Меншік және экономикалық жүйе


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
І МЕНШІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ
1. 1 Меншіктің мәні . . . 5
1. 2 Меншіктің экономикалық категориясы . . . 7
II МЕНШІК ЖӘНЕ ИЕМДЕНУ ЗАНДАРЫ . . . 10
2. 1 Меншіктің түрлері және шаруашылық жүргізуші формалары…… . . . 13
2. 2 Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілері . . . 16
2. 3 Экономиканы реформалауда меншіктің ор . . . 20
ІІІ Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы . . . 26
3. 1 Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық үлгісі. … . . . 28
3. 2 Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу процесінің ерекшеліктері . . . 32
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 37
КІРІСПЕ
Меншік жалпы халықтың санасының өрісі кеңеюінің, экономиканы тұрақтандырудың маңызды факторларының бірі болып табылады, сондықтанда бұл жұмысымда меншікті капиталдың есебіне талдау, талқылау және маселелерді шешуіне байланысты өз пікірлерімді, ой толғауларымды ұсыныс, нұсқау ретінде келтірдім. Сонымен қатар шетелдің озық тәжірибелерінде жүйелеп, жіктеп, саралап жазып қарастырдым.
Өркениеттің әлеуметтік дамуының бүкіл тарихында шешуші орын алатын, осыған сәйкес іс-қызмет атқаратын әлеуметтік құралдың бірден-біреуі меншік капиталының құбылысы болып табылады. Адам сезімін көрінбей-ақ қытықтайтын, оған өріс ашып күйлеңдіретін сиқырлы күш ретінде меншік капиталының тарихы адамзат тарихының жанды ескерткішін көрсетеді.
Өмірлік іс-тәжірибеде және ғылымда да әрбір адам меншік ұғымын өндіріс құрал-жабдықтары мен өнімге байланысты мүліктік қатынас ретінде сезінеді, қабылдайды.
Ғасырлар бойы алмасып келе жатқан адамзат ұрпақтары меншікті сезіне білуімен қатар меншік капиталына байланысты туынды қатынастар арқылы өз болмысын дамытуға мүмкіндік алады.
Еңбек құрал-жабдықтарының дамуына сәйкес еңбек қабілетінің дамуы, сана мен ойлаудың әлеуметтік сипат алуы меншік ұғымын адам болмысымен мәңгілік байланыстырады. Адамның табиғаттан жіктеліп ерекшеленуі, өзара қатынастар арқылы сана-сезім деңгейіндегі таным күші өз қасиеттерін меңгеруіне, одан, өзімдікі, "мен-менікі-меншік" ұғымдарын, "басқалар және бөтендікі" арқылы шектейді.
Біздің отандық әдебиеттерде меншік капиталын субъектілердің, адамдардың затқа байланысты қатынасы ретінде қарастыру кең етек алды. Бұл оның экономикалық анықтамаларымен үндесіп жатады. Ал меншік объектісі (нысаны) ретінде тек заттық түрі бар игіліктерді өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбек өніміне ғана тән алынады. Меншік жүйесінің дамуынан туындайтын бір нысанға көп тұлғалылық (субъекті) идеясы да толық ғылыми негізделмеген пікір ретінде өмір сүруде. Ең негізгі мәселе-меншік капиталының ұғымының өзіндік экономикалық мәнін талдау, оның экономикалық және шаруашылық - мүлік қатынастарымен тәуелді байланыстары ғылми жүйеленбеді деп айтуымызға болады.
Меншік конструкциясын жете қабылдау үшін оның экономикалық, құқықтық сипаттарының мән-мазмұнын даму заңдылықтарын жүйелеу қажеттігі - оның әлеуметтік формасы - экономикалық негіздеріне қысқаша шолу жасауды талап етеді.
Напалеон кодексінде (Францияның Азаматтық кодексі) "меншік заттарға абсолютті сипатта пайдалану және билеу құқығы" деп жазылған. Ал Швейцария Азаматтық Кодексінде меншік заттарға өз қалауымен билік ету мүмкіндігі ретінде тұжырым алады.
І МЕНШІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ
- Меншіктің мәні
Меншік - қоғамдық құрылыстың экономикалық негізі - қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап, оны қорғайды. Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер (жеке адамдар, әлеуметтік топтар, таптар, мемлекет) арасында қалай иемденетіні және бөлінетіні анықталады. Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады және ол қолындағы мүліктерді: иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілеттілігін алады.
Меншік - бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі.
Тарихта меншіктің әр түрлі типтері белгілі, олардың ішінде ортақ, қауымдық және жеке меншік басты түрлері болып табылады.
Тарихта бастама ортақ меншік болды. Ол ортақ еңбек пен оның нәтижелерін бірігіп иеленуге негізделді. Кейіннен жеке меншік пайда болды. Ол еңбектік және еңбектік емес болып бөлінді.
Еңбектің жеке меншік тұлғалары - жеке басты шаруалар, қол өнершілер мен басқа да адамдар өз еңбектерімен өмір сүреді. Қазіргі Қазақстанда оларға жеке еңбегімен айналысатын фермерлер мен адамдар жатады.
Жеке меншіктің екінші түріне бөтен біреудің еңбегі есебінен баю тән. Өндіріс құралдарының негізгі бөлігі азғана адамдар қолында болған кезде, бұл қоғамның қалған бөлігінің бұл игіліктерден шеттелуін білдіреді. Осы кезде мүліктік теңсіздік пен қоғамның әлеуметтік жіктелуі пайда болады.
Иемденудің үшінші түрі аралас меншік кезінде мүлік қатысушылардың ақшалай және басқа да жарналарының есебінен құралады.
Қазақстанда заңға сәйкес жеке, мемлекеттік, муниципалды және басқа да меншік түрлері танылады.
Мемлекеттік меншік - бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылық деңгейінде, аймақ, облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.
Ұжымдық меншік - бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін ортақ иемденіп, пайдаланып және іске жарататын экономикалық қатынастар жүйесі. Қазақстан Республикасында қазіргі кезде ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және т. б. меншік формалары жатады.
Иеленуге байланысты экономикалық қатынастар қозғалмалы. Бұл меншік формаларының бірінен-бірі өте алуын білдіреді. Бұл үдеріс әр түрлі әдістермен жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең маңыздыларын қарастырайық.
Ұлттандыру (национализация) - бұл шаруашылықтың негізгі нысандарына (жер, өнеркәсіп, көлік, банктер) жеке меншіктің мелекет меншігіне көшірілуі. Ұлттандыру кімнің мүддесін көздеп және қандай тарихи кезеңде жүргізілуіне байланысты әр түрлі әлеуметтік-экономикалық және саяси мәнге ие болады. Ұлттандыруға қарама-қарсы үдеріс жекешелендіру болып табылады.
Жекешелендіру (лат. privates - жеке ) - бұл мемлекеттік немесе муниципалды меншікті ақыға немесе тегін жеке меншікке беру. Жекешелендіру жасырын сипатта болуы мүмкін, мәселен мемлекеттік мүлікті жеке тұлғалар мен компнияларға жалға беру, бөлшектеп, мысалы акциялардың тек бір бөлігінің сатылу мүмкіндігі; денационализация мен реприватизация түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Денационализация - ұлттандырылған мүліктерді бұрынғы иелеріне қайтаруды білдіреді. Қазіргі кезде бұл үдеріс Балтық елдері - Эстония, Латвия, Литвада кеңінен іске асырылуда.
Реприватизация - бұл жеке меншік иелерінен бастапқы кезде сатылып алынған кәсіпорындар, жер, банктер, акциялар және т. б. сияқты мемлекеттік меншікті жеке меншікке қайтару. Реприватизацияның денационализациядан айырмашылығы, әдетте ол мемлекеттік билік актілермен жүргізіледі.
Жекешелендіру экономикадағы мемлекет билігін шектеу сияқты анағұрлым ірі үдерістің бір бөлігі болып табылады.
Мемлекет иелігінен алу, оның билігін шектеу - бұл өндірісті тікелей мемлекеттік-әкімшілік реттеуден басым түрде нарықтық механизмдер негізінде реттеуге көшу. Мемлекет иелігінен алудың нәтижелері: біріншіден, меншік құрылымы жеке меншік пайдасына қарай өзгереді және қоғамдық құрылым қысқарады. Екіншіден, мемлекеттің экономикалық рөлі мен қызметі өзгереді: мемлекет шаруашылық жүргізуші тұлға болмайды және экономикалық үдерістерді директивалар арқылы емес, өмірдің экономикалық жағдайларын өзгерту арқылы реттейді, міндетті мемлекеттік тапсырыстардың орнына мемлекеттік сатып алулар келеді; мемлекет ресурстарды бөліп-тарату функцияларын жүзеге асыру міндетінен босайды; біртіндеп сыртқы экономикалық қызметке мемлекеттік монополия жойылады.
- Меншіктің экономикалық категориясы
Меншік туралы алғашқы түсінік затты, игіліктерді елестетеді. Бірақ меншікті затпен шатастырған дұрыс түсінік бермейді. Егер затты жеке пайдаланбаса, меншік туралы сұрақта тумайды. Меншік субъектің осы затты пайдалануға ерекше құқы барын сипаттайды. Меншіктің субъектін жеке адамдар, олардың топтары, адамдардың бірлестіктерінің әр түрлі дәрежесі, мемлекет, халық құрайды.
Сонымен, меншік туралы алғашқы тұжырым: меншік - материалдық және рухани игіліктерді және осыларды өндіру шарттарын пайдалану туралы адамдар арасындағы қатынастар немесе, игіліктерді иеленудің белгілі тарихи қоғамдық әдісі болып табылады. Меншік дегеніміз адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді және оларды өндірудің шарттарын пайдалану туралы қатынастар.
Меншік экономикалық қатынас болып адамзат қоғамының жаратыла бастаған заманында қалыптаса бастаған. Еңбек етуге экономикалық және экономикалық емес күштеудің барынша маңызды формалары, меншіктің әр алуан объектінің монополиялануына сүйенеді. Демек, антикалық өндіріс тәсілінде, экономикалық емес күштеу құлға - тікелей өндірушіге - меншіктің бар болуына негізделген, азияттық өндіріс тәсілінде, айтылған жағдай жерге меншіктің болуына негізделеді; феодализмде - жеке өндірушіге және жерге меншіктің болуына негізделеді. Еңбек етуге экономикалық күштеу өндіріс шарттарына меншіктің болуынан, яғни, капиталға меншіктің болуынан туады.
Экономикалық қатынастардың кемелденген жүйесінде, меншік ең өзекті өзара байланыстарды, олардың бір-бірінен тәуелділігін және экономикалық болмыстың мәнін көрсетеді. Танып білу экономикалық құбылыстарды ашумен, олардың бар екенін білумен бітпейді. Меншік қатынастарын зерттеу процесінде құбылыстардың мәнін айқындап, солармен айналысу қажет. Гегель айтқандай, болмыстың ақиқаты соның мәні болады. Құбылыстардың мәнінің қозғалысы, болмыстан түсінікке көшуді сипаттайды. Осы жолмен біздің де өтуіміз қажет.
Меншік - өте күрделі және көп жақты құрылым, «сегіз қырлы, бір сырлы» құбылыс. Бұл типтес құбылыста біреу емес бірнеше формалар болады. Тарихқа меншіктің екі формасы мәлім - жалпы және жеке меншік. Бұлардың бірінен бірінің айырмашылықтары қоғамдастырудың дәрежесі мен иеленудің сипаты, формалары және әдістерімен айқындалады. Бұлар бір-біріне өте күрделі өзара әсер етеді.
Жалпы және жеке меншіктің түпкі мәні ортақ болады, Бұлардың айырмашылықтары қарама-қарсылыққа жетпеген. Сондықтан жалпы меншік жеке меншікке, ал жеке меншік жалпы меншікке айнала алады. Бұл біріншіден. Екіншіден, меншік қоғамның экономикалық өмірінің түпкі, негізгі процестерін көрсете отырып, өзінің өзгеріп отырмауы мүмкін емес. Тыныштық хал-жәй бұзылады және осы ауытқулар, енді осы форманың өзінің ішінен айырмашылықтар (өзгешеліктер) тудырады. Осылай жалпы және жеке меншіктің бірнеше түрі пайда болады. Жеке меншік жеке адамдық (индивидуалдық), бірлестік (бөлінетін және бөлінбейтін), жалпылық, ассоциялық дәрежеге жеткізілген, мемлекеттік, транс ұлттық, монополиялық түрлер алады. Жалпы меншіктің мазмұны жалпылықтың (ортақтылық, бірлік) көлемімен және оның өкілеттігімен анықталады. Жалпы меншік отбасылық (үй шаруашьшықтары), қауымдық, ассоциациялық, мемлекеттік, қоғамның (халықтың) дәрежесінде болуы мүмкін.
Айырмашылықтың мағынасы көп болады: кейбіреуі өзара алмасуға ауысуға жол береді, басқасы бұны болдырмайды. Меншік түрлерінің айырмашылығы көп түрлі болғанда, арақайшылықтарды меншіктің бір түрінің оның басқа түріне ауысқаны арқылы шешуге болады. Мысалы, отбасы меншіктің бірлестік түрінен, үлестік түрге (баланың үлесін болу) айналуы және керісінше (жүбайының меншігі - жасауы) - жалпы меншік болып қосылуы. Осы меншіктің жеке объектері бірлестік пайдалануда (үй, пәтер), басқалары жеке, индивидуаддық (жеке бастың заттары) пайдалануда болуы мүмкін. Егер меншіктің түрлері арасындағы айырмашылықтар қарама-қарсылыққа дейін жеткен болса, өзара алмасу жойылады. Өйткені Бұл меншіктің формасының өзінің күйреуі болып табылады. Мысалы, қоғамдық (халықтық) меншік жалпы меншіктің түрлерінің біреуі болып табылады, ал ол, жеке меншікпен ара қатынастарының көріністері қандай болмасын, өзінің қарама-қарсылығы ретінде қатынасады. Жекешелөндіру деген меншіктің алмасуы, ауысуы, айналуы емес, ол жалпы халықтық меншікті жеке меншік етіп қайта құру болады, ал национализациялау - керісінше процесс, яғни, жеке меншіктің - қоғамдыққа айналуы, форманың ауысуы болып табылады.
Меншіктің формалары мен түрлерінің дамуы, әуел бастан, өмірге қажет мүліктерді өндіру әдісімен белгіленеді. Асырап сақтаушы ландшафтың (дегейдің) объектері ұзақ мерзім бойы кейбір этникалық топтардың (рудың, тайпаның, қауымның) жалпы пайдалануында болып келді. Жеке меншік, индивидуалдық пайдалану мен жеке дара меншіктің негізінде қалыптасады. Жеке қару-жарақ аң мен балық аулау құралдары, қолөнер-кәсіпкерлік еңбек құралдары, жеке меншіктің алғашқы объектері болды. Жеке меншікке көшу мүмкіндігі тек жеке өндіріс қалыптасқанда пайда болады, яғни жеке отбасы, индивид қауымнан, немесе осы сияқты топтан жекеленіп, өзінің жеке құн көрісін өзі қамтамасыз ете алатын болған жағдайда. Алдымен бұндай шарттар қолөнер мен сауда-саттық ісінде пайда болады. Егіншілікте ұзақ мерзім бойы семья-отбасылық қауымның ұжымдық еңбегі қолданылды, кейінде мұның орынын ауылдың көршілес қауымы басты. Мұндай қауымға дуализм тән болады: егістікке, жайылымға, орманға, суға жалпы меншік сақталса да, әр иемденуші өзінің отбасы-семьясымен өзіне бөлінген, немесе, өзі игерген жерді жыртып өндейді. Жалпы және жеке меншік жалғыз мәннің әр түрлі көрінісі болып мыңдаған жылдар бойы қатар өмір сүріп келді. Бірақ олардың рөлі мен мағынасы, қоғам мен өркениеттіліктің әр түрлі типтерінің дамуында, бірдей болмайды.
II. Меншік және иемдену заңдары
Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қаты-настарымен салыстыру қажет. Иемдену - затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінін негізгі, тамырлы белгісін құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсын жеке танып білу кажет: Бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық. қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.
Иемдену - көпдәрежелі күрделі әлеуметтік-экономикалық процесс. Ол шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады - иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және ондіруші шаруашылықтар. Әр елдердің экономикасындағы Бұлардың рөлі бірдей болмаса да шаруашылықтың осы типтері бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Осы типтер өндірістің натураддық және тауарлық формасын алуы, немесе, екеуінінде қасиеттерін қамтуы мүмкін. Сөйтіп, иемдену қатынастары өндіріс, бөлу және айырбаспен толықтырылған болады. Индивидуалдық өндірістің қоғамдық өндіріске айналуы, иемденудің құрылымының күрделілігін одан әрі көтеріп күшейтеді.
Иемденудің ең бастапқы кезеңін, қоғамның мақсаттарымен және онын ынталарымен байланыста болатын, өндіріс күрайды. Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары үшін, еңбек өнімдерін иемдену және табыс алу, осы жүйенің жекеленген жүйелері арқылы, иемденудің нақты формалары арқылы, орындалады: аңшылық, балық аулау, өндіріс, айырбас және бөлу арқылы. Ал, табыстың өзі өнім, жалақы, зейнетақы, пайданың түрін алады.
Иемденудің әдісі және оның формалары болады. Иемдену әдісіне, өндіріс әдісіне және айырбас пен бөлудің дамуында жүріп отыратын өзгерістер түрақты әсер етеді. Ал иемдену формаларының, иемдену әдістерімен салыстырғанда, өзгерістерге икемділігі төмен болады. Кейбір жағдайда иемдену формалары, дамуы төмен сатыдағы өндіріс әдісінің дәрежесінде жасанды түрде тоқтап қалуы мүмкін. Иемдену әдісі меншіктің нақты түрімен сәйкес келмеуі мүмкін. Осындайда меншіктің объективтік зандары мен иемдену заңдары әрекет етеді. Санкт-Петербургтың мемлекеттік экономика және қаржылар университетінің ғалым-экономистерінің көзқарас-тары бойынша, меншіктің екі заңы және иемденудің екі заңы болады. Бұлар жұбымен, тығыз байланыста бола отырып әрекет етеді. Өзінің еңбегінің өніміне меншік заңы, меншіктің бірінші заңы болып табылады. Осыған сәйкес келетін иемдену заңы: еңбек - иемденудің тұңғыш әдісі. Бұл меншікті және оның бағасын жасайды.
Меншіктің бірінші заңының негізінде натуралдық және жабайы тауар өндірісі әрекет етеді. Бүнда иемдену екі жақты жүріп отырады: тікелей еңбек арқылы және нарықтағы өз еңбегінің өнімінің айырбасы арқылы. Иемденудің осындай жағдайында, жасалған өнімге меншік, иеленушінің тікелей еңбегінен туады. Бұл еңбектік (еңбек жасаған) меншік болып табылады. Осы замандағы нарық шаруашылығының пайда болуы жалдама еңбек пен және капитаддың әрекеттерімен байланысты болады. Еңбектік жеке меншіктің капиталистік жеке меншікке айналуы, меншіктің бірінші заңының екіншісіне - бөтен еңбектің өніміне меншік заңына ~ келуінің негізінде өтеді. Енді бұған - екінші заңға - иемденудің басқа, екінші заңы сәйкес келеді: тауар айналымы - ең бастапқы иемдену әдісі. Ірі қоғамдық өндіріс осы заңдарға негізделеді. Бүндағы иемденуде екі жақты жүреді, бірақ ол басқа формалар арқылы - тауар айналысы және табыстарды бөлу арқылы жүреді.
Меншік заңының модификациясы қалай жүреді? Үсақ өндіріс, индивидуалдық өндіргіш күштер жағдайында, жұмыскерлердің өндіріс шарттарымен тікелей қосылып, тіпті олардың бір-бірімен ұштасып, бірігіп кетуіне жол береді. Бүнда меншік заңы еңбек пен меншіктің бірлігіне негізделеді. Ірі өндіріс еңбек кооперациясының болуымен байланысты болады. Тарихи болмыс мынаны көрсетеді: ірі тауар өндірісі жұмыскерлердің меншіктен шеттетілуінің нәтижесінде пайда болған, бірақ олардың (жұмыскерлердің) жеке басының еркіндігін сақталады. Таңғалдыратын жәй: осы процесс - өндірушілердің меншіктен шеттелуі - адамдардың еркіндігін, оларда меншіктің болуымен байланысты деп қаралатыны батыс елдерінде басталып, орын алған. Еңбек нарығын дүниеге әкелген ағылшын шаруалары. Олар XVI ғасырда өздерінің жерлерінен қуылған, олардың жерлері, тоқыма өндірісіне жүн қажет болғандықтан қойлардың жайылымына айналған. Меншіктің екінші заңы еңбектің меншікген шектетілуіне негізделеді. Осы жағдайда жасалған өнімге меншік мәселесі қалай шешілмек?
Экономикалық бағыттан (өнімге, еңбекке экономикалық күштеу туралы) бөтен еңбекті иемдену тек тауар мен ақша ағымдарының айналыс сферасы арқылы мүмкін болады. Сұраныс ұсыныстан артық болса, немесе, тауарлар мен кызметтердің бағасы жасанды түрде жоғары белгіленсе, эквиваленттер еместер айырбасталуы мүмкін. Осы жолмен өсімқорлық капиталы пайда болған. Айналым шығындары беталды жоғарылатылса, алыпсатарлық жағдайлар көпес капиталынан орын алады. Жалдама енбекті өндіріс сферасында қолдану, қосымша өнімді, түңғыш рет экономикалық заң-дарды бұзбай, осылардың негізінде, иемденуге мүмкіндік берді.
Тауар айналымы зандарында сәйкес, өнімді жасаған жұмыскердің тауар нарығында болуы міндет емес: нарықтың субъекттері тауарлардың меншік иесі болады. Иемдену шарттары өзгереді. Алғашқы кезде өнімге иелік етудің негізін еңбек және өндіріс шарттарына өзіндік меншік болуы құрайтын еді. Енді өндіріс шарттарының иемденушісі болудың өзі жеткілікті болады: шеттелген жұмысшы күші капиталға жататын құрылымға айналып, жасалған өнім соның (капиталдың) туындысы ретінде қаралатын болады.
Капиталға меншік, бөтен еңбектің «бөтендігінен» кұтылуға және жаңа құнды иемденуге жағдай жасайды. Жаңа кұнның мөлшері, тауар айналымы заңдарын бұзбай, жұмысшы күшіне төлеген ақшалай эквиваленттен артық, жоғары болады.
Еңбек арқылы иемденудің орнын, айналым арқылы иемденудің басқаны, жұмыс істейтін индивидтердің меншігі түрінде пайда болған жеке меншікті, капитал жасаған меншікке айналдырады. Меншіктің формасы бұрынғыдай болса да, оның мазмұны өзгеше болады. Иемдену сипатының өзгеруі, меншіктің бір формасының ішінде оның әр түрлі екі заңы және, Бұларға сәйкес, иемденудің зандары әрекет ете бастағанын көрсетеді.
Тауар өндірісіндегі айналым иемденудің жалғыз формасы болмасада, негізгісі больп табылады. Бұл индивидуалдық және жалпы жеке меншік болуымен белгіленеді. Егер өндірісте жалпы, біріккен капитал пайдаланылған болса, онда айналым арқылы иемденген қосымша өнім, капиталға меншігі барлардың арасында бөлінеді. Қажетті өнім, жалақы түрінде жалдамалы жұмыскерлердің қарамағына түседі. Бұдан әрі табыс екінші, үшінші, бөлінуден өтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz