Америка Құрама Штаттарының географиясы, демографиясы және экономикалық құрылымы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Америка Құрама Штаттары

Орындаған :

Тексерген :

Алматы 2007ж

Территориясының көлемі жөнінен АҚШ дүние жүзінің елдері ішінде төртінші орын алады. Оның құрамына үш бөлік кіреді:1) негізігі территория, ол шығыстан батысқа қарай 4, 7 мың, солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 мың км-ге үлкен төртбұрыш секілді, 2) Аляска, 3) Тынық мұхиттағы Гавай аралдары.

АҚШ-тың экономикалық географиялық жағдайы өте қолайлы, ол барлық кезеңдер де елдің дамуына себепші болды. Бұл ең алдымен теңіз шекарасының көптігіне, әсем табиғи айлақтардың болуына және әсіресе негізгі территориясының екі мұхиттың арлығына орналасуына байланысты. Канадамен және Мексикамен құрлықтағы шекарасы шартты сызықтар арқылы, өзндер мен көлдер арқылы өтіп, сауда экономикалық байланыстардың дамуына жағдай туғызды.

Мемлекеттік құрылысы бойынша АҚШ - 50 штаттан тұратын федерациялы республика. Әрбір штаттың өз конститутциясы, өзінің заң шығаратын атқарушы билік органдары, сайланбалы губернаторы, сондай-ақ рәміздері бар. Сонымен қатар, елдің астанасы-Вашингтон қаласы орналасқан Колумбия Федералдық округі өз алдына жеке аймақ.

АҚШ халқының саны жөнінен де дүние жүзінде үшінші орын алды. Тұрғындарының саны жөнінен ол ГФР, Франция, Ұлыбритания және Италияны қосып алғандағыдан кем түспейді. Демографтардың болжамдарына қарағанда ел тұрғындарының саны 2000 ж. қарай 265-270 млн. адамға жетпек; бұл бір ғана ХХ ғасырдың ішінде оның халқы 3, 5 есе өседі деген сөз.

Алайда АҚШ жас ұлт ретінде халықтың табиғи өсуі жөнінен дүние жүзінде алғашқы орындардың бірін уақыт келмеске кетті. 80-90 жылдары өсім айтарлықтай кеміп, жас жыныстық пирамидағада әсер етті. Халықтың жылдық абсалюттік өсуі қазір 2 млн. адамға жетпей отыр.

Иммиграция қашан да АҚШ халқының санына зор ықпал етіп келеді және солай бола береді де.

АҚШ халқының ұлттық құрамын қалыптастыруда жаппай иммиграция шешуші рөл атқарды. Қазіргі американ ұлты- бұл ең алдымен әлемнің әр түрлі бөліктерінен, әсіресе Еуропа мен Африкадан қоныс аударушылардың этникалық араласуы мен қосылуының нәтижесі.

Қазіргі кезде АҚШ-та жүзден астам этностар тұрғанымен, Этнографғалымдар оларды басты үш этникалық топқа біріктіреді: 1) АҚШ американдарына, немесе жай ғана американдарға яғни қазір ағылшын тілін ана тілім деп есптейтін әр түрлі ұлт қоныс аударушылардың ұрпақтарына; 2) АҚШ-қа таяуда ғана қоныс аударып, бұл елге әлі де «жерсініп»үлгермеген адамдарды қоса есептейтін өтпелі иммигранттар топтарына; 3) байырғы тұрғындар-аборигендерге. АҚШ американдары бүкіл халықтың ¾-ін; ал аборигендер - 1%-тейін құрайды. Соған қарамастан, АҚШ-тың өте көптеген географиялық актауларының үндістерден шыққанын байқауға болады.

Қара американдар американ ұлтының құрамында ерекше үлкен топ құрайтынын сендер білесіңдер, олар АҚШ халқының 12 процентін құрайды. Бұрын негр халқының негізгі бөлігі Оңтүстікте, Х1Х ғасырда құлдықты жойғанға дейін плантациялық шаруашылық үстем балған «қара белдеуде тұрды. Соңғы онжылдықтарда негрлердің жартысы Солтүстік пен Батыстың қалаларына қоныс аударды, олар оңтүстік штаттарда да қазір негізінен алғанда қалаларда тұрады. Халықтың діни құрамы да оны ұлттық құрамымен тығыз байланысты.

Халықтың орналасуының орташа тығыздығының көрсеткіші жөнінен АҚШ дүние жүзіндегі халық неғұрлым тығыз қоныстанған 20 елдің ішінде 18-ші орын алады. Ел ішінде халықтың орналасуында өте үлкен айырмашылықтары да бар.

Соңғы уақытта халықтың, ең алдымен зейнеткерлердің Солтүстік штатарынан Оңтүстік штаттарына ішкі көшіп-қонуы артты. Жалпы алғанда, бәрінен де Техас, Флорида, әсіресе Калифорния штаттарының халқы тезірек өсуде.

АҚШ халқының орналасуы ең алдымен қалалар географиясына байланысты, мұнда жалпы саны 9 мыңдай қала бар. Солтүстікамерикандық қала үлгісінің өзіндік ерекшкліктері көбіне қалалардың жастығына байланысты болып келеді.

АҚШ - нағыз қала агломерацияларының елі. Осымен қатар, агломерациялардың орталықтары мен шеткі бөліктерінің арасындағы арақатынас та өзгерді. Агломерация орталықтарында Жердің бағасының ұдайы өсуі, жеке автомобиль көлігі кеңінен дамып отырғандықтан экологиялық және көлік жағдайының нашарлауы, оның үстіне орташа американдықтың кіші болса да, өз үйінде тұруға тырысуы қала маңындағы зоналардың бей-берекет жайылып өсуіне әкеп соқтырды. Қазір мұндай «бір қабатты Америкада бүкіл Америкадағы отбасының 2/3 -сі тұрады, ал қалалардың орталық бөліктерінде таяу уақытқа дейін халықтың саны кемумен болды. Ақш-тың ауыл халқы негізінен бөлек орналасқан фермаларда тұрады. Бірақ тіршілік жағдайлары бойынша ауыл тұрғындарының айырмашылықтары шамалы. Демек, шын мәнінде бүкіл елде қалалық өмір салты шексіз үстемдік етеді.

АҚШ-та өнеркәсіптің дамуы үшін табиғат қорлары өте қолайлы орналасқан. Пайдалы қазбалар алабы мен кен орындары бүкіл елге кең таралған; мәселен, көмір мен мұнайдың қоры 30-дан астам штатта барланған. Тектоникалық құрылысының ерекшеліктеріне қарай АҚШ территориясын ең үлкен - шығыс және батыс бөлікке бөлуге болады. Шығыс бөліктің басты байлығы - отын пайдалы қазбалары, батыс бөлігінің басты байлығы - кенді қазбалар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Америка Құрама Штаттарының географиясы, мемлекеттік құрылысы, демографиясы және экономикасы
Америка Құрама Штаттарының экономикалық-географиялық жағдайы және шаруашылығы
Америка Құрама Штаттарының тарихи, экономикалық-географиялық және демографиялық сипаттамасы
Америка Құрама Штаттарының табиғат жағдайлары, халықтың сипаттамасы және өнеркәсіп құрылымы
Америка Құрама Штаттарының аумақтық, саяси және экономикалық-демографиялық сипаттамасы
Америка Құрама Штаттарының экономикалық-географиялық жағдайы мен даму ерекшеліктері
Америка Құрама Штаттарының рекреациялық ормандары: орналасуы, түрлері және басқарылуы
Америка Құрама Штаттарының экономикалық саясаты мен сыртқы саудасы: әлемдік рөл және Қазақстанмен саяси-экономикалық қатынастар
Америка Құрама Штаттарының шаруашылығы: өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының құрылымы мен даму үрдістері
Америка Құрама Штаттарының әлемдік ұлы державаға айналу кезеңдері (1918-1962 жж.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz