Нарықтық экономикадағы еңбекақы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ . . . 4

I БӨЛIМ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ

  1. Еңбекақының экономикалық мәнi . . . 7
  2. Еңбекақының нысандары мен түрлерi . . . 16
  1. «МҰНАЙГАЗҚҰРЫЛЫС» ААҚ-ДА ЕҢБЕК ПЕН ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБIН ҰЙЫМДАСТЫРУ«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ-да еңбек және еңбекақы есебiн ұйымдастырудың мiндеттерi . . . 27Жұмысшылар құ´рамы және жұмыс уақытын пайдалану есебi . . . 32«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ-да өнiм өндiру мен еңбекақының есебiн ұйымдастыру . . . 42«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ-ында еңбек ресурстары мен еңбекақы қорын пайдалануды талдау . . . 63

III БӨЛIМ. «МҰНАЙГАЗҚҰРЫЛЫС» ААҚ-ДА ЕҢБЕКАҚЫ АУДИТI ҰЙЫМДАСТЫРУ

3. 1. Еңбекақыға аудиторлық тексерiстi ұйымдастырудың тәртiбi . . . 74

  1. «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ-ында еңбекақысының аудитiн ұйымдастыру . . . 79

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 87

ҚОЛДАНЫЛҒАН …ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI . . . 90

КIРIСПЕ

Нарықтың экономика жағдайында кәсiпорын жұмысының нәтижелiгiн анықтайтын экономикалық механизмдердiң бiрi - еңбек және еңбекақы есебiн ұйымдастыру, оның рөлiн жоғарлату объективтi қажеттiлiк болып табылады. . Жұмыс берушiлердiң кәсiпорынның негiзгi қызметiнен алынған табысы мен жалданбалы жұмысшылардың еңбекақысы шығарылған өнiмнiң, жасалынған жұмыстың өтiмiне, оның бағасына және өзiндiк құнына байланысты, басқаша айтқанда рынок тауарларының, жұмыстары мен қызметтерiнiң көбеюiне, сұрыпталымының ұлғаюына, тұтынушылардың сұранысына және олардың сапасы мен бағалылығына байланысты. Оған еңбек пен еңбекақы есебiн ұйымдастыру механизмдерiн дұрыс басқару және оны дұрыс қолдану арқылы жетуге болады.

Еңбек шығындары ресурстардың шығын төмендетуге, Ґнемдi пайдалануға әсер етедi. Кәсiпорындардың қызметтерiнiң жалпы экономикалық нәтижесi мен еңбектi қолдану нәтижелiгiнiң өзара байланысы еңбек шығындарының төмендеуiн қажет етедi, кәсiпорындардағы еңбек пен еңбекақы есебiн ұйымдастырудың рөлiн жоғарылатады.

Еңбекақы - жұмысшының жасаған еңбекгiнiң қґны, яғни бағасының ақшалай өлшемi. Кәсiпорынның еңбекақы төлеудегi саясаты кәсiпорында басқарудың құрамды бөлiгi және оның қызметiнiң тиiмдiлiгi оған елеулi ықпал етедi. Себебi, еңбекақы жұмыс күшiн тиiмдi пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бiрi. Мiне, сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығаруға болмайды.

Еңбекақы жұмыскерге оның еңбегi үшiн сапасына, санына және шығарған қажеттi өнiм көлемiне сәйкес берiлетiн төлем.

Нарықтың экономика жағдайындағы кәспорындар жұмысын ұйымдастыруда еңбек пен еңбекақынық есебiн диплом жұмысының зерттеу объектiсi болып табылады.

Жоғары айтылғандарға байланысты диплом жұмысының мақсаты болып нарықтың экономика жағдайындағы кәсiпорындардың тиiмдi қызметiн ұйымдастырудағы еңбек пен еңбекақы есебiн ұйымдастырудың есебi, оның алатын рөлi, кәсiпорында еңбек пен еңбекақының бухгалтерлiк есебi мен аудиторлық тексерiстi ұйымдастыру, жұмысшылармен еңбекақы жөнiнен және есеп берушi тґлғалармен есеп айырысу тiртiбiн, олардың негiздi жҐргiзiлуi табылады.

Осы мақсатқа сәйкес диплом жұмысын орындауда төмендегiдей мiндеттер қойылады:

  • Еңбекақының экономикалық мәнiн ашып көрсету;
  • Еңбекақының нысандары мен түрлерiн анықтау;
  • Жұмысшылар құрамы және жұмыс уақытын пайдалану есебiнiң тәртiбiн анықтау;
  • «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ-да еңбек және еңбекақы есебiн ұйымдастырудың негiзiн көрсету;
  • аталған қоғамдағы өнiм өндiру мен еңбекақының есебiн ұйымдастыру ерекшелiктерiн қарастыру, сондай-ақ «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ-ында еңбек ресурстары мен еңбекақы қорын пайдалануға талдау жасау;
  • Еңбекақы бойынша есеп айрысудың тiзбектiлiгiн тексерудi анықтау;
  • Кәсiпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етiлуiн және жұмыс уақытын тиiмдi пайдалануына және еңбекақы қорын пайдалануға талдау жүргiзу және т. б.

Диплом жұмысын орындау барысында мынадай нәтижелер алынды:

  • Еңбек және еңбеақының есебiн тиiмдi ұйымдастыру кәсiпорын жұмысының тиiмдiлiгiнiң маңызды шарты болып табылады;
  • Аталған кәсiпорында еңбек пен еңбекақыны есебiн ұйымдастыру еңбекақы төлеудiң тарифтiк жүйесiне негiзделген;
  • Еңбек және еңбекақының есебiн ұйымдастыруды аудиторлық тексеру кәсiпорында жұмысшылармен, есеп берушi тұлғалармен, бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен уақытылы және толық есеп айырысуын қамтамасыз ететiн негiзгi шарт болып табылатыны;
  • «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ-ында еңбек және еңбекақының есебiн ұйымдастыру заңнамаға сай жүргiзiледi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу электронды ақпараттық жүйесiне негiзделедi;

Бұл алынған нәтижелер тәжiрибе жүзiнде кәсiпорындар қызметiнде қолданылып, елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық ахуалын жақсартуда, рынокта бәсеккеге қабiлеттi кәсiпорындар санын көбейтуге зор ықпал ететiнi сөзсiз.

Жұмыстың қорытындысында кәсiпоырндар жұмысының тиiмдi дамуын, ондағы еңбек пен еңбекақының есебiн ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн жолдар қарастырылып, дипломдық жұмыс бойынша қысқаша қорытынды жасалған.

I БӨЛIМ. НАРЫЅТЫЅ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ

  1. Еңбекақының экономикалық мәнi

Нарықтық экономиканың және нарықтық қатынастардың ең маңызды жаңы адамдардың еңбек қызметтерiн толыссыз жандандыруында. Еңбектiң табиғаты, қоғам дамуындағы рөлi өзгермесе де, әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси сипаты жағынан байланыссыз болса да, нарықтық экономика кезеңiнде еңбек қатынастары, еңбектi басқару, еңбекақыны есептеудi ұйымдастыру жолдары түбегейлi өзгердi. Егер нарық қатынастары еңбек әулетiнiң нәтижелiгiне, еңбек өнiмдiлiгiнiң сапасына, адамдардың еңбекке деген көзқарасының өзгеруiне әсерiн тигiзбейтiн болса, онда нарықты экономика өзiнiң жоғары деңгейлi мәнiн жоғалтқан болар едi.

Нарықтық экономика жағдайында адамның кез келген еңбек қызметi, атап айтқанда, ой қуаты, энергиясы, уақыт шығындары нысанында, жұмыстың тәсiлiне қарамай еңбек болып есептеледi.

Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңында: «еңбек қатынастары - тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негiзiнде белгiлi бiр еңбек қызметiн жүзеге асыруы жөнiнде туындайтын жұмыс берушi мен қызметкер арасындағы қатынастар» делiнген.

Адамның алдына қойған мақсаты, оны ынталандыратын уәждер зор рөл атқарады, олардың бастысы еңбектi, жұмыс күшiн ақшалай бағалау.

Еңбекақы - еңбек құнының, яғни бағасының ақшалай өлшемi. Еңбекақы жөнiндегi саясат кәсiпорында басқарудың құрамды бөлiгi болып табылады және оның қызметiнiң тиiмдiлiгi оған елеулi ықпал етедi. Себебi, еңбекақы жұмыс күшiн тиiмдi пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бiрi. Мiне, сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығаруға болмайды.

Еңбекақы жұмыскерге оның еңбегi үшiн сапасына, санына және шығарған қажеттi өнiм көлемiне сәйкес берiлетiн төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажеттi өнiмнiң құнына тең және оның ақшалай түрi болып табылады. Нарық жағдайында тауар ретiнде еңбек өнiмiнiң нарығы мойындаған еңбекақы төлемi жұмсалған шығындарға емес, еңбектiң нәтижесiне төленедi. Тауарларды өткiзуден түскен қаражаттар тауар өндiрушiлердiң еңбегiнiң саны мен сапасын бағалаудағы және олардың жеке табыстарының негiзгi көзiн бағалаудағы жоғарғы белгi болып табылады.

Еңбекақы кәсiпорын қызметкерлерiнiң жалақысына баратын өнiм өндiруге және сатуға кеткен шығындардың бiр бөлiгi. Бұлардан басқа еңбекақыны мынадай факторлар анықтайды:

Жұмыс күшi, яғни құны. Бұл қызметкердiң өмiрiне қажет және оның еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге жәрдемдесетiн заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар:

  • жұмыскердiң қажеттiлiгiн қанағаттандыратын мүлiк құны;
  • оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындар;
  • оның отбасының өмiр сүруiне қажеттi заттардың құны.

Нақтылы жұмыс күшiнiң құны қажеттi өнiм көлемiн анықтайды. Оның өзiндiк жұмыс күшiнiң құны әр елде әр түрлi және уақыт өткен сайын өзгерiп те отырады.

Жұмысшының еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуi еңбекақыны ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бiрақ, оның өзiнде еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуi еңбекақының өсуiндей шапшаң болады. Мысалы, күрделi, қиын жұмыстардың ақысы неғұрлым жоғары болады. Ал сирек және қауiптi мамандық немесе ерекше талантты адамдардың шығармашылық еңбектерi және т. б. жоғары бағаланады.

Қазiргi қоғамда қажеттi өнiмнiң барлығы жұмыскерге жеке еңбекақы түрiнде берiлмейдi. Қажеттi өнiмнiң бiр бөлiгi әлеуметтенедi (қоғамданады) және әр түрлi салық, есептеп беру арқылы мемлекетке қоғамдық тұтыну қорына кетедi (денсаулық сақтау, бiлiм беру, зейнетақы қорларын қамтамасыз ету және т. б. ) .

Кәсiпорында жалақы саясатын әзiрлеуде және оны ұйымдастыруда әдiлдiк, еңбек бiлiктiлiгiнiң деңгейi, зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегiнiң есебi, еңбек сапасына және еңбекке қатыстылығының адалдығы үшiн ынталандыру, ақаулық жiбергенi және өзiнiң мiндетiне жауапсыздықпен қарағандығынан жағымсыз жағдайлар болғаны үшiн материалдық жазалау, еңбек өнiмдiлiгiнiң өрлеу қарқыны орта жалақының өрлеу қарқынына қарағанда озық жүруi, инфляцияның деңгейiне сай жалақыны индекстеу, өндiрiстiЎң қажеттiлiгiн ең үлкен деңгейде қамтамасыз ету үшiн үдемелi нысананы және жалақы жүйесiн қолдану қағиадалары қолданылады.

Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес кәсiпорындағы еңбекақының айырмашылықтары:

  • мемлекеттiк иелiгiндегi кәсiпорындарда жалақы үкiмет актiлерiмен реттеледi, ал жеке кәсiпорындарда кәсiпорын әкiмшiлiгi шешiмiмен (бiрақ, ең аз жалақы жөнiндегi белгiленген заңнан кем болмауы керек) ;
  • мемлекеттiк кәсiпорындарда жалақы тiркеледi, яғни тұрақты болады (арту индекстеу есебiнен тұрады) ;
  • мемлекеттiк кәсiпорындарда жұмыс орны мен жалақы кепiлдi, ал мемлекеттiк емес кәсiпорындарда олар оның экономикалық жағдайына қарай анықталады.

Қазiргi уақытта, Қазақстанда еңбекақыны реформалау (өзгерту), мемлекеттiң кепiлделген ең қысқа күнелту деңгейiн қамтамасыз етумен және ақы төлеудiң жоғарғы деңгейiнен шектеулердi жүйелi түрде алып тастаумен байланысты.

Еңбек қатынастарын реттеудiң нормасы болып тарифтiк келiсiмнiң және ұжымдық келiсiм - шарттың негiзiнде жасалған жұмыс берушiлер мен кәсiподақтардың арасындағы, жұмысшылар мен қызметшiлердiң арасындағы еңбекақы төлеу бойынша келiсiм - шарттың қағидасы табылуы керек.

Реформада мiндеттi төлемге жататын мемлекеттiк әлеуметтiк норматив тәрiздi еңбеақының ең аз мөлшерi бекiтiлген. Ең төменгi еңбекақы ең төменгi тұтыну бюджетiнiң негiзiнде тағайындалады және әлеуметтiк факторларға байланысты сараланады.

Ең төменгi еңбекақының экономикалық мағынасы өнiмдi еңбектегi және жұмыс күшiн үдайы өндiрудегi жұмысшының қабiлеттiлiгiн қолдауды бiлдiредi.

Еңбектiң бүгiнгi бағасы экономикалық дәлелденген деңгейiнен тым алыс. Статистикалық мәлiметтер бойынша ағымдық жылдың қыркүйек айында өнеркәсiпте жұмыс жасайтын қызметкерлердiң орташа номиналдық (көрсетiлген) еңбекақысы 12724 теңгенi құрады немесе Қазақстан Республикасының ұлттық Банкiдегi АҚШ долларының орташа өлшенген курсы бойынша 85$ құрады, сонымен бiрге қызметкерлердiң еңбекақысының абсолюттiк деңгейi өз - өзiнен төмен емес, оған еңбек өнiмдiлiгi әсер етедi, яғни өнiмдiлiк деңгейi бойынша қазақстандық өнеркәсiптер дамыған елдерден 3-5 есе төмен, ал еңбекақының деңгейiндегi қарама-қайшылық 10-15 есеге тең. Төмендегi соңғы 3 жылдағы республикадағы нарықтық экономиканың даму серпiнiнде халықтарға қызмет көрсету және өнiм өндiру салаларындағы жұмыс жасайтын қызметкерлердiң еңбекақының ең төменгi мөлшерi көрсетiлген.

2002-2004 жылдардағы Қазақстан Республикасы бойынша ең төменгi еңбекақы мөлшерi

1. 1. - кесте

Ең төменгi еңбекақы мөлшерi: Ең төменгi еңбекақы мөлшерi
Ең төменгi еңбекақы мөлшерi: 2002 жыл
6000 теңге
Ең төменгi еңбекақы мөлшерi: 2003 жыл
6500 теңге
Ең төменгi еңбекақы мөлшерi: 2004 жыл
7000 теңге

Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтiк бағытталған нарықтық экономикаға көшу кезiнде ең төменгi деңгейдегi еңбек ақыны мемлекет кепiлдендiредi және жоғарғы деңгейдегi еңбекақыға шек қойылмайды. Бұл еңбектi материалды ынталандырудың және еңбек өнiмдiлiгiн арттырудың басты құралы болып, қоғамдық өндiрiстi тиiмдi дамытуға ықпал етедi. Еңбекақы деңгейi халық шаруашылығы саласына қарай өзiндiк ерекшелiгiмен айқындалып, ол бес қағидаға негiзделедi.

Бiрiншi қағида - еңбектiң күрделiгi. Күрделi, бiлiктiлiктi еңбек жай еңбекке қарағанда молдау құнды құрайды және оған еңбек ақы жоғары болуы тиiс.

Екiншi қағида - еңбек жағдайына қарай жiктеу. Еңбек жағдайы жеңiл және ауыр; қалыпты және зиянды болуы мүмкiн. Сондықтан қалыпты жағдайда еңбек еткендерге қарағанда, ауыр әрi зиянды жұмыс iстейтiндер жалақыны көп алуы тиiс.

Үшiншi қағида - елiмiздiң дамуын байқататын экономиканың ең қажеттi салаларында басқаларына қарағанда өсiм мен ақы төлеу жоғары болады.

Төртiншi қағида - экономикалық аудан мен аймақтың табиғи-климаттық жағдайының өзгешелiгiмен байланысты. Еңбекақыға әртүрлi экономикалық аймақтарда аудандық коэффициент белгiленiп, жалақыға қосымша түрiнде қосылады. Қазақстан Республикасында бұл коэффициент 1, 15 құрайды. Демек, елiмiзде барлық салаларда жұмыс iстейтiндер жалақысына 15% қосымша қосып алады.

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 9-шы қаңтарындағы «Қазақстан Республикасы экономика саласындағы жұмысшыларға еңбекақы төлеу туралы» қаулысына сай, жалақыны есептегенде қолданып жүрген салалық, аудандық коэффициенттер мөлшерi сақталады. Таулы, құмды және суссыз жерлердегi жұмыс күшiн, экономикалық келеңсiз аймақта тұратындарға коэффициенттер сақталады.

Бесiншi қағида - қызметкер өзi еңбек ететiн жердегi және жалпы ұжымның еңбек нәтижесiмен байланысты.

2004 жылдан бастап экономиканың барлық салаларына бiрыңғай тарифтiк тор енгiзу керек туралы еңбекақы төлеудiң сұрақтарымен үкiмет қанша айналысса да, еңбекақы ұйымдастырудағы кемшiлiктердiң пайда болуы заң және нормативтiк актiлердiң жоқ болуына байланысты. Әрине, мұнымен барлық мәселе шешiле қоймайды, сондықтан еңбектiң мәртебесiн көтеретiн, мамандардың және Ғалымдардың бiрлескен күштерiнiң көмегiмен еңбекақының жолдарын дұрыс анықтай аламыз.

Еңбекшiлер табысын кепiлденген деңгейiн қорғауды жүзеге асыратын бiрыңғай тарифтiк тор еңбекақы төлеу реформасының негiзi болып табылады.

Осының нәтижесiнде, оның базалық бөлiгi болып, халық шаруашылығының саласындағы әрбiр жұмысшыға кепiлденген минималдық еңбекақы табылады. Еңбекақының екiншi бөлiгi (бонустар, өтемдiк және тағы да баста төлемдер) ұйымдарда, кәсiпорындарда және салаларда балдық жүйемен бағаланатын, разрядқа, бiлiктiлiк топқа, атаққа және дәрежеге байланысты, жұмысшылардың еңбек стаждарына, бiлiктiлiктерiне, қабiлеттiлiктерiне және қолда бар ақшалардың мөлшерiне байланысты төленедi.

Еңбек сипатының сандық және сапалығын есепке ала отырып, тарифтiк жүйе еңбекақыны ұйымдастырады және реттейдi. Тарифтiк жүйеге тарифтiк-квалификалық анықтама мен тарифтiк тор және тарифтiк өсiм енедi.

Тарифтiк-квалификалық анықтамаға шаруашылық саласының көптеген жұмыс түрлерiнiң сипаттамасы мен тiзiмi кiредi. Жұмыстың барлық түрi күрделiлiгiне қарай разрядқа бөлiнедi және жұмыс атқарушының бiлiмi мен орындау iскерлiгiне талаптар көрсетiледi.

Тарифтiк ставка жұмысшының разрядқа байланысты уақыт өлшемiнде еңбекақы мөлшерiн айқындауға мүмкiндiк бередi.

Тарифтiк тор кез келген саладағы маман еңбегiнiң бiлiктiлiгi мен бiлiксiздiгiнiң арасын айқындауға қызмет етедi. Тор белгiлi сандық разрядтардан тұрады және оған сай келетiн коэффициенттер болуы керек. Яғни, бiрыңғай тарифтiк торда бiрiншi разрядтағы жұмысшылардан басталып басшылардан аяқталатын қызметкерлердiң разрядтарының тарифтiк коэффициенттерiнiң мәтiнi көрсетiледi.

Бiрыңғай тарифтiк торда 21 тарифтiк разряд бар. 21 тарифтiк разряд халық шаруашылығында жұмыс жасайтын барлық қызметкерлерге таратылады. 21 тарифтiк разряд шаруашылықтағы жүргiзу нышанына, меншiк нышанына және бюджеттiк ұйымдарға тәуелсiз барлық кәсiпорындарға арналған:

  • 1-8 разрядтар бойынша - жұмысшыларға төлемдер;
  • 6-15 разрядтар бойынша - сызықтық қызметкерлер;
  • 4-11 разрядтар бойынша - орта бiлiмдi мамандар;
  • 7-15 разрядтар бойынша - жоғары бiлiмдi мамандар;
  • 10-20 разрядтар бойынша - кәсiпорынның басшылары, бөлiмдердiң, функционалдық қызметтердiң басшылары;
  • 9-21 разрядтар бойынша - ғылыми қызметкерлер.

Жұмысшылардың дәрежесi халық шаруашылығының барлық саласындағы еңбек процесiнде орындалған жалпы қызметтердiң бағдарына байланысты болған соң, жұмысшылардың дәрежесi бiр топта көрсетiледi.

Қазақстан Республикасының бюджеттiк салаларындағы қызметкерлердiң еңбекақыларына арналған бiрыңғай тарифтiк тор қызметкерлердiң дәрежесiн, мiндетiн, разрядтар санын (21) және разрядтарға қатысты тарифтiк коэффициенттерiн көрсете отырып, әр түрлi топтардағы қызметкерлердiң еңбекақысындағы ара- қатынастардың мәтiнiн көрсетедi.

Траифтiк коэффициент әртүрлi разрятың ставкасы қанша ретке өскендiгiн 1-шi разряд ставкасымен салыстыра көрсетедi.

1. 2. - кесте

Еңбекақы төлеудiң разрядтары
Тарифтiк коэффициенттер
Еңбекақы төлеудiң разрядтары
Тарифтiк коэффициенттер
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 1
Тарифтiк коэффициенттер: 1, 0
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 12
Тарифтiк коэффициенттер: 2, 20
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 2
Тарифтiк коэффициенттер: 1, 07
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 13
Тарифтiк коэффициенттер: 2, 37
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 3
Тарифтiк коэффициенттер: 1, 15
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 14
Тарифтiк коэффициенттер: 2, 55
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 4
Тарифтiк коэффициенттер: 1, 24
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 15
Тарифтiк коэффициенттер: 2, 74
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 5
Тарифтiк коэффициенттер: 1, 33
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 16
Тарифтiк коэффициенттер: 2, 95
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 6
Тарифтiк коэффициенттер: 1, 43
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 17
Тарифтiк коэффициенттер: 3, 17
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 7
Тарифтiк коэффициенттер: 1, 54
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 18
Тарифтiк коэффициенттер: 3, 43
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 8
Тарифтiк коэффициенттер: 1, 66
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 19
Тарифтiк коэффициенттер: 3, 67
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 9
Тарифтiк коэффициенттер: 1, 78
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 20
Тарифтiк коэффициенттер: 3, 94
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 10
Тарифтiк коэффициенттер: 1, 91
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 21
Тарифтiк коэффициенттер: 4, 24
Еңбекақы төлеудiң разрядтары: 11
Тарифтiк коэффициенттер: 2, 05
Еңбекақы төлеудiң разрядтары:
Тарифтiк коэффициенттер:

Тарифтiк торға тарифтiк коэффициенттердiң абсолюттiк және салыстырмалы өсуi, разрядтардың саны және диапозон (ауқым) жатады.

  1. жұмысшыларға разряд диапазоны 1-ден 8-шi разряд арасында;
  2. мұғалiмдерге 6-дан 13-шi разряд арасында;
  3. Жоғарғы оқу орындарындағы оқытушыларға 11-ден 21-шi разряд арасында болулары шарт.

Қазақстанда экономикалық реформаны жүргiзу кезiнде, кәсiпорындарға еңбекақы төлемдерiн өздерi еркiн реттеген. Мемлекеттiң бюджет саласындағы қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша бiрыңғай тарифтiк тор көрсетiлген. Еңбекақы күрделi еңбектi жақсы жақсы ынталандыру үшiн, кәсiпорындарда жауапкершiлiктiң деңгейi, орындалатын жұмыстың күрделiлiгi, қызметкердiң бiлiктiгi және еңбекақының деңгейi арасындағы тiкелей байланыстарды орнатқан.

  1. Еңбекақының нысандары мен түрлерi

Еңбекақының түрлерi мен нысандары өз алдына еңбектiң нәтижесiн қамтып көрсететiн, сандық және сапалық көрсеткiштер жиынтығының көмегiмен жұмсалған, еңбектiң санына және сапасына тәуелдi еңбекақы мөлшерiнiң бекiтiлу тәсiлдерiн көрсетедi.

Мақсаттың iшiнен басты нәрсе болып еңбек өлшемi мен еңбекақы өлшемi арасындағы дұрыс арақатынасты қамтамасыз ету, сонымен қатар тиiмдi еңбекте жұмысшылардың мүдделерiн көтеру болып табылады.

Қазiргi кезде барлық әлемдiк қауымдастық елдерiнде еңбекақының негiзiнен екi нысаны қолданылады: мерзiмдi және кесiмдi. Бiздiң елдiң жағдайында олардың әрқайсысы жүйелерге жiктеледi.

Кесiмдi жалақы қажеттi сапада шығарылған өнiмнiң мөлшерiне қарай төленедi. Жұмысшының еңбегiн нормалау мен есептеу қиынға түскенде мерзiмдi еңбекақыны қолданады. Шығарылған жеке өнiм жұмысшының өзiне ғана емес бүкiл технологиялық процеспен байланысты болғанда мерзiмдi еңбекақы қолданылады.

Еңбекақының кесiмдi нысаны қызметтiң көлемдiк, сандық көрсеткiштi жақсартуды ынталандырады. Ол өндiрiс учаскелерiнде қол еңбегiнiң немесе машиналы - қол еңбегiнiң басымдылығы жағдайында қолданылады, дәл осы жағдайда өндiрiлген өнiмнiң көлемiн және оның сапасын арттыру және еңбек мөлшерiн белгiлеудiң негiздiлiгiн ескерту қажет. Мерзiмдiк ақы төлеу кезiнде еңбек өлшемi - пайдаланылған уақыт болып табылады, ал табыс болса , нақты пайдаланылған уақыттың жалақысына немесе қызметкердiң тарифтiк мөлшерлемесiне байланысты есептелiнедi.

Еңбекақы мына формула бойынша есептелiнедi:

ЕА = ЕА + ПУ, (1)

мұндағы: ЕА - еңбекақы;

ТС - бiлiктiлiк разрядындағы жұмысшының меншiктенген тарифтiк мөлшерлемесi;

ПУ - нақты пайдаланылған уақыт.

Кесiмдi ақы төлеу кезiнде еңбек өлшемi жұмысшының өндiрген өнiмi болып табылатын және белгiленген (тиiмдi) кесiмдi бағалауды қоспағанда, тап осы кездегi жүйеде еңбекақы өнiмнiң әрбiр бiрлiгiне есептелiнедi, сондықтан табыс өндiрiлген өнiмнiң санына және сапасына тәуелдi. Табыс мына формула бойынша есептелiнедi:

ЕА = КБ х ‡М, (2)

мұндағы: ЕА - еңбекақы;

ЅБ - өнiм бiрлiгiнiң кесiмдi бағаламасы;

‡М - дайындалған өнiмнiң мөлшерi.

Еңбекақы төлеудiң кесiмдi немесе мерзiмдi нышанын талдау бiрнеше факторларға тәуелдi:

  • қолданылатын жабдықтың сипатына;
  • технологиялық процестiң ерекшелiгiне;
  • еңбектi және өндiрiстi ұйымдастыруға;
  • материалдық және еңбек ресурстарын пайдалануға;
  • өнiм сапасына қойылатын талаптарға байланысты.

Кесiмдi нысаны мына жағдайларда қолданылады:

  • тiкелей жұмысшының немесе олардың бригадасының жұмыстарының сандық көрсеткiштерiнiң бар болуы;
  • жұмысшының өндiрiмiн немесе орындалған жұмыстың көлемiн арттыру мүмкiншiлiгi;
  • осы учаскеде жұмысшыларды өнiм өндiрiмiнiң немесе орындалған жұмыстың көлемiн онан әрi арттыруды ынталандыру қажеттiлiгi;
  • орындалатын жұмыс көлемiнiң дәлме - дәл есептеу мүмкiншiлiгi;
  • техникалық негiзделген еңбек мөлшерiн қолдану.

Еңбекақының кесiмдi нысаны мына төмендегi жағдайларда пайдалануды ұсынуға болмайды, егер де:

  • өнiмнiң сапасы нашарласа;
  • техникалық тәртiптемелер бұзылса;
  • жабдықтардың қызмет көрсетулерi нашарланса;
  • қауiпсiздiк техника талабы бұзылса;
  • шикiзаттар және материалдар артық жұмсалса.

Еңбекақының мерзiмдiк нысанында қызметкерлерге еңбекақы белгiленген тарифтiк мөлшерлемеге немесе өндiрiсте нақты жұмыс iстеген уақытындағы қызмет ақысына қарай белгiленедi.

Еңбекақының мерзiмдiк нысаны жұмыс iстеушiлердiң бiлiктiлiгiн көтеру және еңбек тәртiбiн нығайтуды ынталандырады.

Еңбек мерзiмдiк ақы төлеу нысанын қолдану жағдайы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекақы төлеуді ұйымдастыру
Нарықтағы еңбекақы
Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері
Инфляцияның мәні және пайда болу себептері
Кәсіпорындағы еңбекақы
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
Ақша нарығының төлем құралдары және оның экономикадағы ролі
Жалақы теориясы, мәні, түрлері, дифференциялық ерекшеліктері
Еңбек рыногындағы жұмысбастылық және жұмыссыздық теориясының негіздері
Лизинг туралы негізгі түсініп және оны жіктеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz