмірді реттеулерге бағдарланған заңдар мен заңдық күші бар нормалар туралы мәліметтер беріледі. Ал, өз кезегінде жастардың бойына сіңдірілген құқықтық сапалық қасиеттер олардың алдағы өмірлерінде адамгершілік қылықтары мен құқықтық мәдениеттерінің мазмұнын құрайды. Демек, бұл мәселенің оңды шешілуінің негізгі бағыттары мен жолдарын екшелеп, зерделеудің мемлекет үшін терең әлеуметтік мәні бар.
1 Қ.Б. Сейталиев. Тәрбие теориясы. Алматы, 1986ж. 4-бет.
2 Г.П. Давыдов. Основы правового воспитания учащихся общеобразовательной школы. Дисс. К.п.н. Москва, 1985г. 72-стр.
3 М.В. Лукъяненко. Проблемы совершенствования правового воспитания студенческой молодежи (на материалах неюридических ВУЗ-ов КазССР) Дисс. К.ю.н. Алма-ата, 1989г. 23-стр.
4 Қ.Д. Жоламан, А.Қ.Мұхтарова, А.Н.Төрекелов. Мемлекет және құқық теориясы Алматы, 1999ж. 157-бет.
5 Г.П. Давыдов. Основы правового воспитания учащихся общеобразовательной школы Дисс. доктора пед. наук. Москва,1985г. 93-стр.
6 Г.С. Джусупова. Формирования индивидуального правового сознания в условиях переходного периода. Дисс. канд. юр. наук. Алматы, 2001г. 110-стр.
7 Е.Н. Нүскебаев. Ауыл жастарын адамгершілік - құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру. з.ғ.к. дисс. 2010ж. 7-бет.
8 В.Н. Кудрявцев. Причины правонарушений. - М., 1978. - 62стр.
9 Е.О. Алауханов. Криминология /Қылмыстану/ Оқулық. - Алматы, 2005. 83-
бет.
10 Е. Қайыржанов, Л. Ерінбетова. Кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасы. Монография. - Алматы, 2003. 47-бет.
11 А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. - толықт., 3-бас. - Алматы: Жеті Жарғы, 2007. 221-бет.
12 Ж.Д. Бусурманов. Евразийская концепция прав человека. Монография.,- Алматы: КазГЮУ, 2006. -481с.
13 М.Д. Шаргородский. Преступность, ее причины и условия в обществе // Преступность и ее предупреждение. -Л., -1966. -198с.
14 Е.О. Алауханов. Пайдақорлық-зорлық қылмыстардың алдын алудың криминологиялық проблемалары. Монография. -Алматы: Ғылым, 2005. -304 бет.
15 Д.Б. Бұғыбаева. Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жаза тағайындаудың ерекшеліктері. з.ғ.к. дисс. Алматы, 1999ж. 7-бет.
16 И.Н. Быстрицкий. Система правового воспитания учащихся в специальных школах. Дисс. к.п.н. Москва, 1986г. 12-стр.
17 Ә.І. Сембаев. Қазақ совет мектептерінің тарихы. Алматы, 1967ж. 15-бет.
18 Ә.І. Сембаев. Қазақ совет мектептерінің тарихы. Алматы, 1967ж. 50-бет.
19 И.Н. Быстрицкий. Система правового воспитания учащихся в специальных школах. Дисс. к.п.н. Москва, 1986г. 21-стр.
20 Қ.Б. Сейталиев. Тәрбие теориясы. Алматы, 1986ж. 75-бет.
21 А.Н. Тесленко. Психология и педагогика в деятельности правоохранительных органов (УМК) Астана, 2000г. 221-стр.
22 Қ.Д. Жоламан, А.Қ.Мұхтарова, А.Н.Төрекелов. Мемлекет және құқық теориясы Алматы, 1999ж. 196-бет.
23 Д.А. Булгакова. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2004ж. 99-бет.
24 А.Н. Аббасов. Совместная работа школы, семьи и общественности в правовом воспитания учащихся 8-10 классов. Дисс. к.п.н. Баку, 1987г, 17-стр.
25 В.М. Коротов. Мектептегі тәрбие жұмысы. Документтер жинағы. Құрастырушы және кірісае мақалалар. Алматы, 1978ж. 94-бет.
26 И.С. Макарьенко. Организация и руководства воспитатаельной работы в школе. Москва, 1974г. 16-стр.
27 Д.Б. Бұғыбаева. Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жаза тағайындаудың ерекшеліктері. з.ғ.к. дисс. Алматы, 1999ж. 7-бет.
28 К.Бегалиев. Предупреждние безнадзорности и правонарушений несовершеннолетних. Алматы, 1980г. 4-5 стр.
29 Г.П.Давыдов. Основы правового воспитания учащихся общеобразовательной школы Дисс. доктора пед. наук. Москва,1985г. 27-28 стр.
30 В.М.Коротов. Мектептегі тәрбие жұмысы. Документтер жинағы. Құрастырушы және кіріспе мақалалар. Алматы, 1978ж. 95 бет.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Философия және саясаттану факультеті

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы

Диплом (Бітіру) жұмысы

Ауыл жастарының құқықтық әлеуметтенуі

Орындаған 4 курс студенті

Ғылыми жетекші

Норма бақылаушы

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға жіберілді

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Құқықтық әлеуметтендірудің мазмұны мен мәні 6
1.2Құқықтық тәрбиенің қалыптасу тарихы 14
2 АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1Құқықтық әлеуметтендірудің қоғамдағы рөлі мен маңызы 18
2.2Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің негіздері 26
2.3Құқықтық әлеуметтендіру жүйесі 34
ҚОРЫТЫҢДЫ 40
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 42
ҚОСЫМШАЛАР 44

КІРІСПЕ

Бітіру жұмысның өзектілігі. Жастар саясатын дұрыс жүргізе отырып оларды
әлеуметтендіру жолдарына төмендегілер жатады:

1. Қазақстан патриоттарын қалыптастыру, яғни жеке бас құқықтарымен
бостандықтарын сыйлайтын, ұлттық және діни төзімділік танытатын,
басқа халықтар дәстүрі мәдениетіне сыйластықпен қарайтын,
азаматтық ұстанымы бар, ұлтжанды, отансүйгіш азаматтарды
қалыптастыру.

2. Бейбітшілік және өзара қатынас мәдениетін қалыптастыру, мемлекет
ішіндегі саяси кикілжің болған жағдайда күщ жұмсамай шешу
қабілетін бойға сіңіру, мемлекетті агрессиядан қорғауды ұғындыру.

3. Жастардың жан-жақты дер кезінде дамуына жағдай туғызу, олардың
шығармашылық қабілетін, жеке басының өмірдегі өз орнын таба
білуін, өз құқығын қорғай алуын, қоғамдық ұйымдар жұмысына
қатысуын қамтамасыз ету.

4. Жастар бойында еңбекке деген дұрыс мотивация қалыптастыру, жоғары
іскерлік белсенділігін арттыру, кәсіптік шеберлікке қол жеткізуін
қамтамасыз ету, жұмыс нарығында тиімді мінез-құлық этикасын
қалыптастыру.

5. Жастардың түрлі қоғамдық дағдыларды меңгеруін қамтамасыз ету,
олардың бойына қоғам әлеуеттілігі мен жағдайына деген
жауапкершілік сезімін қалыптастыру, олардың әлеуметтік мінез-
құлық мәдениетін қалыптастыру.
Жаңа нарықтық қоғамдық қатынастар жүйесіне өту үрдісінде бұрындары
қалыптасқан экономикалық-өндірістік жүйе тоқырауға ұшырап, елімізде
жұмыссыздық, осыған, байланысты туындаған жоқшылық көп қиындықтар тудырды.
Жұмыс іздеп босқан ауыл жастары тарапынан құқық бұзушылық - ұрлық істеу,
қарақшылық жасап жол тору, барымташылық, балағатшылдық, т.т. көбейді. Міне,
осының бәрі жинақтала келіп ауыл жастарын құқықтық тұрғыдан
әлеуметтендіріп, қоғам өміріне өз құқықтарын қорғап қана қоймай, заңды
міндеттерін түсінетін, құқық бұзушылық жасаса, ол үшін заң алдында жауап
беретіндігін сезінетін, қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың сақталуына үнемі
мүдделік танытып жүретін құқықтық мінез-құлықтары үлгілі, кәсіби
біліктіліктері жоғары азаматтар етіп қосу қажеттілігін күн тәртібіне қойып
отыр [31]. Бұл түсінікті де. Себебі жас ұрпақты құқықтық тұрғыдан
әлеуметтендіріп, қоғамдық өмірге құқықтық мәдениеті жоғары, іскер де
белсенді азамат етіп қосу адамзат өркениетті дамуының алғы шарттарының
бірінен саналады. Себебі, құқықтық әлеуметтендіру барысында өсіп келе
жатқан жас ұрпаққа адамгершілікке негізделген қарым-қатынас тәжірибесі
игертілуімен қатар, қоғамдық өмірді реттеулерге бағдарланған заңдар мен
заңдық күші бар нормалар туралы мәліметтер беріледі. Ал, өз кезегінде
жастардың бойына сіңдірілген құқықтық сапалық қасиеттер олардың алдағы
өмірлерінде адамгершілік қылықтары мен құқықтық мәдениеттерінің мазмұнын
құрайды. Демек, бұл мәселенің оңды шешілуінің негізгі бағыттары мен
жолдарын екшелеп, зерделеудің мемлекет үшін терең әлеуметтік мәні бар.
Мемлекетіміздің елбасы Н.Ә.Назарбаев 2001 жылдың 7 қыркүйегінде Ақтау
қаласындағы өткен жастардың бірінші конгресіндегі баяндамасында Қазақстан
Республикасының халқы мен жас азаматтарының Қазақстан өркениетті
мемлекеттер қатарында болуы үшін оқуда белсенді және өздеріне сенімді
болуға шақырады. Қазақстан Республикасы азаматтарының білім деңгейі мен
тәрбиелік сипаты әлемдік мәдениетке сай болуы керектігін атап көрсетті.

Тәрбие – жеке адамды мақсатты, жүйелі әлеуметтену қағидасы болып
табылады. Әлеуметтану ғылымында тәрбиенің патриоттық, отан сүйгіштік,
адамгершілік, еңбек, дене, эстетикалық, экологиялық, жыныстық,
экономикалық, құқықтық сияқты түрлері зерттелген. Осы аталған тәрбие жүйесі
өзара байланысты және олар бір ғана мақсат тұтады. Тәрбие мақсаты – Отанын
сүйетін, нағыз еңбекқор, мемлекет пен қоғамға зиян келтірмейтін, заң
нормаларына бағынатын Қазақстан Республикасының саналы азаматы тұлғасын
қалыптастырып, дамыту [1, 4 б.].

Зерттеу пәні мен объектісі ауыл жастарын құқықтық тұрғыдан
тәрбиелеудегі мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтендіру институттарының заң
баптарындағы құқықтық нормалардың мән - мағыналарын түсіндіру, тәртіп
бұзушылықтың алдын алу, құқықты оқыту мен насихаттаудың ұйымдастырылуын
жетілдіру, тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру.

Бітіру жұмыстың мақсаты мен міндеті. Жұмыстың мақсаты тақырыптың
өзектілігі мен шешілетін мәселенің маңыздылық деңгейіне байланыты анықталып
отыр. Жұмыстың негізгі мақсаты ауыл жастарының құқық тәрбиесін саяси
тұрғыда әлеуметтендіру ерекшеліктерін, оған ықпал ететін әлеуметтендіру
факторларын, отбасы, мектеп сияқты әлеуметтік институттардың жастарға
адамгершілік, патриоттық тәрбие берудегі ролін, нарықтық қатынастардың
орнығуына байланысты әлеуметтендіру мәселесіне қатысты туындап отырған
мәселелерді, қайшылықтарды анықтап, шешу жолдарын табу.

Кез-келген мемлекеттің алдына қойған мақсаттарына қол жеткізу
жастардың толық қамтымайынша мүмкін емес. Жастарды әлеуметтендірудің қоғам
дамуындағы алатын орны ерекше. Жастарды әлеуметтендіру мақсаты –
қалыптасқан экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани-идеологиялық
құрылымдарды сақтай отырып, одан әрі дамыту. Жастарды әлеуметтендру, яғни
оларды қоғамдық-саяси өмірге тарту, өткен буынның тәжірбиесі мен салт-
дәстүрлерін зерттеу, ұғыну, қалыптасқан қатынастар нормасын қабылдау және
белгілі әлеуметтік-саяси рольді атқаруға дайын болуын қамтамасыз ету. Бұл
орайда, айта кетер жайт жастарды әлеуметтендіру дегеніміз олардың белгілі
бір әлеуметтік-саяси нормалар мен құндылықтарды ырықсыз түрде қабылдай
беруі емес, керісінше бұл олардың белсенділігі мен ерікті таңдауы болуы
тиіс.
Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі. Жастарды құқықтық әлеуметтендіру
мәселелері құқық социолоиясында өте аз зерттелген. Дегенмен құқық
социологиясы жас ұрпақты құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру мәселелерімен
айналысқан ғалымдардың қатарында Америка Құрама Құрама Штаттарынан – Ж.
Гурвичті, К. Мертонды, Т. Парсонсты, Р. Паундты, П. Сорокинді
; Германиядан – Р.фон Иерингті, Е. Эрлихті; Франциядан – М.
Гравитцті Ж. Карбоньені, Р. Пэнтоны; Ресейден – С.С. Алексеевті,
Б.К. Бабаевты, Ю.И. Гревцовті, В.П. Казимирчукті, И.Конді, В.Н.
Кудрявцевті, В.В. Лапаеваны; Қазақстаннан – Т.А. Ағдарбековті, М.Т.
Баймахановты, Қ.А. Жиреншинді, А.С. Ибраеваны, М.Х. Матаеваны, М.С.
Нәрікбаевты, Ғ.С. Сапарғалиевті, С.А. Табановты, Ш.В.
Тлепинаны т.б. атаған орынды. Сонымен қатар жастар арасында жиі бой
көрсетіп қалатын девианттық мінез - құлық, криминологиялық – қылмыстық
істердің алдын алу мәселелерін зерттеулермен айналысатын ғалымдардың,
мысалы, ресейліктер – В.С. Афанасьевтің, Г.А. Аванесовтың,
Я.И. Гилинскийдің, К.Е. Игошевтің, Г.М.Миньковскийдің, М.Д.
Шаргородскийдің; Қазақстаннан – А.Н. Ағыбаевтың, Е.О.
Алаухановтың, М.С. Бейбітовтың, Ж.Д. Бусурмановтың, Ю.В. Герасименконың,
Е.І. Қайыржановтың, М.Ч. Қоғамовтың , С.С.
Молдабаевтың, Ғ.М. Мукашевтың, Р.Т. Нұртаевтың, Б.М. Нұрғалиевтың, М.О.
Нукеновтың, Е.Ә. Оңғарбаевтың, Р.А. Подопригораның, И.И. Роговтың, Г.Р.
Рүстемованың, С.Ф. Ударцевтің, А.И. Худяковтің т.б. еңбектерінде жастарды
құқықтық тұрғыдан әлеуметттендіру қажет деп айтылғанымен, олардың ешқайсысы
да бұл мәселені жеке зерттеу обьектісі ретінде қарастырып, екшелемеген.
Міне осының өзі-ақ ауыл жастарын құқықтық тұрғыдан әлеуметтендірудің мән-
мағынасын зерделеп, саралаудың маңыздылығын негіздеп беріп отыр десек,
артық айтқандық бола қоймас.
Бітіру жұмысының методологиялық негіздері. Жастарды құқықтық
әлеуметтендірудің ең өзекті жұйесі – құқықтық тәрбие беру. Қазіргі уақытта
құқықтық мемлекет құру мақсатында азаматтық қоғамды жоғары дәрежеде дамыту,
жас жеткіншектердің құқықтық сана-сезімімен жүзеге асады. Ал тұлғаның
құқықтық санасы мен мәдениеті мектеп табалдырығынан бастау алатын құқықтық
тәрбие үрдісінің өтілу сапасына байланысты қалыптасып, дамиды. Мектептегі
құқықтық тәрбиені жүзеге асырушы тұлға – мұғалім-тәрбиеші.

Жоғарыда айтылып өткен құқықтық тәрбие мен болашақ мұғалім-
тәрбиешілерді даярлау жөніндегі мәселелер осы жұмыста талқыланып
көрсетіледі.

Ұсынылып отырған бітіру жұмысында құқықтық тәрбие тарихы, ұлы ойшылдар
мен ғалымдардың теориялары, құқықтық тәрбие мақсаты, мазмұны, мәні,
педагогикалық негіздері мен әдіс-тәсілдері, болашақ мұғалімдерді құқықтық
тәрбиелеуге даярлау негіздері мен маңыздылығы толық қамтылған. Сонымен
қатар мектептегі құқықтық тәрбиенің жалпылама жоспары, оқушылардың құқықтық
білімін, санасы мен мәдениетін қалыптастырып, дамытуға негізделген түрлі
жағдай тудыратын есептер, адам мен балалардың құқықтары мен бостандықтары
туралы халықаралық конвенция үзінділері қосымша ретінде берілген.

Бітіру жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1 ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Құқықтық әлеуметтендірудің мазмұны мен мәні

Әлеуметтендіру дегеніміз - адамзат өркениетінің қалыптасып, дамуы
барысында орнығып, тұрақтанған әлеуметтік тәжірибені өскелең ұрпаққа
меңгерту арқылы оларға қоғамдық өмірден өз орындарын табуға ықпал ету деген
түсініктің жиынтық ұғымы. Осыған сәйкес құқықтық әлеуметтендіру үрдісінде
өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік қалпы мен құқықтық мәдениет, сондай-ақ
осы саналық қасиеттердің олардың бойында қалыптасқандығының белгісі ретінде
заңды құқықтық мінез-құлықтары қалыптастырылады. Демек, құқықтық тұрғыдан
әлеуметтендіру жас ұрпақтың қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынастарының
астарын түсінуге, сондай - ақ қоғам өмірінің әртүрлі жақтарында жүріп
жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, моральдық-этикалық, өндірістік,
экологиялық, т.б. осылар сияқты қатынастарды реттеуші заңдық күші бар құқық
нормаларын, адамгершілік қалыптарын, адамшылдық қасиеттерді меңгертуге,
қоғамдық тәртіп пен заңдылықты сақтауға ұйтқы болады. Өскелең ұрпақтың
бойына сіңірілген құқықтық сапалық қасиеттер олардың алдағы өмірінде
адамгершілік қылықтары мен құқықтық мәдениеттерінің мазмұнын құрайды.
Күнделікті өмірде олардың бойына жұққан девианттық мінез-құлықтан арылуға
мұрындық болады. Жастарды құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру олардың
қоғамдағы өз орындары мен мәртебесін білетін,көпшілік ортада өздерін–өздері
ұстай алатын, тәртіп бұзса заң алдында жауап беретінін сезінетін, белгілі
бір кәсіби мамандықты меңгеруге талаптануы керектігін түсінетін, сондай-ақ
өз құқықтары мен бостандықтарын қорғай алатын, заңды міндетін орындайтын,
заң үстемдігін мойындайтын құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болып
қалыптасуларына ықпал етеді. Құқықтану ілімінде құқықтық тәрбие әдіс -
амалдары жөнінде нақтылы талдау жоқ. Негізінен бұл саладағы талдаулар
құқықтық тәрбие әдіс-тәсілдерін саралауларға арналған. Сондықтан біз
өскелең ұрпақты құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіруде белгілі бір әлеуметтік
мәні бар тәрбие нысандары мен амалдары пайдаланатынын есепке ала отырып,
құқықтық тәрбиеде жиі пайдаланылатын бірнеше тәрбие нысандары мен амалдарын
қысқаша сипаттап өтуді дұрыс деп есептедік. Адамгершілік тәрбиесі -
жастардың адамгершілік сана сезімін, іс-әрекетін қалыптастырып, құндылық
бағдарын айқындайтын тәрбие. Адамгершілікке негізделген қарым-қатынас
тәжірибесін игертеді. Адамгершілік тәрбиесі білім, білік, дағдыларды
игертумен қатар, тұлғаның ар-ожданын, танымдық, қызығушылығын кешенді түрде
дамытады. Адамды сүюді, оның бостандығын, құқығын, қадір - қасиетін
құрметтеуді, рақымшылық пен шыншылдық қасиеттерін қалыптастырады. құқықтық
реттеушілікті өз мазмұнына қоса отырып, құқықтық тәрбиенің мазмұнын
құрайды. Азаматтық тәрбие жастарға заң, әлеуметтік, адамгершілік және саяси
жағынан өзін кәдеге жараймын деп сезінуге мүмкіндік беретін жеке тұлғаның
интегративті қасиеті ретіндегі азаматтық құлқын қалыптастырады. Құқықтық
тәрбие - жастарға күнделікті өмірде, іc-әрекетте заңдар мен заңдық күші бар
нормаларды қалай пайдалануға болатындығын түсіндіреді, қоғамдық тәртіпті
сақтауға, заң үстемдігін мойындауға тәрбиелейді, жастардың бойында құқықтық
мәдениеті, оның көріну нысаны ретіндегі заңды құқықтық мінез-құлықты
қалыптастырады. Құқықтық тәрбиенің мақсаты - жастарды мемлекет заңдары мен
қоғамда өмірсүру ережелерін құрметтеуге, қоғамның даму заңдылықтарын бұзуға
төзімсіздікке, қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеу. Әрбір жастың бойына
сіңдірілген осысапалық қасиеттер алдағы өмірінде оның құқықтық мәдениетінің
мәнін құрайды. Сонымен қатар, жоғары адамгершілік қалыптары мен заң
мәтіндерінің мазмұнын насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдары, соның
ішінде, әсіресе,телевидение айрықша орын алады. Жалпылама айтқанда, жоғары
адамгершілік қадір-қасиеттер мен құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі
орны мен рөлін түсіндірудің барлық құралдары мен нысандарының түпкі мақсаты
- өскелең ұрпаққа елімізде тұрақтанып, орныққан әлеуметтік нормалардың,
құқықтық нормативтік актілердің, тәртіп ережелерінің мән-мағыналарын
ұғындыру, адамгершілік құлық пен құқық негіздерін меңгерту, гуманистік
адамшылдық қадір-қасиеттердің, қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың сақталуы
қажеттілігін түсіндіру, заң бұзушылықтың алдын алуға қызмет ету.
Құқықтық әлеуметтендіру тұлғаның заңды білуіне, құқықтық нормаларды
сыйлауына, ерікті түрде заң талабын орындауына және оны қорғауға ықпал
етеді. Құқықтық әлеуметтену қызметін сапалы пайдалану үрдісінде дамыған
мемлекеттің заңды қатынасын дұрыс ұғындырып, қалыптастырған жөн. Құқықтық
әлеуметтену үрдісінде көптеген мәселелер кешені қамтылады. Соның ішіндегі
бірі – құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары.

Құқық бұзушылықтың алдын-алудың негізгі мақсаты – тұлғаның санасындағы,
әрекетіндегі құбылмалы өзгерістерді шектеп, оның өзгерілуіне жол бермеу. Ал
құқықтық әлеуметтендірудің, яғни құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты – заң
нормаларына бағынатын, өз міндеттерін мойындайтын, заң тәртібін бұзбайтын,
құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары дәрежеде қалыптасқан құқықтық
мемлекеттің үлгілі азаматын тәрбиелеу. Жасөспірімді құқықтық тәрбиелеу
арқылы қоғамдағы әртүрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүзеге
асады. Осыған байланысты байланысты құқықтық әлеуметтендіру жалпы тәрбие
жүйесінің ерекше орынға иелі саласы десек, жаңылмаймыз.

Сонымен, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларынан құқықтық
әлеуметтендірудің ерекшелігі:

- әсер етуші субъектілердің (объектілердің) көлемі бойынша;

- алдын алу шаралары өткізілетін оқушылар контингентінің сипаты бойынша
(алдын алу шаралары құқықтық санасы мен тәртібі дұрыс қалыптаспаған
оқушылар арасында өткізілсе, құқықтық тәрбиелеу барлық оқушыларға бірдей
жүргізіледі);

- заңға бағынбаушылықтың алдын алу уақыты бойынша және т.б. [2; 72 б.].

Құқықтық санасы мен мәдениеті дамыған тұлға заң нормаларына бағынып, өз
міндеттерін орындап, заңға қайшы әрекет жасамайды. Сондықтан да құқықтық
тәрбиені ойдағыдай жүзеге асыру үшін жасөспірімнің құқықтық санасы мен
мәдениетін қалыптастырып дамыту қажет.

Тұлғаның құқықтық санасы мен мәдениетінің дұрыс қалыптасуына оны
қоршаған ортаның, яғни қоғам, мектеп, жанұяның ықпалы зор. Осы мәселеге
байланысты Абай Құнанбаев: Балаға үш мінез алуан адамнан жұғады, бірінші –
ата-анасынан, екінші – ұстазынан, үшінші - құрбысынан, - деген пікір
айтқан.

Жасөспірімді құқықтық тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстарды бірыңғай
жоспарлау, ата-аналармен әр саладағы қатынас формаларын байланыстыру,
педагогикалық білімді насихаттап, тәжірбие жинақтау және оның қалыптастыру
әдістері мектептің, жанұяның және қоғамның қатынасындамытады.

Тұлғаны құқықтық әлеуметтендіру барысында педагогикалық қызметтен
кеткет қателікті болашақтағы есейген адамның немесе тұлғаның құқықтық
мәдениетінен көрініс алады. Осы орайда А.С. Макаренконың: анағұрлым қиын
тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге
тырысу керек деген пікірін ұмытпаған жөн. Адамның құқықтық санасы мен
мәдениетін дамыту құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты болып табылады.

Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу; заң
нормаларын орындау; қоғамдық тәртіпті, заң нормаларын бұзбау; заң күшіне
сену және т.б. Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға – құқықтық мемлекеттің
үлгілі азаматы.

Құқықтық мәдениет құқықтық нигилизмнің пайда болуымен қатар дамымайтын
және қоғамның жан-жақты өркендеуінің кепілі болатын құқықтық мемлекетпен
тығыз байланысты. Мұндай мемлекетте мемлекет пен азамат арасындағы
туындаған қатынастың негізі құқық болып табылады. Тәртіп ережесінің жүйесі
ретінде құқық мемлекет мен азаматтар үшін міндетті. Құқықтық мәдениеттің
қалыптаспауынан тұлғаның бостандығы мен қауіпсіздігі, азаматтық
белсенділігі жойылады немесе пайда болмайды [3; 23 б.].

Тұлғаның құқықтық мәдениетімен қоса құқықтық санасын қалыптастырып,
дамыту – құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаттарының бірі. Адамның құқықтық
санасы қалыптаспай оның құқықтық мәдениеті жетілмейді. Сол себепті құқықтық
сананы қалыптастыру мәселесіне көп көңіл бөлген дұрыс.

Құқықтық сана – Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып
жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына және қалауына, құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға
құқықтық сезімдердің, әсерлігінің, көзқарастарының, пікірлерінің,
бағаларының жүйесі [4; 157 б.]. Бұл анықтама заңгер ғалымдардың осы
саладағы кездесетін ғылыми еңбектерінде көрініс табады. Сонымен бірге
құқықтық сана мен мәдениет, оларды дамыту мәселелері құқықтық тәрбиеге
бағытталған Е.В. Татаринцева, Ғ.С . Сапарғалиев, А.К. Котов,
В.В. Головчено сынды авторлардың еңбектерінде кездеседі.

Құқықтық әлеуметтену өз деңгейінде жүзеге асуы үшін тәрбиеленуші
тұлғаның құқықтық білімін, алынған білімі арқылы құқықтық санасын,
мәдениетін қалыптастыру – негізгі мақсат. Мұғалім-тәрбиеші адамның құқықтық
санасы құқықты ұғынудан бастау алатындығын білгені дұрыс. Құқықтық сана мен
құқықты ұғыну құқықтық білім негізінде жүзеге асады. Тұлға құқықтық білім
алмай заңды әрекет пен заңсыз әрекетті ажырата алмайды; сондай-ақ заң мен
құқықтың күшін сезінбейді; өздерінің құқықтары мен бостандықтарын біліп,
қорғай алмайды; өз міндеттерін орындамайды. Осы орайда тұлғаның алған
құқықтық білімі арқылы құқықты ұғыну процесінің жүзеге асатындығына көзіміз
жетеді. Әрине, кез-келген адамның санасындағы құқық ұғымы құқық
нормаларының ортаға оң немесе теріс әсер етуші норма сипатында, яғни
жалпылама түсінік ретінде орын алатындығы анық. Сол себепті бұл жағдайда
құқықтық білім беру – адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында
орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі. Нақты айтсақ,
құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның құқықтық
санасы қалыптасып, дамиды.

Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға
дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру – құқықтық сананың негізгі
белгілері. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде
мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Оған дәлел А.С. Макаренконың
мына бір пікірі: Бала тәрбиесі біздің өміріміздің ең маңызды саласы.
Біздің балаларымыз – мемлекетіміздің, әлемнің болашақ азаматтары. Дұрыс
тәрбие – бұл бақытты болашақ, нашар тәрбие – бұл болашақтағы біздің басқа
адамдар мен бүкіл ел алдындағы кінәміз. Есейген адамға қарағанда санасы
мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім – әлеуметтендірудің
қолайлы объектісі болып табылады [5; 93 б.]. Сонымен тұлғаның құқықтық
санасы мектептегі құқықтық білім беру мен тәрбиелеу жүйесі арқылы
қалыптасатындығына көзіміз жетті.

Құқықтық тәрбие беру әдістері әлеуметтенуші, яғни тәрбиеленуші тұлғаның
жалпы санасы мен мінез-құлқына елеулі әсер етеді. Жасөспірімнің құқықтық
санасы тұлғаның жалпылама даму деңгейімен байланысты қалыптасады. Құқықтық
сана өзінің құрамына қарай екі топқа жіктелінеді: құқықтық идеология мен
құқықтық психология. Құқықтық идеология – бұл құқық саласында қоғамдағы
қатынастарды, құбылыстарды ғалымдардың зерттеулері мен дәлелдерін ғылыми
жүйеге келтіру. Құқықтық психология дегеніміз жеке тұлғаның санасына
құқықты ұғыну, оған бағыну, талаптарын орындау, заңдарды дұрыс қолдану әдіс-
тәсілдері. Осы мәселелердің жүйелі орындалу салдарынан тұлғаның құқықтық
санасы жоғары деңгейде қалыптасады. Адамның құқықтық санасын дамыту арқылы
құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматын тәрбиелеу – бүгінде өзекті мәселе.

Адамның құқықтық санасын зерттеу барысында оның құқық нормаларын
орындау міндеттері жөнінде бірнеше ережелер талқыланып, болжамдалды. Оған
назар аударатын болсақ, олар – адамның [6; 110 б.]:

1) заң нормалары мен актілерінің орындалу дұрыстығын, оның қоршаған ортаға
пайдасын, қажеттігін қоғамдық мақсат ретінде ұғынуы;

2) құқық бұзылған жағдайда қолданылатын заңды жауапкершіліктер мен жаза
шараларынан сескенуі;

3) қоғамдық мақсатқа сәйкес келетін және тұлғаға пайдалы заңды әрекеттерді
білуі;

4) құқықтық тәртіпті әдетке айналдыруы;

5) қатынасқа түсуші ортаның заңды әрекеттерінің жеке тұлға санасына әсері.

Тұлғаның құқықтық санасы қоғамдық қатынастар мен байланыстар,
нормативтік бағыттар, қоғамдық практика жүйелерінің ықпалымен қалыптасып,
дамиды. Құқықтық сананың қалыптасуы мен дамуы – күрделі үрдіс. Оның
ойдағыдай жүзеге асуы үшін құқықтық сана қызметі өз мақсатына жетуі керек.

Құқықтық сананың негізгі қызметі – азаматтық қоғам мен мемлекеттік
құрылымға субъектінің кәсіби қатынастарын ұғындыру және тұлғаны заң
нормаларына бағындыру. Құқықтық сананың ерекшелігі мемлекетпен, қоғам
құрылымымен және олардың жағдайымен анықталады.

Жеке тұлғаға құқықтық тәрбие беру маңызы мен мазмұнына оның құқықтық
ойлау қабілетін және құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық мемлекеттің
негізгі мақсаттары мен саясаттарын ұғындыру шаралары арқылы адамның
құқықтық санасын жетілдіріп, дамыту тәсілдеріне жақызуға болады.

Тұлғаның құқықтық санасы мен тәртібін құқықтық тәрбие беру арқылы
қалыптастыра отырып, тұлға өзінің қоғамдық борышын, заң нормаларын орындау
және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғау міндеттерін ұғынатын саналы
азаматты тәрбиелеу құқықтың негізгі қызметін жүзеге асырады. Бұл салада
құқық құқықтық тәрбиенің нысанды негізі болып қаралса, құқықтық сана
тұлғаның санасындағы құқықтық құбылыстардың көрінісі ретінде немесе
құқықтық тәрбиенің субьективті негізі болып табылады.

Адамның құқықтық дамуы құқықтық тәрбиенің арнайы мақсатын құрайды.
Нақтылап айтсақ: құқықтану; тұлғаның құқықты ұғынуы; адамның құқыққа
қызығушылығының және заңға оң көзқарасын қалыптастыру және т.б.

Құқықтық тәрбие өзіндік әсер етуші нысанға иелене отырып, тұлғаның
жалпы санасы мен әрекетіне ықпал етеді. Құқықтық сана деңгейі адам дамуның
жалпы деңгейіне байланысты жіктеледі.

Сонымен жеке тұлғаға сапалы құқықтық тәрбие берудің негізгі дәлелі –
тұлғаның жоғары деңгейде дамыған құқықтық санасы мен мәдениеті. Мектеп
табалдырығынан басталатын құқықтық әлеуметтену оқушының құқықтық ұғымын
қалай отырып, құқықтық санасын қалыптастырып, жетілдіреді.

Құқықтық тәрбиенің мақсаты тұлғаның құқықтық санасы мен мәдениеті ғана
емес, сондай-ақ барлық құқықтық қызметінің негізгі бағыттарын анықтай
отырып, осы үрдістің сапалы жүзеге асуына негіз болады.

Жасөспірімді құқықтық тәрбиеге баулу арқылы оның өз құқықтары мен
бостандықтарын, міндеттерін тануы, заң талаптарын орындауы, заң нормаларын
толық ұғынуы, заңға қарсы әрекеттердің мемлекетке, қоғамға, жеке тұлғаға
залалын және ол үшін жазалау шегін білуі және т.б. тәрбие шаралары арқылы
қалыптасып, дамыған құқықтық санасы мен мәдениетіне байланыстылығын
танытуға болады.

Сонымен құқықтық тәрбиенің мақсаты – құқықтық санасы мен мәдениеті
жоғары деңгейде дамыған тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Құқықтық
санасы мен мәдениеті қалыптасқан тұлға дегеніміз заң мен құқық күшін
сезінетін, мемлекеттік аппараттар жүйесін, қызметтерін, өкілеттіктерін
ұғынатын, құқық бұзушылықтың түрлерін, заңды жауапкершілік шараларын
білетін, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғай алатын, заңды міндеттерін
орындайтын құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматын әлеуметтендіру.

Бөлімде ауыл жастарын құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіруге себепші болып
отырған девианттық мінез-құлықтың мәні,оның түрлері, сипаттамалық
белгілері, ауытқымалы мінез-құлықтың ауыл жастарының бойына жұғу себептері
мен оның зардапты салдарлары,оның алдын алуды негіздеулердің теориялық-
методологиялық және құқықтық-заңнамалық қайнар көздері талданды.
Девианттық мінез-құлық бұл қоғамға жат әрі қоғамдық тәртіпті бұзатын
барлық теріс қылықтар: ұсақ бұзақылық, көпшілік орында боқтап - балағаттау,
басқалардың ар-намысына, шамына тиіп ұрыну, ауыр сөздер айту, қылмыс жасау,
ұрлық істеу, қарақшылық, нашақорлық, жезөкшелік, т.с.с. Ғалымдар ауытқымалы
мінез-құлықтың жастардың бойына жұғу себептерін және оның зардапты
салдарларын, алдын алудың жолдарын ашып беруге, түсіндіруге тырысады.
Айталық, девиацияны биологиялық және психологиялық тұрғыдан түсіндіру, ең
алдымен, ауытқымалы қылық адамның мінезімен байланысты деген пікір аясына
келіп сияды (Ч. Ламброзо, Х. Шелдон, З.Фрейд,т.б). Ал, девианттық мінез-
құлықтың құқықтық-заңнамалық және социологиялық түсіндірмелері жоғарыда
мысал ретінде келтірілген себептердің әсерін жоққа шығармайды, бірақ
ауытқымалы мінез-құлықтың туу және дамып, қалыптасу себептерін әлеуметтік-
мәдени факторлармен, яғни белгілі бір қоғам дамуының
белгілі бір кезеңіндегі оның әлеуметтік-экономикалық және рухани – мәдени
жағдайының нақтылы қалпымен байланыстыра қарастырады (Г.А. Аванесов, М.
Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Ж. Карбонье, Р. Паунд, Парсонс, Г. Спенсер,
Е. Эрлих, Я.И. Гилинский, Н.М. Коркунов, В.Н. Кудрявцев, Н. Луман,
П.А. Сорокин, Т.А. Ағдарбеков, А.Н. Ағыбаев, М.Т. Баймаханов,
Ж.Д. Бусурманов, Қ.А. Жиреншин, М.С. Нәрікбаев, М.Х. Матаева,
С.Ф. Ударцев т.б.). Осы тұжырымдаманың дәлелі ретінде жастар арасында
жағымсыз және қылмыстық қылықтардың туындауына септігін тигізетін ақуал
ретінде нақты қоршаған ортаның және бұзақылық әрекеттерге итермелейтін ішкі
түрткілік (мотивациялық) механизмін түсіндіру мақсатымен Түркістан қаласы
және оның айналасындағы ауыл жастары арасында өзі жүргізген нақты -
социологиялық зерттеу мәліметтерін мысалға келтіреді. Сауалнамаға барлығы
345 респондент жауап қайтарды. Олардың 28,5% қыздар, ал 62,5% жас жігіттер
құрады. Сұрақ - жауапқа тартылғандардың дені ауыл жастары. Электронды-
есептеу машинесіне дұрыс толтырылған 316 анкета салынды. Алынған мәліметтер
ауыл жастары арасында кеңінен тараған қылмыстық істердің, жасалған
ұрлықтың, зорлық-зомбылықтың, бұзақылықтың, күш көрсетулердің,
жезөкшеліктің, т.с.с.пайда болуы мен дамуы себептерін анықтауға себебін
тигізді. Сауалнама сұрақтары дискотека, клуб, кафелерде көп жүретін
жасөспірімдер арасында таратылды. Жауап беруші респонденттердің араларында
сенімділік туындаған кезде ғана анкеталар толтырыла бастады. Жауап беруші
респонденттер саны 4-5 адамнан 25-30 адамға дейін ауытқыды. Олардың 21
пайызы мектеп оқушылары, 36,3 пайызы мектепті бітіріп кеткендер, бірақ
әзірге еш жерде жұмыс істемейді, 10 пайызы колледждер мен техникум
оқушылары, 6 пайызы ЖОО студенттері, 26,7 пайызы әр жерлерде, уақытша жұмыс
жасайтындар. Жалпы сұралғандардың 11 пайызы Түркістан қаласының тұрғылықты
тұрғындары, 84,8 ауылдық жерлерден келгендер, 4,2 пайызы оралмандар.
Сұралған респонденттердің 15,2 пайызы өз үйлерінде, 12,4 пайызы
жатақханаларда тұрады, қалғандары қала айналасындағы ауыл, село тұрғындары.
Қалаға қатынап жұмыс істейді, не оқиды, тіпті болмаса жәй қыдыруға, ойын -
сауыққа келеді. Құқықтық мәселелер сұралғандардың ойында қарама-қайшы
пікірлерге толы. Сауалнама сұрақтарына жауап қайтарғандардың ақшаның қайдан
келетініне мән бермей, әйтеуір болса болды дегендері 44 пайызбен бірінші
орынды иеленсе, екінші орынды адамгершілікті өз пікірлеріне азда болса
арқау еткендер, яғни өзіңе ыңғайсыз жағдайды, екінші адамға жасама –
дегендер 40 пайызды құрады. Үшінші орындағы әркім өз қалауынша өмір сүруге
тиіс-деген жауапты мансұқ тұтқандар 39 пайыз дауыс жинақтады. Біздің
заманымызда күшің болмаса, еш нәрсеге қол жеткізу мүмкін емес дейтін қол
күші мықтылар төртінші орынды қанағат тұтты - 28 пайыз. Тұтас алғанда
барлық сұралғандардың 17 пайызы заңды білу және құрметтеу өз құқығыңды
қорғау үшін қажет деген пікір ұстанып, заң талаптарына құрметтеушілік
сезімдерін білдірді. 31 пайызы заң талаптарын орындауға асықпаймыз деген
пікірлер айтты. Ауыл жастары арасында қылмыстық кодекс пен істеген залалды
істері үшін жауапкершілік берулері керектігін түсінетіндері де шамалы
болды. Олардың 44 пайызы қылмыстық кодекс баптарынан аз - маз хабардармыз
десе, 38 пайызы ешнәрсе білмейміз деген жауаптар қайтарды. Тұтас алғанда
сауалнама сұрақтарына жауап бергендердің 39 пайызы кез - келген қылмыстық
істі жасауға дайын екендіктерін білдірсе, 21 пайызы ондай қылықтардан бас
тарту керек деп есептейді, ал қалған 40 пайызы қылмыстық әрекеттерге
бармауға тырысады. ”Апиын, есірткі немесе басқа да организмге залалды
заттар қолдандың ба?” - деген сұраққа жауап бергендердің 3,5 пайызы “жоқ’’
деп жауап берсе, қолдағандары туралы сұралғандардың 36,5 пайызы мойындады.
Сауалнама сұрақтарына қайтарылған жауаптардан байқап отырғанымыздай,
көбінесе ішімдік ішуге немесе есірткі шегуге үйір жасөспірімдер қылмыс
жасауға бір табан болса да жақын тұрады. Жасөспірімдер арасында орныққан
келесі бір маңызды фактор - олардың өз құрбы - құрдастары арасында зорлық-
зомбылық жасауға әзір тұратындықтары. Сауалнама сұрақтарына жауап
бергендердің 77,2 пайызының пікірлеріне қарағанда қазіргі кезде күш
көрсетпей ешнәрсеге қол жеткізу мүмкін емес болса, сұралғандардың 21,8
адамгершілік жасау әлсіздік белгісі деп санайды. Мысалы, сұралғандардың
ішінен ”Топтың көсемі болу үшін қандай ерекшелік қажет?” деген сұраққа 42
пайыз жақсы төбелесе білу керек десе, 38 пайыз өз артықшылығымен, ал 20
пайыз басқалай жауаптар қайтарған. Өз намысына тигендерге күшпен жауап
қайтаруға сұралғандардың 45 пайыз дайын тұрса, 12,6 пайыз байқамаған сыңай
таныту керек дейді, 41,6 пайыз басқаша әрекет жасауды қалайды [7; 7 б.].
Қылмыс жасаушылық дегеніміздің өзі өмірдің өзінен, оның көлеңкелі
жақтарынан, әртүрлі әлеуметтік келеңсіздіктерден, сәтсіздіктерден туындап
жататын құбылыс. Демек, оны жою үшін жағымсыз құбылыстың туу, өсіп – өну
себептері мен зардапты салдарларын, алдын алу шараларын қалай ұйымдастырып,
жүргізуге болатындығын зерделеу керек.
Заң әдебиеттерінде жастар арасындағы қылмыстылықтың туу және даму
себептерін анықтаудың тәсілдері жетерлік:
а) Қылмыстылық зардап тудыратын кейбір мән - жайлардың жиынтығы ретінде
қылмыстылықтың барлық себептерін және қылмыстық зардап тудыратын кейбір мән-
жайлардың жиынтығы ретінде ерекше себептерді бөліп алу [8; 62 б];
ә) себептерді объективтік және субъективтік деп бөлу [9; 83 б.];
б) жалпы қылмыстылықтың себептерін және нақты қылмыстардың себептерін
жіктеу [10; 47 б.];
в) қылмыстылық себептерін жалпы әлеуметтік құбылысқа, нақты қылмыстардың
белгілі бір түрлері мен санаттарына ажырату [11; 221 б.];
г) қылмыстылықта әлеуметтік себептерден басқа биологиялық себептер де бар
деген пікір ұстану [12; 481 б.]. Өз әрекетімен қылмыстылықты тудыратын
пәрменді күштер қылмыстылықтың себептері, жалпы себеп болып табылады. Ал,
нақты қылмыстық себептегі – ол қылмыс жасауы үшін субьектінің ынтасын
қоздырытын пәрменді күштер [13; 198 б.].
Осы баяндалғандарды ескере отырып, қылмыстылықтың жалпы себептерін және
нақты қылмыстың себептерін, сондай-ақ жағдайын ажырату қажет. Нақты
қылмыстың себептері мен жағдайы, ол:
1) тұтынушылықты, мүдделерді, нақты адамның құндылыққа бағдарын оң бағыттан
тайдыратын, бұзатын, қылмыстық себептілікке негіз болатын орта;
2) қылмыстық себептіліктің өзі;
3) адамның қалыптасу, өмір сүру процесінде және қылмыс жасау процесінде
тікелей өзі болатын және мінез-құлықтағы қылмыстық себептіліктің туындауына
және іске асуына мүмкіндік тудыратын (нақты қылмысқа мүмкіндік тудыртатын)
жағдайлар [14; 304 б.].
Жасөспірімдер бұзақылыққа мектеп жасынан тартылуда. Олардың ішінде
өздері күнде бейнефильмдерден көріп жүрген батыстың “сұлу өміріне”
еліктеушілер көп- ақ. “Сұлу өмірге қызығушылық” пен боқтық сөздерге
әуестік, жігерсіздік пен жаманға еліктеушілік көптеген жасөспірімдерді
есірткі шегуге де итермелеуде. Біз жүргізген сауалнама сұрақтарына жауап
қайтарған жас респонденттердің пікірлерінше жаманға еліктеушілік
жасөспірімдердің 29,4% есірткі шегуге итермелеуде. Жаманға еліктеушілік
қасиеттер баспасөзде, теледидарда, бейнефильмдерде наркомандар туралы
материалдар мен хабарлардың көп берілуіне қызығушылықтан туындайтындығын
сұралған жас респонденттердің 15,3% мойындаса, 22,5% модадан қалмау үшін
үйрендік дейді, 25% азғындаған топтарға ілесіп, думанды күн кешулерде,
дискоклубтарға барып жүріп үйір болғандарын мойындаса, 17% - аулада үйір
болған, 8% көпшілік жатақханаларда үйірленген. Ең қорқыныштысы кейбір
жастар үшін апиынға үйірлік өмірлік сәнге айналып үлгерген. Ал, апиын
шегілген жердің бәрінде қылмыс жасалатыны сөзсіз.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанның Оңтүстік өңірінде заң
бұзушы ауыл жастарының 2\3 ұрлықты топтасып жасаған. Ал, ұрлық жасап
жауапқа тартылған ауылдық қылмыскерлердің 39,6% бір рет ұрлық жасап жауапқа
тартылса, қалғандары, яғни, 1\3 бұрындары бірнеше рет қылмыс жасап
үлгерген. Егер бір аптаның ішінде 3-4 ұрлық жасалса, оның 7,5 пайызын ауыл
жастары жасаған болып шығады. Ал, бір айда 8-9 ұрлық жасалса, оның 17
пайызын ауыл жастары үлесіне тиесілі болып келеді, ал, үш айда 10 ұрлық
жасалса оның 20,7 пайызы ауылдық жастардың үлесінде. Міне, сондықтан да
ауыл жастары тәртібі қоғамдық өмірімізде негізгі проблема болып қала
беруде. Жастар арасында құралған қылмыстық топ жетекшілерінің 40 пайызы
дене құрылыстары мығым, күшті, шыныққан содырлар болып келсе, 20 пайызы
қылмыстық заңдарды жақсы игергендер, 17 пайызы қару қолдана біледі, ал 13
пайызы ұрлық жасарда оны орындалу жоспарын дұрыс құруға ұста болып келеді.
Соңғы мәліметтер жергілікті құқық қорғау органдары тарапынан сұрыпталған
фактілерден алынды. Тарауды қорытындылай келіп түйген ойымыз мынадай:
Жоғары моральдық және адамгершілік қадір-қасиеттерді аяққа таптап,
қоғамдық тәртіп ережелері мен құқықтық нормаларды белден басып қайсы бір
жастар(олардың ішінде ауыл жастары да бар) тарапынан жасалып жатқан
бұзақылық, аулада, көшеде, қала берді, көпшілік жиналған жерлерде
басқалардың ар-намысына, шамына тиіп, ұрыну, боқтап-балағаттау, ұрлық
жасау,қарақшылық, нашақорлық, зинақорлық, нәпсіқұмарлық, бұрын естіп
көрмеген жезөкшелік, бір сөзбен айтқанда, өркениеттілікке жат мұндай
тәртіпсіз мінез - құлық көріністері бүгінгі таңда қоғамымызда орын алып
отырған экономикалық тұрақсыздық пен әлеуметтік теңсіздіктің жемісі.
Сондықтан біздің міндетіміз ауыл жастарының өнегелі тәрбиесіне серпіліс,
қылмыстанған мінез - құлықтарына сілкініс тудыру үшін қандай тәрбиелік
шаралар атқарылуы тиістілігін анықтау болып табылатындықтан, келесі бөлімде
олардың бойына биік адамгершілік қалып пен құқықтық нормаларды дарытуға
бағытталған іс - тәжірибе сараланып екшеленеді.

1.2 Құқықтық тәрбиенің қалыптасу тарихы

Қоғамдағы құқықтық тәрбиенің ғылым ретінде қалыптасу қажеттігі ХҮІІ
ғасырдан бастау алды. Бұған жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылардың
көбейіп кетуі түрткі болды. Осыдан бастап жасөспірімдер арасындағы құқық
бұзушылықтың алдын алу шараларына бағытталған құқықтық тәрбиенің қоғамда
орны ерекше болып табылады.

Қандай да болмасын қылмыстың алдын алуда, әуелі жалпы тәрбие, сосын
оның ішіндегі құқықтық тәрбие негізгі құрал болып есептеледі.[15; 7б.]

Осы орайда құқықтық тәрбиенің жеке ғылым ретінде зерттеліп, тәрбиелеу
саласы ретінде қолданылуы Ресей патшалығындағы кәмелетке толмаған
жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының басым болуына байланысты қалыптаса
бастады. ХҮІІ ғасырдың басы мен ортасында кәмелетке толмаған қылмыскерлерге
(құқық бұзушы жасөспірімдерді жазалау шараларымен қорқыту мақсатында
қылмыстың алдын алу шаралары ретінде) өлім жазасы тағайындалып отырған.
1666 жылы қылмыскер балаларға қолданылатын өлім жазасы қамауға алу,
қамшымен дүре соғу, қинау сияқты жазалармен ауыстырылған. Ал 1742 жылы
құқық бұзушы балаларды қинау, қамшымен ұру жазаларын қолдануды тоқтату
жөнінде қаулы қабылдаған. 1765 жылы ІІ Екатерина патшайым 10 жасқа дейінгі
қылмыскерлерді жазаламау және 10-17 жас аралығындағы құқық бұзушыларға
жеңілдетілген жаза түрі қолданылатындығы туралы қаулыға қол қойылды. 1833
жылғы заңдар жинағына сәйкес жасы 10 толмаған құқық бұзушылар әрекетке
қабілетсіз деп танылып, 10-17 жастағы құқық бұзушы жасөспірімдер әрекет
қабілеттілігі мен қабілетсіздігіне қарай жазаланып отырған. Осы заңдар
негізінде 10-14 жас аралығындағы кәмелетке толмаған жасөспірімдерді түзеу
мекемелері (түзеу коллониялары мен бағымдар) мен түрменің арнайы
бөлімдеріне жіберу арқылы жазаласа, ал 14-17 жасар қылмыскерлерді бас
бостандығынан айырып, түрмеге қамауға алатын болған [16; 12б.].

Сонымен балалар арасындағы құқық бұзушылықты жою мақсатындағы қажетті
болған жалпы тәрбиенің бір саласы құқықтық тәрбие болып табылады. ХҮІІ
ғасырдың аяқ кезінен бастап құқықтық тәрбие жас өспірімдер арасындағы құқық
бұзушылықты алдын алу мақсатында бастау алғанына көзіміз жетеді.

Құқықтық тәрбие – ХҮІІ ғасырға дейін педагогика философия ғылымдарының
ішінде болып зерттелсе , ХҮІІ ғасырда педагогика өзінше бөлек бір ғылым
болып бөлініп шықты. Осы саланы зерттеуші ғалымдар тәрбие мәселелеріне де
назар аударып отырған. Бұл кезеңдегі ғылымдар мен құқық тәрбие мәселелерін
зерттеушілер қатарына Я.А. Коменcкий, Д. Локк, И. Кант, Т. Джефферсон, Ж.Ж.
Руссо, және т.б. атауға болады.

Бұл ғалымдар құқықтық тәрбиені құқықтық мемлекеттің үлгілі азамат
тұлғасын қалыптастыру мақсатында дамытып, жетілдіруді көздеген. Осы
мақсаттарын жүзеге асыру үшін, тәрбие үрдісінің жас буыннан басталуын
қолдады. Сонымен бірге, тәрбие мен білім беру өзара байланысты процесс
болғандықтан тәрбие шараларын білім беру уақытында және оқудан тыс
уақыттарда жүзеге асыру мүмкіндіктерін зерттеді. Осы орайда,
жасөспірімдерге сапалы және жан-жақты білім мен тәрбие беретін мектеп
қалыптастыру қажеттігі туды.

Қазақстанның Ресей патшалығының отарына айналуы 1731 жылдан басталды.
ХҮІІІ ғасырдың аяғында Солтүстік Қазақстан облыстарын басқару орталығы
Омскіде алғашқы оқу орны, яғни Азиялық училище ашылды. 1841 жылы Жәңгір
хан алғашқы орыс мектеп-пенсионын ашты [17; 15 б.]. Осы уақытқа дейін қазақ
даласында діни бағытта білім мен тәрбие беретін медреселер қызмет
атқарған. Медресе өз қызметтерін Кеңес өкіметі құрылғанша тоқтатқан жоқ.

1825 жылы Орынбордағы татар мектебі негізіндегі ашылған әскери училище
1844 жылы кадеттер корпусы болып қайта құрылды. 1850 жылы Орынбордың шекара
комиссиясы жанында 7 жылжық мектеп ашылды. Бұл ашылған мектептер қазақ
балаларына Ресей патшалығының қаулыларын, заңдарын, тарихын және т.б. оқыта
отырып, заңға қарсы әрекет жасамауға міндеттен, жазалау шараларымен
қорқытып отырды. 1881 жылы Діни қауым жанынан Омскінің мұғалімдер
семинариясы мен уездік училищелерде оқитын 10 қазақ, 10 орыс балаларына
арналған пенсион құрылды. Онда тәрбиеленген оқушылар қазақ далаларында
ашылатын мектептерде педагогикалық қызмет атқаруға тиісті болды. Қазақ
балаларына арналған мектептерді білім беру мен тәрбиелеу үрдістеріне зор
үлес қосқан педагог Ы. Алтынсарин, ғалым Ш. Уалиханов және ұлы
ақын А. Құнанбаев еді. Олар өз отанын сүйетін, теріс қылық жасамайтын,
қоғамдық тәртіпті бұзбайтын Қазақ мемлекетінің азаматын тәрбиелеуді
армандаған.

ХХ ғасыр басында Кеңес өкіметі орнап, жастардың құқықтық әлеуметтенуіне
зор ықпал етті. 1917 жылы 15 желтоқсанда В.И. Ленин мен халық ағарту
комиссары А.В. Луначарский Тәрбие және білім беру ісін діни мекемелердің
қарамағынан алып Халық ағарту Комиссариатының қарамағына беру туралы қаулы
қабылдады [18; 50 б.]. Кеңес үкіметінің жаңадан құрылған кездегі тәрбие
мәселелерін зерттеуші ғалымдар қатарына А.В. Луначарский, Н.К. Крупская,
А.С. Макаренко, С.Т. Шатцкий, П.П. Блонский және т.б. жатқызуға болады.
Тәрбие мәселесін зерттеуші ғалымдар жаңа тұрғыдағы азаматты тәрбиелеп,
қалыптастыру мақсатында коммунистік тәрбиеге көп көңіл бөлді. Коммунистік
тәрбие арқылы Отанды сүю, заң нормаларын бұзбау, өз міндеттерін бұзбау, өз
міндеттерін орындау сынды бағыттағы патриоттық, құқықтық тәрбиелерді де
қамтыды.

1920 жылдың 4 наурызында В.И. Ленин қатысуымен мемлекеттік құқықтық
тәрбиелеуші орган құрылды [19; 21 б.]. Бұл органдағы тәрбие жұмыстары
коммунистік бағытта жүргізілді.

ХХ ғасырдың ортасы мен соңында тәрбие мәселелеріне байланысты ғылыми
еңбектер мен зерттеулер көбейе түсті. Құқықтық тәрбие мақсаты алғашқы
кезеңдегідей қылмыстылықтың алдын алумен шектеліп қана қойған жоқ.
Қылмыстылықтың алдын алу шаралары құқықтық тәрбиенің бір бөлімі ретінде
қарастырылды. Осы кезеңде құқықтық тәрбиеге көп көңіл бөліп, зерттеген
ғалымдар мыналар: А.С. Макаренко, С.Т. Шатцкий, В.А.
Сухомлинский, А. Долгова, Д.Г. Ушинский; М.А. Алимаскин,
Г.П. Давыдов, А. Кожевников, В.М. Обухов, А. Медведов, А.С. Пашов,
И.Ф. Рябко және т.б.

1970 жылғы 15 қыркүйектегі КПСС Орталық партия комитетінің
Еңбекшілерге құқықтық тәрбие беруді жақсарту туралы және 1979 жылғы 11
қыркүейктегі Заңдылықты сақтау мен тәртіп бұзушылыққа қарсы күрес жұмысын
жақсарту туралы қаулыларында мектептерде, кәсіптік-техникалық
училищелерде, оқу орындарында Кеңес заңдылығының негіздерін оқытуды
жетілдіру қажеттігі қозғалды [20; 75 б.].

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет
болып жарияланды. Қазақстан егеменді, тәуелсіз, құқықтық, зайырлы, унитарлы
біртұтас мемлекет болғандықтан, мұндай мемлекеттің азаматы деген атаққа ие
болатындай адам тұлғасын қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр. Қазақстан
мемлекетінің үлгілі азаматын қалыптастыру жалпы әлеуметтендіру жүйесінде,
нақтылап айтсақ құқықтық тәрбие негізінде жүзеге асады. Қазақстан
Республикасының құқықтық тәрбиеге көңіл бөліп, зерттеп жүрген ғалымдар
ретінде Л.А. Байсеркеев, Л.К. Керімов, Г.С. Джусупова, Ж.А. Мақатова,
Ж.С. Әлдибеков, З.К. Аюпова, С.Б. Омарова, Д.Б. Бүгыбаева және т.б. атауға
болады.

Жастарды құқықтық әлеуметтендіру мәселелері заң ғылымы мен құқық
теориясында өте аз зерттелген. Дегенмен заң ғылымы мен құқық социологиясы
қилысында жас ұрпақты құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру мәселелерімен
айналысқан ғалымдардың қатарында Америка Құрама Құрама Штаттарынан – Ж.
Гурвичті, К. Мертонды, Т. Парсонсты, Р. Паундты, П. Сорокинді ; Германиядан
– Р.фон Иерингті, Е. Эрлихті; Франциядан – М. Гравитцті Ж.
Карбоньені, Р. Пэнтоны; Ресейден – С.С. Алексеевті, Б.К. Бабаевты,
Ю.И. Гревцовті, В.П. Казимирчукті, И.Конді, В.Н. Кудрявцевті,
В.В. Лапаеваны; Қазақстаннан – Т.А. Ағдарбековті, М.Т.
Баймахановты, Қ.А. Жиреншинді, А.С. Ибраеваны, М.Х. Матаеваны, М.С.
Нәрікбаевты, Ғ.С. Сапарғалиевті, С.А. Табановты, Ш.В. Тлепинаны т.б.
атаған орынды. Сонымен қатар жастар арасында жиі бой көрсетіп қалатын
девианттық мінез - құлық, криминологиялық – қылмыстық істердің алдын алу
мәселелерін зерттеулермен айналысатын ғалымдардың, мысалы, ресейліктер –
В.С. Афанасьевтің, Г.А. Аванесовтың, Я.И. Гилинскийдің, К.Е.
Игошевтің, Г.М.Миньковскийдің, М.Д. Шаргородскийдің; Қазақстаннан –
А.Н. Ағыбаевтың, Е.О. Алаухановтың, М.С. Бейбітовтың, Ж.Д.
Бусурмановтың, Ю.В. Герасименконың, Е.І. Қайыржановтың, М.Ч. Қоғамовтың ,
С.С. Молдабаевтың, Ғ.М. Мукашевтың, Р.Т. Нұртаевтың, Б.М.
Нұрғалиевтың, М.О. Нукеновтың, Е.Ә. Оңғарбаевтың, Р.А. Подопригораның, И.И.
Роговтың, Г.Р. Рүстемованың, С.Ф. Ударцевтің, А.И. Худяковтің т.б.
еңбектерінде жастарды құқықтық тұрғыдан әлеуметттендіру қажет деп
айтылғанымен, олардың ешқайсысы да бұл мәселені жеке зерттеу обьектісі
ретінде қарастырып, екшелемеген. Міне осының өзі-ақ ауыл жастарын құқықтық
тұрғыдан әлеуметтендірудің мән-мағынасын зерделеп, саралаудың маңыздылығын
негіздеп беріп отыр десек, артық айтқандық бола қоймас.

2 АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1 Құқықтық әлеуметтендірудің қоғамдағы ролі мен маңызы

Бүгінгі кезде құқықтық мемлекеттің жан-жақты дамыған жеке тұлғасын
қалыптастыру, яғни жаңа көзқараста азамат тәрбиелеу өзекті мәселе болып
табылады. Себебі көкейтесті мәселені шешуде жүйелі түрде құқықтық тәрбие
беру арқылы ғана белгілі бір қоғамның саналы азаматын қалыптастыруға
болады. Осы орайды ұлы ойшыл ғалым әл-Фарабидің: Адамға ең бірінші білім
емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – азаматтың қас жауы. Ол
келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі, деген орынды пікіріне сүйене
отырып, бүгінгі танда жаңа заманға сай тәлімдік-тәрбиелік тәжірбиесі мол
кәсіби маман даярлау басты мақсат болып табылады. Сондықтан да болашақ жас
жеткіншектерді жас мемлекетіміздің үлгілі азаматы ретінде қалыптастыруда
құқықтық тәрбиенің маңызы зор.

Үлгілі азамат тұлғасын құқықтық тәрбиелеу арқылы әлеуметтендіру –
мемлекеттің алдына қойған өзекті мәселесі. Тәрбиелеу – тұлға қалыптасуының
негізгі факторларының бірі [21; 221 б.]. Ал құқықтық тәрбие арқылы
демократияны дамытып, азаматтық қоғам орнатып, құқықтық мемлекет құру
мақсатына жетуге болады.

В.М. Обуховтың Белсенді азамат тәрбиелейік атты оқушыларға арналған
еңбегінде нағыз азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын білетін, өз
міндеттерін орындайтын, адал еңбеккер, қоғамдық тәртіпті сақтайтын, ата-
аналарын сыйлайтын, табиғатты қорғайтын қасиетеріне иелі адам екендігі
нақты көрсетілген. Осыған орай құқықтық тәрбие беру негізінде жастардан
мемлекет пен құқық туралы білімдерін, құқықтық санасы мен мәдениетін,
Республика заңдарын сыйлау және оның талаптарын орындау сияқты міндеттерін
мойындайтын жеке тұлға қалыптастыру қажет.

Құқықтық тәрбиенің қызметі – өзінің қоғамдық парызын ұғынатын, заңды
ерікті түрде орындаушы, құқық пен заңдылықты қорғау саласында қоғамға
көмектесетін және заң нормаларын бұзбайтын саналы азамат қалыптастыру.
Тіптен Сократтан бастап Аристотельге дейін заңды қадірлейтін азаматты
тәрбиелеуді қажет ететін құқықтық тәрбиені қолдану тәсілдері
қарастырылғандығын жоғарыда айтып өттік. Бүгінге дейін бұл көкейтесті
мәселе әлі де болса өз мәнін жоғалтқан емес.

Адамды құқықтық тәрбиеге баулу мәселелері ертеден келе жатқан өзекті
мәселелердің бірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастардың құқықтық мәдениеті
Қазақстандағы жастардың саяси әлеуметтенуіндегі өзгерістер
Жастар саясатының инфрақұрылымы
Қазіргі заман жастарының рухани-адамгершілік құндылық мәселесінің өзектілігі
Отбасы жас ұрпақты әлеуметтендіру институты ретінде
Саяси білімді меңгеру Қазақстан жастарын саяси әлеуметтендіру факторы ретінде
ҚР мемлекеттік жастар саясаты және оның нормативтік негіздері
Саяси белсенділіктің рухани негізі - саяси мәдениет
Қазақстанда жастар саясатын іске асыру саласына тартылған жастардың үлесі
Жастарының саяси құндылықтық бағдарлары
Пәндер