Педагогикалық технология


Дәстүрлі педагогикада «оқыту технологиясы» қазіргі таңда жалпы қабылданған түсінік болып табылмайды. Технологиялық контексте оқыту, тәрбие беру, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы сияқты педагогикалық процесстер қарастырылады.
«Технология» сөзінің тарихи ұғымы техникалық прогреске байланысты пайда болды. Ал түсіндірме сөздік бойынша, ол - (techne - өнер, білім, істей білу + logos - ғылым, оқу - білім) материалдарды өндеудің әдіс пен тәсілдер туралы білімдер жиынтығы. Сонда технология белгілі параметрлерге сай өнімнің пайда болуына жауапты өндірістік процесстердің белгілі бір логикасы. Бірақ та технология термині білімдендіру сферасында ұзақ уақыт бойы қабылданбады. Себебі, білім беру мен тәрбиелеу сияқты аса психологиялық және творчестволық процесстерде мұның қолданылуы тыиым салынған еркіндік болатын.
Педагогикалық технология - қатаң ғылыми жоспарлау және жетістікке кепілдік беретін педагогикалық іс әрекеттердің нақты қайталана алуы.
«Педагогикалық технология» сөз тіркесі ағылшынның «an educational technology» сөзінің жанама аудармасы. Бірақ та соңғы уақыттары «педагогикалық технология» термині мысалы, Ресейде балаларды тәрбиелеуге арналған жұмыстарда кең қолданылады. Ал Болгарияда «дидактикалық технология» деген сөз тіркесі қолданылады. Дәлірек айтқанда алғашқы мәнге «білімдендіру технология» сөз тіркесі жақынырақ. «Білімдендіру технология» немесе «педагогикалық технология» терминдері, шет елдер баспа сөздерінде 60-шы жылдардың ортасында білімдендіру технологиясын жетілдірумен байланысты пайда болды. Қазіргі уақытта бұл сұрақпен әлемнің көптеген маманданған мекемелері айналысады. Мысалға, Англияда педагогикалық технологиялар Ұлттық Кеңесі құрылды, АҚШ-та ондаған ғылыми зерттеушілік орталықтардың білімдендіру техналогиясы бағытындағы жұмыстарды бағыттап, координациялайтын Ұлттық білім беру Институты т. с. с.
Қазіргі кезде педагогикалық технологияның жиі қолданылатын интерпритациялары:
- Технология - материалдарды өндеудің әдіс пен тәсілдер туралы білімдер жиынтығы;
- Педагогикалық технология - оқу процессінің реализациясын қамтамасыз ететін маңызды техника (В. П. Беспалько) ;
- Педагогикалық технология - білімдендірудің жоспарланған нәтижелерге жету процессінің бейнеленуі (И. П. Волков) ;
- Технология, - бұл күйдің өзгеруі, өндеу әдістерінің бірлестігі, шеберлігі, өнері (В. М. Шепель) ;
- Білімдендіру технологиясы - дидактикалық жүйенің құрылымды процессуальді бөлігі (М. Чошанов) . ;
- Педагогикалық технология - оқыту технологиясы оқытудың барлық процесін анықтау мен қолдану, жүйелі құру әдісі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар оқыту технологиясы техникалық және адамзаттық ресурстар мен олардың өзара қызметін есепке ала отырып білім алуды да қарастырады (ЮНЕСКО) ;
«Педагогикалық технология» түсінігі төменгі үш аспектілермен анықталуы мүмкін:
- ғылыми:педагогикалық технология - білім берудің мақсат, мазмұны мен әдістері және проекциялайтын педагогикалық технологияны зерттеп, құрастыратын педагогика ғылымының бір бөлігі;
- процессуальді - сипаттаушы:процесстің сипатталуы (алгоритм), мақсаттар, білімдендірудегі жоспарланған нәтижелерге жету үшін қажет әдістер мен құралдардың бар болуы;
- процессуальді - әрекет:технологиялық процесстердің (педагогикалық) іске асуы, барлық даралық, инструментальді және методологиялық педагогикалық құралдардың функциялауы;
Сонда, педагогикалық технология білімдендірудің рациональді жолдарын іздейтін - ғылым ретінде және білімдендіруде қолданылатын әдістер, принциптер мен регуляторлар жүйесі ретінде функциялайды.
Білімдендіру практикасында «педагогикалық технология» ұғымы келесі ретті үш иерархиялық деңгейлерде қолданылады:
- Жалпыпедагогикалық (жалпыдидактикалық) деңгей: жалпыпедагогикалық (жалпыдидактикалық, жалпытәрбиелі) технология белгілі регионда немесе оқу орнында білім берудің белгілі деңгейінде тұтас білімдендіру процессі. Мұнда педагогикалық технология педагогикалық жүйеге синонимді: оның ішіне білім берудің мақсаттары, мазмұны, құралдары мен әдістер жиыны, процесс обьектілері мен субьектілерінің әрекеттер алгоритімі.
- Жеке методикалық (пәнді) деңгей: жеке пәндік педагогикалық деңгей «жеке методика» ұғымында қолданылады, яғни білім берудің белгілі жоспарының орындалуы үшін қажет әдістер мен құралдардың жиыны және бір пән, мұғалім, класс аумағындағы тәрбие жүйесі.
- Локальді (модульді) деңгей: оқу-тәрбиелі процесстің бөлек мүшелерінің технологиясы және жеке дидактикалық пен тәрбиелік есептерді шешу.
Соған қоса технологиялық микроструктураларды бөліп шығарады: элементтер, тәсілдері және т. б. Олар логикалық технологиялық тізбекке жиналып, тұтас педагогикалық технологияны құрастырады. Ертеде педагог пен оның іс әрекет түріне сүйеніп қолданған методикалық программаларға қарағанда (әрбір сабақтың методикасы мұғалім әртүрлі қабылдайды, сонда сабақ та әртүрлі түрде ұйымдастырылады), технологияда оқушының оқу-таным әрекетінің құрамы мен құрылымын анықтайтын оқу процессінің жоспары құрастырылады. Мұғалім ыңғайлы варианттарды іздеуде тандау алдында тұрып, педагогикалық экспромттарды қолдануға мәжбүр болатындай жағдайларды технологияда жоюға тырысады.
В. М. Монахов айтуынша технологияның методикадан негізгі айырмашылығы - методика, бұл - мұғалімге арналған оқу процессін өткізуге арналған ұсыныстар жиыны, ал кез келген технология соңғы нәтижеге жетуіне кепілдік беруі қажет.
Білімдендіру технологиясының негізгі белгілері:
Мақсаттылығы - нақты түрде оқу бағдарламасына сай мақсаттын болуы;
Коррекциялануы - белгі ретінде нақты белгіліенген мақсаттарға сай қалыпты, қайтымды байланыстарды қарастырады. Бұл белгілер диагностикалық нәтижелігі мен мақсаттылығы белгілерімен өзара байланысты және өзара толтырылады;
Визуализациясы - дидактикалық оқыту әдістері мен информационды технологияларды қолдануға бағытталған;
Сурет 1. Оқыту процессінің схемасы
Белгілі бір педагогикалық технологияны жасау процесін педагогикалық жобалау деп атауға болады. Оның төмендегідей реттілігі бар:
- оқу бағдарламалары мен оқу жоспарында қарастырылған оқытудың мазмұның таңдап алу;
- оқытушының назар аударуын қажет ететін приоритетті мақсаттарды таңдап алу. Жобаланған пәнді оқыту процесінде студенттің қандай кәсіби және жеке қасиеттері қалыптасатынын анықтау;
- басты бір мақсатқа немесе мақсаттар жиынтығына бағытталған технологияларды таңдау;
- оқыту технологияларын жасау;
Білімдендіру технологиясының мазмұны оқу және кәсіби дағды мен іскерлікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқушыға берілген тапсырмалар жиынтығының, оқу мәліметтерінің құрылымының, жаттығулар мен тапсырмалар мазмұнына сай болады. Бұл жерде оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары мен оқыту процессінің схемасы ең маңызды рөл атқарады. Оқыту процесі құрамындағы технологиялардың орнын сурет 2-де көрсетілген.
Жалпы алғанда, білімдендіру технологиясының нақты жіктемесі жоқ, бірақ екі түсінік қалыптасқан - дәстүрлі және инновациялық. А. Я. Савельев білім беру технологиясының келесі жіктемесін ұсынады:
- Қызметтің бағыты бойынша (оқушылар, студенттер, оқытушылар және т. б. ) ;
- оқыту мақсаты бойынша;
- пәннің түрлері бойынша (гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық пәндер, т. б. ) ;
- қолданылатын техникалық құралдар бойынша (аудиокөру, компьютерлік, видеокомпьютерлік және т. б. ) ;
- оқу процесін ұйымдастыру бойынша (жекеше, ұжымдық, аралас) ;
- әдістемелік тапсырмалар бойынша ( бір пәннің технологиясы, құралдары, әдісі) .
Мұнда оқытудың технологиясы мазмұндалады.
Оқу пәні Ғылыми пән
ОҚС
ОІС Оқыту техналогиясы ОҚС
моделі
Әдістер
Іс - әрекет ОТҚ
Тәсілдер
Сурет 2. Оқыту процесі құрылымындағы техналогиялардың орны
Мұндағы: ОІС - оқытушылық іс - әрекет субьектісі; ОҚС - оқу қызметінің субьектісі; ОТҚ - оқытудың техникалық құралдары.
Білімдендіру техналогиясында екі ярусты бөліп алуға болады. Үстінгі ярусы методтар мен формалар - дидактикаға жатады, астынғы ярус педагогикалық техника (әдістер мен құралдар) ол өз кезегінде педагогикалық өнер деп танылған, мұғалімнің өзіндік қасиеттерімен толықтырылған.
Білімдендіру техналогиясы жүзеге асу үшін ең алдымен оқыту программасына сай мақсат қойылуы қажет. Мақсат диагностикалы түрде қойылуы қажет, яғни оның жүзеге асу дәрежесін анықтай алып және берілген уақыт ішінде оның жүзеге асуына кепілдік беретін белгілі дидактикалық процессті құрастыра алатындай нақты болуы қажет. Алғашында мақсат жалпылама формада құрастырылады. Оқушылардың қабылдай алу қабілеті мен деңгейлерін, оқу бағдарламасын, тақырыптын күрделілігін т. с. с есепке ала отырып мақсаттарды нақтылайды. Сурет 3-те В. Кларин бойынша оқып үйренудің мақсаттарын нақтылау схемасы көрсетілген.
Технологияның негізінде соңғы мақсаттың конкреттілігі жатады. Дәстүрлі педагогикада мақсаттар проблемасы алдынғы қатарда тұрмайды, жетістіктер дәрежесі нақты емес, «көзбен өлшенген». Технологияда, мақсат - негізгі компонент ретінде қарастырылады. Бұл оның жетістікке жету дәрежесін нақтылауға мүмкіндік береді. Оқыту процессін жоспарлағанда дидактикалық жүйелік жоспарлау да қолданылады.
Жүйелік дидактикалық жоспарлау (ЖДЖ) - оқу процессін түгелімен қамтиді және келесі ретті сұрақтарды қарастырады:
- неніоқытады және қаншалықты оқытылатындығына талдау жасау;
- оқыту қажеттігін анықтау;
- оқыту прцессінің белгілеп қойған әдістерінтексеру және қайта қарау;
- жоспарланған оқытудың жүзеге асқандығынбағалау;
ЖДЖ схемалы құрылымы сурет 4-те көрсетілген. Мұндай құрылымды «оқытуды жоспарлау институтының моделі» (Instructional Development Institute Model) деп атайды. Халықаралық практикада бұл құрылым дидактикалық жоспарлауда кең қолданылады.
Нақты мақсаттар құрастырылғаннан кейін, мақсаттарға жету технологиясы қарастырылады.
Педагогикалық технологияның дидактикалық процесс элементін жетілдіру үшін екі негізгі признак қажет: табиғи ұғыну принциптері мен дидактикалық процесстің құрылу интенсивтілік принциптері. Табиғи ұғыну принципі - оқушының білімді қабылдаудың табиғи механизмі мен оның интеллектуальді күштерінің дамуы. Берілген дидактикалық процесстің табиғи ұғыну принципіне сәйкестік индикаторы ретінде - оқушының оқуға талпыныс дәрежесі мен оның оқу еңбегіне ыңтасы. Дидактикалық процесстің құрылу интенсивтілік принципінде енгізілетін дидактикалық процесс, берілген уақыт ішінде дидактикалық есептерді жоғарғы деңгейде және жылдам шешуге мүмкіндік беруі қажет.
Кез келген дидактикалық процесстің құрамына үш өзара байланысты компоненттер енеді: мотивациялық компонент (М), оқушының танымдық әрекеті (ТӘ), бұл әрекеттің мұғаліммен басқарылуы (Б) немесе оқытудың техникалық әрекеттері (ОТӘ) . Дидактикалық процесстің (Дпр) схемасын келесі ретті формуламен көрсетуге болады:
Дпр=М+ТӘ+Б
Бүл принциптің дидактикалық процесске сәйкестік дәрежесі деңгейінің индикаторы - оқушының берліген материалдарды қабылдау жылдамдығы (Ж) жатады.
Жүзеге асуы
Сапасы
Компьютерная система педагогического тестирования Webtest, созданная в Дальневосточном государственном университете, позволяет составлять тестовые задания различного вида, осуществлять удаленное тестирование с использованием сети Интернет и проводить статистический анализ полученных результатов тестирования. В общей системе контроля качества образовательного процесса эта система занимает немаловажное место (рис. 6) .
Жоспарлауды және оның жүзеге асуын қамтамасыз етуде ұсынатын басты бағдар оқушының жаттанды түрде іс-әрекетпен шектеліп қалмай, мәселеге өзіндік таным-түсінігін қалыптастыруға машықтандыру болуға тиіс.
Әрбір сабақ өзінің нәтижесімен айқындалады. Осы орайдан оқушының үлгерімн бағалауда назарда болатын басты талап:
- Оқушының сабақ бойынша жетістігін және олқы жақтары мен кемшілігін көрстеудің нақты дәлел арқылы сипатталғаны жөн;
- Баға әділетті болып, орынсыз көтермелеуге, әдейі төмендетуге немесе ымырашылдық жасауға мүлде болмайды;
- Әрбір баға тек білімді есепке алумен шектелмейді, оның тәлім -тәрбиелік мәні бар құрал екендігін ұмытпау керек;
- Бағаның тәрбиелік сипаты үшін оны жазалаудың жолына айналдыруға болмайды;
- Бағалуды сабқтың қай кезеңінде болсын жүргізу оқушының ынта-ықыласын әсер ететіндіктен, оны тиімді пайдаланған орынды;
- Бағалауда оқушыны өз-өзіне сынатудың мәні зор;
- Білімдік, тәлім-тәрбиелік нәтижені айқындай түсуде тек ауызша ғана емес, жазбаша, тест түрінде де бағалау тиімді болатын кездер аз емес;
Оқыту технологиясының педагогикалық негізі мұғалімнің басқара білуі мен оқушының іс-әрекетін ұйымдастырып, бағдарлап, ынталандыруына құралған.
Білімдерді бағалау мысалы ретінде сурет 5-те білімдендірудің ортақ жүйесіндегі студенттер білімдерінің педагогикалық бағалау жүйесі көрсетілген.
Webtest ДВГУ білімді бағалау жүйесі тек студент пен оқытушы арасындағы әрекеттістік пен шектелмей білімдендірудің сапасын қамтамасыз ететін факультеттің методикалық комиссиясы, администрация, деканат т. с. с қарастырады.
Сурет 6-да оқытудың сапасын жоғарлататын бағалау жүйесі көрсетілген. Мұнда бағалау жүйесі оқытушы мен студент арасында ғана болады.
Сурет 5. Білімдендірудің ортақ жүйесіндегі студенттер
білімдерінің педагогикалық бағалау жүйесі
Қайтымды байланыс
Түсінбеушілік деңгейін анықтау
Мықты/әлсіз жерлерін анықтау
Оқытудың стилін өзгерту
Оқытудың жоспарын құрастыру
Үлгерімді бағалау
Қабілеттілікті бағалау
Келесі курсқа өткізу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz