Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары
1. Кіріспе.
Конституция. Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары.
2. Негізгі бөлім
1.1 Адамның құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық тұрғыдан шектеудің әлеуметтік.экономикалық және саяси шарттылығы
1.2 Адам және азаматтың құқығы мен бостандығына қол сұғу.
1.3 Конституциялық құқықтардың мызғымастығы.
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамның құқықтары мен бостандықтары аса маңызды гуманитарлық құндылық. Адам құқықтарының, бостандықтары мен мүдделерінің басым артықшылықтары айдан анық. Мемлекеттік-құқықтық дамудың осы заманғы кезеңінде гуманитарлық құндылықтардың сөзсіз апологеттеріне қарсы елеулі уәждер ұсыну үрдісі байқалады. Батыстың демократиялық қоғамдарындағы құқықтар мен бостандықтарды асыра пайдалану мысалдары және оның барған сайын жаппай сипат алып бара жатқаны осыған дәлел бола алады.
Адамның абсолютті табиғи құқықтарын, заңның шеңберінде болса да, адамның шексіз бостандығы ретінде біржақты түсінудің, сондай-ақ адамның қоғамдағы абсолютті дербестігінің салдарынан экологиялық проблемалар туындап, қоршаған дүниеге, табиғатқа тұтынушы ретінде қарау пайда болды. Осыған байланысты бүгінгі күні адамның абсолютті табиғи құқықтары мен индивидуализм доктринасын қайтадан ой елегінен өткізіп алу қажет болып отыр. Индивидуализм мен ынтымақтастық қағидаты арасындағы келісімді іздестіру адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеу, мұндай шектеулердің заңдылық шарттарын іздестіру, әр индивидтің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру проблемасын, субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің өзара шарттастығы проблемасын, сондай-ақ осы проблемаларды шешуге бағытталған саяси-құқықтық құралдарды әзірлеу пробемасын күн тәртібіне қойды. Сондықтан да көптеген егеменді мемлекеттерде, ең алдымен, «жас демократия» елдерінде құрылып жатқан мемлекеттілік үлгісі адамның және азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын пайдалану тетігін құқықтар мен міндеттердің өзара байланысын күшейтіп, адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеу жағына қарай оңтайландыру стратегиясына байланысты болып отыр.
Міне осылайша, адамның құқықтары мен бостандықтарының шектелуі проблемасын біз қоғамдық және жеке мүдделердің арасында келісім іздестіру проблемасын ой елегінен өткізу шеңберінде қарастырып отырмыз.
Зерттеудің объектісі құқықтық мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретіндегі адамның құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Осы құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру шектері, сондай-ақ құқықтық мемлекет қалыптастыру жағдайында осы шектеулердің заңдылық шарттары мен қағидаттары зерттеудің нысаны етіп алынды.
Жұмыстың мақсаты құқықтық мемлекетте адамның құқықтары мен бостандықтарының шектелуін кешенді түрде зерттеу, сондай-ақ осындай шектеулердің шарттары мен қағидаттарын қарастыру болып табылады.

1 Бородин В.В., Крусс В.И. Некоторые философско-правовые аспекты проблемы злоупотребления правами и свободами человека // Правоведение. – 2002. – № 6. – С. 34-57.
2 Аюпова З.К. Особенности построения демократического правового государства // Мысль. – 1999. – № 4. – С. 15-23.
3 Баймаханов М.Т. Избранные труды по теории государства и права. –Алматы: АЮ-ВШП «Әділет», 2003. – 710 с.
4 Баймаханов М.Т. Верховенство права как системообразующий признак понятия правового государства // Научные труды «Әділет». – 2001. – № 1(9). – С. 3-12.
5 Бусурманов Ж.Д. Права человека в постсоветском государстве: вопросы теории и практики: Автореф. дис. … д-ра юрид. наук. – Алматы, 2006. – 55 с.
6 Бусурманов Ж.Д. Концепция Государственной программы в области прав человека Республики Казахстан // Право и государство. Научно-информационный журнал КазГЮУ. – 2002. – № 3 (26). – C. 31-36.
7 Бусурманов Ж.Д. Проблемы правовой реформы в Казахстане и права человека // Научные труды «Әділет». – 2002. – № 2 (12). – С. 112-121.
8 Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан. – Алматы, 1998. – 205 с.
9 Зиманов С.З. Права и свободы должны быть реальными // Советы Казахстана. – 1992. – 7 октября.
10 Зиманов С.З. К вопросу о двойном гражданстве // Советы Казахстана. – 1994. – 18 января.
11 Ким В.А. Идея о человеке, его жизни, правах и свободах как высших ценностях в Конституции РК // Вестник КазГУ. Серия юридическая. – 1998. – № 6. – С. 5-12.
12 Кенжалиев З.Ж. Развитие конституционного законодательства в Республике Казахстан: В 2 ч. – Алматы: КазНУ, 2004. – 300 с. (в соавторстве).
13 Ибраева А.С. Правовая культура: проблемы теории и практики. – Алматы: Жеты жарғы, 2002. – 352 с.
14 Мукамбаева Г.А. Манас и право: Монография. – Бишкек, 2003. – 336 с.
15 Назаркулова Л.Т. Особенности трактовки и формирования правового государства в разных странах и некоторые проблемы его становления в Республике Казахстан // Проблемы становления правового государства и конституционный процесс в Республике Казахстан: Материалы республиканской научно-теоретической конференции, посвященной 70-летию М.Т. Баймаханова. – Алматы: КазГЮА, 2003. – С. 34-41.
16 Сартаев С.С., Назаркулова Л.Т. Становление Конституции Республики Казахстан: проблемы и перспективы. – Алматы, 2002. – 408 с.
17 Сартаев С.С., Мальцев Ю.В., Юридический механизм реализации конституционных прав и свобод граждан // Известия АН КазССР. Серия общественных наук. – 1990. – № 3. – С. 63-69.
18 Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1996. – 165 с.
19 Сабикенов С.Н. О некоторых концептуальных подходах к изучению теории прав человека // Информационная эпоха: общество, экономика, культура, право: Материалы международной научно-теоретической конференции. – Алматы, 2002. – С. 23-30.
20 Сарсембаев М.А. Международное частное право: Учеб. пос. – Алматы: Ғылым, 1998. – 339 с.
21 Общая теория прав человека / Рук. авт. колл. и отв. редактор Е.А. Лукашева. – М.: Норма, 1996. – 509 с.

ЖОСПАР:
1. Кіріспе.
Конституция. Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен
бостандықтары.
2. Негізгі бөлім
1. Адамның құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық тұрғыдан шектеудің
әлеуметтік-экономикалық және саяси шарттылығы
1.2 Адам және азаматтың құқығы мен бостандығына қол сұғу.
1.3 Конституциялық құқықтардың мызғымастығы.
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамның құқықтары мен бостандықтары
аса маңызды гуманитарлық құндылық. Адам құқықтарының, бостандықтары мен
мүдделерінің басым артықшылықтары айдан анық. Мемлекеттік-құқықтық дамудың
осы заманғы кезеңінде гуманитарлық құндылықтардың сөзсіз апологеттеріне
қарсы елеулі уәждер ұсыну үрдісі байқалады. Батыстың демократиялық
қоғамдарындағы құқықтар мен бостандықтарды асыра пайдалану мысалдары және
оның барған сайын жаппай сипат алып бара жатқаны осыған дәлел бола алады.
Адамның абсолютті табиғи құқықтарын, заңның шеңберінде болса да,
адамның шексіз бостандығы ретінде біржақты түсінудің, сондай-ақ адамның
қоғамдағы абсолютті дербестігінің салдарынан экологиялық проблемалар
туындап, қоршаған дүниеге, табиғатқа тұтынушы ретінде қарау пайда болды.
Осыған байланысты бүгінгі күні адамның абсолютті табиғи құқықтары мен
индивидуализм доктринасын қайтадан ой елегінен өткізіп алу қажет болып
отыр. Индивидуализм мен ынтымақтастық қағидаты арасындағы келісімді
іздестіру адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеу, мұндай шектеулердің
заңдылық шарттарын іздестіру, әр индивидтің әлеуметтік жауапкершілігін
арттыру проблемасын, субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің өзара
шарттастығы проблемасын, сондай-ақ осы проблемаларды шешуге бағытталған
саяси-құқықтық құралдарды әзірлеу пробемасын күн тәртібіне қойды. Сондықтан
да көптеген егеменді мемлекеттерде, ең алдымен, жас демократия елдерінде
құрылып жатқан мемлекеттілік үлгісі адамның және азаматтың негізгі
құқықтары мен бостандықтарын пайдалану тетігін құқықтар мен міндеттердің
өзара байланысын күшейтіп, адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеу
жағына қарай оңтайландыру стратегиясына байланысты болып отыр.
Міне осылайша, адамның құқықтары мен бостандықтарының шектелуі
проблемасын біз қоғамдық және жеке мүдделердің арасында келісім іздестіру
проблемасын ой елегінен өткізу шеңберінде қарастырып отырмыз.
Зерттеудің объектісі құқықтық мемлекеттің ең жоғары құндылығы
ретіндегі адамның құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Осы құқықтар
мен бостандықтарды жүзеге асыру шектері, сондай-ақ құқықтық мемлекет
қалыптастыру жағдайында осы шектеулердің заңдылық шарттары мен қағидаттары
зерттеудің нысаны етіп алынды.
Жұмыстың мақсаты құқықтық мемлекетте адамның құқықтары мен
бостандықтарының шектелуін кешенді түрде зерттеу, сондай-ақ осындай
шектеулердің шарттары мен қағидаттарын қарастыру болып табылады.

Сонымен, мұның алдындағы бөлімдерде біз адамзаттың, адамзат қоғамының
эволюциялық үдерісіне көпшілік және жеке мүдделердің күресі мен өзара іс-
қимылы айтарлықтай ықпал еткенін, мұның өзі қарама-қайшылықтардың бірлігі
мен күресінің жалпыға бірдей заңдылығының көрінісі болып табылатынын
негіздеген болатынбыз. Осыған байланысты адамның бойындағы табиғи
қайшылықтары адам құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық тұрғыдан шектеп
отыру қажеттігінің тереңде жатқан себебі ретінде көрінеді, бір жағынан,
адам қоғамдық тұлға болғандықтан, қоғамның біртұтастығын қамтамасыз ету
үшін оның көпшілік алдындағы мүддесін қамтамасыз етіп отыру маңызды, екінші
жағынан, адамның жеке қасиеттерінің көрінуі үшін оның құқықтары мен
бостандықтарын, оның меншікті кеңістігінің саласын қамтамасыз етіп отыру
маңызды. Осы орайда И.А.Ледяхтың: адамның негізгі құқықтарының
шеттетілмейтіні жеке және көпшілік мүдделердің, әртүрлі индивидтердің
сәйкеспейтін құқықтары мен мүдделерінің қақтығысынан туындайды деп жазуы
тегін емес [1, 123-бет].
Бұл проблемадан шығатын жол қайда деген сұрақ туады. “Бұл дилеммадан
шығудың жолы мынау ғана, - деп есептейді белгілі неміс заңгері Клаус Штерн,
- негізгі құқықтардың қорғалуы саласы мен олардың шектелуін нәзік түрде
ажырата білу керек” [2, 185-бет].
Бұл пікірмен келісе отырып, мынаны атап өту жөн: адамның құқықтары мен
бостандықтарын құқықтық тұрғыдан шектеу мен оның мемлекет тарапынан
бұзылуының ара жігін ажыратуды тек конституциялық деңгейде ғана жүзеге
асыруға болады. Жоғары заңи күші бар нормативтік-құқықтық акт ретінде
мемлекеттің конституциясында адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеудің
жіті негіздері белгіленуі тиіс.
Заманауи кезеңде адамның құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық
тұрғыдан шектеп отыру қажеттігі әлеуметтік, сондай-ақ экономикалық және
саяси сипаттағы бірқатар факторларға байланысты.
Адамның құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық тұрғыдан шектеудің
экономикалық факторлары ретінде нарықтық қатынастарды қалыптастыру
қажеттігін алуға болады. Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет деп
жариялады, ол директивалық-бөліністік экономикамен сыйыса алмайды. Нарық
экономиканың еркін әрі ұтымды дамуына барынша жәрдемдесетінін адамзат
дамуының тарихы көрсетіп отыр. Нарықтық экономиканың құрылуы индивидтің
дербестігі мен оның еркіндік кеңістігін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда
қоғам неғұрлым ашық бола түсіп, азаматтық қоғамға айналады. Мұндай
еркіндікті қамтамасыз етудің қажетті тәсілі жеке меншік болатынын адамзат
қоғамының даму тарихы дәлелдеп отыр. Ол жекелеген адамның қоғамнан
аулақтанып, тек өмір сүруге ғана емес, сонымен бірге еркіндікке, белгілі
бір дербестікке, өз қабілетін іске асыруға ұмтылыс жасауына мүмкіндік
береді. Ал өздері мен мемлекет арасында құқықтық сипаттағы өзара қарым-
қатынастар болуына мүдделі, еркін (билікке тәуелсіз) меншік иелері жоқ
қоғамда құқық қоғамның өмірінен тыс қалады. Шын мәніндегі құқықтық тәртіпті
жоғарыдан мемлекет белгілемейді, ол өз бостандығының, қауіпсіздігі мен
меншігінің кепілді болуына мүдделі азаматтық қоғамның қойнауынан өсіп
шығады. Мемлекеттің құқықты шектеуі, егер сол құқықтың артында соны
туындатқан әрі соны жақтай алатын азаматтық қоғам тұрмаса, еш уақытта
аяғына дейін дәйекті әрі сөзсіз бола алмайды. Азаматтық қоғам – қоғамдық
өзін өзі басқару институттары арасында пайда болатын қатынастардың
жиынтығы. Егер ол әлеуметтік тұрғыдан белсенді, ықпалды, өз құқықтарын
қорғап қалуға қабілетті болса, мемлекеттік және муниципалдық билік
органдарын “тәртіпке шақырып” отыруға, оларды азаматтар мен салық
төлеушілердің мемлекеттік және муниципалдық қаражатын ұтымды да ұқыпты
жұмсауға мәжбүрлеуге қабілетті болса, онда ол демократиялық дамудың
белсенді факторына айналады. Мұндай қоғамның санасына теңдікті,
тәуелсіздікті, билік орындарын утилитарлық байсалдылықпен қабылдауды
дәріптеу тән болып келеді. Және де, ең бастысы, мұндай қоғамда адам, оның
құқықтары мен бостандықтары ең жоғары әлеуметтік құндылық деп танылады.
Бұрынғы КСРО елдері егеменді дамудың бастапқы кезеңінде либералдық
мемлекет қалыптастыруға бағыт алды. Саяси-идеологиялық тұрғыдан алғанда бұл
тұжырымдама жоспарлы, орталықтанған экономикадан орталықтанбаған, нарықтық
экономикаға көшу кезінде ең бір келешегі бар бағыт деп танылады. Соның
өзінде қоғамдық дамудың либералдық-демократиялық бағыт ұстануы халыққа
қызмет көрсету бірте-бірте мемлекеттің басты әлеуметтік айналуында маңызды
рөл атқарды [3, 118-бет].
ТМД елдерінде жүзеге асырылған экономикалық және саяси реформаларды
бірнеше кезеңге бөлуге болар еді. 90-шы жылдарға келетін бастапқы кезеңді,
әдетте, антистатистік деп атайды. Бұл кезеңде реформалау саясаты мемлекетті
ең алдымен экономикалық саладан ысырып шығарып, өздігінен дамитын нарықты
қалыптастыруға бағытталды. Жалпы алғанда реформалардың өздігінен дамитын
нарықты қалыптастыруға бағыт ұстағанына қарамастан, бұрынғы КСРО-ның әр
мемлекеті экономикалық және саяси реформалардың өзіндік жолдарын таңдады.
Мысалы, Өзбекстанда реформаларды жүргізудің түйінді бес қағидаты
белгіленді, олар экономиканың саясаттан басымдығы, мемлекеттің
реформалаудағы шешуші рөлі, заңның бәрінен жоғары тұруы және заңға бағыну,
күшті әлеуметтік саясат, нарықтық экономикаға кезең-кезеңдеп көшу. Осы
арқылы Өзбекстан, монетарлық идеология саясаты үстем болып отырған
Халықаралық валюта қорымен және Бүкіл дүние жүзілік банкпен тығыз ынтымақта
болғанына қарамастан, экономика саласында “есеңгірететін терпия” әдісінен
бас тартты. Экономика саласында жүргізілген реформалардың тәжірибесі мұнда
жекешелендіруге, экономикада, әлеуметтік салада құрылымдық реформаларға
барынша сақтықпен қарағанын көрсетіп отыр. “Есеңгірететін терапия” әдісіне
бұлайша сақтықпен қарау көбіне халықтың тығыз орналасуына байланысты болып
келеді. Кез келген экономикалық сілкініс терең әлеуметтік жарылыстарға
апарып соқтыруы әбден мүмкін. Нақ сондықтан да мұнда нарықтық экономикада
мемлекеттің рөлі барынша жоғары болатын аралас экономика үлгісі
қолданылуда.
Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей бір мезгілде либералдық нарықтық
экономика және либералдық демократиялық саяси жүйе қалыптастыру бағытын
таңдады. Жеке меншікті, кәсіпкерлікті дамыту, осыған байланысты
жекешелендіруді жүргізу, бағаны ырықтандыру, экономиканы жоспарлы түрде
реттеу институттарын таратып, нарықтық экономика институттарын (биржалар,
коммерциялық банктер және басқалары) құру нарықтық қатынастар
қалыптастырудың маңызды шарты болып табылады. Осының бәрі мемлекетке
тәуелсіз шаруашылық жүргізу субъектілерін, азаматтық қоғамның негізін
құрайтын орташа тапты қалыптастыруы тиіс болды. Мемлекеттің қарауында
әлеуметтік сала (білім беруді, медицина қолдап отыру, зейнетақымен
қамтамасыз ету, жұмыссыздарға көмектесу) ғана қалды.
Басқа да ТМД елдеріндегі секілді, Қазақстанда да нарықтың қалыптасуы
стихиялы түрде жүрді. Тәуелсіз жаңа ТМД мемлекеттерінің бастапқы даму
кезеңінде экономикада, сондай-ақ қоғамдық қатынастардың басқа да
салаларында ырықтандыру саясаты жүзеге асырылды. Алайда бұл саясат теріс
зардаптарға ұрындырды. Жекешелендіру нәтижесінде көзделгендей тың
ынталылықтар құрылмады, өндіріс құлдырады не бір орында тұралап қалды.
Сондықтан бұл жерде оң жайлармен қатар толып жатқан теріс көріністер де
байқалып қалды, олар жинақтала келе әлеуметтік-экономикалық жағдаяттың
жақсаруы орнына, дағдарыстың тереңдей түскенін көрсетіп берді. Соңғысы
мемлекеттің әлеуметтік ала-құлалық күрт өсіп кеткен қоғамды жинақтауға
қабілетсіздігінен; өндірістің құлдырауынан; тұрмыс деңгейінің күрт
төмендеуінен; “номенклатуралық-қылмыстық” капитализмнің пайда болуынан;
мемлекеттің өзінің аса маңызды әлеуметтік міндеттерін орындауға
қабілетсіздігінен, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет,
зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі дағдарыстан; құқық қорғау
органдарының етек алған қылмысты ауыздықтай алмауынан; мемлекеттік жоғарғы
билік органдарының перманенттік дағдарысқа ұшырауынан; әлеуметтік-саяси
қарсы тұрулар мен ұлттық қақтығыстардың шиеленісуінен көрініс тапты.
Бүгінгі күні кәсіпкерліктің дамуы заңнамалық тұрғыдан танылып,
жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу жүргізілді, солай бола тұрса да
орташа таптың қалыптасуы туралы айтуға әлі ерте. Мұндай жағдай не себептен
қалыптасып отыр? Біздіңше, оның себебі – меншіктің биліктен нақты
оқшаулануы әлі де болған жоқ. Мемлекеттік институттар шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қызметін директивалық басқарудан және тікелей бақылап
отырудан бас тартқанымен, мемлекет меншігін жекешелендіру үдерісіне белсене
ықпал етіп бақты. Ақырында, бастапқы капиталдың заңсыз, тұрпайы түрде
жинақталуы үшін жағдай жасалды. Мемлекеттік бюрократияның қалыптаса
бастаған жеке меншік иелері табымен ауыз жаласып кетуі, сыбайлас
жемқорлықтың етек алуы, қолдарынан келсе мемлекеттің өзін де жекешелендіріп
алып, оны өз мүдделеріне бағынышты етуге ұмтылған номенклатуралық алпауыт
кландардың пайда болуы аталған үдерістердің негізгі теріс салдары еді.
Атап айтқанда, экономикалық реформалар мен жекешелендіруді тар
номенклатуралық алпауыттар жария етпей, көпшілік нарық құралдарынсыз (қор
нарығы, құнды қағаздар нарығы және басқалары) жүргізді. Құны жоқ
жекешелендіру-инвестициялау және тұрғын үй купондары нысанында басталған
халықтық жекешелендіру әбден сәтсіз болып шықты. Социализм ізіндегі осы
заманғы жағдайларда мемлекеттік билік бастапқы капитал жинақтаудың басты
құралына айналып, жекешелендіру шенеуніктердің жеке басының баюына қызмет
етті. Осының бәрі орташа таптың орнына, ат төбеліндей алпауыттардың
әлеуметтік тобының құрылуына алып келді, ал халықтың негізгі тобыры түксіз
қалды.
Қорытындысында жеке меншік танылды, бірақ бұл меншік иелері
мемлекеттен азат бола алмады. Осы жерде К.Маркстің жаңа туған капиталдың
басынан бақайшағына дейін барлық жерінен қан мен лас-қоқыс тамып тұрады
деген сөздерін қалай еске алмассың [4, 770-бет).
Сөйтіп, 90-жылдардағы радикалды реформалардың күйреуінің себебі -
мемлекеттің қоғам өміріндегі рөлінің нақты кемуі болмай қалды, мемлекеттің
экономикалық үдерістерге жасайтын ықпалының сипаты мен тәсілдері ғана
өзгерді, соның салдарынан нарық басқарылмай, стихиялы түрде өрістеді.
АҚШ-та әлеуметтік құқықтар американ азаматтарының табиғи құқықтары деп
танылған, шеттетілмейтін және де Конституцияның тікелей әрекет етуі
негізінде сот арқылы қорғалатын іргелі құқықтары секілді негізгі
конституциялық құқықтарға енгізілмейді [5, 93-бет].
Алайда тағы да алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене
отырып, мынадай тұжырым жасаған жөн: нарық өзіне саналылық пен стихиялық
элементтерін міндетті түрде ұштастыруы тиіс, ал мемлекеттің және құқықтың
рөлі нарық жағдайында еш төмендемеуі жөн. Осы заманғы алдыңғы қатарлы
елдердің ішінде барынша либералдық экономика негізінен АҚШ-қа тән болып
келеді. Десе де мұнда да елдің экономикасы мемлекеттің рөлін күшейтудің
арқасында ғана дағдарыстан шыға алған кезеңдер болған. Рузвельттің жаңа
бағыты бұған айқын мысал бола алады.
Еуропа елдерінің экономикасында да мемлекеттің рөлі айтарлықтай.
Швеция осының жарқын мысалы. Мұнда экономикаға мемлекеттік-құқықтық
тұтқалар арқылы ықпал етіліп отырады.
Мысалы, Оңтүстік Кореяның экономикалық кереметі көбіне-көп
экономиканың жоспарлы жүргізілуі, мемлекет пен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің өздеріне бесжылдық жоспарлар белгілеуі арқасында мүмкін
болды. Үкімет өз өндірісін дамыту (ынталандыру) мақсатында импортты
ығыстырып шығаруға (шектеуге) стратегиялық бағыт ұстады. [6].
Нарықты реттеп отыруда экономикалық жоспарлау министрлігіне едәуір рөл
берілді. Әрине, экономиканы реттеу бұйрықтар, директивалар, арқылы, яғни
әкімшілік әдістермен емес, экономикалық әдістердің көмегімен жүзеге
асырылды. Осы орайда академик О.Боголюбовтың жапондар мен Азияның жаңа
индустриялы елдерінің соғыстан кейінгі жетістіктері көбіне-көп мемлекеттің
нарықтық қатынастарға бағыт беруші ықпалымен байланысты деген пікірі
әділетті [7].
Нарық жағдайында экономикаға мемлекеттік-құқықтық ықпал етудің маңызды
мақсаты, директикалық-бөлініс экономикасындағыдай емес, жалпыға бірдей әл-
ауқат мемлекетің, яғни әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру болып табылады.
Жалпыға бірдей әл-ауқат мемлекеті нарықтық күштер ойынының жұмсаруын және
жұрттың бәрінің ең аз нақты табыспен қамтамасыз етілуін білдіреді. Бұл идея
бүгінгі таңда дамыған елдердің көпшілігінде әртүрлі нұсқаларда жүзеге
асырылып жатыр.
Дегенмен стратегиялық мақсаттары мен мән-мазмұны бірдей бола тұра,
жалпыға бірдей әл-ауқат мемлекеті мен әлеуметтік мемлекеттің бастапқы
шарттарында айтарлықтай айырмашылық бар. Егерде біріншісі әлеуметтік
теңсіздіктің жігін жатқызу үшін мемлекеттің қажеттігін тануды негізе алатын
болса және өзі де билік басындағы үкіметке тәуелді болса, екіншісі адамның
және азаматтың, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық салада конституцияда не
халықаралқ құжаттарда бекіндірілген құқықтық мәртебесін жүзеге асыруға
бағытталған. Соңғы жағдайда көрсетілетін көмектің көлемі ғана мемлекеттің
күш-жігеріне тәуелді болады да, әлеуметтік қызмет оның міндетіне айналады.
Жиырмасыншы ғасыр адамзат өркениетінің тарихында айта қаларлықтай
ғасыр болды. Екі дүние жүзілік соғыс, социалистік жүйенің құрылуы мен
ыдырауы, ғылыми-техникалық саладағы ғаламат сапалық секірістер, ғарыштық
дәуірдің басталуы – бұлар қайшылықты ізденістер мен ұмтылыстар ғасырының
неғұрлым жарқын фактілері. Ғаламдық жаңғырыстар адам өмірінің барлық
салаларын қамтыды, олар қоғамдық қатынастар жүйесін де айналып өткен жоқ.
Өткен жүзжылдық күні бүгінге дейін жалғасып жатқан жалпыға бірдей
әлеуметтік төңкерістер дәуірі болды. Оның көріністері тарихтың ең жаңа
кезеңіне тән, баламалы даму жолын табуға ұмтылған қоғамдық қобалжуларда,
адамдардың елден елге және тіпті құрылықтан құрылыққа жаппай қоныс
аударуында, адамзаттың үлкен бөлігінің тұрмыс сипатында төңкеріс жасаған
ғылыми-техникалық прогресте және көптеген басқаларында байқалуда.
Дүниетанымның өзгеруі жеке тұлғаның қажеттіктері мен мүдделерінің
өсуіне әсер етті. Кей-кейде алуан түрге ене отырып, олар белігілі мағынада
қоғамдық қатынастарды қайта құрылымдаудың детонаторына айналды. Оларды өз
қалауын қанағаттандыру үшін пайдалану мүмкіндігінің кеңеюіне байланысты әр
адамның өз табысын арттыруға деген құлшынысы күрт өсті. Тұрмыстың жайлы
болуын қамтамасыз ету, автомобильдер, саяхаттар және өзге де қажеттіктер
қоғамды тұншықтыруға айналды. Алайда нарықтық экономика жолы болғыш, дені
сау әрі жұмысқа қабілетті адамдарды бай жасайды да, жолы болмайтын және
сырқаты бар адамдарды кедей жасайды. Соның өзінде әл-ауқат деңгейі әртүрлі
болғанына қарамастан, қай-қайсысының да қалауы бар. Қоғамның осы қарама-
қарсы полюстері арасында орын алып отырған қайшылықтарды қайтіп
жымдастыруға болады? Әлеуметтік әділеттілікке қайтіп қол жеткізуге болады?
Әрбір индивидтің лайықты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін қоғам не
істеуі керек?
Көптеген ғалымдар мәселенің шешімінің қайнар көзі мемлекеттің
тұрақтандырушы, ықпалдастырушы және жасамдық рөлінде деп білді. Халықтың
білім деңгейінің артуы, жалпыға бірдей сайлау құқығы, жеке тұлғаның
құндылық бағыт-бағдарының өзгеруі, оның құқықтық мәртебесінің орнығып,
кеңейе түсуі мемлекет пен индивидтің қарым-қатынас құрылымын айтарлықтай
өзгертті.
Осыған байланысты мемлекеттің сапалық сипаттамасы да өзгерді. Оны
қолынан бәрі келетін әрі билікпен бірге құдайдың өзі жаратқан ғаламат қуат
иесі деп білетін түсінік келмеске кетті. Айтқандайын, ХІХ ғасырдың
ортасында оның орнына келген, мемлекетті түнгі күзет ретінде сипаттайтын
түсінік те уақыт талабына жауап бере алмады. Қоғамдық қатынастар
жүйесіндегі оның оң рөлі туралы ой-пікір олардың генезисінің
ерекшеліктерінен қисынды түрде туындаған. 1930 жылдардағы дүние жүзілік
әлеуметтік және экономикалық дағдарыстың шегіне жеткен шағы. ҚСРО-да
казармалық социализм орнатылып, ол тоталитаризмге ұласты, Еуропада фашизмді
жақтаушылар күш ала бастады. Барлық жерде жұмысшы және ұлттық-азаттық
қозғалыс қатерлі мөлшерге жетті. Міне, осындай жағдайда жұрт тұйықтан
шығудың жолы әлеуметтік-экономикалық үдерістердің мемлекет тарапынан
реттелуін күшейту деп білді.
Басқа елдердің тәжірибесінен мынадай қорытынды жасауға болады:
нарықтық экономика анархиямен және бетімен кетушілікпен еш сыйыса алмайды,
ал экономикадағы мемлекеттің рөлі айтарлықтай болуы тиіс.
Бұл мынадай аса маңызды жағдаяттарға байланысты. Шын мәніндегі
салауатты нарықтық өскіндер әлі де әлсіз болып отырған жағдайда тәй-тәй
басып, туындап келе жатқан отандық кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін оған
биліктің қолдауы мен қорғауы керек-ақ. Қоғамға түсетін ауыртпалықты
жеңілдетіп, жүргізіліп жатқан жаңартулар үшін өлшеусіз жоғары бағаларды
азайту мақсатында реформалар оларға әлеуметтік бағдар берілуін, есеңгіреу
зардаптарының еңсерілуін қажет етеді. Мемлекет халық алдындағы әлеуметтік
жауапкерлігін сезінуі тиіс. Нарықтың қалыптасу жағдайында мемлекеттік билік
қоғамға тікелей немесе жанама түрде ықпал ете отырып:
1) деструкцияға, аласапыранға, дағдарысқа, құлдырауға қарсы тұрып,
шиеленіс пен жанжалдарды бейтараптандыруы;
2) қоғамдық тұтастықтың тұрақтылығына ұмтылып, оны жетілдіруге,
нығайтуға, дамытуға атсалысуы тиіс. Ол үшін мемлекеттік билік күшті болуы,
ал мемлекет ең жоғары ұйымдасқан институт ретінде қоғамды және, ең алдымен,
бүкіл экономика саласын реформалауда шешуші рөл атқаруы тиіс. Реформалардың
тиімділігін арттыру үшін олар “номенклатуралық алпауыттар кланы” үшін
емес, бүкіл қоғамның мүдделерінде жүзеге асырылуы жөн.
Бұл жағдайда құқықтың рөлі де өзгереді. В.И.Гойманның әділетті түрде
атап көрсеткеніндей, “ол құқықтың өзінің басты нысанасын анықтау –
адамдардың нақты қызметін ынталандырып, бағыттап отыру, оның заңдылығының
және іс жүзіндегі нәтижеге қол жеткізудің кепілі болу жағына қарай ойысады”
[8, 81-бет].
Нарықтық экономиканың қайшылығы мынада: қоғамдық дамудың өндірістік
тұрғысы жағынан алғанда – нарықтық экономика неғұрлым тиімді, бірақ
әлеуметтік жағынан алғанда – нарықтың дамуында әлеуметтік қысым жасаудың
ықтимал мүмкіндігі болады, ал мұның өзі әлеуметтік қайшылықтарға апарып
соқтыруы әбден мүмкін. Мемлекеттің қызметіндегі аса маңызды бағыттардың
бірі қоғамның тұрақтылығын сақтау [9, 178-бет], адамдардың жекелеген
санаттарының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады. К.Цвайгерт
пен Х.Кетцтің пікірінше, “экономикалық күштердің ерікті ойыны автоматты
түрде тепе-теңдік пен үйлесімге алып келмейтінін, қайта, керісінше,
біреулердің басқаларға экономикалық үстемдік орнату қаупі болатынын қазір
жұрттың бәрі танып отыр. Сондықтан да бұл секілді асыра сілтеулерді
болдырмау үшін оны бәсекелестіктің теріс зардаптарын шектеп отыратын
белгілі бір құқықтық шеңберге енгізу қажет болады” [10, 17-бет].
Осыған орай Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы
қалыптастыру жағдайында құқық пен мемлекеттің рөлі түбегейлі өзгерістерге
ұшырайды. Егер директивалық-бөліністік экономика жағдайында құқықтық
шектеулердің рөлі бастаманы басуға сайып келген болса, енді нарықтық
экономика жағдайында екі санат – құқықтық ынталандыру мен құқықтық шектеу
іс жүзінде қосарлас жүреді және оларды үнемі бірлікте қарастыру қажет
болады [11, 17-бет].
Нарықты қалыптастыру кезіндегі құқықтың рөлі ортақ “ойын ережелерін”
белгілеуден көрінеді.
Нарықтық экономика жағдайында әртүрлі, кейде тіпті қарама-қарсы
мүдделер (қоғамдық, мемлекеттік, ұжымдық, жекелік және т.б.) ұштасып
жатады. Бұл мүдделердің арасында прогрестің қозғаушысы ретіндегі салауатты
бәсекелестік болады. Құқықтың міндеті – осы үшін пайдалы ортаны құрып,
қарама-қайшы, бірақ ұштастыруға әбден болатын ұмтылыстардың теңдігін ұстап
тұру.
Нақ сондықтан да 90-шы жылдардың ортасында Қазақстан Республикасында
саналы-ұйымдастырушылық бастауларды күшейтіп, экономикаға мемлекеттің
неғұрлым белсенді түрде араласуы жағына қарай бетбұрыс жүзеге асырылды.
Сөйтіп, мемлекеттің және құқықтың нарықтық қатынастардың орнығуына және осы
үдерістегі олардың рөлін арттыруға тиімді “араласуының” объективті түрдегі
қажеттілігі пайда болды. Бұл өз кезегінде құқықтық шектеулер мен құқықтық
ынталандырудың күшейтілуін қажет етеді. Бүгінгі таңда экономикадағы саналы-
ұйымдастырушылық бастауларды күшейте түсу қажеттігі туып отыр.
Заңгерлік заңдар экономикалық заңдарды не тездетуі, не тежеуі мүмкін.
Сондықтан да экономикаға мемлекеттік-құқықтық ықпал ету ынталандыру ретінде
де, сондай-ақ шектеу ретінде де болуы тиіс. Құқықтық ынталандыру арқылы
субъектілері өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, акционерлік қоғамдардың,
өндіру және өңдеу салаларының қызметкерлері болып табылатын өндірістік
қызметке ықпал жасап отыруға болады. Мұндағы мақсат – экономиканы көтеріп,
оған нарықтық тетіктерді енгізу, еңбекке деген мүдделілікті қалыптастыру.
Құқықтық ынталандырудың негізгі бағыттары кәсіпкерлік, шағын және
орта бізнес болуы тиіс. Бұл жердегі негізгі мақсат орташа тапты
қалыптастыру болып табылады.
Ынталандырумен қатар құқықтық шектеу де қажет. Оның мақсаты – теріс
үрдістерді тежеп, дамудың даңғыл жолынан әртүрлі кедергілерді альп тастау.
Бұл дегеніңіз әсіресе шын мәніндегі нарықтық бәсекелестік болмаған жерде
айрықша маңызды. Билік, құқық, заңдар нарықтың адамгершілікке жатпайтын
көлеңкелі жақтарын тізгіндеп, оның халықтың белгілі бір топтарына, әсіресе
тұрмысы төмендерге тигізетін ілеспе әсерін барынша жұмсартып отыруы тиіс.
Осылайша, “адамдардың ой-санасы мен мінез-құлқын белгілі бір арнаға
бағыттап, себептердің бірінің пайда болуын ынталандырып, екіншілерін тежей
отырып, құқықтың ақылға қонымды саясаты қоғамды өркениетке бастайды, оны
барынша иманды жасай түседі”. Нарықтық экономиканың орнығуы жағдайында
құқықтық шектеулер де, сондай-ақ құқықтық ынталандыру да өркениетті
нарықтың қалыптасу үдерісін заңи тұрғыда басқарудың маңызды құралына
айналады.
Сонымен, жалпы алғанда құқықтық шектеулердің және атап айтқанда
адамның құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық тұрғыдан шектеудің
әлеуметтік-экономикалық шарттылығы қоғамның әлеуметтік-мүліктік жағынан
күрт жікке бөлініп кетуі, монополізм, әділетсіз бәсекелестік, құқықтар мен
бостандықтарды асыра пайдалану секілді міндетті түрде нарықтық экономикаға
ілесе жүретін теріс үрдістерді тежеп отыру қажеттігінен туындайды. Бұл
әсіресе шын мәніндегі бәсекелестік жоқ жерде айрықша маңызды. Құқықтық
шектеулер нарықтың адамгершілікке жатпайтын көлеңкелі жақтарын тежеп, оның
халықтың белгілі бір топтарына, әсіресе тұрмысы төмендерге тигізетін ілеспе
әсерін барынша жұмсартады.

саяси шарттылығы көпшіліктің мүдделерін қорғауды күшейте түсу қажеттігіне
байланысты. Жоғарыда негіздеп көрсеткеніміздей, адамның абсолюттік
құқықтарының доктринасындағы қағидалардың бірі бойынша адам өзінің
мүдделерін құқықта рұқсат етілген шеңберде кез келген тыйым салынбаған
тәсілдермен жүзеге асыра алады және адам құқықтарының абсолюттік сипаты
оның белгілі бір дербестігін, басқаша айтқанда белгілі дәрежеде қоғамнан
оқшау болатынын көрсетеді. Адамның абсолюттік құқықтарының доктринасындағы
осы жайларды гиперболизациялау іс жүзінде теріс зардаптарға апарып
соқтырады.
Жеке және қоғамдық мүдденің барған сайын жиі-жиі пайда болып жататын
осындай коллизиялары, екі жеке мүдденің қақтығысы бұрынғы гуманистік
құндылықтарды сыни тұрғыдан ой елегінен өткізуді қажет етеді. Ал көптеген
осы заманғы мемлекеттерде, ең алдымен „жас демократия” елдерінде
құрастырылып жүрген мемлекеттілік үлгісі адамның және азаматтың негізгі
құқықтары мен бостандықтарын пайдалану тетігін оңтайлау стратегиясымен
байланысып жатыр.
Осы орайда адамның абсолюттік құқықтары, олардың табиғи және ажырамас
құқықтар болып жариялануы – жасанды идея және ол діни-имандылық идеялары,
рухани тәрбие дәстүрлері жоғалған қоғам үшін ықтималды түрде қауіпті деген
пікірдің пайда болуын заңды друге болады.
Заң ғылымы мен практика құқықтың асыра пайдаланылуын, ең алдымен,
субъектінің өз құқықтарын оның мақсатына көпе-көрінеу қайшылықта
пайдалануымен немесе өз өкілеттіктерінің шегін асырып жіберуімен
байланыстырады. Құқықтың асыра пайдаланылуы субъективтік құқықтың
қолданылуы шектен шығып кеткен жерлерде болады және ол біреу-міреуге
жамандық жасаумен байланысып жатады. Мұндай амалдар, әдетте, атқару,
пайдалану және қолдану амалдары арқылы жүзеге асырылады. Құқықтарды сақтау
дегеніміз қолданыстағы құқықта бекіндірілген қимыл-әрекеттерден тосылу
деген сөз. Бұл жерде субъект өзіне рұқсат етілмеген іс-әрекеттерге бармау
керек дейтін тыйым нормаларын ұстанады. Сондықтан құқықты осылай асыра
пайдалануда мағына жоқ. Өзінің құқықтары мен бостандықтарын асыра пайдалану
арқылы азаматтар қоғамға, мемлекетке, жеке адамға залал келтіреді. Мұндай
іс-амал құқық бұзушылық санатына жатады, өйткені құқығын асыра пайдаланған
адам субъективтік құқықтың заңмен белгіленген шегінен шығып кетеді де
құқықтарды жүзеге асырудың шектерін белгілейтін және осындай іс-әрекеттер
үшін қолайсыз зардаптары болатын басқа да нормаларды бұзады.
Мысалы, РФ ҚК-нің 202-бабында жеке нотариустар мен аудиторлардың
өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жауапкерлік көзделген. Өкілеттікті
асыра пайдаланудың түрлері әр алуан болуы мүмкін: мәселен, мәліметтерді
жария ету, жалған құжаттарды куәландыру, дәлелдемелерді қамтамасыз етпеу,
есептеудің теріс жүргізілуі және т.б.
Бұл жерде артықшылыққа ие бола отырып, айталық, қызметке тұрғанда,
мұраны иеленгенде кездесіп қалатын кедергілерлі айналып өтуге немесе басқа
құқықтық қатынасқа қатысушыларда болмайтын жеңілдіктерге ие болуға болады.
Мұндай іс-әрекеттердің мақсаты: өш алу, қара бастың қамын ойлау, жақын
адамдарға көмек көрсетуге тырысу секілді әртүрлі болуы мүмкін. Өз
өкілеттіктерінің шегінен шығып кеткен адам басқа азаматтың не мемлекеттің
құқықтарын шектейді, оларды заңды мүдделерін қанағаттандыру мүмкіндігінен
айырады.
Құқықтың асыра пайдаланылуын көп жағдайда елде белең алған
экономикалық және қаржылық дағдарыспен, қылмыстың етек алуымен, қоғамдағы
әлеуметтік шиеленіспен түсіндіруге болады.
Бірқатар көкейтесті проблемалардың шешімін таппауы мемлекет пен жеке
адамның арасындағы қарама-қайшылықтарды шиеленістіріп жібереді, діни дау-
шарлар мен әскери қақтығыстар туындатады, сөйтіп азаматтардың
конституциялық құқықтарының өрескел бұзылуына альп келеді.
Әңгіме, мәселен, жалақының, зейнетақының, жәрдемақының мезгілінде
төленбеуі жайында болған кезде биліктің қолындағы өкілеттіктерді жүзеге
асыруда орын алған жүгенсіздік туралы айтуға болады. Азаматтардың
мемлекетпен арадағы еңбек, есеп-несие, салық мәселелеріне қатысты
қатынастарындағы мұндай асыра сілтеудің кері әсері болатыны сөзсіз.
Сондықтан да ереуіл, митингі, наразылық акциялары секілді азаматтардың
мемлекетпен ара қатынасындағы өзін өзі қорғауының осындай түрлері барған
сайын жиірек байқалуда, ал бұл көп жағдайда азаматтардың тарапынан құқықты
асыра пайдалануға айналып кететіні де бар.
Құқық бұзушылықтың айрықша түрі ретіндегі құқықты асыра пайдаланудың
бөлшектері мыналар: 1) адамның өзінің субъективтік құқықтарының болуы; 2)
оларды іс жүзіне асыру әрекеті немесе соған қатысты әрекетсіздік; 3) бұл
құқықтардың қоғамдық мақсаттарына қарама-қайшы бағытта пайдаланылуы; 4)
құқықты жүзеге асыру шегінің бұзылуы; 5) қоғамдық немесе жеке мүдделерге
залал келтірілуі; 6) нақты заңи тыйымдардың немесе міндеттердің бұзылуы; 7)
құқық қолданушы құзырлы органның асыра сілтеген фактісінің ашылуы; 8) асыра
сілтеулердің заңи зардаптарының болуы және т.б.
Бір қызығы, құқықты асыра пайдалану көп жағдайда тіпті пайдалы болып
жүр, өйткені, біріншіден, асыра пайдаланудың салдары осы заманғы заңнамада
айқын көрсетілмеген, екіншіден, мұндай салдар әрдайым бірдей таза құқықтық
сипатта бола бермейді, үшіншіден, заңнаманың нашарлығы кей-кейде субъектіні
осындай іс-әрекеттерге “айдап салады” да, заң мұны құқықты асыра пайдалану
деп қарастырмайды. Осыдан келіп “құқықты асыра пайдалану” деген ұғымның
өзін, оның белгілерін заңмен бекіндіру қажеттігі туындайды.
Құқықты асыра пайдалану мемлекет тарапынан болса, тіптен қауіпті,
өйткені ол жалпы адами құқықтар мен бостандықтарды бұзады, жеке адам мен
мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастағы пропорцияларды бұрмалайды.
Өз құқықтарыңды өз мүдделеріңді жүзеге асыру үстінде бұлайша ақылға
қонымсыз пайдаланудың зардаптары барынша ауқымды болады. Өз құқықтарыңды
ақылға қонымсыз пайдалану, қоғамның мүдделеріне атүсті қарау неғұрлым
ғаламдық апаттарға апарып соқтырады.
Дәстүрлі либерализм қағидаттарына негізделген қоғамның рухсыздығы –
оның қасіреті, мұны осыдан жүз жыл бұрын А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, Ницше
секілді батыстық “жабайы капитализм” кезеңіндегі ойшылдар көрегендікпен
айтқан.
Негізгі құқықтар мен бостандықтарды пайдалану басқа субъектілердің
әлеуметтік мұраттары мен құндылықтарына, құқықтарына, заңды мүдделеріне
залал келтіреді. Көп жағдайда өкілетті субъектілер өздеріне белгілі бір
құқықтар берілген деп есептейді де, оларды тыйым салынбаған кез келген
тәсілдермен пайдалана береді.
Осы орайда В.В.Бородин, В.И.Крусс былай деп атап көрсетеді: “бұл
игіліктердің иелері белгілеген құндылығы сондай, ол экономикалық
мүдделердің, саяси адалдықтың объективті мөлшерлестігінің қағидаттары,
жадығаттық монополизмнің іргелі әділетсіздігінің танылуы, дәйекті
(“іріктеліп” алынған емес) әлеуметтік серіктестік, экологиялық және ұлттық
қауіпсіздік немесе, ақыр аяғында, қарым-қатынастағы қарапайым ақылға
қонымдылықтың міндетті минимумы негізінде басқа тұлғалардың немесе
қоғамдардың пайдасына қандай да бір ішкі шешімді жоққа шығарады. Сонымен
бірге құқық иелерінің өз игіліктеріне келтірілген қауіп-қатер мен зиян
жөніндегі ішкі талаптарын осы заманғы заңи практиканың “сыртқы” тіліне –
адамның құқықтары мен бостандықтары тіліне ауыстыру мүмкіндігі туралы
мәселе қойылады. Құндылықтардың субъективтік иерархиясы талаптардың
менмендік аумағын қажет етеді, ал оларды қанағаттандыру “сыртқы” әлеуметтік
игіліктер мен басымдықтарға айтарлықтай, ал бірқатар жағдайларда түзетуге
келмейтін залал келтіруі мүмкін. Тарихи тұрғыдан алғанда батыстық
дәстүрлерді көрсететін жеке мен әлеуметтік нәрселердің дау-шарын шешудің
құқықтық нұсқасы, осылайша, барынша құбылмалы мәнде көрінеді” [1].
Б.С.Эбзеевтің пікірінше, “батыстың қоғамдық ой-санасы әлеуметтікке
қарсы жекені абсолюттендіру үрдісін ақыры еңсере алмады” [11, 115-бет].
Әрине, абсолютті табиғи әрі шеттетілмейтін адам құқықтары
доктринасының маңызын кемітуге болмайды. Адам құқықтары мен
бостандықтарының абсолюттік сипаты адамның, мемлекеттің және қоғамның өзара
қарым-қатынасында адамның басымдырақ болатынын білдіреді. Адам зерттеліп
отырған қарым-қатынастар жүйесіндегі орталық буын. Егер адамның мүдделері
қорғалып, қанағаттандырылған болса – мемлекет пен қоғамның тұрақты да
тиімді өмір сүруінің негізі деген осы. Алайда гуманитарлық құндылықтардың
деректерін көзсіз апологеттей беру де зиянды. Өйткені адамның бостандықтары
құқықпен шектелмесе, ол басқалардың бостандықтарын бұзып, ортақ мүдделерге
зиян келтіреді, бассыздыққа айналып кетеді. Табиғи-құқықтық теория
өкілдерінің өздері индивидуализм идеясының оғаштығын атап көрсеткен
болатын, осы идеяның одан әрі дамуы адамның қоғамнан мүлдем тәуелсіз болуы
тұтастай алғанда барлық индивидтердің бостандығы үшін қатерлі болатынын
көрсетіп отыр. Буржуазиялық қоғамның даму барысында буржуазиялық либералдық
индивидуализмнің қолайсыз әлеуметтік және моральдық зардаптары байқала
бастады: қоғам күрт жікке бөлініп кетті, соның салдарынан тепе-теңдік
қағидаты бұзыла бастады. Мұны алдыңғы қатарлы батыс елдерінің тәжірибесінен
байқауға болатын еді. Бұл жерде буржуазиялық қоғамның даму барысында
индивидуализм ұғымының өзі жұпыныланып, ол өзімбілемдік және эгоизм
ұғымдарының жаңғырығына айнала бастағанын айту керек, осыған байланысты
А.Токвиль индивидуализмді былай деп. қарастырады: „әр азаматты өзі
секілділерден оқшауланып, өз отбасымен және достарымен ғана болуға
итермелейтін байсалды да байыпты сезім. Адам, осылайша, өзі үшін шағын
қоғам құрып алады да, тұтас алғанда қоғам үшін еш қобалжымайды” [12, 373-
бет].
Индивидуализмді бұлайша түсіну, А.Токвильдің пікірінше, „қате
пайымдаудан” туған. Осының нәтижесінде индивидуализм „алғашында қоғамдық
сипаттағы игі жақсылықтың өскіндерін ғана тудырады, алайда уақыт өте келе
ол қалғандарының барлығының көзін құртып, ақыр аяғында өзі эгоизмге айналып
тынады”, басқаша айтқанда өзіне деген өлшеусіз сүйіспендік адамды
дүниедегінің барлығына өзінің жеке мүдделері тұрғысынан ғана қарауға және
қалған адамдардың бәрінен өзін артық санауға мәжбүр етеді [13, 373-374-
беттер], [14, 102-бет].
Мұның сыртында, қоғамның мүдделеріне құлақ аспай, индивидтің
мүдделеріне басы артық басымдық беру қоғамды рухани аздырады, өйткені бұл
жағдайда адам тек жеке өз мүдделерінің ғана қамауында қалып қояды.
Нақ сондықтан да осы заманғы батыс елдері дәстүрлі либерализм
қағидаттарынан алшақтап, Л.Дюганың айтқанындай, „индивидуализм доктринасы
кемітіле” бастады [15, 31-бет].
Адамдардың өзгеруі - өмірдің ең бір азапты әсері деп. Н.А.Бердяев
дәлме-дәл атап көрсетсе де [16, 228-бет], бүгінгі күні барлық елдерде
либералдық доктрина әлеуметтік проблемаларды шешуге, адамның құқықтары мен
бостандықтарын шектеуге қайта бағыт ұстап жатыр.
Индивидуализм мен ынтымактастык кагидаты арасында келісім іздеу
адамнын кукыктары мен бостандыктарын шектеудін зандылык шарттарынын
орныкуынан корінуде.
Осы заманғы кезеңде қоғамның жойқын апаттар мен сілкіністерсіз дәйекті
түрде дамуы үшін керектісінің өзі осы.
Жогарыда баян етілгендерді негізге Ала отырып, біз былай деп.
есептейміз:ен жогаргы кундылык ретіндегі адам туралы идеяны жузеге асару
тургысынан алганда индивидтін азаматтык, саяси жане экономикалык
кукыктарынын шегі болмауына негізделген онын ен коп бостандыгын камтамасыз
ету идеясынын келешегі жок.
Мемлекет пен қоғам мүдделерінің басымдығы адамды әлеуметтің өмір сүру
мақсатынан оның құралына айналдырып жібереді, сөйтіп әлеуметтің мүдделері
үшін индивидтің мүдделері құрбандыққа шалынады да, индивидтің өзі
мемлекеттік тетіктің салғырт „бұрандасына” айналып, оның бойында мемлекетке
деген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz