Бюджеттік кредиттеу



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Бюджеттік кредиттеудің жалпы түсінігі
2.2 Бюджеттік кредиттеудің шарттары мен рәсімдері
2.3 Бюджеттік кредиттер бойынша бақылау, моноторинг, есепке алу
2.4 2007 бюджеттің орындалуы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына заңи және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы-кредит мекемелерінің) және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оларды алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.
Мемлекеттік кредит – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін.
Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды.
1. «Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі» 24 сәуір 2004 жылғы заңы

2. «Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы» 8 қаңтар 2003 жылғы заңы


3. С.С.Сартаев, С.М.Найманбаев «Бюджеттік құқық»
(жалпы және ерекше бөлімдері) Алматы, «Жеті Жарғы», 2006 жыл

4. А.И. Худяков «Финансовое право», Алматы, 2002 жыл

5. А.И.Худяков, С.М. Найманбаев «Русско-казахский финансово-правовой толковый словарь»

6. Каржы министрлігінің сайты

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2.1 Бюджеттік кредиттеудің жалпы түсінігі

2.2 Бюджеттік кредиттеудің шарттары мен рәсімдері

2.3 Бюджеттік кредиттер бойынша бақылау, моноторинг, есепке
алу

2.4 2007 бюджеттің орындалуы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы
органдардың) қарамағына заңи және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары
да, сонымен бірге, басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы-кредит
мекемелерінің) және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да
несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет
тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оларды алудың басты
әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.

Мемлекеттік кредит – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі
және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің
де, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің
кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін.

Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың
қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл
қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды.

Мемлекеттік кредиттің жекеше кредиттен айырмашылығы:[1]

Жекеше кредит Мемлекеттік кредит
өндірістік мұқтаждар үшін өндірістік және өндірістік емес
жұмылдырылады; мұқтаждар үшін жұмылдырылады;
несие капиталы жұмылдырылады; төлем және сатып алу қаражаттары
өтеу қосымша өнім немесе өндіріс жұмылдырылады;
процесінде пайда болатын құннан өтеу бюджет кірісінен (негізінен
жүргізіледі; салықтық түсімдердің есебінен)
капиталдың қолдану сферасын жүргізіледі;
(өндірістік сферасын) кеңейтеді. капиталды қолдану сферасын
тарылтады.

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Бюджеттік кредиттеудің жалпы түсінігі

Бюджеттік кредит – бюджеттен қайтарымды, мерзімді және ақылы негізді
бөлінетін ақша.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіндегі бюджеттік кредиттеу
бюджеттік кредитті беру, оны пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу
туралы шешім қабылдау рәсімдерін қамтитын процесс болып табылады.

Республикалық және жергілікті деңгейдегі бюджеттік кредиттеу келесі
принциптерге негізделген:

1) кредиттік шартқа сәйкес бюджеттік кредитті өтеу міндеттілігін
көздейтін қайтарымдылық принципі;

2) міндеттемелердің орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәсілдермен қамтамасыз ететін жағдайының болуын
көздейтін қамтамасыз етілу принципі;

3) бюджеттік кредитті бергені үшін қарыз алушыға ақы төлеуін көздейтін
ақылық принципі;

4) бюджеттік кредит беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімділік
принципіне сәйкес жүзеге асырылады.

Осы принциптерінде аталып кеткен кредиттік шарт деген ұғымға түсінік
беріп кеткен жөн. Кредиттік шарт дегеніміз бюджеттік кредитті беру,
пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау
рәсімдерін қамтитын процесс болып келеді.

Бюджеттік кредиттер:

1) орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының шеңберінде
бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға;

2) мемлекеттік сыртқы экономикалық қызметін іске асыруға;

3) мемлекеттің 100% қатысуымен қаржы агенттерінің мемлекеттік
инвестициялық саясатты іске асыруына бағытталады.

Бюджеттік кредиттер тиісті қаржы жылына арналған республикалық және
жергілікті бюджеттік бағдарламаларда көзделген бағыттар бойынша және
сомалар шегінде беріледі.

Сонымен бірге, бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық
капиталдарына қатысу мақсаттарына, қарыз алушының шаруашылық қызметінің
залалдарын жабуына, көрсетілген қызметтер үшін сенім білдірілген тұлғаларға
(агенттерге) ақы төлеуге берілмейді.

Бюджеттік кредиттер келесі талаптар сақталған жағдайларда ғана
беріледі:

1) салық берешігінің болмауы;

2) қарыз алушының бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындауды
қамтамасыз ететін жағдайының болуы;

3) қарыз алушының бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша
берешегінің болмауы.

Бюджеттік кредиттер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын
Қазақстан Республикасының орта мерзімдік фискалдық саясатына сәйкес жүзеге
асырылады.[2]

Бюджеттік бағдарлама мынадай өлшемдер сақталған жағдайда бюджеттік
кредит арқылы іске асырылады:

1) орта мерзімді әлеуметтік экономикалық даму жоспарына сәйкес келсе;

2) іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық
және әлеуметтік тиімділігі;

3) бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі
ақтауы;

4) қарыз алушының Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын
өлшемдерге сәйкес кредиттік қабілеті.

Бюджеттік кредиттеудің субъектілері кредитор, бюджеттік бағдарламаның
әкімшісі, қарыз алушы, соңғы қарыз алушы және сенім білдірілген өкіл
(агент) болып табылады. Олардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан
Республикасының Бюджет Кодексінді немесе басқа да заң актілеріне сәйкес
кредиттік шартпен және (немесе) тапсырма шартымен айқындалады.[3]

Кредитор – Қазақстан Республикасының бюджеттік және азаматтық заңдарына
сәйкес бюджеттік кредит беретін кредит шартының тарабы. Республикалық
бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде Үкімет немесе оның атынан бюджетті
атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, ал жергілікті бюджеттен бюджеттік
кредиттеу кезінде тиісті жергілікті атқару орган кредитор болып табылады.

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – бюджеттік кредиттеу кезінде
кредиттік шарттың тарабы болып табылады. Және де ол :

1) қаржы агенттерін қоспағанда, қарыз алушы банктерді және сенім
білдірілген өкілдерді (агенттерді) конкурсттық негізді айқындайды;

2) бюджеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдалануының, өтелуі
мен оларға қызмет көрсетілуінің бақылауы мен мониторингін жүзеге
асырады.

Қарыз алушы – бюджеттік кредитті алушы, негізгі борышты өтеу және
сыйақы, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес басқа да төлемдерді төлеу жөнінде
міндеттемелер алатын кредит шартының тарабы. Мыналар:

1) жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары;

2) қарыз алушы банктер – Қазақстан Республикасының резиденттері болып
табылатын банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдар;

3) жергілікті атқарушы органдар;

4) шетелдік мемлекеттер қарыз алушылар бола алады.[4]

Соңғы қарыз алушы – қарыз беруші банк оған кредитор немесе қаржы
агенттігі айқындаған шарттармен беретін бюджеттік кредитті соңғы алушы.
Олар Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бола алады.

Сенім білдірілген өкіл (агент) – тапсырма шартының негізінде
кредитордың (сенімгердің) атынан және оның есебінен және оның нұсқауларына
сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды
жасайтын тұлға. Олар Қазақстан Республикасының резиденттері болып
табылатын, банк немесе банк операцияларының жекеленген түрлерін жүзеге
асыратын ұйым бола алады.

Сонымен қатар олар кредитордың тапсырмасы бойынша мынадай іс-қимылдарды
орындай алады:

1) қарыз алушыларды – жеке тұлғаларды айқындау және олармен кредиттік
шарттар жасасу;

2) бюджеттік кредиттерге қызмет көрсету;

3) қарыз алушылармен есеп айырысу;

4) бюджеттік инвестициялық жобалардың қаржыландырылуы мен асырылуына
мониториг жүргізу;

5) қарыз алушылардың қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу;

6) заңдарға сәйкес беректі өндіріп алу.

2.2 Бюджеттік кредиттеудің шарттары мен рәсімдері

Кепілдік шартта бюджеттік кредиттің мынандай негізгі талаптары міндетті
түрде болуға тиіс:

1) беру мақсаты;

2) мөлшері;

3) валютасы;

4) мерзімі;

5) игеру кезеңі;

6) сыйақы ставкасы .[5]

Әдетте, бюджеттік кредиттің негізгі шарттылықтары және қарыз
алушылардың санаты кредитордың шешімімен белгіленеді.

Бюджеттік кредиттің мерзімі – қарыз алушы бюджеттік кредит алатын,
пайдаланатын, оған қызмет көрсететін және оны өтейтін уақыт кезеңі болып
табылады. Ол бюджеттік крндиттің қаражатын кредитордың шотына аударған
кезден бастап есептелінеді. Бюджеттік кредиттер мерзіміне қарай келесі
түрлерге бөлінеді: 1) қысқа мерзімді – 1 жылға дейін;

2) орта мерзімді – 1 жылдан 5 жылға
дейін;

3) ұзақ мерзімді – 5 жылдан 30 жылға
дейін.

Бюджеттік кредитті игері кезеңі – бюджеттік кредиттің берілу
мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыру үшін қарыз алушы кредитті
пайдалана алатын уақыт кезеңі болып саналады. Бюджеттік кредиттің
пайдаланылмаған бөлігі игеру кезеңі аяқталған күннен бастап 3 күннің ішінде
тиісті бюджетке қайтарылуға жатады.

Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуы кепілмен,
кепілдікпен, кепілгерлікпен немесе заңнамаларда не тиісті шартта көзделген
басқа да тәсілдермен қамтамасыз етеді.

Бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы – бюджеттік кредиттер бергені үшін
қарыз алушы жүзеге асыратын төлем болып табылады. Ал сыйақы ставкасы –
жылдық проценттер түрінде көрсетілетін сыйақы мөлшері болып келеді.

Бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкалар тіркелген және құбылмалы
болып бөлінуі мүмкін. Олардың анықтамасын беріп кетейік: тіркелген сыйақы
ставкасы – мөлшері бюджеттік кредиттің барлық мерзіміне өзгеріссіз
белгіленетін сыйақы ставкасы; құбылмалы сыйақы ставкасы – қаржы рыногындағы
конъюктураға байланысты өзгеріп тұратын сыйақы ставкасы болып табылады.
Сонымен қатар, кірістіліктің орташа өлшемді ставкасы – бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті орган щығарған мемлекеттік бағалы қағаздар
бойынша сыйақының орташа өлшемді ставкасы болып келеді.

Бюджеттік кредитті берудің 2 тәсілі белгілі :

1) қарыз алушының төлем құжаттарына ақы төлеу;

2) бір мерзімде не аудару кестесіне сәйкес бөліп-бөліп немесе қарыз
алушының тиісті құжаттар беруіне қарай қарыз алушының банк шоттына
аудару арқылы берілуі мүмкін.

Бюджеттік кредитті өтеу мен оған қызмет көрсету кестесі бюджеттік
кредитті өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі төлемдердің мерзімдерін,
кезеңділігін белгілейді. Сонымен қоса, кредиттік шартта жеңілдік кезеңін
беру көзделуі мүмкін. Яғни жеңілдік кезеңі бюджеттік кредит мерзімінің
құрамына кіретін уақыт кезеңі, бұл кезеңде қарыз алушы кредитті өтеуді
жүзеге асырмайтынын білдіреді.

Бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау:

1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгіленген
тәртіппен мемлекеттік, салалық, аймақтық бағдарламалардың іс-
шараларын бюджеттік кредиттеудің, әлеуметтік-экономикалық дамудың
орта мерзімді жоспары мен орта мерзімді фискалды саясаттың мақсатқа
сай екендігін айқындайды;

2) бюджеттік жоспарлай жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін бюджеттік
кредиттеу арқылы іске асыру ұсынылатын бюджеттік бағдарламаның
бюджеттік кредиттеу өлшемдеріне сәйкестігіне қатысты қарауын;

3) бюджеттік өтінімді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті
органның қорытындысын бюджеттік комиссияның қарауын;

4) бюджеттік комиссияның оң шешімі болған жағдайда тиісті қаржы жылына
арналған бюджеттің жобасына бюджеттік бағдарлама енгізуді қимтиды.

Бюджеттік кредит беру рәсімі мынандай кезеңдерді:

1) бюджеттік кредиттің негізгі талаптарын айқындайды;

2) қарыз алушыны айқындауды;

3) кредиттік шарт және олармен байланысты шарттар жасасуды;

4) қарыз алушыға бюджеттік кредит беруді қамтиды.

Шет мемлекеттерге бюджеттік кредиттер Қзақстан Республикасы бекіткен
халықаралық шарттарға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен
беріледі.

Қарыз алушы бюджеттік кредит қаражатын бюджеттік бағдарлама паспорты
мен кредиттік шартта көзделген мақсаттарға ғана пайдаланады. Және де заңдар
және шарттағы талаптар мен негіздерге сәйкес келмесе жауаптылыққа
тартылады.

Бюджеттік кредитке қызмет көрсету – бюджеттік атқару жөніндегі
уәкілетті органның немесе сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бюджеттік
кредит қаражатының пайдалануын есепке алу және қарыз алушының кредиттік
шарттың талаптарына сәйкес негізгі борышты, сыйақыны және басқа да
төлемдеді өтеуге төлемдер жасауды жүзеге асыру жөніндегі қызметі.

Негізгі борыш – ол бойынша есептелген сыйақы, комиссиялық төлемдер,
тұрақсыздық төлемдері (айыппұл, өсімдер) сомасы ескерілмей алынған және
өтелмеген бюджеттік кредит сомасы. Ал негізгі борышқа қызмет көрсету –
кредиттік шарт талаптарына сәйкес белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының,
өзге де төлемдердің жиынтық төлемдері болап табылады.

Берешек – бюджеттік кредитті (кредиттік шартты) өтеу және оған қызмет
көрсету кестесіне сәйкес мерзімі басталған, қарыз алушы төлемеген мөлемдер
сомасы. Берешек пайда болған кезде бюджеттік кредитке қызмет көрсету
төлемдерінің мынандай кезектілігімен жүзеге асырылады:

1) есептелген тұрақсыздық төлемі (айыппұл, өсімпұл);

2) есептелген сыйақы;

3) негізгі борышты өтеу.

Сыйақыны есептеу тәртібі кредиттік шартта белгіленеді. Сыйақы есептеу
үшін жылдың 360 күні және айдың 30 күні есепке алынады.

Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау – тараптардың келісімі бойынша
олардың кредиттік шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерінің,
қаржылық және өзге де талаптарының өзгеруі.

Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау:

1) негізгі борышты өтеу және сыйақыны төлеу мерзімдерін өзгерті;

2) бюджеттік кредит. Кредит бойынша сыйақы және өзге де төлемдер
бойынша берешекті капиталдандыру (жиынтықтау) арқылы жүзеге
асырылады.

Олар әрі кеткенде 1 рет жүзеге асырылады.

Бюджеттік кредит бойынша борышты аударуға кредитор шешімінің негізінде
кредиттік шарт тараптарының келісімі бойынша жол беріледі.

Бюджеттік кредиттер бойынша кредиторлардың талаптарына талап қою
мерзімі қолданылмайды.

Кредиторлардың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талабы қарыз алушы
кредиттік шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамаған кезде, қарыз
алушы мен кредитор бір тұлға болғанда не Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес қарыз алушы – заңды тұлға таратылған жағдайда тоқтатылады.

2.3 Бюджеттік кредиттер бойынша бақылау, моноторинг, есепке алу

Кредитор және сенім білдірілген өкіл (агент) бюджеттік кредиттің
нысаналы пайдалануына және ол бойынша міндеттемелердің орындалуын
қамтамасыз ететін жағдайдың болуын бақылауды Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жергілікті жерлерде бюджеттік кредитті
нысаналы және тиімді пайдалануын тексеруді жүзеге асыра алады.

Бюджеттік кредиттір бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган
белгілеген тәртіппен міндетті тіркеуге, есепке алуға және оларды
мониторинг жүргізуге жатады.

Кредитор берілген барлық бюджеттік кредиттердің қарыз алушылар мен
сенім білдірілген өкілдері (агенттер) тұрғысынан тізілімін жүргізеді.

Бюджеттік кредиттерді пайдалану тиімділігін бағалауды бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган
жүзеге асырады.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік кредиттердің
пайдаланылу тиімділігін бағалауға арналған деректерді экономикалық
жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және
құрамда экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті
органдарға табыс етеді. Соңғы аталған органдар табыс етілген деректер
негізінде бюджеттік кредиттердің пайдаланылу тиімділігін бағалау бойынша
есептер қалыптастырады. Экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті
уәкілетті органдар бюджеттік кредиттердің пайдалану тиімділігін бағалау
бойынша есептерді жергілікті атқарушы органдарға және экономикалық
жоспарлыу жөніндегі орталық уәкілетті органға жыл сайын есепті жылдан
кейінгі жылдың 1 наурызына дейін табыс етеді.[6]

ІІІ Қорытынды

Бюджеттік кредиттеу бюджет құқығының негізгі институттарының бірі бола
отырып, өз алдына көптеген мақсаттар қойған. Сол мақсаттарға жетуге өз
ықпалын тигізуде.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы шетелдерден едәуір кредиттер алды.
Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде.
Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарларды шығаратын кәсіпорындарды
құру және жанғырту және басым өндірістерді, яғни экономиканы сауықтыру үшін
белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін пайдаланылуы
тиіс.[7]

Мемлекеттік кредиттердің түрлері[8]

Түрлері ІШКІ СЫРТҚЫ ШАРТТЫ
Қарыздар

Нысандары
Мемлкеттік Беру,Табысты КепілдікОрналастыБасқа
бағалы қағаздар өтеу есептеу ке салу ру және әдістер,
(облигациялар, мезгі(пайыздық міндеттеқызмет тәсілдер
қазынашылық лдерітабыстар, мелерді,көрсету
міндеттемелер, дисконт, кепілдікүшін
бондар, ұтыфстар) терді делдалдар
вексельдер, ресімдеуды таңдау
сертификаттар, дің
өндірістік тәртібі
қаржылық
құралдыр)

4. 2007 бюджеттің орындалуы

2007 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылуының қорытындысы туралы
қысқаша айтып өтуіме рұқсат етіңіздер. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуы
жөнінде толық ақпарат таратылатын материалдарда берілген.
Жалпы көрсеткіштер: Мемлекеттік бюджетке 2007 жылғы түсімдер қарыздар
түсімдерін есептемегенде 2,90 трлн. теңгені құрады және жылдық жоспардың
100,1%-ына орындалды, шығыстар қарыздарды өтеуді есептемегенде 3,11 трлн.
теңгеге, немесе жоспардың 98,7%-ына жүргізілді. Жоспарланған 260,2 млрд.
теңге тапшылыққа қарағанда іс жүзінде тапшылық 215,3 млрд. теңгені құрады.
Кірістер бойынша: Мемлекеттік бюджет табыстары 2007 жылдың қорытындысы
бойынша жоспардағы 2 880,3 млрд. теңгенің орнына            2 887,8 млрд.
теңгеге орындалды, жоспар 7,6 млрд. теңгеге артық немесе    100,3 %-ға
орындалды. Мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің
табыстарының өсу қарқыны 2006 жылмен салыстырғанда 123,3%, 120,3%, және
148,5%. Бюджет көрсеткіштері ҚҚСставкаларының төмендеуіне және жеке табыс
салығының жазық шәкілін енгізуге қарамастан өте жоғары болып қалуда.
Салық және кеден саласындағы әкімшілік жүргізудің іс жүзіндегі
жетістіктері экономиканың әртараптануын сипаттайтын мұнай емес сектордың
жоғары табысын қамтамасыз етті. Осылай, салықтық түсімдер 2 356 млрд.
теңгеге, немесе 101,9 6 %-ға жоспардағы 2312,8 млрд. теңге сомаға
орындалды. Салықтық түсімдер бойынша жоспарды артығымен орындау көбінесе
корпоративтік табыс салығы есебінен қамтамасыз етілген. Есепті кезеңде
корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардағы 730 млрд. теңгенің орнына
бюджетке 758,3 млрд. теңге түсті, немесе 103,9 %. Жоспар аванстық төлемдер
есебінен артығымен орындалды, сондай – ақ төленетін дивидендтердің артуына
байланысты Қазкомерцбанк АҚ, Ұлттық жинақ банкі АҚ, Тұран Әлем Банкі
АҚ, Банк Центр Кредит АҚ сияқты екінші деңгейдегі банктерден түскен
түсімдер өсті.
2007 жылы бюджетке кедендік төлемдер мен салықтар бойынша
         2006 жылмен салыстырғанда түсім 151,0 млрд. теңгеге артық түсті,
ол 636,4 млрд. теңгені құрады. Кедендік төлемдер мен салықтардың өсу
қарқынына кедендік рәсімдерді ықшамдау бойынша жүргізілген жұмыстардың оң
нәтижелері, сыртқы экономикалық қызметті заңдастыру, сондай-ақ импорт
көлемінің өсуі әсер етті. (2006 жылы импорт көлемі 23,7 млрд. АҚШ долларын
құрады, 2007 жылы – 32,8 млрд. АҚШ долларын, өсу қарқыны 138,3% құрады).
Анықтама: 2007 жылы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша. ірі
импорттаушылардың қызметінің қысқартылуы есебінен жоспар 13,7 млрд
орындалмады. Кредиттеу саласындағы дағдарыс инвестициялық импорт көлеміне
жағымсыз әсер етті, өйткені бұл ретте 23% (жылына 100 млрд. теңге)
жиналатын кедендік төлемдер мен салықтар құрылыстық материалдар мен
құрылыстық техникаларды импорттау есебінен қамтамасыз етіледі.
Ішкі өндіріс тауарларына қосылған құн салығы бойынша түсімдер     
164,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 36,7 млрд.
теңгеге өсті. 2007 жылға бюджеттен өтеу 184,4 млрд. теңгені құрады, бұл
өткен жылдың ұқсас көрсеткіштеріне қарағанда 19,4 млрд. теңгеге көп.
Мезгілінде төленбеген салықтар бойынша: 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай
бойынша мезгілінде төленбеген салықтар 46,6 млрд. теңгені құрады және
жылдың басымен салыстырғанда мезгілінде төленбеген салықтар    сомасы 1,3
млрд. теңгеге азайды, немесе 2,7%-ға. Жалған кәсіпорындар бойынша
мезгілінде төленбеген салықтарды есепке алмағанда осы
көрсеткіш                 26,5 млрд. теңгені құраушы еді немесе жылдың
басымен салыстырғанда төмендеуімен 26,6%. (жалған кәсіпорындар бойынша
мезгілінде төленбеген салықтар сомасы - 12,3 млрд. теңге). Салықтық
әкімшілік жүргізуді күшейту мақсатында салықтарды мезгілінде
төлемейтіндерге салықтық органдар төленбеген салықтарды мәжбүрлеп өтеу
тәсілдерін және шараларын қолдану ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджет шығындары құралы мен кұрылымы
Қазақстанда мемлекеттік кредиттеудің қалыптасуының теориялық негіздері
Бюджеттік хұқ
Қазақстанның бюджет жүйесінің экономикалық мәні
Мемлекеттің қолындағы бюджет қаржысын орталықтандырудың қажеттігі
Агроөнеркәсіптік кешенді қаржы-несиелік реттеу мәселелерінің теориялық - әдістемелік негіздері
Мемлекеттiк бюджет жайлы ақпарат
Мемлекеттiң бюджетi – мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы ретiнде
Қазасктан Республикасының бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
Агроөнеркәсіптік кешенді қаржы-несиелік реттеу мәселелері
Пәндер