Есмағамбет Ысмайыловтың шығармашылық мұрасы


Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бітіру жұмысында Есмағамбет Ысмайыловтың қалтарыстарда қалып келген ақындық қыры қарастырылады. Есмағамбет өлеңдерінің өзімен тұстас өзге де ақындардан еш кем еместігі, өмір шындығын суреттеудегі, қоғам қайраткерлерінің бейнесін көрсетудегі шеберлігі, поэзиядағы көркемдік дүниетанымның көріну формасы, оның парасат биігімен анықталып, сарапталады. Ол жазған өлеңдердің көркемдік жетістіктері мен өзі сүрген замана келбетінің шынайы бейнесін жасап, өз замандастарының арман-тілегін, жан-дүниесін, ғажайып ерлік істерін сырттай суреттеп қоймай, көз алдыңа жайып салады. Айтпақ ойы, сезім мен толғанысын қаз қалпында суреттеуі анық көрінеді.
Жұмыстың өзектілігі: Ақынның поэтикалық тілінің табиғаты да өзгеше, онда символикалық сипат та жатады. Құбылысты образ арқылы береді. Әр нәрсені тек сөз мағынасында айту поэзия дәстүрі емес, бейнелей, өрнектей, астарлай, тұспалдай да айта біледі. Ишара мен бейнелей айтуда оның өзінің тұрақты дәстүріне айналған өрнектері, образдары бар. Өнерге өмір материалын алып, оны ұлттық өзгешеліктермен өрнектеп бере алады. Көркемдік танымның тұтастығы ақынның логикасымен ұштасып жатады. Ақын философиясын тек аналитикалық ойлаумен шектеліп қалмай көркем образдар арқылы бейнелей ойлауға, нақтылы шындықпен жанастыра шынайы түрде жеткізеді. Сөз қолдануындағы көрк
Көркемдік амал-тәсілдерді орнымен пайдаланған. Ақындық парасаттылық, өлеңдегі терең ойлылық, сезім бейнелілігі әдемі көркемдік өрнек арқылы жарасым табды. Сөз қолдануындағы, тіліндегі көркемдіктер мен сұлу өрнектердің символдық дәреже биігінен көрінуі ақын логикасының ерекшелігін байқатады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Бітіру жұмысының басты нысанасы қазақ әдебиетінде қалтарыста қалып келген Е. Ысмайыловтың ақындық қырын, орнын айқындау болып табылады. Ол үшін алдыға мынадай міндеттер қойылды.
-Е. Ысмайыловтың ақындығы арқылы қол жеткізген табыстарын таныту;
-Е. Ысмайыловтың өлеңдерін талдай отырып, сол тұстардағы уақыт талабын, замана келбетін айқындау;
-Қоғамда сыншылдық көзқарас пен ар-ұждан мәселесінің өткір көтерілуіндегі ақын өлеңдерінің өзектілігі талқыланып, талданды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Есмағамбет Ысмайыловтың шығармашылық мұрасы жайлы бұрын сөз болмады деп айта алмаймыз. Т. Кәкішев, К. Сейдеханов, Р. Жұмаділова, Н. Төреқұлов, С. Жұмағұлов, Д. Әбілев, Ж. Бектұров, Н. Нүрпейісов, Р. Тұрысбек т. б. ғалымдар Есмағамбет Ысмайыловтың әдебиетшілдік, фольклористтік, сыншылдық тұлғасын зерттесе, біздің бітіру жұмысымыздағы қарастырылып отырған басты нысана ақындық қырын таныту.
Зерттеудің әдістері: Ақынның 1933-1934-1936 жылдардағы жарияланған жыр жинақтарындағы өлеңдерді жинақтау. Сонымен қатар, жинақталған өлеңдерді көркемдік тұрғыдан талдау әдісі қолданылды. Өлеңдерді талдау барысында ақынның «Жігер», «Тұлпар жыры», «Жаз еркесі» атты жыр жинағындағы өлеңдерді алдық.
Зерттеудің дереккөздері: Жұмысқа қажетті материалдарға негізінен отандық ғалымдардың, ұлттық әдебиетіміздің әр қилы мәселелеріне байланысты еңбектердегі тұжырымдарын, негізінен ақынның төл еңбектері пайдаланылды, негізгі дереккөзі болды.
Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Е. Ысмайыловтың шығармашылық өмірбаянын қысқаша шолу
Есмағамбет 1911 жылы қазіргі Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданындағы Құлбек ауылындағы Жартас деген жерде туылған. Есмағамбет тұрмыс тапшылығын, жоқшылық қасіретін жастайынан-ақ тартады. Ол анасынан айырылып жетім қалады. Асылы қатал тағдыр жас Есмағамбетті маңдайынан сыйпамаған, әлпештемеген қайта оған таршылық еткен. Жетім баланы қанатының астына алған, оған білім беріп, өмірдің жарқын жолына шығарған - Совет өкіметі, Коммунистік партия. Жас Есмағамбет балалар үйінде тәрбиеленеді. Оның бойында әдебиетке, халықтың сөз өнеріне деген құштарлық сол кезден бастап - ақ оянады.
Алғаш ауылдық мектепте, балалар үйінде тәрбиеленіп оқыған Есмағамбет білімін тереңдетуді арман етеді. Қазақ педагогикалық институтының табалдырығын аттайды. Институтта оқып жүрген шағында болашақ сыншы шарқ ұрып ізденумен, әдеби білімін өсіріп, ой - өрісін тереңдетумен болады. Өз қаламының күшін байқап, өлеңдер жазады.
Отызыншы жылдар Есмағамбет Ысмайылов екі -үш өлеңдер жинағын шығарады. Кейін ол өлең жазуды қойып кетеді. Бұл жайында ол: «Өлеңді неге қойып кеттің, жаза берсең болмай ма, тәп - тәуір нәрселерің бар емес пе? - дегенді айтады көңіл жықпас достарым. 1954 жылы таңдамалы өлеңдеріңді басайық деген ұсыныс та болды. Бірақ поэзия жанрында жазғандарыма көңілім толған емес», - деп еске алады.
Е. Ысмайылов университетте және институтта әдебиет тарихынан лекция оқиды, доцент атағын алады. 1943 жылы ол кандитатық диссертация қорғайды. Есмағамбеттің ғылыми - зерттеушілік қызметінің өрістеуі қазақ ССР Ғылым академиясының әдебиет және көркемөнер институтымен (бұрынғы тіл және әдебиет институты) тікелей байланысты. Ол онда аға ғылыми қызметкер, сектор бастығы, директор болып істейді. Кейін ол совет әдебиеті бөлімін басқарады. Есмағамбет Ысмайылов өзінің докторлық диссертациясын да сол институт қабырғасында тәмамдап, қорғап шықты. Ал 1959 жылы Е. Ысмайылов Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент - мүшесі болып сайланды.
Есмағамбет Ысмайылов сыншы әрі ғалым. Әдебиет тарихы жайында да, қазіргі әдебиет мәселелері туралы да толғанады, бірдей жазады. Қазақ совет әдебиетінің С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Аманжолов, И. Байзақов сияқты және басқа да үлкенді - кішілі өкілдерінің әр алуан шығармалары жайында пікір айтуы оның өткендегі әдебиетіміздің алыптары -- Абай, Шоқан, Сұлтанмахмұт творчествосы туралы толғаулы ойлар қозғауына бөгет жасамайды.
Отызыншы жылдардың аяғы мен қырқыншы жылдардан бастап Е. Ысмайыловтың ғалымдық қызметі кеңінен өрістейді. Ол «Әдебиет теориясының мәселелері», «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті», «Қазақ совет әдебиеті» тәрізді оқулықтар жазды. Бұл кезеңде ол әдеби сынмен де көп шұғылданады., талай - талай өткір актуальді мақалалар жазады. Солардың ішінен: «Әдебиеттегі формализм мен натурализмге қарсы», «Поэзиямызды сөз еткенде», «Ақындық талант өз орнына жұмсалсын» және басқа да бірнеше мақаласын атап айтуға болады. Олардан сыншының әдебиетке шындап жаны ашитындығы, ондағы олқылықтарға төзе алмайтын турашылдығы жақсы сезіледі.
Е. Ысмайылов 1948 жылы академик М. Әуезовтың басқаруымен шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты аса ірі еңбектің «Қазақтың совет фольклоры» деген тарауын, 1949 жылы профессор Қ. Жұмалиевтің редакторлығымен шыққан «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» деген көлемді зерттеудің жекелеген тарауларын, «Қазақ ССР тарихының» кей тарауын жазысты. Сондай - ақ 1958-1960 жылдарда қазақ және орыс тілінде басылып шыққан «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» атты жаңа зертеудің С. Сейфуллин, Жамбыл Жабаев, А. Тоқмағамбетов творчествасына арналған бөлімдерінің авторы.
Сыншы - ғалым қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап бастыру ісімен де көп шұғылданады. Ол соңғы жылдары «Батырлар жыры», «Ертектер», «Ақындар жыры», «Айтыс» және басқа да жинақтарды құрастырып, соларға алғысөз жазды. Ол С. Сейфуллин, Қ. Аманжолов, бірге Ж. Сайнның шығармалар жинағын құрастыруға, даярлауға да белсене атсалысты.
1957 жылы Е. Ысмайыловтың «Ақындар» атты монографиясы жарық көрді. Күрделі де, көлемді бұл еңбек кезінде жұртшылықтан жоғары баға алды. Расында да, қазақтың халық поэзиясы өкілдерінің творчествосын, олардың ақындық дәстүрлері мен өзіндің ерекшеліктерін терең де ғылыми тұрғыдан талдаған бұл монография қазақ совет фольклористикасына елеулі үлес болып қосылды. Бұл еңбекті кезінде Москва әдебиетшілері құп алып, лайықты бағасын берді.
1960 жылы Е. Ысмайыловтың «Сын және шығарма» атты жинағы шықты. Бұл оның әр кезде әралуан мәселелер мен әдеби құбылыстарға арнап жазған мақалалары, әр уақытта, әр жайда жасаған баяндамалары енген.
Сыншы даңқты революционер - ақынымыз Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен творчествосына арналған көлемді еңбек жазып, бітірді. Бұл монографияда С. Сейфуллиннің өмірлік және ақындық сапары сөз болады, оның мол мұрасы, әр жанрдағы шығармалары, творчествосының жаңашылдық сипаты, өзіндік қырлары мен өзгеше сырлары талданады. Зерттеуші ақынның поэзиясын, басқада шығармаларын сол кездегі бүкіл әдеби дамумен, творчестволық процеспен тығыз байланыста алып қарайды.
М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев сияқты қаламдас серіктерімен бірге Е. Ысмайылов республикада жас ғалымдар, жас зерттеушілер даярлау ісіне көп үлес қосты. Ол өзі танып баулыған жас талаптарды үйретіп қамқорлық жасай да, оларға бағыт сілтей де білді. .
Атақты академик - жазушы М. Әуезов Есмағамбет Ысмайыловты «Қазақ әдебиетінің, әдебиет ғылымының айнымас, қажымас, жылдар жүрсе арымас жегіндісі - еңбек торысы» деп бағалаған еді. Бұл баға Е. Ысмайыловтың жемісті мол еңбегін, творчестволық жолын жақсы да, дәл сипаттайды. Ғалым - сыншының елу жасқа толуына байланысты әрі оның ұзақ уақыт бойы өнімді, жемісті еңбегін ескеріп, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президумы оған «Қазақ ССР - нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері» атағын берді.
Әдебиет сыны - творчестволық қуанышы мен азабы, реніші мен қиындығы мол жанр. « . . . Сыншы таланты өте сирек ұшырасады, оның жолы тайғақ та қадірлі» дегенде Белинский сын өнерінің осы қиындығын айтса керек [1. 3] .
Қазақ әдебиетінің ірі зерттеушісі - Есмағамбет Ысмайылов әдебиеттану ғылымының әр саласында-ақ аса құнды мұра қалдырған. Ол жөнінде шәкірттері: « . . . аға ғалымның орасан еңбектеріне, құлашының кеңдігіне, ғылыми қызығуларының молдығына қайран қалмасқа, ризалықпен еске алмасқа болмайды» (Р. Бердібай) - деп жазды. Расында да, Есмағамбет Ысмайылов - жан-жақты дарын иесі. Ол - ақын, ол - беллетристік прозашы, эссеист, ол- әдебиет сыншысы, ол - әдебиет тарихының зерттеушісі, ол - фольклорист. Е. Ысмайылов қазақ әдебиеті тарихын жазуда көрген құрметтен гөрі шеккен бейнеті мол. Сол жолда жалалы болып, сотталып келгені де көпке мәлім. Қандай қиындық көріп, зәбір - жапа шексе де « Мен қазақ әдебиеті тарихын әдейі бұрмалап жазды, кертартпа ақындар мен кейбір феодалдарды әдейі мадақтап жазды деген айыпты мойындамаймын. Ондай кінә менде болған емес» - деп өзінің көзқарасынан таймаған ғалым - Е. Ысмайылов! Қанша қиындық көрсе де ғалым 20 ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне әріден келетін «зар-замандық» секілді сарындарды сыртқа теппей, «сыншыл реалистік әдебиет» атап, тарихта қалдыруға тырысқан. Нармамбет, Ғұмар секілді дарындар (тәуелсіздік алғанға дейін Есағаңның олар жөніндегі зерттеулері қателік ретінде қаралды) ғалым зерттеулерінде тиісінше дұрыс, әділ бағаланған. Е. Ысмайыловтың бұл саладағы зерттеулері оның ғалымдық тұлғасын зорайтып көрсететін, күні бүгін де маңызын жоймаған бағалы зерттеулер болып табылады. Ғалым - қолайсыз уақытта, тоталитарлық режим тұсында өмір сүріп, еңбек етті, қиындықты көп көрді. Кезеңдік саясаттың ғалымды сындырмаса да, майыстырған сәттері бар. Сондай, солақай саясаттың әсері болар, әрі социализм тәрбиесін көріп өскені, солай қалыптасқаны бар - әдебиет тарихына, тарихи тұлғаларға ұлт мүддесі тұрғысынан қараумен бірге, социалистік идеология көзімен қараған сәттері жиі. Е. Ысмайылов сөз өнерінде аса маңызды болып табылатын романтикалық бейнелеу тәсілінің ұлттық әдебиетте мейлінше кең өріс алу қажеттілігін баса ескертеді. Сол арқылы өмір шындығын типтендіріп көрсету, тың тақырыптарды ақындық мәдениетпен жырлау, поэтикалық заңдылықтарды сақтау сияқты өзекті мәселелерді өткір көтере отырып, шығармашылық ізденісте және поэзияда романтиканың мейілінше қажет екеніне терең бара білген, көркем туындыға арқау болған құбылысты тек реалистік тұрғыда ғана емес, романтикалық бояуда суреттеудің ұтымды тұстарын зер сала баяндаған сыншы: «Өмірді, шындықты білу, оны творчестволық жолмен қайта екшеп, жаңа поэтикалық шындық тұрғысынан жырлау қажет. Ол үшін ақындық қиял, шабыт керек, жаңа сюжет, жаңа ақындық мәдениет керек» деген өрелі талаптарды алға тарта отырып, ақындық шеберлікті жетілдіру, жаңа заманды жаңаша жырлау жөнінде жүйелі ой қозғаған Е. Ысмайылов, біріншіден, қазақ поэзиясында өлеңнің сыртқы формасы, ырғақ, ұйқас, музыкалық құрылыстары, жаңа сөз образдары аз екендігін, екіншіден, барлық өлеңді он бір буынды қара өлең және жеті буынмен ұйқастыра берудің жеткіліксіздігін дұрыс сынайды. Поэзиядағы романтика өмір шындығынан, адамның асқақ арманынан туатын әдебиеттегі реализмнің мың да бір заңды құбылысы. Совет әдебиетіндегі романтика социалистік реализм табиғатына жат еместігі, қайта оны әрлей түрлендіріп, құлпырта түсетіндігі туралы М. Горький, А. Фадеевтен бастап барлық әдебиетші толассыз қағида ретінде айтып келеді.
Қазіргі заманымызда, әсіресе айға, жұлдызға ракеталар жіберіп, төбемізде жер серігін, аспан кемесін құстай ұшырып, басқа планетаға бару мүмкіндігін тудырып отырған советтік ғылым мен техниканың керемет жаңалықтары іске асқан, твочествалық еңбектің адам баласы тарихында бұрын - соңды кездеспеген ұлы ерліктері әлемді қайран қалдырған біздің ерліктері әлемді қайран қалдырған біздің коммунистік дәуірімізде, өмір шындығын асқақты жыр қиялына бөлеп суреттеудің маңызы аса зор.
Социалистік болашақ жолындағы күрестерде ерліктің, ғылым мен еңбектің керемет үлгілерін тудырушы совет адамының тамаша өмірлері мен жаңа характерлері ақынның творчестволық қиялына кең өріс береді. Бұл жөнінде дүние жүзі әдебиетіндегі өршіл романтиканың дәстүрі де қазіргі ақындарға сара жол. Қазақ даласында революцияның жеңімпаз тұлғасын Асау тұлпар, Альбатрос бейнесінде елестеткен Сәкеннің романтикасы да жаңа поэзиямызға өз үлесін қалдырды.
Қазіргі поэзияға романтика керек пе, керек емес пе деген сұрауды - біз әлдеқашан керек деп шешкенбіз. Әңгіме сол романтикалық сарын - күйлерді, суреттеу тәсілдерін қалай дамытып жетілдіру жайында болуға тиісті. Өршіл романтика өмірде кездесетін, немесе, болуға мүмкін ғажап уақиғаларды, керемет ерлікті дамытып, асқақтатып жырлаудан туады.
Ең негізгі мақсат - совет адамдарының бүгінгі және ертеңгі, асқақ армандарын қанатты жыр гүліне бөлеп суреттеуде болып отыр. Бізде өмір жаңалығын, бүгінгі ұлы мақсатты насихаттау түрінде өлең - очерк үлгісімен жазылған шығармалар мол. Біз мұның барлығы қазіргі қауымды коммунистік рухта тәрбиелеуге пайдалы туындылар дей отырып, сонымен қатар, поэзия қарапайым өмірлік құбылыстан гөрі, адамның асқақ арманымен қанаттаса түссе екен дейміз. Ақын өмір құбылыстарын қаншалық биіктен қарап ғажаптанатын болса, сонан туатын оның поэзиясы да соншалық қанатты асқақ келеді. Шындықты романтикалық тәсілмен суреттеудің өзінің логикалық заңы, өзіндік эстетикалық құпия сырлары бар.
Құбылысты жандандырып, екінші бір сұлу поэзия әлеміне жеткізе жырлау - ақын творчествосындағы өзекті мәселе. Поэзияның ғылымдық, публицистикалық дүниеден айырмашылығы да, оны үнемі қанаттандырып, қарапайымдылықтан биікке шырқауында. Ал, биікке өрлемеген, қанатты сезімге, алыс арманға құлаш сілтемеген поэзия шынында поэзия ма? Адам әрдайым қайран қалатын ерекше бір қызықты уақиғаларды естіп, тыңдауға құштар. Поэзиялық туынды жалпы көркем шығарма бір мезгіл бізді қиял дариясына алып баратын жай - күйлерді суреттесе екен дейміз. Өзіміз күнде өмірден көріп жүрген жай - күйлерді, сол қалпында, ұйқасқан қара сөзбен қайта айтып бергеннен гөрі, жан дүниенің қат - қабат сырларын, табиғаттың алуан түрлі құбылыстарын екінші бір қызықты дүниеге ұқсатып айтып берсе, ол әрқашан кімді болсын қызықтырмай қоймайды.
Ғажап ерлік оқиғаларға толы коммунистік дәуір адамдардың бүгінгі өмірі мен жарқан келешегін жарқын бейнелеу талабы суреткердің творчестволық қиялы, шабытты ойлары, қанатты сезім дүниесі, көркемдеу тәсілі әлдеқайда толықсып жетілгенде ғана іске асады.
Бұл міндет жазушылар творчествосында социалистік реализмдегі көркемдік стиль, формалардың әралуан ерекшелікте гүлденіп, дамуға апаратын - реализм мен романтиканы ұштастыра білетін шеберлік жолымен шешіледі.
Асқақ жыр, романтика - революциялық дамуымыздың жарқын айнасы совет әдебиетінің барлық дәуіріне тән сипат. Революциялық романтика дегеніміз дерексіз қиялдан тумайды, заманымыздың өмір шындығынан туады.
Бұдан ширек ғасыр бұрын алысқа ұшудың үздік рекордын жасаған совет ұшқыштарының асқақ ісі поэзиямызға асқақ романтикамен жырланады.
Реализм шеңберіндегі мақтаулы көркем шығармалардан да көп ретте романтикалық сарындар сезіліп отырады. Белинский «романтизмнің негізі алдымен адамның сезім дүниесі, адамның жүрек сырларын ашып көрсетуде романтизм де өмірден суаттанады. Өйткені өмір бар жерде адам бар, адам бар жерде романтизм болады, адам жақсылыққа, асқақ арманға қиялымен талпынбай отыра алмайды» деп түсіндірген. А. Фадеев «өмір шындығын социалистік реализм әдісімен суреттеуде қатып қалған ереже жоқ онда әр алуан көркемдік форма, тәсілдердің молшылғына кең жол ашылу қажет» деп біледі.
Махаббаты мәңгілік сөнбеген, ажалды жеңген, табиғаттың долы күшін бағындырып, күнмен тілдескен керемет ұлы ерлердің тұлғасын реалистік тұрғыдан да, романтикалық тұрғыдан да жан - жақты бейнелеуіне суреткерлердің мүмкіндігі мол.
Әдебиеттегі романтика дегенде өнер мен әдебиеттің нағыз толықсып кемелденуі, социалистік реализмде екендігін ұмытуға болмайды, тек реалистік өнер ғана дамудың мың да бір негізгі арнасын жасайды. Демек романтика реалистік өнерге қарсы қойылу тұрғысынан емес, қайта оны толықтыру, гүлдендіру тұрғысынан қабылданады. Әдебиет классиктерінің романтикалық суреттеу тәсілдернің бәрі бірдей сол күйінде социалистік реализмнің бойына жарасымды бола бермейді.
Ғылым мен техниканың шарықтап дамып алға кеткен қазіргі заманында, әсіресе Айға, жұлдызға ракеталар жіберіп, төбемізде Жер серігін, аспан кемесін құстай ұшырып, басқа планетаға бару мүмкіндігін тудырып отырған советтік ғылым мен техниканың керемет жаңалықтары іске асқан коммунизм дәуірінде өмір шындығын асқақты жыр қиялына бөлеп суреттеудің маңызы аса зор.
Дегенмен де поэзиямызда оқиғаны әсірелеу, жандандырып суреттеу әлі де болса жетіспейді, өмірлік оқиғаларды, ғажап ерліктерді асқақ романтикалық қиялмен бейнелеудің орнына болған фактіні сол күйінде баяндап шығатын өлең очеркті жазу көбірек орын алып отыр. Мұхит теңізінің толқынымен, апатымен алысып жеңген төрт батырдың ұлы ерлігі туралы М. Байсейітовтің поэмасында да, А. Тоқмағамбетовтың осы тақырыпқа арнаған толғауында да, қазіргі ғылым мен техниканың кереметтеріне арналған өлең - жырлардың біразында да болған фактіні оңай көшіру тұрғысынан жазуды байқаймыз, ізгі ниет - жақсы ойлар асқақты, қанатты жырлармен безенбейді деп Е. Ысмайылов сөз өнерінде аса маңызды болып табылатын романтикалық бейнелеу тәсілінің ұлттық әдебиетте мейлінше кең өріс алу қажеттігін баса ескертеді. Сол арқылы өмір шындығын типтендіріп көрсету, тың тақырыптарды ақындық мәдениетпен жырлау, поэтикалық заңдылықтарды сақтау сияқты өзекті мәселелерді өткір көтере отырып, шығармашылық ізденісте және поэзияда романтиканың мейлінше қажет екендігін романтикалық бояуда суреттеудің ұтымды тұстарын зер сала баяндаған сыншы: Өмірді, шындықты білу, оны творчестволық жолмен қайта екшеп, жаңа поэтикалық шыңдық тұрғысынан жырлау қажет. Ол үшін ақындық қиял, шабыт керек, жаңа сюжет, жаңа ақындық мәдиенет керек деген өрелі талаптарды алға тартады. Ақындық шеберлікті жетілдіру, жаңа заманды жаңаша жырлау жөнінде жүйелі ой қозғаған Е. Ысмайылов, біріншіден, қазақ поэзиясында өлеңнің сыртқы формасы ырғақ, ұйқас, музыкалық құрылыстардығ жаңа сөз образдарын аз және жеті буынмен ұйқастыра берудің жеткіліксіздігін дұрыс сынайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz