Психологиялық-педагогикалық жеке адам диагностикасы


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Төлешова Ұлмекен Болатқызы
Психологиялық-педагогикалық жеке адам диагностикасы
Оқу құралы
Алматы
«Қазақ университеті»
2010
П і к і р б і л д і р г е н д е р:
Психолгия ғылымдарының докторы, профессор С. Қ. Бердібаева
Психолгия ғылымдарының кандидаты, доцент И. Қ. Аманова
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз
1 бөлім. Психодиагностика мазмұнының көрнісі.
1. Психодиагностикаға кіріспе
1. 1. Психодиагностика түсінігі және курстың мазмұны мен міндеттері.
1. 2 Психология-педагогикалық диагностиканың психология салаларымен байланысы.
1. 3. Педагог-психолог қызметіндегі психодиагностиканың орны
2- модуль Психодиагностиканың даму тарихы.
2. 1. Психодиагностика тарихы және ғылыми қалыптасуы.
2. 2. XX ғасырда психодиагностиканың даму тарихы.
Алғы сөз
Қазақстан Республикасы егемен ел болғалы педагогикалық білім беру мазмұнына да біршама өзгерістер енуде. Қоғамдағы жаңа әлеуметтік-саяси және мәдени жағдайларға байланысты оқу пәндерінің барлық түрлеріне де жаңаша талаптар қойылуда.
1 БӨЛІМ ПСИХОДИАГНОСТИКА МАЗМҰНЫНЫҢ КӨРНІСІ.
1 ТАҚЫРЫП ПСИХОДИАГНОСТИКАҒА КІРІСПЕ
1. 1 Психодиагностика түсінігі және курстың мазмұны мен міндеттері.
1. 2 Психология-педагогикалық диагностиканың психология салаларымен байланысы.
1. 3 Педагог-психолог қызметіндегі психодиагностиканың орны
1. 1. Психодиагностика түсінігі және курстың мазмұны мен міндеттері.
Психодиагностика ең алғаш дүниеге келген жері- Греция. VIII-ғасырдан бастап психиканың мәселелерді зерттеу барысында көптеген ғалымдар жұмыс жасады. XVIII ғасырда дүниеге танымды жақтаған кейбір буржуазиялық көзқарасты насихаттап келген. Көптеген адамдар адамның тәніне тәуелсіз жаны болады- деді. Психология дамуына себепші осы болды.
Сол кезден бастап Советтік педагогикасы экономикамен, қоғам дамуына байланысты адамның психикалық, физикалық ерекшеліктерін қабілеті мен дарыны қалыптасады. XX ғасырдан бастап экспериментті психология-лабораториялық жұмыстар жүргізеді. Мұндай жұмыстар Москвада, Харковте, Казанда болып өткен психологиялық съездерді талқыланды. Съездер 1906, 1909, 1910, 1913, 1918 жылдары болды. Сол кезден бастап психология сұрақтары, «Весник психология» журналдары шықты. Совет психологиясының өз алдына ғылым болып бөлініп шығуына үлесін қосқан Лапатин, Лоски, Введенский болды. Сонымен қатар жаратыластану ғылым негізін салушы Павлов, Лазурский, Сечников, Лесков үлесі ерекше болды. Москвадағы психология институтының директоры Шелпанов аты әйгілі лабароториялық аппараттардан жабдықталған кабинеттерде эксперименталдық зерттеу әдісін жүргізуі ерекше жағдай туғызады.
Психология өз алдына дербес ғылым болып 1879 жылы 19 ғасырдан бастап бөлінді. Бұған себепші болған Вилгелем Вундтың Лейпсик қаласындағы тұңғыш рет лаборатория ұйымдастыруына байланысты. Өйткені Германияда өндірістік күштердің даму салаларына өндірістік күштердің талап тілектеріне сай эксперименталдық зерттеу әдістерінің жүргізілуі тарихта бірінші рет орын алды. Психология дамуына себепші осы болды. Сол кезден бастап Советтік педагогикасы экономикамен, қоғам дамуына байланысты адамның психикалық, физикалық ерекшеліктерін қабілеті мен дарыны қалыптасады.
XX ғасырдан бастап экспериментті психология-лабораториялық жұмыстар жүргізеді. Мұндай жұмыстар Москвада, Харковте, Казанда болып өткен психологиялық съездерді талқыланды.
Психодиагностика психология ғылымының бір саласы ретінде XX ғасырда қарқынды дами бастады. Психодиагностиканың көзі эксперименталды психологиядан қалыптасты, Германияда 1879 жылы В. Вундттың ең алғашқы эксперименталды лабараториясымен тығыз байланысты. Бұл пәнге қазіргі туындап отырған қызығушылық психологиялық жұмыстың кеңейуіне және дамуынан туындап отыр.
Көптеген ғалымдар адамның тәніне тәуелсіз жаны болады деді. Жан барлық психикалық тіршілік негізгі себепші. Осының өзі сол кездегі адамның табиғат сырын дұрыс түсіне алмауына байланысты, бұлардың айтуынша табиғатқа табынбайтын ерекше күш бар деді. Адамның дамуын зерттейтін жеке бір сала ретіндегі бір пән болды.
Диагностика - зерттеу процесi немесе объект туралы толық ақпарат алудың жалпы тәсiлi.
Диагностика әлеуметтiк технологияның маңызды компонентi болып табылады ( мақсат - диагноз - болжам -бағдарлама - енгiзу және талдау) . Осыған байланысты әлеуметтiк әлеуметтiк қызметтiң практикасында әртүрлi зерттеу әдiстерiнiң принциптерi, алгоритм процедуралары және тексеру тәсiлдерiн қосатынөзiндiк диагностикалық технология қалыптасады.
Психодиагностика (психо . . . және diagnostikos - айырып тануға қабілетті) - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.
Психодиагностика қызмет жүйесінде, өзінің прициптік ерекшеліктері бар. Зерттеу қатарында бірінші кезекте психодиагностиканы «ғылыми-зерттеу» мен «ғылыми-тәжірибиеден» ажырату жатады. Егер бірінші тапсырма - психикалық дамудың белгілі бір заңдылығын тіркеу болса, онда екіншісі мақсат - нақты сұраққа жауап беру нақты психикалық пайда болулармен бұзылыстарын табу болып табылары. Сондықтан да диагностика белгісі, практик психолог үшін өз мақсаты болып табылмайды, ол әрқашанда басты тапсырмаға сүйенеді - ол баланың психикалық дамуын рекомендация бойынша өңдеу немесе осы дамуды коррекциялау. Осындай мәселелерді жетілдіруде осы оқу құралының маңызы зор.
Студенттердің болашақ кәсіби қызметтерін меңгеру мақсатында оқушылардың тұлғалық, жеке басының дамуын түсіне алу қабілетін қалыптастыру диагностикасы туралы мәлімет беру арқылы төмендегідей міндеттер туындады:
- оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасу факторларымен танысу;
- мектептегі оқушылардың жан-жақты қалыптасу мәселелерін зерттеуді студенттің игеруі;
- оқушылардың дүниетаным, таным үрдістерінің, танымдық қызығушылықтарының қалыптасу жолдарын анықтау диагностикалық жұмыстар жүргізуі.
«Психологиялық-педагогикалық жеке адам диагностикасы» арнаулы курсы барысында студенттер мынадай білімдерді игеруі тиіс: тұлғаның дамуы, қалыптасу мәселелері туралы зерттеген отандық және әлемдік ғалымдар еңбектері туралы мәліметтер; мектепте оқушылармен жүргізілетін сабақтан тыс іс-шаралардың түрлерімен, олардың оқушы тұлғасын қалыптастыруға әсері, педагогикалық-психологиялық кеңес беру, психодиагностикалық көмек беру, зерттеу диагностикасы туралы және тағы басқа мәселелерді меңгеруі тиіс.
1. 2 Психология-педагогикалық диагностиканың психология салаларымен байланысы.
Педагогика және психология ғылымдарының салаларымен де тығыз байланысты. Атап айтсақ:
- арнаулы психология. Мұның өзі патопсихология, алегрофренопсихология, сурдопсихология, типлопсихология болып бөлінеді.
- патопсихологияда- адамның психологиясының зақымдану саласын, психика әр түрлі күйзеліске ұшырауын, соны бір жүйеге келтіріп, оқытып, тәрбиесі мәселесімен шұғылданады.
- алегрофренопсихология-бала іштен туылған кезде, психология ауытқуына байланысты өзгешеліктер болады. Осындай ақыл-ой кемтар бала мен оқыту мәселесімен шұғылданады.
- сурдопсихология- есту мүшесі кем балалардың саңыраулардың, мылқаулардың психологиясын бір жүйеге келтіріп, оқытып тәрбиелеу мәселемен шұғылданады.
- типлопсихология- нашар көретіндердің, соқырлардың, су қараңғылар психологиясын зерттейді.
- жасерекшелік психологиясы. Бұл адамның тіршілігінің психикасы мен даралық ойлары мен даму заңдарын зерттейді. Жасерекшелік психология өзі бірнеше салаға бөлінеді. Балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, геронтопсихологиясы, педагогикалық психология және т. б.
1. 2. Педагог-психолог қызметі және оның психодиагностиканың орны
Педагогика-психология мамандығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру мекемелеріне педагог-психолог мамандығын енгізу туралы нұсқау хаты негізінде, еңбекақы қорынан жалақысы бекітілген, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасы үкіметінің бұйрықтары мен қаулыларына сүйеніп жұмыс атқарады.
Қазақстанда тоғыз мыңнан аса мектепте үш миллиондай оқушы бар десек, ол саладағы педагог-психолог мамандар аса қажет екені өз-өзінен белгілі. Келешекте Қазақстанның әр ұлттық мектебiнде педагог-психолог маманы болуға тиiстi. Әзірге тоғыз мыңдай педагог-психологты қажет ететін, елімізде оның үштен біріндей ғана болатын маман бар.
Педагог-психологтар қоғамдағы саяси-экономикалық жағдайларда кездесетін келеңсіз үрдістермен күрес жүргізе алатын - күрескер болуы керек.
Өйткені, ол халықтың қамын, шәкірттің болашағын ойлайтын және сол үшін еңбек ететін тұлға.
Қазақстанда тоғыз мыңнан аса мектепте үш миллиондай оқушы бар десек, ол саладағы педагог-психолог мамандар аса қажет екені өз-өзінен белгілі. Келешекте Қазақстанның әр ұлттық мектебiнде педагог-психолог маманы болуға тиiстi. Әзірге тоғыз мыңдай педагог-психологты қажет ететін, елімізде оның үштен біріндей ғана болатын маман бар.
Қазіргі таңда көптеген мектептерде педагог-психолог маманның әлеуметтік қызметі кірістірілген. Кейбір мектептерде әсіресе ауылдық жерлерде педагог-психолог маман көбінесе тәрбиешінің міндеттерін орындап түрлі сауықтыру жұмыстарын атқарады. Бұрын осы іспен тәлімгер айналысатын. Тәжірибенің нәтижесіне қарай осы мамандықтың кәсіби іс-әрекетi ерекше болатындығы бізге мәлім.
Кез - келген білім беру жүйесінде білім алушы адам үйренуші болып табылады. Осы түсінікте адамның өзі басқалардың көмегімен оқитыны атап көрсетіледі, яғни, ол білім беру процесінің белсенді субъектісі бола тұрып, барлық қарастырылған субъектілік сапалармен, қырлармен сипатталады.
Сонымен бірге барлық үйренушілер білім беру жүйесінің белгілі бір сатысында бастапқы, жалпы және тек оларға тән ерекшеліктермен, қырлармен сипатталады. Бұл, әр білім беру сатысы, әдетте, адам өмірінің белгілі бір кезеңімен теңестірілуімен түсіндіріледі.
Білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызмет: ғылыми, қолданбалы және практикалық сияқты үш тұрғыда қарастырылады.
Ғылыми жағы білім берудегі психологиялық қызмет мәселелерінің зерттелуін, теориялық және әдіснамалық негіздемесін, психодиагностика жасау, қазірі мектептегі білім берудің нақты жағдайына сай психологиялық білімді қолдану түрлері мен әдістерін дамыту және месе білім беру), білімдегі педагогикалық-психологиялық қызметтің аймақтық жүйесіндегі жұмыстарына тікелей қатысты және психологиялық түзетулерді қамтиды.
Қолданбалы жағы оқыту мен тәрбиенің, оқулықтың дидактикалық және әдістемелік материалдардың, оқу бағдарламаларының психологиялық негіздерін жасау және оны талдауды қоса алғандағы барлық үрдістерін психологиялық жағынан қамтамасыз ету.
Практикалық жағы психологтардың білім беру мекемелеріндегі (балабақшалар, мектептер, гимназиялар мен интернаттардағы -психологиялық қызметі сияқты еліміздің білім кеңістігіндегі біртұтас тікелей құрылым күйінде жобаланады. Бұлардың әрқайсысы білімдегі педагогикалық-психологиялық қызметтің тиімділігіне кепілдік бере отырып, өздеріне қатысты да тиісті мәселелерде бірлесіп жұмыс істеуді нақты білуі тиіс.
Сондай-ақ мектеп педагог-психологының қызметтік міндеттері төмендегідей:
* жалпы білім беретін орта мектептердегі оқытудың барлық кезеңдерінде балаларға қажетті жағдайларды жеке көмек беру үшін педагогикалық-психологиялық зерттеуді жүзеге асыру;
* психологиялық ғылымның жетістіктерін негізге ала отырып, мектеп оқушыларының әркелкі жас кезеңінде жан-жақты, тұлғалық, интеллектілі дамуын қамтуға ықпал етеді;
* мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің сұраныстары бойынша оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен психологиялық сақтандыру, диагностикалық, түзеу және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді, мектеп оқушыларының интеллектуады, тұлғалық, эмоциялық және ерік-жігер ерекшеліктерін, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін зерттейді;
* оқуға психологиялық дайындық жеткіліксіздігін ерте анықтауды мақсат ете отырып, бірінші сыныпқа бала қабылдауға қатысады;
педагогикалық кеңестің әдістемелік бірлестіктердің, сыныптардағы, сондай-ақ мектептегі ата-аналар жиналыстарына қатысады, оқушыларға ықпал етіп, жеке көмек көрсетуге байланысты негізгі проблемаларды шешуге арналған педагогикалық консилиумдар мен педагогикалық кеңестерге қажетті ақпараттар дайындайды;
* мектепте педагог- психология бөлмесін құруды және қажетті құжаттарды сақтауды, оларды дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуді жауапкершілігіне алады.
Сонымен қатар, педагог-психолог оқушының бойыну рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра мақсатында төмендегідей іс-әрекеттер жүргізеді:
- баланың шығармашылық қабілетін немесе өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
- пәнге терең қызығушылығын арттыру;
- оқушының әсерлік сезімін қалыптастыру;
- оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;
- жалпы білім-білік дағдыларын дамыта оқыту;
- білім базасын арттыру;
- пәндердің ғылыми негізінде оқушылардың білім сапаларының деңгейін жоғарылата дамыта оқыта отырып, интеллектуалдық жаңашылдыққа, әдептілікке, жеке тұлғалардың эстетикалық мәдениетінің жоғары дамуына ықпал жасауда білімді мықты құрал ретінде қолдану.
- педагог, психолог, тәрбиеші, ақылшы, қамқоршы, жетекші, мейірімді жан.
Ал психологтың бойында әділдік, тапқырлық, қамқорлық, шыдамдылық, адамшылық, кең пейілдік қасиеттері басым болуы қажет.
Мектептегі педагог- психолог маман жалпы, орта және кәсіптік білім беретін мектептердің жұмыстарын көрсететін құжаттар мен материалдарды, педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы жайында арнайы әдебиеттерді, қазіргі психодиагностиканың және психологиялық түзетудің әдістерін пайдаланып, зерттеу материалдарын талдауды, педагогиканың, дидактиканың сабақ беру әдістемесінің, дефектологияның негіздерін білуге, мектептің психологиялық қызметі құжаттарының толтырылу тәртібін, мектеп құжаттары мен нормативті құжаттарды білуге тиісті.
Бүгінгі мектеп психолгтары мен әлеуметтік педагогтардың алдында үлкен күрделі міндеттер тұр, оны шешу үшін кәсіби білім мен іскерлікті меңгеру керек.
Мектептерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі мектеп педагог-психологі рөлі ерекше деп атауға болады, өйткені олардың бірігіп атқарған жұмысының нәтижесінде болашақ жеке адамның дұрыс, әрі жан-жақты жетік қалыптасуына жол ашылады, баланың жекедаралық, шығармашылық, әлеуметтік қалыптасуына негіз беріледі.
Көрнекті психолог, профессор С. М. Жақыповтың еңбегінде оқу процесінің педагогикалық-психологиялық модельдеудің қызметтік деңгейінің бірінші сатысы оқытушы мен оқушылардың ішкі жүйелік қарым-қатынасы ретінде білімнің мазмұндық жанамалығы, оқытудың әдіс-құралдары көрсетілген. Оқу процесі жүйесінің құрылымдық бағдарын анықтай отырып, білімнің объективті және субъективті мазмұндылығын айыру қажеттілігі туындайды.
Жалпы мектеп педагог-психологі төмендегідей диагностикалық қызмет атқарады:
- Психодиагностика -тұлға туралы жан-жақты ақпарат жинау:
- Психопрофилактика- дезадаптация, белгілі бір жағдайға
бейімделудің алдын-алу немесе жағымды психологиялық жұмысбастылық деңгейін төмендету мен оның алдын-алу жұмыстарын жүзеге асыру;
- Психокоррекция- баланың психикасына мақсатты түрде әсер ету,
оның негізгі деңгейге, әрі жастық ерекшеліктеріне сәйкес теңестірушілік жұмыстарды жүзеге асыру;
- Психологиялық кеңестер - мұғалімдерге, ата-аналарға,
оқушыларға қажетті психологиялық ақпарат бере отырып, өмірінде кездесетін қайшылықтарды, өтпелі кезеңдерді жеңуге, әрі сапалы нәтижеге жетуіне ықпал ету;
- Психотерапия -тұлғаның сапалық тұрғыға өзгеруіне байланысты
мәселелерді жүзеге асыруға бағытталады, тек адамның психикалық ауытқушылығы болмаған жағдайда.
Осыған орай мектептерде педагог-психолог маман әлеуметтік -психологиялық жұмыстарды атқарады:
1. Әлеуметтік-психологиялық ағарту шаралары. Дәріс, семинар түрлеріндегі ақпараттық іс-шаралар. Дәріс мазмұны нақты мысалдарды бейнелейтін көрнекіліктермен, осы заманғы озық техника мүмкіндіктерін пайдаланумен байланыстырып отыру керек.
2. Психологиялық кеңестер жеке сипат алуы керек. Нақты мәселе бойынша берілер кеңестер аса биязы, алдындағы адамның жүрегін жараламайтындай, көңіліне қаяу салмайтындай, мәселенің шешілуіне сендіре білу, үміт отын жағу арқылы кәсіби білікті түрде жүзеге асырылуы тиіс.
3. «Ашық әңгіме» пікірталасы -ортақ мақсат біріктірген ата-аналардың көңіліндегі түйіткілерін ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасу.
4. Психогимнастика- бұл баланың көңіл-күй ақуалын реттеуге арналғанарнайы жаттығулар кешені. Негізгі мақсаты-қарым-қатыас барысындағы кедергілерді жеңу, өзін және басқаларды түсіне білуін жетілдіру, өзін-өзі таныта білу мүмкіндіктерін жасау. Психогимнастика курсынан толық өткен балалардың құрдастарымен қарым-қатынасы жақсарады, сезімдерін сыртқа шығаруды үйренеді, мінездерінде батылдық, әділдік, мейрімділік, өз-өзіне сенімділік сапалары қалыптасады.
5. Психотренинг -бұл да қолданбалы психология ғылымының белсенді әдістерінің бірі. Басты мақсаты- қарым-қатынас іскерлігін дамытуға, сезімталдықты жетілдіруге және мінез-құлықты реттеуге бағытталған.
Педагог-психолог маманның iс-әрекетi әлеуметтiк ортаның әлеуметтiк-мәдени жағдайын оңды өзгертуге мақсатты түрде педагогикалық тұрғысынан бағытталған. Ортаны гуманизациялау мен педагогизациялау - бұл әлеуметтiк педагог iс-әрекетiнiң рухани-адамгершiлiк негiзi мен мақсаты.
Педагог-психологтың негізгі мақсатына тоқталып өтелік:
- баланың рухани өсуіне, оның жанының жайлы болуына психологиялық жағдай жасау;
- оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ашу;
- педагогикалық ұжыммен, дәрігерлік қызметпен, социологтар, дефектологтар, сондай-ақ қоғам өкілдерімен тығыз байланыста болу;
Мектептегі педагогикалық-психологиялық қызыметтің бірі-баланың психикалық саулығына яғни, жандүниелік, физиологиялық дамуына және ортада қолайлы микроклимат қалыптастыру.
Олай болса, мектеп педагог-психологының моделін ұсынып көрелік.
Педагог-психологтың атқаратын қызметін жіктеу:
- ақпараттық(ақпарат беру) ;
- дамытушылық(ойлауы, елестетуі, тілді дамыту) ;
- мобилдік (мобилизационная) (істің, тапсырманың, жаттығудың орындалуын қадағалау) ;
- қалыптастырушылық (сабақты, сыныптан тыс іс-әрекетті, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, өз бетімен жұмыс, т. б. ) ;
- коммуникативті (ата-аналармен, басқа мұғалімдермен, әкімшілікпен, психологтармен, валеологтармен қарым-қатынас) ;
- ұйымдастырушылық (оқытушыларды, басқа мұғалімдерді, ата-аналарды, өзін, сабақты, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырады) ;
- зерттеушілік (жеке тұлға ретінде зерттеу) ;
Сынып жетекшісі, тәрбиешілердің атқаратын қызметтері:
- ұйымдастырушылық (сынып сағаттарын, сауалнамалар, экскурсия, т. б. ұйымдастыру) ;
- тәрбиелілік (оқушылардың қабілеттерін кез келген әдіспен тєрбиелеу, қалыптастыру, дамыту) ;
- ынталандыру (балалардың іс-әрекетін ынталандыру) ;
- коррекциялау (қайта түзету) ;
- диагностикалау (болжамдық зерттеулер жүргізу) .
- психопрофилактика (психологиялық кеңестер беру, жеке жұмыс жасау) .
Ал, диагоностикалық қызмет төмендегіше бөлінеді.
-Өз құзыреті шеңбері бойынша көмекті қажет ететін әлеуметтік қорғау.
-Әлеуметтік педагог кәмелетке жасы толмағандардың ата-аналарына құқықтық білім беру мен тәрбиесін ұйымдастыру.
- Сынып жетекшісі медицина қызметкерiмен және мектептің басқа да қызметкерлерімен, мысалға ата-аналар комитеті, құқық бұзушылардың алдын алу кеңесі, оқушылардың өзін-өзі басқару органы, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия, қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын орнатады.
Диагностика барысында балалардың әлеуметтiк өмiрiнiң проблемалық
кеңiстiктегi жiктелуiн анықтайды:
- Таңдау бостандығы және әлеуметтiк шығармашылық (белсендiлiк жолы) проблемалары- қалыптасқан әлеуметтiк өмiр нормаларындағы баланың сұранысы мен қажеттiлiгiн қанағаттандыру жолындағы қиындықтар: баланың өз бағыты деңгейiнде адамдарға өз қарым-қатынасын көрсетуi, өзiнiң жаңа статусын орнатуы, әлеуметтiк ортаға ықпалы, т. б. ;
- әлеуметтiк қатынастардың жаңа нормаларын жасаудағы қиындықтар;
- әлеуметтiк бейiмделу және бейiмделе алмау проблемалары ағымдағы әлеуметтiк өмiр нормаларына үйрену және меңгеру кезiндегi қиындықтар, баланың денсаулығы мен өмiрiне қатерлi әлеуметтiк қауiптi нормаларды бұзу кезiнде туындайтын қиындықтар;
- әлеуметтiк бiрiгу және ажырату проблемалары - бала мүмкiндiгi мен қажеттiлiгi, отбасының әлеуметтiк мүмкiндiгi, отбасы мүшелерiнiң сұранысы, бiрiгу немесе ажырау кезiндегi қиындықтар; қажетсiз байланыстар мен қарым-қатынастар, әлеуметтiк байланыстарды кеңейту немесе бұрынғыларынан шығу кезiндегi дамудың қиындықтарын жүзеге асыруы тиіс.
Егер солақайлық сол латеральділік белгілермен (сол жүргізуші көз, сол жүргізуші құлақ және т. б. ) сәйкес келсе, жаққа қайта үйрету жүйке-психикалық тозуға алып келуі мүмкін. Адам бойындағы қажет, түрткі, ниет, тілек, ынта, ықылас т. б. қасиеттер танымдық қызығушылықты құрайды. Танымдық қызығу адамды білімге, кәсіпке, іскерлікке, іс-әрекетілікке т. б. итермелейді.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
- «Тұлғаның педагогикалық-психологиялық диагностика» пәнінің міндеттерін аайтыңыз.
- Психодиагностика ұғымының шығу тарихы.
- Қоғамдағы педагог-психолог маманның орны.
- Педагог-психолог маманның қызметі.
- Мектептегі педагог-психолог қызметінің ерекшеліктері.
2- ТАҚЫРЫП XX ҒАСЫРДА ПСИХОДИАГНОСТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ.
2. 1. Психодиагностиканың эксперименталды психология саласында құрылуы (В. Вундт, Ф. Гальтон, Г. Эбингауз және т. б. ) . Психологиялық тестілеудің шығуы.
Психологиялық эксперимент - бұл етушінің және экспериментшінің біріккен әрекетті, яғри экспериментшінің зеттеу бағыты әрекет етушінің психикалық маңыздылығына жүгініді.
Процестің ұйымдасуы мен реттелуінің әрекет қарым - қатынас болып табылады. әрекет етуші өзінің өмірлік тәжірбиесімен, мотивімен, эксперимент жүргізушіге келеді. Зеттеудің нәтижесі тұлғаның экспериментшімен қарым - қатынасынан көрінеді. Бұл мәселемен психологиялық эксперименттегі әлеуметтік - писихология айналысады.
Психологиялық эксперимент бүтіндей жағдай ретінде қарастырылады. Баланың тестілеу кезіндегі байқалған интелектісінің әсері 10-20 - шы болып табылады. Баланың интелектуалды дамуы Бине - Симонның тесті бойынша оның әлеуметтік статусымен байланысты болады. Ол кез келген зерттеуде, таңдауда, кез - келген уақытта және елде көрінеді. Психология басына әлеуметтік тапсырмадан тәелді деді және Ф. Гальтонның гипотезасын қолданды, яғни ол қарым - қатынастың элитасын дарынды адамдардан құралу керек деді. Алайда тестілеу кезінде әртүрлі қарым - қатынастың түрлері және сөйлеутәсілдерін қолданса, баланың интелектісінде түрлі әлеуметтік беттері көрінеді. Кеңес психологтары жоғары интелектіні жұмысшы от басынан байқайд.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz