И.А.Моисеевтің КСРО –ға еңбек сіңірген Академиялық халық би ансамбліндегі педагогикалық және шығармашылық қызметі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Тарау: И.А.Моисеевтің балет өнеріндегі шығармашылығының қалыптасуы
және дамуы

1.1. И.А.Моисеевтің өмір жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2. И.А.Моисеевтің шығармашылық портреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15


1.3. И.А.Моисеевтің шығармашылығындағы жаңа леп ... ... ... ... ... ... ... ..19


2 Тарау: КСРО Академиялық халық би ансамбліндегі
И.А.Моисеевтің педагогикалық қызметі

2.1. И.А.Моисеев қызметінің негізгі бағыты . халық шығармашылығы ... ...24


2.2. И.А.Моиссевтің педагогикалық қызметінің негізі . классикалық би мен
халық билері элементтері арасындағы өзара байланыс ... ... ... ... ... ... ... 42



Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59

Пікірлер

Қосымша көрнекі құралдар
ХХ ғасыр өнер адамдарын қамтыған жаңа өзгерістерін халық биіне де ала келді. Пантомима мен би арасындағы шекараны жоюға деген үздіксіз ұмтылыстар, халық үлгілеріне тән би мәнерінің идеяларын, ойларын, сюжеттерін өтпелі би әрекетінде қарауға тырысатын тұстары көрініп жатты. Осындай адамдардың бірі - ансамбльдің құрушысы, фольклорды насихаттаушы және энтузиаст, ұжымның алғашқы күнінен бастап ауыспайтын жетекшісі, сахналық халық биі саласындағы барлық қызықты бастамалардың ұйымдастырушысы – Игорь Моисеев болды. Бұл ансамбль 1937 жылы дүниеге келді. Сол кезден бастап ол бүкіл әлемге аты әйгілі балетмейстер атанса, оның театр туралы өз арманын іске асыруға ұмтылған ансамблі өзінің шеберлігімен халықты қуанышқа бөлеп келеді.
Тақырыптың өзектілігі: Игорь Алексеевич Моисеев және оның ансамблі – бәрінен де биік, би өнерінің Эвересті. Дегенмен, бейресми қуаныштарды бұдан бұрын бастан өткіздік, бірақ бұрынғыдай-ақ, молдавалық сюитаның бірінші тактісіндегі демді қамтиды әрі поляктің әрбір ымымен арбап алады. Тамаша орындалған халықтық-сахналық би – бұл мемлекеттік ансамбльдің алғашқы маркасы. Оның ұйыта білетін кәсібилігі соншалықты, тіпті табиғи санамыз «бұл – бұрынғы моисеевшілдер» , «анау – болашақ моисеевшілдер» деп атауға эмоционалды түрде мәжбүрлейді. Осыған қарап тақырыптың өзектілігі деп мынаны айтуға болады, халық билері академиялық ансамбліндегі Игорь Александрович Моисеевтің педагогикалық және шығармашылық қызметі Қазақстан хореография өнерінде, оның ішінде халықтық хореографияда маңызды критерий болып табылады. Оның көп жылдар бұрын құрылған «әлем халықтары билері» бағдарламасы арқасында сол уақыттағы КСРО бойынша, сондай-ақ, Қазақстанда ән-би ансамбльдері құрылды. Бұл күнде олардың барлығы да Мемлекетке Еңбегі сіңген халық билері ансамбліне айналған.
Зерттеудің мақсаты: Игорь Александрович Моисеевтің педагогикалық әдістемелік қызметімен танысу және осы материалды халықтық хореография саласындағы педагогтардың тәжірибесінде пайдалану.

Осы мақсаттарды іске асыру үшін төмендегідей міндеттер жүктеледі:
1. Жиналған материалдар бойынша И.А.Моисеевтің шығармашылығын талдау және оқып үйрену:
2. Өзімізде бар видеоматериал негізінде халық билері ансамбліндегі И.А.Моисеевтің жұмысымен танысу және ғылыми тұрғыдан зерттеу жүргізу;
3. Пайдаланған әдебиеттер мен видеоматериалды пайдалана отырып, халық билері Академиялық ансамбліндегі И.А.Моисеевтің әдістемелік жұмысын толықтай ашу;
1. Луцская. Е. Жизнь в танце. – М., 1968.- 80б.
2. Сломинский. Ю. Все о балете. – М., 1966.
3. Умнов. Е. Ансамбль Игоря Моисеева. – М., 1966. - 156 б.
4. Сто лет и одна жизнь// Балет. 2006. №2.
5. Дивертисмент. – М., 1981.
6. Ефремова. Н. Игорь Моисеев.// Балет. 2001. №15.
7. Шамина. Л. И.А.Моисеев// Известия. 2003. №3. - 10б.
8. Блок. Л. Классический танец. История и современность. – М.,1987.
9. Лопухов А., Ширяев А., Бочаров А. Основы характерного танца. – М., 1959.
10. Лопухов А., Ширяев А., Бочаров А. Основы характерного танца. Выпуск II. – М., 2006.
11. Балет. Энциклопедия. – М., 1981.
12. Эльяш. Н. Русская Терпсихора. - М.,1986.
13. Советский балет. – Л., 1965.
14. Островский А., Соловьев С., Шокин В. Сольфеджио. Выпуск II. – М., 1958.
15. Ткаченко Т. Народный танец. – М., 1967.
16. Ткаченко Т. Народные танцы. – М.,1975.
17. Устинова Т. Русские народные танцы. – М., 1976.
18. Устинова Т. Беречь красоту русского народного танца. – М., 1959.
19. Надеждина Н. Русские народные танцы. – М., 1951.
20. Уральская В., Соколовский Ю. Народная хореография. – М., 1972.
21. Борзов А. Танцы народов СССР. – М., 1983.
22. Игорь Моисеев 80 лет в искусстве// www. yandex, ru
23. Гусев Г. Методика преподавания народного танца (упражнения у станка). – М., 2002.
24. Гусев Г. Методика преподавания народного танца (танцевальные движения и упражнения у станка). – М., 2003.
25. Гусев Г. Методика преподавания народного танца (Этюды). – М., 2004.
26. Базарова Н., Мей В. Азбука классического танца. Издание II. – Л.,1983.
27. Бородина С. пер.с. анг. Балет. Уроки. Иллюстрированные руководство по официальной балетной программе. – М., 2003.
28. Балет. – М., 2003.
29. Костровицская В., Писарев А. Школа классического танца. Издание III. – Л., 1986.
30. Баглай В. Этническая хореография народов мира. – Ростов-на-Дону., 2007.
31. Харьков.А. Советский балет. – М.,1983.
32. Гучмазова Л. Юность – в пятьдесят лет//Советский балет. 1994. №5
33. www. Yandex. Ru. 2.11.07г. 21б.
34. РИА новости. И.А.Моисеев//www. Yandex. Ru. М., 2.11.07г. 7б.
35. ГТК Телеканал «Культура» И.А.Моисеев. Я вспоминаю….- М., 1999. 9-10 серия. (Видео материал)
36. ГТРК «Культура» Ансамбль И.А.Моисеева. 70 лет. – М., 2007. (Видео материал).

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

т.жҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯСЫ

Кукетов Берік Алпысбайұлы

ТАҚЫРЫБЫ:
И.А.Моисеевтің КСРО –ға еңбек сіңірген Академиялық халық би ансамбліндегі
педагогикалық және шығармашылық қызметі

Мамандықтың шифры: 6N0409 – хореография
Мамандық: Хореография педагогикасы
Біліктілік – Хореограф педагог

Диссертация хореография магистр академиялық дәрежесін ізденуі бойынша
жазылған

Ғылыми жетекшісі:
доцент Шубладзе О.Б.

Алматы 2010 ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Тарау: И.А.Моисеевтің балет өнеріндегі шығармашылығының қалыптасуы
және дамуы

1. И.А.Моисеевтің өмір
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
. 5

2. И.А.Моисеевтің шығармашылық
портреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

3. И.А.Моисеевтің шығармашылығындағы жаңа
леп ... ... ... ... ... ... ... ..19

2 Тарау: КСРО Академиялық халық би ансамбліндегі
И.А.Моисеевтің педагогикалық қызметі

2.1. И.А.Моисеев қызметінің негізгі бағыты – халық шығармашылығы ... ...24

2.2. И.А.Моиссевтің педагогикалық қызметінің негізі – классикалық би мен
халық билері элементтері арасындағы өзара
байланыс ... ... ... ... ... ... ... 42

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...59

Пікірлер

Қосымша көрнекі құралдар

КІРІСПЕ

ХХ ғасыр өнер адамдарын қамтыған жаңа өзгерістерін халық биіне де ала
келді. Пантомима мен би арасындағы шекараны жоюға деген үздіксіз
ұмтылыстар, халық үлгілеріне тән би мәнерінің идеяларын, ойларын,
сюжеттерін өтпелі би әрекетінде қарауға тырысатын тұстары көрініп жатты.
Осындай адамдардың бірі - ансамбльдің құрушысы, фольклорды насихаттаушы
және энтузиаст, ұжымның алғашқы күнінен бастап ауыспайтын жетекшісі,
сахналық халық биі саласындағы барлық қызықты бастамалардың ұйымдастырушысы
– Игорь Моисеев болды. Бұл ансамбль 1937 жылы дүниеге келді. Сол кезден
бастап ол бүкіл әлемге аты әйгілі балетмейстер атанса, оның театр туралы
өз арманын іске асыруға ұмтылған ансамблі өзінің шеберлігімен халықты
қуанышқа бөлеп келеді.
Тақырыптың өзектілігі: Игорь Алексеевич Моисеев және оның ансамблі –
бәрінен де биік, би өнерінің Эвересті. Дегенмен, бейресми қуаныштарды бұдан
бұрын бастан өткіздік, бірақ бұрынғыдай-ақ, молдавалық сюитаның бірінші
тактісіндегі демді қамтиды әрі поляктің әрбір ымымен арбап алады. Тамаша
орындалған халықтық-сахналық би – бұл мемлекеттік ансамбльдің алғашқы
маркасы. Оның ұйыта білетін кәсібилігі соншалықты, тіпті табиғи санамыз
бұл – бұрынғы моисеевшілдер , анау – болашақ моисеевшілдер деп атауға
эмоционалды түрде мәжбүрлейді. Осыған қарап тақырыптың өзектілігі деп
мынаны айтуға болады, халық билері академиялық ансамбліндегі Игорь
Александрович Моисеевтің педагогикалық және шығармашылық қызметі Қазақстан
хореография өнерінде, оның ішінде халықтық хореографияда маңызды критерий
болып табылады. Оның көп жылдар бұрын құрылған әлем халықтары билері
бағдарламасы арқасында сол уақыттағы КСРО бойынша, сондай-ақ, Қазақстанда
ән-би ансамбльдері құрылды. Бұл күнде олардың барлығы да Мемлекетке Еңбегі
сіңген халық билері ансамбліне айналған.
Зерттеудің мақсаты: Игорь Александрович Моисеевтің педагогикалық
әдістемелік қызметімен танысу және осы материалды халықтық хореография
саласындағы педагогтардың тәжірибесінде пайдалану.

Осы мақсаттарды іске асыру үшін төмендегідей міндеттер жүктеледі:
1. Жиналған материалдар бойынша И.А.Моисеевтің шығармашылығын талдау
және оқып үйрену:
2. Өзімізде бар видеоматериал негізінде халық билері ансамбліндегі
И.А.Моисеевтің жұмысымен танысу және ғылыми тұрғыдан зерттеу
жүргізу;
3. Пайдаланған әдебиеттер мен видеоматериалды пайдалана отырып, халық
билері Академиялық ансамбліндегі И.А.Моисеевтің әдістемелік жұмысын
толықтай ашу;
4. Ансамбльмен жұмысы барысындағы И.А.Моисеевтің жалпы және жеке
ерекшеліктерін негіздеу;
5. Барлық материалды қазақ тілінде жеткізу.
Зерттеу объектісі: Осы диссертацияның зерттеу объектісі КСРО
халықтары билерінің Академиялық ансамбліндегі Игорь Александрович
Моисеевтің шығармашылық және педагогикалық жолы болып табылады.
Зерттеудің мәні: Бұл диссертацияны зерттеудің мәні Игорь
Александрович Моисеевтің өнердегі Өмірлік жолы және оның халықтық
хореографияға енгізген жаңалығы болып табылады.
Ғылыми болжам: Егер Игорь Александрович Моисеевтің педагогикалық
қызметіне, оның КСРО халықтары билерінің Академиялық ансамбліндегі
жұмысына тоқталатын болсақ, онда оның жұмыстарының негізінде халық
билерінің элементтерін пайдаланған классикалық би жатқанын анықтауға
болады.
Тақырыптың жаңалығы: Игорь Александрович Моисеевтің педагогикалық
және шығармашылық қызметі халық билері ансамблінің жұмысына әдістемелік
нұсқаулық болып табылады. Себебі оның әдістемесі бүкіл әлемге танымал, ал
оның билері халықтық хореографияда бәріне белгілі. И.А.Моисеевтің
ансамбльдегі жұмысы алғаш рет педагогикалық тұрғыдан қарастырылды және
тұңғыш рет жүйелі түрде зерттеу жүргізіліп, қазақ тілінде баяндалып отыр.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы: Осы диссертацияның негізгі теориялық
ережесі халықтық ансамбльдің іргетасын қалаумен негізделеді. Өйткені
И.А.Моисеевтің әдістемесінің халықтық хореографияның тәжірибелік жұмысында
маңызы зор.
Жұмыстың нәтижесін анықтау: Диссертацияның негізгі түйіндері бірқатар
ғылыми мақалаларда, баяндамаларда көрініс тапқан. Хореография
кафедрасының оқытушыларының алдында автор алғашқы таныстыруларын жасап,
бірінші тарауын қорғады.
Құрылымы: Осы диссертациялық жұмыста біз зерттеу мақсаты мен
міндеттерін көрсеттік. Диссертация тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен
міндеттері, зерттеу объетісі мен зерттелу мәнін, ғылыми болжам, жұмыстың
тәжірбиелік маңызы мен жұмыстың нәтижесін анықтау көрсетілген кіріспеден
тұрады. Жалпы зерттеу жұмысы 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде
И.А.Моисеевтің балет өнеріндегі шығармашылығының қалыптасуы мен дамуына мән
берсек, екінші бөлімде И.А.Моисеевтің КСРО Академиялық халық би
ансамбліндегі педагогикалық және шығармашылық қызметін көрсеттік.
Қорытындысында біз жалпы осы жұмыстағы көрсетілген екі бөлімге талдау
жасап, жұмыс барысында ұтымды тұжырымдар баяндалды.

1 Тарау: И.А.Моисеевтің балет өнеріндегі шығармашылығының қалыптасуы және
дамуы

1. И.А.Моисеевтің өмір жолы

Егер хореограф Игорь Александрович Моисеевтің шығармашылығы және
қайраткерлігімен тереңірек таныссаңыз, оның талантының күшіне, саналы
қуатына, еңбегіне қалтқысыз таң қаласыз. Халық биіне арналған дәл осындай
ансамбльдің тууы бекер емес, сондықтан да халық арасында бұл ұжымды
Моисеевтікі деп атайды.
Моисеевтің шыққан ортасы өнерлілер отбасы емес. Оның әкесі – заңгер,
анасы – тігінші. Сол себепті оның балалық естеліктері де театрмен
байланысты емес.
И.А.Моисеев (1906.21.01г – 2007.06.11г) Украинаның Киев қаласында
дүниеге келген. Балалық шағын Парижде өткізді. Күміс Сена, түтінді
бульварлар, жанды топ, Нотр-Дамның готикалық қатыгездігі хореограф есінде
мәңгі сақталып қалды. Ол 1913 жылы Украинаға қоныс аударды. Жас баланың
тәрбиесі әкесі жағынан туыс болып келетін әпкесіне – жергілікті мұғалімге
жүктелді. Әпкесі әр түрлі губерниялардағы мектептерді тексеретін, ал
кішкентай Игорь солармен бірге саяхатқа шыққанды ұнататын. Дәл осы
уақыттардан бастап Игорьдің бойындағы байқағыштық, көріп есте сақтау
қабілеті дамып, кейінірек таң қаларлық дүниеге айналды. Ал өмірге деген
қызығушылығы жан–жағын жіті бақылап, егіншілердің бет-бейнесін, қыздардың
бұрымындағы түрлі ленталардың түр-түсін, құдық басындағы ауыл жастарын есте
сақтауға үйретті. 5-6 жылдан кейін Моиссев А.С.Пушкиннің Полтава шайқасы
хикаятын толығымен жатқа білді.
Дәл осы жерде ол өзіне алғаш рет фольклор байлығын ашты, осы күнге
дейін халық шығармашылығына басын иіп, олардың әндері мен билеріне ғашық
болып келді.
1917 жылы Моисеев жанұясы Мәскеуге қоныс аударды. Фперов гимназиясының
арық, қара көзді оқушысы өз сыныптастарынан анағұрлым көп білді. Оның
жадында өзінің құрдастарының түсіне де кірмейтін ғажап қазына сақтаулы еді.
Сонда да ол одан сайын көп білгісі келді, жаңа жерлерді, жаңа адамдарды
көргісі келді. Бір нәрсені білсем деген құштарлық оған маза бермеді.
Жаңалық ашуға деген ұмтылысы оның мінезіне сіңген бір қасиетке айналды.
20-жылдардың басы. Елде күйзеліс. Тіпті темір жолмен сапарға шығуды
ойлауға да тұрмайды. Бірақ жазғы демалыс басталысымен-ақ, Игорь қабын
арқалап, саяхаттап кететін. Поволжье, Ақ теңіз жағалауы, Кавказ... Осы
жерлерде көргендерінен алған әсерлері мен сезімдері кейінірек оның
шығармашылығында көрініс тапты.
Екі он жылдықты артқа тастап, Карабах шопандары, Аркан гуцул
бақташылары, табиғатпен етене байланысқан таулықтардың өмірі оны бей-жай
қалдырмайды. Бұл тақырыпта қойылған шығармаларынан біз ержүрек
бақташылардың құлама жартастармен шабысын сезінеміз. 30 жылдан аса уақыт
өтсе де, көрермен Партизандағы тау тізбектерінің жақындығы мен таза
ауасын бүгінгідей сезінеді.
Ата-анасы Игорьдің бойындағы шығармашылық түйінді байқап, оны сол
кездегі танымал педагог В.Мосолованың студиясына оқуға береді. 1920 жылы
Моисеев Мәскеу хореографиялық училищесіне оқуға түседі. Табиғи
көрсеткіштері әдеттен тыс жоғары болғандықтан, ол оқуын бірден 5–сыныптан
бастайды.
Кәсіптік би мектебі оған көп нәрсе берді. Ол классикалық бимен де,
пантомимамен де бірдей айналысты. Оның ұстазы – көрнекті балетмейстер
Александр Горский. Оның хореографияға деген көзқарасы, халық биіне деген
қызығушылығы Моисеевтің жеке тұлға ретінде қалыптасуына маңызды рөл атқарды
[1. 11б].
Мәскеу хореография училищесін бітіргеннен кейін, 1924 жылы Моисеев
Үлкен театр труппасына қабылданды. Өзінің табиғи тұлғасы, ер жүректі би
мәнері, мықты би техникасы, оны жас болса да жетекші солистердің қатарына
қосты. Моисеев репертуарында солистен шектен тыс актерлік шеберлікті талап
ететін әр түрлі рөлдер бар. Мысалы, Ф.Шуберттың Теолинде –Рауль,
С.Василенконың Керемет Иосифінде – Иосиф, Андрей Арендстың Саламбосында
– Мато, Р.Глиэрдың Қызыл гүлінде – Фениксті айтуға болады. Балетмейстер
Касьян Голейзовскийдің айтуынша, Игорь Моисеев – тамаша классикалық биші,
әр дайым батыр бейнесін сомдаған [2. 259б].
Моисеев 1929 жылдан бастап-ақ үлкен театр қабырғасында жүріп өзінің
балетмейстерлік жұмысын бастайды. Балетмейстер Моисеевтің алғашқы жұмысынан-
ақ (Кармен операсындағы испан билері) оның жаңашыл идеаны таныта
білгендігін көрсетті. Балеттік әдемілігімен мәнерлігінен тыс, оның би
композициалары органикалық ой – желісімен, қарапайым әрі бай қалыптарымен
және фольклорлық сарынды нәзік интерпритациасымен таң қалдыра білді.
Футболист балетінің хореографиялық арқауына Моисеев сәтті енгізген
қозғалыстың спорттық элементтері тақырыптың заманауилығын, өткір түрін
айрықша атап көрсетті.
Моисеев үлкен топтық би қойылымдарына өте бейім болды. Ашық, тартымды,
өткір, егер сюжетіне сай келсе, әзіл–оспағы бар бидегі жеке мінез – осының
барлығы алғаш рет Футболисте пайда болып, кейіннен Моисеевтің Саламбо
қойылымында өзгеше көрініс тапты. 1910 жылы Александр Горскийдің қойған
спектакльді қайта жандандырып, жас балетмейстер орыс хореографиясының
дәстүріне адалдығын білдірді. 1910 жылғы қойылымға қарағанда Саламбодағы
халықтық сахнаның мағыналық маңыздылығы артты. Партиядағы басты қаһармандар
мұқият іріктеліп, дуэттер шартты балеттік қимылдардан босатылды.
Алайда, спектакль қоюшының басты қызығушылығы кейіпкерлердің өзара
қарым-қатынасына жұмылдырылмады.
Ерекше алуан түрлі көпшілік билер балетмейстердің шынайы қолдаушылығын
көрсетті. Моисеев азды-көпті сәтті дивертисмент (көңілашар) жасауға
тырысқан жоқ – бидің өзіндік дәйектілігі мен жан-жақты бағдарлы
спектакльдегі канондардан қабылданған тамаша түрде болатын шығыс
жауынгерінің жиынтық бейнесін жасады. Бұл спектакльдегі бедуин биі, сансыз
лирикалық билер, тәжік биі Моисеевтің фольклорды жете меңгергендігін,
халықтық қайнарлардың түп нұсқасына жақынырақ баруға тырысатынын байқауға
болады.
Аяғында, балетмейстер Үш семізде сахнадағы уақыт пафосын (шаттығын)
өнертапқыштықпен тентек көңілді ешбір сәндемесіз, плакатсыз көрнекті беруге
тырысты.
И.Моисеевтің алғашқы қойылымдары өте жоғары бағалар алды. Бастамасы
керемет. Үлкен театр сахнасындағы Моисеевтің ізденісі жеміссіз болмады,
бірақ театр шебері оған өзінен-өзі еріксіз шектеу қойды. Айқын белгіленген,
классикалық репертуар міндеттемелері, театр үрдісінің белгілі кертартпалығы
– осының бәрі өзінің ойлары мен жоспарларын іске асыруға мүмкіндік бермеді.
Жас балетмейстердің балетте жаңа сапаны іске асыру тілегі –
шығармашылығына қанағаттанбауымен жинақталды. 1936 жылы халық
шығармашылығының экспериментальды театры пайда болғанда, Моисеев іштей
жинақталған білімін іске асыруға дайын болды. Ол Үлкен театрды тастау
шешімін қабылдап, өзінің барлық күш-жігерін, жинақталған тәжірибесін халық
биі өнеріне жұмсауға бел байлады.
Бірақ халық биі ансамблінің пайда болуымен бірге 1936 жылы болған екі
оқиға тұспа-тұс келді.
Лондонда халық билерінің Халықаралық фестивалі өтті. Бұл жерде Кеңес
делегациясы назардан тыс қалмады. Фестиваль жеңімпаздары Тамара ханым,
Уста Алим, Нино Рамишвили, Илико Сухишвили әр түрлі республикаларды
таныстырды.
1936 жылы Мәскеуде бес күн өткен Бүкілодақтық фестиваль
көркемөнерпаздар өнерінің шарықтау шыңы болды. Бұл фестивальға қырық түрлі
ұлттан бір мың жүз өнерпаз қатысты.
Осы уақытта заңды түрде халық билерінің Мемлекеттік ансамблі құрылды.
1936 жылы халық шығармашылығының эксперименттік театры (режиссері
Николай Охлопков) жанынан Игорь Моисеев басқарған хореографиялық труппа
ұйымдастырылды. Бірақ жартылай көркемөнерпаздар ұжымы алғашқы қадамынан-ақ
өзінің дербестігін мәлімдеп, театр сахнасынан тыс көлемді мақсат-
міндеттерді алдына қойды. 1937 жылдың 10 ақпанынан бастап халық биі
ансамблінің сахналық өмірі басталды.
Ансамбльге қабылданғандардың үштен екісі – биді кәсіби меңгермеген
тәрбиеленушілер еді. Ал олармен бірге кәсіби мамандар жұмыс істеді.
Александр Локтинова – Мәскеу оперетта театрының бишісі. Евдокия Назарова –
эстрада солисі. Анна Кобзева мен Тамара Зейферт – Үлкен театр
хореографиялық техникумының тәрбиеленушісі. Валериан Арсеньев Саратов опера
және балет театрының солисі.
Бірақ дайындық жүргізу үшін Ансамбльдің тұрақты үй-жайы болған жоқ.
Бүгін – мұғалімдер үйінде, ертең – спорт залында дайындық жасап жүрсе,
үшінші күні әртістерді өкшелерімен еденді бүлдіреді деп қуып шығатын. Олар
ипподром клубына көшеді. Түнімен жылқылар түнейтін бөлмелерде күндіз
бишілер билейді. Әбден шаршап-шалдыққанша бірнеше сағат билейді. Сөйтіп,
қаңғыбастар сияқты өмір сүріп жүргенде қыстың да қалай өткені білінбей
қалады. Тек күн жылына бастағанда олар М.Горький атындағы Орталық мәдениет
және демалыс саябағында дайындық жұмыстарын жүргізеді. Содан кейін әртістер
Правда мәдениет үйін паналайды. Бұдан соң аз ғана уақыт хореографиялық
мектепте тұрақтайды, осындай саяхатпен ансамбльдің бір жылы өте шықты.
Күнделікті жаттығу мен дайындықтан басқа мұнда олар көп оқитын.
Гримдеуді үйрене жүріп, олар театр тарихымен, актерлік шеберлікпен
айналысты. Шеберлік курсын МХАТ әртісі В.О.Топорков жүргізді. Бишінің күн
тәртібі туралы әңгімесін ынтамен тыңдайтын және әзілмен түсініктеме береді:
ол күндері ансамбльдің күн тәртібі туралы айтылмайтын да еді. Қалған
уақытты құрамында көп ұлтты труппаға маңызды болып табылатын орыс тілі
сабағына жұмсайтын.
Бағдарлама дайын еді. Дегенмен ансамбль дебютінің ресми мезгілі 17
қазан – кеңестер үйінің колоналық залында алғашқы концерті өтті, ал 1937
жылдың 29 тамызында Эрмитаждың эстрада бағында ансамбль өміріндегі тұңғыш
премьерасы өтті[3. 20-21б].
Ұжым сахнаға шықты. Алғашқы бағдарлама нөмірінің көпшілігі қарқынды
екпінмен өтті, ал финал Молдовенясканың динамикалық болғандығы сонша,
толқып кеткен орындаушылар шымылдық артындағы баспалдақтың бірнеше сатысын
баспай инерциямен ұшып өтті.
Алғашқы орындауынан-ақ ансамбль көрерменді материалдың жаңашыл
бағытымен таң қалдыра білді. Тұңғыш рет кәсіби сахнада халық билерінің
түпнұсқасы көрсетілді. Алғашқы бағдарлама үшін таңдалған әрбір би сол
республикада кең тараған билердің қатарында болды. Ансамбль үшін ең басты
қызығушылық халықтың тұрмысын көрсететін билер еді; осы уақытқа дейін
ансамбль ұжымы түпнұсқаны сараптау және жаңадан жасаумен айналысып келді.
Белорустың Левонихасы мен Крыжачогы, орыстың Полянкасы,
осетиннің Симдісі, Молдавеняскасы, Армяндық сюита сынды әрбір биде
түрлі халықтардың фольклорындағы типтік бейнелер айрықша атап көрсетілген.
Әртістер бір бейне арқылы бүкіл халықтың шығармашылық мінезін көрсетуге
тырысты. Молдавеняска, Крыжачок, Симд, Левонихада сюжет жоқ. Ал
аджардың Хорумиі мен армянның Крынгиында айқын желі бар: Хорумида –
барлау, жауды аңду, ұрыс, әскердің кетуі, жаралы жолдасына демеу болу;
Крингида –үй еңбегі мен әйелдердің көңіл көтеруі: нан дайындау, бұлақ
басына суға бару, әшекей заттар мен әдемі киімдерді өлшеу.
Халық биіне деген қастерлі, ықыласты қатынасы, оның негізгі әуенін
сақтау, би лексикасының қарапайым формаларының үндесуін білу – ансамбльдің
толық әрі жаппай жетістігіне қол жеткізді. Моисеев сол жылдары былай деп
жазды: Ансамбльдің мақсаты – халық биінің классикалық бейнесін жасау, оған
бөтен және барлық өзіне тән емес нәрселерден арылту, халық билерінің
орындау шеберлігін жоғары көркемдік деңгейге көтеру. Алғашқы концерттің
өзінде залмен өте тығыз, тікелей байланыс орнады, көрермендер көргендерін
әрқайсысы қажетті әрі қымбат дүние ретінде қабылдады.
Әртүрлі өлкедегі би шығармашылығымен айналысатындар өздерінің
тәжірибелерін ықыласпен бөлісті. Кавказ жағалауы, Орта Азия, Солтүстіктен
дайындыққа көптеген адамдар келіп жатты, олардың күнделікті жұмысқа
араласуы әдетке айналды. Ешкім шаршамайтын, ал анығында, өзінің
шаршағандығын көрсету мүмкін емес деп санады, келесі биге шығу үшін лезде
киініп, сахнаға қарай ұшқанда ешкім де шағымданбайтын.
Жетекшінің өзі аяқ астынан ауырып қалған әртісті алмастырып, жүре
билейтініне де ешкім таңданбайтын. Әрбірінің және барлығының қызметінің
маңызы – көп әрі жақсы билеу болды.
1937 жылы желтоқсанда ансамбль тұңғыш Ленинградқа гострольдік сапарын
жасады. Ең үздік академиялық труппа орналасқан қала ансамбльді жылы
қабылдады. Бірақ табыстан бас айналған жоқ. Атақ алғаннан кейін де ұжым
табандылықпен жұмыс істеді.
Репертуары да кеңейді. Украиндық Бұрқасын (Метелица), нанай лирасы
Ескекпен сайыс (Фехтование на веслах), қырымдық Татар қызы
(Татарочка), сондай-ақ Арбатованың да жұмысы – Таракяма азербайжан биі
және Мирзан иран биі сахналанды.
Балетмейстер енді көпшілік Татарочка, Мирзан, Таракяма–әйелдік
соло (жеке орындау) билерімен ғана шектелмейді. Өйткені Қазан татарларының
биі – екі жұппен орындалады. Жеке орындаушылық номерлермен жұмыс жасау
мүмкіндігі – орындаушының кәсіби өсуінің салдары. Барлық орындаушылардың
әрбірінің жеке қолтаңбасымен бірыңғай мәнерінің үйлесімі – ансамбльге тән
нәрсе.
Алғашқы бағдарламадағы билерге қарағанда, жоғарыда аталған барлық
билердегі ойынға құрылған сәттер батыл, өткір берілген. Сонымен қатар
Қазан татарларының биі камедиялық квартетті көрсетеді: әйел және еркек
соло кезектесіп, бір уақытта екі дуэт көрінеді, кода мұқият
жетілдірілген. Қоюшы мінездерді кейіпкерге айналдыруға тырысады. Би және
ойын жанрын біріктіру жолдарын іздейді.
1938 жылы фольклорлық әуенге негізделген Мәскеу түбіндегі лирика
(Подмосковская лирика) деген би пайда болды.
Халық биіндегі қимылдар мен бейнелердің дәйектілігі әдетте қатаң
сақталады. Олар әрқашан ең алдымен өзің үшін орындалады.
Ал сахналық би ең алдымен басқалар үшін орындалады. Ойдан тапқан
кейіпкердің атынан шыққан әртіс сахналық биде түрленіп шыға келеді. Демек,
сахналық би қимыл–қозғалыстың дамуына бағынатын ашық, жеке мінездерге
негізделген. Бұған мысал ретінде Мәскеу түбіндегі лириканы (Подмосковная
лирика) айтуға болады. Алғашқы бағдарламаға енген түпнұсқалар халық туралы
біршама жинақтық көрсетілімдерді берді. Енді бұл көрсетілімде суреттелетін
кейіпкерлер сахна сюжетіне бейімделді. Моисеевтің шығарған биі тұтас
хореографиялық миниатюраға айналды.
Мәскеу түбіндегі лириканың (Подмосковная лирика) экспозициясы мен
қорытындысында кадриль тәсілдері жеңді. Шынайылық пен анықтылықты сезіну
фольклордағы қимыл-қозғалыстардың ауысуымен ғана байқалған жоқ. Осындағы
(Подмосковная лирикадағы) пантомима биді де бояудың болатынын анықтай
түсті. Мұнда би мен пантомима арасындағы айқын шекараны жоюға тырысатыны
көрініп тұр. Бұл шығарма өткен күндер мен бүгінгі күнге арналған Өткен
күндер суреттері циклін ашты.
Ұжым тарихының жаңа кезеңі басталмай жатып–ақ қайнаған пікір- талас
сынынан өтуге тура келді. Айтыс-тартыстың өршігені сонша, тіпті жас
труппаның жойылуына қауіп төнді. Ансамбль халықтық билерді ғана көрсетумен
шектелді, орындаушылардың стилі жөнінде ескертулер алғанымен, оның
қызметіне ешқандай кедергі болмады. Мәскеу түбіндегі лирика
(Подмосковная лирика) фольклорға жаңаша көзқарастың үлгісі іспеттес
болды. Халық билерінен өсіп дамыған, бірақ оның көшірмесі емес
хореографиялық суреттер жанры пайда болды. Фольклорды төмендетуге
талаптанғандардың үні өшті.
1939 жылы Мәскеу түбіндегі лирика (Подмосковная лирика)
төңірегіндегі таластар толастамады. Ансамбль қойылымдағы барлық оңды
өзгерістерді дамыту мен бекіту керектігін терең түсінді. Сондықтан саясат
бір бидің төңірегінен алыста жатты[1. 30б].
Пікірталастың мазмұны – халық шығармашылығына деген екі қатынас, екі
тәсіл, екі көзқарастың қақтығысы. Біреулері фольклор құндылығының астында
тек этнография жатыр деп сендірді әрі оның бейнелілігіне, көркем мағынасына
аз сенді, халық өнері мен кәсіби өнердің арасындағы өзара жаңару, өзара
байланыс, өзара әсер мүмкіндіктеріне шекара қойды. Олар ансамбльдің
қызметтік саласында шынайы тұрмыстағы халық билерін табу, оларды
кірпияздықпен белгілеу, мұражайда тұрғандай сақтау және концерттерде
көрсету сияқты минимумды шығаруды қалады. Ал ансамбль болса өзінің
мақсаттарын халық биін насихаттаумен ғана шектелмейді деп сендірді. Себебі,
бұл – оның қызметінің бір ғана саласы.
Ұжым халық туғызған дүниелерді ғана сақтау керек емес, сонымен қатар
түпнұсқасын сақтай отырып, жаңа дүние жасау керектігін дәлелдеді. Шығармада
би фольклоры өшкен болса, жартылай ұмытылған бөлшектерді тауып, сол арқылы
тұтастығын қалпына келтіреді. Жаңа шығарылған би түпнұсқадағыдай боп, халық
өз шығармашылығы ретінде қабылдауы үшін оның қайнар-бастауларын тек
фольклорлық биден емес, халықтық және өнертапқыштық шығармалардан іздеді.
Пікірталас кезінде халық шығармашылығы негізінде театрландырылған
қойылымдар қоюдың келешегі туралы сөз болды.
Бүгінде ансамбль шығармалары театрлық түр алды, ол тіпті бұл ел
естімеген сорақылыққа айналып, біреулерді қорқытса, енді біреулері есінен
танды. Ал ұжым өз жолымен жүре отырып, жаңа белестерге көтерілді. Енді ол
ұзақ сапарға аттанды: түпнұсқадан – миниатюраға, миниатюрадан – суретке
(картинаға), суреттен – концертке – спектакльге.
Жас әртістерді орындаушылар ретінде ел білді. Енді оларды басты дәйегі
– би деп білетін даугерлер ретінде білді. Сол кезде жаңа бір рух пайда
болды, ол бүгінде ансамбль бағдарламасына енген.
1939 жылғы пікірталаста шындықтың беті ашылды. Биде этнография ғана
емес, оның театрлық, поэтикалық жағын іске асыруды қалпына келтіру қаралды.

Тек фольклорлық материалдың алғашқы бастауларын ұғынғанда ғана халық
биінің сахналық бейнесін жасауға болады. Осының бәрін өмірде іске асыру
үшін бишілерге жаңашыл көркемдік жетекші керек болды. Ол ансамбльді құрушы,
ұжымның алғашқы күнінен бастап тұрақты жетекшісі, сахналық халық биі
саласындағы барлық қызықты бастамалардың ұйымдастырушысы, энтузиаст және
фольклорды насихаттаушы Игорь Моисеев болып табылды. Ансамбль гастрольдік
сапарларға шығып, өзінің жұмысын жалғастыра берді. 1939 жылдың қыркүйегінде
Батыс Белоруссияны азат еткен Кеңес Армиясы бөлімшелерінің соңынан еруге
ансамбльге бұйрық шықты. Сол кездегі жағдай шығармашылық мүмкіндік
бермейтіндей болып көрінді. Бірақ ансамбль үзіліс кезінде халық алдына
шығып, өнер көрсетіп, үлкен жетістіктерге жетті. Бұл гастрольдер Вильнюсте
бітті. Алғаш рет жаяу жүріп жасалған барлық саяхаттар нағыз сахна тақтасы
болып шықты. Көп жылдар бойы жай ғана сахнада жүріп, аяқ астынан кәсіби
сахнаға кезікті. Жарық беруге күн де, ай да емес, қалыпты софит
пайдаланылды. Шымылдық (ықтырма) артында көрермендер – Вильнюс опера
театрының қызметкерлері жиналып қалатын. 1939 жылдың 6 қазанында ансамбль
Мәскеуге оралды. Мұнда әрбір әртіс пен жетекшіні үкімет наградалары
(сыйлықтары) күтіп тұрды.
Ансамбль 1940 жылы Кеңес Армиясы бөлімшелерімен бірге Солтүстік
Буковинадан бір-ақ шықты. Мұнда 15 күн ішінде 25 концерт берді. Ұжым үшін
жаңа, ерекше көрерменмен кездесу қызықты әрі пайдалы болды. Ол бидің әсерлі
күшін тексеруге көмектесті, ансамбль концертін тұңғыш көрушілердің
құрметіне бөленді.
Батыс Белоруссия, Солтүстік Буковина мен Балтық жағалауында болған аз
ғана уақыт ансамбльге шынайы жемісін берді: сол жерде халық әндері мен
билерінің ұжымдарын құрды. Халықтың би шығармашылығына қызығушылығы оянып,
ұлттық би ансамбльдерін құрды.
1941 жылдың тамызынан 1943 жылдың қаңтарына дейін ансамбль 600 күнге
жуық вагонда жүріп, Орал, Сібір, Қиыр Шығыс, Монғолияға саяхат жасады.
Ұжым күш жинап, денесі шынығып, рухани есейді. Бәріне ортақ қайғы,
ортақ қуаныш, ел игілігі үшін жасалған ортақ еңбек – осының бәрі ұжымды
одан сайын ынтымақтастырды. Дәл соғыс жылдары ансамбль әбден біртұтас
болып бірікті. Тура осындай қалыпта ұжым 102 қала мен елді мекендерде
болып, 1943 жылдың қаңтарында Мәскеуге оралды. Соғысқа дейін үйреншікті
болып қалған Чайковский атындағы залда қайтадан дайындық жұмыстары
басталды. Тағы да бұрынғы ереже – әр түрлі балетмейстерлерді қойылым
жұмысына тарту жанданды. 1943 жылы бұл жерде А.Исламова, А.Кобзева, Тамара
Устинова жұмыс істеді. Ансамбльдің репертуары мен іс тәжірибесі
хореографтардың, орындаушылардың біріккен еңбектерінің арқасында
жинақталды. Молдавандық Флуерт, тәжіктің Пышақпен биі, карельдік
Ристу–Кондра, Орта Азиялық Джум–Джикаля – осының барлығын ансамбль
алғашқы бағдарламада белгіленген мақсатты жалғай жүріп, 1943 жыл бойы қойып
шықты[4. 5б].
1938 жылы басталған Мәскеу түбіндегі лирика (Подмосковная лирика)
және бір жылдан кейін қосылған Полька – әдемі кейіпімен және қошеметімен
(Полькой – красоткой с фигурами и комплементами) шығармаларымен Өткен
күндер суреттері циклі кеңейтілді. Бұл номер әртістерден тек би
техникасының шеберлігін емес, әдеттен тыс әртістік талантты талап етті.
Билейтін төрт жұптың әрбір кейіпкерінің өзіндік өмірбаяны, өзіне тән би
қолтаңбасы және айқын көрінетін жеке мінезі бар. Бұл номер орыстың бір
кішкентай шеткі қалашығындағы ескі тұрмысты суреттеп көрсетеді. Мұнда
өзіндік этикет ережелері, бағып-күту өнерінің өзіндік жазылмаған заңдары
бар ерекше мәнермен қыздар шекілдеуік шағады. Осындай кездесулердің
салмақтылығын ескеріп, биі бар жексенбі күнгі отырыстардың іскерлік
бағдарламасы шындығында, көрерменді әзілді қатынасқа шақырады. 1943 жылы
Жексенбі, Трепак, ал 1944 жылы Перепляс жазылды. Бұл шығармалар
ұжымның қалыптасуы мен дамуында үлкен рөл атқарды. Алайда ансамбль өз
қызығушылығын басқаға аударды. Ұлы Отан соғысы, халықтың жеңісі, әскер
тақырыбы ансамбльді жаңа ойларға жетеледі.
1942-43 жылдары Кемедегі бір күн атты хореографиялық картинасы
қойылды. Шығарма ансамбль өмірбаяны үшін де, барлық балет үшін де маңызды
болды.
Сюитаға арналған материал Тынық мұхиты флоты кемесінде жиналды.
Моисеев теңізшілерге жиі қонаққа барып тұрды және алғаш рет өзінің ән мен
би ансамбліндегі жаңа шығармасын 1942 жылы Тынық мұхиты флотында қойды.
Бақылаулары өте көп болды. Қоюшы болашақ картинасынан қомақты, тұрмыстық
шындыққа жат бейнені іздеді. Математикалық дәлдікпен есептелген Аврельдің
бастапқы эпизоттық сахнасы, кеме машинасы өлшемінің тынысы; вальстің
күлдіргі қайғысы; финалдың қайраттылығы – әрбір бөлімнің өзіндік сюжеті,
өзіндік көңіл-күйі, өзіндік тақырыбы бар. Олар Машина бөліміндегі қатаң
гимнастиканың сараң ырғағынан еркін динамикалық би ырғағына дейін қарама-
қарсылыққа толы.
Байланыстардың барлығы да ашық түсте болады. Осыдан-ақ сюита
кейіпкерлерінің, яғни қайсар, бірақ ақкөңіл боцман, өзі сотқар, сорайған
механик, епті әпенді, кішкентай бойлы көңілді көмекшінің мінездерін
байқауға болады. Ансамбль бұған дейінгі өзінің шығармаларында осындай
мінездерді, көрнекті тұлғаландыруларды көрсеткен жоқ. Мұндағы барлық
мінездер комедияға толы, барлық сюита өте салмақты. Бұл да – өзінше би
мәнері. Бұған қоса, мұнда көгілдір аспан мен судан басқа безендірілуге
жазылған түпқалқа да, қолдан жасалған жасанды әшекей кемесі де жоқ. Бірақ
оның байтақтығы, оның қиыр шеті, оның романтикасы, жаны – теңіз биде өмір
сүреді.
Кемедегі бір күн – сахнадағы фольклорды игеру мен іске асырудың жаңа
сатысы. Енді балетмейстер жекелеген шынайы қимылдармен немесе
комбинациялармен шектеліп қалмады. Оның қолтаңбасы кең, батыл, тіпті
күтпеген жағдайда болады, бірақ әрқашан қимыл-қозғалысқа қажетті әрі дұрыс
болып шығады. Дәл осылай Севастополь эпизодындағы аджар Хорумиі
енгізілген. Оны теңізшілер киімін киген әртістер қазіргі заманғы ұрыс
сахнасындағыдай етіп орындайды. Ежелгі ұлттық би осы мән мәтіндегі үлкен
патриоттық идеяны ашып, сол уақытқа сай мазмұнына жаңалық енгізген. Бүкіл
шығарманың негізінде халық биінің ең басты қасиеттерінің бірі –
өнертапқыштығында жатыр. Шынымен де халық би өнерінде тек әңгімелемейді,
сонымен бірге бейнелеп суреттейді. Демек, кескіндемелік барлық хореография
сюитасының негізін анықтап берді[1. 30б].
Қызыл әскер биі, Әскер қатарына шақырылғандар сынды әскери
тақырыптармен ансамбль репертуары шектеліп қалмады. 1950 жылы Партизандар
атты хореографиялық картина шықты. Жаңа шығарма ұжымның репертуарынан
бірден елеулі орынды алды.
Алыстағы өрттен көрінген жарық сахнаны тесіп шығады. Шалғайдан соғыс
жылдарындағы музыка естіледі, сол күндердегі патриоттық атмосфера залға
оралады. Кең далада құстай ұшқан, таңғы түтінмен бірге көтерілгендей болып
қаһарман – барлаушы пайда болады. Оның артынан қара шапанда, түкті сеңсең
бөрікте, мылтықты көлденең ұстап, қатал-сұсты адамдар отряды шығады.
Партизан көсемдерінің ерлік мінездерін өзінің адами қасиеттеріне жинаған
бейне – үнсіз алысқа көз салған отряд командирі шығады. Қалғандары естіліп
тұрған қадамнан қалыспай адымдап келеді. Қимыл-қозғалыс жылдамдап, түзу
сызық толық динамикалы, тегеурінді шеңберге айналады. Бірте-бірте шеңбер
сахна кеңістігін басып алады. Осы композицияда көрермендердің көз алдына
қайратты да сұсты жауынгерлер портреттерінің галереясы келеді, бірақ
олардың әрбірі – өзіндік тағдыры, өзіндік ішкі әлемі, жеке тәртіп мәнері
бар адамдар. Осы жерде біреуі жауды қылышпен шапса, енді бірі өзін-өзі
ұмытып, өз бағын түтіндетеді, үшіншісі қызбен сөйлесуге батыл шешім
қабылдаса, тағы бірі – ат үстінде қалғып отыр – осылайша олардың жеке
қасиеттері ашылады, бірақ осы арада ұрысқа деген дабыл беріледі. Шапандарын
тастай сап, аттылар легі жауға тап береді – сахнада ұрыс қыза түседі. Ұрыс
барысында әртүрлі ерлік көрсеткен партизандар да пайда болады. Екі қызыл
әскер жау солдаттарына ауыр соққы беріп жатыр. Дон казагы өзін қоршаған
фашистер шебін шебер бұзып өтіп келеді. Оларға қарсы дал-дал боп жыртылған
тельняшкадағы теңізші ержүректілікпен шабуылдап келеді. Черкестегі шапшаң
таулық ұрысқа кезқұйрықпен атойлап ұмтылып шабады. Оның қолындағы автомат
бір сәтке де ауыз жабар емес. Бірақ шайқаса жүріп, ол санитарка қолына
құлайды. Ал дәл ортада дәу, басына киген папағы қасына дейін түскен жас
жігіт қылышын тісіне тістеп, ұрыстың ең бір қызған ортасын бұзып шыққандай
шыр айнала жынданғандай шауып жүр. Кенет, сахнаға басқыншы жаумен атысып
келе жатқан өжет бейне шыға келді. Ерлерше тізесімен айнала құйындай соққан
ол басындағы папағын шыдамсыздана лақтырып жібергенде, екі иығына алтын
шашы жайылып түсті. Партизан-қыздың рухтандырған үндеуіне – бірдей шабытпен
жауынгерлер шабуылға шықты. Жеңіс. Халықтың кегін алушылар жаңа шайқасқа,
жаңа ерліктер жасауға аттанды.
Міне, осы қойылымдардың барлығы И.А.Моисеевтің бағыт – бағдарын
белгілеп береді. Осылай халық би ансамблі белгілі ұжымға айналады.

1.2 И.А.Моисеевтің шығармашылық портреті

Игорь Александрович Моисеев 1937 жылдан бастап халық билері
Мемлекеттік академиялық ансамблінің ұйымдастырушысы, жетекшісі және барлық
билердің қоюшысы болып келді.
Оның өнердегі жолы биікке шарықтаулары мен төменге құлдыраулардан
тұрды. Өзінің мойындауы бойынша, шығармашылық – сені өмір бойы қызықтыратын
тұрақты шама.
Игорь Александрович өзінің барлық ұзақ өмірін көрерменге кез келген
елдің композициясы арқылы халық жанының үнін, мәнін жеткізуге болады
дегенді оқытып келді.
Ол бірден-бір керемет ансамбльден басқа ешбір аналогы жоқ моисеевтік
би мектебін, Жас балет классикалық би ансамблін құрды. Моисеев
труппаларының үлгісі бойынша КСРО-ның әрбір одақтас республикаларында халық
биі ансамбльдері жанданды.
Сахналық хореографияға жаңа жанр енгізіп, оның даму жолын бүкіл әлемге
танытқан адам туралы, оның барлық еңбектері туралы қысқаша айтып жеткізу
мүмкін емес.
Моисеевтің шығармашылық өмірбаянындағы тағы бір жарық тарау – Қызыл
алаңда дене шынықтыру шеруін қоюы болды. Моисеевтің алғашқы тәжірибесі 1936
жылы Антипов атындағы Малаховтың дене шынықтыру техникумының спортшылары
үшін жеті минуттық қойылым қоюдан басталды.
И.А. Моисеев би фольклорының мұражайын құрған жоқ, жаңа ойын-сауық
жанры: халық биі театрын жасады. Оның бағдарламалары – мини-спектакльдер.
Олардың ішіндегі ең үздіктері – Бейбітшілік пен достық (1953), Қонақта
және үйде (1983), Бородин музыкасына жазылған Қыпшақ биі (1971), Штраус
музыкасына жазылған Мұз айдынында (1980), Мусоргскийдің музыкасына
жазылған Қасқа бас тауындағы түн (1983), Теодоракис музыкасына жазылған
грек сюитасы (1991) және тағы басқалары – көптеген Казіргі Заманғы би
шоуына түр беретін классикалық жанрға айналды[2. 259б].
Моисеев – кеңестік, ресейлік, шетелдік көптеген наградалардың,
құрметті атақтар мен лауазымдардың иегері. КСРО халық әртісі, Ленин және
бес мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, КСРО-дағы ең жоғарғы Ленин орденінің
үш рет кавалері және ең жоғарғы ІІ және ІІІ дәрежелі Отан алдындағы еңбегі
үшін ресей орденінің (1996, 2001) иегері. Сондай-ақ, барлық еуропа
елдерінің құрмет ордендерінің кавалері, би саласы бойынша америкалық сыйлық
Оскардың лауреаты, Франция Халықтық жиналысының құрметті мүшесі.
А.А. Горскийдің шәкірті бола жүріп, И.А. Моисеев 1924 жылы
хореографиялық училищені бітірді. 1939 жылға дейін Үлкен театрдың балет
труппасында солист болып жұмыс істеді. Осы жерде 1939 жылы Оранскийдің
(С.А. Лащилинмен бірге) Футболист балетін және Гестельдің
(А.М.Мессерермен бірге) Пайдасыз сақтық балетін, 1932 жылы Арендстың
Саламбосын, 1935 жылы Оранскийдің Үш семіз, 1958 жылы Хачатурянның
Спартак шығармасын қойды.
Моисеевтіктер колллекциясында дүние жүзіндегі барлық халықтардың
мінезі мен көңіл-күйінің бүкіл бояутақтасы көрінетін 300-ге жуық би
номерлері бар.

Игорь Моисеевтің Мемлекеттік наградалары

1937 – Құрмет белгісі ордені
1940 – Еңбек Қызыл Ту ордені
1940 – Бурят КСР-нің Халық әртісі атағы
1942 – І дәрежелі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
1942 – РКФСР Еңбек сіңірген әртісі атағы
1944 – РКФСР Халық әртісі атағы
1947 – ІІ дәрежелі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
1950 – Молдаван КСР-нің Халық әртісі атағы
1952 – І дәрежелі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
1953 – КСРО Халық әртісі атағы
1958 – Ленин ордені
1966 – Еңбек Қызыл Ту ордені
1967 – Лениндік Сыйлықтың лауреаты
1976 – Социалистік Еңбек Ері атағы
1976 – Ленин ордені
1976 – Қырғыз КСР-нің Халық әртісі атағы
1981 – Қазан революциясы ордені
1985 – Ленин ордені
1985 – Ресей Үлкен театры Коллегиясының Мүшесі
1996 – 1995 жылғы Ресейдің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
1996 – Ресей өнер Академиясы президиумының Мүшесі
1996 – ІІІ дәрежелі Отан алдындағы еңбегі үшін ордені
1997 – Ресей театр өнері Академиясының Профессоры атағы
1998 – Ресейдің тәуелсіз Триумф сыйлығы
1999 – ІІ дәрежелі Отан алдындағы еңбегі үшін ордені

Игорь Моисеевтің шетелдік наградалары

1945 – Болгардың Әулие Александр тәжі ордені
1945 – Румынның Мәдениет офицері ордені
1946 – Поляктың Полония Реститула ордені
1946 – Югославакияның Бауырластық пен бірлік ордені
1947 – Монғолдың Поляр жұлдызы ордені
1954 – Венгердің І дәрежелі Мәдениет офицері ордені
1955 – Франция Халықтық жиналысының құрметті мүшесі және
Француз ән-би Академиясының мүшесі
1956 – Ливаннның Алтын Кедр ордені
1960 – Венгердің ІІ дәрежелі Мәдениет офицері ордені
1961–1974
- би саласы бойынша америкалық сыйлық Оскар
- Сан-Марино Халықаралық ғылым Академиясының ғылым докторы
- би саласы бойынша Данс Магазин Журналының америкалық
сыйлығы
1976 – Монғолдың Сухе Батор ордені
1980 – Чехославакияның Ақ арыстан ордені
1989 – Венгердің Мәдениет офицері ордені
1995 – АҚШ пен Ресей арасындағы мәдени қарым-қатынасты дамытуда
сіңірген еңбегі үшін наградасы
1996 – Польша Республикасына сіңірген еңбегі үшін Командор
Крестімен марапатталған
1996 – Испанияның Ұлы Королі Хуан Карлостың бұйрығымен
Азаматтық еңбегі үшін орденінің Командоры
1997 – Венгер орденінің Командоры
1999 – Украиннің ІІІ дәрежелі Еңбегі үшін ордені [28. 3б]

КСРО халық билері Ансамблінің 70 жылдығында Игорь Моисеев туралы өнер
адамдарының айтқандары: (видео материал негізінен алынған)
1. И.А.Моисеевтің Ансамблі менің балалық шағымның арманы. Бұл
ансамбльді басқа ансамбльдермен салыстыруға да келмейді. Бірін-бірі
жаңартып, ауыстырып отыратын ұрпағы бар Ансамбль әрқашан да жоғарғы
деңгейде болды. Шамасы бұл әрбір кетіп бара жатқан ұрпақ келесі
ұрпаққа эстафетаны қолдан қолға, аяқтан аяққа, жүректен жүрекке
жеткізіп беруінде болса керек. Міне, осы жерден ансамбль мен
мектептің арасындағы мызғымас байланыс қалыптасқан. Ансамбльдегі
осындай байланыс пен көпшілікке сыйлаған қуаныш әлі күнге дейін
жалғасын тауып келеді. Жарты ғасырға жуық көрерменін қуантқан
ансамбль бұдан кейінгі ұрпақты да қуанта берері анық. Сіздер –
біздің мақтанышымыз әрі даңқымыз,- дейді КСРО халық әртісі Владимир
Васильев.
2. Мен белгілі бір дәрежеде И.А.Моисеевтің ансамблімен
тәрбиеленгенмін. Мұнда тек орыс поэзиясымен ғана емес, дәл осы
ансамбль арқылы мен бала кезімде ауылдан естіген орыс фольклоры
туралы өз білімімді жетілдірдім. Орыс жанының осындай өзгермелі
жарқылдаған мінезін көрсететін және сұлу қыздар мен өжет
жігіттердің қимылын көрдім. Мен әрқашан орыс халқын сезіндім. Мен
бұл ансамбльдің қойылымдарын шетелде жүргенде көрдім. Мен ансамбль
туралы мына жолдарды еркін айта аламын – Орыс биі стэйкер
үкіметінен келген елші ретінде енді. Менің осы ансамбльдің
жетекшісіне, бұған дейін де еңбек еткен барлық ұрпаққа біз
мақтанарлықтай халқымыздың осындай таңқаларлық фольклорының бар
екенін көрсеткені үшін шексіз алғыс айтқым келіп тұр. Фольклор –
мәңгілік күштің, даналықтың және әлем халықтарының музыкасымен
қоса, өмірге деген сенімділікті жоғалтпаудың қайнар-бастауы,-
дейді ақын Евгений Евтушенко.
3. Моисеевтің жасағаны – планета масштабы, бұл – барлық өркениеттің
масштабы, себебі кез келген елде, кез келген халық мерекелерде
билейді, қуанады, біреулерде бұл Хоровод, тағы бірінде Лезгинка,
енді біреулерінде аргентиналық Гаучу бақташыларының биі – осының
барлығы да әр алуан гүлдер сияқты әртүрлі. Біздің бәріміз басынан
аяғына дейін қадір тұтып тамашалаған, классикалық балет деңгейіне
дейін көтерілген биді жасау тек Моисеевтің ғана қолынан келді.
Біздің планетамыздың әр алуан мәдениетке, әртүрлі би мен музыкаға
бай екендігін бүгінге дейін жеткізіп, келешек ұрпаққа аманат етіп
қалдырды. Міне, Моисеев осыны жасады. Дәл осы еңбегі үшін Игорь
Александрович Моисеевке және бүкіл ұжымға алғысым шексіз- дейді
композитор Александра Пахмутова.
4. Адами және кәсіби талант иесі, халық биінің данышпаны, біздің
заманымыздың ұлы балетмейстері – Игорь Александрович Моисеев,-
дейді А.И.Моисеев атындағы АХБМА (ГААНТ) жанындағы мектептің
директоры, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, педагог-репетитор Елена
Щербакова.

Осыған қарап отырып, мынаны айтуға болады, И.А.Моисеев тек халыққа
ғана емес, өнер адамдарына да әйгілі.

1.3 И.А.Моисеевтің шығармашылығындағы жаңа леп

И.А. Моисеевтің шығармашылығындағы жаңа лепке тоқталмас бұрын, ең
алдымен, оның өзі бастаған балетмейстерлік қызметінің атмосферасына терең
үңілу керек. И.А. Моисеев Үлкен театрда балет әртісі болып жұмыс істей
жүріп, қолынан келгенше қойылымдарға көмектесті. Моисеев-балетмейстердің
алғашқы жұмысынан-ақ (Кармен операсындағы испан биі) оның жаңашыл
суреткер екендігін байқауға болады.
Үлкен театрда А.И.Моисеев В.Оранскийдің музыкасына жазылған Үш семіз
(1935) балетін қойды. Оранскийдің негізгі фамилиясы – Гершов Виктор
Александрович (1899 – 1953ж.), композитор. Мәскеу театрларында жұмыс
істеген. Балеттері: Футболист (1930ж.), Үш семіз (Ю.К. Олеша, 1935ж.),
Виндзорлық тентектер (У.Шекспир, 1942ж. және Мәскеудегі барлық
қойылымдар). Осы балеттердің барлығында ревю түрлерін сақтай отырып,
балеттік ертегі жанрында ертегі кейіпкерлерінің дәстүрлігін және өткір
саяси сатира мен памфлетті байланыстыруға тырысты. Үш семіз балеті –
өзінің болашақ жеке би театрын құрушының алғашқы ойларының бірі еді. Жас
хореограф өзінің балетмейстерлік мақсатында би мен пантомиманың табиғи
байланысының біріккен жерін анықтауға тырысты. Сондықтан ол жарқын және
мерекелік ойын-сауықты, хореографиялық қойылымдардың ерекше жанры – ертегі
– гротескіні жасады. Мұндағы жалпы хореографиялық суретке халық билері,
сахна-пантомималар, пародиялық би эпизодтары, қатал классикалық би
бейнелері жинастырылған. Биді формальды түрде байытуға деген ұмтылысы
ондағы музыкалық ырғақ пен әуенді қозғалысты ашуға Моисеев сол кездің
өзінде-ақ қол жеткізді. Оның ойынша, көрермен музыка тыңдап, биді тамашалай
отырып, екеуін де бірдей қабылдайды. Шындығында, оның бұл талпынысы өзін
ақтай алмады. Көптеген би жаңалықтарына қарамастан, Үш семіз балеті
репертуарда ұзақ тұра алмады. Бірақ мынаның маңыздылығын айтып өткен
орынды, Моисеев байқаған хореографиялық әсер құралы драмалық
спектакльдердің мінезіне жақын. Сол себептен де болар, балетмейстер
мынандай жолайрыққа тірелді: бір жол – 1920 жылдардағы балет ізденісін
аяқтады; екінші жол – хореодрамада туған жаңа жанрмен жақындасты.
Моисеев-балетмейстердің театр қызметінде балеттің жалпы мақсаты мен
олардың таза мәскеулік бояуы айтылды. Моисеевке әрқашан да режиссураның
мағыналы сюжеттері керек болды: қоюшы өзінің ұнатуы мен жаратпаушылығын
ашық білдірді. Футболисте (3 актілі балет, композиторы В.Оранский, бм
Л.Лащилин (1888 – 1955ж., Үлкен театрдың балетмейстері және жетекші бишісі,
ССР Еңбек сіңірген Әртісі), И.Моисеев, 1930ж.), Үш семізде балет
кейіпкерлері жағымды, жағымсыз болып анық екіге бөлінді. Саяси үгіт-насихат
заряды өзгеріссіз пайда болатын лирика, психология балетмейстерді аз
қызықтырды. Оған режиссурада, биде пайда болған эксцентрика, кекесін,
гротеск жақынырақ болды. 1933 жылы Моисеев хореографиялық конференцияда:
Эксцентрикалық би – бұл, ең алдымен мәнерлі би... Эксцентрикалық би
қазіргі заман балетіне өте қажет, себебі ол би әрекетін жасауға
көмектеседі,- деп мәлімдеді. Міне, сондықтан да хореографқа жағымды
кейіпкерден гөрі жағымсыз кейіпкерлерді беру оңай болды. Суреткер өзінің
қойылымдарында жақсылыққа сендірудің орнына, жауыздықты жойды.
Моисеев өз өнеріндегі формальды ізденістерді елемей, мазмұнының
қазіргі заманға сай болуын іздеді. Сонымен қатар, ол көптеген әдеби
жанрлардың ішінен балет сахнасына заңдастырылған жанрларды таңдады. 5
актілі Саламбо балетінің (Г.Флобердің осы аттас романы бойынша)
композиторы Андрей Арендс (1855 – 1924ж.) Дирижер, скрипкашы, альтист,
композитор, Мемлекеттік академиялық театрдың Еңбек сіңірген әртісі, 1932
жылғы қойылымы туралы мақаласында ол өзінің принциптерін анық әрі шымыр
жасады:
• шартты ымдарды айтылмаған түсініктерге ауыстыру;
• бидің шартты стилінен бас тарту және балет мазмұнын, оның тарихи
суреттерін еске түсіретін стильге ауыстыру;
• топпен орындалатын жиынтық бейнелермен жұмыс істеу және сахналық
әрекеттердің өз бетімен орындалатыны сияқты спектакльдегі топтық
эпизодтардың маңызын, олардың толыққандылығы мен мәнеріндегі
жетістіктеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ музыка театрының би өнері
Қазақ балет музыкасындағы Қалқаман - Мамыр эпосы
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мен ресейдің мәдени саладағы қарым-қатынастары
Өнер мамандарын дарлаудағы Республика өнер қайраткерлерінің рөлі
Қазақ музыкасының, операсының дамуы жайында
Дінмен ымыраға келмейтін күрес саясаты
Вокалдық өнер саласы
Қазақ композиторларының вокалдық шығармаларын осы академиялық мәнерде орындаудың ерекшеліктері
С. Аманжолов: өмірі, қоғамдық қызметі, шығармашылық мұрасы
БҚО-ның кәсіби мектеп композиторлары
Пәндер