Ислам дінінде аңшылық, мал бауыздау,құрбандық шалу жайлы


«Аллаһ кімге бір жақсылық қаласа, оны дінге бейім етіп қояды»
(Хадис шәриф)
1 АҢШЫЛЫҚ КІТАБЫ
Аңды жеуге жарамды болу үшін үйретілген жыртықыш хайуанмен және өткір оқпен аулауға болады, оның жеуге жарамсызы оның терісі мен жүні. Жыртқыш хайуан аңдардан азу тістісі болады, құстардан табаны тырнақтысы болады. Ол аулайтын айуандар аулағанда аңның бір жерін жаралау керек. Жіберуші яки атушы мұсылман не кітап түскендерден болу керек. Жібергенде және атқанда Бисмилләны айту керек. Аңшы көрінбейтін көзден таса жерде болып, оның келетін жеріне отырмау керек. Ит және басқада азу тісті айуанды, тамағын тастау арқылы үйретіледі. Сұңқар, қыран сияқты тырнақты құстарды, жібергенде соңынан ілесу арқылы және сөзбен шақыру арқылы үйретеді. Үйрететін орындағы үйретуге ұста адамдарға беріледі. Егер үйретілгеннен кейін ауды жеп қойса не шақырғанға келмесе, оның үйренбегеніне үкімделіп, содан алдыңғы қалған аңға тыйым салынады. Егер бисмилләны айтуды ұмытып қойса, адалға саналады. Егер бір оқпен аңдарды атып қойған болса да немесе итін аңға жіберіп қойсада оны алады не біреуін алады. Немесе оны бір аңға жіберсе, ол басқасын алып келсе, жіберген жағына қарай жарамды болады. Егер оны жіберіп қойып бисмилләны айтпаса, сосын оған айқайлап бисмилләны айтса, немесе бір мұсылман кісі жіберсе оған мажуси біреу айқайлап айтса жіберген жағдайымен есептелінеді. Егер ит ол аудың бір жерін жесе, ол аңды жеуге болмайды, егер қанын жаласа жеуге болады. Егер ит аңның бір бөлік етін тістеп алып тастап кетсе, сосын аңшы алып оны өлтірсе сосын жеуге болады. Егер сұңқар оны жесе де жеуге жарамды. Егер оның тірі кезінде үлгері жетсе оны тек бауыздаса ғана жарамды болады. Сондай ақ оны атып алсада. Егерде аңда өзінің итінен басқа бір ит қосылып кетсе және оған бисмиллә айтылмаса, ол ит мәжуси не үйретілмеген болса жеуге жарамсыз болады. Егер аңшы сезіп қалып естіп оны адам екенін білді, сонда ол атып жіберсе не оған итін жіберсе, ол ау желінеді. Егер ау суға не тауға, не қарғаның тісіне түссе сосын барып жерге түссе ол желінбейді. Егер бастапқыда ақ жерге яғни бірден жерге түссе, ол желінеді. Суға құлаған құсқа егер жараланған жеріне су тисе, желінбейді. Егер оны мылтықпен, таспен, таяқпен, бір затпен өлтірсе желінбейді. Егер оқ терісін тесіп жыртып жіберсе желінеді. Егер оны қылышпен не пышақпен ұрса сөйтіп бір мүшесін шауып түсірсе жеуге жарамды. Бірақ шабылған мүше желінбейді. Егер ауды екі бөлікке бөлсе жеуге болады. Үшке бөлсе де бас жағынан аз бөлігі қалса да жеуге болады. Егер аңшы ауды атып оны әлсіздендірсе, сосын оны басқа біреу атып өлтірсе жеуге болмайды. Бірінші адам екінші адамның орнында кетіп қалады. Егер бірінші адам аңды әлсіздірмесе яғни тигізе алмаса екінші адамның атқанымен жеуге болады.
2 АҢШЫЛЫҚ
Аңшылық деген түбір сөз, аулады, аулайды, ауланған аң. Патшаның аңы, көп аң дегенде ауланған ау көзделіп отыр. Мынадай өлең бар: Патшалардың аңы қояндар мен түлкілер. Бұған мысал, жарату мен білім, мақлұқ пен белгілі сөзмен байланысты. Аллаһ Тағала: «Бұл Аллаһтың жаратқаны», деді яғни Оның мақлұқы деген сөз. Сол үшін: Аллаһтың білуі оң жақта болмайды, десе яғни білінген, белгіленген нәрсе.
(Аңшылық үйретілген жыртқыш аңмен және жеуге жарамды болу үшін белгілі оқпен аулауға болады, оның жеуге жарамсызы терісі мен жүні) . Аулауға рұқсат жайында Аллаһ Тағала: «Егер адалдырсаңдар аулаңдар», «Сендерге теңіз ауы адал болды», деді. Пайғамбарымыз с. а. у. : «Аңшылық аңды алған адамға», деген. Ади ибн Хатмның сөзі: «Егер үйретілген итіңді жіберіп оған бисмилләны айтсаң оны жей бер, егер атып алсаң оған да бисмилләны айтсаң оны жей бер», деген. Жыртқыш аңдардан азу тісті айуандар, құстардан табанының тырнақтысы жарамды, деген. Олар азу тісімен немесе тырнағымен аулайды. Жыртқыштардан деген сөзден мақсат, жаралау. Ит сөздік бойынша аң аулайтын аңға кіреді, тіпті арыстанда кіреді. Жыртқыштардан барлық азу тістісімен тек шошқа сияқты нәжіс аңнан басқа аяттардағы белгілі аңдарды аулауға болады. Өйткені ол адал емес. Арсытан және қасқырмен аулауға болмайды, себебі ол екеуі үйретілмейді. Сондай ақ аюда, егер оны үйретсе болады. Абу Ханифаның риуаятында Ибн Урс: егер оларды үйретсе, олар үйренсе аулауға болады. (Аңшылықта аулайтын жыртқыш аңы болу керек, жіберуші не атушы адам мұсылман не кітап түскендерден болу керек. Аңды жіберген кезде не атқан кезде бисмилләны айту керек. Аңшы жасырын болып көзінен таса жерде келетін жеріне отырмау керек), деген. Жаралау жаралаушының атына лайық, өйткені ықтияри зекет сияқты яғни мал бауыздаған сияқты қан шығару керек. Егер ауды ұрып не жерге лақтырып не буындырып өлтірсе, жараламай қаны шықпағаны үшін оны жеуге болмайды. Аңды жіберуші адам ауды ұстағанда бауыздап және тағы бисмилләны айту керек. Пайғамбарымыз с. а. у. : «Егер итіңді жіберсең және бисмилләны айтсаң, онда жей бер», деді. Бисмилләны айтудың шарты ауды адал ету үшін. Ал аңшының жасырын болуы, өйткен аңшы жасырыну үшін аталған. Жаралау ықтияри зекетке шамасы келмей мәжбүри түрде зекет қылады. Аңшы жасырына алмай тіпті байланып тұрған қарақұйрықты атып жіберсе, ол аңшы басқа бір қарақұйрыққа тиді деп ойласа, ол желінбейді. Байланған себепті ауға жатпайды. Егер аңшы бір түйені елестетіп атса, бірақ ол атқаны басқа бір аңға тисе ол желінеді. Өйткені ол елестеткенде ауға айналды. Көзіне көріну керек, қалаған жеріне отырмау керек деген сөздің мағынасы, Пайғамбарымыз с. а. у. аңшының көрмей атқан ауын жеуді жақтырмады. «Мүмкін оның ауын жердегі басқа жәндіктер өлтірген шығар», деді. Мүмкін ол аң басқа біреудің себебімен өлген шығар сол үшін жеуге жарамсыз. Өткен уақытта шынайы сияқты болып елестеп, бірақ оның есебінше тиген болса, олай болса ол талап етілген жерде отырмады, ол өзін қорғай алмады. Хадисте: «Тұрған жерінде өлтірсең же, көбейтіп алсаң қоя сал», деген. Аудан қорғануың: егер аңды атсаң, сені көріп тұрып өлтірсең, бұл сенің қорғанғаның болады. Егер аң өлсе сен көрсең, аңды атып оны көбейтіп алсаң, ол саған көрінбей өлсе, онда оны алмау керек. Хадис иелері осылай тәпсірлеген. (Ит сияқты азу тістіні үйретудің жолы жем, ет тастап үйрету. Сұңқар сияқты тырнақтыны үйретудің жолы, жіберген кезде соңынан ілесу және шақырған кезде жауап беру), дегенге Ибн Аббас: үйрету негізгі әдетін тастау арқылы болады. Тырнақтының әдеті үрку, егер ол шақырғаныңа келсе, әдетін тастаған болса, онда үйренгені. Азу тістінің әдеті тістеу, талау, егер осы талау тістеуін қойса, әдетін тастаса, онда оның үйренгені. Өйткені үйрету жеп қою әдетін тастату арқылы болады. Жеуге ұмтылып жатқанда ұру арқылы үйретіп қойдыруға болады. Құстың денесі ұруды көтермейді. Ал ит оны көтереді, оны ұрып үйретуге болады. Қабланды ұрып үйретуге болады, оның әдеті талау, оның шарты жеуді тастату және шақырғанда келу. (Үйреткенде тәжірбиесі барларға алып үйрету) дегені, өйткені қаншалықты әрекет жасап үйренетіні білмейді. Керісінше ол бір тыңдап бір тыңдамайды. Сонда тәжірбиелі үйретушілердің қолына береді. Хасан ибн Абу Ханифадан риуаят: үйренбеген хайуанның аулаған бірінші ауы желінбейді, екінші ауы да желінбейді, үшіншісін жеуге болады, деген. Абу Юсуф пен Мұхаммад: егер аулайтын хайуан үш рет жеуді тастаса, онда оның үйренгені, үшіншісі желінбейді, деді. Өйткені бір рет тастаумен үйренді деуге болмайды. Ол тойғаннан, ұрғаннан қорқып тастайды. Сол үшін бірнеше рет үйрету керек, ең кемі үш рет болу керек. Үшіншісі желінбейді, себебі үшіншіден кейін үйренеді деп үкім шығардық. Хасанның риуаятында: үшіншіде желінеді, себебі үшіншісімен үйреттік, аулаушы жыртқыш аң үйренді, жеуге болады, деді. (Егер ол аң ауды жеп қойса не үйретілген үкімінен кейін шақырғанға келмесе, үйренбегеніне үкім шығарылады, бұдан алдыңғы қалған ауларын жеуге болмайды) деген. Абу Юсуф пен Мұхаммад: оның жеген ауынан басқасын жеуге болады, себебі бұдан алдыңғы ауын адалға үкім шығардық, білмей жеп қойғанда біз оны үйреттік. Хайуан ұмытқан сайын ақылсыз бола береді, деді. Жеп қойған кезде үйренбеген деп білдік, содан алдыңғы аулаған аудың барлығы жеуге тыйым салынды. Өйткені ол аң үйретілмеген ит еді. Қалған аулаған ауына тыйым салынуы анық болды. Өйткені желінген нәрсе үкімге орын қалмады. (Бисмилләны айтуды ұмытып қойса адалға жатады) деген. Пайғамбарымыз с. а. у. : «Үмметімнен қателік пен ұмыту кешірілді», деген. (Егер біреу аңды атса немесе итін аңға жіберсе, ауды алса немесе басқа оны басқа біреу алса немесе басқа біреуде жіберсе, сөйтіп ол да сол ауды алса, онда ол білмей жіберіп қойсада жеуге болады) деген. Өйткені мақсат, ниет бір екеуіде аулау ниетінде болып бірдей жіберген, біреуінің бисмилләны айтуы жеткілікті. Екі қойды бір бисмилләмен бауыздауға қайшылық бар, өйткені екіншісі басқасының нииетімен бауыздалған, сол себепті екіншісіне де бисмилләны айту керек, тіпті бірінің үстіне бірі жатқызылсада. Негізінде қосарланып жіберіп алу тартыстың бір түрі. Егер қабланды жіберсе, ол жасырынып аң аулауға бейім болып тұрып оған атылып өлтірсе, жеуге болады. Өйткені бұл нәрсе оның аң аулауға бейім болғаны үшін әдетінен болып есептеледі. Сол сияқты итте егер қабланның әдеті сияқты әдеті болса жеуге болады. Егер ол аңды әрі бері лақтырып жұлқыласа, егесінің яғни аңшының талабына сай істемей бұйрығына бағынбаса, сосын аңның соңынан еріп оны алса, ол желінбейді, өйткені жіберілген жоқ. Жіберудің шарты Аллаһ Тағаланың - иттің үйретілген болуы, деген сөзімен жүзеге асады. Егер иттің иесі айқайлап тоқтатса ол тоқтаса жеуге болады. Айқайлап тоқтату жіберу сияқты амалы бірдей. Егерде ит өз еркімен жүгіріп кетіп оған айқайлағанда келмесе бисмиллә айтылса, сонда ит иесінің айқайлағанымен тоқтатылса жеуге болады, болмаса жеуге болмайды. (Егер итті жібергенде бисмилләны айтпаса сосын оны тоқтатып бисмиллә айтса, немесе оны бір мұсылман жіберіп мәжуси оны тоқтатса немесе керісінше болса жіберген жағдайымен есептелед) деген. Сондай ақ егер итті бір мұсылман жіберіп оған діннен қайтқан адам айқайлап қайтарса, сол сияқты егер бисмилләны әдейлеп айтпаса, сосын оған бір мұсылман айқайлап қуып бисмилләны айтса жеуге болмайды. Өйткені үкім алғашқы жіберуге байланысты әрі басшылыққа алып үйретеді. Одан кейінгі жіберу және итті ұмтылдыру жіберудің жағдайына қарай байланысты болады. Егер дұрыс үйренсе бұзықтыққа ауытқып ктпейді. Ал егер бұзықтығына салынып кетсе қайтарғанымен бағына бермейді. Егер үйретілген итін жіберсе, сөйтіп екінші бір аңшы үйретілмеген итті яғни жіберілмеген ит ұмтылып кетсе, ауды бірінші жіберген алса желінбейді. Егерде оны адам не хайуан не құс не мәжуси қайтарып алса адал болады. Иттің алғанда оның үкімі бауыздау, бауыздағанда солардың біріне қатсуы дұрыс емес. Үйретілмеген ит қатысуға болады өйткені ол өзі жыртқыш аң. Рұқсат беруші мен тыйым салушы екеуі бір ауыздан келісіп егер садақты мұсылман да мәжуси де тартса екеуіңкі де бір аңға тисе, ол аңды жеуге тыйым салған, егер одан оны қайтармаса да. Бірақ ит ұмтылып шауып кетсе, ізінен жіберушісі ілесіп барып бірінші өлтірсе желінеді. Өйткені екінші қатысы жоқ еліктіруші. (Егер ауды ит жесе жеуге болмайды) деген. Өйткені жоғарыда айтып кеткеніміздей ол үйретілмеген. Пайғамбарымыз с. а. у. : «Егер ауды жеп қойса оны жеуге болмайды, егер ұстаса ол өзіне», деген. (Қанын жалап қойсада) Өйткені бұл үйретудің шегі болып табылады. (Егер аудың бір бөлігін тістеп алып тастап кетсе, сосын оны аңшы алып бауыздаса жеуге болады) . (Егер сұңқар құс ауды жесе жеуге болады), (егер оған тірі кезінде үлгерсе, тек бауыздағанда ғана жеуге болады, сондай ақ атқан кезде де), деген. Себебі ол ықтияри бауыздауға шамасы болды, қажеттілікті сырып қойып мәжбүри бауыздау қабылданбайды. Бұл, бауыздаудың шамасына қарай болады. Егер тірі кезінде үлгеріп бауыздауға мүмкіндігі болмаса яғни не пышағын, құралын жоғалтып қойса немесе уақытты өткізіп алса жеуге болмайды. Абу Ханифа мен Абу Юсуф: бауыздауға мүмкіндігі болмаса жеуге болады, ол таяммум алушы адамға айналады егер ол суды тауып қолдануға шамасы болмаған адамға жатады, деген. Шамасы келіп аң тірі болса тек ықтияри бауыздағанда ғана жеуге болады. Егер бауыздалған сияқты сәл тірі болып немесе қарнын жарып ішінен бір нәрсе шығарып алса ол тірі болса, ол адалға саналады, себебі ол үкімдік жағынан тірі болған. Егер осы жағдайда суға құласа, ол өліп құлағандай адал болып есептеледі. Абу Ханифа: оны да жеуге болмайды, өйткені тірі күйде алды, тек ол ықтияри бауыздау арқылы жеуге болады. Егер оны бауыздаса бір ауыздан жарамдыға шығады. Аллаһ Тағала: - тек жан үзілмей тұрып бауыздаған аңдарың ғана жарамды, деген. Осы құлаған, жараланған, шала өлген бойынша, қасқыр ішін жарып шала тірі болса не анық тірі болса жоғарыда айтқанымыздай оның ықтиярында. Абу Юсуф: тіріліп кетпейтін жағдайда болса яғни өліп қалған болса жеуге болмайды. Өйткені өліп қалғаннан кейін бауыздауға болмайды. (Егер оның итіне бисмилләны айтпай бір ит серіктессе, немесе қаңғырып жүрген ит, не үйретілмеген ит бірге болса жеуге болмайды), деген. Пайғамбарымыз с. а. у. Адий ибн Хатымға «Егер сенің итіңмен басқа бір ит бірге жүрсе жемейсің, өйткені сен итіңе бисмилләны айттың, сеніңкінен басқа итке бисмиллә айтылмады», деді. Себебі бұл жерде тыйлған да рұқсат етілген де бірге топталып, абайсызда тыйлған рұқсат етілгеннен үстін келіп қалды. (Егер сезікті түрде есітсе, оны тірі жан деп ойлап атып не оған итін жіберсе ал ол аң болып қалса жеуге болады), деген. Өйткені ол расында аң деп ойлап оған мән бермеді. Сондай ақ егерде ол аң деп сезіп ойласа онда ол адал болады. Өйткені ол аңды көздеді, сөйтіп ол адал болды. Абу Юсуф: арамдығы қатты болғаны үшін шошқадан басқасына рұқсат деп айтқан. Әрбірден кейін бұл хайуанның бір нәрсесі рұқсат етілмейді. Одан басқа жыртқыштардан болмағанда терісін алуға нақты рұқсат етіледі. Егерде адам екендігін яки үй хайуандарының бірін сезгендігі мәлім болса оны жеуге болмайды, өйткені ол аң емес. (Егер ау суға құласа не жерге, не тауға, не жерде бұзылып жатса жеуге болмайды), деген, өйткені ол бұзылған. Пайғамбарымыз с. а. у. Адийге: «Егер атқаныңда суға құласа жеме, өйткені оны сен су өлтірді ме яки атқан оғың өлтірді ме білмейсің?», деген. Сондай ақ егер ағашқа, яки қамысқа, яки тасқа құласа және осындай өлуіне себеп болатын нәрселерге құлап өлсе жеуге болмайды. (Егер атқан кезде жерге құлап өлсе жеуге болады) Өйткені ол одан сақтануға мүмкіндігі болмады. Егерде біз оны аңшылық бабына сүйене отырып тыйым салынған деп есептесек, болмаған сияқты сақтануға мүмкіндігі болмаған нәрсе болар еді. (Судағы құсқа жараланған жеріне су тисе желінбейді, егер тимесе желінеді), деген. Себебі оның әуелгісінен сақтануға мүмкіндігі болмады. (Бытыра, тас, таяқ арқылы өлтірілген нәрсе желінбейді), деген. Өйткені осы нәрсенің барлығы қатты, ауыр жарақаттандыратын мағынасында. (Егер жебенің ұшы теріні түйреп алса желінеді) Пайғамбарымыз с. а. у. осы жөнінде «Ұшымен тиген нәрсені же, көлденеңнен тиген нәрсені жеме», деген. Егер аңды тас жараласа, егер ауыр болса желінбейді, өйткені оны ауыр нәрсемен өлтірді. Егер жеңіл болса ұшымен тисе де жеуге болмайды, өйткені оны ұшымен өлтірді. Егер оны атып алса сонда оның басын жұлып түсірсе, не тамырын кесіп кетсе желінбейді. Себебі тамыр кейде ауырлықпен кесіліп кетеді, сонда күдік түседі. Мүмкін ол тамыры кесіліп кетуден алдын да өлуі мүмкін. Егерде таяқтың ұшы болып жарақаттаса желінеді. Өйткені ол белгілі жағдайда болды. Нәтижеде өлім егер сенімді түрде жаралау арқылы болса жеуге болады. Егер ауыр нәрсемен өлітірілсе жеуге болмайды. Сондай ақ егер абайсызда күдік түсіп қалса. (Егер аңды қылышпен яки пышақпен ұрса одан бір мүшесі кесілсе жеуге болады), деген, яғни аңды жарақаттап кескені үшін. (Мүшесі желінбейді) Пайғамбарымыз с. а. у. : «Анық белгілі болған тірі, ол өлі», деген. (Егер ол екіге бөлініп кетсе желінеді), деген. Себебі одан бөлінген нәрсе тірі емес, әлі тірі деп ойлап күмәнданбаса болды. (Егер үшке бөлінсе де барлығы желінеді, егер бас жағынан аз ғанасы қалса болды), деген. Оның тірі екеніне күмәнданса желінбейді. Егер аңға қылыш яки пышақ лақтырса, ұшымен оны жараласа жеуге болады. Егер лақтырғанда пышақтың шүйдесі яки қылыштың сабы тисе, онда жеуге болмайды. Өйткені ол жараламай қатты ауыртып қойды. Егерде лақтырғанда жаралап қанын шығарса жеуге болады. Егер қаны шықпаса жеуге болмайды, өйткені қан ағу шарт. Пайғамбарымыз с. а. у. : «Қаны ағып күре тамыры үзілсе жей бер», деген. Қан ағу шарт, жеуге рұқсат етіледі деген сөзде бар, кейде аңның жуандығына, шығатын жері тар болғанына байланысты қан ұсталып тұрып қалады. Осыған байланысты егер қой ағашқа асылып қалса бауыздағанда қан ақпаса рұқсат етіледі. Кейбіреулер: егер жаралануы үлкен болса қан ақпаса да жеуге рұқсат етіледі. Ал егер жеңіл жараланса міндетті түрде қанын шығару керек. (Аңды атқан адам оны қатты жараласа, содан соң оны басқа біреу атып өллтіріп қойса жеуге болмайды), деген. Өйткені қатты жаралау себепті оны бауыздау ықтияри болса екінші жаралау себепті өліге айналды. Сонда оның өлуі екінші адамның қосылғаны үшін бірінші атудан құтылған болып шықты. Егер біріншіден құтылмаса оның басын кесу себепті яки қарын жару себепті яки тағы басқа себепті болса онда жеуге болады, өйткені екіншінің болуы оның болмағанындай болды. (Екінші адам бірінші адамның ішіне кіреді, оның құны жарақатына кемшілік тигізбеу еді), деген. Өйткені ол аңның иесі болғаны үшін аңды жаралады, сөйтіп пайдалану аумағынан шығып кетті. Сөйтіп ол
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz