Жеке кәсіпкерлік қызмет


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 1

I Жеке кәсіпкерлікке жалпы сипаттама . . . 4

II Жеке кәсіпкерлік қызметінің ерекшелігі,

мемлекеттік тіркеуге тұру тәртібі . . . 7

III Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату . . . 10

Қорытынды . . . 13

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 14

Кіріспе

Кәсіпкерлік кұрылымдардың материалдық базасы жекеменшік инвестициялар болып табылады, олардың басқару бастауында білікті және кайратты көсіпкер тұруы қажет. Мемлекетіміздің бірнеше жыл көлемінде жүргізіліп жатқан жекешелсеңдіру саясаты кандайда болмасын аядағы мемлекетгік меншікке негізделген монополизмді жойып мемлекеггік емес коммерциялық қүрылымдардың дамъшу өркендеуіне бағытталғанын айта аламыз. Негізінде көсіпкерлік деп, өзара пайдалы нөтижеге жету жөне табыс табу мақсатында катысушыларының өз қарамағындага мүліктсрі мен каражаттары, сондай-ақ дамытуға берілетін несиелер есебінен, ағымдағы заңдардың көлемінде жүзеге асырылатын шаруашылык жөне басқа да коммерциялық қызмет. Кәсіпкерлік халыкқа кажетгі тауарлар, өнеркесіп өнімдерін жене басқа қызметтер жөніндегі қоғамдағы, мемлекетіміздегі сұраныстар мен ұсыныстар есепке ала отырып жүзеге асырылатын қызмет.

Кәсіпкерлік қызметтің қаңдайы болмасын мемлекетгің экономикасы аясынан өзіне тиісті орнын, дөреже-деңгейін тапқан. Ал бүгінгі таңда Казақстандага кесіпкерліктің туындап, дамуы жүргізіліп жаткан экономикалық реформалардың өзегі ретінде. Нарық экономикасына көшудің бірден-бір жолы мемлекет кұрылымындағы әртүрлі аяда қызмет атқаратын өндіріс, көсіпорындармен тайталаса жене бесекелесе алатын, айтарлықтай дөрежесі бар көсіпкерлік құрылымдарын құру, дамыту болып табылады.

Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің субъектілері заң жүзінде белгіленген. Олар: Қазақстан Республикасының азаматгары мен занды тұлғалары, сондай-ақ шетелдік жеке жөне заңды тұлға резиденттер болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлга- азамат заңды түлға құрып немесе құрмай айналыса беруіне болады. Ал ұжымдық кәсіпорындар, кооперативтер немесе әкімшілік-аумақтың кәсіпкерлік қызметтері өз меншіктерінің негізінде заңды тұлға кұру арқылы кәсіпкерлікпен айналысады1.

Кәсіпкерлік мемлекеттің экономикасының басты элементі болып есептелінеді, себебі ол өндіріс аясындағы экономикалық қызмет ретінде басқарушы қызметген ерекшеленеді. Мемлекеттің өзі саяси биліктің субъектісі жөне мемлекеттік меншік иесі болғандықтан тікелей шаруашылық көсіпкерлік (коммерциялық) қызметгерге араласпайды, ол тек әзірше (мүмкіндігінше толығымен жекешелендірілген) жұмыс атқарып, қызмет көрсетіп жаткаң мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық ұйымдары арқылы кәсіпкерлік қызметке араласады, сондай - ақ өз құзыреті шегінде бақылау жасайды.

I Жеке кәсіпкерлікке жалпы сипаттама

Жеке кәсіпкерлік - 2006 жылғы 31 қаңтардағы “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңының 1 бабына сәйкес, жеке кәсіпкерлік - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі2.
Енгізілген өзгерістерді айтар болсақ, ескі заңдағы тауарларға (жұмыстар, қызметтер) сұранысты қанағаттандыру жолымен кіріс алуға - деп атап көрсетілген мазмұн, жаңа заңда кіріс алуға бағытталған бастамашылық қызмет - деп өзгертілген. Сондықтан да жеке кәсіпкерлер кірісті басқа жолмен де ала алады, мысалы, бөлмені жалға беру арқылы.

Жеке кәсіпкер - Қазақстан Республикасының немесе шетелдің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, яғни шетел мемлекеттерінің азаматтары жеке кәсіпкер бола алады. Алайда, Қазақстан Республикасында коммерциялық кәсіппен айналысу үшін рұқсат алу керек.

Жеке кәсіпкерлік қызметінің ерекшелігі - Жеке кәсіпкерлер, қызметін жүзеге асыру барысында міндеттемелері бойынша өз дүние-мүлкімен (автокөлігі, пәтері, саяжайы т. с. с. ) жаупкершілікте болатынын білу керек.
2006 жылғы 31 қаңтардағы “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңының 7 бабының 7 тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндіріп алынбайтын мүлікті қоспағанда, өздерінің барлық мүлкімен жауапты болады.
Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кәсіпкер ретінде көрсетпей өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға келісімі талап етілмейді.

Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлі-зайыптылардың арасындағы өзге келісімде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келісімі қажет.

Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жеке кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен міндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады3.

Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары:

  • ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;
  • шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
  • жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік болып табылады.

Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігін жүзеге асырған кезде жұбайлардың бірі екінші жұбайдың келісімімен іскерлік айналымда ерлі-зайыптылардың атынан әрекет етеді, келісім жеке кәсіпкерді тіркеу кезінде расталуы немесе жеке кәсіпкердің қызметі мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырылған жағдайларда жазбаша түрде көрсетіліп, нотариалдық жолмен куәландырылуы мүмкін.

Ерлі-зайыптылардың біреуінің іскерлік айналымда ерлі-зайыптылар атынан әрекет етуіне екіншісінің келісімі болмаған кезде іскерлік айналымда әрекет ететін жұбай жеке кәсіпкерлікті өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратындығы көзделеді.

Жай серіктестік нысанын пайдаланатын жеке кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндіріп алынбайтын мүлікті қоспағанда, өздерінің барлық мүлкімен жауапты болады.

Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде өзіне меншік құқығымен тиесілі барлық мүлкімен, соның ішінде ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі үлесімен жауапты болады.

Жеке тұлға жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, оның борыштары бойынша өндіріп алу ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне де қолданыла алады.

Жұбайлардың жеке кәсіпкер болып табылмайтын әрқайсысының мүлкі өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жұбайының біреуінің борыштары бойынша өндіріп алуды қолдану нысанасы бола алмайды.

Ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігін жүзеге асырған кезде ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлікті жүзеге асыруға байланысты борыштары бойынша өндіріп алу олардың қайсының іскерлік айналымда әрекет ететініне қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне қолданыла алады.

II Жеке кәсіпкерлік қызметінің ерекшелігі,

мемлекеттік тіркеуге тұру тәртібі

Жеке кәсіпкер өз қызметін жүзеге асыру кезінде іскерлік құжаттаманың дербес бланкілерін, мөрді, мөртабандарды пайдалануға құқылы.

Кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрусыз жүзеге асыратын жеке тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дұрыс есептеуі мен уақтылы төлеуіне бақылауды жүзеге асыру үшін осындай тұлғаларды жеке кәсіпкер ретінде тіркеу жүргізіледі;

Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу салық төлеушілер туралы мәліметтерді салық төлеушілерді есепке алудың мемлекеттік дерекқор жүйесіне (ҚР салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімі) енгізу және Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру жолымен жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкер ретінде, салық органдарында ҚР салық төлеушілері ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен тұлғалар (ҚР салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген) ғана, тіркеуден өте алады . Жеке кәсіпкерлікті заңды тұлға құрусыз жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу келу сипатында болады және тұрғылық жері бойынша аумақтық салық органында жеке кәсіпкер ретінде есепке қою болып табылады.

Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден мынадай жеке тұлғалар міндетті түрде өтуі тиіс :

- тұрақты негізде жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдалантындар ;

- жеке кәсіпкерліктен ҚР заңдарында жеке тұлғалар үшін белгіленген жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен* асып түсетін мөлшерде ҚР салық заңнасына сәйкес есептелген жылдық жиынтық табысы барлар.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден оларды тіркеу үшін белгіленген шарттарға қарамастан салық төлеушінің өз қалауы бойынша жеке тұлғалар өте алады.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу салық төлеушінің қалауы бойынша мынадай түрде жүргізілуі мүмкін :

- жеке кәсіпкерлік ;

- бірлескен кәсіпкерлік 4.

Салық салынбайтын жинақталған жылдық кірістің көлемі 2008 жылы 126 180 теңгені құрады (10 515 теңге (АЖ) * 12 ай) .

Ең төмеңгі жалақы (ЕТЖ) «Әрбір есепті жылға арналған республикалық бюджетті бекіту туралы» ҚР Заңында бекітіледі.

Көрсетілген шарттарға жауап беретін, тіркеусіз аталынған жеке кәсіпкерлер қызметіне тиым салынады, бір реттік талон негізінде эпизодтық сипаттағы (жылына 90 күннен көп емес) қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды қоспағанда.

Көрсетілген құжаттар салық комитетінің Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығына ұсынылады:

  • жеке тұлғаның тұратын жері бойынша - жеке кәсіпкер формасында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу кезінде;
  • өкілетті тұлғаның тұратын жері бойынша - ортақ кәсіпкер формасында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу кезінде.

Жеке кәсіпкерді мемелекеттік тіркеу және Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынған күннің келесі жұмыс күнінде салық органында атқарылады.

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік күшінің мерзімін кәсіпкердің өзі өтініште көрсетеді. Егер өтініште мерзімі көрсетілмесе, Куәлік мерзімсіз беріледі. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу бойынша қызмет көрсетуді салық органдары тегін негізде жүзеге асырады.

Бірлескен жеке кәсіпкерлікті тіркеу кезінде өтініш азаматтарға, ұйымға және мемлекеттік органдарға қатысты мүдделерін өкілетті етуге және азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға өкілетті тұлғамен беріледі. Тіркеуден өту үшін бірлескен кәсіпкерлікті тіркеуге өтінішті үшінші тұлғалармен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста мүддені білдіруге уәкілеттендірілген тұлға береді . Өтінішке қосымша 002. 00 нысаны тіркеу туралы өтініш қоса беріледі.

  • Тіркеу кезінде Сізге бірлескен кәсіпкерлік мүшелерінің салық төлеушінің тіркеу нөмірінен (СТН) ерекшеленетін жаңа СТН беріледі.
  • Куәлік уәкілетті тұлғаға беріледі. Куәлікке салық органының басшысы куәландырған бірлескен кәсіпкерлік мүшелерінің тізімі қоса беріледі.

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік өкілетті тұлғаға жазылады. Куәлікке тіркеу органының басшысымен куәләндырылған бірлескен жеке кәсіпкерлік мүшелерінің тізімі беріледі.

Кәсіпкер мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда, оған оның өтініші бойынша мемлекеттік тіркеуді куәләндыратын құжаттың көшірмесі беріледі. Көшірмені беру үшін мемлекеттік тіркеу алымы ставкасынан жиырма бес пайыз көлемінде алым төленеді (1 АЖ) .

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке берілген өтініштің мәліметтері өзгерген кезде кәсіпкер тіркеу органдарына осы органдармен белгіленген үлгі бойынша өзгерістер туралы хабарлауға міндетті. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке берілген өтініштің мәліметтері өзгерген кезде кәсіпкер қайта тіркеу жүргізіп, жаңа куәлік алуға міндетті.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу бойынша қызмет көрсетуді салық органдары тегін негізде жүзеге асырады.

Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым:

  • жеке және (немесе) бірлескен кәсіпкерлік түріндегі заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке кәсіпкер жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу кезiнде;
  • Жеке кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде алынады.

Алым сомасы:

- жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу үшін - алымды төлеу күнінде қолданыстағы 4 еселенген АЕК-ті, (2008 жылы - 4 672 теңге ( 1 168 (АЕК) * 4) ) ;

- Куәліктің телнұсқасын алу үшін- алым сомасынан 25% (немесе 1 АЕК - 1 168 теңге) құрайды.

Алым жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуге құжаттарды не Куәліктің телнұсқасын алуға өтінішті беруден бұрын төленеді. Мыналар:

- шаруа (фермер) қожалықтары;

- I, II және III топтағы мүгедектер, ;

- заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын репатрианттар (оралмандар) алым төлеушiлер болып табылмайды.

Мемлекеттік тіркеуді өткеннен кейін жеке кәсіпкер салық салу режимін таңдауы қажет:

  • шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салық салу режимі
  • шару (фермерлік) қожалықтарына арналған арнайы салық салу режимі
  • кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне арналған арнайы салық салу режимі
  • есептеу және салық төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібі5.

III Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату

Жеке кәсіпкердің қызметі ерікті және еріксіз тәртіпте тоқтатылуы мүмкін. Жеке кәсіпкердің қызметі жеке кәсіпкерлік кезінде - кәсіпкердің өзімен, бірескен кәсіпкерлік кезінде - барлық мүшелермен бірге қабылданған шешім негізінде, кез-келген уақытта ерікті түрде тоқтатыла алады. Егер бірлескен кәсіпкерлік мүшелерінің жатрысы оның қызметін тоқтатуға дауыс берсе бірлескен кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы шешім қабылданады, егер олар арасында басқасы қарастырылмаса. Жеке кәсіпкердің қызметі келесі жағдайларда сот шешімі бойынша еріксіз тәртіпте тоқтатыла алады:

  • банкроттық;
  • тіркеу кезінде жойылмайтын сипатта тіркеу кезіндегі заңнаманы бұзумен байланысты жеке кәсіпкердің тіркеуін әрекетсіз деп тану;
  • қызметті лицензиясыз жүргізу, егер қызмет лицензиялауға жататын болса немесе заңнамалық актпен тиым салынған қызмет болса;
  • қызметті заңнаманы жылына бірнеше рет немесе қатаң бұзу арқылы жүргізу;
  • заңнамалық актілермен қарастырылған басқа да жағдайларда.

Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе уақытша тоқтату бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органның өтініші бойынша сот арқылы жүргізіледі.

Қызметті уақытша тоқтата тұру үшін тіркеу орны бойынша салық органына ҚР қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 666 бұйрығында белгіленген нысан бойынша қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініш беріледі. Өтінішпен қоса салық кезеңінің басынан бастап қызмет тоқтатылатын кезеңге дейін жасалған салық есептілігін табыс ету қажет.

Қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтінішті:

- шаруа (фермер) қожалықтарына және қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер;

- жеке нотариустар;

Өтініш кез-келген бірақ 12 айлық кезеңнен аспайтын мерзімге беріле алады. Салық органы өтінішті алған кезде 5 жұмыс күні ішінде мынадай хабарламаның бірін жібереді:

- қызметті уақытша тоқтата тұру туралы;

- қызметті уақытша тоқтата тұрудан бас тарту туралы.

Қызмет уақытша тоқтатыла тұрған уақыт кезеңінде салық есептілігі табыс етілмейді. Қызметті уақытша тоқтата тұрудан бас тарту туралы хабарлама мынадай жағдайда:

- салық берешегі бар болғанда;

- салық кезеңінің басынан бастап қызметті уақытша тоқтат тұру күніне дейін кезең үшін салық есептілігі табыс етілмегенде жіберіледі6.

ҚҚС төлеушілер бойынша қызметті уақытша тоқтата тұру кезеңіне ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәліктің қолданыс мерзімі тоқтатыла тұрады. Көрсетілген негіздемелерден бөлек жеке кәсіпкерлердің қызметі келесі жағдайларда да тоқтатыла алады:

1) жеке кәсіпкерлік - жеке кәсіпкер азаматын қабілетсіз немесе өлген деп таныған кезде;

2) отбасылық кәсіпкерлік және қарапайым серіктестік - егер бірлескен кәсіпкерліктің бір қатысушысы қалса немесе ешқандай қатысушы қалмаса, сондай-ақ, некені бұзумен байланысты мүлікті бөлу кезінде:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметтің негізі
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі
Кәсіпкерлік құқықтың принциптері
Жеке кәсіпкерлік субъектісі
Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері
Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық мазмұны
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері
Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық реттелуі
Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен қызметінің құқықтық негіздері
Кәсіпкердің тәуекелі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz