Инвестициялар туралы ақпарат



Кіріспе
1.1 Инвестициялау циклы шоттарының өзара байланысы және аудиторлық тексеру жүргізу бағыттары.
Ұзақ мерзімді еншілес серіктестіктегі және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы нақты инвестицияның есебінің аудиті
Инвестициялау циклына жататын бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесі және олардың арасындағы өзара байланыс
Қаржылай инвестицияларының есебі мен аудиті.
Инвестициялау циклында сәйкестікке тексеру жүргізуі.
Ішкі бақылау жүйесіне тест жүргізу
Талдамалық процедуралар.
Объектіге қатысты тексеру жүргізу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Инвестициялар – бұл активтердің бір түрі, инвестицияланған капиталдың өсуін немесе басқадай табыс табу мақсатымен субъект ие болған объектілер.
Басқа жақтаға тысқары ұйымдардың құнды қағаздарға, мемлекеттік және жергілікті қарыздардың проценттік облигацияларына, салымдар сондай-ақ басқа заңды және жеке тұлғаларға берілген қарыздар қаржылық инвестицилар болып саналады.
Сонымен инвестициялар деп экономика салаларына капитал түрінде салнып жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз.
Инвестиция аудиті мақсаты шарашылық жүргізуші субъектті қолданатын Қазақстан Республикасының тексерілетін кезеңде қолданылып жүрген құқықтық – нормативтік актілерге, инвестиция есебі бойынша операцияларға салық салу мен есеп әдістемесіне сәйкес белгілеу болып табылады, ол қаржылық есеп берудің анықтығы туралы пікірді барлық елеулі аспектілерде қалыптастыру үшін керек.
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай бастапқы мәселелер шешілуі қажет:
1. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің активтерін инвестицияларға жатқызылуы дұрыстығын тексеру;
2. Инвестиция есебінде оларды тиісті жіктеу белгілері бойынша жіктеу;
3. Инвестицияларды есепке қойғанда олардың құнын дұрыс бағалау;
4. Инвестицияға байланысты операциялары есебінің дұрыстығын тексеру;
5. Инвестициялардың синтетикалық және аналитикалық есептерде жүргізу жағдайын талдау;
6. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте шаруашылық операцияларын көрсетудің толықтығы мен дұрыстығын бағалау;
7. Инвестицияларды түгенде мен олардың нәтижелерін бухгалтерлік есепте дұрыс көрсету;
8. Инвестициямен байланысты операциялар бойынша салықтық заңнама талартарының толық сақталуы.
Аудит объектілері аудитордың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттемелерге негізделіп анықталады: ұзақ мерзімдік инвестициялар соның ішінде – еншілес және тәуелді ұйымдарға; ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, басқа да инвестициялар; инвестицияны артық бағалаудан түскен төлнбеген қосымша капитал; негізгі емес қызметтен түскен табысы (зияны).
Инвестиция аудитінде аудиттелетін саладағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді мұқият зерттеуі қажет.
1. Д.О.Абленов. Аудит негіздері: - Алматы: Экономика 2005.
2. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаев З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности . – Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998.
3. Скобара В.В. Аудит: методология и организация.- М.: Дело и сервис, 1998.
4. Белуха Н.Т. Аудит.-Киев: Знание КОО, 2000.
5. Нормативтік – Құқықтық актілер.
6. Филип Л. Дефлиз, Генри Р, Дженик, Винсент М.О”Рейли, Маррей Б. Хирш. Аудит Монтгомери:Пер. С Англ./Под ред.Проф. Я.В. Соколова.- М.:ЮНИТИ, 1997.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.

Инвестициялар – бұл активтердің бір түрі, инвестицияланған капиталдың
өсуін немесе басқадай табыс табу мақсатымен субъект ие болған объектілер.
Басқа жақтаға тысқары ұйымдардың құнды қағаздарға, мемлекеттік және
жергілікті қарыздардың проценттік облигацияларына, салымдар сондай-ақ басқа
заңды және жеке тұлғаларға берілген қарыздар қаржылық инвестицилар болып
саналады.
Сонымен инвестициялар деп экономика салаларына капитал түрінде салнып
жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз.
Инвестиция аудиті мақсаты шарашылық жүргізуші субъектті қолданатын
Қазақстан Республикасының тексерілетін кезеңде қолданылып жүрген құқықтық –
нормативтік актілерге, инвестиция есебі бойынша операцияларға салық салу
мен есеп әдістемесіне сәйкес белгілеу болып табылады, ол қаржылық есеп
берудің анықтығы туралы пікірді барлық елеулі аспектілерде қалыптастыру
үшін керек.
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай бастапқы мәселелер шешілуі қажет:
1. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің активтерін инвестицияларға
жатқызылуы дұрыстығын тексеру;
2. Инвестиция есебінде оларды тиісті жіктеу белгілері бойынша жіктеу;
3. Инвестицияларды есепке қойғанда олардың құнын дұрыс бағалау;
4. Инвестицияға байланысты операциялары есебінің дұрыстығын тексеру;
5. Инвестициялардың синтетикалық және аналитикалық есептерде жүргізу
жағдайын талдау;
6. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте шаруашылық операцияларын
көрсетудің толықтығы мен дұрыстығын бағалау;
7. Инвестицияларды түгенде мен олардың нәтижелерін бухгалтерлік есепте
дұрыс көрсету;
8. Инвестициямен байланысты операциялар бойынша салықтық заңнама
талартарының толық сақталуы.
Аудит объектілері аудитордың алдында тұрған мақсаттар мен
міндеттемелерге негізделіп анықталады: ұзақ мерзімдік инвестициялар соның
ішінде – еншілес және тәуелді ұйымдарға; ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
қаржылық инвестициялар, басқа да инвестициялар; инвестицияны артық
бағалаудан түскен төлнбеген қосымша капитал; негізгі емес қызметтен түскен
табысы (зияны).
Инвестиция аудитінде аудиттелетін саладағы өзара қарым-қатынастарды
реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді мұқият зерттеуі
қажет.
Қаржылық-инвестициялық операциялар әдетте көп емес, бірақ кейбір
мәмілелер көлемі бойынша өте маңызды және елеулі, сондықтан осындай әрбір
операцияны жеке зерттеу мен бағдарлаудың ерекше жөні бар. Инвестициялардың
бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесінің жағдайы туралы мәліметтерді
алуда ішкі бақылаудың тәуекелдігін алдын-ала бағалау үшін тестілердің
ойланып-толғанған жүйесі бар олғаны дұрыс.
Тестілеу қорытындылары аудиторға шаруашылық жүргізуші субъектінің
қарастырылатын ішкі бақылау жағдайын бағалауға көмектеседі. Бақылау
процедураларын жоспарлауда аудиторлық тексерудің бағытын айқындап, іс-
қимылдың жүйелі дәйектілігін, қажетті дәлелдер алу көзін анықтау керек.
Аудиторлық тәуелділікті қысқарту мен нақты шараларды реттеу мақсатымен
арнайы инвестицияларды тексеру бағдарламасын жасау ұсынылады.

2 Инвестициялау циклы шоттарының өзара байланысы және аудиторлық
тексеру жүргізу бағыттары.

Инвестициялар-капиталдық ұзақ мерзімді салымдары өнеркәсіп, ауыл
шаруашылығы, көлік және шаруашылықтың басқа салаларына жұмсалатын шығындар
жиынтығы. Инвестицияларға мыналар жатады: пайда (табыс) алу мақсатында және
жағымды әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу үшін кәсіпкерлік объектілер мен
қызметтің басқа түрлеріне салынатын ақша қаражаттары, мақсатты банк
салымдары, пайлар, акциялар мен басқа бағалы қағаздар,технологиялар,
машиналар,құрал-жабдық, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілері, несиелер
кез-келген басқа мүлік пен мүліктік құқықтар, интеллектуалдық құндылықтар
Нақты инвестициялар (күрделі салымдар) – негізгі капитал мен
материалды-өндірістік босалқы қорлар өсуіне салынатын салымдар. Қазіргі
негізг капиталдың бұйымдық элементтері өскен жағдайда рухани өндірістік
күштер, өндірістің ең белсенді элементіне айналып отырған интеллектуалдық
патенциялы дамуына салынған салымдар өсіп келеді. Сондықтан ғылымға,
білімге, кадрларды дайындау мен қайта дайындауға жұмсалатын шығындар шын
мәнінде өндіруші болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл
шығындар бұйымдық нысандағы негізгі капиталға салынатын салымдардан өсу
қарқыны бойынша алда болады.
Қаржылық инвестициялар – табыс (мысалы, сыйақы, роялти, дивиденттер
мен жалақысы) алу, басқа пайдаларды немесе инвестицияланған капитал өсімін
алу (мысалы, коммерциялық қатынастар нәтижесінде) мақсатында иелік ету
мерзіміне сай төмендегі категорияларға жіктеледі:
• Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар – иелік ету мерзімі бір жылға
дейін;
• Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар – иелік ету мерзімі бір жылдан
жоғары. Жылжымайтын мүліктегі инвестицияларға иелік ететін ұйымдар осы
инвестицияларды ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар ретінде ескереді.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар – мемлекеттік бағалы қағаздарға
(облигациялар және басқа борыштық міндеттемелер), басқа ұйымдардың бағалы
қағаздары мен жарғылық капиталына салынған, сонымен қатар басқа
кәсіпорындарға берілген қарыздар.
Ұзақ мерзімді инвестициялар мыналармен байланысты:
• Жаңа құрылыс нысанындағы күрделі құрылысты іске асырумен сонымен
қатар өндірістік емес сфералардың әрекет етуші кәсіпорындары мен
объектілерін қайта құру, оларды техникалық қайта жабдқтауды
кеңейтумен;
• Ғимараттар, бөлмелер, құрал-жабдықтар, көлікті құралдар мен басқа
негізгі құралдардың жеелеген объектілерін сатып алумен;
• Жер учаскелері мен табиғатты пайдалану объектілерін сатып алумен;
• Материалдық емес сипаттағы активтерді сатып алу және құрумен
(лицензиялар, бағдарламалық өнімдер патенттері, жер учаскелерін табиғи
ресурстарды, ТКҒЗЖ нәтижелерін және басқалады пайдалану құқығы).
Қысқа мерзімді инвестициялар – өз табиғаты бойынша оңай сатылатын,
олар бір жылдан артық емес мерзімге сақталады деп болжанылатын
инвестициялар.
Инвестициялау сөзі кең мағынасында болашақта үлкен сома алу үшін
ақшалардан бүгін айырылу дегенді білдіреді. Инвестициялау мен жинақтау
арасында жиі айырмашылық жүргізіледі. Жинақтау кейінге қалдырылған тұтыну
ретінде анықталады.
Ұзақ мерзімді еншілес серіктестіктегі және бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғалардағы нақты инвестицияның есебінің аудиті.
Сонымен, - мен мынадай инвестициялар туралы қорытынды жасай алдым:
Ұзақ мерзімді активтердің маңызды тарауының бірі инвестициялар. Демек,
инвестициялар деп мемлекет ішіндегі және шет елдердегі экономиканың
салаларын күрделі қаржы (капитал) түрінде табыс алу мақсатында салынып
жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз.
Инвестицияларды үш негізгі серіптестіктерге бөлеміз:
- Еншілес серіптестіктегі инвестициялар;
- Тәуелді серіптестіктегі инвестициялар;
- Басқа да инвестициялар;
Аудитор еншілес тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіптестіктердің ҚР
азаматтық кодексінде қаралған баптарға сәйкес құрылғанына көз жеткізіп,
нақты инвестиция салу тәртібінің сақталып салынған салымдардың шаруашылық
жарғылық капиталының және материалдық өндірістік қорларының өсуіне ықпал
ететініне назар аударуы тиіс. Нақты салынған салымдарға негізігі қорлар
материалдық емес активтер, тауарлы материалдық қорлар және ақша қаражаты
түрінде берілген активтер жатады. Еншілес және бірлесіп бақыланатын
серіптестіктердің тіршілік етуін тоқтатып таралуына байланысты олардың
мүліктерінің қайтарылу тәртібіне байланысты құрылған комисияның
қамтамасымен танысу қажет.
Қарапайым экономикада инвестицияның негізгі бөлігі нақтыға қаржылық
инвестициялармен көрсетілген. Қаржылық инвестициялау институттарының жоғары
дамуы елеулі дәрежеде нақты инвестициялар өсуіне көмектеседі. Әдетте осы
екі нысан бәсекелес емес, бірін-бірі толықтырушы болып табылады.
Осындай байланыстың нақты мысалы, тұрғын үй құрылысын жалға беру үшін
қаржыландыруды көрсетеді. Жылжымайтын мүлікке салынатын инвестицияны нақты
ретінде қарастыру үшін үй түйсік арқылы жеткілікті сезілетін объект болып
табылады.
Егер кәсіпорынның қаржылық жағдайы жеткілікті түрде тұрақты болса,
оның инвестициялық қызметі қолда күштерді өсіруге немесе құрал-жабдықты
радикалды жетілдіруге бағытталуы мүмкін. Бұл жағдайда инвестициялық
процесті ұйымдастырудың негізгі мақсаты – ұзақ уақыт ішінде кәсіпорынды тез
және сапалы дамыту үшін алғы шарттар құру қажет.
Тұрақсыз қаржылық жағдай кезінде кәсіпорынның инвестициялық қызметінің
акценті бірінші кезекте экономикалық жағдайды тұрақтандыру мен бәсекелестік
қабілетті қолдау және содан кейін ғана барып, кәсіпорынның инвестициялық
бағдарламасы негізінен тозған құрал-жабдықты қандай да бір алмастыру немесе
қолдау туралы ұсыныстарды сақтайды.
Жылдық инвестициялық бағдарлама – компанияның өзінің инвестициялық
қызметін жүргізетін негізгі құжаты. Әдетте оны дайындау келесі жылға
арналған компания бюджетін дайындаумен бір мезгілде басталады.
Біріншімен қатар екінші жағдайда бағдарламада келтіріледі:
• Алдағы шығындар туралы мәліметтер;
• Қажетті құрал-жабдықтар, жұмыс, қызмет көрсету тізімі;
• Жекелеген шараларға жауапты тұлғалар.
Инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы шешім қабылдау үшін кәсіпорын
басшылығына оның тиімділігін бағалап, қай мерзімде салынған қаражаттар
қайтіп келетінін анықтау қажет. Осының бәрі бухгалтерлік есептің жақсы
ұйымдастырылған жүйесін, кәсіпорын басшысы тарапынан жедел басқаруды талап
етеді.
Аудитті жүргізу кезінде ең алдымен инвестициялық бағдарлама болуы және
кәсіпорын әкімшілігі тарапынан оның орындалуын бақылау қарастырылады.
Сонымен бірге әдетте инвестициялау процесімен екі фактор, уақыт және
тәуекелдік байланысты болады. Ақшаны қазір және белгілі көлемде салуға тура
келеді. Сыйақы кейін, әрине болса түседі және оның шамасы алдын-ала
белгісіз. Кейбір жағдайларда уақыт маңызды фактор болады. Басқа жағдайларда
тәуекелдік басты болып табылады. Кейбір жағдайларда екі фактор уақыт пен
тәуелдік елеулі болып табылады.
Жобаны бағалай отырып, кәсіпорын басшылары ол кәсіпорын мақсаттары мен
міндеттеріне сәйкес келер мерзімді деген мәселені, салынған қаражаттарды
жоғалтып алу тәуекелдігі қаншалық үлкен екенін шешеді. Бұл кезде олар
әрқашан келісімге келе бермейді, себебі олардың әрқайсысы табыс,
тәуекелдік, инвестицияны ендіру мерзімі, оның мақсатының кәсіпорын
міндеттеріне сәйкестігі, көбіне оның мүмкіндігі туралы жеке түсінігі
болады.
Бұл көптеген кәсіпорындардың стратегиялық жоспарлары, инвестициялық
бағдарламалары жоқтығына байланысты. Кәсіпорынның стратегиялық жоспары
мынадай сұрақтарға жауап беру керек:
• Табыстың ең төмен шамасы қандай және жобаға салынған капиталдан
алынатын қандай табыс кәсіпорын үшін жарамды;
• Инвестицияның максималды рұқсат етілген көлемі қандай;
• Оптималды болып табылатын жобаны іске асыру мерзімі;
• Ресурстардың қай бөлігі қысқа және ұзақ мерзімді жобаларға
бағытталады;
• Нақты жобаны іске асырудан кәсіпорын беделі қандай болады;
• Қандай типтегі және масштабтағы жобалар кәсіпорынның ұйымдық және
қаржылық мүмкіндігіне сәйкес келеді.
Аудитор, аталған факторлар сақталатын жобаға терең қаржылық талдау
жасаумен қатар, бизнес-жоспары мәліметтері бойынша тәуелдіктің алдын алатын
мүмкін жолдар мен әдістері талдаумен қатар, оның негізгі факторларын
баяндау жүргізілуі қажет тәуелдікке талдау жүргізеді. Тәуелдікті талдауда
отандық және шетелдік инвесторлар бірдей ақпараттық жағдайда болуы керек
және жалпы тәуелдік үлесін саналы түрде қабылдау керектігімен маңызды.
Инвестициялау циклына жататын бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесі және
олардың арасындағы өзара байланыс төмедегі сызбада келтірілді.

Кредит Дебет Кредит
Дебет
641-643
542
671,687 141-143 141-143
843
333,542,543,727 401-403 401-403
845
511
861

862

Кредит Дебет Кредит
Дебет
126

683 144 144
122
687

Инвестициялау циклына жататын бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесі және
олардың арасындағы өзара байланыс

Қаржылық салымдарды есепке алуды аудиторлық тексерудің басты мақсаты
инвестициялар бойынша операциялардың заңдылығын, оларды және бухгалтерлік
есепте бағалаудың дұрыстығын дәлелдеу болып табылады.
Ұзақ мерзімді инвестициялардың бухгалтерлік есебі типтік шоттар
жоспарының 141 Еншілес ұйымдарға салынған инвестициялар,142 Тәуелді
ұйымдарға салынған инвестициялар, 143 Бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғаларға салынған инвестициялар, 401 Акциялар, 402 Облигациялар, 403
Басқа да қаржылық инвестициялар шоттарында жүргізіледі.
Инвестициялар шоттарының дебеті бойынша акцияларды сатып алу, тегін
алу аудитінің бағыттары, сонымен қатар баланстық құн өсуінің туындаушы
сомалары және орын алған бағандық айырмашылықтар көрсетіледі.
Кредит бойынша операциялар шығару кезінде, сұрапыл апат, тәуелді,
еншілес ұйымдар және бірлесе бақыланатын заңды тұлғалар активтерін қайта
бағалау нәтижесінде үлестік қатысы сомасына инвестициялардың баланстық құны
азаюы нәтижесінде инвестицияларды есептеп шығару бойынша аудит бағытын
көрсетеді.
Инвестиция аудитінің жеке бағыты объектілер құрылысы қаржыландыру
құрылысы бойынша жылжымайтын мүлікке қаражаттар салу, қаржыландырылатын,
жалға алу және сатып алу болып табылады.
Қаржылай инвестицияларының есебі мен аудиті.
Қаржылай инвестициялар дегеніміз – пайыздар, дивиденттер, роялти
инвестицияланған капиталды арттыру немесе коммерциялық қатынастар
нәтижесінде пайда табу мақсатында субъект болып отырған актив. Қаржылай
инвестицияларға пайдаланылмай тұрған жылжымайтын мүлікке салынған
инвестициялар жатады.
Мемлекет құнды қағаздарға және шаруашылық жүргізуші ұйымының жарғы
капиталына қаржылай инвестициялар салынады. Аудитор қаржылай
инвестицияларының есебін тексеруге мынадай мәселелер бойынша бағдарлама
жасайды:
• Баланста, инвестициялардың дұрыс көрсетілгендігін тексеру;
• Инвестициялардың аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің
сәйкестігін тексеру;
• Нақты қолда бар құнды қағаздардың сақталу рорнын анықтайтын бастапқы
құжаттармен танысу;
• Құнды қағаздарды сатып алу операциясының бухгалтерлік есеп жазуларының
дер кезінде жүзеге асырылғандығын тексеру;
• Қаржылай инвестицияларды шығысқа шығару
операцияларының бухгалтерлік есеп жазуларының дұрыс дер кезінде жүзеге
асырылғандығын тексеру.
Жасалған бағдарламаға сәйкес аудитор жылдың басындағы және ағымдағы
мәліметтерін салыстырып тексеруге міндетті. Аудитор қысқа мерзімді қаржылай
инвестицияларды бухгалтерлік баланста ағымдағы құны бойынша немесе сатып
алу құнымен ағымдаығы құнын ең төмен бағалануы бойынша есепке алынып,
олардың ағымдағы құнының өзгеруінен болған, табыстың немесе зиянның сол
есепті кезеңде танылғандылығына тексеру жүргізеді. Ұзақ мерзімді жартылай
инвестицияның бухгалтерлік баланста сатып алу құны бойынша қайта бағалаудың
нәтижесі ескеріліп есепке алынған құны бойынша және қаржы негізінде
айқындалатын сатып алу құнымен, ағымдағы құнын ең төменгі бағалануы бойынша
есепке алынғандығы тексереді.
Негізінен күрделі қаржы салымдардың ұйымдастырылуы аудиторлық
тексеруді аудиттің бес бағытына сәйкес жүргізуге тиісті:
1. Тіршілік ету
2. Толықтылық
3. Бағалау
4. Хұқықтық және міндеттеме
5. Тапсыру және ашу
Бұл аталған бағыттар субъектінің басшысын қаржылық саясатында іске
асыратын шараларға көз-қарасын білдіреді. Осы мәселелерге сүйене отырып,
аудитор тексеруге тиісті сұрақтарын кәсіби біліктілікте және нақты дәл
белгілеуге тиіс. Алдыңғы үш бағыт бойынша (тіршілік ету, толықтылық,
бағалау).
Аудитор инвестицияларлық құнды қағаздардың қайда сақталатынын және жыл
бойында қандай өзгерістердің болғанын анық тау қажет. Егер құнды қағаздар
сенімді тұлғада сақталса, онда олардың растығын дәлелдейтін анықтамалар алу
керек. Инвестицияларлық мүлікте басқа да материалдық құндылықтар сияқты
тексерілуі мүмкін. Аудитор инвестицияның құнын бағалап анықтағанда, қандай
әдісті қолданғандығын және бұл әдістің шаруашылықтың жүргізіп отырған есеп
саясатына сәйкестігін тексеруге міндетті.
Инвестиция жүргізу шығындары құжаттарда расталынып және аналитикалық
есепте көрсетілгендігіне басқа да құжаттарда расталғандығына назар аударуы
тиіс.
Аудитор инвестицияларды тексерген кезде мынадай ерекшеліктерге назар
аударуы тиіс:
• Жай акциялар. Акция ұстаушылар, акцияның санына қарай акционерлердің
жиналысында сонша дауысқа ие болады.
• Артықшылығы бар акциялар.
Тұрақты табыс алуға, бірақ шаруашылықты басқаруға, араласуға
берілмеген.
• Облигациялар.
• Вексель.
(Жай вексель, аударма вексель, тратта).
Аудитор алынған акциялар кез келген сертификаттар алынған акциялар,
салынған үлестердің сомасының куәлігі қарыз беруге байланысты шарттар
сияқты жасалынған жартылай инвестицияларды растайтын құжаттармен танысуға
тиіс. Құнды қағаздардың сатылғандығын растайтын құжаттар бұл сатып алу,
сату акция облигацияларын сөндірілгендігін берілген қарыздың
қайтарылғандығын растайтын табыс табылады. Ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар анда-санда қайта бағаланып тұратын болғандықтан аудитор оның
материалмен танысып жүргізілген қайта бағалау нәтижесінің бухгалтерлік есеп
шоттарда дұрыс көрсетілгендігін тексеру қажет. Ұзақ мерзімді инвестицияның
қымбаттаған сомасының меншікті капиталды ұлғайтуға, ал арзандағанда негізгі
емес қызметтерінің шығындарына жатқызылғандығын анықтауға тиіс. Соңында
аудитор инвестицияларды мүліктік түгендеудің материалдармен танысуға тиіс.
Шаруашылығындағы құнды қағаздарды мүлік түгендеу материалдары онша
қанағаттандырылмаған жағдайда аудитор шаруашылықтың басшысына құнды
қағаздарға мүліктік түгендеу жүргізу үшін комиссия құруға бұйрық беруі
беріледі.
Инвестициялау циклында сәйкестікке тексеру жүргізуі.
Инвестициялау циклы аудитін жүргізу кезінде сәйкессіздік орын алуы
және олардың қаржылық есеп беру нақтылығына әсер ету дәрежесін анықтау
мақсатында кәсіпорында қолданылатын қаражаттарды салу бойынша операцияларды
есепке алу әдістемесінің Қазақстан Республикасында әрекет ететін
нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкестігі анықталады.
Инвестициялау циклы бойынша негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар мына
кестеде келтірілген:

Реттік №Құжаттың аты
1
27.12.1994ж.№269-XIII ҚР Азаматтық кодексі(Жалпы бөлім), 2
Заңды тұлғалар,3Азаматтық құқықтық объектілер таралуы
2
12.06.2001 ж.№209-2 ҚР Салықтар және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы кодексі (18.03.2004 ж.) өзгертулерімен және
толықтыруларымен.
3
Бағалы қағаздар рыногы туралы ҚР заңы 02.07.2003 ж.
№401-2(07.07.2004ж.өзгертулерімен және толықтыруларымен)
4
Валюттік реттеу туралы ҚР заңы 14.04.1993 ж.(20.07.1995 ж.
өзгертулермен және толықтырулармен)
5
Инвестициялар туралы ҚР заңы 08.01.2003 ж. №373-2
6
Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы ҚР заңы
28.04.1997 ж. №97-1 (09.07.2003 ж. №482-2 өзгертулермен және
толықтырулармен)
7
Тәуелді ұйымдарға салынған инвестициялар есебі, 14 Бухгалтерлік
есеп стандарты, ҚР Бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссияның 1996
жылы 13 қарашадағы №3 бұйрығымен (ҚР Қаржы министірінің 30.11.2002 ж.
№593 бұйрығымен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен)
8
Шетелдік валютамен орындалатын операциялардың есебі, 9 Бухгалтерлік
есеп стандарты, ҚР Бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссияның 1996
жылы 13 қарашадағы №3 бұйрығымен енгізілген өзгертулермен және
толықтырулармен
9
8 Қаржылық инвестициялардың есебі стандартына әдістемелік
ұсыныстар, ҚР Қаржы министрлігінің БЕ және АМД 21.05.1997 ж. №7
бұйрығы
10
14 Тәуелді ұйымдарға салынған инвестициялардың есебі стандартына
әдістемелік ұсыныстар, ҚР Қаржы министрлігінің БЕ және АМД 23.12.1997
ж. №18 бұйрығы
11
9 Шетелдік валютамен орындалатын операциялардың есебі стандартына
әдістемелік ұсыныстар, ҚР Қаржы министрлігінің БЕ және АМД 21.05.1997
ж. №7 бұйрығы (ҚР Қаржы министрлігінің 05.02.2003 ж. №44 бұйрығымен
енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен)
12
Табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық жобаларын
қарастыру және келісу бойынша нұсқауды бекіту туралы, ҚР Табиғи
монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігінің
27.01.2003 ж. №16-ОД бұйрығы
13
ҚР Табиғи монополиялар реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі
агенттік төрағасының 27.01.2003 ж. №16-ОД бұйрығына өзгерістер енгізу
туралы , Табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық
бағдарламаларын (жобаларды) қарастыру және келісу бойынша нұсқауларды
бекіту туралы, ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау
жөніндегі агенттігінің 04.05.2004ж. №238-ОД бұйрығы

Аудитті жүргізу кезінде бухгалтерлік есеп бағалы қағаздарды
(опционарды, фьючестерді,своптарды және т.б.) шығару,орналастыру және
айналымға ендіру бойынша операцияларды көрсету заңдылығы мен дұрыстылығын
тексеруді іске асыру қажет.
Аудит сатып алу кезінде қаржылық инвестиция құнымен бағаланатынын
білуі керек.
Сатып алу құны сатып алумен байланысты барлық шығындарды қамтитын
нақты шығындардан тұрады. Сатып алу бойынша шығындарға жататындар:
• Қор биржасының комиссиондық қызметі;
• Брокер немесе диллердің, оның ішінде банктік қызметныі, (банк брокер
немесе диллер ретінде жүргенде).
Сатып алған кезеңге дейін есептелген сый ақы, дивиденттерді қамтитын
құн бойынша қаржылық инвестицияларды сатып алуды есепке алуда сатып
алушының сатушыға сый ақыны төлеу шамасына азайтылған сатып алу құны
бойынша көрсетіледі.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бхгалтерлік баланста көрсетіледі:
• Ағымдық құн бойынша;
• Сатып алу және ағымдық құнның ең төмен бағасы бойынша;
Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар сатып алушы және ағымдық
құндардың ең төмен бағасы бойынша ескерілсе, баланстық құн енгізуі жалпы
жиынтық портфель негізінде немесе инвестициялар түрлері бойынша немесе
жекелеген инвестициялар негізінде анықталуы мүмкін.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста есептеледі:
• Сатып алу құны бойынша;
• Қайта бағалау ескерілген құн бойынша;
• Портфель негізінде анықталатын сатып алу және ағымдық құнның ең төмен
бағасы бойынша.
Қаржылық инвестициялар шығуы кезінде сатудан түскен табыс пен шығындар
алынып тасталған (брокер немесе диллер көрсеткен қызмет) баланстық құн
арасындғы айырмашылық табыс немесе шығын ретінде танылады.
Ұйым есеп алуда қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша бағалау
әдістеріне таңдау құқығына ие және өзінің есеп саясатында бағалаудың қай
әдісі таңдалғанын анықтауы қажет. Бағалаудың таңдап алынған әдісі бір есеп
беру кезеңінен басқасына дейін бірізді болуы және кәсіпорынның есепке алу
саясатында көрсетілуі керек. Бір жылы бағалаудың бір әдісін, келесі жылы
басқасын қолдану дұрыс болмайды. Егер ондай жағдай да байқалса, қаржылық
есеп беру мәліметтерін салыстыру мүмкіндігі болмайды. Көрсеткіштерді
салыстыру мақсатында алдыңғы есеп беру кезеңін қайта қарастыру керек
болады.
Бағалы қағаздар сатып алып отырған инвестор өз капиталын өзгертуге
мүдделі және осыған сәйкес олардың құндарының өсуіне қызығушылық білдіреді.
Сонымен бірге нақты өмірде сатып алынған бағалы қағаздар құнын төмендету де
мүмкін болады. Сондықтан инвеститорға әрқашан бағалы қағаздар рыногына
сатып алу немесе сату туралы шешім қабылдау үшін олардың нақты құнын білу
қажет және әр нақты уақыт кезеңінде туындаған қаржылық инвестициялар
құнының барлық уақыт құралы бухгалтерлік есепте көрініс табуы керек.
Егер инвестор ұзақ мерзімді инвестициялар ретінде басқа ұйымның
шығарған барлық акциясының 20%- дан 50%- ға дейін дауыс құқығы бар
акцияларын сатып алса, онда ол оның қызметіне елеулі әсер ету мүмкіндігін
алады. Осындай инвестицияларды есепке алу үшін бухгалтерлік есепте үлестік
қатысу әдісі пайдаланылады. Осы әдісті пайдалану кезінде аудитор
дивидендтер төленетін – төленбейтініне қарамастан инвестиция салынып
отырған ұйымның таза табысындағы өзінің табыс үлесін анықтауы қажет.
Құн әдісін инвестор қаржылық есеп беруді құру кезінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Министрліктің Инвестиция комитеті
Бақылау жүйесіндегі аудиттің маңызы және орны
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялары
Коммерциялық банктердің инвестициялық операциялары (АҚ «Альянс банк» тәжірибесіне негізделген)
Инвестициялық үдеріс: оның мәні, мазмұны және қызметі
Шаруашылық субъектілердің тәуекелділігін бағалау
Қысқа мерзімді активтер. Қысқа мерзімді міндеттемелер
28 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Көлік инфрақұрылымын дамыту
Пәндер