Банк жүйесінің құрылымы, кезеңдері



1.2. Банк жүйесінің құрылымы.
1.3. Қазақстандағы банктік реформаларды жүзеге асыру кезеңдері.
2.бөлім. Банктің есеп айырысу . кассалық операциялары.
2.1 Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі
2.2. Есеп айырысу формалары мен құралдары. Банкаралыќ есеп айырысу операциялары.
2.3.Банк ресурстарды қалыптастыру операциялары
Қазақстандағы қайта құру тұсындағы банк жүйесінің дамуы, КСРО-да соңғы рет жүргізілген банктік реформа (1987-1888жж.) сай келедәі. Банктік реформа нәтижесінде : КСРО-ны Мемлекуеттік банкі және Құрылыс банктерінің Агроөнеркәсіп банкі және КСРО Тұрғын үй- әлеуметтік банкі құрылды. Сол сияқты, кезінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде –КСРО Сыртқы экономиакалық банк құрылды. Сол уақыттан бастап, Мемлекеттік банк кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты.Сөйтіп,КСРО-ның Орталық банкісіне айналды.
Қазақстанда жоғарыда аталған мамандандандырылған банктердің республикалық кеңселері(филиалдары) ашылып КСРО-ның Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне несиелік саясатты жүргізу, негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру, капитал жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен байланыста, мемлекеттік қамсыздандыру жүйесінде есеп айырысу жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері бекітіліп берілді. Сонымен қатар, бұл банк осы шаруашылық салаларындағы кәсіпорындар мен бірлестіктердің есеп айырысу , ссудалық және басқа шоттарды жүргізеді.Осындай несиелік есеп айырысу қызметтерінің түрлерін ауыл шаруашылық кешені кәсіпорындарда Агроөнеркәсіп банкі,әлеуметтік аумақтағы және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарда Тұрғын үй әлеуметтік банкі, халыққа қызмет көрсетуге бағытталған Жинақ банкі жүргізеді.
Сыртқы эканомикалық банк, экспорттық және импорттық операциялар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырады.
Мамандырылған банктер құрылымы әкімшіл-аумақтық қағидаға сай құрылады. Республикалық банктер одақтас республикаларда және банктің басқармалары саласында ұйымдастырылады. Аудан немесе қала деңгейінде бұл банктер өздерінің мекемелерін ашты.
Әр мамандандырылған банктің бір мекемесі әр аудандағы өзіне тиісті клиенттерге ғана қызмет көрсетті. Жинақ банкісінің мекемелері аудандармен қоса ұжымшар және кеңшараларда жұмыс жасады. Жинақ банкісінен басқа мамандандырылған банктердің төменгі буындары мамандандырылуына қарамай-ақ, сол аудандардың барлық клиенттеріне бірдей қызмет көрсетті. Шындап келгенде, мамандандыру тек банктің жоғарғы басқару деңгейіне ғана жүргізілді, ал төменгі денгейдегі мекемелер әмбебап мекемелерге айналған болатын.
Мамандандырылған банктер санына байланысты оларда төрт несиелік жоспар болған. Бұл банк клиенттерінің әр түрлі болып келуі несиелік ресурстарды құруға байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Банктен банкке өзара аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражаттардың бақылаусыздығы арта түсті.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
1.2. Банк жүйесінің құрылымы.

Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сай ҚР-ғы банк жүйесі екі
денгейден тұрады.
ҚР Ұлттық банкі- мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші денгейді
білдіреді.
Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы)-екінші
денгйдегі банктер деп атайды.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он үш
жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының
нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғанын айта
кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда.
Ондағы мақсат – отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа
өткізу болып отырғандығы да жасырын емес.Бұл талаптарға жауап бермейтін
банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу қажеттігі ұсынылды.
Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдағы банк жүйесі туралы мәліметтер 1-
кестеде берілді.

1-кесте.
ҚР-ғы несие жүйесі туралы мәліметтер кезеңінің соңына.

Несие жүйесінің элементтері.12.2000 12.2001 12.2002 06.2003
1.Екінші денгейдегі 48 44 38 35
банктердің барлығы:
Оның ішінде:
Мемлекеттік 1 2 2 2
Мемлекетаралық 1 1 - -
Шетел капиталының 16 16 17 16
қатысуымен,оныңішінде
- 100(50(-дан аса, 97 96 96 104
оның ішінде еншілес банктер.
12 11 11 10

Сандық мәліметтер ҚҰБ-нің тегінен алынған №6(103)2003 маусым.

1-кестеден көріп отырғанымыздай, банктеріміздің саны жылдан жылға азаюда.90-
шы жылдардың басында олардың сан 200-ден асты, сөйтіп банк жүйесін
реформалау нәтижесінде олардың саны 35-ке дейін қысқарды.Жалп банктер
қатарына мемлекеттік банктер саны 2.Қазақстанның секторында шетел
капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны –16,яғни жалпы банктер
санының жартысына жуығын алды.

1.3. Қазақстандағы банктік реформаларды ж‰зеге асыру кезењдері.

Қазақстандағы қайта құру тұсындағы банк жүйесінің дамуы, КСРО-да соңғы
рет жүргізілген банктік реформа (1987-1888жж.) сай келедәі. Банктік реформа
нәтижесінде : КСРО-ны Мемлекуеттік банкі және Құрылыс банктерінің
Агроөнеркәсіп банкі және КСРО Тұрғын үй- әлеуметтік банкі құрылды. Сол
сияқты, кезінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі құрамында келген жинақ
кассалары негізінде –КСРО Сыртқы экономиакалық банк құрылды. Сол уақыттан
бастап, Мемлекеттік банк кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік
есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты.Сөйтіп,КСРО-ның Орталық банкісіне
айналды.
Қазақстанда жоғарыда аталған мамандандандырылған банктердің республикалық
кеңселері(филиалдары) ашылып КСРО-ның Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне несиелік
саясатты жүргізу, негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін
арттыру, капитал жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ
өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен байланыста, мемлекеттік қамсыздандыру
жүйесінде есеп айырысу жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері бекітіліп берілді.
Сонымен қатар, бұл банк осы шаруашылық салаларындағы кәсіпорындар мен
бірлестіктердің есеп айырысу , ссудалық және басқа шоттарды
жүргізеді.Осындай несиелік есеп айырысу қызметтерінің түрлерін ауыл
шаруашылық кешені кәсіпорындарда Агроөнеркәсіп банкі,әлеуметтік аумақтағы
және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарда Тұрғын үй әлеуметтік
банкі, халыққа қызмет көрсетуге бағытталған Жинақ банкі жүргізеді.
Сыртқы эканомикалық банк, экспорттық және импорттық операциялар бойынша
есеп айырысуды ұйымдастырады.
Мамандырылған банктер құрылымы әкімшіл-аумақтық қағидаға сай құрылады.
Республикалық банктер одақтас республикаларда және банктің басқармалары
саласында ұйымдастырылады. Аудан немесе қала деңгейінде бұл банктер
өздерінің мекемелерін ашты.
Әр мамандандырылған банктің бір мекемесі әр аудандағы өзіне тиісті
клиенттерге ғана қызмет көрсетті. Жинақ банкісінің мекемелері аудандармен
қоса ұжымшар және кеңшараларда жұмыс жасады. Жинақ банкісінен басқа
мамандандырылған банктердің төменгі буындары мамандандырылуына қарамай-ақ,
сол аудандардың барлық клиенттеріне бірдей қызмет көрсетті. Шындап
келгенде, мамандандыру тек банктің жоғарғы басқару деңгейіне ғана
жүргізілді, ал төменгі денгейдегі мекемелер әмбебап мекемелерге айналған
болатын.
Мамандандырылған банктер санына байланысты оларда төрт несиелік жоспар
болған. Бұл банк клиенттерінің әр түрлі болып келуі несиелік ресурстарды
құруға байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Банктен банкке өзара
аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражаттардың
бақылаусыздығы арта түсті. Әр банк өз ресурстар көлемінде жұмыс жасауы
үшін, оларға Мемлекеттік банкте ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша
банкаралық есеп айырысуға өту қажет болды.
Мемлекеттің ықпалымен бөлінген коммерциялық банктердің де мамандандырылған
банктер сияқты, әр банктің белгілі бір саласында (өнеркәсіп, құрылыс,ауыл
шаруашылық, сыртқы сауда) өзіндік монополиясы болды. Олар өз кәсіпорындарын
өте төменгі пайызбен қаржыландырылып және несиелеп отырады, яғни, мұнда,
бұл кәсіпорындардың өміршеңдігі және пайдалылығы есепке алынбайды. Мұндай
банктердің активтерінде мемлекеттік зиян шегіп отырған кәсіпорындардың
уақыты өткен, төленбеген, яғни, сапасыз ссудалар қатары арта түсті.
Жалпы банктерді мамандандыру идеясы банк жүйесінің жұмысын тығырыққа
әкеліп, ол монополияландырудан құтылмады және несиелік механизмге
түпкілікті өзгеріс енгізе алған жоқ. Сонымен қатар, КСРО Мемлекеттік
банктің ролі біршама ешқандай әсер ете алмады.
Мұндай жағдайда, банк реформасын батыс үлгілерінде қалыптасқан екі
денгейдегі банктік жүйеде жүзеге асыруға ғана қол жеткізілді.
1987 жылғы реформаға дейінгі банктік жүйенің мынадай кемшіліктері болды:
• Вексель айналысының болмауы ;
• Кәсіпорындардың қарыздарын кешіру, әсіресе ауыл шаруашылығына
қатысты;
• Шаруашылықтың барлық аяларында артық несиелеу операцияларының
байқалуы;
• Банк мамандарының жойылуы;
• Кәсіпорындағы басқа да несие көздерінің болмауынан туындаған
монополизмнің орын алуы;
• Пайыз мөлшерлемесінің төменгі денгейде болуы;
• Экономиканың әр саласының қызметіне қойылатын (несие базасында )
банк бақылауының әлсіздігі;
• Бақылауға жатпайтын несиелік және банктік ақшалардың басып
шығарылуы.
1987 жылғы банктік жүйені қайта ұйымдастыру бұрынғыша әкімшілік сипатқа ие
болып қала берді, тек қана бұл жерде үш банктің монополиясын ауыстырды.
1987 жылғы банк жүйесінің қайта ұйымдастырудың оң жағынан теріс жақтары
басымырақ болды, атап айтсақ:
• Банктер бұрынғы меншік формасында, яғни мемлекеттік болып қала берді;
• Олардың монополизімі толық сақталып, монополистердің саны өсті;
• Реформа жаңа эконокмикалық механизмдердің жоқтығына қарамай –ақ
жүргізілді;
• Кәсіпорындар белгілі бір банктерге бекітілгендіктен, олардың несие
алу барысында банктердің таңдау мүмкіндігі болмады;
• Клиенттер арасында несиелік ресурстарды бөлу тігінен жалғаса берді;
• Ақша нарығы және несиелік ресурстар, саудаға түсетін орындар
құрылмады;
• Банк аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар артып кетті;
• Ағымдық және ссудалық шоттарды бөлу барысында( банктік соғыс( шыға
бастады.
• Қайта ұйымдастыруда несиені қайтарудың басты көздері ретінде
сақтандыру мекемелерінің қызметтері жайлы қозғалыс болмады.
Бұл реформаның оң жақтары ретінде қолма –қол ақшасыз есеп айырысудың
тәртіпке келтірумен қатар, банк қызметінің мамандандыруын қысқатты десе
болады.
Сонымен 70 жыл бойы КСРО –ның банк жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң
түрде орталықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік әдістері кеңірек орын
алды. Сол уақыттардан қалыптасып келген ақша – несие қатынастары жаңадан
туындай бастаған нарықтық қатынастарға сай келмеді.Социалистік
эксперименттер жүргізу барысында ғасырлар бойы қалыптасып келген қаржы-
несие институттары мен қаржы нарығының құралдары жойылып кеткен
болатын.Сөйтіп, утопиялық, идеологиялық тұжырым негізінде монобанктік жүйе
қалыптасып, мұнда мемлекеттік банк барлық несиелік жүйені өзіне бағындырып
және бәсекелестік элементтерін өзі реттеп отырады.
1989 жылдан бастап, елімізде алғашқы коммерциялық банктер, кооперативтік
және жеке банктер қатары жұмыс істеді.Сол жылы алғаш құрылған коммерциялық
банктерге – Интеринвестбанк, Крамдсбанк, қазіргі Казкоммерсбанк және т.б.
жатады.
1990 жылы Қазақстан Республикасы зө егемендігін жариялағаннан бастап
нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін
құруға бетбұрыс жасады.
1990 жылы желтоқсан айында қабылданған (ҚазКРО –ғы банктер және банктік
қызмет туралы( алғашқы заң Қазақстандағы банктіәк реформаны жүргізудің
бастапқы кезеңдерін қамтиды.
Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған (Қазақстандағы
банктік жүйені реформалау( бағдарламасына сай жүзеге асырылды.
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда,
макроэкономикалық тұрақтылыққа қлл жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды рөль
атқарды.
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне
байланысты жасалған талдауда , олардың көрсетіп отырғандай, кемшіліктердің
басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта
қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау
механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік
жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:
I кезең. 1988-1991.(КСРО-ның тұсында )- мемлекеттік салалық
мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикадағы сол
банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы
коммерциялық банктер құру ; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің
жекеленген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
II кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары –рубль аймағында бола отырып, ҚР
Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп
кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы,
ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.
III кезең.1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі , яғни айналысқа
Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша- несие
аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджетжәне банктермен қарым
–қатынас орнатудың классикалық қағидаларыыын енгізу, банктердің қызметін
реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің
басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
а) Ұлттық (орталық) банк қызметіне байланысты:
• Мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық банк пен Қаржы
министірлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;
• Коммерциялық банктердің өтімділігін толық қолдау механизімінің
жеткіліксіздігі;
• Екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау және реттеу жүйесінің
баяу құрылуы;
• Валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта
қалушылық;
• Макроэкономикалық процестерді жедел түрде талдау, оларды болжау және
шешім қабылдауда пайдалану денгейінің төмендігі;
• Осы уақытқа дейін пайдаланып келегн Ұлттық банк пен екінші денгейдегі
банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандартқа және
нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі ;
• Ұлттық банк жүйесіндегі еңбек ақының төмендігінен кадрлардың кету
денгейінің жоғарылығы;
ә)Екінші денгейдегі банктерге байланысты:
• Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық нормативтер мен
банк клиенттерінің құқықтарын тікелей бұзған банктердің нарықта
қызмет ете беруі;
• Қаржы ресурстарын жинақтаудың іс жүзіндегі механизмдерінің әлсіздігі;
• Шаруашылық субъектілерінің несиелеу барысында жобаларды бағалау
денгейінің және банк үшін несие беруден туындайтын тәуекелді бағалау
дәрежесінің, сондай-ақ несиенің қайтарылуына жасалатын бақылаудың
қанағаттанарлықсыз денгейде болуы;
• Орта және ұзақ мерзімде ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды іске
асыруға мүмкіндік беретін, банктердің капиталдану денгейінің
жеткіліксіздігі;
• Прогрессивті қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып,
игерудің баяулығы;
• Банк қызметкерлерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен денгейде
болуы.
Сонымен бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта түрлендіруге
байланысты бірқатар шаралыр 1994 ж. Орта кезеңінен басталып, 1995 жылға
дейін жалғасты.
Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша Кабинет
Министірдің Қаулысына сай арнайы құрылған комиссия Қазагроөнеркәсіп банкіне
санация процесін жүргізіп, ондағы орталықтандырылған несиелерге
байланысты мерзімі өтен қарыздарды Қазагроөнеркәсіп банктің балансынан
Қаржы Министірлігінің қармағында құрылған ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау
мемлекеттік қорының балансына беру шараларын іске асырды.
Екінші кезекте, Қазақстан Әлем Банкін 1994 жылдың орта кезеңінде
Мемлекеттік Экспорттық –импорттық банкке және әмбебап акционерлік
ӘлемБанкке бөлу шаралары жүзеге асты.Сөйтіп, ол уақыттағы ӘлемБанктің
жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі –35 (құрады. Бұл бір жағынан ,
ӘлемБанктегі мемлекеттің қаржысы мен мемлекеттік емес акционерлер
қаржыларын өзара бөлуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан Әлем банктегі
монополияны жоюға мүмкіндік жасады.
Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандандырылған Халық банкін әмбебап банкке
түрлендіру шаралары жүргізілді.Түрлендіру мынадай үш кезеңді қамти:
Бірінші кезеңде мемлекеттік емес акционерлерден акцияларын сатып алу
жолымен 100(мемлекеттік меншікті қалпына келтіру және оның жарғылық
капиталын ұлғайту мақсатында мемлекеттен жалға алған ғимаратын Халық
банкінің меншігіне беру, сондай-ақ 01.01.1992ж жағдайға байланысты халық
салымдарын индексациялау жүйесін анықтау міндеті белгіленді.
Екінші кезеңде Халық банкіне пластикалықдебеттік және кредиттік
карточкаларды енгізу және олардың қолданылу ауқымын кеңейту міндеті
жүктелді.
Үшінші кезеңде Халық банкісінің алдында Ұлттық банк белгілеген
пруденциалдық нормативтерге сай 01.01.1998ж. бастап салымдарды мемлекеттің
толық сақтандыру жүйесіне өтуге дайындық жасап және жекешелендірудің
бірінші кезеңін бастау міндеті тұрды.
Төртінші кезеңде әмбебап банк –Тұран банктегі мемлекеттің үлесі анықталып,
ондағы негізгі боышқор-кәсіпорындардың бір бөлігі 1995 жылы жаңадан
құрылатын Медетші банкке берілетін болды.
Бесінші кезеңде әмбебап банк- Кредсоцбанктегі мемлекеттің үлесі
-40,3(мөлшерінде анықталды. 1995 жылдың қаңтар айының аяғына таман оның
жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін сату бағдарламасын Ұлттық банк
даярлауға тиіс болды. Коммерциялық банктер үшін нақты секторды қысқа
мерзімді несиелеу тиімсіз болып табылғандықтан , орта және ұзақ мерзімді
несиелеу қызметін өз міндетіне алатын мамандандырылған мемлекеттік
банктерді құру қажеттігі туды.
Сонымен, Қазақстанда банк секторын реформалау бағдарламасын іске асыру
шегінде Экспортты – импорттық банк, Мемлекеттік даму банкі және Тұрғын үй
құрылыс банкі құрылды. Мамандандырылған Банктер қатарына халыққа
қызмет көрсетуге маманданған Халық Жинақ банкі де болды.
Мемлекеттік даму банкі-бұл Қазақстан үшін дәстүрлі емес, даму және ғылыми
ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін,экспорттық несиелер мен
инвестицияларға сақтандыру және кепілдеме беру үшін Әлем банктен
бөлініп шыққан банк.
Тұрғын үй құрылыс банкі –бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық құрылысшылары
арқылы несиелеуге, халық үшін тұрғын үй жинақ шоттарын қалыптастыру,
ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банк.
Медетші банк –бұл Дүниежүзілік банктің ықпалымен (Проблемалық кәсіпорындар
үшін госпиталь( ретінде құрылған банк. Бұл банкті құру туралы жарғыға
сай, ол небәрі 4 жыл мерзімге қызмет етуге уақытша құрылды.
Ұлттық банктің 1995 жылғы реформалау нәтижесінде қолданған шаралары
қаржылық және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді. Ең бастысы, ақша-
несие реттеу әдістері мен құралдары әрі қарай дами түсуде.
Банктерді қайта қаржыландыру механизімі түбірімен өзгерді. 1995 ж. ақпан
айынан бастап, директивті несиелерді беру тоқтатылды.Орталықтандырылған
көздер есебінен берілетін несиелер көлемі мен мерзімі қысқарып,
экономиканы несиелеу қызметі Ұлттық банктен екінші денгейдегі банктерге
ауысты. Ұлттық банк орталық банктерге тән қызметк: қысқа мерзімді
өтімділігін қолдап отыру мақсатында екінші денгейдегі банктерге несие
беру, Үкіметке несие беру және ақша-несие және валюталық реттеумен
айналысуға көшті.
1995 жылдың бірінші жартысында Ұлттық банктің екінші денгейдегі банктерге
берілетін несиелері несиелік ресурстар аукционы арқылы 3 ай мерзімге
дейін берілсе, ал екінші жартысында операциялардың ауыртпалығы мемлекеттік
бағалы қағаздардың қайталама нарығын өте бастады. 1995 жылы қыркүйек
айынан бастап ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың
өсу қарқынына шек қою мақсатында Ұлттық банк айналысқа өзінің қысқа
мерзімді ноталарын шығару арқылы ақша массасын реттеп отырады.
1995 жылы Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің нақты мәнін
қалпына келтірді. Инфляция төмендеді. Айталық, 1995ж қаңтар айындағы
инфляцияның қарқынын 8,9 (-дан, қыркүйек айында –2,4(-ға дейін төмендету
нәтижесінде қайта қаржыландыру мөлшерлемесі.Айта берсек , тағы да басқа
көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.
Ұлттық банктің 1996-1998 жылға арналған Қазақстан Республикасының банк
жүйесін реформалау бағдарламасына сай банктік реформалау әрі қарай
жалғасты.
Банк реформасының жүргізу бағдарламасының басты мақсаты- ҚР ұлттық
валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын әрі қарай арттыру және
экономиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші денгейдегі
банктердің жүйесін нығайту.
Көздеген мақсатқа жетуде Ұлттық банк мынадай міндеттерді шешуге күш
жұмсайды:
1. Ақша –несиелік реттеу әдістері мен құралдарын жетілдіру;
2. Елдің қаржы нарығына Ұлттық банктің араласуы арқылы қолма-қол ақша
айналымында әкімшілік басқаруды күшейту;
3. Валюталық реттеудің дамыту және алтын валюта резервін басқару;
4. Банктік қадағалау жүйесін және банк қызметін реттеу принціптерін
түбірімен өзгерту
5. Бухгалтерлік есепті және банк жүйесін реформалауды аяқтау;
6. Ұлттық банктің басқа елдердің орталық банктермен және басқа да
қаржылық институттармен байланысып, халықаралық қаржы ұйымдарына
қатысты;
7. Ұлттық банктің құрылымын жеңтілдіріп, кадр және техникалық әл-
ауқатын нығайту;
8. Екінші денгейдегі банк жүйесін сауықтандыру;
9. Төлем жүйесінің дамыту;
10 Елдің банк жүйесінің қызмет етуінің және реформалауының құқықтық
қамтамассыз етілуін жетілдіру.
Макроэконмикалықтұрақтылыққа қол жеткізу үшін Қазақстан Ұлттық банкі ақша-
несие саясатының біршама тиімді классикалық құралдарын пайдаланды.Оларға
қайта қаржыландыру несиелерін беру көлемін реттеу, қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін анықтау, міндетті резерв нормасын белгілеу, валюталық
нарыфқта интервенция жүргізу және мемлекеттің бағалы қағаздармен
операцияларды жүзеге асыру жатады.
Республикамызда тәжірибеден берілген директивті несиелердің уақытында
қайтарылмағаны, яғни олардың 24(-дан астамы ғана қайтқандығы белгілі.Соның
салдарынан Ұлттық банк ондай несиелерді беруді тоқтатуға мәжүбір болды.
Осындай жағдайға байланысты Ұлттық банк 1996-1998жж.орталықтандырылған
несиелерді тек қана банктердің қысқа мерзімді қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін несиелік аукциондар, банкаралық нарық, ломбардтық
несиелеу,репо операциялары, вексельдерді қайта есепке алу арқылы беріп
отырды.Ұлттық банк пен Қаржы министірлігі арасындабюджетті несиелеуге
байланысты жаңа қатынастың қалыптасуына сай, 1998 жылдан бастап, Қаржы
министірлігі бюджет тапшылығын өз күшімен несиелеуге міндеттеме
алғандықтан , Ұлттық банк оған тікелей несие беруін тоқтатты.Оған дейін
бюджеттің тапшылығының 80(-ға жуық бөлігі Ұлттық банк несиелері есебінен
жабылып келгендігін айта кету керек .Мұны да осы реформаның бірден –бір
нәтижесі деп санауға толық болады.
Банк жүйесін реформалау және ақша банкноталарын шығаруда меншікті өндірісті
іске қосу республикамыздағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен
өзгерістерге әкелді.Осыған байланысты қолма-қол ақша айналымын басқаруда
1992-1993 жж.қолма-қол ақшаның тапшылығынан енгізілген директивті саясаттың
орнына экономикалық реттеу әдістерін пайдаланудың алғышарттары жасалды.
Сөйтіп, осы реформа нәтижесінде кәсіпорындарды және екінші денгейдегі
банктердің қолма – қол ақшамен жасалатын кассалық операциялардың лимиті
алынып тасталды.
Ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтап отыру мақсатындаҰлттық банк шетедік
тәжірибелерді ескере отырып, тенгенің жүйелі валюталық айырбас бағамы
саясатын жүргізіп отырды.Алтын –валюта резервін басқаруда Ұлттық банк
мынадай екі портфельді құру қажет деп таныды: стратегиялық инвестициялық
портфель және тактикалық өтімділік портфелі.
Мұндағы,тактикалық өтімділік портффелі валюталық бағамды реттеу саясатын
жүргізу және қысқа мерзімді міндеттемелерді жабу үшін қажет.Өтімділік
портфелінің негізгі құралдарына ақша нарығының құралдары жатты.
Стратегиялық инвестициялық портфель құрамы Ұлттық банктің орта мерзімді (3
айдан 3 жылға дейінгі)және ұзақ мерзімді (3 жылдан 10 жылға дейінгі)
міндеттемелерінен тұрады.
Аталған портфельдің негізгі құралдарына:мемлекеттік бағалы қағаздар
нарығының құралдары, орта және ұзақ мерзімді депозиттер және капиталдар
нарығының басқа да құралдары жатқызылады.
Банктіңқадағалау жүйесін реформалаудың басты мақсаты –бактік қадағалау
әдістері мен процедураларын халықаралық стандартқа жақындату болып
табылды.Осыған сай, Ұлттық банк екінші денгейдегі банктерге капиталдану
талабын қойды.Мұндағы мақсат- бәсекелік орта қызмет көрсететін банктерді
тәрбиелеу және біршама тұрақты банктерді анықтау болып табылады. Осындай
талаптың негізінде Ұлттық банк капиталы жеткіліксіз банктердің өзара
бірігуін немесе жойылу шараларын ұйымдастырады.Реформа нәтижесінде көптеген
банктер таратылды немесе бірігу процесін басынан кешті.Осындай шараларды ең
бастысы, мамандандырылған банктер басынан кешті.Өйткені олардың барлығы
дерлік бастапқыда бюджет қаражаты есебінен құрылғандықтан да, олар үшін
несиелік ресурстарды қалыптастыру басты мәселеге айналды.Сөйтіп, кейбіреуі
өзара бірігіп жұмыс жасауға мәжүбір болды.Айталық, Мемлекеттік даму банкі
Эксимбанкпен, Тұрғын үй құрылыс банкі Центркредит банкпен қосылып, ал,
Медетші банк-Медетші қор ретінде қайта түрлендірілді.Мұндай
түрлендірулерге Ұлттық банк тарапынан банк жүйесіне жүргізілген кейінгі
реформалар себеп болды.
Ұлттық банктің 1995 жылы бастаған банк жүйесінің бухгалтерлік есебін
реформалау 1996-1998 жж.әрі қарай жалғасып, нәтижесінде Ұлттық банктің
халықаралық стандартқа сай жасалған жаңа шоттар жоспары екінші денгейдегі
банктер қызметіне толығымен енгізілді.
Банк жүйесіндегі бухгалтерлік есепті реформалау –нарықтық экономика
талаптарына жауап беретін жалпыға ортақ халықаралық принциптер иен
стандарттарды банктердің тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік беретін шаралар
кешенін білдіреді.
Бухгалтерлік есеп реформасын аяқтауға байланысты жұмыстар мынадай
мерзімдерді қамтыды:
- Ұлттық банк бойынша:1996 жылы қосымша және бас бухгалтерия бойынша
нұсқаулық материалдар дайындап, оларды баспадан шығару.1997 жылы 1996
жылдың жұмыс нәтижелері бойынша жаңа шоттар жоспары мен нұсқаулық
материалдарға өзгерістер енгізу, Ұлттық банктің қызметіне байланысты
халықаралық аудит жүргізу, банк мекемелерінде есеі шоттар жоспарынан
жаңаға өтуді аяқтау шаралары жүзеге асырылды. 1998 жылдың бірінші
жартысында қосымша есеп бойнша бағдарламалық қамтамассыз етудің жаңа
пакетін әзірлеу және екінші жартысында Ұлттық банктің бюджетін жоспарлау
әдісін жасау.
- Екінші денгейдегі банктер бойынша:1996 жылы екінші денгейдегі он
банктер бойынша жаңа шоттар жоспарын енгізіп, ай сайын осы
жоспарға сай жиынтық балансын алу.1997 жылы екінші тоқсанда
екінші денгейдегі банктерде бухгалтерлік есептің стандартын
жасау, барлық екінші денгейдегі банктер бойынша үшінші тоқсанда
жылдық жинақ есебін құру шаралары жүзеге асты.Сонымен қатар,
бұл банктік реформалардың басты нәтижесі -бұл банктік
жүйесінің тұрақтылығын сақтап қалу мақсатында халық салымдарын
ұжымдық сақтандыру қоры құрылды.Бұл қорды құру уақыты 1997
жылдан кешікпеуге тиіс еді, бірақ әр түрлі себептерге
байланысты қор 1999 жылдың аяғында құрылып, өз қызметін 2000
жылдың қаңтарынан бастады.
Банк активтерінің жіктелуі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің Басқармасының 2002 жылы 16
қарашадағы № 465 қаулысымен бекітілген Активтердің, шартты
міндеттемелерінің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға
жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру туралы ережесіне сай,
банктер Ұлттық банкке ай сайын айлық баланспен бірге Ұлттық банктің
Банктерді қадағалау департаментіне активтері мен шартты міндеттемелердің
жіктелуі мен олар бойынша провизиялар құру туралы мәліметтер берді.
Мұндағы активтерге заңды құру және жеке тұлғаларға қатысты, сондай-ақ басқа
банктерге байланысты банктің талаптары жатады.
Аталған ережеге сай, активтер мен шартты міндеттемелер стандартты және
жіктелінген болып бөлінеді.
Жіктелген активтер қатарына жатпайтын активтер стандартты болып табылады.
Жіктелінген активтер мен шартты міндеттемелер күмәнді және үмітсіз болып
бөлінеді.
Жіктелген активтерге қатарына банк несиелері, депозиттері, бағалы
қағаздары, дебиторлық қарыздары және шартты міндеттемелері жатады.
Несиелердің жіктелуі олардың сапасына, қамтамассыз етілуіне ,қарыз алушының
қаржылық жағдайына, оның несиелік тарихына, несиелердің жіктелуі
санаттарына байланысты жүзеге асады.
Банкаралық несие басқа банктердегі депозит сияқты жіктеледі.
Заңды және жеке тұлғаларға берілген несиелердің жіктелуі 13- кестеде
берілген.

13-кесте.
Несиелердің жіктелуі және оларға провизиялар құру мың тенге.

Жіктелуге Жалпы Соның Ережеге Барлық Соның Қам-тама
байланысты негізгі ішінде, сай нақты ішінде 2с-сыз
несиелер тобы. қарыз несие негізгі провизияграфадағету
сомасы. бойынша қарыз сомасы. ы құны.
негізгі сомасына несиелер
қарыз. н бойынша
провизия провизия
мөлшері, сомасы.
(()
1 2 3 4 5 6
1.стандарты 0
2.күмәнді:
1)1-санатты 5
күмәнді төлемді
уақытылы және
толық төленген
жағдайда.
2)2-санатты 10
күмәнді төлемді
кешіктіргенде не
толық төлемеген
жағдайда.
3)3-санатты 20
күмәнді төлемді
уақытылы және
толық төленген
жағдайда.
4)4-санатты 25
күмәнді төлемді
кешіктіргенде
немесе толық
төлемеген
жағдайда.
5)5-санатты 50
күмәнді
3.үмітсіз 100
Барлығы
(1+2+3)

Басқа банктерде орналастырылған банк депозиттерінің жіктелуі өзінше
ерекше.Егер А тобындағы рейтингінен төмен емес рейтингі бар шетел банкіде
не Қазақстан Республикасының суверенді рейтингі бір денгейге төмен емес
жеке рейтингі бар кез келген резидент банкте депозит орналастырылған болса,
депозиттен, соның ішінде корроспонденттік шоттан қаражаттыаудару уақытында
жүзеге асып отырса, онда ондай депозит стандартты болып табылады.
Сонымен қатар, егер А тобындағы рейтингінен төмен емес рейтингі бар шетел
банкінде не Қазақстан Ресрпубликасының суверенді рейтингі бір денгейде
төмен жеке рейтингі бар кез-келген резидент банкте депозит орналастырылған
болса, онда банк құжат негізінде оның қаржылық жағдайына мониторинг
жүргізеді.
Қаржылық жағдайын анықтайтын мониторинг болмаған жағдайда, ондай банкте
орналастырылған депозит не корреспонденттік шот бір категорияға төмендеп,
14 – кестедегідей жіктеледі.

14-кесте.
ҚР екінші денгейдегі банктердің депозиттерінің жіктелуі және оларға
провизия құру мың тенге.

Жіктелуге байланысты негізгі Соның Ережеге нақты Соның
депозиттер тобы. қарыз ішінде, сай құрылған ішінде 2
салық негізгі провизия графадағы
салынатын қарыз несиелер
негізгі сомасынан бойынша
қарыз провизия
сомасы. мөлшері,((
)
1 2 3 4 5
1.стандарты 0
2.күмәнді:
1)1-санатты күмәнді 5
төлемді уақытылы және
толық төленген
жағдайда.
2)2-санатты күмәнді 10
төлемді кешіктіргенде
не толық төлемеген
жағдайда.
3)3-санатты күмәнді 20
төлемді уақытылы және
толық төленген
жағдайда.
4)4-санатты күмәнді 25
төлемді кешіктіргенде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму кезеңдері
Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
1930 – 1932 жылдардағы несие реформасы
Ақша саясаты
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері
Қазақстан Республикасындағы банкілік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер жүйесі
Республикасында дамуы
Пәндер