Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері жайлы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КIРIСПЕ . . . . . . 3

I АҚША ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫ МӘНІ . . . 5

  1. Ақшаның жалпыға бiрдей эквивалент ретiндегi ерекшелiгi мен қызметтерi
  2. Ақша айналысы және оның заңы . . . 10

ІІ ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ . . . 18

2. 1 Ақша айналысының негiзгi көрсеткiштерi және оның құрылымы . . . 18

2. 2 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша айналысы, оларды реттеу . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . 26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . …. 28

КIРIСПЕ

Қазiргi жағдайда ақша шаруашылық өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып, өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша ”.

Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын - ақша айналысы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып келедi. Сондықтан, ақшаның мәнiн, оның айналыс заңын, ақша айналысына қажеттi ақша массасының көлемiн анықтау және ақша массасын құраушы ақша агрегаттарының құрамдарын талдап, оны ұлттық экономика тұрғысында тиiмдi пайдалану жолдарын анықтау менiң бұл тақырыпты орындауымдағы мақсатым болып табылады.

Сондықтан мен экономикалық теория пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын “Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері” деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика дамуы үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы ақша, ақша нарығының қызмет етуiн жақсарту өз егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңыздысы. Әсiресе ол ұлттық экономиканы ынталандыру және инфляцияны азайтып, тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзуге өз септiгiн тигiзедi.

Елiмiздегi рыноктық қатынастардың дамуы экономиканың еркiн түрде өздiгiнен дамуын талап етедi. Бiрақ әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей барлық рыноктың механизмдерiнiң мемлекеттiк реттеусiз толық қанды қызмет етуi мүмкiн емес. Ал мемлекеттiң экономикаға әсер етуi үшiн белгiлi бiр саясаттар жүргiзу арқылы ғана араласа алады. Ал осы саясаттардың ең негiзгiлерiнiң бiрi мемлекеттiң салық-бюджет және ақша-несие саясаты болып табылады.

Ал бұл екi саясат та ақша нарығының саясаттары болып табылады. Сондықтан ақша нарығы экономикадағы ең негiзгi нарық деп аталады. Бұл нарықтың негiзгi элементi әрине ақша болып табылады.

Ақша - қаржы активi бола отыра, тауардың жалпы эквивалентiнiң тиянақталған түрi. Құнның эквиваленттiк формасы. Оның негiзгi қасиетi өтiмдiлiк болып табылады.

Ақша көлемiн монетарлық және ақша саясаттары арқылы мемлекет белгiлейдi, яғни бұл қызметтi монополиялы түрде Ұлттық Банк атқарады. Ақшаның сандық теориясында айналыстағы жүрген ақша массасы экономикадағы өндiрiлген өндiрiс көлемiне тең болуын сипаттайды. Егерде бұл теңдiктен ауытқыса экономикада тұрақсыздық туындайды.

Осылайша менiң осы курстық жұмысты орындаудағы негiзгi мiндеттерiм келесiдей:

  • Ақшаның жалпы экономикалық категория ретiндегi маңыздылығын, оның түрлерiн және экономикадағы негiзгi қызметтерiн талдау;
  • Ақша айналысының механизмiн және одан туындайтын ақша теорияларының қазiргi даму жағдайын анықтау;
  • Ақша айналысының iске асу механизмiн және оны реттеу шараларын қаарстыру;
  • Ақша айналысының негiзгi көрсеткiштерi болып табылатын ақша базасы және ақша агрегаттарын қарастыру және олардың елiмiздегi дамуын және оларды реттеудiң маңыздылығын атап өту;
  • Еліміздегі ақша айналысының бүгінгі таңдағы даму бағыты мен болшағына тоқталып өту болып табылады.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы ақша айналысының теориялық жағын, екінші бөлімде Қазақстандағы ақша айналысының дамуы мен бүгінгі таңдағы ақша айналысының көрсеткіштеріне тоқталдым, ал үшінші бөлімде ақша айналысының қазіргі бағыттары мен даму болашағының маңыздылығын атап өттім.

Курстық жұмысымды орындау барысында келесі авторлардың ғылыми еңбектерін қолдандым: О. И Лаврушина, С. Б. Мақыш, Баян Көшенова, Ғ. С. Сейiтқасымов және т. б. авторлар еңбектері. Сондай-ақ еліміздің соңғы жылдардағы экономикалық журналдары: «Банки Казахстана» мен «РЦБК» журналдарын пайдаландым.

І АҚША ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫ МӘНІ

1. 1 Ақшаның жалпыға бiрдей эквивалент ретiндегi ерекшелiгi мен қызметтерi

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала бередi, бiрақ бұл тауар ерекше жалпылама эквивалент.

Ақша - жалпы бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi .

Жалпыға бiрдей эквивалент ролi тарихи түрде алтынға бекiтiлген. Алтынның басқа таурлардың құндылығын бейнелеу қасиетi, оның табиғи қасиетi емес. К. Маркс айтқандай: “Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берiлгген”.

Алтын жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындау үшiн ең бiр лайық тауар болып қалып отыр. Бiрiншеден ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлiнуi оңай, әдемi, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана “ патша арғында” ( 2/3 тұзды және 1/3 азот қышқылында) еридi. Екiншiден ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынға кететiн еңьек шығындарының өте жоғары болуына әкелiп соқтырады. Алтынды тұтынуға жылдан жылға шығындар өсуде. Ол әр түрлi салаларда пайдалыналады - электроникадан бастап зергерлiк iстерге дейiн, бiрде өте жұқа қалыңдықпен, бiрде балқытылған құймалар күйiнде кездеседi.

Алтын тек қана алтын валюта резервтердi ғана құрамайды, сонымен бiрге электронды - есептеуiш және компьютерлiк техникалды, түнгi мезаникалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшiн де қолданылыда.

Ақша - өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi бiр эканомикалық қарым - қатынастарды көрсететiн, тарихи даму үстiндегi эканомикалық категория болып табылады. Эканомикалық категория ретiнде ақшаның экономикалық мәнi оның келесi үш қасиетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады.

  • жалпыға тiкелей айырбастау;
  • айырбас құнының дербес формасы;
  • еңбектiң сыртқы заттық өлшемi.

Жалпыңа тiкелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану кез-келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкiншiлiгiнiң бар екендiгiн көретедi. Социализм жағдайында бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды және тiк қоңамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi. Кәсiпорындар жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазiргi кезде жекешелендiру процесстерiнiң жүруiмен байланысты, жалпыға тiкелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемi едәуiр кеңiдi.

Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану тауарларды тiкелей өткiзумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары, олар несие беру, бюджеттiң кiрiстерiн қарыздық берешектердi өтеу, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстiң қарыздық берешектердi өтеу, мемлекттiк бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастыру, өндiрiстiк және өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындарды қаржыландыру. Ұлттық Банктер несиелiк ресурстарды басқа банктерге сатуы және т. б

Еңбектiң сытрқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған еңбектiң, олардың ақша көмегiмен өлшену мүмкiн құнын анықтау арқылы көрiнедi.

Ақша экономикадағы ролiн өзiнiң атқаратын негiзгi қызметтерi арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметi тауар айырбасы процесiнен туындайтын тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi ақшаның әлеуметтiк - экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi. Ақша қазiргi экономикада атқаратын бес негiзгi қызметтi атқарады:

  1. Құн өлшемi және баға масштабы;
  2. Айналыс (айырбас) құралы;
  3. Төлем құралы;
  4. Қор және қазына жинау құралы;
  5. Дүниежүзiлiк ақша.

1) Ақша құн өлшемi қызметi. Ақша жалпыға бiрдей балама ретiнде барлық тауарлардың құнын өлшейдi. Құнның өлшем қызметi тауар өндiрiсi жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады. Өзiнiң жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемi бола алады. Яғни, бұл қызметтi толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемi - ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетедi.

Тауар құнының ақшамен бейнеленуi оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндiруге және сатуға қажеттi қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбiр елде ақшаның өлшемi ретiнде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететiн металдың баға белгiлеу процесiндегi ақша бiрлiгiне бекiтiлген салмақты саны баға масштабы деп аталады.

Бағалардың негiзiнде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемi қызметi мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемi бұл мемлекетке тәуелсiз ақшаның экономикалық қызметiн сипаттайды. Құн өлшемi қызметi құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл мемлектке тәуелдi, бiрақ тауардың құнын көрсету үшiн емес, тек оның бағасын бейнелеу үшiн қызмет етедi. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгiленедi.

Тауар бағасын өлшеу үшiн қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебi еңбек өнiмiн теңестiру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегiмен өлшеуге болады, өйткенi олар адам еңбегiнiң өнiмi.

Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерiмен анықталуы мүмкiн емес. Бағаның орнына ақшалар кез-келген тауарларсанын сатып алу мүмкiндiгi бар. Сатып алу қасиетiмен ерекшеленедi.

Құн өлшеу қызметi жалпы эквивалент ретiнде ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетедi. Бiрақ тауардың бағасын анықтау үшiн баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етiп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бiрлiгiне бекiттi.

2) Ақшаның айналыс құралы қызметi. Ақша айналыс құралы қызметiнде тауарларды өткiзудегi делдал болып табылады.

Тауарлар бiр қолдан екiншi қолға ауыса отырып, өзiнiң тұтынушысын тапқанға дейiн ақша үздiксiз қозғалыста болады. Тауар айналысы мынандай процестердi қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы.

Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал ролiн атқарады, ал бұл кездегi сатып алу және сату актiсi ерекшеленедi, уақыты мен кеңiстiгi бойынша сай келмейдi. Сатушы, тауарын сатқаннан кейiн, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сату, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi өзара сай келмеушiлiк жойылды.

Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарды бiртiндеп айналыстан шығара отырып, өзi айналыста үнемi қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретiндегi қызметiнiң басты ерекшелiгi, бiрiншiден, бұл қызметтi толық бағалы емес құнның белгiлерi: қағаз және несиелiк ақшалар атқарады, екiншiден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.

Өзiнiң құнын өткiзгеннен кейiн, айналыстан кететiн тауарларға қарағағанда, ақшалар айналыс құралы ретiнде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесiне қызмет етедi.

Айналыс құралы ретiнде ақша қызметтерiнiң ерекшелiктерi мыналар:

  • Тауар мен ақшаның қарама - қарсы қозғалысы;
  • Оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
  • Ақшаның бұл қызметiнде таарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар - ақша белгiлерi орындайды.

Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенменен бiр ақша бiрлiгi бiр - несие тауар мәмiлелерiне қызмет ететiн болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшiн олардың қажеттi саны сонша аз болады.

Егер ақшаның айналыстағы масасы тауар массасынан көп болса, одан бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келедi.

3) Ақша төлем құралы қызметi. Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты. Бiрақ ақша қозғалысы мiндеттi түрде тауар қозғаласымен бiр уақытта тоғысуы тиiс емес. Ақша құнның еркiн формасында көрiнедi. Олар өткiзу процесiн еркiн аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруi мүмкiн.

Егер тауар мен ақшаның қарама - қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейiн сатып алынған немесе керiсiнше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметiн атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретiнде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бiрге қаржы - несие қатынастарына да қызмет етедi. Барлық ақшалай төлемдердi төмендегiдей етiп топтатуға болады:

  • Тауарларды және қызметтердi төлеуге байланысты мiндеттемелер;
  • Еңбекақы төлеуге байланысты мiндеттемелер;
  • Мемлекетке қатысты қаржылық мiндеттемелер;
  • Банктiк қарыз, мемлекеттiк және тұтыну несиесi бойынша борыштық мiндеттеме;
  • Сақтандыру мiндеттемелерi;
  • Әкiмшiлiк, сот сипатындағы мiндеттемелер және басқалары.

Ақша төлем құралы ретiнде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесiнде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетiнше еркiн қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудiң орнына, борыштық мiндеттеменi жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем құралы ретiнде қызмет атқарады.

Төлем құралы қызметiн толық емес нақты (қағаз немесе несие), ал борыштық мiндеттемелердi өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.

Ақшаның төлем құралы қызметiн атқаруына байланысты ақша айналысы заңы өзiнiң неғұрлым толық көрiнiсiн тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, одан қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген қажеттiлiгiн азайтады. Бiрақ төлем мерзiмi жақындаған сайын борыштарды жабу үшiн ақша айналымының қажеттiлiгi атқарады.

4) Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретiнде. Ақшаның төлемi және айналыс құралы қызметтерi ақшалай қорлардың құрылуын талап етедi. Ақшаның қорлануын қажеттiлiгi Т - А - Т айналымының екi актiлерге Т - А және А - Т айырылуымен байланысты.

Ақша жалпыға бiрдей балама ретiнде, оның иесiне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып та табылады. Сондықтан адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшiн ақша айналыстан алынады, сөйтiп тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзiледi.

Капиталистiк қоғамдық формацияға дейiнгiлер үшiн байлықты “таза қазына” формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келедi. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебi олар шын мәнiсiнде айналыстан тыс жатқан ақшалар балды. Капитализм тұсында бұл қазыналар неиселiк жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетiн капиталға ( өнеркәсiптi немесе сауда ) айналады. Қазына жинау қызметiнiң қажеттiлiгi тауар өндiрiсiмен байланысты болады. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшiн ең бастысы ақшаны жинау қажет.

Қазыналарды қорландыру - алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрiнде жүзеге асады. Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын реттеушi ролiн атқарған болатын. Өндiрiстiң және тауар айналысының кеңеюi барысында металл ақшалар қазынадан айналысқа шығып отырады немесе керiсiнше .

Несиелiк және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметiн атқара алмайды, себебi олардың меншiктi құны жоқ. Бiрақта осы қызмет негiзiнде олар қорлану қызметiн жүзеге асырады.

Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейiн олар қорлана бастайды. Қорлану қызметiнде ақша өзiнiң сол формада сақтай отырып, олар кез-келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретiнде түсе алады.

5) Дүниежүзiлiк ақша қызметi . Тауар шаруашылығының кеңеюi, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзiлiк нарықтың пайда болуы дүниежүзiлiк ақшалар қызметiнiң пайда болуына себеп болады. Дүниежүзiлiк ақшалар интернационалдық құн өлшемi, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретiнде қызмет етедi.

Бұл қызметтi бастыпқыда толық бағалы ақшалар(алтын), ал кейiннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарады. 1867 жылы Париж келiсiмi дүниежүзiлiк ақша қызметiн алтынға балап бекiттi.

Егер де елдiң iшiнде ұлттық ақша бiрлiктерi формасында қызмет етiп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстiң айтуынша: “ақшалар өзiнiң ұлттық киiмдерiн шешiп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киедi”, яғни жалпыға бiрдей эквивалент формасына өтедi.

Бреттон - Вудстағы (1944 ж) мемлекетаралық келiсiмге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтiк валюталар мәртебесiн бердi. Кейiннен дүниежүзiлiк ақшалардың жаңа формалары: СДР - арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ - еуропалық есепке алу бiрлiгi пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердiң ортақ ақша бiрлiгi “еуро” айналысқа шықты. Демек, дүниежүзiлiк ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелiк ақшаға өту жолын кеште болса қайталауда.

Сонымен бірінші бөлімде ақшаның экономикадық маңызы мен атқаратын негізгі қызметтеріне тоқтала келе, келесі екінші бөлімде ақша айналысы және оның заңына, осы ақша айналысы заңының бұзылуының салдарлары мен себептеріне тоқталып өтпекшімін.

1. 2 Ақша айналысы және оның заңы

Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделедi. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр-бiрiнен бөлiнбейдi. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Ақша айналысы - шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.

Ақша айналысының объективтiк негiзiнде де тауар өндiрiсi жатады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегiмен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелiк және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

Қайта құру кезеiне дейiн “ақша айналымы” мен “ақша айналасы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма - қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма - қол және қолма - қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.

Ақша айналысы шаруашылықтағы тауарларды өткiзуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.

Ақша белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма-қол ақша тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе, қолма- қолсыз ақшалар - бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi.

Ақша айналысын реттеудiң объективтi қажеттiлiгi бұл рынокта сұраныс пен ұсыныс орын алып отыратының және сонымен қатар көптеген факторлар әсер ететiн болғандықтан ақша айналысының бұзылуы жалпы экономикалық тұрақсыздық болып табылатын инфляцияның қарқынды дамуын тудырады.

Инфляция экономикалық құбылыс ретiндегi анықтамасын келесiдей беруге болады: инфляция - тауар айналымының қажеттiгiмен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен толып кетуi, олардың құнсыздануы және соның нәтижесi ретiнде - тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуi; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуi. Инфляция кезiнде қоғамдық өндiрiс процесiнiң алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.

Инфляция - өз кезегiнде ақша жүйесiнiң және ақша айналысының дағдарысты жай-күйiн көрсетедi. Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепшi болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазiргi кездегi ақша реформаларын жетiлдiру мәселелерi
Ақша айналысының заңы
Ақша жүйесі және оның негізгі типтері
Ақша мәні, мен мақсаты
Қазақстан Республикасында ақша айналыстарының дамуы және оның қазіргі жағдайын талдау
Ұлттық банктің ақша айналысын басқаруы
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы
Ақша айналысы және оның дамуы
Несиенің қызметтері
Ақша массасы және ақша базасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz