Жаһандану мәселесі



Кіріспе
1 Жаһандану мәселесіне Елбасымыздың көзқарасы
2 Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістер
3 Жаһандану процесінде ұлттық мәдениеттерді сақтау
Жаһандану бүгiнгi таңда ең көп тараған әрi жиi қолданылатын ұғымға айналды. БҰҰ Бас Ассамблеясының сессияларында, "Үлкен сегiздiк" елдерi мен Еуроодақтың саммитерiнде, ғылыми конференцияларда, БАҚ-тарда жиi айтыла бастады. Бұл сөз бiреулерде сүйiнiш пен таңданыс тудырса, басқаларда ашу тудыратын болды.
Дегенмен жаһандану қазiргi таңда тоқтатуға келмейтiн уақыт талабына айналды. Ол дүниежүзiлiк экономиканың дамуына, жетiлген компьютерлiк технологияға, бiрiккен ақпараттық кеңiстiк құруға негiзделген. Сондықтан бұл жерде бөлектенiп қалудың мағынасы жоқ. Жаһандану үрдiсi адам өмiрiнiң барлық саласына: экономика, саясат, мәдениет, тiл, бiлiм, рухани-адамгершiлiк даму, халықаралық қатынастарға әсерiн тигiзiп отыр. Бұл салалардың барлығы ақпаратты игеру мен ауыстырудың жылдам қарқынына тартыла отырып, жаңа сапалық қасиетке ие болды. Бұдан бiз жаһанданудың күрделi, көпдеңгейлi, қарама-қайшылықты үрдiс екенiн көремiз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Астана, 2007 жылғы 28 ақпанда жарияланған жолдауына тоқталып кетсем:
Жаһандану өзімен бірге не әкеледі?
Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін - адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналуы дәуірін бастан кешуде.
Жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржылардың, адамдардың, ақпараттың еркін қозғалысы осы заманғы "шекараларсыз әлем" тұжырымдамасының негізіне айналды.
Жаһандануға қандай факторлар жәрдемдесуде?
Бірінші кезекте, бұл тауарлардың елдер мен экономика секторлары арасындағы қозғалысы. Сауда-саттықты өрістету экономиканың дамуы мен өсуі үшін стратегиялық тұрғыда қажет. Ашық экономикалар протекционистік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттердің алдында өз артықшылығын дәлелдеді. Соңғы жиырма жылдың ішінде әлемдік сауда-саттық әлемдік ІЖӨ-ге қарағанда әлдеқайда жедел өсті. Егер 70-ші жылдары халықаралық сауда-саттық көлемі әлемдік ІЖӨ көлемінің 30%-ын ғана құраса, біздің ғасырда ол қазірдің өзінде 60%-ды құрайды.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
    Жаһандану бүгiнгi таңда ең көп тараған әрi жиi қолданылатын ұғымға
айналды. БҰҰ Бас Ассамблеясының сессияларында, "Үлкен сегiздiк" елдерi мен
Еуроодақтың саммитерiнде, ғылыми конференцияларда, БАҚ-тарда жиi айтыла
бастады. Бұл сөз бiреулерде сүйiнiш пен таңданыс тудырса, басқаларда ашу
тудыратын болды.     
Дегенмен жаһандану қазiргi таңда тоқтатуға келмейтiн уақыт талабына
айналды. Ол дүниежүзiлiк экономиканың дамуына, жетiлген компьютерлiк
технологияға, бiрiккен ақпараттық кеңiстiк құруға негiзделген. Сондықтан
бұл жерде бөлектенiп қалудың мағынасы жоқ. Жаһандану үрдiсi адам өмiрiнiң
барлық саласына: экономика, саясат, мәдениет, тiл, бiлiм, рухани-
адамгершiлiк даму, халықаралық қатынастарға әсерiн тигiзiп отыр. Бұл
салалардың барлығы ақпаратты игеру мен ауыстырудың жылдам қарқынына тартыла
отырып, жаңа сапалық қасиетке ие болды. Бұдан бiз жаһанданудың күрделi,
көпдеңгейлi, қарама-қайшылықты үрдiс екенiн көремiз. 

Жаһандану мәселесіне Елбасымыздың көзқарасы
    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана, 2007 жылғы 28
ақпанда жарияланған жолдауына тоқталып кетсем:
Жаһандану өзімен бірге не әкеледі?
    Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін - адамзаттың біртұтас ақпарат және
коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас
экономикалық рынокқа айналуы дәуірін бастан кешуде.
    Жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржылардың,
адамдардың, ақпараттың еркін қозғалысы осы заманғы "шекараларсыз әлем"
тұжырымдамасының негізіне айналды.
Жаһандануға қандай факторлар жәрдемдесуде?
    Бірінші кезекте, бұл тауарлардың елдер мен экономика секторлары
арасындағы қозғалысы. Сауда-саттықты өрістету экономиканың дамуы мен өсуі
үшін стратегиялық тұрғыда қажет. Ашық экономикалар протекционистік саясатты
жүзеге асыратын мемлекеттердің алдында өз артықшылығын дәлелдеді. Соңғы
жиырма жылдың ішінде әлемдік сауда-саттық әлемдік ІЖӨ-ге қарағанда
әлдеқайда жедел өсті. Егер 70-ші жылдары халықаралық сауда-саттық көлемі
әлемдік ІЖӨ көлемінің 30%-ын ғана құраса, біздің ғасырда ол қазірдің өзінде
60%-ды құрайды.
    Жаһандану жолындағы екінші қадам - капиталдардың еркін қозғалысы.
Мысалы, соңғы 20 жылда дамушы елдерге тікелей шетелдік инвестициялардың
ағыны жүздеген есе өсті. Бүгінде бір Қытай ғана жыл сайын 60 млрд. доллар
тікелей шетелдік инвестицияларды тартады, қалған Азия елдері - 172 млрд.
доллар, Латын Америкасы елдері - жылына 72 млрд. доллар тартады.
    Үшіншіден, адамдардың кедергісіз қозғалысы. Бүгінде әлемде елеулі көші-
қон өзгерістері жүріп жатыр, Батыс елдеріне, әсіресе, Еуропалық Одаққа, АҚШ-
қа, Канадаға мигранттар ағыны күшейді. Батыс қалаларында болғанда бір ғана
орамнан бірге жұмыс істеп, тұрып жатқан Азияның, Еуропаның, Америка мен
Африканың көптеген мемлекеттерінен шыққандарды кездестіруге болады.
Қазақстан да бұдан тыс емес. Басқа елдерден келген 500 мыңға жуық
мигранттар бізде де жұмыс істейді.
    Төртіншіден, жаһандану факторларының бірі халықаралық валюта
рыноктарындағы валюталық операциялардың серпінді дамуы болып табылады.
Әлемдік валюта жүйесі үш революцияны: реттеудің алынып тасталуын,
интернационалдануды және инновацияны бір мезгілде бастан кешті.
    Нәтижесінде шетелдік рыноктар туралы мәліметтердің сапасы жақсарды және
оларды алу жеделдігі артты, "жерді айналу және тәулік бойғы" қаржы
операциялары жүргізіледі, жаңа қаржы құралдары пайда болды.
    Бесіншіден, ақпараттың, интеллектуалдық өнім мен идеялардың еркін
қозғалысы жаһандану факторларының бірі және сонымен бірге салдары болып
табылады.
    Интернеттің, электрондық поштаның, өзіндік құны жағынан төмен
халықаралық телефон қызметтерінің, ұялы телефон мен электрондық
конференциялардың таралуына қарай дүние әлдеқайда өзара байланысты бола
түсті. Осымен бір мезгілде спутниктік телевизия және электрондық баспасөз
нағыз жаһандық төртінші өлшемді туғызды. Мұндай техникалық мүмкіндіктер
бұдан 20-30 жыл бұрын ойға да кіріп шықпайтын.
    Сонымен қатар жаһандану осы заманғы әлемге осалдық пен шетіндік әкелді.
Лаңкестік, есірткі саудасы, ақпараттық соғыстар, эпидемиялар, экологиялық
апаттар да шекараны білмейді және бүкіл адамзат үшін жаһандық сынақтарға
айналды. Әлемнің бір де бір мемлекеті дербес өзі аталған сынақтарға қарсы
тұруға қабілетті емес. Әлемдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың әркелкілігі
күшейді. Жаһанданудың оң тиімділігін әзірге әлемдегі ең дамыған
мемлекеттердің аз тобы ғана сезінді.
     Жаһандану жағдайында бәсекеге қабілеттілік қалай табыстың себебіне
айналады? Жаһандану ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне төтенше
жоғары талаптар қояды. Бүгінде елдің бәсекеге қабілеттілігі - жаһандық
экономика мен саясатта ең ықпалды тұжырымдамалардың бірі, өйткені тек
экономикалық көрсеткіштерді қамтып қана қоймайды, сонымен бірге
экономикалық емес маңызды құбылыстардың экономикалық салдарын бағалай
алады.
    Елдің бәсекеге қабілеттілігін қалай өлшеу керек?
Оны өлшеудің ең қарапайым тәсілдерінің бірі жан басына шаққанда келетін
ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) көрсеткіші болып табылады. Бұл көрсеткіш неғұрлым
жоғары болған сайын, ел мен оның азаматтары соғұрлым бай, өмір сапасы
соғұрлым жоғары.
    Жаһанданудың маңызды қыры әлемдік ғылыми-технологиялық кеңістікті
қалыптастыру болып табылады. Халықаралық ғылыми-инновациялық
инфрақұрылымның интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау стандарттары,
сертификаттау жүйелері, тетіктері секілді құрамдастарын біріздендіру
жөнінде маңызды қадамдар жасалды.
Ғалымдар мен ғылыми ұйымдардың қызметі барған сайын жалпыәлемдік практикаға
негізделіп, біртұтас халықаралық өлшемдер бойынша бағаланады. Ғалымдар мен
мамандардың халықаралық айырбасы қауырт ұлғая түсті.
    Алдағы он жылдықта жаңа технологиялық тәртіпті дамытудың шешуші
бағыттары био- және нанотехнологиялар, жасанды интеллект жүйесі, жаһандық
ақпараттық желілер және жоғары жылдамдықтағы көлік жүйелері, энергия
үнемдейтін технологиялар болады
  Білім беру саласындағы жаһандану да бірқатар үрдістермен сипатталады.
Гордон Драйден мен Джанет Востың "Білім беру революциясы" кітабында (2003
жыл) білім беру саласында осы заманғы әлемнің көптеген елдеріне тән
проблема тамаша баяндалған: "Әлем сондайлық жедел өзгеруде, ал білім жүйесі
сондайлық оралымсыз да жігерсіз, ол бейнебір уақыттың торына түсіп
қалғандай, әлдеқашан аяқталған өткен дәуірге қызмет көрсетуін жалғастырып
келеді". Бұл біздің атымызға да айтылған секілді. Білім ақпараттық қоғамда
құнның негізгі көзіне айналып барады. Білім, инновациялар мен оларды нақты
қолданудың әдістері барған сайын пайда көзі ретінде көрінуде. Экономикалық
дамудың жаңа тұрпаты қызметкерлер үшін өз өмірінде бірнеше рет мамандығын
ауыстыру, өз біліктілігін үнемі арттыру қажеттілігін туғызады.
    Үздіксіз білім беру, ересектердің білім алуы барған сайын үлкен мәнге
ие болуда. Жақсы жазу қарттыққа дейінгі тыныш та қамсыз өмірдің кепілі
болғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Соңғы онжылдықтарға адам қызметінің
түрлі салаларындағы технологиялар мен білімнің жаңару жеделдігі тән.
Бүгінде тіпті жоғары білімнің өзі көпке жетпейді.
    Дженерал Моторс корпорациясының президенті бұл туралы былай дейді:
"Бізге төрт және тіпті алты жылдық емес, қырық жылдық білімі бар мамандар
қажет".
    Ақыр соңында, білім берудің халықаралық интеграциясы жүріп жатыр. Білім
беруді дамытудың маңызды белгісі оның жаһандылығы болып табылады, білім
ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында құнның негізгі көзіне айналуда. Бұл
белгі осы заманғы әлемде интеграциялық үдерістердің орын алуын, қоғамдық
өмірдің түрлі саласында мемлекеттер арасындағы интенсивті өзара
ықпалдастықты бейнелейді. Білім беру ұлттық басымдық категориясынан әлемдік
басымдық категориясына өтуде.
   Аталған үрдістер Қазақстанда ғылым мен білім беру жүйесін дамытудағы
негізгі бағыттарды анықтауы тиіс.
Жаһандануды тек жақсылық қана әкеледі деп адасуға болмайды, бірақ дегенмен,
бұл одан мүлдем теріс айналып, қарсы алдынан есікті тарс жабуды меңземейді,
жаһандану пайдамен бірге оған есігін айқара ашқан елдерге кейбір қиындықтар
да әкеледі. Бұрынғы КСРО аясындағы интеграциялық процестер күшейген сайын,
одақтық республикаларға бүкіләлемдік жаһандану құбылысының залал-зардабы
жеңіл тиеді. Жаһанданудың келеңсіз жақтарына экологиялық апаттар,
ақпараттық соғыстар да жатқызылады. Бұл мәселелерді бүкіл адамзат болып
шешу міндеті тұр.
    Еуропадағы интеграциялық құбылыстардың тәжірибесі көрсеткендей, әлеуеті
жағынан Қазақстаннан кем түсетін шағын елдер Еуропалық Одаққа мүшелікке өту
арқылы жаһандану құбылысына жеңілірек бейімделе бастады.
    Жаһандану байыпты, ақылға сыйымды реттеуді, басқаруды талап етеді.
Жаһанданудың зор мүмкіншіліктерін пайдалану үшін елдің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру қажет. [5] 
Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістер
Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамыған ел
болуы үшін өз әлеуетімізді толық пайдаланумен қатар, шетелдік озық
тәжірибелердің ұтымды тұстарын экономикамызға бейімдеу жолдарын да
қарастыру қажет. Елбасының үстіміздегі жылғы (2006ж) жолдауында Әлемдегі
жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүнежүзілік шаруашылықтан
шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген әрі жаңа экономикалық
жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз деген болатын.
Сондықтан еліміздегі акционерлік қоғамдар қызметінің экономикалық
тиімділігін арттыру жолдарының бірі ретінде алдыңғы қатарлы озық
тәжірибелерді қарастыруға болады.
Акцонерлік қоғамдар шет елдерде де айтарлықтай басымдықты
иеленеді. Ол капиталы акциялардың белгілі-бір санына бөлінген және оның
қатысушыларымен (акционерлерімен) құрылған кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық
нысанын білдіреді. Акцонерлік қоғам белгілі бір міндеттемелері бар, өз
атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иеленуге, жүзеге асыруға
құқылы дербес субъект және заңды тұлға болып табылады.
Акцонерлік қоғамдардың құрылуы мен қызметін құқықтық реттеудің
және басқарудың шетелдік тәжірибелерін қарастырайық.
Америка құрама штаттары (АҚШ). АҚШ-та қоғамдық өндірістегі
меншіктің негізгі нысаны – жеке меншік болып табылады. Ол бірнеше белгілері
бойынша жіктеледі. Бірінші кезекте құқықтық нысаны бойынша барлық фирмалар
үш негізгі категорияға бөлінеді. Олар:
1) Корпорациялар (акционерлік компаниялар). Мұндай фирмалар шамамен алғанда
барлық фирмалардың жалпы санының 20 % құрайды;
2) Әріптестік фирмалар. (барлық фирмалардың жалпы санының шамамен 7,5 %);
3) Жеке (индивидуалды) кәсіпорындар. (фирмалардың жалпы санының 72,5%).
Ал сату көлемін талдау кезінде кәсіпорындардың әртүрлі ұйымдық
нысандарының рөлі басқаша орын алады. Барлық шаруашылық жүргізуші
субъектілердің жалпы сату көлемінің 87 % корпорациялардың үлесінде болса, 8
% - әріптестік кәсіпорындар, 5 %-ға жуығы жеке кәсіпорындардың үлесінде
болған. Біздің елімізде де осыған ұқсас жағдай орын алған. Яғни,
акционерлік қоғамдар санының басқа нысандармен салыстырғанда аз болғанымен
өнім өндіру, өткізу көлемдері бойынша басым бөлігін акционерлік қоғамдар
құрайды.
АҚШ–та акционерлік капитал корпорациялармен ұсынылған. Корпорация
деп штаттың іскерлік операцияларды жүргізуге өкілеттілік берген ұйымдарын
айтамыз.
Корпорациялардың ерекшеліктерінің негізгілері ретінде келесілерді
бөліп көрсетуге болады. Корпорация сертификатында (жарғысында) мыналар
болуы керек: бірінші директорлар кеңесі мүшелерінің аттары мен мекен-
жайлары, құрылтайшылар аттары мен пошталық мекен-жайлары, шығарылатын
акциялардың жалпы соммасы мен олардың сипаттамалары, құру мақсаты,
корпорацияның тіркелген агентінің аты, мекен-жайы. Қызмет түрлерін
өзгерткен кезде оларды сертификатқа енгізу қажет. Сондықтан, әдетте,
сертификатта корпорация барлық заңды қызмет түрлерімен айналысуға құқылы
деген сөйлем көрсетіледі. Құрылтайшылар акцияларды сатып алуға міндетті
емес. Осыған байланысты, құрылтайшылардың акционерлер болуы міндетті болып
саналмайды. Тәжірибеде корпорациялардың құрылтайшылары кәсіби адвокаттар
болатын жағдайлар да кездеседі. АҚШ – та кәсіби корпорациялар деп аталатын
корпорациялар да бар. (мысалы, дәрігерлер, заңгерлер және т.с.с. мұндай
кәсіптер тізімі заңамада көрсетіледі). Кәсіби корпорациялар тек бір қызмет
түрімен ғана айналысуы керек.
Франция. Францияда акционерлік қоғам деп капиталы акцияларға
бөлінген және қатысушылары салынған салымдары шегінде ғана тәуекел ететін
серіктестікті айтады. Акционерлік қоғамды құру үшін қатысушылар саны
жетеуден кем болмауы керек. Акционерлік қоғам заңды тұлға болып табылады
және акциялары құрылтайшылар арасында бөлінген кезде жарғылық капиталының
ең төменгі мөлшері 250000 франк, ал ашық жазылу негізінде жүзеге асырылса
1500000 франк болып белгіленген. Сонымен бірге, акционерлік қоғамда таза
пайдадан 5 пайыздық аударымдар жасау арқылы жарғылық капиталдың 10 пайызы
мөлшерінде резервтік қор құру қарастырылған.
Акционерлік қоғамдағы акционерлік қоғамдардың құқықтары туралы
айтар болсақ, акционерлердің жалпы жиналысымен байланысты ақпаратқа уақытша
құқық және кез-келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін ақпаратқа тұрақты
құқық болып бөлінеді. Тұрақты құқық акционердің соңғы үш жыл ішіндегі жалпы
жиналыстың хаттамасымен танысу құқығын білдіреді.
Франция құрылтайшыларға басқару органдарының екі звенолы (жолпы
жиналыс және басқарма) және үш звенолы (жалпы жиналыс, бақылау кеңесі және
басқарма) жүйелерінің бірін таңдауға құқық берілген заңдары бар елдердің
қатарына жатқызылады. Үш звенолы жүйе кезінде бақылау кеңесімен
тағайындалған атқарушы орган әкімшілік кеңес деп аталады және мүшелерінің
саны үшеуден кем болмауы керек. Алайда, егер қоғамда органдардың үш звенолы
жүйесі қабылданса, онда әкімшілік кеңестің функцияларын бір адам атқара
алады. Бірақ, мұндай қоғамның капиталы 250000 франктан аспайтын жағдай
сақталуы тиіс. Жалпы жиналысқа қатысу құқығын иелену үшін жарғы бойынша
талап етілген атаулы акциялар санын иеленуші акционер ғана атқарушы
органның мүшесі (админстратор) бола алады. Админстраторлардың өкілеттілік
мерзімі 6 жылдан аспайды, бірақ олардан жалпы жиналыстың шешімімен кез-
келген уақытта қайтарылып алынуы мүмкін. Админстраторларды келтірілген зиян
үшін жауапкершілікке тарту кредиторлар қоғамды басқару бойынша әрекеттің
дұрыс еместігін дәлелдеген кезде ғана жүзеге асырылады.
Бақылау кеңесі қоғамды құру кезінде, сондай-ақ оны қайта
ұйымдастыруда құрылуы мүмкін. Бақылау кеңесінің мүшесі тек акционер ғана
бола алады. Бақылау кеңесінің функцияларына атқарушы органның қызметін
бақылау ғана емес, сонда-ақ, әкімшілік кеңеске кейбір мәмілелер жасауға
келісім беру де кіреді.
Жалпы ереже бойынша акционерлердің жалпы жиналысы атқарушы органның
бастамасымен шақырылады. Сонымен қатар, жарғылық капиталдың кемінде 10
пайызын иеленетін акционерлердің талап етуі бойынша да шақырылуы мүмкін.
Жалпы жиналыстың күн тәртібіне енгізілген сұрақтар бойынша шешім қабылдауға
құқығы жоқ. Дауыс беруші акциялардың 25 пайызы ұсынылғанда ғана жыл сайынғы
жиналыс өткізіледі деп есептеледі. Жиналыстың екінші шақырылымында қатысушы
акционерлердің санына қарамастан шешім қабылдауға құқылы. Дауыс беруші
акциялардың 5 пайызы болған жағдайда төтенше шақырылған жиналыс өткізілді
деп саналады. Ереже бойынша бір акция бір дауысты білдіреді. Алайда,
жарғыда жиналысқа қатысу құқығын беретін акцияларды иеленудің ең аз санын
анықтау мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.
Қоғамның жылдық есептерін тексеруді жүзеге асыратын тұлға комиссар
деп аталады. Комиссарлар акционерлік қоғамның оганы болып табылады. Олар
қоғамның алдында ғана емес, сондай-ақ үшінші тұлғалардың алдында да
орындауға тиісті міндеттері үшін жауапкершілікте болады. Сондықтан арнайы
құрылған комиссияның шешімімен анықталған тізімге кіргізілген тұлғалар
(соның ішінде заңды тұлғалар) ғана комиссар бола алады.
Акционердің маңызды құқықтарының бірі ақпаратқа құқық болып
табылады. Кез-келген акционердің талап етуі бойынша басқарма жалпы
жиналыста қоғамның ісі туралы ақпаратты ұсынуға міндетті. Ақпаратқа құқық
қоғамның кітабымен танысуға таратылмайды. Кейбір жағдайларда басқарма
ақпарат беруден бас тартуы мүмкін. Мұндай жағдайда акционер сотқа арыз
жазуы мүмкін. Бірақ сот шығындарын төлеу (соның ішінде жауап беруші де)
тәуекелі арыз берушіге түседі.
Германия. Германиядағы акционерлік қоғамда үшзвенолы органдар
жүйесі құрылады. Жарғылық қоры 3 млн. маркаға дейінгі сомманы құрайтын
қоғамның басқармасы бір адамнан ғана тұруы мүмкін. Басқа жағдайларда
басқарма кемінде екі мүшеден тұруы керек. Басқарма мүшелері жеке тұлғалар
ғана болуы мүмкін, бірақ, акционерлер ішінен таңдалуы міндетті емес.
Бақылау кеңесі басқарманы бес жылдан аспайтын мерзімге тағайындайды. Жаңа
мерзімге тағайындау да рұқсат етілуі мүмкін. Басқарма қоғам басшылығын өз
жауапкершілігімен жүзеге асырады.басқарма өзіне тиесілі функцияларды жалпы
жиналыстың да, бақылау кеңесінің де шешімдеріне байланыссыз жүзеге асырады.
Басқарма мүшелері болып табылмайтын жеке тұлғалар бақылау кеңесінің мүшесі
бола алады. Бақылау кеңесінің мүшелері акционерлердің жалпы жиналысымен
сайланады. Бірақ, кеңес мүшелерінің барлық құрамы жалпы жиналыспен
жасақталуы міндетті емес. Біріншіден, жарғыда белгілі бір акционерлердің,
бақылау кеңесі құрамының 13 дейі тағайындау құқығы қарастырылуы мүмкін.
Екіншіден, кәсіпорындар статусы туралы заңға сәйкес, жұмысшылар мен
қызметкерлер саны 500 адамнан асатын кәсіпорында кеңес мүшелерінің 13
бөлігі жұмысшылар мен қызметкерлер өкілдерінен тұруы керек. Акционерлердің
жалпы жиналысы заңда тікелей айтылған мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Ондай болмаған жағдайда жалпы жиналыстың шешімі жарамсыз болып есептеледі.
Жалпы жиналыстың коврумы жөніндегі мәселені шешудің де өзіндік ерекшелігі
бар. Егер жалпы жиналысты жалғыз акционер болса да шешім қабылдануы мүмкін.
Қоғам қызметін бақылауды, ең алдымен, жылдық есептерді тексеруді жүзеге
асыратын тұлғалар ревизорлар деп аталады.

Дамыған елдер экономикасында кәсiпорындардың үстемдiк етушi
нысаны акционерлiк нысан болып табылады. Орта кәсiпорындардың көпшiлiгi,
шағын кәсiпорындардың бiр бөлiгi, iрi кәсiпорындардың барлығы дерлiк
акционерлiк қоғамдар болып табылады. Жеке кәсiпорындар мен әрiптестерден
айырмашылығы акционерлердiң шектеулi жауапкершiлiкте болуы. Акционерлiк
қоғам немесе корпорация оны иеленушi нақты тұлғалардан бөлектенген.
Акционерлер емес корпорацияның өзi заңды тұлға болып табылады. Акционерлiк
қоғамды басқару кәсiби менеджерлермен жүзеге асырылады. Акцияны сатып алған
әрбір адам акционерлік қоғамның қосымша иеленушiсi бола алады, бiрақ шағын
акционерлер басқаруда нақты роль атқармайды. Директорлар кеңесi немесе
бақылау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандану туралы мәлімет
Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы педагогикалық мәселелері
Жаһандану процесінің Қазақстандағы саяси мәдениетке тигізетін әсері
Жаһандану дәуіріндегі тарихи сананың трансформациясы
Қазақстан және жаһандану
Қазіргі болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамытудың педагогикалық мәселелері
Әлемнің ұлттық бейнесі және оның мәдени көрінісі
Жаһандану жағдайындағы ең маңызды мәселе - рухани қауіпсіздік
Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін түсінуге және шешудегі философияның рөлі және мүмкіндіктері
Жаһандану әлеміндегі педагог-психолог мамандарының кәсіби құзіреттілігін білім беруде қалыптастыру
Пәндер