Атмосфераның ластануы



Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім
2.1. Атмосфераның ластануы
2.2. Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары
2.3. Ластанған ауаның адам денсаулығына әсері

3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жер шарын қоршап тұрған, шаң-тозаң, бу мен газдан құралған атмосфера ауасы күн сәулесін жер бетіне жеткенше ұсақ-ұсақ бөлшектерге бөліп, жан-жаққа шашыратып жатады. Күн сәулесін жер бетіне өткізіп, жерден көтерілген жылуды әлем жүзіне жібермей, шыны жабылған парниктей әсер етеді.
Егер атмосферада ауа болмаса көк аспан қап-қараңғы болып, күн адамның көзін шағылыстыратын жарық сәуле шашып, жер беті кеуіп, жарылып, одан әрі қыза түсер еді. Бұлт пен жел, жауын-шашын болмай, жер бетіндегі температура күндіз +100°C-тан астам ыстық, түнде -100°C-қа дейін төмендеп қақаған аяз болар еді. Сөйтіп, бір тәулік ішінде температура 200°C-қа өзгеріп отырар еді.
Өндірістің қарқындап дамуы және отын түрлерін кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылауда. Нәтижесінде табиғаттағы көміртектің айналымы бұзылды деуге болады. Академик А.П. Виноградов зерттеулерінің нәтижесінде көмірқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0,2%-ға ұлғайып отырғандығын анықтады. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна оттегі жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90%) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көміртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегі барлық химиялық тепе-теңдікке үлкен әсер етеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Ғ. Сағымбаев «Экология негіздері»
Алматы, 1995ж
2. Ұ.Б. Асқарова «Экология және қоршаған ортаны қорғау»
Алматы, 2004 ж
3. Е. Мамбетқазиев Қ. Сыбанбеков «Табиғат қорғау»
Алматы, 1990 ж

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1. Атмосфераның ластануы
2. Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары
3. Ластанған ауаның адам денсаулығына әсері
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жер шарын қоршап тұрған, шаң-тозаң, бу мен газдан құралған атмосфера
ауасы күн сәулесін жер бетіне жеткенше ұсақ-ұсақ бөлшектерге бөліп, жан-
жаққа шашыратып жатады. Күн сәулесін жер бетіне өткізіп, жерден көтерілген
жылуды әлем жүзіне жібермей, шыны жабылған парниктей әсер етеді.
Егер атмосферада ауа болмаса көк аспан қап-қараңғы болып, күн адамның
көзін шағылыстыратын жарық сәуле шашып, жер беті кеуіп, жарылып, одан әрі
қыза түсер еді. Бұлт пен жел, жауын-шашын болмай, жер бетіндегі температура
күндіз +100°C-тан астам ыстық, түнде -100°C-қа дейін төмендеп қақаған аяз
болар еді. Сөйтіп, бір тәулік ішінде температура 200°C-қа өзгеріп отырар
еді.
Өндірістің қарқындап дамуы және отын түрлерін кең масштабта жағуға
байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының
мөлшері жоғарылауда. Нәтижесінде табиғаттағы көміртектің айналымы бұзылды
деуге болады. Академик А.П. Виноградов зерттеулерінің нәтижесінде
көмірқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0,2%-ға ұлғайып отырғандығын
анықтады. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен
бастап осы күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна оттегі
жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90%) соңғы жарты ғасырда
ғана жұмсалған. Көміртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмірқышқыл
газының концентрациясының жоғарылауы Жердегі барлық химиялық тепе-теңдікке
үлкен әсер етеді.

2.1. Атмосфераның ластануы
Атмосфера табиғи және жасанды (антропогендік) жолмен ластанады.
Табиғи ластану. Атмосферада үнемі белгілі мөлшерде шаң болады. Шаң
табиғатта жүретін табиғи процестер нәтижесінде түзіледі. Шаңның үш түрі
болады: минералдық, органикалық және космостық. Тау жыныстарының үгітілуі
мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуі, теңіз
беттерінен судың булануы минералдық шаңның түзілуіне себеп болады.
Органикалық шаң ауада аэропланктондар – бактериялар, саңырауқұлақтардың
споралары мен өсімдіктердің тозаңдары т.б. түрінде және өсімдіктер мен
жануарлардың ыдырау, ашу, шіру өнімдері түрінде болады. Космостық шаң
жанған метеориттердің қалдықтарынан түзіледі. Табиғи ластанудың бір түрі
космостық шаң атмосферадағы жанған метеориттердің қалдықтарынан түзіледі,
бір жыл ішінде оның мөлшері 2-5 млн тоннаға дейін жетеді. Табиғи шаң жер
атмосферасының негізгі құрам бөлігі болып табылады. Табиғи шаң бөлшектері
органикалық немесе бейорганикалық болуы мүмкін және топырақ пен тау
жыныстарының үгітілуі, вулкан атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуі
немесе су беттерінен булану нәтижесінде түзілуі мүмкін. Атмосфераның
төменгі қабаттарындағы шаң сусыз шөл далалардан пайда болады немесе
аэропланктондар – бактерия, өсімдік споралары, саңырауқұлақтар, өсімдіктер
мен жануарлардың қалдықтарының шіру, ыдырау өнімдерінен түзіледі.
Мұхит үстіндегі ауа атмосферасында магний, натрий, кальций тұздарының
майда кристаллдары болады, олар су шашырандылары ауада құрғап қалғанда
түзіледі. Әдетте табиғи жолмен ластану биогеоценоздар мен онда тіршілік
ететін ағзалар үшін аса көп зиян келтірмейді.
Атмосфералық шаң Жер бетінде жүретін кейбір процестер үшін белгілі рөл
атқарады. Ол су буларының конденсациялануы үшін, олай болса жауын-шашынның
түзілуіне әсер етеді. Бұнымен қатар, күн радиациясын сіңіріп, тірі
ағзаларды күннің зиянды сәулелерінен қорғайды. Академик В.И. Вернадский
атмосфералық ауа планетамыздың химиясында маңызды рөл атқарады деп жазды.
Жасанды ластану. Атмосфераны ластаушылардың ең негізгілері транспорт
түрлері, әсіресе автомобильдердің жанармайларының жану өнімдері болып
табылады. Француз ғалымы Ж. Детридің есептеулері бойынша, автомобильдерден
бөлінген газдардың құрамында көмірқышқыл газы – 9%, көміртек оксиді - 4%,
көмірсутектер - 0,5%, оттек - 4%, сутек - 2%, альдегидтер - 0,004%, азот
оксидтері - 0,06%, күкірт оксидтері - 0,006%, барлығы 200-ге жақын
компоненттер бар екенін анықтады.
Атмосфераға транспорттардан бөлінген газдардың құрамында 25-27%
қорғасын болатыны анықталған және оның 40% диаметрі 5 мкм дейін
болатындықтан ауада ұзақ уақыт сақталып, онымен бірге адам ағзасына
түсетіндігі белгілі болды.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде шамамен 500 млн аса автомобиль жүріп тұрса,
үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшін
қаншалықты маңызды екені түсінікті.
Ауа бассейнін күкіртті газбен және шаңмен ластаушы жылу электр
станциялары. Қуаты орташа жылу электр станциялары 1 сағатта 80 т көмір
жағып, атмосфераға шамамен 5 т күкіртті ангидрид және 16-17 т күл бөледі.
Атмосфералық ауаның тазалығына үлкен әсер ететін жағылатын отынның сапасы,
жағу әдістері, газтазартқыш қондырғылар мен қалдық бөлетін трубалардың
биіктігі.
Атмосфераның антропогенді ластану жолдары жылу энергетикасы, мұнай,
газ өңдеу өнеркәсіптері, транспорт, термоядролық қаруларды сынау, т.б.
арқылы жүреді.
Биосфераның ауыр металдрмен ластануы – ғылыми техникалық прогресстің
аса маңызды проблемаларының бірі болып отыр. Кейбір есептеулер бойынша
бүкіл адамзат қоғамы кезеңінде 20 млрд.тонна темір өндірілген болса, оның
түрлі техника, құрал жабдықтар, қондырғылардағы мөлшері 6 млрд.тонна ғана,
олай болса 14 млрд.тонна темір қоршаған ортаға таралып, ластап отыр деуге
болады. Бұдан басқа жыл сайын өндірілген сынап пен қорғасынның 80-90 %
биосфераға таралған. Көмір жанған кезде күл жәнеәне түрлі газдармен бірге
олармен өндірілген мөлшерден де асып түседі. Мысалы, магний-1.5 есе,
молибден -3 есе, мышьяк -7 есе, уран, титан -10 есе, аллюминний, иод,
кобальт -15 есе, сынап -50 есе, литий,ванадий, стронций, бериллий, цезий –
100 деген есе, галлий мен германий – мыңдаған есе, иттрий – 10 мыңдаған
есе, тағы сол сияқты.
Ауаның ластануы адамның денсаулығына, экожүйелердің қалыпты жұмыс
істеуіне, тағы сол сияқты көптеген организмдерге зиянды әсерін тигізеді.
Ауа бассейнінің мөлдірлігінің өзгеруі атмосферадағы көмірқышқыл
газының үлкен әсері бар. Жыл сайын атмосферадағы оның мөлшері 0.4 % артып
отыр, қазіргі кездегі атмосферадағы көмірқышқыл гаының мөлшері 0.032 %.
Кейбір есептеулер бойынша атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері әр 23
жыл сайын 2 еселеніп отырады. Көмірқышқыл газы инфрақызыл сәулені – жылу
сәулесіне сіңіреді, оның мөлшері белгілі бір концентрацияға жетенде қошаған
ортадағы жалпы температураның жоғарлауына әкеліп соғуы мүмкін.
Атмосферадағы озонның мөлшері (көлем бойынша) 2 х 10 %, бірақ ол Жер бетін
күн радиациясынан қорғап тұрады және бактерицидтік қасиеті бар.
Атмосфераның күкіртті қосылыстармен ластануы қазіргі таңдағы аса
маңызды проблемаларының бірі болып отыр. Күкірт атмосферадағы 5000 жылдан
астам уақыт бойы бөлініп отыр. Күкірт оксидтері өсімдіктерге, жануарлар мен
адам ориганизміне зиянды әсер етеді.Күкірт қышқылы атмосфералық жауын-
шашынмен бірге қышқыл жаңбыр түрінде жерге жауады. Қышқыл жаңбырлар су
экожүйелеріне зиянды әсерін тигізеді, ағаштар мен ауыл шаруашылық
дақылдарының өсуін тежейді, сөйтіп үлкен экономикалық шығын келтіреді.
Атмосфераға бөлінген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына қосылады.
Олардың су мен топырақта көп мөлшерде жинақталуы тіршілікке үлкен зиян
келтіреді. Мышьяк пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфера туралы түсінік
Атмосфераның ластаушы көздері
Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау және қорғау жолдары
Атмосфераның табиғат пен тірі организмдер тіршілігіндегі рөлі
Атмосфераның негізгі қасиеттері және оның экологиялық мәні
АТМОСФЕРА - БИОСФЕРАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАМ БӨЛІГІ
Атмосфера туралы түсінік, оның құрамы және биосфера мен адам өміріндегі маңызы жайлы
Атмосфераның ластануы және қоршаған ортаға әсерін бағалау
Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер
Атмосфера туралы түсiнiк, оның құрамы мен адам өмiрiндегi маңызы
Пәндер