Әдеби портрет ұғымының әдебиетте қолданылуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 Әдеби портрет ұғымының әдебиетте қолданылуы
1. 1 Әдеби портрет ұғымының теориялық мәні мен маңызы . . .
1. 2 Қазақ әдебиеттану ғылымындағы әдеби портреттің зерттелуі . . .
1. 3 Авторлық баяндау тұрғысынан әдеби портрет сипаты . . .
2 Қазіргі қазақ әдебиетіндегі әдеби портреттер
2. 1 Мұхтар Мағауин шығармаларындағы әдеби портреттер . . .
2. 2 Әкім Тарази туындыларындағы әдеби бейнелер көрінісі . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: «Әдебиет - өмір айнасы, сын - әдебиеттің айнасы». Сын - әдебиеттің аса күрделі жанры. Ол әдебиетшіден қос бірдей талантты қатар талап етеді. Сыншы ең алдымен оқырман, бірақ ол өте кірпияз, эстет болу керек. Сонымен қатар, А. Байтұрсынов: «Бұған ғылым-білімнен гөрі, өнер-білім көбірек керек. Ұстаның мінін көбінесе ұсталар көреді. Сондай-ақ, дарынды сөздің мінін ақындық дарыған адам көбірек көрмек» - деп қаламгер сыншылардың аса қажеттілігін, өзіндік ерекшеліктерін дәл көрсеткен екен. Бұрын-соңды айтылған пікірлер сын мен сыншының қоғам өміріндегі орны мен маңызын жоғары бағалайды. В. Белинский «Сыншы дарыны - сирек дарын», - деп тұжырымдады.
Сын ғылымының анықтамасын сыншы-ғалым Қ. Ергөбек былай деп түйіндеген: «Сын жайлы сөз - парасат жайлы сөз. Өйткені ұлы ақын А. С. Пушкин: «Критика - наука открывать кросаты и недостатки в произведениях исскуства и литературы» - деген ғой. Сын - сұлулық жайлы ғылым. Сын - сөз өнері!».
Солай десек те, «Сын жанры - жалғыз қазақ әдебиетінде ғана емес, басқа әдебиеттерде де барынша аз зерттелген творчестволық сала. Әсіресе, оның теориясы, методологиялық негіздері жайындағы ой-пікірлерде нақтылықтан гөрі жалпылық басым». « . . . күні бүгінге дейін сын жанрының өз теориясы жан-жақты зерттеліп, эстетикалық канонға айнала қойған жоқ» - деп жазады профессор Т. Кәкішев.
ХХ ғасырдың орта тұсында көркем сынға «ұшқын атқан, жалын шашқан» Сағат Әшімбаев, Әбіш Кекілбаев, Асқар Сүлейменов, Рымғали Нұрғалиев, Төлеген Тоқбергенов тәрізді білімді, талантты жастар келген еді. Солардың ортасындағы сындағы тұстастарының ішіндегі бір сойы - Зейнолла Серікқалиұлы еді.
Бұл сыншылардың ерекшелігі сол, өздерінен бұрынғы көркем сынның ең озық үлгілерін, шеберлік-стильдік параметрлерін, тәжірбиелерін шығармашылық пен үйренумен қатар, мәселені қою, проблемаларды көлденең тарту, қаламгерлік мәдениет пен жауапкершілік тәрізді өзекті жәйттерді салыстыра саралауға ден қойды. Әсіресе, орыстың классикалық сынынан В. Г. Белинский, Добролюбов, Писаревтің, немістің классикалық сынынан Гегельдің, Лессингтің, Шилленттің т. б. ірі тұлғаларының өлмес мұраларынан қанып ішуге ұмтылған, соны өз топырағымызда, өз сынымызда өз қабілеттеріне қарай дәріптеген, оны үлгі ете білген оқырман қауымды мәдени тұрғыдан саралай білуге дағдыландырады.
З. Серікқалиұлы және оның маманданған әріптес сыншылары замана ағымының қоғамдық-эстетикалық лүпілін терең байқағыштығымен және соны, байсалды, сыншылық ойлау жүйелерімен, көздеген мақсаттарына байыпты, дәйекті әрі өткір, әрі тосын, әрі батыл сын айта білулерімен ерекшеленді.
Әдебиетіміздің сынына 1970 жылдары келіп, оны әдеби көркем сын деңгейіне көтеруге ұмтылған қайраткер сыншы халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Сайлаубек Жұмабековтің әдеби сында алатын орны мол. Оның шығармашылық, зерттеушілік еңбектері жазушы енбегі, жазушы таланты, жазушы шеберлігі, жазушы портреті сынды мәселерге арналады. Зерттеулерінің негізгі нысаны - қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлері, дара суреткерлері. Олардың арасында әдебиет алыптары М. Әуезов, Ғ. Мүсiрепов, Ғ. Мұстафиннiң көзiн көрiп, пiкiрлес болған Тахауи Ахтанов, Шерхан Мұртаза, Қалаубек Тұрсынқұлов туралы жазған"Сын пернесi" (1989), "Ғабит Мүсiрепов" (1989), "Жұлдызы нұрлы суреткер" (1993), "Жүрегi - мұң, жүрегi - нұр" (1989), "Қазығұрт перзентi" (1998), "Сын әуенi" (2001), "Шерхан Мұртаза. Жұлдызы нұрлы суреткер" (2002), "Тахауи Ахтанов. Талант тектоникасы. Роман-портрет" (2003), "Сын симфониясы" (2005), "Қалтай Мұхамеджан. Титан драматург. Шығармашылық портрет" (2007) және басқа еңбектерiнде “Талант тектоникасы”, “Жұлдызы нұрлы суреткер”, “Қазығұрт перзентi” атты сыни көркем шығармалары да бар. Бұлардың қай-қайсысы да қазақ әдебиетi мен мәдениетiне үлкен үлес қосқан сол қаламгерлердiң ғұмырнама-шығармашылық төл құжаттарын анықтайтын дүниелер десе де боларлық өзiнше бiр сырлы дүниелер. Оның шығармашылығы ХХ ғасыр және қазiргi қазақ әдебиетiнiң тұтас бiр понорамасын елестетеді. Сайлаубек Жұмабек сыншы сонымен бiрге жеке тұлғалардың шығармашылық және азаматтық бейне, болмыс-бiтiмдерiне олардың көзi тiрiсiнде жан-жақты зерттеп-зерделеп жазу арқылы салмақты да салиқалы пiкiр бiлдiрушi де. Әдебиет сынын шынайы әдеби көркем сын деңгейiне, одан әдебиеттану деңгейiне көтеруге ұмтылған, әдеби шығармадан, алдымен, шындық болмыстағы қоғамдық, әлеуметтiк мәнi бар құбылыстардың терең ашылуына назар аударған осындай қайраткер сыншының енбектері зерттеуге лайық дүниелер.
Жұмыстың зерттелу деңгейі: З. Серікқалиұлының сыншылық табиғатын саралауда С. Қирабаев, Ш. Мұртаза, М. Қаратаев, К. Мұхамеджанов, З. Қабдолов, М. Әкімханов, М. Айымбетов, Ж. Самырат, С. Жұмабеков т. б. әр қырынан талдап, жеке мақалалар мен еңбектерінде қарастырғанымен, жүйелі ғылыми тұрғыда зерттелінбеген.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті: Қазақ әдебиеті сын тарихында елеулі кезеңдердің бірі 1970-1980 жылдар десек, бұл тұс көркем шығармашылықтың шарықтауымен қатар, қазақ әдебиеті сынының да ең бір биіктеген тұстары болды.
Бұл жылдардағы сыншылық құрам: Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсірепов, академик Мұхаметжан Қаратаев, ақын Әбділда Тәжібаев, жазушылар: Тәкен Әлімқұлов, Сейтжан Омаров, Мұзафар Әлімбаев, Дүкенбай Досжанов, докторлар: Серік Қирабаев, Рахманқұл Бердібаев, Хасен Әдібаев, Тұрсынбек Кәкішев сынды танымал ғалымдар. Әдеби сын жанрлары. Әдеби шолу, проблемалық мақала, талдау, интервью, диалог, дөңгелек үстел, творчестволық портрет, эссе, рецензия, реплика. т. б.
Сондықтан 1970-1980 жылдардағы қазақ әдеби сынының авторлық құрамы және сол тұстағы жекелеген сыншылардың қай-қайсысының болсын сыни ұстанымы мен эстетикалық танымы сындағы көркемдік таным ерекшелігін қарастырып талдау қазақ әдебиеті сын тарихында сұранып тұрған тақырыптардың бірі.
Әдеби процестің дамуы өзінен-өзі туындаған өзекті тақырып. З. Серікқалиұлы қазақ әдебиеті сынының дамып, көркеюіне үлкен үлес қосқан сыншы.
Әдебиеттің барлық жанры өркендеп, кемелдену кезінде сыншылар қатарынан орын алған қаламы қайратты сыншының сыни ойларын бір ізге түсіру жұмыстың мақсаты десек, оған сай мынадай міндеттер белгіленді:
- Жетпісінші-сексенінші жылдардағы сынның даму тенденцияларын айқындау; Сыншының көркемдік - эстетикалық пікірін жүйелеу; Қазақ прозасының дамуына қосқан сыншы пікірін сараптау; Қазақ поэзиясындағы ақындар шығармашылығындағы өмір шындығы мен лирикалық қаҺарманның ара қатынасын зерделеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: қазақ әдебиеттану ғылымының үлкен бір саласы - сын тарихы десек, әдеби сынның жетпісінші-сексенінші жылдардағы дамуы, тенденциялары талданады.
Сыншылық-зерттеушілік ой дамуында өзіндік орны бар жекелеген тұлғалардың еңбектерін бағалауда сол кездегі әдеби процестің бет-бағдарын сол тұстағы уақыт талабы мен көркемдік талап деңгейін және жеке тұлға ізденісінің көркем ойға әсерін саралауға болады.
Қазақ әдебиетіне «жылымық» кезеңде келіп қосылған З. Серікқалиұлы сынды сыншылардың сын саласындағы табиғи, ерекше дара болмысы қарастырылады.
Жазушының еңбегi, жазушының таланты, жазушының шеберлiгi туралы әдебиеттанушы да, сыншы да аз айтып жүрген жоқ. Соған қарамастан бұл мәселелер туралы айтылған, жазылған ойлардан айтылмаған, жазылмаған, шешiлген мәселелерден шешiлмеген, шешiмiн күтiп жатқан мiндеттер әлдеқайда көп. Оның үстіне біз курстық жұмысымызда зерттеу нысаны етіп алып отырған сыншы Сайлаубек Жұмабек шығармалары, әдеби көркем сындары жайында азын-аулақ мақалалар жазылғанмен кең көлемде зерттеу нысанасына айналмаған. Бұл зерттеудің ғылыми жаңалығы Сайлаубек Жұмабековтың әдеби портреттерін теориялық және поэтикалық тұрғыдан зерделеу сынында маңызды орын алатын әрі тың жанр көркем ғылыми мынадай түйіндерге жинақтауға болады:
Зерттеу жұмысының мақсаты мен тапсырмалары. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты:
- сыншы Сайлаубек Жұмабек шығармаларының, әдеби көркем сындарының бүгінгі сынан алатын орнын анықтау; әдеби көркем сынының стильдік-жанрлық ерекшеліктерін таныту; әдебиет алыптарының әдеби портретін жасаудағы шеберлігін таныту. жазушы суреттеген әдеби портреттердің табиғатын ашу; шығармашылық тұлғалар болмысын танытуда қолданған амал-тәсілдерді теориялық тұрғыдан талдап беру.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланатын әдебиеттерден тұрады.
І тарау. 1970-1980 жылдардағы қазақ әдеби сынының даму тенденциялары
Әдеби-көркем сын адамзат өміріне, оның руханият саласындағы тыныс-тіршілігіне тікелей қатысты болуымен аса құнды. Осы тұрғыдан алғанда, жетпісінші-сексенінші жылдардағы қазақ әдеби сыны төмендегі мақсат-міндеттерді атқаруға тырысқанын байқауға қиын емес.
Біріншіден, әдеби сын қоғамдағы өзгерістерге, оң сипаттарға жедел түрде үн қосып отырды.
Екіншіден, қазақ даласындағы ұлт-азаттық күресі, революция, азамат соғысы, күштеп ұйымдастыру, ауқатты адамдарды тәркілеу, халық жауларын жазалау, ұлы Отан соғысы, бүлінген халық шаруашылығын қалпына келтіру, тың және тыңайған жерлерді игеру сияқты аса ауқымды науқандық шаралардан қоғам аз болса да тыныс алғандай еді; ендеше, толықтай болмаса да, сол бір аласапыранға толы тарихымызда да бөлінбеген, назар аз аударылған жайттарға айрықша назар аудару қолға алына бастады.
Үшіншіден, сол сұрапыл науқандарды көрмеген, әдебиетке, әдеби сынға «жылымық» тұсында келген жаңа леп, тың әдеби сынның аз да болса, демократиялық, жариялылық жолымен жүре отырып, дамуына азды-көпті ықпал жасады.
Әрине, алпысыншы-сексенінші жылдардың әдеби сынындағы осынау ірілі-ұсақты оң құбылыстар ғажайыптан пайда бола қалған жоқ. Ғалым Т. Кәкішевтің сөзімен айтсақ, «Біз, әдетте, қазақ әдебиетінің өркендеу, тарихи сахнаға шығу, әлем әдебиетінің қатарына қосылу жайын сөз еткенде, негізгі үш арнаны жадымыздан шығармаймыз . . . Себеп-салдарсыз, өзінің тууына өгейсінетін әдебиет болған емес. Сондықтан ең негізгі арна - қазақ халқының өз әдеби-мәдени дәстүрлерінің жетілуіне, қарыштай өсуіне жанама екі арнаның - Шығыс пен Батыс әдебиеттері мен мәдениеттерінің жасаған әсер-ықпалдарын әрқашан пайымдап, тұжырымдап келеміз» [3, 66] . Яғни, жетпісінші-сексенінші жылдары әдеби процесс пен әдеби сынға араласқан екпінді топ ұлттық санадағы пайда болған сілкініс пен серпілістің жемісі еді.
Олар әлемдік әдебиетті жетік меңгерді, оның озық үлгілерін сөзсіз пайдалана алды. Егер ұлттық әдебиетіміздің кеңес дәуіріндегі тарихын сын тезінен өткізер болсақ, алпысыншы жылдар әдебиетінің алар орны айрықша екендігі еш дау тудырмаса керек.
Сын әдебиеттану ғылымының белсенді саласына айналды. Оның жанрлары дамып, өркендеді. Жалпы, дәл сол кезеңде ұлттық әдебиетімізде стильдік, жанрлық ізденістер көкжиекті көздеді.
Барлық жанрлар бойынша сүбелі туындылардың дүниеге көптеп келуі де дәл сол кезеңнен басталды. Бұл кезеңдегі қазақ әдебиеті әлем әдебиеті сияқты адам атты феноменді зерттеуге ерекше ден қойды. Оның өмірінің мән-маңызына, мазмұнына үңілді. Адамгершілік, философиялық, этикалық проблемалар негізгі тақырыпта өзегіне айналды.
Әдеби өмірдің айнасы, оның бірден-бір әділқазысы - сын. Егер ұлттық ғылыми-зерттеушілік, әдеби-теориялық өре-деңгейді білу қажеттігі туса, әдеби процестің қаншалықты дамып, өркендеп келе жатқанын, нендей бағыт-бағдарды басшылыққа алу қажеттігін білу бірінші кезекке шықса, ең алдымен, сын саласына көңіл бөлу керек.
ХХ ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдарынан ең бір пәрменді, аса өнімді кезеңнің басталғаны рас болса, сол кезеңді, бәрінен бұрын, әдеби сынның дәреже-деңгейімен бағалау қажет.
1970-1980 жылдардағы әдеби сын процесінің авторлық құрамы сынның әлеуметтік-эстетикалық сипаты, жанрлық түрленуі, сынның қоғамдық сана дамуындағы ролі, ішкі болмысы туралы ой қозғағанда белгілі бір қалам иелерінің тәжірибесіне сүйене отырып зерттеу әдеті бойынша 1970-1980 жылдардағы қазақ әдебиеті сынының белгілі сыншысы Зейнолла Серікқалиұлының әдеби сын еңбектеріне талдау жасауға сол тұстағы әдеби сынның өрісі туралы пайымдаулар жасауға негіз берері анық.
Жалпы, ХХ ғасырдың яғни біз қарастырып отырған кезеңде сын барлық жағынан өрістеп, дамыды десек, қате айтпағанымыз. Сынның жанрларының көкжиегі кеңейді, проблемалық сын мақалалар, сын рецензиялар, сыни сипаттағы шолу мақалалар мерзімді баспасөз бетінде ерекше қарқынмен жарық көре бастады. Олай болса қазақ әдебиеті сынының ең бір биіктеген тұстары 1970-1980 жылдардағы әдеби процестің жетік білгірі, сол кездегі әдеби сынның сардары З. Серікқалиұлының сыншылық әлемін тану қазақ әдебиеті сынының 1970-1980 жылдардағы тұтастай бағыт-бағдарын саралау деген сөз. З. Серікқалиұлының сыншылдық бет-бейнесін, болмысын зерттеу бұл қазақ сынының даму диалектикасын, шығармашылық өсу тенденциясын сонымен бірге бұл қазақ әдебиетінің 1970-1980 жылдардағы әдеби процесі жөнінде сол тұстағы сыншылдық ой туралы, сынның даму деңгейі жайында ой қорытуға жетелейді.
Сындағы жаңа толқын З. Серікқалиұлы, Р. Нұрғалиев, С. Әшімбаев, Т. Тоқбергенов, Б. Майтанов, Ж. Дәдебаев, Т. Жұртбаев, Б. Сарбалаев, Қ. Ергөбек, Т. Мамасейітов 1970-1980 жылдардың алғашқы бел ортасында тек сынды ғана өнер етіп маманданған сыншылар ретінде танылды.
Әдеби қауымда белгілі осы жаңа леп, жаңа толқынның ішінде сынның тұрақты кадрлары болып, маман сыншылар ретінде қазақ әдебиеті сын тарихында әсіресе, З. Серікқалиұлы, С. Әшімбаев, Т. Тоқбергеновтердің қалғаны белгілі.
Әрине, жоғарыда атап өткен сыншылардың да қазақ әдебиеті сынының 70-80 жылдарындағы өрісінде әсіресе, Р. Нұрғалиев, Б. Майтанов, Қ. Ергөбек, Ж. Дәдебаев, Б. Сарбалаев т. б. сыншылық қолтаңбасы, талдау ерекшелігінің орны айрықша. Өсе келе бұл жаңаша типтегі сыншылардың ғылыми зерттеушілік бағыттарға бет бұрғаны белгілі.
Мен сондықтан сол тұстағы бұл сыншылардың барлығына талдау жасау үлкен ауқымды мәселе болғандықтан ойымды жүйелей түсу мақсатында З. Серікқалиұлының әдеби сыншылық шығармашылығына кеңірек тоқталуды жөн көріп отырмын.
Аталмыш кезеңдегі сын және әдебиеттану ғылымындағы жоғарыда көрсетілген еңбектерді тізбелей атап, ерекше түстеп жатқанымыздың себебі мынада: бұл жылдар айрықша өнімді және жемісті жылдар болды.
1970-1980 жылдары аға сыншылар дәстүрін жалғастырып, ғылыми теориялық жағынан білікті, өзіндік сыншылық стильдері бар талантты сыншылар легі қазақ әдеби сынына жаңа бағыт-бағдар әкелді.
Ішкі дайындықтары мол, рухани ізденістер аясы кең, дүниетанымдық тұрғыдан қалыптасқан бұл сыншылар алдыңғы буынның жалғасындай болып, сыни ой-кеңістігіне сүңги бойлап, сын атты күрделі жанрды қасиетті ордаларына айналдырды. Олар сын жанрындағы белсенді қызметтерінде әдеби дайындықтарының молдығын байқатып, 1970-1980 жылдар аралығында өзіндік мінез, қолтаңбаларын анық танытатын бірнеше сын кітаптарын жариялап, қазақ әдеби сынын көркемдік жағынан байыта түсті. Атап айтсақ, С. Әшімбаев «Сын мұраты» (1974), «Талантқа тағзым» (1982), «Парасатқа құштарлық» (1985), З. Серікқалиұлы «Жылдар сазы» (1971), «Ақыл таразысы» (1976), Т. Тоқбергенов «Тоғыз тарау» (1974), «Үш тоғыс» (1977), «Қос қағыс» (1981), Р. Нұрғалиев «Күре тамыр» (1973), Қ. Ергөбек «Жан жылуы» (1981), Б. Майтанов «Көркемдік нәрі» (1983) .
1970-1980 жылдары қазақ әдеби сынының диапазоны кеңейе түсті десек, дәлірек айтқанда эстетикалық, философиялық, көркем талдауларға сүйенген сол еңбектер көркемдік талдаудың жаңаша биік үлгісін қалыптастырып, оны оқырман қауымға мойындатып та үлгерді.
Қазақ әдебиетінің даму тарихында 1970-1980 жылдардың алар орны айрықша. Осы мерзім аралығындағы әдебиетімізде творчестволық өсу, толығу жағы басқа кезеңдермен салыстырғанда ерекше көзге түседі.
Әдебиет бар жерде әдебиеттану ғылымы бар. Әдебиеттану ғылымында әдебиет тарихы, әдебиет сыны және әдебиет теориясы жатады. Әдебиет тарихы мен әдебиет теориясына қарағанда жетпісінші-сексенінші жылдары сын саласының ерекше дамығандығы көзге түседі.
Сонымен бірге әдебиет сыны жанрында жарық көрген дүниені тап-таза сыни еңбек деп қабылдауға және болмайды. Жалпы, әдебиеттану ғылымы сынмен қабаттаса дамиды немесе керісінше. Сондықтан әдебиет тектерінде, В. Г. Белинский айтқандай, бір-бірінің элементтері араласып жүретіні сияқты, жоғарыдағы еңбектерді де таза, қоспасыз сын деуге болмайды. Алайда, әдебиет тарихына арналған еңбек болсын, немесе әдебиет теориясының өзекті мәселелеріне арналған еңбек болсын, барлығында да сыншылдық ойдың араласып жүргенін және жоққа шығара алмаймыз.
Әдеби сынның дамуы көркем әдебиеттің дамуымен тікелей байланысты екендігі белгілі. Сын болу үшін оның обьектісі көркем әдебиеттің болуы шарт. Олай болса, 1970-1980 жылдары қазақ әдебиетінде сыни ой-пікірлердің жандана түсуіне осындай обьективті шарттар болды. Жетпісінші-сексенінші жылдар аумағында әдебиетіміздің барлық жанрларында ізденіс, ілгерілеу процесі болды. Байқап отырсақ, бірнеше жайтты түйіп-түйіп айтуға болатын сияқты.
Біріншіден, әдеби өмірде үлкен серпіліс байқалды. Әр автор өз өре-деңгейіне қарай өзекті мәселеге қалам тартуға талпынды. Рас, бүгінгі күн биігінен алып қарағанда, барлық дүниелерді обьективті әрі аса зәру мәселені қозғап отыр дей қиын шығар, алайда әдеби өмірде динамикалық қозғалыс, серпінді екпін бар екенін байқау қиын емес.
Екіншіден , әдеби сын сол әдеби өмірдің айнасы бола алды, себебі кез келген сыни пікір әдеби өмірдің тамыршысы іспетті қызмет атқарады.
Үшіншіден , сыншы мен жазушы арасындағы әдеби тұрғыдан пікір таластыру күшейе түсті. Қаламгер қолынан шыққан дүние - оның көкірегін жарып шыққан перзенті. Ал сол перзентіне сын айтқанды кім жақсы көреді? Әдебиет әлеміндегі пікірталас осыдан бастау алады.
Төртіншіден , әдеби сын нақты өмірге, сол өмірдің көркем айнасы әдебиет әлеміне жақындап яғни сын әдебиетті шыңдап, шынықтыра түсті.
1959 жылы Ұлттық Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институты ғалымдарының ұйымдастыруымен өткізілген қазақ әдебиетінің мәселелеріне арналған ғылыми-теориялық конференция әдеби сын мен әдебиеттанудың алдағы даму жолдарының бет-бағдарын көрсетіп бергендей болғанымен де, билік басында отырған коммунистік партия әдебиет пен өнердің социалистік реализм бағытында дамуын ұдайы қадағалап отырды.
Әдеби сынның алдына совет әдебиетіндегі «жат элементтермен» күресу, яғни әдебиеттегі марксизм-ленинизм ілімінен ауытқушылықтың қандайына болмасын аяусыз күрес жүргізу, қаламгерлерді жаңа заманға сай келетін туындылар жазуға үндеу міндеттері қойылды.
Компартияның түрлі құрылтайларында, конференцияларында әдебиет пен өнердің түрлі ұлттық, мазмұны социалистік болуын талап еткен шешімдер қабылданып жатты. Көркем әдебиетті зерттеудің негізгі әдісі маркстік-лениндік методологияның социалистік реализм теориясын тереңдете түсу қажеттілігін әдебиетшілердің қаперіне салған ғылыми-практикалық шаралар жиі өткізіліп тұрды. Сондай жиындардың бірін КСРО Ғылым академиясының М. Горький атындағы әлем әдебиеті институты ұйымдастырып, онда ұлт әдебиеттерінің өзара байланысы мен бір-біріне әсері мәселесі қаралды.
Конференция ұлт әдебиеттерінде ұлттық ерекшеліктердің тезірек жойылуы қоғамдағы антогонистік элементтердің тамырына тезірек балта шабады деген шешімге келді.
Осы кездегі баспасөз бетінде компартияның әдебиет жөніндегі саясатын насихаттап, түсіндірген мақалалар ұдайы жарық көріп тұрды. Е. Ғабдіровтің «Әдебиеттің партиялығы жөніндегі лениндік принцип», «Әдебиеттің партиялығы және суреткер творчествосының еркіндігі», Т. Кәкішевтің «Партияның сара жолымен», «Ленин. Өмір. Әдебиет», А. Нұрқатовтың «Ленин образы қазақ совет поэзиясында», Қ. Нұрмахановтың «Ленин және әдебиеттану ғылымының кейбір мәселелері», Е. Ысмайловтың «Қазақ совет әдебиетіндегі революция тақырыбы», Б. Сахариевтің «Партиялық принципті сын үшін», Ә. Дербісәлиннің «Ленин және әдебиет ғылымы», т. б. мақалаларында қазақ әдебиетінің, оның сыны мен ғылымының даму бағыттары саяси тұрғыдан сызылып отырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz