Көпмағыналы сөздер


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 КӨПМАҒЫНАЛЫЛЫҚТЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ
1. 1 Көпмағыналы сөздердің тіл білімінде зерттелуі . . .
1. 2 Көпмағыналылықтың тюркологияда зерттелуі . . .
1. 3 «Құтты білік» пен осы еңбектегі көпмағыналы сөздер турасында . . . …
1. 4 Көпмағыналы сөздердің жасалу жолдары . . .
1. 5 Көпмағыналы сөздердің құрылымы . . .
1. 6 Көпмағыналы сөздердің ерекшелігі . . .
1. 7 Көпмағыналы сөздер мен омонимдердің байланысы мен ерекшелігі . . .
1. 8 Сөздердің конверсиялық және синкретті жолмен жасалуы . . .
2 «ҚҰТТЫ БІЛІКТЕГІ» БІР БУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ КӨПМАҒЫНАЛЫЛЫҒЫ
2. 1 Бір буынды түбірлер туралы қысқаша мәлімет . . .
2. 2 Көпмағыналылықтың психолингвистика тұрғысынан қаралуы . . .
2. 3 “Құтты біліктегі” көпмағыналы сөздердің дамуындағы концептілік ерекшеліктер .
2. 4 “Құтты білік” еңбегіндегі көпмағыналылық және ол сөздердің қазіргі мағыналық дамуы .
2. 5 Көпмағыналық және жаңа атау арасындағы байланыс (номинация теориясы негізінде) . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КIРIСПЕ
Зерттеудің өзектілігі XI ғасырда жазылған құнды мұралар осы уақытқа дейін әдеби айналымға енгізілгенімен, арнайы зерттеу нысаны болар сәті сирек. “Құтты білік” еңбегі даналық пен тазалыққа толы. Саналы ұрпаққа берері мол. Бірақ, сондай асыл қазыналарымызды зерттеп, таразылау бүгінгі егемендік жағдайындағы қазақ тілін зерттеу ғылымының өте маңызды міндеті болып табылады. Өйткені, тілді зеттеу сол халықтың мәдениетін көтеріп, тілінің бар мүмкіншілігін оятуға себеп болады. Қазақ тілінің көнеден келе жатқан өткірлігін, икемділігін, мағынаға байлығын, бейнелеу қабілетін ашуға осы еңбектің септігі тиер. Тілдің қалтарысындағы көне сөздерді, олардың қазіргі сөз қолданысымыздағы мағынасымен байланысын анықтау арқылы тамыр алар тарихымызбен сусындарымыз анық. Осы арқылы тілдік қорымыздағы сөздер мағына жағынан сараланып, ұғымдық шектері айрыла түседі. Біздің зерттеу жұмысымыздың да өзектілігі осыдан келіп туындайды.
Жалпытүркілік тектілден бастау алып, өзіндік ерекшеліктерімен, бітім-болмысымен сараланатын, сан ғасырлық дербес даму жолынан өтсе де жалпытүркілік табиғатын сақтап келе жатқан қазіргі қазақ тілінің қалыптасу ерекшеліктерін, өзара туыстық деңгейін анықтауға арқау болып отырған құнды тілдік дерек - Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі. Түркi халықтарының ұлттық-мәдени болмысын, тарихи-әлеуметтiк сипатын танытуға қызмет ететiн жалпытүркiлiк танымды жаңғыртып, түркi жұртшылығы арасындағы рухани үйлесiмдiлiк пен тарихи тұтастықты сақтауға жол ашады. Бұл түркi жазба мұраларын зерттеудiң тек түркiлiк тiлтану ғылымында ғана емес жалпы түркi әлемi аясындағы өзектi мәселе екенiн көрсетедi. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде көне түркі тілінің фонетикалық, лексика-грамматикалық құрылымын дәлме-дәл қайталайтын бірде-бір тіл жоқ. Тіл үнемі даму үстіндегі құбылыс болғандықтан, бұл - табиғи лингвистикалық заңдылық. «Ескерткіш тілін зерттеудің көп жолының тиімді де нәтижелі бір жолы - ол түбі бір түркі тілінің түбіріне тереңірек үңілу» (Ә. Қайдар) . Ескерткіштер тілі мен қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің семантикалық ерекшеліктерін айқындау, түркі жазбаларының тілдеріндегі бір буынды түбір - негіздердің тұлғалық ерекшеліктерін анықтау аталған тілдердің семантикалық құрылымын тереңірек тани түсуге жол ашады. Түркi тіл біліміндегі түбiртану өзiндiк тарихы бар, жан-жақты талданған сала болғанымен, түбiр сөздердiң семантикасын анықтауда әлi даулы мәселелердiң болуы да ескерткiштер тiлiн саралаудың көкейкестiлiгiн көрсетiп, зерттеу жұмысының өзектiлiгiн танытады.
Соңғы жылдары тіл біліміндегі когнитивті бағыттың, тіл бірліктерін танымдық тұрғыдан зерделеу мәселесінің жандана бастауына орай мазмұн мен мағынаға ерекше мән берілуде.
Зерттеудің нысаны - Ж. Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі бір буынды көпмағыналы сөздердің мағыналық дамуы.
Тақырыптың зерттелу деңгейі Мағынаға байланысты ғалымдарымыз Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, К. Аханов, А. Ысқақов, Ғ. Мұсабаев, М. Белбаева, Р. Барлыбаев, Б. Хасанов, Ә. Болғанбаев, Ш. Мұхаметжанов т. б. зерттеулері бар. 70 жылдардан бері қазақ тіл білімінде сөз мағынасына қатысты біршама зерттеулер жазылды. Атап айтсақ, Ә. Қайдар, Р. Сыздықова, З. Ахметжанова, М. Оразов, Ә. Нұрмағамбетов, Т. Жанұзақов, С. Исаев, Б. Сағындықұлы, Ә. Ибатов, М. Серғалиев, Б. Әбілқасымов, Ш. Нұрғожина, А. Салқынбай, Ғ. Сүлейменова, М. Таева, К. Дүйсенова, Б. Момынова, Қ. Рысбергенова, Б. Тамаева, Г. Смағұлова т. б. ғалымдарымыздың еңбектері.
Р. Барлыбаевтың «Қазақ тіліндегі сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы» (1963), Б. Хасановтың «Қазақ тілі сөздерінің метафоралы қолданылуы» (1966) және Ш. Мұхамеджановтың «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің ауыспалы мағынасы» (1968) деген диссертациялық еңбектері жазылған. Бұл еңбектерде көпмағыналылықтың кейбір мәселелері талқыланады.
Ізденісімізге Б. Сағындықұлының тіл этимологиясын қарастырған, А. Салқынбайдың тарихи сөзжасамдық аспектідегі зерттеулеріндегі сөз мағынасына қатысты теориялық тұжырымдары басты назарда болды.
Бұлардан басқа да тікелей Ж. Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіне қатысты болмаса да, сол кезеңнің тіліне қатысты жазылған К. Әбенованың «Қазақ тілі лексикасының XI-XII ғғ. жазба әдеби ескерткіштерге қатысы», Г. Баялиеваның «XI-XII ғғ. жазба ескерткіштер тіліндегі сын есімдер», Б. Р. Құлжанованың «XI-XII ғасырлардағы түркі әдеби ескерткіштері тіліндегі зат есімдер («Қутадғу билиг» пен «Һибат-ул хақайиқ» лексикасы материалдары бойынша) », сондай-ақ Ғ. Резуанованың «Қазақ тіліндегі көп мағыналы сөздерден жасалған омонимдік, синонимдік, антонимдік қатарлар» атты кандидаттық диссертациялары қаралды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері Зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты - «Құтты білік» еңбегіндегі көпмағыналы сөздерді анықтау, даму жолын көрсету, лексика-семантикалық тұрғыдан зерттеу, ғылыми негізде талдау жасау. Жеке-жеке талдасақ төмендегідей мақсаттар шығады:
- ескерткіштегі лексикалық мағынаның өзгеру тенденцияларын анықтау;
- тарихи полисемияның тақырыптық, семантикалық жүйесін анықтау;
- ескерткіштегі көпмағыналы сөздердің санын анықтау.
Осы айтылған мақсаттырымызға жету үшін төмендегі мәселелерді ашуды міндет етіп қойдық:
- мағынаға, көпмағыналылыққа қатысты еңбектерге, орта ғасыр ескерткіштеріне арналған еңбектерге шолу жасау;
- ескерткіштен көпмағыналы сөздерді табу, мағыналарын анықтау;
- ескерткіштегі көпмағыналы сөздерді қазіргі қазақ тіліндегі мағынасымен салыстыру,
- полисемиялы лексиканың семантикалық құрамы мен құрылымын, түрлерін анықтау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы Бұл зерттеуімізде ХI ғасыр шығармасы «Құтты біліктің» тіліміз бен тарихымыздағы алар орнын бағамдап, оның тілдік ерекшелігін аштық. Бойына бір емес бірнеше мағына жинаған көпмағыналы сөздерді анықтап, жеке-жеке тоқталдық. Ғылыми деректерге, сөздіктерге сүйене отырып, пікірімізді дәлелдеуге, жүйелеуге тырыстық. Сөздің қалай көпмағыналы болатындығы, қалыптасуы, даму жолдары туралы ғылыми тың ой-пікірлер білдіруге талпындық.
- қазақ тілінде омоним деп танылып жүрген кейбір сөздердің арасында мағыналық байланыс бар екендігі семасиологиялық талдау арқылы ашылып, омоним емес, көпмағыналық негізінде мағыналық дамуға жеткендігі көрсетілді;
- бір буынды сөздердің екі, үш, төрт буынды сөздерге қарағанда мағыналық жағынан көп өзгеретіндігі айқындала түсті.
Тюркологияда, қазақ тілінде бір буынды сөздердің көпмағыналылығын жан-жақты зерттеу мәселесі басты мақсатымыз болды.
Зерттеудiң әдiс-тәсiлдерi Жұмыста зерттеудiң лингвистикалық әдiс-тәсiлдерiнiң бiрнеше түрi пайдаланылды. Олардың негiзгiлерi - дәстүрлi сипаттама әдiсi, тарихи-салыстырмалы, диахронды-синхрондық, тарихи-семантикалық, этимологиялық, семасиологиялық, лексикостатистикалық, баяндау, жүйелеу және танымдық-логикалық талдау әдiстерi.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.
- көпмағыналылықтың теориялық, әдістемелік және практикалық мәселелері арнайы, жүйелі түрде қарастырылды.
- ескерткіш тілі мен қазіргі қазақ тілінің ара қатысы, айырмашылықтары көрсетілді.
Осы маңызды мәселелерді теорияға салып, белгілі бір әдіспен зерттеудегі негізгі мақсат практиканың қажеттілігін қамтамасыз ету. Зерттеу материалдары мен тұжырымдары жоғары оқу орындарында жазба ескерткіштердің лексикалық семантикасының тарихын оқытуда, түркi тiлдерiнiң салыстырмалы лексикологиясы, қазiргi түркi тiлдерi, қазақ тiлiнiң тарихи лексикологиясы пәндерi бойынша ғылыми курстардан дәрiс оқуда, түбiр мәселелерi бойынша арнайы курстар мен арнайы семинарлар өткiзуге, көмекшi оқу құралдарын дайындауда септiгiн тигiзедi. Сондай-ақ «Құтты біліктің» тілін зерттеуде, қазақ тілінің тарихи даму кезеңдерін оқытуда, қазақ тіліндегі кейбір сөздердің этимологиясын ашуда, көпмағыналықтың мәнін түсінуде негіз бола алады.
Диссертацияның әдістанымдық негiздерi Зерттеу материалына Ә. Құрышжановтың аудармасымен шыққан «Қутадғу білік» (2005), К. Каримовтың Юсуб Хос Хожиб «Кутадғу билиг» түпнұсқадан жасаған транскрипциясы негіз болды. Сонымен қатар «Древнетюркский словарь», Э. В. Севортянның 4 томдық «Этимологиялық сөздігі», 1974-1986 жылдар аралығында шыққан 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», этимологиялық сөздік, омонимдер сөздігі т. б. сөздіктерді пайдаландық.
Еңбектің сыннан өтуі Зерттеудің негізі мен ғылыми ой-пікірлері республикалық, халықаралық баспасөз беттерінде жарияланды. Зерттеу негізгі тұжырымдары 6 мақалада жарық көрді.
Жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақ тілі кафедрасының мәжілісінде талқылаудан өтіп, қорғауға ұсынылды.
Диссертацияның құрылымы Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымша көрсетілген.
1 КӨПМАҒЫНАЛЫЛЫҚТЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ
1. 1 1. 2 Көп мағыналылықтың тюркологияда зерттелуі
Орта ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерін зерттеген С. Е. Малов, А. М. Щербак, В. В. Радлов, А. Н. Кононов, Э. Н. Наджип, В. М. Насилов, И. А. Батманов, Н. З. Гаджиева, Э. Р. Тенишев, Н. К. Дмитрев, К. М. Мұсаев, М. Р. Федотов т. б. еңбектері бар. Бұл еңбектер жазба ескерткіштердің лексикасына, фонетикасына, грамматикасына қатысты мәселелерге арналған. (Малов С. Е. Енисейская письменность тюрков. - М-Л, 1952; Щербак А. М. Грамматический очерк языка тюркских текстов X-XIII вв. из Восточного Туркестана. - М-Л, 1961; Наджип Э. Н. Исследование по истории тюркских языков XI-XIV вв. - М, 1989; Насилов В. М. Язык тюркских памятников уйгурского письма X-XV вв. - М, 1974; Гаджиева Н. З. Проблемы тюркской ареальной лингвистики. М, 1975; Дмитрев Н. К. Строй тюркских языков. - М, 1962; Мусаев К. М. Лексикология тюркских языков. - М, 1984; т. б)
Тюрколог Э. Н. Наджип ескерткіштер тілін зерттеудің «Детальное сопоставление изучение языка памятников поможет нам в полной мере воссоздать историю снановления литературных языков, их сходство и расхождения. Кроме того, такое изучение облегчило бы нашу задачу по составлению исторических и научных грамматик, исторических и толковых словарей тюркских языков, задачу по созданию исторической лексикологии и т. д. » [38, 18 б. ] деп, қажеттігін айтты.
Б. М. Юнусалиев сөздің көп мағыналығын екі белгіден
1. сөздің құрамы (буыны) ;
2. сөздің қай топқа немесе грамматиканың қай класына жататынан және қолдану аясынан байқауға болады деп айта келіп, былай қорытады: «Полисемия /многозначность/ возникает в силу необходимости звукового выражения новых понятии при необозможности изобрести для этого новое словне языковой традиции. В основе же развития полисемии лежит переносные значения или одно из значении существующего слова на новое понятие по ассосиативной связи сходных с ним представлении. Поэтому неприложным условием развитие полисемии является устоичивость фонетического слова, обусловленная в свою очередь устоичивостью выражаемого им понятия».
Бұдан ары түбір сөздің көпмағыналылығы тарихи дамыған құбылыс екенін айта келіп: «Полисемию следует рассматривать как один из важных способов развития лексики, прежде всего его ядро - корневые слова» - деп, кейінгі еңбектерінде де тоқталып отырады [39, С. 14] .
«Многозначность слова (полисемия) при всей сложности, связанной с упомянутыми выше моментами, совокупная семантика слова в случае его многозначности представляется, кроме того, как бы расщепленной в ее основной, собственно лексической части на отдельные, более или менее анологичные, как бы параллельно расположенные доли или слои, причем эта расщепленность может, так сказать, более или менее далеко заходить и в собственно грамматическую часть слова» - деп, А. И. Смирницский сөздің лексикалық мағынасы, яғни негізгі мағына жеке-жеке бөліктерге бөлінеді және олар біз ойлағаннан маңыздырақ екенін айтады. Сондай-ақ, грамматикалық формаларда көпмағыналы болады деген. [40, С. 114]
Р. А. Османованың «Многозначность слова и явление омонимии в лезгинском языке» деген еңбегінде сөздің семантикалық өзгерісіне талдау жасайды. Көпмағыналылықтың пайда болу жолдарын көрсетеді. Сөздің контексте қолданылу көпмағыналылықты тудырса, тек бір ғана контексте қолдану мағынаны шектеп, бір мағынаның көрінуіне мүмкіндік береді.
Сөздің номинативті, бірінші лексикалық мағынасы тарихи тұрғыда танылады. Бірақ, бұл мағына өзгеріссіз қала алмайды. Сөздің қоғам дамуында туындаған мағыналары көпмағыналылыққа әкеліп соғады. Сөздің көпмағыналылығы қолданғанда қиындық тудыруы мүмкін, бірақ әр сөз өз орнымен қолданыс тауып жатқандығы айтылады.
Көпмағыналы сөздің барлық мағыналары бір-бірімен байланысты. Мұнда негізгі мағына мен одан туындаған сөздер анықталады. Заттарға ат беруде ұқсастық негізге алынады.
Полисемия тілде төмендегідей себептерден пайда болады.
1. Қоршаған ортаның өзгеруі мен дамуы, адам танымы мен сөздің беретін мағынасының кеңеюінің негізінде сөз мағынасы кеңейеді. Тіл қаншама бай дегенмен де, әрбір мағынаға атау тану оңай емес. Мысалы, «ай» сөзі аспан денесі деген мәннен «жылдағы 30 күн» мәнін алған, себебі әрбір отыз күнде ай жаңарып отырады.
2. Сөздің жиі және көп қолданылуының әсерінен. Мысалы, бас деген сөзіміз күнделікті қолданыста жиі қолданылады, соның себебінен мағына шегі кең.
Бас: 1. адамның басы; 2. пияз немесе сарымсақ басы; 3. мақаланың басы; 4. ақыл (басы жақсы істейді) ; 5. жанұя басы; 6. басшы; 7. мал басы; 8. судың басы тағы басқа мағыналары бар. Лезгин тілінде «бір нәрсенің аяғы» (епинин кьил - конец веревки) мағынасы бар екен. Бұл қарама - қарсылық мағынасынан туса керек.
3. Абстракты ойдың дамуы. Адамдар айналасындағыларды аңмен, жануармен салыстыру негізінде қу адам - түлкі; жуас - қой; түсінбейтін адам - сиыр; қопал - аю; арам, зиянды адамды - жылан; мазасыз - ешкі сияқты теңеулер қолданады. Қазағымызға жақын жылқы мінез, қой мінез, қой көз, ат жақты тағы басқаларын жиі еститініміз рас. Адам ой арқылы тек жанды затқа емес, сонымен қатар жансыз затқа да теңеу табуда: тас жүрек, қара тастай түнеру т. б. [40] .
1. 3 «Құтты білік» пен осы еңбектегі көпмағыналы сөздер турасында
«Құтты білік» бізге жеткен құнды еңбектердің бірі. Оның үш нұсқасы бар екені білеміз.
Тарихта орта ғасыр кезеңінің айрықша орны бар. Діннің қазақ жерінде етек жая бастаған тұсына тура келеді. Осындай дін мен мәдениетті, тарих пен тағылымды, тәрбие мен ғылымды, әділеттілік пен әділетсіздікті сөз еткен дидақтикалық шығарма - дарынды Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасы.
Тұрандықтар «Құт білігі», Ирандықтар «Шахнама», Шығыста «Зейнату үмәра», Машынлықтар «Әнису мәлік», Шынлықтар «Әдәбу мүлік» атаған бұл еңбектің жер-жерде белгілі болуы оның маңыздылығы мен құндылығының бағасы.
Ж. Баласағұн дана, білімді, асқан көреген, қоғамның қамқоршысы, ел азаматы болған адам. Өмірде көп нәрсені көріп, сол көрген-білгенін елу жастан асқанада осы «Құтты білікке» жинақтап беріп отыр. Түркі тілінде жазылған мәні мен мағынасы зор, көлемді шығармалардың бірі.
Ж. Баласағұнның дидактикалық сарында жазылған «Құтты білік» шығармасында этика, әдептілік, қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасы, сөйлесуі, жан-жақты сөз болды. Ақын мемлекеттің мықтылығы қалың әскерге де, қарулы күштердің көптігінде емес, адамдардың татулығына байланысты деп санап, адамдықты сипаттайтын негізгі төрт қасиетті бөліп көрсетті; әділдік, ақыл, бақыт, қанағат деп бөліп көрсетті.
«Құтты білік» дастаны көлемі жағынан он үш мың жолдан тұрады. Дастанның үш қолжазбасы бар. Бірі Наманганнан XII ғасырда, бірі Каирдан XIV ғасырда, енді бірі Гераттан XV ғасырларды табылған. Араларында да айтарлықтай айырмашылық жоқ.
Г. Вамбери 1870 жылы «Құтты білікті» бастырып шығарады. Оның тілін түркі тілдерімен салыстыра зерттейді.
«Құтты білік» еңбегін зерттеумен көп айналысқан В. В. Радлов еді. Ең алғаш рет Вена нұсқасының транскрипциясын жасап, баспаға әзірлеген. Осы кезде Каир кітапханасында тағы бір нұсқасы табылғандығы белгілі болады. В. Радлов екі нұсқаны салыстырмақшы болып, сұрау салады. Нәтижесінде Каир кітапханасы еңбектің толық көшірмесін жібереді. Екі нұсқа салыстырылып, 1900 жылы бірінші басылымы шықты, ал 1910 жылы аяқталды. В. Радлов еңбегі ғылымда елеусіз қалмады, әрқашанда жоғары бағаланды.
«Құтты біліктің» қолжазбасының үш нұсқасы да Стамбулда жеке-жеке кітап болып басылып шығарылды. Ғалым Р. Арат 1942 жылғы Вена, 1943 жылғы Каир, Наманган нұсқаларын қосып, шығарды. Өзбек тіліне К. Каримовтың аударуымен жарыққа шықты, көне түркі тілінен транскрипциясын қоса берді. «Жүсіп Баласағұн өз дастанын сол кезде Қашқардан бастап, сонау Амурдарияға дейінгі ұланғайыр өлкелер, уалаяттарды өзіне қаратқан Қарахан мемлекетінде өмір сүрген түркі тайпаларының бәріне бірдей түсінікті ортақ әдеби тілде жазылғандығы даусыз» - деп, Н. Келімбетов өз ойын білдіреді. [95, 158 б. ] .
Бұл еңбектің тілі көне ұйғыр тілінде, қарлұқ тілінде, қарлұқ-қыпшақ тілінде жазылды деп, әр түрлі көзқарастар болды. Ғ. Мұсабаев «Тілі, туысы, тарихы жағынан үйсін елінікі» дегенді айтады. [96, 37 б. ] .
Э. Н. Наджип: «Фактически в этот период, главным образом в XIV в., и появились зачатки ряда современных тюркских литературных языков. На смешанный уйгуро-огузо-кипчакской основе в дальнейшем, одни раньше, другие позже, сформировались современные литературные языки: узбекский, казахский, туркменский, татарский и другие» [ 97, с. 39] деген сөзі де «Құтты білік» тілінің аралас тілді екенін дәлелдейді.
М. Қашқари сөздігі мен «Құтты білікте» қолданылған профессионал лексиканы қарастырған С. Ибрагимов пен М. Асамуддинова 400-ден аса терминдерді тауып, оларды былайша топтастырады: 1) тек қана XI ғ. пайдаланылған терминдер; 2) XI-XVI ғ. қолданылған терминдер; 3) бізге жеткен терминдер. К. Мұсаев терминдер арасында «borkci» сөзі бар, өзбек тілінде «тақия сататын саудагар» деген мағынаға жақындатады, шындығында қазақ тіліндегі етікшіге ұқсас, мамандық атауын беретін сөз дегенді айтады. Сонымен қатар «бөз-мақтадан жасалған мата», «көн - тері», «бүр - қатпарлап жинау», «етек - төменгі жақ» сияқты бізге толық мағынасын сақтап жеткен сөздер де жетерлік.
Ол турасында өзбек тіліне аударған К. Каримов: «Жері кеңнің өрісі де, өресі де кең. Күні бүгінге дейін қаймағы бұзылмаған «Ұлың - Ұрымда, қызың - Қырымда», «Барар жерің Балқан тау, ол да біздің барған тау» деген мақал-мәтелдер сонау ежелгі көк түркі қағанаты тұсында туды, сондай-ақ, бұл солардың ұғымдық өлшемінің кеңдігін танытып келеді. » дегенді айтады.
Бұл пікіріміздің мәңгілік тасқа басылып қалған қасиетті куәсі - «Күлтегін» мен «Тоныкөк», «Білге қаған» мен «Тариат», «Құла шор» мен «Мойын шор», «Талас» пен «Есік ескерткіштері» және қағаз бетіне түскен «Қорқыт ата», «Оғызнама», Ж. Баласағұнның «Құтты білігі», М. Қашқаридің «Түрк сөздігі», Яссауидің «Диуани хикмет» жазбалары. Осы көркем жәдігерліктерге қарап, түркілердің жазба әдебиеттердің негізі VII-VIIIғ. қаланған деген тұжырым жасауға әбден болады. Өйткені қасиетті бұл мұралар тек түркі жұртының емес, бүкіл адамзатқа ортақ мәдени ескерткіш және исі түркі тектес халықтардың әлемдік өркениетке қосқан үлесі болып табылады [98; 99] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz