Г.Мендельдің тәжірибелері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Авиценна» медицина колледжі

Тақырыбы: Г. Мендельдің тәжірибелері

Орындаған: Нұржанова А.

Тобы: АГ-22-08қ

Қабылдаған: Шамсудинқызы А.

Шымкент 2009 ж.

Жоспар

І. Кіріспе

1. Г. Мендельдің қысқаша өмірбаяны

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Г. Мендельдің І-ші заңы
  2. Г. Мендельдің ІІ-ші заңы
  3. Г. Мендельдің ІІІ-ші заңы

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Гибридологиялық әдісі алғаш рет австриялық ғалым Г. Мендель тарапынан қолданылды (1865) . Ол тәжіребиелерінде өздігінен тозаңданатын асбұршақ өсімдігін қолданды. Мендель бір-бірінен бір, екі және одан да көп белгілер бойынша ажыратылатын таза іріктемелерді (гомозиготаларды) будандастырды. Сөйтіп, ол бірінші, екінші және т. с. с. реттік ұрпақ типтерінің статистикалық арақатынастарын математикалық жолмен зерттеді. Алынған нәтижелер бойынша тұқым қуалаушылық заңдары ашылды.

1) Гибридті бірінші ұрпақтың біркелкілік заңы

(Мендельдің бірінші заңы)

Г. Мендель тұқымды сары асбұршақ өсімдігін тұқымы жасыл асбұршақпен будандастырды. Екеуі де таза іріктемелер, яғни гомозиготалар еді.

Гибридті бірінші ұрпақтың біркелкілік заңы - Мендельдің бірінші заңы: таза іріктемелер будандастырылғанда гибридті бірінші ұрпақтың барлығының фенотиптері бірдей болады.

Бұл бірден фенотипте көрінген белгіні Мендель доминантты, ал көрінбей қалған белгіні рецессивті белгі деп атады.

1) Күлгін гүлден алынған аталықтар

2) Ақ гүл аталықтарынан алынған тозаңдар күлгін гүл аналығына тасымалданады.

3) Тозаңданған гүлден жетілген бұршаққын.

4) Бұршаққыннан шыққан дәндер егілді.

5) 3ерттелінген ұрпақ: барлығы күлгін гүлдер.

2) Белгілердің ажырау заңы (Мендельдің екінші заңы)

Г. Мендель зерттеулерін жалғастырып, гибридтер болып табылатын бірінші реттік ұрпақтарды (F 1 ) өзара будандастырды. Алынған F 2 ұрпақта F 1 -де көрінбеген белгі (рецессивті) қайта көрінген. Және F 2 доминантты белгі мен рецессивті белгінің арасында белгілі математикалық арақатынас байқалған. Алынған F 2 ұрпақтың 1/3 - і сары тұқымды (доминантты), 1/4 - і жасыл тұқымды (рецессивті) еді. Яғни фенотип бойынша ажырау арақатынасы қалыпты болған (3:1) .

Сонымен, белгілердің ажырау заңы (Мендельдің екінші заңы) бойынша: гибрид болып табылатын бірінші реттік ұрпақтарды (F 1 ) өзара будандастырудың нәтижесінде алынған F 2 -де фенотиптерінің арасында 3:1 арақатынасы бойынша ажырау байқалады, рецессивті даралар ұрпақтардың жалпы санынан 1/4 - ін құрайды.

Ажырау - дегеніміз гетеризиготалы дараларды будандастырғанда пайда болған ұрпақтың бір бөлігінің доминантты, ал бір бөлігінің рецессивті белгіні көрсетуі. Моногибридті будандастыру жағдайында:

Моногибридті будандастыруда фенотип бойынша ажырау арақатынасы 3:1 (толымды доминаттылық жағдайында) немесе 1:2:1 (толымсыз доминанттылық жағдайында) . Дигибридті будандыстыру жағдайында фенотип бойынша ажырау - 9:3:3:1 немесе (3+1) 2 , ал полигибридті будандастырудағы арақатынасты (3+1) n формуласымен есептеуге болады.

Толымыз доминанттылық немесе тұқым қуалаудың аралық сипаты Доминантты ген рецессивті генге қарсы басымдылығын әрқашан көрсете алмайды. Мұндай жағдай толымсыз доминанттылық деп аталады. Толымсыз доминанттылық кезінде гетерозиготалар ата-енесінің аралық белгісін көрсетеді. Мысалы, намазшамгүлдің (ночная красавица) күлтелерінің реңінің тұқым қуалауы толымсыз доминанттылыққа жатады:

Мында доминантты қызыл күлте гені (А) гетерозиготаларда (Аа) рецессивті ақ күлте генін (а) толық баса алмай, гетерозиготапар екеуінің аралық реңі - қызғылт күлтелі болып келеді. F 2 ұрпағындағы фенотиптік және геногиптік арақатынастар бірдей - 1:2:1.

3. Белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылығы

Г. Мендель дигибридті будандастыру жүргізіп, екі белгі бойынша - тұқым түсі және тұқым бетінің тегістігі бойынша ажыратылатын асбұршақ өсімдіктерін будандастырды. Сары тегіс тұқымды асбұршақ пен жасыл кедір-бұдыр тұқымды асбұршақ шағылыстырылды. Екеуі де таза іріктемелер, яғни гомозиготалар еді. Кейін олардың ұрпағын өзара шағылыстырды. Бұл зерттеулердің нәтижесінде ол заңдылық тапаты: ұрпақтарда әр белгінің ажырауы жеке қаралыстырылғанда моногибридті будандастырудағыдай ажырайды (3:1), яғни екінші белгіден тәуелсіз ажырайды.

Гаметалар: Гаметалар
¼ АВ: ¼ АВ
1/4Ав: 1/4Ав
1/4аВ: 1/4аВ
1/4АаВb: 1/4АаВb
Гаметалар: 1/4АВ
¼ АВ:

1/16 ААВВ

(сары,

тегіс)

1/4Ав:

1/16 АаВb

(сары, тегіс)

1/4аВ:

1/16 АаВВ

сары

тегіс)

1/4АаВb:

1/16 Ааbb

(сары, тегіс)

Гаметалар: 1/4Ав
¼ АВ: 1/16 ААВа (сары, тегіс)
1/4Ав:

1/16 ААbb

(сары, кедір-бұдыр)

1/4аВ: 1/16 АаВb (сары тегіс)
1/4АаВb: 1/16 Ааbb (сары, кедір-бұдыр)
Гаметалар: 1/4аВ
¼ АВ:

1/16 АаВВ

(сары, тегісі

1/4Ав:

1/16АаВb

(сары, тегіс)

1/4аВ:

1/16 ааВВ

(жасыл,

тегіс)

1/4АаВb:

1/16 ааВb

(жасыл, тегіс)

Гаметалар: 1/4ав
¼ АВ: 1/16Ааbb (сары, тегіс)
1/4Ав:

1/16Ааbb

(сары, кедір-бұдыр)

1/4аВ:

1/16 ааВb

(жасыл,

тегіс)

1/4АаВb:

1/16 ааbb

(жасыл,

кедір-бұдыр)

Ұрпақтың

9/16-ы сары тегіс тұқымды

3/16-і сары кедір-бұдыр тұқымды

3/16-і жасыл тегіс тұқымды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Белгілердің ажырау заңы
Тұқым қуалаушылықтың негізгі зандылықтары
Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы
Г. Мендель белгілерінің тұқымқуалаушылық заңдары
Генетика ғылымының даму кезендері
Генетика мен селекнияның непздері
Мендель заңдары
Мендель белгілерінің тұқымқуалау заңдылықтары
Генетика негіздері
Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz