Казақстан Республикасындағы банк жүйесі туралы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Коммерциялық банктер қызметінің принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Коммерциялық банктерді басқару құрылымы мен қызметі ... ... ... ... 9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІН ТАЛДАУ
(«Темірбанк»АҚ мысалы ретінде)
2.1 Қазақстандағы «Темірбанк»коммерциялық банкінің қалыптасу
кезеңдері мен қызметін жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер жұмысының
әдістері мен қаржылық көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Коммерциялық банктің қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... .21
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Коммерциялық банк қызметінің тиімділігін бағалау әдістерін жетілдіру 26
3.2 Коммерциялық банктің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жетілдіру..29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

Осы курстық жұмыста біз Қазақстан Республикасының коммерциялық банк қызметінің тиімділігін бағалау және әдістері мен көрсеткіштерін зерттеу жүргіземіз.
Бүгінгі күні Егемендік жағдайында Қазақстан Республикасы, коммерциялық банктер, Үкімет бірлесе әрекет жасай отырып, қаржы тұрақтылығына қол жеткізді. Бұл инфляцияның өсу қарқынының азаюында, теңгенің тұрақты курсының сақталуы мен банктердің іс әрекеттеріне бірізді нормативті реттеу жүргізуде көрініс тапты.
Қазақстанның жаңа банктік жүйесі он бес жыл өмір сүріп, республика экономикасының игілігіне нәтижелі жұмыс істеуде және де шетелдік мамандардың бағалауы бойынша бұрынғы кеңес кеңістігіндегі елдердің ішінде басты орын алады. Банк жүйесі-нарық экономикасының ең маңызды ажыратылмас құрылымының бірі. Банктер мен тауарлық-ақшалық қатынастың жетілуі тарихи қатар жүріп, тығыз байланыста болды.
Олар несие капиталы рыногының түрлі секторларында әрекет ететін көпфункционалды ұйымдар болып табылады. Банктер несие қорының негізгі бөлігін жинақтап, өзінің клиенттеріне қаржылық қызметтердің толық кешенін ұсынады, соның ішінде несие беру, депозит қабылдау, қызмет көрсетуге есеп айыру, құнды қағаздарды, шет ел валютасын сатып алу-сату әрі сақтау және тағы басқа қызметтер.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Әбішұлы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 2030» атты стратегиялық бағдарламасында Дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуінде: «2010 жылға дейін бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілетті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл басымдық тәртібімен айтар болсақ-екінші деңгейлі банктерге, ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, кәсіпорын,туризм, тұрғын үй құрылысы инфрақұрылым» /1,17 б/
Бүгінде коммерциялық банк өзінің клиенттеріне 200-ге дейін әртүрлі өнімдер мен қызметтерді ұсынуға қабілетті. Операциялардың мұндай кең диверсификациясы коммерциялық банктерге өзінің клиенттерін сақтай отырып, аса қолайсыз коньюнктурада табысты бола беруіне мүмкіндік береді.
Кей операциялардың шығыны белгілі жағдаятта орындауға қолайлы басқа операциялардың кірісімен жабылады. Барлық нарықты экономикалы елдерде коммерциялық банктер несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып отырғандығы кездейсоқтық емес. Олар несиелік-ақшалай рыногының құбылмалы жағдайларына икемделу қабілетін көрсетіп отыр.
Курстық жұмыстың өзектілігі қазіргі нарық экономикасындағы коммерциялық банктердің қызметінің тиімділігі бағалау әдістері мен көрсеткіштер әрекеті өзінің барлық экономика секторларымен байланысының арқасында үлкен маңызға ие болып отырғандығында. Коммерциялық банктердің міндеті үздіксіз қаржы айналымы мен капитал айналымын қамтамасыз ету, өндірістік кәсіпорындарға, мемлекет пен тұрғындарға несие беру, халықшаруашылық қорын қалыптастыруға жағдай жасау.

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан 2030» атты стратегиялық бағдарламасы Алматы 1997 ж
2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер
және банк қызметі туралы» заңы
3.Сейтқасымов Г.С. «Ақша, Несие, Банктер». Алматы 1999г.
4. Колесников В. И. Банк ісі. - М: Қаржы және статистика, 2000г.
5. Ж. Алыкпашев. «Вестник КазНУ» журналы. Экон. серия. №3(31).2003г.
6. Балабанов И.Т. Бантер және банк ісі. – Питер, 2000г.
7. Ж.К. Бекболатұлы. Қазақстанның коммерциялық банктері: мәселелер
және әлеуеттер // Қазақстан экономикасы, 1997г., № 9-10.
8. Дробозина Л.Т. Ақша, Несие, Банктер - М., Инфра-М., 1997г.
9. Жукова Е. Ф. Банктер және и банк операциялары.-М.:Банктермен
биржалар– Юнити, 1997г.
10.Ілиясов А.А., Гилимов А.К. «Вестник КазНУ» журналы. Экономикалық
серия. №4(26). 2001г.
11.Қалиева Г.Т. Қазақстандағы коммерциялық банктер және олардың
тұрақтылығын тқамтамасыз ету проблемасы. Автореферат. – Алматы:
1999г.
12. Статистикалық мәліметтер ҚР Ұлттық банктің №8,9,10 2008ж. статистикалық бюллетендері
13. Крымова В. «Экономикалық теория». Алматы 2002г.
14. Лаврушин О.И. «Ақша, Несие, Банктер». Екінші басылым, Москва
2000г.
15. Маркова О. М., Сахаров В. И. Коммерциялық банктер және олардың
операциялары. – М., Банктер мен биржалар – Юнити, 1995г.
16. «Статистикалық мәліметтер» // Банки Казахстан, 2009г. №9. 89стр
17. Мырзабеков Ш. Қазақстанның банк жүйесi ТМД көлемiнде бiрiншi орында: “Центркредит” банкiнiң директорымен сұхбат // Дала мен қала. – 2006.-1 қазан (№39).-13 бет.
18. «Текущее состояние банковского сектора на 1 июля 2009 года» // Банки Казахстана, №8, 2009 г.
19. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 б.
20. Банки Казахстана, 2004 г. №1; “О некоторых аспектах развития филиальных сетей коммерцеских банков” // Кил А. Б.
21. Садвакасова Ж. «Кредитная политика коммерческого банка» // Вестник КазНУ, Серия экономическая. №2. – 2008 г.
22.Статистический ежегодник. Алматы. – 2009г.- 446 с.
23.«О ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана, №7 - 2009 г. 2-7 стр.
24. «Қазақстан – 2030 Стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде» // Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 28 ақпан, 2007 жыл.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН КОММЕРЦИЯЛЫҚ
БАНКТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Коммерциялық банктер қызметінің
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Коммерциялық банктерді басқару құрылымы мен қызметі
... ... ... ... 9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН
ТӘСІЛДЕРІН ТАЛДАУ
(ТемірбанкАҚ мысалы ретінде)
2.1 Қазақстандағы Темірбанккоммерциялық банкінің қалыптасу
кезеңдері мен қызметін жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...13
2.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер жұмысының
әдістері мен қаржылық көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...17
2.3 Коммерциялық банктің қаржылық жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... .21
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Коммерциялық банк қызметінің тиімділігін бағалау әдістерін
жетілдіру 26
3.2 Коммерциялық банктің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін
жетілдіру..29
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
КІРІСПЕ
Осы курстық жұмыста біз Қазақстан Республикасының коммерциялық банк
қызметінің тиімділігін бағалау және әдістері мен көрсеткіштерін зерттеу
жүргіземіз.
Бүгінгі күні Егемендік жағдайында Қазақстан Республикасы, коммерциялық
банктер, Үкімет бірлесе әрекет жасай отырып, қаржы тұрақтылығына қол
жеткізді. Бұл инфляцияның өсу қарқынының азаюында, теңгенің тұрақты
курсының сақталуы мен банктердің іс әрекеттеріне бірізді нормативті реттеу
жүргізуде көрініс тапты.
Қазақстанның жаңа банктік жүйесі он бес жыл өмір сүріп, республика
экономикасының игілігіне нәтижелі жұмыс істеуде және де шетелдік
мамандардың бағалауы бойынша бұрынғы кеңес кеңістігіндегі елдердің ішінде
басты орын алады. Банк жүйесі-нарық экономикасының ең маңызды ажыратылмас
құрылымының бірі. Банктер мен тауарлық-ақшалық қатынастың жетілуі тарихи
қатар жүріп, тығыз байланыста болды.
Олар несие капиталы рыногының түрлі секторларында әрекет ететін
көпфункционалды ұйымдар болып табылады. Банктер несие қорының негізгі
бөлігін жинақтап, өзінің клиенттеріне қаржылық қызметтердің толық кешенін
ұсынады, соның ішінде несие беру, депозит қабылдау, қызмет көрсетуге есеп
айыру, құнды қағаздарды, шет ел валютасын сатып алу-сату әрі сақтау және
тағы басқа қызметтер.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Әбішұлы Нұрсұлтан
Назарбаев Қазақстан 2030 атты стратегиялық бағдарламасында Дамыған
нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуінде: 2010 жылға дейін
бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілетті тұрғысынан
келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл басымдық
тәртібімен айтар болсақ-екінші деңгейлі банктерге, ауыл шаруашылығы, орман
және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, кәсіпорын,туризм,
тұрғын үй құрылысы инфрақұрылым 1,17 б
Бүгінде коммерциялық банк өзінің клиенттеріне 200-ге дейін әртүрлі
өнімдер мен қызметтерді ұсынуға қабілетті. Операциялардың мұндай кең
диверсификациясы коммерциялық банктерге өзінің клиенттерін сақтай отырып,
аса қолайсыз коньюнктурада табысты бола беруіне мүмкіндік береді.
Кей операциялардың шығыны белгілі жағдаятта орындауға қолайлы басқа
операциялардың кірісімен жабылады. Барлық нарықты экономикалы елдерде
коммерциялық банктер несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып
отырғандығы кездейсоқтық емес. Олар несиелік-ақшалай рыногының құбылмалы
жағдайларына икемделу қабілетін көрсетіп отыр.
Курстық жұмыстың өзектілігі қазіргі нарық экономикасындағы коммерциялық
банктердің қызметінің тиімділігі бағалау әдістері мен көрсеткіштер әрекеті
өзінің барлық экономика секторларымен байланысының арқасында үлкен маңызға
ие болып отырғандығында. Коммерциялық банктердің міндеті үздіксіз қаржы
айналымы мен капитал айналымын қамтамасыз ету, өндірістік кәсіпорындарға,
мемлекет пен тұрғындарға несие беру, халықшаруашылық қорын қалыптастыруға
жағдай жасау.
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы рөлінде шыға отырып, ақша
капиталының салааралық және өңіраралық қайта бөлінуін қамтамасыз ететін
маңызды халықшаруашылық қызметін атқарады. Банктердің капиталды салаларға
бөлу мен қайта бөлу механизімі өндірістің объективті қажеттілігіне қарай
шаруашылықты дамытуға мүмкіндік береді және экономика құрылымының қайта
құруына жәрдем етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты коммерциялық банк орындайтын негізгі қызметтері
мен операциялары арқылы коммерциялық банк түсінігінің мәнін ашу,
Қазақстандағы банк жүйесінің дамуы мен қызметіне талдау жасау, ұйымдастыру
принциптері мен коммерциялық банкті басқару құрылымын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері коммерциялық банк қызметінің тиімділігін
бағалау әдістері мен көрсеткіштерінің маңызын түрлі қоғамдық
позициялардан, коммерциялық банк қызметінің тиімділігін бағалау әдістерін
арттыру жолдары, бүгінгі күнде коммерциялық банктердің алдында тұрған
мәселелері мен олардың шешілу жолдарын, Қазақстандағы банк жүйесінің даму
үрдісін көрсету болып табылады. Сонымен қатар, халыққа жоғары сапалы қызмет
көрсету, экономикамыздың дамытуына көп ықпалын тигізу үшін коммерциялық
банктер алдымыздағы жылдарда елеулі еңбек атқарады деген ойдамын.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН КОММЕРЦИЯЛЫҚ
БАНКТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің құрылуы
Қазақстан Республикалық Мемлекеттік Банк кеңсесінің Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі болып ауысуы.
1993 жылғы 13 сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасындағы Ұлттық банк туралы Заңы оның міндеттерін, қызметін,
құқықтық мәртебесін, банк жүйесіндегі рөлі мен орнын және Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік билік органдарымен қарым-қатынасын анықтады.
Ұлттық валютаны енгізген сәттен бастап, Ұлттық банк ақшалай-несиелі
саласының қызмет етуіне, оның бюджет пен банктер арасындағы қарым-
қатынасының экономикалық принциптерін енгізуге және ұлттық валюта-теңгенің
ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз етуге жауап беретін болды.2,5б
Ақша айналдыру мен несие берудің тиімді қызмет ететін жүйесі нарықтың
қалыптасуындағы міндетті шарттарының бірі болып табылады. Осы бағыттағы әрі
қарай толық жетілдіру айрықша ұтымды әдістер мен ақшаны реттеу құралдарын
дамытуды қарастыруда құрылған. 1995 жылғы ақпанда директивалық несие беру
тоқтатылып, орталықтандырылған көздер есебінен несие берудің көлемі мен
мерзімі қысқарды. Экономиканы несиелеу қызметі негізінен Ұлттық банктен
екінші дәрежелі банктерге ауысты. Олар экономиканы несиелеуді осы мақсатта
тартылып отырған халықтың жинақ ақшасы, шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің еркін қаражаты, банкаралық несие беру және басқа да қорлар
есебінен қамтамасыз етуге тиіс болатын.
Нарыққа көшу жағдайындағы экономиканы басқарудың орталықсыздандырылуы
экономиканы басқару тетігіндегі банк жүйесі рөлінің өзгеруін талап етті.
Оның қайта ұйымдастырылуы (жоғарыда айтылғандай) одақтық қаулыны
қабылдануымен басталды.
Қайта ұйымдастырудың бірінші кезеңінде мемлекеттік банктердің жаңа
құрылымы жасалды. Қайта ұйымдастырудың үлгісі:
- екі деңгейлік банк жүйесінің қалыптасуын;
- арнайы бейімделген банктердің толық шаруашылық есепке және өзін өзі
қаржыландыруға көшірілуін;
- шаруашылықтың түрлі салаларындағы кәсіпорындармен несие беру
қатынастарының түрлері мен әдістерін жетілдірілуін қамтыды.
Арнайы бейімделген екінші дәрежелі банктер халық шаруашылық кешендері мен
кәсіпорындарға қызмет көрсетті. Қазақстанда сол атаумен арнайы бейімделген
банктер құрылып, олардың құрамына шеткі аймақтағы бөлімшелер кірді.
Қайта ұйымдастыру банк қызметін белгілі дәрежеде жандандыра түсті. Бірақ,
ол экономикалық қатынастарға тимегендіктен жағдайды күрт өзгерте алмады.
Реформаның екінші кезеңіне тән ерекшелігі инициатива төмен жақтан
басталғандығында болып отыр. Бұл кезеңнің негізгі міндеті қаржы ресурсы
қозғалысы саласындағы кәсіпкерлік бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасауды
қамтамасыз ететін айқын ұйымдастырылған нарық құрылымын қалыптастыру болып
табылады. Банктер халық шаруашылығындағы нарық қатынастарының дамуы мен
реттелуінің тіркеу пункітіне айнала бастайды.
Коммерциялық банктер қызметінің мақсаты пайда түсіру болып табылады. Өз
кезегінде бұл клиенттермен қарым-қатынас жасауда икемділік білдіруге,
сонымен қатар, пассивті, активті және комиссиялық-делдалдық операцияларды
жүргізуде іскерлік танытуға мәжбүр етеді.
Коммерциялық банктер клиенттерді, несие ресурстарын өзіне тартуда және
оларды тиімді қолдануда іскерлік бәсекелестіктің даму негізінде қызмет
етеді. Бұл банк көрсететін қызметтерді кеңейтуге және олардың сапасын
арттыруға ықпал етеді.
Коммерциялық мәртебе банкке несие берудің мақсаттарын, шарттарын және
мерзімін, пайыздық төлемдердің көлемін айқындауда, банк қызметінің әртүрлі
үлгілерін дамытуда, түскен табысты пайдалануда, қызметкерлерінің штат
кестесі мен еңбек ақысының көлемін белгілеуде, материалдық-техникалық
базасын нығайтуда және басқа да мәселелерді шешуде дербестік әперді.
Банк реформасының екінші кезеңінде екі мәселе шешілді:
Бірінші-қоғамдық ұдайы өсудің макроэкономикалық пропорцияларына ықпал
етуге мүмкіндік беретін экономикалық әдістердің жаңа ақша-несиелік реттеу
механизмі жасалды.
Екінші-қаржылық қызметтердің пайдаланылуы тиімді нәтиже әкелетін
салаларға еркін құйылуына жағдай жасалды.
Банк реформасының екінші кезеңі барысында банк құрылымы қайта
ұйымдастырылды және несиелік қатынастар сипатына терең өзгерістер жасалды,
несие жұмысының жаңа әдістері енгізілді.
Соның нәтижесінде Қазақстанда екі деңгейлік банк жүйесі қалыптасты.
Бірінші деңгей-Ұлттық банк; екінші деңгей-коммерциялық банктер мен жеке
банк операцияларын жүзеге асыратын басқа қаржы-несиелік мекемелер.
Ұлттық банк мемлекеттің бас банкі болып табылады. Ол өкім етуші және
орындаушы билік органдарға тәуелді емес, экономикалық тұрғыдан дербес және
өзінің шығындарын өз кірістері есебінен жүзеге асырады.
Банк жүйесінің екінші деңгейі тұрғындар мен Республиканың барлық
өңіріндегі шаруашылық субъектілеріне несиелік-есеп айырысу қызметін
көрсетуді қамтамасыз ететін коммерциялық банктердің кең жүйесі арқылы
танылады. Ірі банктер ресурстарының өсуіне корреспонденттік қатынастардың
кеңеюі ықпал етті, банктер арасындағы келісім бойынша оперцияларды өзара
орындау мақсат етілген.
Жеке облыстарда бірнеше банктердің белгілі бір өңірде өздеріне
операциялардың басым көпшілігін топтап, банк капиталының шоғырлануы айрықша
күшті болады.
Банк ісіндегі бәсекелестік халықаралық деңгейге шыға бастады.
Қазақстанның қаржы рыногына өз өкілеттіктерін ашу арқылы шет ел банктерінің
енуі, шет ел капиталын қатыстырып, банктер құрылуы күшейіп келеді.
Осы заңмен банктердің негізгі, соның ішінде ақша-несиелік реттеу
саласындағы міндеттері мен қызметтері, коммерциялық банктер жүзеге асыратын
операциялар тізбесі, сонымен қатар, мемлекет тарапынан коммерциялық банктер
қызметін реттеу принциптері мен әдістері анықталды.
1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасындағы банктер және банк
қызметі туралы Заңымен банктерді құру мен олардың қызметінің қатаң
талаптары бекітіліп, Ұлттық банкке коммерциялық банктердің қызметін реттеу
жөнінде маңызды өкілеттік берілді.
Банк заңдылықтарын жетілдіруде негізгі мақсат банк көрсететін
қызметтердің сапасы мен беріктігі, банк ісі тәжірибесі мен жалпы
мақұлданған стандарттар бойынша банк қызметін реттеуді, ең алдымен банк
қадағалау жөніндегі Базель комитетінің банк қадағалаудағы тиімді
принциптерімен жақындастыру болып қала береді.2,25б
Несие жүйесінің төменгі буыны тікелей халық шаруашылығына қызмет
көрсететін және коммерциялық бастама тұрғысында қаржылық қызметтің кең
өрісін ұсына алатын дербес мекемелер жүйесінен құрылады.
Олар банк заңнамасында біріктіріліп коммерциялық банктер деп жалпы
аталатын коммерциялық, кооперативтік және жеке меншік банктері.
Коммерциялық банк термині банк қызметінің ең алғашқы даму кезеңінде
пайда болған. Ол кезде банктер көбінесе сауда, тауар алмасу операциялары
мен төлемдер қызметін көрсететін. Негізгі клиентурасы саудагерлер болатын
(осыдан коммерциялық банк атауы шыққан). Алайда, өнеркәсіп пен басқа
салалардың дамуына байланысты банктер экономиканың өзге салаларына қызмет
көрсете бастады да бірте-бірте банк атауындағы коммерциялық деген термин
өзінің бастапқы мәнін жоғалтты. Ол банктің іскерлік сипатын, оның
шаруашылық агенттіктердің қызмет түріне қарамастан барлығына қызмет
көрсетуге бағытталған әрекетін білдіреді.
Қазақстанда бұрынғы кеңес одағы кеңістігіндегі барлық мемлекеттердегідей
екі деңгейлік банк жүйесі бар. Ол банктер арасындағы қарым-қатынасты екі
тұрғыда құруға негізделеді: көлденен бойынша және тігінен бойынша. Көлденең
бойынша-жетекші, басқарушы ретінде орталық банкке (Ұлттық банкке) төменгі
буындардың-коммерциялық және арнайы бейімделген банктердің бағыну қатынасы.
Тігінен бойынша-түрлі банктер арасындағы тең құқықты серіктестік қатынасы.
Сонымен, Республикадағы банк жүйесінің қалыптасу үрдісі үш кезеңнен
тұрады:
1.Бірінші кезеңінде (1988-1991 жылдар аралығында) мемлекеттік салалық
банктерді қайта ұйымдастырып, банк ісінің институттандыру негізі құрылды,
алғашқы коммерциялық банктер пайда болды;
2.Бұл кезең (1992 жылдың соңы мен 1993 жылдар аралығында) инфляция
жағдайындағы банк жүйесінің экстенсивті өсуімен сипатталды. Аталған кезең
нақты пайыздық төлемдердің жағымсыз мәні мен рубль құнының екпінді
төмендеуімен қосталды. Бұл қысқа мерзімді пайдакүнем операциялардан табыс
тапқан көптеген біркүндік банктердің қалыптасуына мүмкіндік тұғызды. Бұған
банк операцияларын орындауға лицензия алуға біршама жеңіл қол жеткізу
мүмкіндіктері болуы мен жарғылық қорының шағын мөлшері де септігін тигізді.
Нәтижесінде банк секторының ұдайы өсу үрдісіндегі рөлі төмендеп кетті.
Екінші кезеңнің негізгі белгілері Ұлттық банктің орталық банк қызметін
орындауға біртіндеп көшуінде және коммерциялық банктердің экстенсивті
қалыптасуы мен өсуінде болды.
3. Банк жүйесі дамуының 1994 жылы басталып, қазіргі кезде жалғасып жатқан
үшінші кезеңі, қаржы саласындағы, содан соң жалпы экономикада тұрақтандыру
үрдісінің дамуымен шартталатын банк жүйесінің қызмет жағдайындағы
өзгерістерге бейімділігімен сипатталады.
Банк жүйесінің қазіргі кезеңдегі дамуы келесі үрдістермен сипатталады:
- банк капиталын шоғырландыру, екінші деңгейдегі банктер ақшасының
капиталға айналу деңгейін көтеру;
- коммерциялық банктер қызметінің сандық көрсеткіштерінің өсуі;
- қаржылай тұрақсыз банктер санының қысқаруы;
- банк секторындағы шет ел капиталы үлесінің қысқартылуы, сондай-ақ банк
капиталындағы мемлекеттік үлестің азаюы;
-банктер қызметінің халықаралық стандартарына жақындатылуы;
Коммерциялық банк-банк жүйесінің элементі болып табылады. Бұл оның
мынадай міндеттерін білдіреді:
1.ол бір тұтастың негізгі бөлшегі бола алатын тектік қасиеттерге ие болуы
тиіс (банк статусы, банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы болуы
керек);
2.жалпы және арнайы заңдардың, заң нормаларының шамасында қызмет етуі тиіс;
3. өзін өзі реттеуге (қоршаған ортаға бейімделуге және әрекет етуге), даму
мен жетілуге қабілетті болуы тиіс;
4.банк жүйесінің басқа да элементтерімен өзара әрекет жасауға тиіс.
Қазақстандағы соңғы уақытта құрылған банктердің барлығының бөлімшелері
жоқ, яғни, банк операцияларының барлық түрі бір банкте шоғырланған 3,13б.
Басшылық экономикадан нарыққа көшу кезеңіндегі қазіргі банк жүйесінің
құрылу философиясының ең қауіпті ақауы коммерциялық банктердің қызметіне
қатысты негізгі нормативтік актілердің бір мағыналық толықтығында болды.
Яғни, коммерциялық банктерді бірыңғай макроэкономикалық міндеттерді шешуге
көзделген басқару объектілері ретінде, үлкен мазмұнды деп аталатын,
жоғары жақтан қарау.
Нақты тұжырымдалған және айқын белгіленген даму стратегиясының
жоқтығында көрініс тауып отырған, коммерциялық банктердің мәнін, мақсаты
мен міндеттерін түсінбегендік олардың әрекеттеріне деген алаңдатушылық
туғызады. Есеп әп-сәтте түсірілетін пайдаға жасалады да, табысты қалай да
болса шапшаң, жиі өз клиенттері есебінен алуға мәжбүрлейді.
Бұрынғы мемлекеттік банк құрылымдарында монополияландырылған ойлау
кешенінің болуы бір жағынан, және жаңа құрылған коммерциялық банктердің
банктерге тән емес таза коммерциялық қызметтері мен операцияларының басым
болуы екінші жағынан, өзара байланысты экономика институттарының
тізбегіндегі маңызды буын ретіндегі банктің мәні жойылады деген ойды
нығайтуға себеп болады.
1.2 Коммерциялық банктер қызметінің принциптері
Коммерциялық банк ерекше кәсіпорын болып табылады. Ол ақшалай-несиелік
институты ретінде танылады, сондықтан оны басқару аппаратының құрылымы,
оның жасап отырған өзіндік ерекше іс-әрекетінің таңбасын белгілейді. Мұны
оның жұмысын ұйымдастырудағы белгілі принциптерінің үлгісінде байқауға
болады. Мұның астарында банкке тән қызметтер мен банк операцияларын жүзеге
асыру алғышарттарын жасайтын іс-әрекеттерінің бастапқы күйі түсінігі жатыр.
Әдетте, банктер қызметтік нышаны бойынша ұйымдастырылған. Бұл несиелік
мекеменің құрылымы оның орындап отырған қызметіне байланысты болуын
білдіреді.
Банк ұйымдастыру принциптеріне қойылған мақсаттардың сәйкестігі де
жатады. Банктің мақсаты пайда түсіру екені белгілі. Бұл банкте ақша табатын
құрылымдар болу керектігін білдіреді (банк өнімдерін сатып алушыларды
іздестіріп, оны өз шығынынан жоғары бағаға сатады). Табыстарды басқару үшін
бөлімдер құрылады. Олар кірістер мен шығыстарды жоспарлайды, жалпы банк
және оның бөлімшелері бойынша бюджет құрастырады, шығындардың үнемделуін
қамтамасыз етеді.
Банкті ұйымдастыру принциптері арасынан оның жеке бөлімшелерінің билікке
өкілетті иерархиясы принциптерін бөліп көрсетуге болады. Екі билік эшелоны
бар: басқарудың жоғарғы буыны мен банктің өзге бөлімшелері. Жоғарғы буынға
Банк кеңесі, Банк басқармасы, ревизиялық комиссия, банк қызметкерлері
құрамының ең білікті бөлігін біріктіретін және банк жүйесінің түбегейлі
мәселелерін шешетін түрлі комитеттер жатады.
Екінші эшелонға банк бөлімшелерінің бір біріне қарым-қатынаста қатар
бағыну жүйесіндегі клиенттерге қызмет көрсетумен, басқа да жұмыстарды
орындаумен айналысатын барлық өзге басқармалар (бөлімдер) жатады.
Банк басқару аппаратының құрылуында маңызын жоймаған принциптердің бірі
бірлескен және үйлестірілген қызметтерді қамтамасыз ету болып табылады.
Егер кәсіпорын банк мәртебесіне ие болса, ол өзінің құрамында бір
жағынан, өзіне тиісті операцияларды ішінде орындалуын қамтамасыз етіп
отырса, екінші жағынан оның қызметінің қоршаған орта шарттарымен
сәйкестігін қамтитын бөлімшелері болуы тиіс. Кейбір банктер аталған
принципті жүзеге асыру мақсатында банктің түрлі бөлімшелерін үйлестіру мен
өзара әрекет жасауын қамтамасыз ететін арнайы әкімшілік комитет құрады.
Банкті ұйымдастыру принциптерінің арасында басқаруды ұтымды ету
принциптері белгіленеді. Аталған принциптерге сәйкестендіруде банк жұмысы
банк дамуын қамтамасыз ететіндей ұйымдастырылуы тиіс (мысалы, жаңа қызмет
түрлерін енгізу, шығындарды қысқарту, еңбек өнімділігін көтеру бағытында
және т.б).
Банк ұйымдастыру тұрғысында тұтастық пен қоршаған орта жағдайына
сәйкестілігін қамтамасыз ету маңызды. Бұл банкте қабылданған бірыңғай даму
стратегиясының аясында, оның бөлімшелері арасында тығыз өзара байланыс
қалыптасады. Әр бөлімше өзінің қызметін қоршаған орта жағдайының өзгеруіне
сәйкес жетілдіреді 3,50б.
Банк ұйымдастыру жүйесі бақылауды қамтамасыз ету принциптеріне сәйкес
болуы аса маңызды. Бұл жерде міндетті элемент болып ішкі және сыртқы аудит
есептеледі. Аудиторлық тексерулер бас банк аясында да, және оның
филиалдарына да қатысты ұйымдастырыла береді (ішкі аудит).Сыртқы аудит
несие мекемелерін тексеруге лицензиясы бар арнайы аудиторлық фирмалар
тарапынан қамтамасыз етіледі.
Ішкі реттелу, банктің ішкі бөлімшелерінің келісімі ережелерге бағыну
-банк қызметкерлері қызметінің регламенттелуі арқылы қамтамасыз етіледі.
Аталған принципті жүзеге асыру үшін банктер жеке ұйғарым (жарғы, жеке
бөлімдер мен қызметтер туралы ережелер, біліктілік талаптарын) жасайды.
Банк ісіндегі тәукелділікті басқару процессі келесі 6 кезеңнен тұрады:
1.Мақсатты анықтау. Банк үшін басты мақсат тәуекелділіктің ауыртпалығын
мүмкіндігінше жеңілдетіп, оның зардаптарын барынша азайту. Сөйтіп банкротқа
ұшыраудың жағдайын анықтау.
2.Тәуекелділікті анықтау.Тәуекелділіктің қандай ауқымда және көлемді
болатының анықтап оның әкелетін зардаптарын сезіну.
3.Тәуекелділікті бағалау мүмкін болатын зардаптар шамасы мен оның
ықтималдылығын анықтау. Бұл кезде банк нақты тәуекелділік салдарын
анықтауда озық және өзіндік тәжірибені қолдана отырып математикалық әдістер
мен анықтайды. Банк ісіндегі тәуекелділік түрлеріне байланысты
тәуекелділік.
4.Тәуекелділікті басқару әдістерін таңдау. Тәжірибеде жоғалтулардың алдын
алумен оған бақылау жасау. Тәуекелге бейім банк портфелін сақтандыру
немесе тәуекел салдарын сақтандырусыз қалпына келтіру. Осы нақты әдістері
тәуекелділіктің түрлерін таңдап қолдану.
5.Таңдалған әдісті қолдану. Егер банк тәукеледілікті басару сақтандыру
әдісін таңдаған болса, онда келесі қадам сақтандыру келісім шарт жасау
болып табылады. Егер жоғалтулардың алдын-алу және бақылау әдісін таңдаса,
онда банк мүмкін болатын жоғалтулады есептеп, оны барынша азайту үшін
шаралар жиынтығын қарастырады.
6. Нәтижені бағалау. Нәтижені бағалау банк ісіндегі тәуекел салдарынан
қалыптасқан залалдарды және әрекеттерді толығымен қарастыру мүмкіндігін
беретін шынайы ақпараттар жүйесінің көмегімен жүзеге асырады 3,55 б.
Әр қызметкер өзінің міндеттерін білу керек, сол құжаттарда көрсетілген
ережелерді орындау үшін белгілі білімдер мен іскерлікке ие болуы тиіс.
Сайып келгенде, банктің несиелік мекеменің тұрақтылығы мен сенімділігін
қамтамасыз ету жөнінде қажетті ұйымдастырушылық және экономикалық шараларды
уақыттылы қабылдауы үшін жедел және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз етілуі
де маңызды. Банк инфрақұрылымының жүйелілік элементі бола тұра, ақпараттық
қамтамасыз ету ұйымдастырушылық тұрғыдан банкте тиісті ақпараттарды жинау
және өңдеумен айналысатын ерекше бөлімшелерді (адам топтарын) құру жолымен
жүзеге асады.
Банк құрылымын қалыптастырудағы негізгі мақсат банк қызметі кешенін
басқару қолайлылығында, банк клиенттеріне көрсетілетін қызметтер сапасы мен
банк қызметкерлерінің еңбек өнімділігінің арттырылуына, кәсіпорын ретінде
кірісті шаруашылық жүргізуге қол жеткізу болып табылады.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ерекшелейтін
белгілі қызметтерді орындауында көрініс табады. Коммерциялық банктердің
негізгі операцияларын топтастыра келе, олардың орындайтын негізгі
қызметтерін тұжырымдауға болады:
1.Ақша капиталын шоғырландыру мен жұмылдыру;
2.Несиедегі делдалдық;
3.Шаруашылықтағы есептер мен төлемдер жасауды жүргізу;
4.Төлемдер қаражатын жасау;
5.Құнды қағаздардың шығарылуы мен үлестірілуін ұйымдастыру;
6.Клиенттерге кеңес беру қызметін көрсету.
Уақытша бос қаражатты жұмылдыру мен оларды капиталға айналдыру
-банктердің ежелгі қызметтерінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың бос
қаражаттарын банктер арқылы шоғырландырылуы бір жағынан, олардың иелеріне
пайыз түрінде табыс әкеледі, ал екінші жағынан, несиелік операцияларды
жүргізу үшін негіз жасайды. Жиналған ақшаны түрлі экономикалық және
әлеуметтік қажеттіліктерге пайдалануға болады. Қаражаттың шоғырлануы және
оның капиталға айналуы нағыз банктер арқылы болып отыр.
Несие берудегі делдалдық коммерциялық банктердің келесі бір маңызды
қызметі болып табылады. Бос қаражат иелері мен қарыз алушылардың тікелей
несиелік қатынасына, оған қажеттілік көретін, несиеге беріліп отырған
капитал көлемін бірлесе иемденуі, сондай-ақ, қарыз алушыға қажет капиталды
босату мерзімі кедергі болып отырған жоқ. Капиталдың иелері мен қарыз
алушылардың арасындағы тікелей несиелік байланысын соңғылардың төлемдер
жасауға қабілетсіздігі де қиындатып отыр. Капитал иесінде қарыз алушының
қаржылық жағдайы туралы ақпарат болмауы мүмкін.
Коммерциялық банктер қаржылық делдал рөлін атқара отырып, мұндай
қиыншылықтарды жояды. Банк несиелері экономиканың түрлі салаларына
бағытталып, өндірісті кеңейтуді қамтамасыз етеді.Тұрақты экономика
ұйымдастырылған және жолға қойылған ақша есебі жүйесінсіз өмір сүре
алмайды. Осыдан, есептер мен төлемдер жүргізудегі банктердің рөлі үлкен
мәңге ие болады.
Кәсіпорын арасындағы есептердің негізгі бөлігі аударым жолымен жүзеге
асады. Банктер төлемдерде делдал ретінде шыға тұра, клиенттерінің тапсырысы
бойынша есеп айырысуды іске асырады, есепшоттарға ақша қабылдайды және
барлық ақша түсімдері мен ақша беруге есеп жүргізеді. Банктердегі
төлемдердің орталықтандырылуы шығындар айналысының азаюына ықпал етеді, ал
есептердің жылдамдатылуы мен төлемдердің сенімділігін көтеру үшін есеп
айырысудың электронды жүйелері енгізіліп жатыр.
Коммерциялық банктердің ерекше функциясы олардың ақша жасау мен жою,
яғни, ақша массасын көбейту немесе азайту қабілетінде болып табылады.
Төлемдер қаражатын жасау банктердің депозиттік және несиелік қызметімен
тікелей байланысты. Депозит екі жолмен жасалуы мүмкін: клиенттің банкке
қолма-қол ақша салуы немесе қарыз алушыға несие беру. Мұндайда аталған
операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әрқалай әсер етеді.
Коммерциялық банктер құнды қағаздардың, атап айтқанда, акциялар мен
облигациялардың шығарылуы мен үлестірілуін жүзеге асыра отырып, эмиссиялық-
құрылтайшылық қызметін атқарады. Мұндайда банктер ақша жинағын өндірістік
мақсаттарға жұмсауға мүмкіндік алады. Құнды қағаздар рыногы несие жүйесін
толықтырады және онымен өзара әрекетке түседі. Ұзақ мерзімді салымдарды
қажет ететін және акциялар мен облигацияларды шығаруға иек артатын
кәсіпорындардың тапсырысы бойынша, банктер ақшаның шағарылуы мен
айналымының мөлшерін, шартын, мерзімін анықтау, құнды қағаздардың түрлерін
таңдау, және де үлестіру міндеттері мен олардың қайталама айналуын
ұйымдастыруды өз мойнына алады. Банктер шағарылған құнды қағаздарды сатып
алу және сатуды өз есебінен немесе банк синдикаттарын ұйымдастыру арқылы
олардың сатып алынуына кепілдік береді, акциялар мен облигацияларды сатып
алушыларға несие береді. Банк ірі компаниялар шығарған қомақты сомаларға
деген міндеттемелерін биржадағы еркін сатулар әдісімен емес, тікелей өзінің
клиенттеріне сату жолымен үлестіре алады.
Соңғы уақытта коммерциялық банктер арнайы несие мекемелері тарапынан
бәсекелестіктің күрт ушығуымен соқтығысып отыр. Бұл банктердің жаңа қызмет
салаларын іздеуге және клиенттерге ұсынылатын қызметтердің санын көбейтуге
әрі қызмет көрсетудің сапасын көтеруге ынталандырады.
Қазіргі жағдайдағы коммерциялық банктер қызметінің кеңею үрдісінің дамуы
жалғасуда. Өздерінің рыноктағы орнын нығайту үшін олар қаржылық
кәсіпкерліктің өздеріне бөгде салаларына еніп, банктерге тән емес
операцияларды белсенділікпен іске асырып отыр. Мұнымен банктердің экономика
қызмет істеуіндегі рөлі арта түседі.
Несиелік операциялар. Банк несиесі дегеніміз-экономикалық қатынастар.
Оның үрдісінде банк қайтарып беру шартымен қарыз алушыларға қаражат
ұсынады. Бұл құнның (неселік капиталдың) банктен (қарыз берушіден) қарыз
алушыға (борышкерлерге) қозғалысын және керісінше жүруін ұйғарады. Қарыз
алушы болып меншік иесінің түріне қарамастан, барлық кәсіпорындар
(акционерлік кәсіпорындар мен фирмалар, жеке кәсіпкерлер) және тұрғындар
шыға алады.
Банк қызметінің сипатына принципті түрде ықпал ететін, активтер мен
пассивтерді қалыптастыру ерекшеліктерін, клиентурамен жұмысты ұйымдастыру
арналуын белгілейтіндіктен банктердің қызметтік мамандануы неғұрлым айқын
байқалғанын көреміз. Мұндайларға инвестициялық және инновациялық,
ипотекалық, жинақ банктері және басқалары жатқызылады.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАЛДАУ,
БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ (АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ Темірбанк АҚ МЫСАЛЫНДА)
1. Қазақстандағы Темірбанк коммерциялық банкінің қалыптасу кезеңдері
мен қызметін жағдайын талдау
"Темірбанк" акционерлік қоғам 1992 жылы 26 наурызда құрылды. Бас офис
Алматы қаласында орналасқан. Банктің филиалдық желісі 120 сату нүктесі бар.
Олар Қазақстанның 10000 халқы бар орталықтарда және қалаларында өз
қызметтерін атқарады. "Қазақстан Темірбанк " филиалы тікелей басқаруды
жүзеге асырады және оған жүктелген міндеттерді орындайды және жұмысшылардың
қызметінің тиімділігін қамтамасыз етеді. филиалдың жұмыс жағдайына
персоналды жауапкершілікті алады және оған қарайтын филиал жұмысшыларының
қызметінде, сонымен бірге, банк оның әкелген зиянына да жауапты болады.
Меншік иесі болғандықтан мүліктері де болады, өз мүліктері бойынша өз
мүлкіне, жауап береді және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып
алып жүзеге асыра алады,сотта арыз беруші және жауап беруші бола алады.
Банктің ресми статусы Қазақстан Республикасының Әділет органына банк
ретінде заңды тұлға мемлекеттік тіркеумен және банктің операцияларды
жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің лицензиясының болуымен
анықтайды. Банктің меншік формасы- мекеме. Банк операцияларын шетелдік
валютада жүргізуге Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы бар болғанда, банк
операциялары Ұлттық әрі шетелдік валютада жүргізеді. Банк Қазақстан
Республикасының тиым салмаған барлық қызмет түрлерін жүргізуге құқы бар.
Банк Қазақстан Республикасында әрекет ететін заңдарға сәйкес Қазақстан
Республикасының территориясында және одан тыс жерлерде басқа заңды
тұлғалардың жарғы капиталдарын қатысуға құқылы. Банк өз қызметінде
конститутцияны Қазақстан Республикасының заңын, сондай-ақ аталмыш жарғыны
басшылыққа алады.
Бағалы қағаздар рыногында банк кәсіби қызметтің келесі түрлерін
орындай алады;
- брокерлік;
- мемлекеттік бағалы қағаздар;
- дилерлік -мемлекеттік бағалы қағаздармен сонымен қатар, жарғыда
- көрсетілген басқада бағалы қағаздар;
- касмидиалды;
- клирингтік;
Темірбанк өзінің алдына қойған мақсаты Қазақстан халқының
мұқтаждықтарын сапалы банк өнімдерімен қанағаттандыру болып табылады.
Осы міндетке қол жеткізу мақсатында банк қызметкерлері қажырлы еңбек
ету арқылы қол жеткізуде. Банк философиясы үйлесімдік, әділдік, сенімділік,
даму және парасаттылық қағидаларына сүйенеді.
Кесте 1
Базель стандарты бойынша капитал жеткіліктілігін есептеу*
ТәуекелділАктивтер,т
Сомасы ік деңгейіәуекелділі
к пен
өлшеуде
1 2 3 4
Ақша қорлары 0 0
7110194
Бағалы қағаздар 00
527637
ҚР Қаржы Министрлігі 00
міндеттеулігімен
Ақша қаражаттарын қамтамасыз етуін 00
талап ету 2321766
ОЭСР мүше елдерінде 12307577 02461515
гі банк қорлары
1басқа банк қорлары 8255760 20 1651152
Транзиттегі ақша қорлары 20 0
Тұрғылықты басқару органдарындағы 50 0
қарыздар
Басқа активтер 77962511 100 77962511
Баланс қорытындысы 108485445 82075178
Активтерді, тәуекелмен өлшеу 108485445 82075178
Жарғылық капитал 10656809 10656809
Резервтер
-ағымдағы жылдың табысы 4765287 4765287
1-деңгейдегі капитал қорытындысы 15422096 19 % 15422096
2-деңгейдегі капитал
Негізгі қорларды бағалау резервтері 3603 3603
Субординарлық қарыздар бойынша 517514 207006
шығыстар
Активтерді, тәуекелмен өлшеу 1025940
макс.1,25%
2-деңгейлі капиталдың қорытындысы 1236548
Капитал жеткілігінің коэффициенті 2 16658644
*Дерек көзі Темірбанк АҚ-ның мәліметтерінен алынған 12, 37 б
Қазіргі қаржы нарығындағы қалыптасқан шарттарға байланысты Темірбанк
тұрақта өсу стратегиясын қабылдай отырып, Қазақстаның банк секторының даму
қарқынының деңгейінен жоғары даму қарқынына қол жеткізу болып табылады.
Бұл стратегияның негізгі бағыттарына тоқталсақ, олар:
- Банктің Республика өнірлерінде даму қарқынын жеделдету және
- филиалдар торабын дамыту;
- Клиенттерге қызмет көрсету сапасын жоғарылату;
- Жаңа бәсеке қабілетті банк өнімдерін шығару;
- Банктің тұрақтылығын арттыру мақсатында капиталға ірі көлемде
инвестициялар жасай отырып, қаржылық әрекеттің тәуелділігін төмендету;
- Жеке бизнесті дамыту; [12]
Темірбанк акционерлік қоғамның ақща аударымдары. Ақша аударым
түрлері:
1. Қазақстан аумағандағы Темірбанк банкінің филиалдық желісі бойынша
ақша аударымдарын жіберуалу
2. филиаларалық аударымдар;
∙ ағымдағы шотты аштырмай-ақ -Жедел аударым;
∙ ағымдағы шотты аштыру арқылы ақша аударымдарды жүзеге асыру;
3 . Қазақстан Республикасы бойынша банктер арасындағы ақша аударымдары,
ағымдағы;
шотты арқылы банкаралық ақша аударымды жүзеге асыру.
4. Халықаралық ақша аударымдар.
∙ SWIFT жүйесі бойынша ағымдағы шотты аштыру және аштырмау арқылы;
∙Western Union арқылы ақша аудару;
Қазіргі таңда, банк мынадай ұйымдардың қатысушысы болып табылады:
Қазақстан Республакасының жеке тұлғаларының салымдарын депозиттерін
міндетті сақтандыру қоры;
Қазақстанның ипотекалық несиелерді сақтандыру қоры;
Қазақстан қор биржасы;
Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясы;
Халықаралық банкаралық S.W.I.F.T ЖӘНЕ REUTER телекоммуникация жүйесі;
Қазақстанның сауда-өндіріс палатасы;
VIZA International.
Сонымен қатар, банктің стратегиялық маңызды әріптестерінің бірі болып
Қазақстан ипотекалық компаниясы табылады. Қазақстандағы ипотекалық
несиелендіру нарығының белсенді қатысушысы.
2008 жылғы 1 шілдегі пруденциялық нормативтердің орындау
мәліметтері
1.Меншікті капиталдың жеткілікті коэффициенті
капиталдың 1 деңгейі 14519779
капиталдың 2 деңгейі 1008148
Банктің меншікті капиталы 15527927
Банктің меншікті капиталы К 15527927
Капиталдың II деңгейі 14519779
Банктің барлық активтері 105184713
К I ( капиталдың I деңгейімен барлық активтерінің қатынасы ) 0,14
Жалпы алғандағы актив соммасы және баланстағы емес активтер
және міндеттері 82953857
К 2 (банктің меншікті капиталымен оның активке қатынасы) 0,19
II. 1-ші қарыз алушыға максималды тәуекелділік нормасы (меншікті
капиталдан 25 %)
Комплексті инспекция – CAMELS рейтингтік бағалау жүйесін пайдалана
отырып, банк қызметін тексеру нәтижесінде банктың қаржылық және
институционалдық жағдайлардың бағалауын білдіреді.
2006 жылы Банктің актив құрылымдарының ішінде несиелендіру болып қала
бермек. Банктің қарыздық портфелі 2007 жылмен салыстырғанда 88 % жетті,
10,922721 мың теңгеге жетті. Осыған орай, ірі клиенттерге несиелендіру
тәукелділігі азайтылды. 2006 жылы 31 желтоқсанда қарыз беру бойынша
пайыздық мөлшер конверциялау валютасында жылдық 11 % дан 25 %
дейін, теңгеде болса, жылдық 8 % дан 30 % дейін түрлендірілді. Осыған
орай, Темірбанк акционерлік қоғамның рентабельділік көрсеткіштерін
санаймыз және талдаймыз.
Кесте 2
2006-2008 жж. Темірбанк акционерлік қоғамның іскеркерлік
белсенділігінің коэффициенті*
№ К Көрсеткіштер 2006 2007 2008 өсу темпі
1 Баланс бойынша табыс 407486 339935 175,5
мың теңге 193663
2 Активтер суммасы мың103399672 116319900 128799450 125
теңге
3 Актив рентабельділіг0,2 0,4 0,3
і 150
4 Шығыстар мың теңге 12730801 10576141 14538051 114
5 Жалпы рентабельділік 1,5 3,9 2,3 155
%
*Дерек көзі: Темірбанк АҚ-ның мәліметтерінен алынған 12, 37 б
Темірбанк акционерлік қоғамның 11-ші кестеде көріп отырғанымыздай,
банктің қаржылық жағдайы жақсаруда. Кіріс 175,5 % өсті, ал актив суммасы
125 % өсті.
Рентабельділік көрсеткіштер негізгі менеджменттің тиімділігін
көрсетеді, рационалдау ресурстарды қолдануға жауап береді. Алынған
көрсеткіштер әрбір теңге активінен қанша кіріс алатының бағалай алады.
Біздің жағдайда, рентабельділік белсеңділік көрсеткіштері 2004 жылмен
2006 жылды салыстырғанда 50 % өскенін көреміз, қаржылық жағдайы жағымды.
Қорытындылай келе, осындай өсу темпі Темірбанк акционерлік қоғамның
қаржылық жағдайының жақсаруына әкеледі. Пайда табу үшін өзіндік құнға
ықпал етеді, шығыстар, кәсіпорындар пайда табу үшін алып келеді.
2.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банк жұмысының
әдістері мен тәсілдерін талдау ("Темірбанк" акционерлік қоғам 2006-
2008 жж. мысалы ретінде)
Темірбанк акционерлік қоғамның актив баптары негізгі табыс көзі
болып несиелік операциялар болып табылады. Несиелік портфель сенімді және
қауіпсіз болып табылады. Қарыздық портфелдің проблемасы несиелік
стандарттарды жеңілдету, несиеге ревизия жасау тиімсіздігі,экономиканың
әлсіреуі бұл Темірбанк акционерлік қоғамы үшін ең негізгі шығынға
әкеледі. Несиелік портфельді тиімді басқару тәуекелділікті төмендетуге
мүмкіндігі болады және қарыздық операцияларды кіріс әкеледі.
Қазіргі уақытта банктің қызметіне талдауды қорытындылай келе,
негізгі банктік тәуекелді басқару бірінші факторы болып табылады, банк
қызметін тиімді анықтау, бұл- несиелік тәуекел. Несиелік тәуекелді кең
мағынада басқа жолдарға қолдануға болады, партнер келісім шартты орындай
алмаса, онда қаржылық шығындарға әкеледі.
Несиелік тәуекелді өзгеру түрдері:
1.Актив сапасының коэффициенті.
Сапа коэффициенті = қарыз бойынша шығындарқарыздың жалпы суммасы.
2. Несиелік тәуекел бойынша пайыз = проблемалық тәуекелқарыздың жалпы
суммасы. Проблемалық деп-барлық несилерді айтуға болады. Бірақ, стандартты
және субстандарттыны несиелерде емес.
Кесте 3
Темірбанк акционерлік қоғамның 2006-2008 жж. проблемалық несилерге
талдау (теңге бойынша)*
2006 2007 өсу темпі
2008
1 2 3
4 5
Проблемалық несие 5752408 10483863
11420273 198,53
Несиенің жалпы 37439238
суммасы 52514875 67730803 180,9
* Дерек көзі: Темірбанк АҚ-ның мәліметтерінен алынған 12, 40 б
2006-2008 жылдардағы период ішінде проблемалық несие көрсеткіштері
өсті, өсі темпі 98,53 %, ал несиенің жалпы суммасы 80,9 % көбейді.
Темірбанк акционерлік қоғамның проблемалық несиенің үлес салмағы 2008
жылы 16,86 % өссе, ал 2006 жылы 15,36 % құрады . Бұндай жағдай банктің
несиелік тәуекелділікті жоғарлатады, оның өтімділігін төмендетеді.
Сурет 1. 2006-2008 жж. Темірбанк АҚ-ның проблемалық несиесі*
*Дерек көзі: Темірбанк акционерлік қоғамының мәліметтері. 2006-2008 жж.
Темірбанк акционерлік қоғамның несиелік тәуекелділігін бірқалыпты
жағдайда ұстап қалу үшін тездетіп проблемалық несиенің суммасын төмендету
керек.
Талдай келе, көрсеткіштерден пайыз бойынша несиелік тәуекелділікті
шығаруымызға болады.
1. 2006 жылғы несиелік тәуекел пайыз бойынша =13,71 %
2. 2007 жылғы несиелік тәуекел пайыз бойынша =18,01%
3. 2008 жылғы несиелік тәуекел пайыз бойынша =13,11%
Жалпы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz