Дәлелдемелер теориясындағы дәлелдемелер және дәлелдемелердің қайнар көздерінің түсініктемелерінің ара қатынасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ

АКАДЕМИЯСЫ

Жетпісбаев Жандос Бірлікұлы

Дәлелдемелер теориясындағы дәлелдемелер және дәлелдемелердің қайнар көздерінің түсініктемелерінің ара қатынасы

6N0303 - Құқыққорғау қызметі мамандығы бойынша

академиялық «құқық магистрі» дәрежесін алу үшін

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Ғылыми жетекші:

з. ғ. к., полиция майоры

Т. Ж. Қаратаев

Алматы, 2010

ЖОСПАР

  1. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің түсінігімен маңызы. 1. 1 Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер теориясының ұғымы, мазмұны және маңызы . . . 61. 2. Қылмыстық іс жүргізудегі ақиқаттың сипатымен мазмұны . . . 111. 3 Дәлелдемелердің түсінігі және маңызы . . . 161. 4 Дәлелдемелердің сипаты . . . 25

2 Дәлелдемелердің түсінігімен қайнар көздерінің ара қатынасы

  1. Дәлелдемелердің қайнар көздерінің түсінігі . . . 33
  2. Дәлелдемелердің қайнар көздерінің түрлері . . . 35
  3. Дәлелдемелердің түсінігімен қайнар көздерінің ара катынасы . . . 56

Қорытынды . . . 59

Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . 61

Қосымша . . . 65

  1. КІРІСПЕЗерттеу тақырыбын негіздеу және оның өзектілігі. Бұл проблеманы зерттеудің өзектілігі елімізде адамның құқығымен бостандығын сақтауға өте жоғары көңіл бөлуімен шартталған. Құқықтық мемлекеттің қалыптасу процесі заңдылықтың жаңа түрлерін міндетті түрде туындатуды қажет етеді, ол біздің елімізде болып өткен және болып жатқан өзгерістерге сәйкес келеді. Қазақстан тоталитарлық режимнен бас тартып құқықтық мемлекет принциптеріне, адам құқықтары мен қажеттіліктеріне негізделген жаңа азаматтық қоғамды құрып жатыр. Бұл шарттарда құқықтық реформаның басты звеносы болып - халықаралық келісімдердің адам құқығы облысында және қоғамның дамуының қазіргі талаптарына жауап беретін қылмыстық заңдылықты жетілдіру және оның жаңа түрлерін қабылдау болып табылады. Сонымен қатар, мемлекетіміздің басшысы Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында «заңның абсолюттік жоғарылығын орнату және заңға бағынатын азаматтарды қылмыстардан қорғау» [1] қажеттігін атап көрсеткен.

Қылмыстарды адамдар жасайды, қылмыстар адамдар арасында жасалады. Сондықтан да, адамзат проблемасы ескі және әрдайым жаңа проблема болып табылады. Қылмыспен күресудің барлық сатыларында іске қатысушылардың іс әрекетін, оның қылмысқа қатыстылығын анықтау басты міндет болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасы ҚІЖК нің 8-бабымен реттеледі.

Бірақ та, тәжірибе барысында іске қатысушылардың кінәлілігін дәлелдеу және дәлелдемелерді жинау барысында шешімін таппаған мәселелер әлі де кездеседі. Мысалы, адамддардың негізсіз ұсталынуы; олардан жауап алу; құқықтарын толық түсіндірмеу; жинақталған мәліметтердің заң бұзу арқылы алынуы және т. б.

Осы аталған мәселелер аталған тақырыпты таңдауға арқау болды. Бұл мәселе, елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформаға, Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған «Құқықтық саясат туралы» тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009-жылғы тамыздың 24-дегі Жарлығына Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған 2010 жылғы 30-қаңтардағы Жолдауына сәйкес келеді.

Зерттеу тақырыбының зерттеулі деңгейі . Қазақстан Республикасында бүгінгі таңда, сонымен қатар Кеңес өкіметі тұсында дәлелдемелер және дәлелдеу теориясына қатысты көптеген заңгер ғалымдар: М. С. Строгович; С. А. Шейфер С. А. ; Ю. В. Францифиров; А. И. Новиков; А. О. Трусов; Е. В. Березовская, П. Е. Недбайло, А. В. Наумов, А. С. Пиголкин, А. С. Шляпочников және т. б. ; отандық ғалымдардан дәлелдемелерге қатысты А. Ф. Аубакиров; Е. Е. Ерешев; М. Ч. Қоғамов; Б. Х. Төлеубекова; Қ. А. Мами; Б. Қ. Төлеубекова; Т. Қ. Айтмұхамбетов өз еңбектерінде арқау етті.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Ж ұмыстың мақсаты болып қылмыстық іс жүргізу барысындағы дәлелдемелер және дәлелдеу теориясының ұғымы мен маңыздылығын анықтау, оның тәжірибе барысындағы мәнін анықтау табылады.

Таңдалған мақсатқа жетуде келесі міндеттерді қойылады:

  • Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер теориясының ұғымы, мазмұны және маңызына тоқтала отырып анықтама беру;
  • Қылмыстық іс жүргізудегі ақиқаттың сипаты мен мазмұнынын ашу;
  • Дәлелдемелердің түсінігі және маңызы, сипаты;
  • Дәлелдемелердің қайнар көздерінің түсінігі және түрлері;
  • Дәлелдемелердің түсінігімен қайнар көздерінің ара катынасы.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы . Ұсынылған зерттеуде құқық қорғау органдары қызметінің жұмысына, отандық құқықтағы келеңсіздіктерді жою мақсатында, саралау жүргізіледі және баға беріледі.

Көрсетілген дәлелдемелер қарала отырып алдын ала тергеу және сот тәжірибесінен мысалдар келтіріледі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына сот тәжірибесі сұрақтары жөнінде түсіндірмелер беруде дәлелдемелерді пайдалану және оларға баға беру жолдарын көрсетуі қажет. Олар міндетті түрде, заң қолданушы органдар үшін де және лауазымды тұлғалар үшін де орындалуға жатады.

Күнделікті заң тәжірибесінде пікірталас тудыратын жағдайлар кездеседі. Кейде, қандайда бір сұрақты шешу барысында, егер аталған мәселе заң тұрғысынан реттелмеген болса, тұлғалар, органдар, лауазымды тұлғалар Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларына сүйенуге құқықтары барлығын көрсету.

Диссертацияның теориялық маңыздылығы қылмыстық іс жүргізу құқығындағы дәлелдемелер теориясын кешенді, жүйелі және монографиялық тұрғыдан зерттеу болып табылады. Алынған қорытындылар мен ұсыныстар дәлелдемелердің маңыздылығын ашуға және аталған институттарды әрі қарай да дамытуға өз үлесін қосады.

Диссертациялық зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы алынған қорытындылар мен ұсыныстар құқық қорғау қызметінде көмегін тигізуді көздейді.

Қорғауға шығарылған негізгі ережелер:

  • Қылмыстарды ашу мен тергеуде дәлелдемелерді кеңінен қолдану қажет. Дәлелдемелер мен олардың қайнар көздерінің түсінігіне терең тоқталу керек.
  • Дәлелдемелердің маңызы мен сипатын, нәтижесін қылмыстық іс жүргізуде, қылмысты тергеу мақсатында қолдану құралы ретінде анықтауға болады;
  • Дәлелдемелердің қайнар көздерінің түсінігі мен түрлеріне ауқымды түсінік беру қажет;

Дәлелдемелердің түсінігі мен қайнар көздерінің арақатынасын нақтылап жіктеу;

Дәлелдемелер теориясындағы дәлелдемелер және дәлелдемелердің қайнар көздерінің түсініктемелерінің арақатынасы тақырыбын ашып көрсету және оларды жүргізу мәселелерін дұрыс шешудің маңыздылығына байланысты кең ауқымда ғылыми тұрғыдағы зерттелу қажеттігі туындап отыр.

Зерттеу нәтижесінің сыннан өтуі:

Зерттеу жұмысының нәтижелері мынадай басылымдарда жарық көрді:

1) «Дәлелдемелердің сипаты», АМУ Хабаршы, «Құқықтану сериясы» 2010 жыл;

2) «Дәлелдемелердің қайнар көздерінің түсінігі. Дәлелдемелердің түсінігі мен қайнар көздерінің арақатынасы», АМУ Хабаршы, «Құқықтану сериясы» 2010 жыл;

Магистрлік диссертацияның көлемі мен құрылымы. Жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндетіне негізделген. Диссертацияның көлемі мен мазмұны ғылыми жұмысты орындауға қойылатын талаптар мен ережелерге сәйкес келеді. Диссертация кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ.

1. 1 Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу теориясының ұғымы, мазмұны және маңызы.

Дәлелдеу құқығы дәлелдеме теориясының құрамдас бөлігі болып табылады, Н. С. Алексеев атап көрсеткеніндей, дәлелдеме теориясы «дәлелдеме тарихының мәселелерін, олардын теориялық негіздерін, заңдық регламентін, даму сипаттамасын, шетел мемлекеттеріндегі түрлі жүйелерді, даулы теориялық проблемаларды және т. б. қамтиды»[2] .

Қылмыстық іс жургізу құқығындағы дәлелдеме теориясының орнын белгілей келіп Г. М. Миньковский: «анықтауда, алдын ала тергеуде және сотта дәлелдеу процесін зерттеуге арналған, кез келген ғылыми теория сияқты оның ішкі тұтастығы және тиісті ғылым шеңберінде салыстырмалы түрде дербестігі бар. Алайда, дәлелдеу тұтас алғанда былай қылмыстық процестен оқшау қала алмайтыны сияқты дәлелдеу теориясы да қылмыстық процесс ғылымынан тысқары қала алмайтыны түсінікті. Олар бөлік пен тұтас сияқты өзара табиғи түрде байланысқан»[3] деп көрсетеді.

Сонымен құқығы кұрамдас элемент ретінде дәлелдеме теориясын да қамтиды. Дәлелдеме теориясы өз кезегінде дәлелдеу кұқығының ғылыми-теориялық базасы болып табылады. Дәлелдеу теориясы келесідей мәселелерді талдайды:

  • таным процесінің бір түрі ретінде объективті шындықты дәлелдеу туралы;
  • осы процесте танымның негізі және шындықтың өлшемі ретінде көрінетін қоғамдық тәжірибенің өзгеше нысандары туралы;
  • қылмыстық істерді тергеу және талқылау кезінде таным объектісінің (дәлелденетін тақырыптың) ерекшелігі мен мазмұны туралы;
  • қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдемелер ұғымы, олардың түрлері мен жіктелуі туралы;
  • дәлелдемелерді пайдаланудың және оларды бағалаудың принциптері мен ережелері туралы;
  • соттық зерттеудің объективтілігіне кепілдіктер беру туралы. Дәлелдеме теориясының мазмұны дәлелдеу құқығының мазмұны үшін шешуші болып табылады. П. С. Элькиндтің пікірі бойынша дәлелдеу құқығын дәлелдемелерді жинақтаудың, тексерудің және бағалаудың мақсатын, мазмұнын, тәртібін, шектерін және құқықтық құралдарын реттейтін қылмыстық іс жүргізу нормаларының жүйесі, сондай-ақ осындай бағалаудан туындайтын кұкық қолдану органдары қорытындыларының негізділігі мен дәлелділігі деп түсіну керек [4] .

Дәлелдеу кұқығының мәнін осылай түсіну оның өзіне тән белгілерін тұжырымдауға мүмкіндік береді. Дәлелдеу құқығының белгілері мыналардан көрінеді:

  • дәлелдеу құқығының тәсілдері мен кұкықтық реттеу тақырыбы қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеу саласында қалыптасатын құқықтық қатынастардан тұрады;
  • аталған кұқықтық қатынастарды дәлелдеу құқығымен реттеу тәсілдері қылмыстық іс жүргізу тәсілдерін, ішінара дәлелдемелерді жинақтауға, тексеруге және бағалауға бағытталған тәсілдердің шеңберінен шықпайды, яғни дәлелдеу құқығының нормалары қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының кұрамдас бөлігі болып табылады;
  • дәлелдеме және дәлелдеу мәселелері бойынша дәлелдеу құқығының мақсаттары қылмыстық іс жүргізу құкығы мақсаттарының бір бөлігімен сәйкес келеді және әрбір қылмыстық іс бойынша шындыққа қол жеткізуді және сот әділдігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуді көздейді;
  • қылмыстық іс жүргізу құқығына негізделген дәлелдеу құқығы алғашқысы сияқты құрылымдық тұрғыдан Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінеді;
  • аталған бөлімдердің қарым-қатынасы да қылмыстық іс жүргізу құкығындағыдай болып келеді;
  • дәлелдеу құқығын дамытудың кейбір деңгейге дейін дербес сипаты болады, мұның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы шегінде жаңа ережелерді қалыптастыру және қолда барды терендету процесіне дәлелдеу құқығының оң ықпал етуіне негізі болып табылады;
  • дәлелдеу құқығы нормаларының құрылымы тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының құрылымына сәйкес келеді, сонымен бірге дәлелдеу құқығының жекелеген нормаларының ерекшелігі қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларын құрудың ерекшелігін көрсетеді.

Сонымен, сот ісін жүргізуде дәлелдермен жұмыс істеу, әділ соттың ұзақ жылдық тәжірибесі құқық қолдану қызметінде орын алған қайшылықты, сәйкессіздікті анықтады. Дәлелдеме және дәлелдеу проблемаларының жиынтығы осы проблемалардың теориялық және практикалық аспектілерін дербес түрде жетілдіру қажеттігін өмірге әкелді. Әуел баста бөлек-бөлек зерттеулер түптеп келгенде тұтастық және жүйелілікке тән дәлелдеу құқығына айналды.

Ғылыми әдебиетте дәлелдеу теориясының мәні түрінде түсіндіріліп келді. Атап айтқанда, Б. Х. Төлеубекова дәлелдеме теориясы мен дәлелдеу құқығы бір нәрсе деп есептей отырып былай деп жазды: «Қаралатын сот іс үшін мәні болатын фактілерді дәлелдеу мен бағалаудың нормалар жүйесі, бірыңғай принциптері, сондай-ақ оларды қолданудың практикасы дәлелдеме теориясы немесе дәлелдеу құқығы деп аталады»[2] . Дәлелдеу құқығының немесе дәлелдеме теориясының мәнін осылайша түсіну негізіне көзқарасымызша, КСРО-ның соғыстан кейінгі кезеңіндегі еңбектердің бірінің авторы, академик А. Я. Вышинскийдің көзқарасы алынған. Ол 1946 жылдың өзінде: «Дәлелдеме туралы ғылым немесе дәлелдеу құқығының теориясы, жалпы көпшілік мақұлдағандай, бүкіл сот құқығының басты, орталық теориясы болып табылады. Бірқатар процессуалистер процессуалдық ғылымның осы бөлігіне айрықша мән беретіндігі соншалық, бүкіл процесті дәлелдемелермен пайдалану өнеріне әкеліп тірейді» [5] деп көрсетеді. Тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу құқығы мен дәлелдеме теориясының арасында генетикалық байланыстың бар екендігін тани отырып, А. Я. Вышинский сонымен бірге дәлелдеме теориясы мен дәлелдеу құқығының арасындағы айырмашылықты көрмеді, ол туралы оның «дәлелдеу құқығының теориясы» деген термині сөзімізді растайды.

«Дәлелдеу құқығының теориясы» термині осы заманғы ғылым «дәлелдеме теориясы» мен «дәлелдеу құқығы» ұғымдарының араласуына жол бермейтін біршама өзге мағынада қолданылады. Мәселе мынада, құқықтағы кез келген бағыт фундаменталдық-теориялық және нормативтік-қолданбалы екі аспектінің өзара байланысын көздейді. Сонымен, дәлелдеме теориясының құрамдас бөлігі ретінде дәлелдеу құқығын бір мезгілде, бұрын айтылғанындай, екі аспект түрін де қарауға болады:

1) дәлелдеу құқығының теориясы;

2) дәлелдеме құқығының нормалар жиынтығы. Бірыңғай әдістемелік ерекшелігі бар мұндай бөлу нормативті регламент түрінде көрінетін міндетті бөлігінен құқықтық нұсқамалармен әрдайым сәйкес келе бермейтін қорытынды ережелердің жүйесінен тұратын факультативті бөлігін ажыратуға мүмкіндік береді. Мұндай қарым-қатынас фундаменталдық-теориялық бөлігінің анағұрлым кең ауқымды мазмұнына байланысты заңды да. Міне, осы мағынада П. С. Элькиндтің: «кеңестік қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымының жалпы міндеттерінен дәлелдеу құқығы теориясының (тақырыбының ерекшеліктерін айқындайтын) өзгеше міндеттері белгіленуі мүмкін» [4] .

Дәлелдеу негізіне іс бойынша шындықты анықтау жататындығы туралы ережені тану шындықка қол жеткізу процесінде таным орнын айқындауды объективті түрде талап етеді.

Танымның философиялық проблемаларын жалпы көпшіліктің жетілдіруі, айналып келгенде таным теориясы аталған философиялық дербес белгіге айналды. Таным теориясының негізінде біздің санамыздан тыс және тәуелсіз объективті материалдық әлемді тану мен оны тануға болатындығы туралы мәселелерге диалектикалық-материалистік көзқарас жатыр. Бірден бір ғылыми әрі дұрыс маркстік-лениндік таным теориясын айкындаудағы партиялық көзқарастың талан тудыратынына қарамастан осы заманғы дәлелдеу теориясының іргетасын құрайтын бірқатар қорытынды ережелердің ұғымды сипатын шындық үшін тану кажет.

Дәлелдеме теориясының таным теориясымен байланысы мынада: соңғысы ғылыми тандауы дәлелдеме теориясының шеңберінде жүргізілетін кылмыстық іс жүргізу танымының алғашкы әдістемелік негізін білдіреді.

Гносеология- жеке ғылыми әдістер мен тәсілдер тұрғысында түсіндірілетін кез келген саласында қолданылатын әмбебап корытынды ережелерді қамтиды. Мұның дәлелдеме теориясына да тікелей қатысы бар. Осындай әдістемелік кілт ретінде осы заманғы ғылым диалектикалық әдісті қолданады. А Давлетов былай деп жазды: «Қылмыстық іс жүргізу танымында диалектикалық әдісті қолдану жалпы, философиялық және әсіресе қылмыстық іс жүргізу заңдылықтарды дұрыс . үйлестіре білуден тұрады. Таным қызметін реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңының нормалары философиялық категорияларды қылмыстық процессуалдық ұғьімдарға айналдыратын призма сипатында көрінеді. Қылмыстық процессуалдық танымның белгілі бір мәселесін шешу тетігі мынадан көрінеді: ең әуелі оның философиялық алғы шарттары болады, сосын осы мәселеге катысты нормативтік ережелері алынады, содан кейін философиялық негізге орныққан, бірақ ерекше (қылмыстық іс жүргізу) мазмұнымен толықтырылған жауап беріледі [6] .

Таным теориясы құқықта объективті түрде пайда болған «терезені» толықтырды, ол әдістемелік аса маңызды қасиеттерінің бірі. Теория - қылмыстық іс жүргізу құқығының нормативтік нұсқамаларын пайдаланады және соған негізделеді. Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу қызметінің ажырамас бөлігін құрайтын таным процесі, ой қызметі, ішкі сенім және басқалары заңменен егжей-тегжейлі реттелуі мүмкін емес. Нормативтік реттеу саласынан тыс қадамының бәрі де «құқықтық терезе» немесе «кұқықтық кеңістік» деп аталатындарды құрайды. Олардың кұқықта болуы занды және сөзсіз. Оларды толықтыру әмбебап әдістемелік кілттің негізінде жүзеге асырылады, дәлелдеме теориясына қатысты кілт ретінде біз гносеологияны немесе таным теориясын қараймыз. Методологияның осы аспектісін сипаттай келіп, Ибраев Ч. Р. былай деп атап етті: «танымның диалектикалык әдісі тиісті ғылымда қолданылатын жеке әдістер арқылы өзгере отырып арнайы ғылымдарда және танымның диалектикалық әдісі талаптарында дербес түрде пайдаланылуы мүмкін»[7, 88 б] .

Гносеология- таным теориясының тап өзі. Философияда таным теориясын белгілеу үшін, сондай-ақ «эпистемология» (гр. еріstemoloqіa - таным теориясы) термині пайдаланылады [8, 165 б] .

Сонымен бірге методологиялық негіздің әмбебаптығын сөзбе сөз түсінбеу керек. Методологияның негізгі ережелерін колдану міндетті түрде таным саласының ерекшелігін ескере отырып түсіндіруді көздейді. Қылмыстық сот ісін жургізуде шындыкқа қол жеткізудің ерекшелігі мынадан көрінеді: «бұл жерде таным объектісінің тақырыбы бізді қоршаған әлем емес және тіпті жекелеген құбылыстар мен оқиғалар да емес. Ғылым тақырыбынан бір ерекшелігі сот ісі бойынша зерттеу тақырыбы барлық уақытта қылмыстық оқиғаны құрайтын және соған байланысты фактілердің азды-көпті белгіленген тобымен шектеледі . . . Фактілерді зерттеудің ерекше әдістері, ерекше тәсілдері және осы қызмет жүзеге асыратын нысандар мен шарттардың ерекшелігі де осыдан . . . Алайда дәлелдеудің ерекшелігі қаншама елеулі болса да ол басқа ештеңе де емес, таным қызметінің бір түрі болып табылады, өйткені оның мақсаты шындықты айқындау» [9, 34 б. ] . Таным теориясы дәлелдеу теориясын заңдармен және ойлау нысандарымен толықтырады. Кез келген саладағы ұйымды тану үшін қажетті ойлаудың жалпыға ортақ нысандары мен тәсілдерін формальды логика зерделейді. Тап осы формальды логика «ұғым», «пайымдау», «ой қорытындысы», «анықтама», ұғымының қалыптасуының «ережесі не принциптері» және т. т. туралы түсінік береді. Сонымен, формальды логика танымның диалектикалық теориясынын құрамдас бөлігі бола отырып, бір мезгілде дәлелдеу теориясының элементін де қамтиды [10] .

Таным теориясының дәлелдеме теориясымен байланысының жанама түрдегі сипаты қылмыстық іс жүргізу дәлелдемелерінің және дәделдеу жөніндегі қызметтің ерекшелігін «соқырға таяқ ұстатқандай» етіп көрсетеді.

Методологияның әмбебап сипаты туралы мәселеге қайта оралсақ, қылмыстық іс бойынша шындықты анықтау процесінде қалыптасатын әр түрлі жағдайларды қамту үшін формальды логиканың шеңбері әлдеқайда тар екенін айту қажет. Мәселе мынада, «формальды логика алынған қорытындылардың ғана емес, олардың негізіне қаланған логикалық сілтемелердің дұрыстығын, шындығын тексеру туралы мәселелермен айналыспайды. Формальды логика қандай жолмен танымнан білім туындайтынын, толық емес және дәл емес білімнен толық және дәл білім алынатынын түсіндіруге мүлде дәрмені жоқ. ». Формальды логиканың осы шектеулігі:

1) тұтас алғанда танымның диалектикалық теориясының, институттары мен категориялары есебінен;

2) іс жүргізу дәлелдемелерін жинау, бекіту, тексеру және бағалау жөніндегі өзгешелігі бар қызметін нормативтік регламенттеу есебінен толығады [11] .

Соңғы онжылдықтарда дәлелдеу теориясының мәнісіне жаңалық енгізуге, оны анағұрлым нақты белгілеуге жекелеген әрекеттер жасалуда. Мәселен, А. А. Давлетов «дәлелдемелер теориясы» деген қылмыстық процестің ғылыми бөлімінің дәстүрлі атауы ғылымдағы соңғы жетістіктерді ескере отырып түзетілуі және «қылмыстық іс жүргізу таным теориясы» деп аталуы мүмкін [6, 11 б. ] деп есептейді.

Заңдық таным тәсілдерінің гносеологиялық табиғатын және оның жұмыс істеуінің тетіктерін зерттеу А. С. Козловты мынадай ойға әкелді: құқық қорғау құқық қолдану қызметінің түрі ретінде юрисдикцияның білім беруде алатын маңызды орны юрисдикция пайдаланылатын дәлелдеме теориясын пайымдаудың орындылығына себепші болады. А. С. Козловтың тұжырымдамасын қабылдаған жағдайда төмендегідей қарым-қатынас қалыптасуы мүмкін «юрисдикцияда пайдаланылатын дәлелдеме теориясы» -тектік сипаттағы анағұрлым кең ұғым; «қылмыстық іс жүргізу дәлелдеме теориясы» - түрлі сипаттағы ұғым және «юрисдикцияда пайдаланылатын дәлелдеме теориясының» мазмұнына құрамдас элемент сипатында енеді [12] .

Тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу танымы проблемаларын талдап жасау екі бағыт бойынша өрістеуде:

1) іс жүзінде методологиялық негізді жоққа шығаратын тар нормативті көзқарас;

  1. қылмыстық сот ісін жургізудің практикалық танымдық қызметінен қол үзуге әкелетін, таным теориясының категорияларын дәлелдемелерге және дәлелдеуге тікелей жүктеуге жеткізетін басы артық теорияландыру. Екі бағытта таза күйінде зиянды. Методологиялық негіздеудің жеткіліксіздігі нормативтік базаны жасауға ықпал етеді және керісінше. Осыған байланысты Е. О. Алауханов: «дәлелдеме теориясында ең болмаса оның негізгі ұғымдарын бейнелеуде қажетті жүйелілік пен анықтаудың заңдарды жетілдіруге жәрдемдеспейтіні былай тұрсын, заңдарды қолданудың практикасына теріс ықпалын тигізеді» [13] дейді.

1. 2. Қылмыстық іс жүргізудегі ақиқаттың сипаты мен мазмұны.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соттық дәлелдемелер біртұтас түсінік
Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеменiң түсiнiгi мен топтастырылуы
Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу
ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖҮЙЕСІНДЕ ТАРАПТАРДЫҢ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІНІҢ ОРНЫ
Дәлелдемелер түсінігі және түрлері
Дәлелдеу, оның маңызы мен қылмыстық іс жүргізуде алатын орны
Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің ұғымы мен маңызы
Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің түсінігі, маңызы және жіктелуі
АЙҒАҚТАР МЕН ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz