Банктік несие және оның экономиканың дамуында алатын рөлі туралы ақпарат


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Банктік несие және оның экономиканың дамуында алатын рөлі».

Жоспар.

Кіріспе . . . 3

I бөлім. Банктік несие - несие жүйесінің әмбебаптық типі ретінде . . . 4

  1. Банктік несиенің мәні, қағидалары мен қызметі. . . 4
  2. Банктік несиенің түрлері және оның экономикадағы рөлі. . . 11

II бөлім. Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайына

банктік несиенің объективтік қажеттілігі . . . 18

2. 1. Банктік несиенің экономикаға тигізетін ықпалы . . . 18

2. 2. Банктік несиелеудің өзекті мәселелері мен даму

перспективалары . . . 23

Қорытынды . . . 32

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 33

Кіріспе

Осы курстық жұмыстың тақырыбы - «Банктік несие және оның экономиканың дамуында алатын рөлі» өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Өйткені қазіргі нарықтық экономика жағдайында тұрғындар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін несие алуға ұмтылады, ал коммерциялық банктер өз қызметін пайда табу мақсатында несиелеу процесі арқылы жүзеге асырып отыр.

Республикамызда нарықтық қатынастар қалыптасқалы бері көптеген экономикалық-әлеуметтік өзгерістер болды. Банктер жекешелендіріліп, әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар дами бастады. Сәйкесінше уақытша босаған ресурстарға деген қажеттілік одан сайын өсіп, банктердің несиелік әрекеті жаңа мазмұнға ие болды. Кәсіпорындардың қарқынды дамуы экономикамызға оң ықпалын тигізері сөзсіз. Банктер уақытша босаған ресурстарды жеке және заңды тұлғаларға мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық негізде уақытша пайдалануға беру арқылы кәсіпорындардың, яғни экономикамыздың қозғаушы күшіне айналды.

Несие нарығы ақшаның экономикадағы мол өндірісінен пайда болды. Несие тұтынушыларға көп уақытқа пайдаланатын тауарлар алу, үй құрылысын жүргізу, т. б. үшін керек. Өндірушілер өздерінің инвестицияларын қаржыландыру үшін ақшаны қарызға алады. Мемлекетте өз шығындарын жабу үшін несиені пайдалануға мәжбүр болады. Несиенің өнім өткізу мен өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуде рөлі зор. Өндірістің кеңеюіне, ақша айналымы сферасында да, инфляция кезінде де несие рөлі зор болып табылады.

Банктік несие экономиканың дамуына үлкен әсер тигізеді. Банктік несиенің қазіргі жүйесі нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуына, өндірістің тиімділігін жоғарылатуға, мемлекеттік экономиканың нығаюына, айналымдағы ақша массасының негізсіз көбеюін шектеуге, инфляциялық процестерді болдырмауға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.

Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңдағы банктердің несиелеу процесінің экономикада алатын орнына баға беру, несиелеумен байланысты туындайтын проблемаларды анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыру.

Курстық жұмыс кіріспеден; I - Банктік несие - несие жүйесінің әмбебаптық типі ретінде, II - Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайына банктік несиенің объективтік қажеттілігі бөлімдерінен; қорытындыдан тұрады.

I бөлім. Банктік несие - несие жүйесінің әмбебаптық типі ретінде.

1. 1. Банктік несиенің мәні, қағидалары мен қызметі.

Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар-ақша қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.

Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылығы несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың бірінші жағы - алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ - кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей өндіріс процесінің субъектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді.

Несиенің мәнін ашу - бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйесінің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану, т. б. Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді.

Кредитор - несиелік мәміленің қарызды ұстанушы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір құжаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарымдық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор-банк қарызды тек өз меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның шарттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады.

Банктердің құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүреді. Банкирлер басқа барлық кредиторлардың өкілі болды. Банктер ұжымдық кредиторлар ретінде бола отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресурстарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбір жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да қарызға беріледі. Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс беруші тұлға болып табылады. Қарыз алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады.

Қарыз алушы - несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы - бір-біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш - міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек.

Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы - ол несиелік мәміледе төмендегідей ерекшеліктерге ие:

  • Ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олардың уақытша ретінде болады; өзіне тиісті емес бөтен біреудің ресурстарымен жұмыс істейді.
  • Қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да, өндіріс сферасында да пайдаланылады.
  • Қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткілікті түрде есеп айырысуымен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайыөндіріс процесін өркендете түсу керек.
  • Қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар қарыз пайызын да төлейді.
  • Қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелді болады.

Кредитор мен қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді. Несиелік қатынастар шеңберінде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін: кредитор қарыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.

Несие - бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз немесе өсім алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктік болып екіге бөлінеді:

Коммерциялық несие - 1-ші субъектінің 2-ші субъектіге сатқан тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды. Банк несиесі - субъектіге ақша қаражаты түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.

Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысында қызмет етеді, ал банктік несие қоғамының барлық топтарының ақшалай табыстарын және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.

Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген. Кредитордың мақсаты - пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.

Кредитор ретінде банктердің несиелеу үшін белгілі бір шарттармен тартылатын ресурстарға мұқтаж болады. Банк арқылы меншікті және тартылған ақша қаражаттары банк несиесі келісім шартына сәйкес клиент шоттарында орналасады және қайта бөлінеді. Сонымен қатар тартылған ресурстармен бөлу несие ретінде болса, онда банк қарыз алушы рөлінде болады. Қарыз алушыдан төленетін несие үшін төлем - банк үшін пайданың қалыптасу көзі болып табылады. Сондықтан банк пайыз ставкаларын шектеуші болып - несиеге орташа нарықтық пайыз ставкалары табылады.

Шаруашылық субъектісі банк мекемесінен несие сұрамастан бұрын несие алудың қажеттілігін, оны уақытында қайтарудың мүмкіншілігін, әрбір коммерциялық банктердің несие беру, өтеу, өсім проценті ставкалармен және басқадай талаптармен танысып алдын ала шешіп алуы қажет. Банктер әдетте несие сұраушы субъектінің өтем қабілеттілігі мен өтемпаздығын мұқият тексереді. Несиенің объективті қажеттілігі - бұл субъектінің өндірістік және сауда айналымы капиталының жетіспеушілігінен туындайды.

Банктік несиенің принциптері несиелеу жүйесінің негізгі элементін құрайды. Олар өндірістік қатынастар түрі ретінде несие мазмұнын көрсетеді. Сондықтан принциптер объективті болады. Принциптердің объективтілігі банк түріндегі қоғамдық несиелеудің мәнін біліп, несиелеудің тиімділігі жөнінде ойлап, несие саясатына зиянын келтірмей кез-келген принципті жоя алмайды. Несиелеудің принциптері қарызға берілетін қаражаттардың заңды қозғалысын қамтамасыз етуге шақырады. Кредитор мен қарыз алушының арасындағы қарым-қатынасты несиелеудің принциптерін ескермеу қарызға берілген құнның қайтарылатын негізін білдіреді. Несие мекемесінің белсенділігі несиелік қатынастар мазмұнын терең танып-білу негізінде ол несиенің мәнін ашатын жаңа принципті тұжырымдайды.

Банктік несиелеудің принциптері тұрақты болады. Олар тек несиенің әлеуметтік-экономикалық мәнінің өзгеруімен бірге өзгереді.

Несиелеудің принциптері несие мазмұнымен байланыс (осыдан олардың объективтілігі) тағы да бір ерекшелікті туындатады. Несие мазмұнын жалпы және сонымен қатар оның ерекше белгілері де ашады. Егер несиенің жалпы белгілері оның басқа экономикалық категорияларымен байланысын көрсетсе, онда ерекше белгілері несиені экономикалық қатынастар жиынтығынан ерекшелейді. Осыдан принциптерді екі топқа бөлуге болады: жалпы экономикалық және несие мәнін ашатын.

  • Жалпы экономикалық принциптерге мақсаттылық және саралау жатады.
  • Несие мәнін ашатын принциптерге несиені қайтару мерзімі, несиелеудің материалдық қамтамасыз етілуі, несиені төлеу жатады.

Мақсаттылық принципі несиені беру мақсатын барлық несиелеу процесте анықтайды. Кәсіпорынды несиелеудің әлеуметтік-экономикалық себебі экономикалық заңдармен анықталады. Несие мақсаты мен несиелеудің мақсаты тепе-тең емес. Несиенің мақсаты несиелеу мақсатына қарағанда, жалпығырақ категория болып табылады. Ол шаруашылық ұйымдарды несиелегендегі мақсаттарды анықтайды. Жеке категория ретінде несиелеудің мақсаты нақты түрде көрініс табады. Несиелеген кезде банк қарыз алуға өзінің нақты талабын білдіретін нақты борышқормен іс жүргізеді.

Несиелеудің мақсаты - борышқордың қайтарылатын қосымша ақша қаражаттарында қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Бірақ егер несиелеудің мақсаты тек кәсіпорынның, ұйымның, халықтың несиеге деген қажеттілігін қанағаттандыру болса, онда ол автоматты түрде борышқордың кез-келген қажеттілігін қанағаттандыратын міндетті актке айналып кетеді, ал ол несиеге қажеттілік туғызатын қаржылық қиындықтардан, сонымен қатар шығындардың көпшілігінен, ресурстарды тиімді қолданбаудан, жеке қаржылық базасының әлсіз болуынан болуы мүмкін. Бұл несиемен жабылатын қажеттіліктегі байланыс екі талапқа сай болуы керек: біріншіден, мұндай қажеттіліктер объективті мазмұнда болуы керек, несие қажеттілік борышқордың қаржылық қиындығын туғызған жұмысынан болмауы керек; екіншіден, кредитор несиелеген кезде несиенің өндіріс нәтижесіне оң әсерін тигізетініне сенімді болуы керек.

Күнделікті несие тәжірибесінде несиелеудің мақсаты борышқордың түрлі шаруашылық операцияларды жүзеге асырумен байланысты. Олар өнеркәсіпте, саудада, көлікте тауарлы-материалдық құндылықтарды жинақтау, ауыл шаруашылығындағы өндірістің шығындары, машиналар мен жабдықтарды сатып алу, негізгі құралдарды көбейту мен модернизациялау. Банк мекемелері несиені нақты шаруашылық мәмілелерін жүзеге асыруға, сонымен қатар ақша қаражаттарының жалпы жетіспеушілігін жабуға да береді. Олардың негізгі мақсаты тек борышқордың қажеттілігін қанағаттандыру ғана емес, сонымен қатар несиенің тиімді қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Саралау принципі - бұл принцип банктердің қарыз алушының несиені өтеу қабілетіне байланысты кәсіпорындарды несиелеуге деген түрлі тәсілдері.

Несиені қайтару мерзімі принципі құнды жоспарлы қайтарылатын қозғалысы ретінде несиенің мазмұны қарызды қолдану мерзімін анықтау қажеттілігін шарттайды. Несиелеу мерзімінің экономикалық табиғаты екі түрлі. Біріншіден, ол несие қаражаттардың қайтарылатын қозғалысына негізделген қатынастарды көрсеттетінімен байланысты. Бұл қайтарымның шарты болып тек қана ұсынылған қаражаттарды қайтарудың жалпы талабы ғана емес, сонымен қатар қайтарымның нақты мерзімін анықтау болуы мүмкін. Карл маркс айтқан: «Несие тек құнның табысталуы біржақты және мерзімді болғанда ғана жүзеге асырылады». Екіншіден, несиелеу мерзімі несие есебінен қанағаттандырылатын қажеттіліктерден туындайды. Несие мерзімі бір жағынан уақытша пайдалануға берілген қаражаттарды босату мерзімімен шартталған. Кредитордың ресурстарының қысқа мерзімділігі борышқор пайдаланатын қарыздың мерзімін шектейді. Несие мерзімі қарызды алған уақыттан бастап, оның қайтарылуына дейінгі уақытқа дейін есептеледі. Қарызды жабу шаруашылық айналымының қаражаттарының босатылуымен, капитал шеңбер айналымының аяқталуымен қамтамасыз етіледі. Несие мерзімі - бұл банктің тауарлы-материалдық құндылықтар мен шығындарды несиелеу қозғалысымен байланысты бекіткен қарызды қолдану мерзімі.

Несиелеудің материалдық қамтамасыз етуі принципі - бұл принцип материалдық процестің, кәсіпорынның өндірістік қорларының айналымы мен шеңбер айналымынан несиелеудің, тығыз тәуелділігін ашады. Бұл жағдайда несиелеу материалдық құндылықтар мен шығындардың қозғалысымен қаржыланған процесс ретінде көрінеді.

Несиелеуді төлеу принципі - бұл әрбір борышқордың банкке қарыз үшін белгілі бір төлемді төлеуі тиіс жөніндегіні білдіреді.

Кәсіпорындарды, фирмаларды, мекемелер мен тұрғындарды несиемен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, несие жүйесінің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында ерекше маңызды орын алады. Несие механизмі қызмет етуінің үздіксіздігі мен тиімділігінен тек жеке шаруашылық бірліктерінен қаражаттарды дер кезінде алуды ғана емес, сонымен қатар толығымен мемлекеттің экономикалық даму типтері де тәуелді болады.

Ең алдымен, өнім өткізу мен өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуде несиенің рөлі зор.

Кәсіпорындар, ұйымдар және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің несиеге деген қажеттілігі өнім өткізуден түскен қаражаттардың түсу уақытының материалдық құндылықтарды сатып алу, еңбекақы төлеу мен қызмет көрсетулерге төлем жасауға кеткен шығындарды өтеу уақыты арасы сәйкес келмегендігінен туады. Бұл шығындарсыз өндіріс тоқтап қалуы мүмкін.

Мұндай қаражаттардың бар болуы мен оларды тұтыну арасындағы уақытша қарама-қайшылық несие көмегімен шешіледі, яғни несие арқылы өнім өткізу мен өндіріс процесінің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

Қаражаттарда уақытша қажеттілік маусымдық өндіріс пен өнімнің жеке түрлерін тұтынумен байланысты болуы мүмкін. Өндірістік шығындарында маусымдық үзіліс өндірістің маусымдық кеңеюі кезінде өтелетін несиемен жабылады. Өндірістің кеңеюінде несие үлкен рөл ойнайды. Несие негізгі қорларды сатып алу үшін (қаражат көзі ретінде), жетілген жаңа жабдықтарды сатып алу үшін, өндіріске жаңа технологияны енгізу үшін, т. б. үшін қаражат көзі ретінде көрініс табады.

Белгілі бір бағытта несиені қолдану бюджеттік қаржыландырумен салыстырғанда біраз артықшылығы бар. Капиталды салымдар үшін, қаражаттарда қажеттілікті анықтау үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер барынша көп қаражаттарды алуға және оларды бақылаусыз тиімсіз жұмсауға ұмтылады, себебі оларды қайтаруды ешкім талап етпейді. Ал несиені пайдаланғанда ұмтылыс болмайды, өйткені қарызға алынған қаражаттар пайызбен қайтарылатындықтан.

Ақша айналымы сферасында несие маңызды рөл атқарады. Қолма-қол ақшаны несиелік операциялармен ауыстыру функциясын орындай отырып, несие айналымындағы ақша айналымын ұйымдастыруда оң әсерін тигізеді.

Нарық қатынасы қалыптасуының қазіргі жағдайында несиелік қатынастар сферасы кеңеюінде және несие салымдары көлемі ұлғайып жатыр, осылай экономикалық дамуында несиенің рөлі жоғарылайды.

Қазіргі кезде бюджеттік қаржыландыру көлемі қысқарып азаяды. Мемлекеттің ( бюджеттің), кәсіпорынның, фирмалар мен басқа да шаруашылық субъектілерінің, сонымен қатар жеке тұлғалардың өндірісті ұйымдастыру мен кеңейтуге және т. б инвестициялау, банк несиелері арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Нарықтық экономиканың дамуымен несиелік қатынастарды кеңейту үшін басқа да мүкіндіктер пайда болады. Көбінесе коммерциялық және ипотекалық несиелер, вексельдер.

Сонымен қатар акциялар мен басқа да құнды қағаздарды кепілге беру арқылы несие берілетін болады.

Инфляция кезінде де несие рөлі зор болады. Себебі несиелеу арқылы айналымдағы ақша массасын реттеуге мүмкіндік туады және ақша бірлігін сатып алу мүмкіндігін тұрақтауға көмектеседі.

Сонымен қатар несиелік қатынастардың кеңеюіне несиелеудің жаңа әдістерін, мысалы, проектіні қаржыландыру сияты қолдану оң әсерін тигізеді.

Осының бәрі экономиканы басқарудың нарықтық әдістері кезінде несиенің қажеттілігі күшейеді, оның рөлі жоғарылайды және өндірістің кеңеюіне әкеледі. Несиенің мәні нақты функцияларда көрінеді. Қазіргі экономикалық әдебиеттерде несиенің 2 функциясын ажыратады. Олар құнды қайта бөлу мен нақты ақшаны несиелік операциялармен алмастырады.

Қайта бөлу функциясы кредитор мен борышқор арасындағы несиелік қатынастар құн айырбасы процесінде уақытша босаған қаражатты борышқорға берумен, сосын осы құн бастапқы иесіне қайтарылу жолымен қайта бөлу стадиясында пайда болады.

Шаруашылық субъектілері мен азаматтардың уақытша босаған ресурстарын басқаларға уақытша қолдануға беру, құнды қайта бөлу процесін білдіреді. Бұл процесс несие арқылы жүзеге асырылады. Оған осы қайта бөлу функциясы жатады.

Қайта бөлу салалық және территориялық белгілері бойынша жүруі мүмкін. Несие арқылы құнды қайта бөлу микро және макроэкономикалық деңгейде жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыс қайта бөлінеді.

Несиенің екінші функциясы нақты ақшалардынесиелік операциялармен алмастыру болып табылады. Бұған «қолма-қол ақша» сөзі келеді. Себебі айналымда құны жоқ ақша белгілері жүреді. Сондықтан «нақты ақша» болып табылмайтын, тек оларды алмастыратын ақша бірліктері болып табылады.

Қазіргі несие шаруашылығында осындай алмастыруға қажетті шарттар қолданылады. Қолма-қолсыз есеп айырысумен байланысты бір шоттан екінші шотқа ақшаны аудару (несие негізінде жүзеге асырылатын) айналымдағы қолма-қол ақша көлемін сақтауға мүмкіндік береді.

Біздің көзқарасымыз бойынша тек көрсетілген осыдан басқа несие келесі қосымша 2 функция атқарады: капиталды орталықтандыру мен шоғырлануын жылдамдату және бақылау.

Капиталды орталықтандыру мен шоғырлануын жылдамдату функциясы несиелікмеханизм қосымша құнның капиталға айналу процесіне ықпал тигізеді және жинақтау шекарасын кеңейтеді. Өндіріс масштабының үлкеюі үшін жеке шаруашылық субъектілерінің қаражаттары жеткіліксіз, сондықтан қосымша құнның бөліктері ағылып несиелік мекемелерде жинақталады жәнемәнді көлемге жеткеннен кейін ұдайы өндірісті кеңейту процесіне белсенді әсер етеді. Несие капиталының орталықтануында маңызды рөл атқарады. Ол жеке кәсіпорындардың меншіктің ұжымдық формасына айналуына ықпал тигізеді.

Бақылау функциясының мазмұны өзіне алған міндетті уақытында орындамауды болдырмауға бағытталған борышқордың қаржылық жағдайын бақылауға сәйкестендіріледі. Сондықтан несиелік процесс уақытында несиелеудің барлық принциптерінің сақталуы бақыланады. Сол арқылы кредиторға қарызды беру туралы және несиелеудің тәртібін қатаңдату туралы немесе қарызды уақытынан бұрын қайтаруды талап ету туралы шешімді қабылдай алады.

Мемлекет жоғарыда айтылған несиенің функцияларын қолдана отырып банк жүйесі арқылы бар ресурстарды үнемді қолдануға жетуге дайын шаруашылығы салаларын дамытуға, солай барлық қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарылата алады.

Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді.

Экононмикалық объектілерде несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т. б. жатқызылады.

Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызметін атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты - тауарларды өткізуді жылдамдату. Коммерциялық несиенің құрылымы вексель - жазбаша қарыздық міндеттеме болып табылады. Ол оның иесіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін борышқордан вексельде көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құқық береді.

Коммерциялық несие Жапонияда және Францияда кең таралған. Олардан кейінгі орында ағылшындық, американдық және германиялық компаниялар кіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық категориялар - жалпы тарихи категориялар
Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын рөлi жайында
Банктiк несие түсiнiгi және оның теориясы
Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын ролi туралы
Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын рөлi
Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын ролi жайлы
Несие жүйесінің қалыптасуы
Банктердің қызметтері мен операциялары
Банктік несие мәні және экономикалық ролі
Банктік несиенің экономикалық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz