Банктердің дамуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Банктердің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Банктердің пайда болуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Банк туралы қысқаша түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

2. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері ... ... ... ... ... ... 6
2.1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.2. Коммерциялық банктер және олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

3. Коммерциялық банктердің операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3.1. Банктің пассивтік операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3.2. Банктің активтік операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қолданған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
«Коммерциялық банктер және оның міндеттері» атты тақырыптағы алған рефератым Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері жайлы қарастырдым. Жұмысым кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімінде, банктердің жалпы ашылу тарихы, оның даму сатысы және банк сөзінің қайдан шыққаны және ол қандай мағынаны білдіретіні туралы мағлұматтар бар, соның ішінде коммерциялық банктің дамуы туралы түсініктер кездеседі.
Екінші бөлім «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң туралы айтылады және де сол заңның бекітілген уақыты мен оның қанша баптан құралғанын оқып білуге болады. Осыған қоса қарастырған коммерциялық банктердің жіктелу сатысы және сол жіктелген сатысының түрлері қарастырылды.
Үшінші бөлім коммерциялық банктердің операциялары туралы жазылған. Бұл негізгі бөлем деп айтуға болады. Коммерциялық банктер осы белгіленген операциялар арқылы жүзеге асады. Осында активті және пассивті операциялары жайлы мәліметтер қарастырылады. Соның ішінде пассивтік операциялардың: әлемдік банктің тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
І топ – депозиттер; ІІ топ – депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Осы аталған екі ірі топтың әр қайсысының пайда болуы мен дамуы, жіктелуі қарастырылған. Соған қоса активті операциялар туралы (жіктелуі, терминдер және т.б.) мағлұматтар бар. Депозит, акция, облегация, факторинг, форфейтинг және тағы басқа коммерциялық банкке қатысты ғылыми терминдердің анықтамасы мен қызметтері, пайда болуы жайлы деректермен танысуға болады.
Қорытынды бөлімінде жалпы коммерциялық банктер жайлы қысқаша қорытынды жазылған. Жаңағы айтылып кеткен коммерциялық банктердің жіктелуі, операциясы мен оның салалары, қазақстандағы банке қатысты заңдар туралы мәліметтерді өз ойыммен қорытындыладым. Бұл жалпы рефераттың түйіні деп айтуға болады.
Қолданылған әдебиетер бөлімінде жазылған рефераттың қай кітаптардан алынғанын көрсетіп тұр.
1. «Қазақстан Республткасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы. 30.08.1995ж.

2.Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы редакциясы – Алматы: Экономика, 2001ж.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары. –
Алматы: Қазақ университеті, 2002ж.

4.Деньги, кредит, банки /Под ред. Лаврушина О.И. –
Москва: Финансы и статистика, 1999ж.

5. Банковское дело / Под ред. Лаврушина О.И. –
Финансы и статистика, 1998ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы:
Банктердің дамуы

Орындаған:
Тексерген:

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Банктердің даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...4
1.1. Банктердің пайда болуы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Банк туралы қысқаша
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 5

2. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі
банктері ... ... ... ... ... ... 6
2.1. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.2. Коммерциялық банктер және олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

3. Коммерциялық банктердің
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
3.1. Банктің пассивтік
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8
3.2. Банктің активтік
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
5

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Қолданған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .21
Кіріспе
Коммерциялық банктер және оның міндеттері атты тақырыптағы
алған рефератым Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері жайлы
қарастырдым. Жұмысым кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданған
әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімінде, банктердің жалпы ашылу тарихы, оның даму
сатысы және банк сөзінің қайдан шыққаны және ол қандай мағынаны білдіретіні
туралы мағлұматтар бар, соның ішінде коммерциялық банктің дамуы туралы
түсініктер кездеседі.
Екінші бөлім Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі
туралы заң туралы айтылады және де сол заңның бекітілген уақыты мен оның
қанша баптан құралғанын оқып білуге болады. Осыған қоса қарастырған
коммерциялық банктердің жіктелу сатысы және сол жіктелген сатысының түрлері
қарастырылды.
Үшінші бөлім коммерциялық банктердің операциялары туралы жазылған.
Бұл негізгі бөлем деп айтуға болады. Коммерциялық банктер осы белгіленген
операциялар арқылы жүзеге асады. Осында активті және пассивті операциялары
жайлы мәліметтер қарастырылады. Соның ішінде пассивтік операциялардың:
әлемдік банктің тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау
тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
І топ – депозиттер; ІІ топ – депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Осы аталған екі ірі топтың әр қайсысының пайда болуы мен дамуы,
жіктелуі қарастырылған. Соған қоса активті операциялар туралы (жіктелуі,
терминдер және т.б.) мағлұматтар бар. Депозит, акция, облегация, факторинг,
форфейтинг және тағы басқа коммерциялық банкке қатысты ғылыми терминдердің
анықтамасы мен қызметтері, пайда болуы жайлы деректермен танысуға болады.
Қорытынды бөлімінде жалпы коммерциялық банктер жайлы қысқаша
қорытынды жазылған. Жаңағы айтылып кеткен коммерциялық банктердің жіктелуі,
операциясы мен оның салалары, қазақстандағы банке қатысты заңдар туралы
мәліметтерді өз ойыммен қорытындыладым. Бұл жалпы рефераттың түйіні деп
айтуға болады.
Қолданылған әдебиетер бөлімінде жазылған рефераттың қай кітаптардан
алынғанын көрсетіп тұр.

1. Банктердің даму тарихы

1.1. Банктердің пайда болуы мен дамуы.
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының
мануфактуралық сатысында – XIV және XV ғасырларда Италияда несие
қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар
банктердің бұдан да ертерек – феодализм кезінде төлем делдары ретінде пайда
болды деп есптейді.
Банк сөзі үстел мағынасын беретін италияндық banco сөзінен
шыққан. Банко – үстелдер таурлардың сауда-саттығы қызу жүретін алңдарға
қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қаларда және жекелеген қалаларда
шақа соғылатын әр түрлі монеталармен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда
көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағымы бойынша
кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл
айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырды. Х ғасырда
Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің банко-
үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда
(трапезиттер деп аталған, трапеза – үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа
да елдерде кеңінен тарайды.
Ғалымдардың пікірінше, біздің эрамызға дейінгі VI ғасырларда Ежелгі
Вавилонда салым ақшалары қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу
тәжірибеде кездескен. Мұндай валюталық және несиелік операциялар біздің
эрамызға дейінгі IV ғасырда Грецияда да тәжірибеде кездескен.
Храмдар негізгі ақшалай операциялармен қатар қарыз (ссуда) берумен де
айналасты. Оны заң нормаларын қатаң сақтай отырып ресімдеді әрі берілген
қарыз үшін пайыз өндіріп алды. Осылай уақытша несиені жоғары пайызбен
бертін өсімқорлық пайда болды.
Сауда үйі түрінде жеке несие берушілердің пайда болуымен бірге бір
мезгілде мемлекеттік сауда-саттық агенттіктері де әрекет етеді. Ежелгі
шығыста олар тамқаралар деп аталған. Олар металл құймалары түріндегі ақшаны
сатумен және сатып алумен айналысты, басқа мемлекеттермен сауда-саттық
жүргізді.
Храмдар, өсімқорлар, сауда үйлері және сауда-саттық агенттіктері
жүзеге асырған барлық ақша операциялары банктердің қалыптасуына себепші
болды.
Банк – бұл аса ірі несие кәсіпорны. Осыған орай жоғарыда атлған несие
берушілерді банк деп ұғуға болмайды. Олар банк деп аталуы үшін несие
істерінің даму деңгейі жоғары болуы керек әрі несие берушінің өз
клиенттеріне қызмет көрсету бойынша орындайтын операциялардың жиынтығы
толық болуы қажет. Банк – несие, ақша, есеп айырысу операцияларын бір
орталыққа шоғырландыратын ақша шаруашылығының даму деңгейі. Мұндай
мекемелер Солтүстік Италияда XII ғасырларда пайда болды.
Ежелгі бенктердің несие операцияларымен қатар трансферит деп аталатын
операцияның көмегімен есеп айырысу да біртіндеп дамыды, яғни ақшалай
қаражатты бір кестеден (шоттан) екіншісіне аукыстыру кезінен қолданыла
бастады. Банктер клиенттермен өзара және клиенттер арасында келісімшарттар
бекітіп, сауда мәселесіне делдал ретінде алға шықты. Есеп айырысуды
қамтамасыз ету үшін ежелгі банктер ақшамен тең дәрежеде айналыста жүретін
банк билеттерін (hudu – гуду) шығарды.
Осылайша, несие, ақша және есеп айырысу операциялары бір орталыққа
(банкке) шоғырлана бастады. Ақша шаруашылығының бұл даму кезеңінде банк
секілді аса ірі несие мемлекеттері пайда бола бастады.

1.2. Банк туралы қысқаша түсінік.
Негізі банк – бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан
мерзімінде қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құралатын ұйым.
Банктің негізгі тағайындауы – ақшалай қаражатты несие берушіден қарыз
алушыға, сатушыдан сатып алушыға ауыстырудағы делдалдылық.
Қаржылық тәуелділіктің субъектісі ретінде банктердің екі негізгі
белгісі болады. Бұл белгілер оны басқа субъектілерден айрықшалап көрсетеді:
1. Банк қызметтеріне борыштық міндеттемелерді екі жақты (қосарлы)
айырбастау тән. Банктер өзінің борыштық міндеттемелерін дипозиттерге,
жинақ ақша сертификаттарына және т.б. орналастырады, ал осының
негізінде жұмылдырылған қаражат қаржы нарығының өзге субъектілері
шығарған борыштық міндеттемелер мен құнды қағаздарға бағытталады.
2. Банктер заңды және жеке тұлғалардың алдында, мысалы, клиенттің
қаражатын шотқа және салым ақшаға орналастырғанда, дипозит
сертификаттарын шығарғанда және т.б. тіркелген борыш сомасы бар сөзсіз
міндеттемені қабылдайды. Бұл ресурстарды өз акцияларын шығарудың
негізінде жұмылдыратын инвестициялық қорларға тән емес. Борыш сомасы
бойынша тіркелген міндеттеме делдалдарға (банктерге) біршама қатер
төндіреді, өйткені, ол нарық конъюнктурасына қарамастан толық төленуі
керек, ал инвестициялық компания (қор) өзінің активтері мен
пассивтерінің құнына қатысты өзгерістер тудырған барлық қатерді өз
акционерлеріне бөліп береді.
Коммерциялық банк – банк системасының элементі болып табылады. Сол
элементтерді иелену үшін:
1. банктің дәрежесі жоғары болу керек, банктық операцияларды
орындайтын леценциясы болуы тиіс;
2. жалпы қоғамдық заңдарды бұзбау;
3. қоғамда болып жатқан жағдайларға байланысты өз-өзін дмаытып отыруы
тиіс;
4. басқа да банктік элементтермен қарам-қатынаста болу;
Коммерциялық банк термині банк істерінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктердің сауда, тауар айыпбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пада болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне
осында коммерциялық банк деген атауға ие болды). Бастапқыды коммерциялық
деген сөз іскер деген мағынада қолданылып жұрді. Қоммерциялық банктер –
нарық экономикасынада қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік
мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиеттеріне 220-ге жуық әралуан өнімдер
мен қызмет көрсетуге әзір.
Дипозиттік-қарыздық операциялады жүзеге асыра отырып коммерциялық
банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да
пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің дипозиттері айналыс құралы
қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның
үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптегенұсақ қарызды
пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана
соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады.

2. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері

2.1. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
Қазақстан Республикасының заңы: таза рыноктық маңызы, құрылымы.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995
жылы 31 тамыздағы қазақстан Республикасының заңы (соңғы өзгерістер 2005
жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес енгізілді)
елдегі резидент және резидент емес коммерциялық банктердің, мемелекеттік
банктердің, сондай-ақ мемелекет аралық банктердің банк және лицензиялау –
рұқсат беру жүйесіндегі ұйымдастырылу, құрылу және құқықтық мән-жайларын,
банктік қызметін, банктік қызметке ықпал ету шараларын, банктік қызметті
инспекциялау тәртібін, банктерге қолданылатын санкцияларды, банктік
құпияны, банктік есепке алу және есептілік мән-жайларын және т.б.
регламенттейді.
Осы заңнамалық актіге сәйкес құралған әрі уәкілеттік берілген
Қазақстан Республикасындағы банктер, олардың ішінде негізінен алғанда
коммерциялық банктер Қазақстанның қаржы және кредит жүйесі ауқымдылығы
ақшалай-кредиттік, валюталық және қаржылық қатынастарға, халықаралық банк
жүйесіндегі қатынастырға тиісті тиісті лиценция – рұқсат негізінде
қатысатын, сондай-ақ осы ауқымда активті және пассивті банктік
операцияларды жүзеге асыратын қредиттік-қаржылық институттар, таза нарықтық
сипатты коммерциялық ұйымдар болып табылады. Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңының құрылымы 3
бөлімнен, 10 тараудан және 78 баптан тұрады.
2.2.Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі.
Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға,
сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді бірдіреді. Коммерциялық банктер
деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынандай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Жарғылық капиталының қалыптасуына қарай:
– Мемлекеттік;
– Акционерлік;
– Жеке;
– Пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
– Аралас (шетел капиталымен қатысуымен).
2. Операцияларының түрлеріне қарай:
– әмбебап, яғни экономикалық барлық салаларына бірдей және кең көлемді
банктік қызмет көрсететін банктер;
– маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
3. Аумақтық белгісіне қарай:
– халықаралық;
– мемлекетаралық;
– ұлттық;
– аймақтық;
4. Салалық белгісіне қарай қарай:
– өнекәсіптік банктер;
– сауда банктері;
– ауыл шаруашылық банктер;
– құрылыс банктер;
– басқа;
5. Филиалдар санына қарай:
– филиалсыз;
– көп филиалды.
Қазақстан республикасындағы банктік жүйеде 01.07.2003 жылғы
статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі
банктердің барлығы дерлік акционерлік қоғам формасындағы банктер, соның
ішінде, екі банк қана мемлекетке масындағы банктер, соның ішінде, екі банк
қана мемлекетке 100% тиеселі банктер, оларға: Қазақстан даму банкі мен
Эксимбанк, ал шетел капиталының қатысуымен (100% – 10 банк, 50% – аса – 4
банк) құрылған банктерде саны 14, оның ішінде, еншілес банктер – 10.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан
түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және
артықшылығы бар.
Жай акция – оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның
пайдасына қарай дивиденд алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар
акция – оның иесіне қоғамды басқаруына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни
қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа
ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға
құқық береді.
Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса,
онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық
құжатта анықталады және бұл банктің қатысушылары немесе құрылтайшылары
өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасына байланыссыз, оның
жоғарғылық капиталы оның қатысушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен
құрылады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып
табылады. Жарғылық капитал оның қатынасушыларының меншікті қаражаты
есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды
құруға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталды құруға тыйым салынады.
Банктік жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін.
Тіркеуге алынатын уақытта жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталы
құрылтайшылық құжатта хабарланған, оның акционерлерінің сомасының 50%
төленуі тиіс, ал тіркеуге алған кезінен бастап бір жыл ішінде оның
жарияланған сомасы толық төленуге тиіс. Жарғылық капиталдың сомасы
заңдылықтармен шектелмейді.

3. Коммерциялық банктердің операциялары

3.1. Банктің пассивтік операциялары
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады.
Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі
рөлі жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылғандықтан,
оған анықтама берген дұрыс. Қаржы несие сөздігінде: пассивтік операциялар
– бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің
өз ресурстарын құру операциялары, – делінеді.
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар – бұл
нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті-пассивті шоттағы қаражаттардың
өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды
сипаттайды.
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды
сатып алады.
Пассивтік операциялардың мынандай формалары болады:
коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмисиялауы;
банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
дипозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге
тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы
негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстардан
құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе
тартылған ресурстар құралады.
Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:
банктің меншікті қаражаттары;
банктің тартылған қаражаттары.
Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай
келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі
мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға
қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның
барлық қаражаттары арқылы, оның барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10
пайызы өтеледі. Шын мәнінде, меншікті және тартылатын қаражаттардың
арасында шекті ең төменгі мөлшерде шекарасы болады.
Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап
тұруда маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті
қаражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға,
жалақыға жұсмалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің
қызметіп бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен банкте
қажетті резервтер құрылады. Ең соңында, банктің меншікті қаражаты – бұл
ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.
Банктің меншікті қаражаттары – банктің экономикалық дарбестігін және
қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен
бөлінбеген пайда жиынтығы.
Банктің меншікті қаражаттарына жататындар:
банктің жағылық капиталы;
банктің резервтік капиталы;
қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;сақтандыру
резервтері;
сақтандыру резервтері;
бөлінбеген пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы – банктің заңды тұлға ретінде міндетті
түрде құрылуын және өмір сүруінің экононмикалық негізін құрайды. Жарғылық
капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциалдық
нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның
құралтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық
капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал
көлемі акцияны ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынандай екі ұйымдық формаларда
құрыла алады:
– пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
– акциоенерлік банк;
– шетел капиталымен қатысуымен .
банктің меншікті қаражатынының түріне резервтік қор жатады.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардаң орнын
жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік
қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде,
айталық, 25% мөлшерінде құралатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен
теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резевтік қордың
құрылуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады.
Қосымша капиталдар негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған
аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталған пайданы бөлу
нәтижесінде құрылады.
Арнайы қорлар болса, негізгі қорларды қайта бағалау қоры ұлттық валюта
мен шетел валюталары арсындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық
қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды
қалыптастыру барысында маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктің операциялар бойынша тәуекелді төмендеті
мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік
тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған
резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша девидендті төлегеннен кейін және
резервті қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.
Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде,
несиелік операциялардың 90%-ға жуықтай ресурстарға деген қажетін
қанағаттандырады. Олардың рөлі біршама жоғары тұрады. Заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер
халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар
халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.
Банктердің ресурстарының жалпы сомасында тартылған қаражаттар үлесі
олардың басым бөлігін құрайды.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе
үшін дәстүрлі емес, уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарату тәсілдерінің
болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Әлемдік банктің тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау
тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
І топ – депозиттер
ІІ топ – депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлінген бөлінген депозиттер
құрайды. Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердің банктегі белгілі бір шотқа салған және
өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде немесе
өз меншікті қаражаттарын сату жолымен таратылатын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара
ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты
клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативасы банктің өзінен туындайды.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынандай топтарға бөледі:
– талап етуіне дейінгі депозиттер;
– мерзімді депозиттер;
– жинақ салымдары;
– бағалы қағаздар.
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр
түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар
жатады:
– мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
– әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік жүйенің дамуы мен қалыптасуы
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына сипаттама
Қазақстан Республикасының банк жүйесі қалыптасуы
Банктердің экономика дамуындағы рөлі
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуына талдау жасау
Коммерциялық банктердің нарықтық экономика жағдайындағы мәні
Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары
Коммерциялық банктердің экономикадағы қызметі және операциялары
Депозиттерге кепілдік беру қоры
Пәндер