Жастар ұғымы, даму ерекшеліктері, қазіргі нарық заманындағы әлеуметтенуі, жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде қолданылатын технологиялар


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I Бөлім. Жастарды зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері
- Жастар әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде . . . 5
- “Жастар” ұғымын анықтауда ғылымдарға сүйену . . . 13
- Жастардың даму кезеңдері . . . 19
II Бөлім. Жастармен әлеуметтік жұмыстың негізгі технологиялары
2. 1 Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс технологиялары . . . 28
2. 2 Қазақстаннның Мемлекеттік жастар саясаты . . . 45
2. 3 Қазіргі қоғамдағы жастардың әлеуметтенуінің ерекшеліктері . . . 59
Қорытынды
Сілтемелер
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі, яки еліміздің егемендігі алуы - тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.
Алдыңғы толқын - ағалардың кейінгі толқын - інілерге, яғни ересек, егде кісілердің өскелең ұрпаққа деген көзқарасы қалай? «Қорқамын кейінгі жас балалардан» деген Абай атамыз сияқты олар да күдікпен үрке қарап жүрген жоқ па? Бүгінде шау тартқан сол «ересектеріміздің» өзі күні кеше қандай еді?Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов өсиет еткендей, бесігімізді түзедік. Бірақ балаларымыз қандай болмақ? Төрткүл дүниеден хабардар, көргені де, естіп жатқаны да жетерлік. Барлығын алақанға салғандай өз көзімен көріп, соның тірі куәсі - бүгінгі ұрпақ қайда бармақ? Осына сұрақтардың қай-қайсысы да айрықша ден қоюды қажет етеді және оларға түп-түгіл, егжей-тегжейлі жауап беру, әрине, оңайға түспейді.
Біз ешкімді енжар қалдырмайтын қызық та таңғажайып уақытта өмір сүріп отырмыз; қоғам өмірінде, адам санасында, жастар дүниетанымында жүріп жатқан орасан зор өзгерістер оқымыстылар ортасында ғылыми талас үшін таптырмайтын азыққа айналды.
Басқаларға қарағанда жастар әлеуметтік топ ретінде өзгеше қасиеттерге ие. Бұл не қасиеттер? Ең әуелі, олардың “рухының беймазалығы”, болмысқа сын көзбен қарайтындығы, ешкімге кіріптар болғысы келмейтін “өзімшілдігі”, ақиқаттан, тіпті қоғамнан іргесін аулақ салуға ұмтылуы, саяқ жүріп, қара басының қамын бәрінен биік қоюы.
Жастар қанша өзгеше қасиеттерге ие болмасын, ол таптан, әлеуметтік топтан тысқары өмір сүре алмайды. Сондықтан да жастар мәселесі күллі қоғамға қозғау салатын кең көлемдегі әлеуметтік проблемалардан да ауқымды һәм күрделі [1] .
Әрбір елдің болашағы жастармен өте тығыз байланысты. Жастар мен қоғам үнемі өзгерісті түрде қарым-қатынаста болады. Қазіргі жастар оқу мен өмірлік тәжірибе алу арқылы ертеңгі күні өскелең ұрпаққа өздерінің өмірлік ақылдарын беру негізінде белсенді күшті атқарады. Сондықтан да жас адамдар, келешек ересек болумен әрбір қоғамның нағыз құнды жетістігі.
Қазіргі жас аралық шекарасында “жастар” ұғымы көптеген елдерде түрліше қабылданған.
Жастар жасы адам өмірінің цикліндегі әлеуметтік және демографиялық маңызды оқиғаларымен ұштасады: жалпы білім берілудің аяқталуы, мамандық таңдау және кәсіби білімді алу, еңбек қызметінің басталу кезеңі, некеге тұру, дүниеге сәби әкелу, тағы басқалары.
“Жастар” ұғымын ғасырлар бойы көптеген атақты зерттеушілер зерттеп, өз анықтамаларын берген. Осындай зерттеушілердің арасынан ерекшелерін атайтын болсам, олар - В. Лисовский, Д. Бромлей, В. Н. Боряз және де С. П. Иваненколар.
Әлеуметтік жұмыстың объектісі мен пәнін анықтауда жастардың проблемалық және әлсіз тобы екенін халықтың жеке бір тобы ретінде емес, әлеуметтік жұмыстың ғылым және іс-әрекет ретіндегі жалпы объектісінің бөлшегі ретінде де екенін дәлелдей түседі. Жастар қоғамның ерекше әлеуметтік-демографиялық тобы ретінде әлеуметтік жұмыстың негізгі объектілерінің бірі болып табылады, себебі маргиналдығы жағынан, өзінің әлеуметтік жағдайда өзгермелігі жағынан халықтың әлеуметтік әлсіз жігіне жатады.
Жастардың әлеуметтік проблемаларына деген қызығушылықтың өзектілігі әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық - саяси өзгеру кезеңін басынан кешіп отырған қоғамдарда күшейіп отыр. Қазақстан үшін жас ұрпақ халықтың үштен бір бөлігін құрайтындықтан жастардың әлеуметтік проблемаларын зерттеу, әлеуметтік жұмыстың механизмін, технологияларын зерттеу қазіргі қазақстандық жастар үшін - жас ұрпақтың нарық заңдарына кездесіп, бұрынғы ұрпақтарға қарағанда қатал бейімделу жолдарын таңдау алдында қалуымен де байланысты. Балалар және жасөспірімдер қараусыздығы, жастар қылмысы, нашақорлық, жұмыссыздық сияқты өтпелі кезеңде байқалған мұндай құбылыстардың ауқымы жастарды әлеуметтік жұмыстың әлеуетті объектілеріне айналдырып отыр.
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жалпы әлеуметтік жұмыстың теориясының бөлімі ретіндегі пәніне жастардың өмірлік күштері мен әлеуметтік маңызы бар қажеттіліктерін қалыптастыру мен жүзеге асыруға, туындаған проблемалық жағдайларды жеңуге әсер ететін заңдылықтар мен технологиялар болып табылады .
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша, 2006 жылдың 1 қаңтарында жас азаматтар 4. 229. 172 адамды құраған, яғни республика халқының 27, 8 %. Өткен бір жарым жылдың ішінде шамамен 136. 000 адамға өскен, бұл еліміздің халқының үштен бір бөлігін құрайды.
Қазіргі дамушы қоғамның белгілі әлеуметтік-демографиялық тобы ретінде, жастарға аса назар аудару - әрбір мемлекеттің парызы болып табылады.
Зерттеу объектісі - жастар, олардың қоғамда алатын үлесі.
Зерттеу пәні болып - жастарды халықтың ерекше әлеуметтік-демографиялық тобы ретінде танып білу.
Жұмыстың мақсаты жастар ұғымын, даму ерекшеліктерін, қазіргі нарық заманында әлеуметтенуін, жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде қолданылатын технологияларды анықтау. Осы мақсаттар келесідегідей міндеттерді ескереді: «жастар» ұғымын анықтауда ғылымдарға, түрлі зерттеушілердің берген анықтамаларына сүйене отырып зерттеу; жастық шақтың даму кезеңдерін сипаттау; жас өкілдерімен әлеуметтік жұмыс жүргізуде қолданылатын әлеуметтік технологиялардың тиімділігін көрсету.
І Бөлім. Жастарды зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері
1. 1 Жастар - әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
Әрбір елдің болашағы жастармен өте тығыз байланысты. Жастар мен қоғам үнемі өзгерісті түрде қарым-қатынаста болады. Қазіргі жастар оқу мен өмірлік тәжірибе алу арқылы ертеңгі күні өскелең ұрпаққа өздерінің өмірлік ақылдарын беру негізінде белсенді күшті атқарады. Сондықтан да жас адамдар, келешек ересек болумен әрбір қоғамның нағыз құнды жетістігі. Өмірдің әр кезеңіне қабілетті және дамушы қоғам үшін барлық ұрпақпен үзілместей байланыстар, түсінушіліктер, қарым-қатынастар жасай отырып аса маңызды болып табылады. Осылардың барлығына қоғамның тұрақтылығының жемісі, қайнар көзі, жауаптылық танытады.
Жастар - қоғам құрылымындағы әлеуметтік, саяси, экономикалық элементтермен байланыстардағы қиындықтарды, динамикалық ішкі өзгерістерді басынан өткізіп, тез қабылдап алатын топ. Дегенмен де ол қоғамдық-саяси, мәдени, отбасылық, еңбек қызметінде түрлі деңгейдегі белсенділік танытады. Жастар қалыптасқан қажеттіліктерге байланысты әлеуметтік мобильділгі бар, біліктіліктері мен білімдері, қызығушылықтары, құндылықты белгілерді бойларына жинақтаған әлеуметтік-демографиялық топ болып саналады.
Жастар - барлық социогуманитарлық ғылымдардың зерттейтін объектісі. Философия, психология, педагогика, демография, әсіресе әлеуметтану ғылымдары жағынан қызығушылықтар туындап отыр. Зерттеушілердің жастар ұрпағына деген қызығушылығының басты себебі - әлеуметтік негізделген талаптардың өсуіне орай, өйткені қоғам олардың жоғарғы квалификациясыа, шығармашылық тұрғыдан ойлана білуіне және де өздігінен шешім қабылдай алуына, жауапкершілікті өз мойнына алу сияқтыларға көңіл бөледі.
Қазіргі жас аралық шекарасында “жастар” ұғымы көптеген еуропалық елдерде, АҚШ пен Жапонияда 13 пен 14 жастан 29 бен 30 жас аралығында қабылданған. Бірақ әр елдер “жастар” ұғымына түрліше қарайды. Ұлыбритания мен Нидерланды да жастар ерекше топ болып айқындалмайды, тек жас шекарасындағы балалармен бірлескен аймақты қамтиды, яғни 0 -25 жас аралығы. Мұндай көзқарастың позитивті де және негативті жақтары бар, ол: бала мен жастар саясатының бір-бірлерімен тығыз байланысуын қамтамасыз етеді, ал оның негативті жақтары осы сфералар арасындағы көңіл бөлушілік пен қызметтер бірдей емес деңгейде бөліну ықтималы. Испанияда жастар 14 пен 30 жас аралығымен анықталады, кейде 32 мен 34 жасқа дейін араласып отырады. Бұл фактінің түсіндірілуінше, дәл осы жаста жас испандықтар өз беттерінше жекелік, экономикалық тәуелсіз өмірлерін жүргізуді бастайды. Сонымен де “жастар” ұғымы тек қана жас аралық шекара мен ғана анықталмайтындығы көрсетіледі.
Дүниежүзілік қауымдастық, көптеген елдердегі жастардың қоғамның әлеуметтік бөлектенген тобы болғанымен қатты толғанады. Жастардың рухани бағыттары үлкен “дабылды” тудыруымен сабақтас болуында.
Жастарға арналған саясаттың өндірілуі мен жүзеге асуы әлемдік қауымдастық деңгейінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және де Білім беру, ғылым және мәдениет сұрақтары бойынша қауымдастыққа (ЮНЕСКО) тікелей байланысты.
1965 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен “Жастар арасында бейбітшілік идеалын тарату мен халықтар арасындағы өзара сыйластық пен түсінушілік Декларациясы” қабылданады. 1989 жылы өткізілген өзінің 31-сессиясында БҰҰ-ның Әлеуметтік даму комиссиясы жас адамдардың қоғам өміріне енуінің приоритетті тақырыбын қарастыруға ұсыныс жасайды.
Жастардың қоғам өміріне енуі жөнінде Халықаралық симпозиум 1990 жылы 4 - 8 шілдеге дейінгі аралықта өтті. Симпозиумда осы мәселенің шешуші құралдары мен жолдары анықталады. Алдымен жастарға қатысты комплексті ұлттық саясатқа аса көңіл бөлінді. Жастардың Халықаралық жылы өтуінің жетістігі ретіде әлемнің бірталай мемлекеттерінде жастарды қоғам даму процесінің негізгі көзі мен маңызды объектісі болып табылуымен ұлттық саясаттың құрылуы орын алды. Бұл, яғни мемлекет өмірінің барлық жақтарын қозғауы тиіс: әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси. Сонымен қатар, мұндай саясат жас адамдарға деген қарым-қатынастың қоғам өмір сүруінің түрлі сфераларымен өңделген жоспарлар, стратегиямен, бағдарлармен сәйкестендірілуі қажет.
Қазіргі таңда жастар бүкіл әлемде санымен және тез өсіп келе жатқан әлеуметтік топтардың бірі. Егерде қоғам жастарға жоғары талаптар қоятын болса, онда жастар да қоғаммен байланысу белсенділігі кезінде көп талап етуші болады. Бірақ та жастар - қоғамның өте проблемді топтарының бірі болып саналады емес пе! Жастар проблемалары өздігінен пайда болмайды, олар қоғам дамуымен тікелей байланысты.
Нарықтық экономикаға өтуге байланысты халықтың түрлі топтарының әлеуметтік орнының өзгеруіне әкеліп соқты, сонымен қатар дәстүрлі түрде алдыңғы идеяларды тудырушылардың да. Жаңа жағдайлардағы негізгі орын - жастарға арналған, себебі олар қандай бағыт таңдамасын олардың шешімі болашақ қоғамды анықтайды.
Әлеуметтанулық жоспарларда қоғамдық прогресстің объективті факторы ретінде жастардың әлеуметтік даму тенденциясына әсер ететін екі түрі бар. Бір жағынан, макроортаның объективті және субъективті жағдайларының өзгеруі болашақ жастардың әлеуметтік түрін қалыптастыруымен қатар, әлеуметтік құрылымның даму сатысын көрсететін қоғамның әлеуметтік құрылымына жастардың ерекше қосылуын тудырады. Басқа жағынан, қоғамдық прогресстің факторлары, жастардың ойымен шағылысып, олардың өзіндік қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына, іс-әрекет бағдарламасындағы құндылықты бағыттарына әсерін тигізіп, ақыр аяғында жастардың әлеуметтік түрінде бейнеленеді.
Өз бетінше іс-әрекет жасай алатын әлеуметтік-демографиялық топ ретінде анықталатын жастар, қоғамдық қатынастар мен қоғамдық формалар болып сипатталады. Жастар ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде біріншіден, өзіндік объективті болмысынан пайда болатын бірнеше ерекшеліктерді қалыптастырған. Жастардың әлеуметтік ерекшеліктері спецификалық позициясы арқылы анықталады, яғни олардың әлеуметтік құрылымының қайтадан жаңару процесіне қатысуымен қатар, олар мұрагер және жас адамның өз күшімен қоғамдық қатынастарды өзгертуші. Бұл процесс ішінде пайда болатын қайшылықтар - толығымен алғандағы жастар проблемасының негізінде жатыр.
Жастардың жастар шекарасы қозғалмалы болып келеді. Олар адамның өмір сүру жағдайы, мәдениет пен игіліктерге жеткен дәреже, яғни қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты. Бұл факторлардың әсерінен адамдардың өмір сүру ұзақтығы анықталады, жастар жасының кеңейген шекарасы 14-30 жас. Нақты осы жас аралығында жасөспірім әлеуметтік тұрғыда таңдау құқығына ие болғандықтан (мысалы, оқуын жалғастыру, гуманитарлы немесе техникалық жоғарғы орнына түсу немесе жұмыс істеу) төменгі жас шекарасы анықталады. 30 жасқа тақап қалғада адамның ережеге сай кәсіби біліктілікке жетеді, өзінің отбасын құрайды, қоғамда тұрақты өз орнын табады.
Жастар жасы адам өмірінің цикліндегі әлеуметтік және демографиялық маңызды оқиғаларымен ұштасады: жалпы білім берілудің аяқталуы, мамандық таңдау және кәсіби білімді алу, еңбек қызметінің басталу кезеңі, некеге тұру, дүниеге сәби әкелу тағы басқалары.
Жасөспірімдер 18 жасқа дейінгілерді қамтиды - бұл негізінен мектепте оқитындар мен кәсіби оқу орындағылар. Ережеге сүйенсек, олар ата-аналарының қарамағында болатын және де толығымен азаматтық құқықтарын иеленбегендер болып саналады.
18 бен 24 жас аралығындағы жастар, олар - жұмысшылар, студенттер, белгілі бір оқу орнының түлектері. Олардың кейбіреулері ата-аналық отбасылықтан бөлектенген, өздерінің жеке кірістеріне өмір сүретіндер. Мұндай жаста некеге тұру, жас отбасылардың құрылуы мен бала туу белсенділігі байқалады.
25 пен 29 тұсындағы жастар болып - кәсібилік шешім қабылдаған, нақты квалификациясы бар және өмірлік кәсіби тәжірибелі деңгейінде болатындар.
Жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдайлардың өршігуіне орай, жас ұрпақтың проблемалардың шешімін табу артта қалуда. Бұл, алдымен жастарды тәрбиелеу мәселесін қозғайды. Мемлекеттік органдардың қаншалықты әрекеттесуіне қарамастан, орта мектептер мен ондағы оқитындар жақсы емес кезеңдерді бастан кешіруде. Оған ауыл мектептерінің жабылуы, оқулықтардың аздығы республиканың көптеген региондарында жетіспейді. Осының салдарынан толық білім мен тәрбие алмаушылырдың саны өсуде. Бұл білімі аз, мәдениеті төмен адамдардың пайда болуына әкеледі.
Қоғамда қандайда бір объектіні зерттеу ажеттілігі туғанда ол белгілі-бір көзқараста қарастырылатыны белгілі. Әрбір объект жеке-жеке зертеуді қажет ететін бірнеше тараптар мен қасиетке ие болады, яғни қандай да бір ғылымның заты болып табылады. Ғылым затын анықтау көптеген факторларға, ең алдымен осы саладағы жеткен жетістіктерге, ғалымдар алдында оятын әлеуметтік практиканың дамуына байланысты.
Қазіргі кезеңде - әлеуметтік жұыстың өзіндік әлеуметтік ғылым және оқу пәні болып қалыптасуы қарынды жүріп жатан кезеңде әлеуметтік жұмыстың мәні мен негізгі белгілері туралы көптеген көзарастар бар. Бірақ барлық авторлар (шет елдік те, отандық та) әлеуметтік жұмыстың объектісіне өмірлерінде кездесетін проблемаларды шешуде қиындықтар көретін жеке адамдар мен әртүрлі адамдар тобын жатқызады.
Жастар кез-келген қоғамда үлкен немесе кіші деңгейде кемсітілетін топ болып табылады.
Халықтың белгілі-бір жасына байланысты бөлінетін тобына жататындықтан да жастар қазіргі таңда әлеуметтік жұмыстың негізіне айналып отыр, яғни оның объектісі болып саналады.
Жастарға әлеуметтік жұмыс объектісі ретінде сипаттама беру үшін жастар - оны құрастыратын көптеген құрамдардан тұратын, жеке және топтық формасы бар, соматикалық, психологиялық және әлеуметтік даму ерекшеліктеріне ие, қоғамдық қарым-қатынастардың тарамдалған желісінде жатқан күрделі жүйе екенін есте сақтау керек. Ресейлік социолог В. Н. Боряздың «жастар» түсінігін объективтік, әлеуеттік табиғаттан тұратындықтан антропологиялық және психологиялық бағыттарда қараумен шектелмеу керек, жастар туралы мәселені қозғағанда оны бір-бірімен салыстырмай, бөліп қарамай әлеуметтік жұмыс объектісі ретінде қарап, антропология, психология, педагогика, социология және басқа да ғылымдардың жастар мен олардың проблемаларын зерттеудегі жетістіктеріне сүйене отырып, қарау керек деген пікірімен келісемін, өйткені жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс құралын, нысанын және әдістерін анықтау, оның тиімділігі ең алдымен халықтың осы тобының, әлеуметтік мәртебесі мен әлеуметтік проблемалары білімі мен жас ерекшеліктеріне, психологиялық және әлеуметтік-эконоикалық, социо-мәдениеттік ерекшеліктеріне тікелей байланысты.
Әлеуметтік жұмыстың объектісіне кез-клген жас іліге бермейді, оның міндетті түрде қандай да бір проблемасы болуы керек. Ол проблемалар психологиялық, медициналық, құқықтық, материалды және басқа да сипатта немесе адамға тәуелсіз кейбір сыртқы факторларға, болмаса ішкі жеке басының жағдайларына байланысты болуы мүмкін, қалай болғанда да әлеуметтік жұмыс үшін жас адам осы проблемасын өз бетімен шеше алмай, әлеуметтік қызметкердің кәсіптік көмегін қажет етуімен маңызды.
Әлеуметтік педагогика үшін жай ғана жас адам емес, әлеуметену процесінде көмекті қажет ететін бала - жеке тұлғадан әлеуметтік субъектіге айналатын, яғни дамушы, қалыптасушы, жеке адамның болуы маңызды.
Ал социологтардың зертеу өрісіне жастардың қоғамдағы қалыптасуы мен дамуы, аға ұрпақпен, мемлекеттік және қоғамды институттармен өзара қарым-қатынасы жатады.
Міне, осындай әлеуметтік жұмыстың, әлеуметтік педагогика және социология сияқты ғылымдардың әлеуметтік бір құбылысты зерттеудің сипаттамаларына қарамастан олардың біріктіретін де, алшақтататын да белгілері бар. Сондықтан кәсіптік деңгейде жастар проблемасымен айналысатын әлеуметтік қызметкер үшін білім алу мен жастардың әлеуметтік педагогикалық, социологиялық аспектілерін білу маңызды. Осы білімдер жинақталып келіп, «жалпы фон» құрады, онда әлеуметтік қызметкердің жеке және топтық клиенттерімен жұмыс істеуінің түбегейлі жоспары мен тактикасы орын алады.
Әлеуметтік қызметкердің жастар проблемасына осындай «кең» көзқараста болуы жастармен жұмыс жүргізетін маман мен жастармен жұмыс жүргізетін маманның лауазымды міндеттерін ажырата білуді қажет етеді. Біріншілерінің міндетіне мыналар жатады: әлеуметтік қолдауды қажет ететін жас отбасыларын, жеке жасөспірімдерді және жастарды анықтау, олардың патронаждарын жүзеге асыру; маскүнемдікпен, нашақорлықпен ауыратын және жыныстық зорлықа ұшырағандарға әлеуметтік-психологиялық реабилитациялау; олайсыз әлеуметтік-құқықтық және медико-психологиялық жағдайларда өмір сүретін жас отбасыларымен, балалар үйі мен мектеп-интернаттардың бұрынғы тәрбиеленушілермен, ата-анасы жоқ немесе қамқорсыз алғандармен, жұмысқа орналасуды қажет ететін кәмелетке толмаған жас аналармен жұмыс жасау; кәмелетке толмаға құқық бұзушыларды қоғамдық қорғауды ұйымдастыру және т. б.
Жастармен жұмыс жүргізетін маманның міндетіне балалар мен жастар ұйымдарының әрекеттерін үйлестіру, жастардың қалыпты құрылымы бұзылған бейресми бірлестіктерімен жұмыс, жастардың бос уаытын ұйымдастыру бойынша шаралар жүргізу және оларды талдау, жасөспірімдердің, жастардың, жас отбасылардың құқығын қорғау және т. б. жатады.
Осыған байланысты, жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін маманның кәсіби дайындығына ең алдымен жұмыстың объектісі ретіндегі жастардың сапалық сипаттамасын, осы бір күрделі әлеуметтік феноменді, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік және әлеуметтік-мәдени аспектілерімен бірлікте және өзара байланыста зерттеу жүргізу қажеттігі туындайды.
Соңғы кезде жастар еңбек бөлінісі мәселелері бой көтеруде. Анализдің көрсетуінше, білім алушылардың 9 %-ы 11 сыныпты бітірушілер толық білім алмауымен жұмысқа тұра алмайды.
Дамыған елдерде ақыл-есі кем және физикалық ауытқушылығы бар балалардың білім алуына көп көңіл бөлінеді. Ал Қазақстанда соңғы кездері мұндай мекемелердің саны азайып кетуде. Қазіргі таңда ақыл-есі дамуында кемшілігі бар жасөспірімдердің жағдайы қиындауда, мұндаймен жұмыс жасайтын 120 мектеп-интернаты бар. Сонымен қатар жастар ортасында өз-өзін өлтірушілердің саны жоғарлауда. Мұндай көрсеткіш еркектер арасында 25-29 жас аралығында өте жоғары, ал қыздардікі 20-24 жас аралығында болып отыр. Айтып кеткендей жастар арасында түрлі проблемалар жетіп жатыр. Осындай әр түрлі проблемаларды шешуде әлеуметтік жұмыскерлердің көмегі бірден-бір қажет.
Е. Р. Ярская-Смирнованың айтуынша, жастармен әлеуметтік жұмыстың негізгі міндеті - жастардың өз проблемаларын өздері шешуге және де жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуіне қабілеттілік таныту.
Қазіргі жаңашыл қоғамда жастар қоғамдық принципиалды орынды алуда. Олардың өмірлік қызығушылықтары, өмір сүру түрлері саяси, әкономикалық, мәдени және басқа қоғамдық салалардағы әлеуметтік процесстердің даму контексінде қарастырылады. Жастарды зерттеудің барлық тәсілдері жас ұрпақты зерттеу мен танудың негізгі әдістемесін жасауға көмектеседі. Негізгі принциптерге алдымен, тарихи талдаулық тәсілді жатқызуға болады, яғни онда тек биологиялық және жасаралық ерекшеліктерін ескеріп, жастарды уақытсыз болмыс деп қарастыруға болмайды делінген. Жастарды тарихи қоғамның нақты шекарасындағы анықталған әлеуметтік топ ретінде бағалау керек. Олар қоғамның динамикалық және мобильді бөлігі болып есептеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz