Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау біліктілігін қалыптастыру



Кіріспе
Негізгі бөлім
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындаудың педагогикалық негіздері
Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау біліктілігін қалыптастыру әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңдағы мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының басты бағыты – шығармашыл, сындарлы ойлай білетін, өз мүмкіндіктеріне сенімді, әртүрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті азамат дайындау екендігі мәлім. Осыған орай әлемдік қауымдастықта айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру, бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында тың да нақты қадамдар жасалуда.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында (2007 ж): «Білім берудің басты өлшемі – білім мен білік алған кез келген азамат әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады», – деп атап көрсетті. Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған бүгінгі күні жан-жақты дамыған азаматтарды қалыптастыру, әсіресе мектеп оқушыларының өздігінше шығармашылық жұмыстарын орындау біліктілігін дамыту ең өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Өйткені, білім берудің жаңа мазмұнына байланысты мұғалім әрекеті оқыту үрдісін ұйымдастырушы ретінде қарастырылып, оқушының тұлғалық аспектілерін дамыту мәселесі алғы орынға шықты. Бұл, оқу қызметінің субъектісі ретінде, даралық, өзіндік жұмыс істеуге, өзін-өзі тануға, білім алу арқылы дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру басты құндылық болып табылатынын көрсетеді.
Сондықтан оқушының өздігінен білім алу, іздену, қорытынды жасап, талдай білу дағдыларын қалыптастыру үшін, оның өзіндік біліктілігіне сүйене отырып, білім алу технологиясын меңгертуге көңіл аударылуда.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында: «Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсетілген.
Демек, білім беру мазмұнын жаңарту қажеттігі еліміздегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты қазақстандық білім беру саласында қалыптасқан ахуалдан туындап отыр. Бұл ретте біз оқытудың ең маңызды мәселелерін нақтылы айқындай отырып, дамыған елдердің прогресшіл тәжірибесіне сүйене білуге тиіспіз.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары бойынша зерттеу барысында өздігінен жұмыс орындау мәселелері философиялық, педагогикалық зерттеулерде көрініс тапқанын, бұл салада біраз тәжірибе бар екенін байқадық.
Мәселен, Кеңес өкіметі жылдары Н.К. Крупская, П.П. Блонский білім беруде өзіндік жұмыс мәселелерін зерттеп, құнды педагогикалық мұра қалдырды. Жастардың өз бетінше оқып, білім алуы мен дүние тануын жетілдірудің әдіснамалық негіздері М.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, Я. Зорина, М.Н. Скаткин, А.В. Усова және т.б. еңбектерінде жалпыпедагогикалық аспектіде қарастырылған. Ал И.Я. Лернер, Р.Г. Лемберг, М.И. Махмутов, А.М. Матюшкин, Г.И. Шукина, П.И. Пидкасистыйдың зерттеулері оқыту үрдісінде оқушылардың оқу белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдеріне арналған.
1 Білім кілті шығармашылық ізденісте // Қазақ тарихы. –Алматы. -1998. -№4,5.-68 – 69б. б.
2 Қазақстан тарихы пәнін оқытуда оқушыларды шығармашылыққа баулу. // «Тәуелсіз Қазақстанның білікті азаматтарының қалыптасуындағы оқу-тәрбие процесінің проблемалары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы - Алматы, 2003.-80-84 б.б.
3 Дарындыларды дайындау хақында//Қазақ тарихы.-Алматы-2003.-№3.-76 78б.б.
4 Оқушылар бастамасын шығармашылыққа баулу //Республикалық педагогикалық оқудың жинағы . -Алматы, 2003. -66-69 б.б.
5 Қазақстан азамат соғысы жылдарында. // Қазақстан тарихы. - 2003. -№1.- 45 – 49б. б.
6 КСРО 1921 – 1939 жж. аралығында // Жалпы тарих және құқықтану мектепте. -2004. -№1. - 176 – 178б. б.
7 10-сыныптың оқу бағдарламасы тереңдетілген тобына арналған сабақ үлгісі // «Қазақстан және әлем: тарих және заман» атты халықаралық ғылыми практикалық конференциясының материалдар жинағы. –Алматы, -2005. -176-179б.б.
8 Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы // Жалпы тарих және құқықтану мектепте - 2005.- №2. - 9 – 12б. б.
9 Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту // Қазақстан тарихы. 2005. -№4.- 9 – 12б. б.
10 Интерактивті әдісті пайдалану негізінде «Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы» тақырыбын оқыту // «Ұлы Отан соғысына 60 жыл» республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы -Алматы, 2005.- 69 – 72 б. б.
11 Оқушыларға тарих оқулықтары бойынша құндылықтарды қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік мүмкіндіктері // Қазақстан тарихы. - 2006. -№1.-12 – 18б. б.
12 Ауған соғысын оқыту мәселелері // Қазақстан мектебі.- 2006. -№3.- 69 – 72б. б.
13 Қоғамдық пәндер ұстазы зертханасында // Қазақстан мектебі.- 2006.-№10 –57б.б.
14 Жоғары сынып оқушыларын оқытуда өздігінше білім алуын қалыптастыру // Қазақстан тарихы.- 2006. -№10. -13 – 17б. б.
15 Оқушылардың шығармашылық жұмыстарды өздігінен орындауының педагогикалық-психологиялық негіздері.(Студенттер мен мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал). Алматы, 2006. Ғылым мен оқу әдебиеттер баспасы, ҚазҰПУ, – 52 б.
16 Тарих пәнін оқытуда жоғары сынып оқушыларының өзіндік жұмысты ұйымдастырудағы өзекті мәселелері: олимпиада мен ғылыми жоба сайыстарына дайындау. // ІІ- Қасымбаев оқулары халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы. -Семей-Қазақстан. 2006. -274 – 278б. б
17 Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық біліктілігін қалыптастыруда ғылыми сайыстарға дайындаудың әдіс-тәсілдері. 12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы. - Алматы, 2007.- 196 – 200б. б.
18 Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарды өздігінен орындау біліктілігін қалыптастыру. // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы-Вестник. «Педагогика ғылымдары» сериясы. -№3(15). -Алматы, 2007.
19 Шығармашылық біліктілікті қалыптастыру мазмұны // Қазақстан мектебі. -2007. -№9. -76 – 77б. б.
20 Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарды өздігінен орындау біліктілігін қалыптастыру моделі // Білім берудегі менеджмент. - 2007.- №3 - 99 – 101б. б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 373.1.02:37.035.3:371.212.
Қолжазба құқығында

Ахатаева Калия Байғоңырқызы

Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау
біліктілігін қалыптастыру

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
педагогика кафедрасында орындалған

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор
Р.К.Төлеубекова

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы,
Б.А.Тұрғынбаева

педагогика ғылымдарының кандидаты,
А.А.Гурбанова

Жетекші ұйым: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер
академиясы

Диссертация 2007 ж. __ _______________ сағат ___ Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін беру жөніндегі Д.14.05.01. диссертациялық кеңесінде қорғалады.
Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2-қабат, мәжіліс
залы.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
кітапханасында танысуға болады.Мекен жайы : 050010,Алматы қаласы, Қазыбек
би, 30, 3-қабат.

Автореферат 2007 жылы ___ _______________ таратылды

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы: Ш.Ж. Қолумбаева

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңдағы мемлекеттің білім беру
саласындағы саясатының басты бағыты – шығармашыл, сындарлы ойлай білетін,
өз мүмкіндіктеріне сенімді, әртүрлі әлеуметтік және өндірістік
проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті азамат дайындау екендігі мәлім.
Осыған орай әлемдік қауымдастықта айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан
еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру, бәсекеге
қабілетті маман даярлау мақсатында тың да нақты қадамдар жасалуда.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында (2007 ж):
Білім берудің басты өлшемі – білім мен білік алған кез келген азамат
әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге
көтерілу болып табылады, – деп атап көрсетті. Ғылымның әр саласында білім
мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған бүгінгі күні жан-жақты дамыған
азаматтарды қалыптастыру, әсіресе мектеп оқушыларының өздігінше
шығармашылық жұмыстарын орындау біліктілігін дамыту ең өзекті мәселенің
біріне айналып отыр. Өйткені, білім берудің жаңа мазмұнына байланысты
мұғалім әрекеті оқыту үрдісін ұйымдастырушы ретінде қарастырылып, оқушының
тұлғалық аспектілерін дамыту мәселесі алғы орынға шықты. Бұл, оқу
қызметінің субъектісі ретінде, даралық, өзіндік жұмыс істеуге, өзін-өзі
тануға, білім алу арқылы дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру басты
құндылық болып табылатынын көрсетеді.
Сондықтан оқушының өздігінен білім алу, іздену, қорытынды жасап, талдай
білу дағдыларын қалыптастыру үшін, оның өзіндік біліктілігіне сүйене
отырып, білім алу технологиясын меңгертуге көңіл аударылуда.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында: Ұлттық
және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім
алу үшін қажетті жағдайлар жасау - деп атап көрсетілген.
Демек, білім беру мазмұнын жаңарту қажеттігі еліміздегі қазіргі
әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты қазақстандық білім беру
саласында қалыптасқан ахуалдан туындап отыр. Бұл ретте біз оқытудың ең
маңызды мәселелерін нақтылы айқындай отырып, дамыған елдердің прогресшіл
тәжірибесіне сүйене білуге тиіспіз.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары бойынша зерттеу барысында өздігінен
жұмыс орындау мәселелері философиялық, педагогикалық зерттеулерде көрініс
тапқанын, бұл салада біраз тәжірибе бар екенін байқадық.
Мәселен, Кеңес өкіметі жылдары Н.К. Крупская, П.П. Блонский білім
беруде өзіндік жұмыс мәселелерін зерттеп, құнды педагогикалық мұра
қалдырды. Жастардың өз бетінше оқып, білім алуы мен дүние тануын
жетілдірудің әдіснамалық негіздері М.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, Я.
Зорина, М.Н. Скаткин, А.В. Усова және т.б. еңбектерінде жалпыпедагогикалық
аспектіде қарастырылған. Ал И.Я. Лернер, Р.Г. Лемберг, М.И. Махмутов, А.М.
Матюшкин, Г.И. Шукина, П.И. Пидкасистыйдың зерттеулері оқыту үрдісінде
оқушылардың оқу белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдеріне арналған.
Тәрбие мен оқытудың теориясы мен практикасын дамыту саласында
педагогика-психологиялық күрделі зерттеулер жүргізген қазақстандық ғалымдар
А.А.Бейсенбаева, Қ.Қ.Жампейісова, В.В.Трифонов, Н.Д.Хмель, Г.К.Нұрғалиева,
Ж.Н.Намазбаева, А.П.Сейтешев, Г.Т.Хайруллин, Н.Н.Хан, М.А.Құдайқұлов,
В.А.Ким, Р.К.Төлеубекова т.б. еңбектері ұлттық мектебіміздің жаңа жүйесін
қалыптастыруда ерекше маңызды орын алады. Сонымен қатар, Ө.Озғанбаев,
С.Қалиев, Ж.Наурызбай, С.А.Ұзақбаева, М.Жадрина, А.Құсайынов, т.б. ғалымдар
өз еңбектерінде көп ұлтты мәдени кеңістіктегі Қазақстан мектебінің жаңа
ұлттық моделін қалыптастыруға байланысты ұлттық идея мәселесіне ерекше мән
берген.
Республикамызда бірқатар ғалымдардың диссертациялық еңбектері
оқушылардың әр сала, әр пән бойынша өздік жұмыстарды орындау мәселелеріне
арналған. Мәселен: Б.Қ.Әбдіғұлова (тарихты оқытудың дидактикалық
негіздері), Б.А.Тұрғынбаева (мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту),
К.А.Тілеубергенова (география пәні бойынша), Р.А.Әлімқұлованың (жалпы
биология бойынша), Б.Е.Қожамқұлова (физика пәні бойынша өздік жұмыстар),
А.Г.Сон (іскерлік шеберлікті қалыптастыру), Р.Ж.Садықованың (өздік
танымдылығын қалыптастыру), А.Х.Әренова (танымдық қабілетті белсендіру),
А.А.Гурбанова (сабақта өзіндік жұмыстың сапасын көтеру).
Т.Сабыров, Ж.А.Қараев, Қ.А.Әбішев және т.б. дидакт зерттеушілер де,
педагог-әдіскерлер де жоғары сынып оқушыларының өздігінен білім алуы өте
маңызды үрдіс екенін анықтауға, оны зерттеп, өзіндік мәнін ашуға, өздігінен
білім алуды айқындауға өз үлестерін қосты.
Алайда, осы жоғарыда аталған еңбектерде жоғары сынып оқушыларының
шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау біліктілігін қалыптастыру
мәселесі арнайы зерттелмеген. Сондай-ақ, жоғары сыныптың оқу бағдарламалары
мен оқулықтарын зерттеп білу де, оқу-тәрбие үрдісіне жасаған талдау да бұл
мәселеге аса назар аударылмайтынын дәлелдейді.
Демек, жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше
орындау біліктілігін қалыптасу қажеттілігі мен педагогика ғылымында жоғары
сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындауды қамтамасыз
ететін жаңа жүйенің толық зерттелмеуі және шығармашылық жұмыстарын
өздігінше орындауға бағыт-бағдар беретін әдістемелік нұсқаулардың
жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықтар бар екені анық байқалады.
Осы қайшылықтардың тиімді шешімін іздестіру біздің зерттеу
проблемамызды айқындауға және тақырыпты Жоғары сынып оқушыларының
шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау біліктілігін қалыптастыру деп
таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің объектісі: жоғары сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеудің пәні: жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстары.
Зерттеудің мақсаты: жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын
өздігінше орындау біліктілігін қалыптастыруды ғылыми-педагогикалық
тұрғыдан негіздеу және оның әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
1.Шығармашылық, шығармашылық әрекет, өздігінше орындау
біліктілігі ұғымдардың мәні мен өзара байланысын ғылыми-теориялық тұрғыда
негіздеу.
2.Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау біліктілігін
қалыптастыру жүйесін айқындау.
3.Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау біліктілігін
қалыптастырудың моделін жасап, өлшемдері мен көрсеткіштерін және
деңгейлерін анықтау.
4.Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау
біліктілігін қалыптастырудың формалары мен әдістерін, түрлерін айқындау
және олардың тиімділігін тәжірибе жүзінде тексерістен өткізіп, әдістемелік
кешен даярлау.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егерде, шығармашылық жұмыстарын өздігінше
орындаудың теориялық негізі нақтыланса; жоғары сынып оқушыларының
шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау біліктілігін қалыптастырудың
жүйесі, құрылымдық-мазмұндық үлгісі жасалса және ол ғылыми тұрғыдан
қамтамасыз етіліп, әдістемелік нұсқаулар дайындалса, онда, жоғары сынып
оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау біліктілігін
қалыптастыруға болады, өйткені ол жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі
дамыту, өзін-өзі тануындағы тұлғалық қажеттіліктерін, шығармашылықпен жұмыс
істей білу дағдылары қанағаттандырылады.
Жетекші идея. Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын
өздігінше орындау біліктілігін қалыптастыру оқу-тәрбие үрдісінде
мақсаттылықпен кешенді пайдалануда өзінің жалғасын табуы керек.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін философиялық,
психологиялық және педагогикалық жеке тұлға мен оның дамуындағы іс-
әрекеттің, қабілеттің рөлі туралы қағидалары және тарихшылар мен
әдебиеттанушылардың тұлға дамуы туралы ой-пікірлері шығармашылық, өздігінше
жұмыс, тұтас педагогикалық үрдіс теорияларындағы шығармашылық жұмыстарды
өздігінше орындау біліктілігін қалыптастыру проблемасын зерттеудегі
тұлғалық іс-әрекеттік бағдарлы көзқарасын ашып көрсететін педагогикалық
идеялар мен тұжырымдамалар құрайды.
Зерттеудің көздері:
ҚР Конституциясы (1995 ж.), ҚР Білім туралы Заңы (1999 ж.), ҚР
гуманитарлық білім беру, тарихи сана қалыптастыру мен этникалық-мәдени
білім беру Тұжырымдамалары, ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
Тұжырымдамасы, ҚР тарихи сана қалыптастыру Тұжырымдамасы (1996 ж.), ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған Қазақстан - 2030 Жолдауы, ҚР
Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы (2007 ж), пәндік оқу
бағдарламалары, оқулықтары, озық іс-тәжірибелер, автордың зерттеушілік іс-
әрекет тәжірибелері, мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты құжаттары
мен озат педагогтардың іс-тәжірибелері.
Зерттеу әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша философиялық-
психологиялық, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдап зерттеу, жүйелеу;
жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың оқу үрдісін бақылау,
сауалнама, тест алу; мұғалімдермен, оқушылармен әңгімелесу; тәжірибелік
эксперимент; мәліметтерді математикалық тұрғыда өңдеу.
Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:
1.Шығармашылық,шығармашылық әрекет, өздігінше орындау біліктілігі
және т.б. ұғымдардың мәні ғылыми-теориялық тұрғыда негізделіп, мазмұны
анықталды.
2.Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау
біліктілігін қалыптастыру жүйесі айқындалды.
3.Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау
біліктілігін қалыптастыру өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері
анықталған моделі жасалды.
4.Шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау біліктілігін
қалыптастыратын жоғары сынып оқушыларына арналған әдістемелік кешен
жасалып, оның тиімділігі сынақтан өткізіліп, тәжірибеге енгізілді.
Зерттеудің практикалық мәні:
Жоғары сынып оқушыларының өздігінше орындау біліктілігін қалыптастыру
деңгейінің диагностикалық әдістемесі және әдістемелік кешені,зерттеліп
отырған мәселеге байланысты әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар жасалды.
Зерттеу жұмысының нәтижелерін мектептерде, лицейлер мен гимназияларда,
педагогикалық колледждер мен институттарда, мұғалімдер білімін жетілдіретін
мекемелерде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1.Шығармашылық, шығармашылық әрекет, өздігінше орындалатын жұмыс
ұғымдарының мәні мен мазмұны оқушылардың теориялық білімдерін жетілдіреді.
2.Зерттеу проблемасына байланысты айқындалған жүйе оқушылардың
шығармашылық жұмыстарын өздігінен орындау біліктілігін қалыптастырады.
3.Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау
біліктілігін қалыптастырудың құрылымдық мазмұнын сипаттайтын моделі
оқушылар біліктілігінің өлшемдері мен көрсеткіштерін, деңгейлерін
анықтайды.
4.Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау
біліктілігін қалыптастыру әдістемесі және оның нәтижелері оқушылардың
танымдық қызығушылығын арттырады.
Зерттеудің кезеңдері:
І кезеңде (1999 - 2001) тақырып анықталып, зерттеудің ғылыми аппараты
айқындалды. Айқындалған зерттеу әдістері негізінде ғылыми жұмыстың жоспары
нақтыланды. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалды.
ІІ кезеңде (2001 - 2003) жоғары сынып оқушыларының өздігінше
шығармашылық жұмыстарын орындау біліктілігін қалыптастыруға қатысты
жинақталған материалдар теориялық және практикалық тұрғыда талданып,
педагогикалық жаңа технологиялар жасалып, оқу үрдісіне енгізілді.
ІІІ кезеңде (2003 - 2006) зерттеу бойынша талдау жүргізілді. Жоғары
сынып оқушыларының өздігінше шығармашылық жұмыстарын орындау біліктілігін
қалыптастырудың әдістемесі мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге
асырылып, зерттеу нәтижелері қорытындыланды.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі талапқа сай
әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдіс-
тәсілдерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының мақсатқа
сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіштер нәтижелерін
қорытындылаумен, жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында олардың
тиімділігін тексерумен қамтамасыздандырылады.
Зерттеудің негізгі базасы. Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Алматы
облысының, Қарасай ауданындағы Б.Соқпақбаев атындағы орта мектепте, Алматы
қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №12 мектеп-гимназиясында, М.Жұмабаев
атындағы №137 орта мектепте өткізілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру. Зерттеудің негізгі
нәтижелері халықаралық (Алматы, 2002, 2003, 2004, 2005), республикалық
(2003 - 2006), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
профессорлары мен оқытушыларының ғылыми-теориялық конференцияларында (2001
- 2006), Республикалық педагогикалық оқуларда (Алматы, 2003) баяндалды,
эксперимент жүргізу барысында жүзеге асты, сондай-ақ мерзімді басылымдарда
жарық көрген ғылыми мақалаларда, әдістемелік нұсқаулар мен құралдарында
көрініс тапты.
Диссертацияның құрылымы.
Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысанасы, пәні,
міндеттері, ғылыми болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері мен негізгі
кезеңдері, ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын
қағидалары баяндалады.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындаудың педагогикалық
негіздері атты бірінші тарауда шығармашылық, шығармашылық әрекет,
өздігінше орындау біліктілігі ұғымдарының өзара байланысы ғылыми-
теориялық тұрғыда қарастырылып, жоғары сынып оқушыларының шығармашылық
жұмыстарды өздігінен орындау біліктілігін қалыптастырудағы оқытудың жүйесі
жасалып, моделі құрастырылды.
Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау
біліктілігін қалыптастыру әдістемесі атты екінші тарауда жоғары сынып
оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау мүмкіндігін
қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістемелік кешен дайындалып, тәжірибелі
эксперимент жұмысының әрбір кезеңіндегі білім деңгейлерінің кесіндісі,
нәтижесі баяндалады.
Қорытынды бөлімде зерттеудің нәтижелері, тұжырымдары мен қорытынды
және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Қосымшада оқушылардың шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау
біліктілігін қалыптастыру жұмыстары бойынша сауалнамалар, тест
тапсырмалары, факультативтік курс бағдарламалары, пәндік кештер, сценарий
үлгілері және т.б. тапсырмалар ұсынылады.

Негізгі бөлім
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру
стратегиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: Білім беру реформасы – Қазақстанның
бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса
маңызды құралдардың бірі, – деп ерекше бөліп көрсетті.
Осыған орай дүниежүзілік жаһандану жағдайларына байланысты, біздің
Республикамыздың жалпы білім беру мектептерінің алдында оқушыларды бәсекеге
қабілеттендіру мақсатында оларды шығармашылыққа бейімдеу талабы тұр.
Ал, шығармашылық – адамның ойлауының және өздігінше әрекет етуінің
жоғарғы формасы. Шығыстың және қазақтың көрнекті ойшылдарының (Ж.Баласағұн,
әл-Фараби), ақындарының (А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров),
ағартушыларының (Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М,Жұмабаев, М.Дулатов,
Ж.Аймауытов, т.б.) еңбектерінде шығармашылық тұлға бойындағы сапалық
белгілерге ерекше қабілеттілік, белсенділік, еріктілікті дамытуға ерекше
мән берілгендігі анықталды. Сондай-ақ шығармашылық ұғымы орыс ойшылдарының
да назарына ертерек ілінген мәселелер қатарына жатады. ХІХ ғасырда
шығармашылық туралы ой-пікірлер А.И.Герцен, В.Г.Белинский, ал ХХ ғасыр
басында С.О.Грузенберг, М.А.Блох, т.б. ғалымдар еңбектерінде көрініс
тапқан. Осы кезеңдерде қоғамдық өмірдің әр саласындағы шығармашылық әрекет
жайлы зерттеулер жасалып, зерттеуші ғалымдар шығармашылықты дарындылық пен
еңбексүйгіштіктің қоспасы ретінде қарастырды. Шығармашылықты зерттеудің ең
бір қарқынды кезеңі ХХ ғасырдың ортасында, әрекет теориясын зерттеу аясында
дамиды. Бұл уақытта адам еңбегінің нәтижелілігін, өнімділігін зерттеуде
өнімді еңбегіне әрекеттік тәсіл, шығармашылықты туындататын жағдаяттар,
формалар мен кезеңдер, мотивтер мен шарттар жайлы теориялар практиканы
байыта түсті (П.В.Алексеев, В.В.Давыдов, М.С.Каган, Я.А.Пономарев, т.б.).
Адамның біркелкі емес, геторогенді дамуы Б.Г.Ананьев, Ю.Н.Кулюткин және
басқа да ғалымдардың зерттеулерінде; дамудың басқыштары А.В.Петровский,
С.А.Рубинштейн, т.б. еңбектерінде; адамның жетекші әрекетінің дамуға әсері,
дағдарысты кезеңдер Л.С.Выготский еңбектерінде зерттелген. Ал,
энциклопедиялық сөздікте Шығармашылық – ешқашан бұрындары болмаған
тудырушы қызмет – ретінде қарастырылған. Педагогика ғылымында
шығармашылықты дамытудың бірқатар бағыттары зерттеліп, оқушылардың
шығармашылық мүмкіндігінің деңгейлері ғылыми тұрғыда дәлелденген. Ол
зерттеулер қатарына А.Н.Лук, А.В.Брушлинский, Д.Б.Богоявленская,
Ю.З.Гильбух, Н.С.Лейтес, В.Э.Чудновскийдің еңбектері жатады. Қазақстандық
ғалымдар Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Т.Сабыровтың психологиялық
еңбектерінде де, адамның жеке басының дамуы мен шығармашылығының әртүрлі
аспектілері қарастырылады. Сонымен қатар, адам іс-әрекетінің шығармашылық
сияқты аса маңызды сапасы Дж.Гилфорд, А.Маслоу,
К.Роджерс,Т.Торренс,Э.Фромм, т.б. тәрізді көптеген шет елдік
зерттеушілердің назарын аударған. Шығармашылық мәселесін терең зерттеген
Я.Н.Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды. Өйткені, даму үрдісіндегі
әрбір кезең баланы интеллектуалдық тұрғыдан жаңа сапаға көтереді. Жоғарыда
аталған зерттеуші ғалымдардың еңбектерін зерделей келе, біз өзіміздің
зерттеуімізге тірек етіп алып отырған шығармашылық, шығармашылық
әрекет, өздігінше орындау біліктілігі ұғымдарына жеке-жеке талдау
жасауды жөн көрдік.
Сонымен, диссертация жұмысында қарастырылған еңбектердегі ой-
тұжырымдарды қорыта келе, шығармашылық-проблемалық сипаты бар, адамның
ішкі мәнді күштерін және барлық шығармашылық біліктілік компоненттерін
біріктіретін, нәтижесінде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар
алынатын мақсатты әрекет деген анықтама беруге болады.
Зерттеуіміздегі келесі ұғым шығармашылық әрекет. Баланың әрбір даму
кезеңіне тән шығармашылық іс-әрекеті болады. Мұндай іс-әрекеті өзінің
мақсаттары, мотивтері және орындалу тәсілдерімен сипатталады. Шығармашылық
әрекет іс-қимыл бірлігінен, саналы белсенділіктен туындайды.
Шығармашылық әрекет жайлы өзіндік көзқарастары бар төмендегі ғалымдардың
тұжырымдарына тоқталайық. Зерттеуші ғалым В.И.Слободчиков шығармашылық
әрекетті оқушы өміріндегі басты оқиға – өзіндік Менін ашу, адамдар қарым-
қатынасы жүйесінде өз орнын іздеу, өзін өз өмірбаянының жасаушысы ретінде
сезіну деп есептейді. Ю.Г.Юдина оқушының шығармашылық әрекетінің пайда
болуын ғылыми тұрғыда негіздей келе, оның жан-жақтылық сипатына назар
аударады. Оқушы әрекетінің жан-жақтылығына жаңа жағдаятқа байланысты білім,
икемділіктерін қолдана білу, мәселенің белгілі шешіміне қоса, жаңа, тың
әдістерін іздестіруді жатқызады. Бұл оның өзін белгілі бір жаңалықтардың
авторы ретінде сезінуіне, сол пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге
асыруға мүмкіндік береді деген тұжырым жасайды. Ал, А.Н.Лук өз еңбегінде
адамның шығармашылық әрекетін дамыту ең алдымен шығармашылық ойлауға
байланысты деген пікір айтады. Зерттеуші Б.А.Тұрғынбаева өз
диссертациясында шығармашылық әрекет – жаңалықты сезіну, яғни белгісіздік
кезеңінде табандылық таныта білсе, еңбектің нәтижесі оқушыны жоғары көңіл-
күйге бөлеп, жаңа істерге қанағаттандырады деген ой айтады. Жоғарыда
аталған ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, біз шығармашылық әрекет –
оқушының жеке өз шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық
өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет деген
анықтама береміз. Осы ретте шығармашылық әрекеттің өте күрделі және ол тек
адамға ғана тән үрдіс екендігіне көз жеткіземіз.
Оқушылардың шығармашылық әрекетін ұйымдастырудың алғышарттарының бірі
олардың өзіндік жұмысты орындай білу біліктілігі болып табылады. Өйткені,
өзіндік жұмыс оқушыдан белсенді ой қызметін, танымдық ізденімпаздықты талап
етеді. Өзіндік жұмысты оқушының оқу нәтижелеріне жету құралы деп есептеуге
болады. Жұмыстың бұл түрі оқушының білімділігін, біліктілігін бекіте
отырып, оның белсенділігін, дербестігін дамытады.
Бұған дейін мектеп тәжірибесінде өздігінен орындалатын жұмыс жеке пәндер
аясындағы білім мен білікті дамытуға ғана бағытталып келгені мәлім.
Оқушының жалпы белсенділігін, дербестігін біліктілікті дамыту арқылы
қалыптастыру тиімді екеніне мән берілмегеніне және тиісті деңгейге
қойылмағанына зерттеу барысында көзіміз жетті.
Бүгінгі таңда оқушы меңгерген білім, білік, дағдыларды біліктілікпен
байланыстыра қарастыру негізінде оқушының қоғамдағы мәселелерді,
өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу біліктіліктерін дамытуға күш
салынуда. Бұл орайда оқушының өздігінен орындалатын жұмысының жаңа
талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Педагогикалық зерттеулерді,
еңбектерді талдау барысында, біз өзіндік жұмысқа әр қырынан берілген
анықтамалар бар екенін анықтадық. Мысалы, кейбір зерттеушілер өзіндік
жұмысты тапсырма берушінің нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде
қарастырса (Р.А.Низамов, т.б.), басқалары өзіндік жұмысқа оның мақсаты
тұрғысынан баға береді (Н.Д.Хмель). Осыған байланысты өзіндік жұмыс оқытуды
ұйымдастырудың формасы ретінде сипатталады. В.П.Беспалько өзіндік жұмыс
ұғымын адамның белгілі бір жұмысты өз бетімен, ешкімнің көмегінсіз орындауы
деп біледі. Г.П.Семеновтың пікірінше, өзіндік жұмыс оқытуды ұйымдастыру
формасы да, әдіс-тәсілі де емес, өзіндік жұмыс – алдын-ала берілген
бағдарлама немесе нұсқау арқылы оқытушының қатысуымен орындалатын әрекет.
Тағы бір топ ғалымдар (Н.В.Кузьмина, А.Г. Ковалев және т.б) өзіндік
жұмысты оқушыларды үйретудің, оқытудың әдісі ретінде қарастырса,
П.И.Пидкасистыйдың пікірінше, өзіндік жұмыс – оқытуды ұйымдастырудың
формасы да, оқытудың әдісі де емес, ол оқушының алдына қойылған мақсатқа
сәйкес, белгілі бір іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру құралы болып
табылады. Б.П.Есипов оқушылардың өзіндік жұмысының атқаратын міндеттерін
айқындаса, Т.С.Сабыров оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарын жан-
жақты талдайды.
Осы ретте өзіндік жұмыстардың түрлері мен ұйымдастыру жолдары әрқилы
болғанымен, көздейтін мақсаты оқушыларды саналылық, белсенділік, ұқыптылық,
дербестікке тәрбиелеу екендігіне көзіміз жетеді.
Біздің зерттеу пәніміз жоғары сынып оқушыларының өздігінше орындау
біліктілігін қалыптастыру болғандықтан, олардың психологиялық
ерекшеліктеріне тоқтала кетуді де жөн көрдік. Себебі, жоғары сынып –
оқушыларының шығармашылық біліктілігін жетілдіруде өзін-өзі тәрбиелеуге
құштар кез. Бұл кезеңде олар өзіндік көзқарасының болуына талпынады, болып
жатқан жағдайларға өз бағасын беруге тырысады. Сонымен бірге, жеке
мүдделерін, ой-армандарын жүзеге асыруға болатын өздерінің қажеттілігін
көрсете алатын өмір жолын таңдауды көздейді,еркін өз ойын айтуға бейім
келеді. Өзі үшін толық түсініксіз мәселенің себептеріне үңілуге талпыныс
жасап, нақтылы шындықты іздеуге әрекеттенеді. Сонымен олардың бойында өз
ақыл-ойын басқара білу, оны қажетті іс-әрекетке жұмылдыра білу қабілетінің
барлығы көрінеді.
Осы орайда оқушылардың өздігінше жұмыстарды орындау дағдыларын
біліктілікті қалыптастыру арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл жөнінде
бірқатар ғалымдардың еңбектері баршылық. Мәселен, М.Ә.Құдайқұлов,
М.М.Жадрина, Б.А.Тұрғынбаева, Б.Р.Айтмамбетова, т.б. ғалымдар осы мәселені
зерттей келе біліктілік ұғымына төмендегідей анықтамалар береді.
Профессор М.Ә.Құдайқұлов осы мәселені зерттей келе, қазақ тілінде
умение ұғымын іскерлік, икем, икемділік, білік, біліктілік, шеберлік,
бейім, жетіктік, т.б. ретінде анықтаса, М.М.Жадрина білім жүйесінің соңғы
нәтижесі оқушының жеке пәндер бойынша алған білім, білік, дағдылары емес,
оларды пайдалану арқылы қалыптасып, дамитын өмірлік дағдылар, құзырлықтар
болып табылады – деп есептейді. Ал, зерттеуші Б.А.Тұрғынбаева біліктілік
ұғымын айналадағы өзгерістерге орай, өз әрекетін жоғарғы деңгейде жобалай
ұйымдастыра алу ретінде қарастырса, белгілі ғалым Б.Р.Айтмамбетова
біліктілік – адамның белгілі бір қызметте өз білімін көтеріп, нені қалай
және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, біліктілікке үнемі іздену,
өзін-өзі жетілдіру арқылы жетуге болатын қасиет деп атап көрсетеді.
Ғалымдардың тұжырымдарына сүйене отырып, өздігінше орындау біліктілігі –
бұл оқу үрдісінің демеуші күші, оқытудың тиімді әдісі, ұсынылған
тапсырмалардың жаңалығы мен шешілетін мәселенің мәнін ашудағы мақсатты оқу
қызметінің нәтижесі деген анықтама береміз.
Зерттеу проблемасы саласында жарық көрген ғылыми еңбектерге жасаған
талдау жалпы білім беретін мектептерде жоғары сынып оқушыларының өздігінен
білім алу біліктілігін дамыту мәселелері саласында әлі күнге дейін арнайы
зерттеудің жоқтығын дәлелдейді. Өздігінше орындау біліктілігін
қалыптастыруға бағыт алу оқушыға объект емес, субъект ретінде қарауды,
оқушының білімді игеруде өздігінше іздене білуін қамтамасыз етеді.
Қазақстанның әлемнің білім кеңістігімен ықпалдасуына байланысты, 12 жылдық
орта білім берудің ұлттық моделін орнықтыруға бетбұрыс жасалып отыр. Осыған
орай қабылданған Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту Тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасында 2005-2010 ж.ж.
білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы талаптарында шығармашылық
біліктілікті қалыптастыру білімдік шоғыр нышанын және мектептегі білім беру
мазмұнын түбегейлі өзгертуге және жаңартуға ұластыра шешілуі тиіс екендігі
жан-жақты қарастырылған.
Үкіметтің осы құжаттарын негізге ала отырып, жоғары сынып оқушыларының
білім, білік және дағды жиынтығын меңгеруге бағытталған мақсаттық
ұстанымына (білімдік шоғыр) орай, білімді өздігінен алу, талдай білу,
құрылымдау және қоғамдық өмірде өзін-өзі барынша жұмылдыру арқылы ақпаратты
тиімді қолдану біліктілігін қалыптастырудың бейімделуін білдіретін
төмендегідей жүйесін ұсынамыз. (Сурет-1)

Игерген білімін, оқу біліктері мен дағдыларын,
сондай-ақ амал-әрекет тәсілдерін тұлғалық және
әлеуметтік мәнді іс-әрекетінде жүзеге асыруға
оқушының дайын болуы, алынған білім, біліктілікті
тәжірибеде қолдана білу.

Ақпараттануды, ұлттық және жалпы адами заттық
мәдениет салаларынан таным мен іс-әрекет тәжірибесін
игеру.

Оқушылардың дүниетанымдық ұстанымдарын және
қоршаған дүниеге құндылық қатынастары.

Оқушылардың мақсат қою, жоспарлау, талдау, өзіндік
танымдық және шығармашылық іс-әрекетке байланысты
білім-біліктерді игеруі.

Оқу пәндерінде және білім салаларында, сондай-ақ,
қоршаған ортада кездесетін ақпараттарды оқушылардың
өздігінен іздестіру, талдау, іріктеу, түрлендіру,
сақтау және жеткізу біліктерінің қалыптасуы.

Өзін қоршаған ортадағы белгілі бір адамдармен және
оқиғалармен өзара әсерлесудің қажетті тәсілдерін
білу, топпен жұмыс жасау дағдыларын, ұжымда әртүрлі
әлеуметтік рөл атқара білуі.

Оқушылардың қазіргі қоғамда өмір сүруге ең қажетті
білімді және қоғамдық қызметке, әлеуметтік салаға,
отбасылық қарым-қатынасқа, экономика және құқық
салаларына, өзінің кәсіби болашағын анықтауға қатысты
тәжірибені, әлеуметтік белсенділік және қызметтік
сауаттылықтың дағдыларын өздігінен меңгеруі.

Сурет 1 – Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық біліктілігін
қалыптастыру жүйесі

Бұл жүйе жаңа үшінші мыңжылдықтағы еліміздің білім беру құжаттарына
сүйеніп құрылды. Ұсынылып отырған жүйе оқушының білімді меңгеру кезінде
шығармашылық әрекетін өздігінше орындау біліктілігін қалыптастыру, танымдық
іс-әрекетін белсендіріп, шығармашылық біліктілігін дамыту мақсатын
көздейді.
Жүйеде шығармашылық біліктіліктің педагогикалық шарттарын негізге
алдық:
1. Білімнің құзыреттілігін тәжірибеде қолдана білу.
2. Шығармашылық біліктілік деңгейін анықтау.
3. Оқушы мүмкіндігіне сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік
тұрғыда жүйелі түрде орындау.
4. Шығармашылық біліктілікті қалыптастыруда кездесетін қиындықтар мен
қарама-қайшылықтарды есепке алып зерттеу.
5. Шығармашылық біліктілікті қалыптастыру үрдісін тәжірибе негізінде
жинақтау, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау.
6. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен
өткізу.
Шығармашылық жұмыстарды өздігінше орындау біліктілігінің құрылымын
теориялық талдау жасау бізге оны қалыптастыру моделінің өлшемдері мен
көрсеткіштерін айқындауға түрткі болды.
Сөйтіп, шығармашылық жұмыстарды өздігінше орындау біліктілігінің
компоненттері жүйесінің төмендегідей өлшемдері анықталды:
– эмоционалдық компонент – оқушылардың шығармашылық жұмыстарын –кесте,
сызба, диаграмма, реферат, тезис, баяндама, т.б. өздігінше орындаудағы
эмоционалдық көңіл күйін алғашқы әсерлі сезімін, өзіндік талдау, жаңа
дерек көздерін игеру, оны орындай алуын білдіреді;
– интеллектуалдық компонент – оқушылардың шығармашылық жұмыстарын
өздігінше орындаудағы ой-өрісінің белсенділігін, оларды өзі жасауға
деген талпынысын, меңгергенін топпен (ұжыммен, сыныппен) жұмыс істеуде
бөлісе білуін көрсетеді;
– еріктік компонент – оқушылардың шығармашылық жұмыстарын өздігінше
орындаудағы ерекше ұмтылысын, оларды мұғалімнің көмегінсіз
шығармашылықпен орындай білу біліктілігін, шығармашылық шешімін
іздестірудегі талпынысын, іс-әрекетін бейнелейді.
Осы жоғарыда айтылғандардың негізінде, біз оқушылардың шығармашылық
жұмыстарын өздігінше орындау біліктілігін қалыптастырудың моделін
жасадық.(Кесте 1)
Аталған модель бізге жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын
өздігінше орындау біліктілігін қалыптастыру деңгейін зерттеп біліп,
принциптер жүйесін (жүйелі, кешенді, тұлғалық әрекет принципі, оқушылардың
жас және жеке-дара ерекшеліктерін ескеру принципі, шығармашылық жұмыстарды
өздігінше орындаудағы мұғалім-оқушы арасындағы өзара әрекеттестік,
шығармашылық принципі, оқыту мен тәрбие мақсаттары, мазмұны, формалары мен
әдістерінің бірлестік принципі) анықтауға мүмкіндік берді.
Кесте 1 - Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше
орындау біліктілігін қалыптастыру моделі

Компоненттер Өлшемдер Көрсеткіштер
Эмоционалдық Шығармашылық шығармашылық жұмыстарды өздігінше
жұмыстарды орындаудағы эмоционалдық
өздігінше сезімдерін білдіре білуі;
орындауды шығармашылық жұмыстарды өздігінше
эмоционалды орындаудағы қуанышын әсерлі
қабылдау сезіммен жеткізе білуі;
шығармашылық жұмыстарды өздігінше
орындауда біліктілігінің
жеткеніне әсерлене білуі;
Интеллектуалдық Шығармашылық шығармашылық жұмыстарды өздігінше
жұмыстарды орындауда тақырыптар бойынша
өздігінше ғылыми зерттеу жүргізе білуі;
орындаудағы шығармашылық жұмыстарды өздігінше
ой-өріс орындауда ұжыммен, сыныппен жұмыс
белсенділігі істей білуі;
өздігінше орындайтын жұмыстардың
барлық түрлерін (репродуктивтік,
реконструктивтік, шығармашылық)
меңгере білуі;
Еріктік Шығармашылық шығармашылық жұмыстарды өздігінше
жұмыстарды орындауға ынталылығы;
өздігінше шығармашылық жұмыстарды өздігінше
орындаудағы орындаудағы мінез-құлқы;
ерікті шығармашылық жұмыстарды өздігінше
бағыттылығы орындауда әртүрлі амал-жолдарды
іздестіруі;
шығармашылық жұмыстарды өздігінше
орындауға талпынуы;
оқулықпен, көркем әдебиеттермен,
реферат, жоспар, сызба
кестелермен жұмыс істеуді еркін
игеруі.

Құрастырылған модель негізінде сауалнамалар, әңгіме жүргізу, тест алу,
сұрақ-жауап, интерактивті әдістер, т.б. кешенді әдістер арқылы жоғары сынып
оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау біліктілігін
қалыптастырудың (жоғары,жеткілікті, орта, төменгі) деңгейлері анықталды.
Жоғары деңгей: оқушылар шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындаудағы
қуанышын әсерлі сезіммен жеткізе біледі; шығармашылық тапсырмаларын
өздігінше орындау шешімдерін болжап, өздігінен ізденіп, объектіні тани
біледі; шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындауда меңгерген білім мен
іскерлігін белсенді пайдаланады; шығармашылық жұмыстарын өздігінше
орындаудағы (өзіндік талдау, жаңа дерек көздерін игеру, оны орындауы), оның
шешімін іздестірудегі мінез-құлқы.
тиянақты; оларды орындауда белсенді шығармашылық әрекет көрсетеді.
Жеткілікті деңгей: оқушылар шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындауға
қызығушылық танытып, әсерлі сезіммен қабылдайды; шығармашылық жұмыстарды
өздігінше орындауда нысананы нақты таниды; өздігінше орындаған шығармашылық
жұмыстарын белсенділікпен пайдалана отырып, өзіндік талдау жасап, дерек
көздерін игереді; шығармашылық жұмыстарды белсенді түрде жеткілікті
деңгейде орындайды.
Орта деңгей: оқушылар шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындауда
ізденіске ұмтылады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орындауға барлық
уақытта бірдей бейімділік көрсете бермейді; өздігінше орындау әдіс-
тәсілдерін табуға құлшыныс білдіреді; жоспарлау біліктері қалыптасқанымен,
оны жүзеге асыруда көмекті қажет етеді.
Төменгі деңгей: оқушылар шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындауда
эмоциялық әсер көрсетпейді; шығармашылық жұмыстарын өздігінен орындай
алмайды; шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындауда мұғалімнің көмегін
талап етеді; шығармашылық жұмыстарды топпен орындауды білмейді;
шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау шешімін іздестіруде мінез-құлқы
тұрақты емес; шығармашылық жұмыстарды орындауда шығармашылық әрекет
көрсетпейді.
Біз өзіміздің зерттеу жұмысымыздың барысында М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер,
Ю.К.Бабанский және т.б. ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау негізінде
қазіргі кезде дидактикада екі классификация кең таралғанын байқадық. Олар:
1. Білім алу көзіне байланысты.
2. Оқушылардың шығармашылық біліктілігінің деңгейіне байланысты.
Орта білім беру жүйесінде бұл классификация білім беру мен оқытудың
мазмұнына, құрылымына, оқыту заңдылықтары мен принциптеріне,
ерекшеліктеріне, оны ұйымдастыру әдістері мен формаларына және
технологиясына байланысты болмақ. Осы орайда, біз зерттеу жұмысымызда
жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау
біліктілігіне байланысты оқытудың жаңа формалары мен әдістемелерін
(мәселен, инцсенизациялық және генерациялық оқыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындаудың педагогикалық негіздері
Студенттердің шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыру
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту
Оқыту мекемелерінде оқушының жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған педагогикалық үлгіні өңдеу
Шағын комплектілі мектепте математиканы оқытудағы өзбетінше жұмыстың түрлері
Мұғалімнің құзыреттілігі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қызметін жаңа бастаған ауыл мектебі мұғалімінің кәсіби бейімделуінің педагогикалық жағдайлары
Шағын комплектті мектептерде математиканы оқыту әдістері
Пәндер