Қазақ тіліндегі лингвистикалық терминдердің жасалу көздері мен оларды аудару мәселелері
Кіріспе
1. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ЖАСАЛУ КӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДЫ АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Терминологияның зерттелу тарихынан
1.2 Терминжасамның тарихи даму кезеңдері
1.3. XX ғасырдың 1930.50 жылдар аралығы
1.4 XX ғасырдың 1950.1980 жылдары аралығын қамтитын кезеңі
1.5 XX ғасырдың 1980.2000 жылдар аралығы
2 ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІ АУДАРУДАҒЫ ӘДІСТЕР МЕН ТЕРМИНДІК ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
2.1 Терминдік сөздер тобының қалыптасуы мен жасалу жолдары
2.2 Терминдерді аударудағы олардың жай сөзден бөліну, ерекшелену себептері
2.3 Қазақ тілінде лингвистикалық терминдердің өздігінен пайда болу жайы
2.4 Термин жасаудағы жаңа үрдіс
2.5 Лингвистикалық терминдерді аударудағы терминдік элементтердің семантикалық сипаты
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Жұмыстың өзектілігі. Ғылым әлемінде терминологияның алатын орны айрықша. Бұған қызықпайтын, оның күрделі мәселелерін қарастыруды қаламайтын маман кем де кем.
Салалық терминология мәселесін зерттеудің өзіндік себептері
бар, біріншіден, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты оның терминологиясы да заман талабына сай дамуға
тиіс, екіншіден, мемлекеттік тілдің негізі - қазақ әдеби тілі болса,
оның ғылыми тілі, стилі, өзіне тән терминдік жүйесі қалыптасуы
қажеттігі өмірдің өзі көрсетіп отырған шындық екені даусыз. Ең
бастысы, қазіргі кезде қазақ терминологиясы қоғамдағы
өзгерістердің әсерінен дағдарысқа ұшырап, әркімнің өз бетінше
термин жасауы барынша орын алуда. Демек, қазіргі кезеңде қазақ терминологиясына терминжасамның негізгі қағидалары мен терминжасамның талабына сай көзқарас тұрғысынан қарай отырып, филологиялық, оның ішінде лингвистикалық терминдерді қалыптастырудың принциптерін белгілеу — бүгінгі күннің басты мәселесі. Терминологиялық лексиканы зерттеп, оның теориялық мәнін, маңызын анықтауда көптеген ғалымдардың, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы, С.Жиенбаев, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, А.Ысқақов, М.Балақаев, Ә.Қайдаров, С.Исаев, Ш.Сарыбаев, Ө.Айтбаев, Ш.Құрманбайұлы т.б. ғалымдардың еңбектері белгілі.
Бұл зерттеулерде термин жасаудың принциптері мен шарттары белгіленді, сөздік жасау салалық термин жасау мәселесі қолға алынды. Дегенмен, зерттеушілердің назарына ілікпеген қазақ терминологиясының салалары әлі де аз емес. Солардың бірі —лингвистикалық терминдер. Демек, осы айтылғандар қазақ тілі ғылымында филологиялық терминдер тұтастай жинақталып, қалыптасу кезеңіне қарай жүйеленіп, сараланып зерттеле қоймағандығын көрсетеді.
Қазақ терминологиясының қазіргі жаңа дәуірінде терминдер әлемінің көрінісін толық бейнелеуге деген ұмтылыс тақырыпты таңдаудың себебін және бітіру жұмысының өзектілігін айқындаса керек.
Зерттеудің мақсаты қазақ тілінің лингвистика саласында терминдік жүйенің қалыптасып дамуының тілдік, коғамдық-әлеуметтік негіздерін анықтау, терминжасам тәсілдерін, олардың лексико-семантикалық топтарын айқындау, терминдердің қалыптасуын кезеңдік тұрғыдан қарастыра отырып, ғылыми сипаттама жасау. Бұл мақсаттардан мынандай міндеттер туындайды:
— қазақ тіліндегі лингвистикалық терминдердің шығу көздерін, қалыптасу кезеңдерін айқындау, олардың белгілі ғалымдарға қатысын, жасалу жолдарын, тілші ғалымдардың терминжасамдағы орнын көрсету;
— тілге қатысты ғылыми әдебиеттердегі терминдерге лингвистикалық тұрғыдан талдау жасау, бағалау;
- төл сөздердің, кірме сөздердің терминдену сипатын анықтау;
- лингвистикалық терминдердің лингвистикалық сөздіктерде берілуі, ондағы қолданысқа жаңа еніп келе жатқан терминдер, олардың аударылу мәселелерін жан-жақты талдау.

1. Кеңесбаев І., Жанұзақов Т. Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Ғылым – 1966 ж.
2. Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері. Алматы, 2005 – 240 б.
3. Бекбенбетов Е. Термин сөздерді аудару жайлы бірер сөз. Қазақстан мектебі, 1992. 75-78б.
4. Құрманбайұлы Ш. А.Байтұрсынұлы және термин жасау ісі // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1997ж. 7,8-сандары 5-11б.
5. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының ғылыми қағидаттары. Алматы, 2004. 208б.
6. Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминдену үрдісі. Алматы, 1998 - 250б.
7. Малбақов М.М. Қазақ лексикографиясының тарихы. (XVIII ғ. II ж. 1917ж. дейін.) Алматы, 1992ж. 153б.
8. Қоңырова Ақбота Тұрағұлқызы. Қазақ тіліндегі филологиялық терминдердің дамуы мен қалыптасу тарихы. //дисс. Алматы, 2003ж. 137б.
9. Әміров Әбдібек Жетпісұлы. Қазақ баспасөзінің 1990-2000ж. аралығындағы терминологияны қалыптастырудағы рөлі. //дисс. Алматы, 2002-116б.
10. Бүркітбай Гауһар Жансапқызы. Қазақ тілі түсіндірме сөздіктерінде арабизмдердің лексикографиялануы. //дисс. Алматы, 2003ж. 143б.
11. Айсұлтанова Қарлығаш Әбдіхалыққызы. Қазақ тіліндегі терминжасамның ішкі көздері. //дисс. Алматы, 2003ж. 124б.
12. Айтбаев Өмірзақ. Қоғамдық ғылымдар терминологиялық лексикасының қазақ тілінде қалыптасуы мен дамуы. Алматы, 1991ж. 350б.
13. Ақаев Спандияр Телғозыұлы. Терминнің тілдік және танымдық сипаты. //дисс. Алматы, 2002ж. 291б.
14. Ибраймов Қапар Шалтабайұлы. А.Байтұрсынов еңбектеріндегі терминология және стилистика мәселелері. //дисс. Алматы, 2005ж. 119б.
15. Қазіргі қазақ тіліндегі философиялық терминдердің қалыптасу процесі. //дисс. Алматы, 1996ж. 143б.
16. Алдашева Аймангүл. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. Алматы, 1999ж. 242б.
17. Алжанбаева Ұлбала Тұрапбайқызы. Араб тіліндегі туркизмдер. Алматы, 1999ж. 142б.
18. Машқанова Нұржамал Талапқызы. Ахмет Байтұрсынов – қазақ жазуының реформаторы. Алматы, 1994ж. 154б.
19. Әбдірәсілов Ербол Құралбайұлы. Лингвистикалық терминдердің семантикалық қатынастары. //дисс. Алматы, 1999ж. 145б.
20. Айтбаев Өмірзақ. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. Алматы: Ғылым, 1988ж. 208б.
21. Әбдірәсілов Ербол Құралбайұлы. Қазақ терминографиясының жүйесі. Астана, 2005ж. 208б.
22. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі – 1992ж. 448б.
23. Қазақ терминографиясының өзекті мәселелері. (Құрастырған Қасенова Б. Атана, 2004ж. 116б.
24. Айтбаев Өмірзақ. Қазақ терминологиясының атасы // Қазақстан әйелдері. 1989ж. 4-саны, 7-8б.
25. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі – 1998ж. 303б.
26. Қайдаров Ә. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. Алматы: Рауан – 1993ж. 420б.
27. Салқынбай А., Абақан Е, Лингвистикалық түсіндірме сөздік. Алматы: Сөздік-Слварь, 1998ж. 301б.
28. Караулов Ю.Н. Общая и русская лексикография. Москва: Наука – 1987г. 141с.
29. Аманжолов С, Әбдірахманов А. Қазақ тіліндегі терминология мен аударма мәселесі туралы.// Социалистік Қазақстан. 1958ж. 15-қаңтар.
30. Молдажаров Ж. Становление и развитие казахской лингвистической терминологии. //Автореф. дисс. канд. фил. наук. Алматы, 1972ж. 22б.
31. Васильева Н.В. Греколатинские элементы в лингвистической терминологии. //Дисс. канд. фил. наук. Москва, 1983г. 187с.
32. Аманжолов А.С. Қазақша –орысша лингвистикалық терминология сөздігі. Алматы, 1999ж. 75б.
33. Ақаев С. Қазақ терминін сауатты қалыптастыру ана тілінің аясын кеңейтетін басты көрсеткіш. // «Егемен Қазақстан» 3-маусым, 1998ж.
34. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 1978ж. 3-том.
35. О.С.Ахманова "Словарь лингвистических терминов"
36. Х.Досмұхамедұлы "Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы "
37. Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. Алматы: Рауан,1997, 237 б.
38. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Изд.
Совет энциклопедия. М., 1966, 606 с.
39. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы,
Ғылым, 1966, 362 б.
40. Байтұрсынұлы А. Тіл тағлымы. Алматы: Ана тілі, 1992,446 б.

Жұмыстың өзектілігі. Ғылым әлемінде терминологияның алатын орны
айрықша. Бұған қызықпайтын, оның күрделі мәселелерін қарастыруды қаламайтын
маман кем де кем.
Салалық терминология мәселесін зерттеудің өзіндік себептері
бар, біріншіден, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты оның
терминологиясы да заман талабына сай дамуға
тиіс, екіншіден, мемлекеттік тілдің негізі - қазақ әдеби тілі болса,
оның ғылыми тілі, стилі, өзіне тән терминдік жүйесі қалыптасуы
қажеттігі өмірдің өзі көрсетіп отырған шындық екені даусыз. Ең
бастысы, қазіргі кезде қазақ терминологиясы қоғамдағы
өзгерістердің әсерінен дағдарысқа ұшырап, әркімнің өз бетінше
термин жасауы барынша орын алуда. Демек, қазіргі кезеңде қазақ
терминологиясына терминжасамның негізгі қағидалары мен терминжасамның
талабына сай көзқарас тұрғысынан қарай отырып, филологиялық, оның ішінде
лингвистикалық терминдерді қалыптастырудың принциптерін белгілеу — бүгінгі
күннің басты мәселесі. Терминологиялық лексиканы зерттеп, оның теориялық
мәнін, маңызын анықтауда көптеген ғалымдардың, А.Байтұрсынұлы,
Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы, С.Жиенбаев, Қ.Жұбанов,
Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, А.Ысқақов, М.Балақаев, Ә.Қайдаров, С.Исаев,
Ш.Сарыбаев, Ө.Айтбаев, Ш.Құрманбайұлы т.б. ғалымдардың еңбектері белгілі.
Бұл зерттеулерде термин жасаудың принциптері мен шарттары белгіленді,
сөздік жасау салалық термин жасау мәселесі қолға алынды. Дегенмен,
зерттеушілердің назарына ілікпеген қазақ терминологиясының салалары әлі де
аз емес. Солардың бірі —лингвистикалық терминдер. Демек, осы айтылғандар
қазақ тілі ғылымында филологиялық терминдер тұтастай жинақталып, қалыптасу
кезеңіне қарай жүйеленіп, сараланып зерттеле қоймағандығын көрсетеді.
Қазақ терминологиясының қазіргі жаңа дәуірінде терминдер әлемінің
көрінісін толық бейнелеуге деген ұмтылыс тақырыпты таңдаудың себебін және
бітіру жұмысының өзектілігін айқындаса керек.
Зерттеудің мақсаты қазақ тілінің лингвистика саласында терминдік
жүйенің қалыптасып дамуының тілдік, коғамдық-әлеуметтік негіздерін анықтау,
терминжасам тәсілдерін, олардың лексико-семантикалық топтарын айқындау,
терминдердің қалыптасуын кезеңдік тұрғыдан қарастыра отырып, ғылыми
сипаттама жасау. Бұл мақсаттардан мынандай міндеттер туындайды:
қазақ тіліндегі лингвистикалық терминдердің шығу көздерін, қалыптасу
кезеңдерін айқындау, олардың белгілі ғалымдарға қатысын, жасалу жолдарын,
тілші ғалымдардың терминжасамдағы орнын көрсету;
тілге қатысты ғылыми әдебиеттердегі терминдерге лингвистикалық тұрғыдан
талдау жасау, бағалау;
- төл сөздердің, кірме сөздердің терминдену сипатын анықтау;
- лингвистикалық терминдердің лингвистикалық сөздіктерде берілуі,
ондағы қолданысқа жаңа еніп келе жатқан терминдер, олардың аударылу
мәселелерін жан-жақты талдау.
Бітіру жұмысының зерттеу нысаны. Қазақ тілінің лингвистикалық терминдер
жүйесі, лингвистикалық сөздіктер.
Жұмыстың зерттеу дереккөзі: Қазақ тілінде осы кезге дейін жарық
көрген зерттеу жұмыстары мен түрлі сөздіктер және оқулықтар, сондай-ақ,
А.Байтұрсынұлының, Х.Досмұхамедұлының, С.Жиенбаевтың, С.Аманжоловтың, Ә.
Қайдаровтың, Ө.Айтбаевтың, Ш.Құрманбайұлының еңбектері, лингвистикалық
түсіндірме сөздік (А.Салқынбай, Е.Абақан, 1988), лингвистикалық
терминдердің орысша-қазақша сөздігі (І.Кеңесбаев, Т.Жанұзақов, 1967),
Атаулар сөздігі (1931), Тіл білімі сөздігі (1998), т.б. пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен
пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
1. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ЖАСАЛУ КӨЗДЕРІ МЕН
ОЛАРДЫ АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Терминологияның зерттелу тарихынан
Терминдер жүйесі, жалпы терминология жағдайы тілдің лексикалық
құрамындағы бүтін бір мәселе ретінде көптен зерттеліп келеді. Оларды шешуге
тіл мамандары да, логиктер де, басқа да ғылым салаларының өкілдері де
қатысып, еңбектерін арнады.
Терминологиялық лексиканы зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін,
маңызын анықтауда А.А.Реформатский, В.В.Виноградов, А.Н.Баскаков,
Р.А.Будагов, Р.Ф.Журавлев, М.Ш.Гасымов, Б.О.Орузбаева, Н.А.Щеглова,
Д.Э.Розенталь, М.А.Теленкова және В.П.Даниленко, Т.Бертагаевтың еңбектерін
ерекше атауға болады. Сондай-ақ қазақ түрколог тілшілері: А.Байтұрсынұлы,
Қ.Жұбанұлы, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев. М.Балақаев, Ә.Қайдаров,
Р.Сыздықова, Ш.Сарыбаев, К.Мұсаев Ө.Айтбаев, С.Исаев, Б.Калиев,
А.Әбдірахманов, Ш.Күркебайұлы, А.Аманжолов, Р.Өрекеновалардың еңбектерінің
де үлесі зор.
Белгілі тіл маманы А. А. Реформатский термин мен терминология ұғымының
теориялық мәнін ашуға тырысады. Ол термин, ұғым, сөз түсініктерінің өзара
байланысы жөніндегі пікірлерді салыстыра келіп, екі түрлі бағытқа
тоқталады: яғни -терминнің белгілі бір затпен байланысты қарайтындар,
екіншісі -терминді ұғыммен байланысты қарайтындар... А.А.Реформатский
терминнің басты белгілеріне тоқталады: "термин емес сөздердің мағынасы
контексте ашылу керек те, ал термин сөздер контекске тәуелді емес. Термин
сөздерге көп мағыналылық, экспрессия жат" — дейді. Ол терминді 1)
терминологиялық жүйенің элементі ретінде; 2) жалпы тіл жүйесінің элементі
есебіде қарастырады.
Ғылыми терминдерді зерттеуде олардың сөз таптарының қайсысынан
жасалатынын білу де аса қажетті мәселелерің бірінен саналады.
Г.О.Винокур терминдер тек зат есім болуға тиіс деген пікір айтады.
Яғни термин болу үшін сол сөз заттануы тиіс. Ол, әсіресе қимыл атауларына
назар аударады. Техникалық терминдердің көбі қимыл мен процесс атаулары
болып келеді деген қорытынды жасайды.
Н.А.Щеглованың еңбектерінен де осындай пікірді кездестіруге болады.
В.Н.Прохорова "Актуальные проблемы современной русской лексикологии" деген
еңбегінде терминге мынадай анықтама берген: "Термин - бұл арнаулы қолданыс
саласындағы ғылыми немесе өндірістік-технологиялық ұғымның атауы
болып табылатын және дифинициясы (тілдік ұғымның анықтамасы) бар сөз немесе
сөздер тіркесі".
Термин жөнінде бұдан да басқа пікірлер бар. Атап айтқанда,
энциклопедиялық сөздіктердің өзінен мынадай анықтаманы кездестіруге болады.
"Термин — рим мифологиясында шекара құдайы. Т. -терминалдар құрметіне
арналған мейрам" дегенді аңғартады. Сонымен бірге термин - шекара, шек
деген ұғымды білдіретін латын сөзі.
О.С.Ахманова "Словарь лингвистических терминов" деген еңбегінде:
"Термин (ағыл) дегеніміз — арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды белгілеу үшін
жасалған (қабылданған, енген және т.б.), тілдегі арнайы (ғылыми, техникалық
т.б.) сөздер мен сөз тіркестері — деген пікірді айтады. [35]. Термин
жөніндегі осындай пікірлерді қуаттай отырып, Д.Э.Розенталь мен
М.А.Теленкова терминнің бір ғана мағына беретінін айтады. Тілдегі сөздердің
бірсыпырасы көп мағыналы болып келсе, термин жалқы мағына береді,-дейді.
Академик І.Кеңесбаев пен профессор Т.Жанұзақов терминнің о баста латын
тілінің "шек", "шекара" деген сөздерінен пайда болғандығын айтады. Яғни:
"Ғылым мен техниканың, көркем-өнер мен қоғам өмірінің алуан түрлі саласына
байланысты қолданылатын, тұжырымды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері,
атау сөз" - деген пікірге келеді. [1].
Сайып келгенде, тілші ғалымдар әр түрлі болжам жасағанымен негізінен
бір тұжырымға келеді.
В. П. Даниленко өзінің " Русская терминология " деген еңбегінде орыс
тілі терминдерін дұрыс түсіну үшін ең алдымен "Орыс тілі" деген күрделі,
жиынтық ұғымның құрамына кіретін элементтер арасындағы иерархиялық
байланысты (сатылай сабақтаса байланысқан элементтердің рет-ретімен
қатарласуы) айқындап алудың қажеттігі айтады. Осындай иерархиялық тізбекте
тектік ұғымды, автордың айтуынша, "жалпы ұлттық орыс тілі" деген ұгымды
білдіреді. Бұл ұғымға осы тілдің функционалдық тармағы болып табылатын
"жалпы әдеби тіл", "диалектілер", "қарапайым сөйлеу", "жаргондар" тобы
кіруге тиісті. Ал орыс тілінің терминдер жүйесін автор жалпы әдеби тілдің
функционалдық тармағы болып табылатын ғылым тіліне жатқызады, осы тілдің
лексикалық құрамына жататындығын айтады. Шындығында, терминдерді жалпы
әдеби тілдің тармақтарының бірі ретінде қарастыратын болсақ, онда оның
өзіне тән табиғатын ескермеген болар едік. Біріншіден, терминдердің пайда
болуы әлеуметтік қажеттіліктен туады, адам өміріне ғылым
мен техника келді, оны жасаушы топ пайда болды, олардың жұмыс үстінде бір-
бірімен қатынасатын, пиар алысатын тілінде ғылымдық жаңа ұғымдарды
білдіретін, сол кәсіппен айналысатындар ғана қолданатын сөздер пайда болды.
Осының нәтижесінде мұндай ғылыми ортаның тіл жалпы әдеби тілдің басқа
функционалдық тарамдарынан өзгешелене бастады, сөйтіп әдеби тілдің бір
тарамы ғылым тілі дүниеге келді.
Бұл тіл - терминдер жүйесінің жасалатын көрігі, өмір сүретін ортасы.
өйткені, терминдер ғылым мен техниканың дамуынан, осы қажеттіліктен
туындағандықтан, оның табиғатын, ерекшеліктерін тілдің өзіне ғана тән
имманентік себептермен түсіндіруге келе бермейді. Мысалы, жалпы әдеби тіл
лексикасының дамуында болып жататын семантикалық өзгерістер
терминологиядағы осындай процеске барлық уакытта өлшем бола бермейді:
термин сөздердің мағынасындағы өзгеріс қоғамдық таным мен теориядағы,
ғылымдағы дамумен байланысты болса (экстралингвистикалық себептердің
нәтижесі болса), лексиканың басқа қатпарындағы семантикалық өзгерістің
пайда болуына көпшілігінде лингвистикалық себептер әсер етеді (соңғысында
сөздердің тіркесу қабілеттілігінің артуы, оның өзі синтаксисте ажырау,
қайта құрылу, аналогия, үнем т.б. заңдардың әсерімен болуы мумкін).
Терминдік лексикадағы сөз тудыру мәселесі де лексиканың басқа
топтарынан өзіне тән өзгешелігімен сараланады. Осы факторды,
терминологиялық лексиканы айқындауды ескерусіз калдыруға болмайды.
Практикалық терминдер жасау процесін терминологияға қатысты, соған тән сөз
тудыру механизмдерін жақсы білмей тұрып, оны түсіндіруге болмайды.
Жоғарыда айтылғандардан терминология жүйесін түсіндіруде біріне-бірі
карама-карсы екі мәселенің бірлігін байқауға болады: 1) терминдік сөздерді
жалпы әдеби тіл құрамына қосып, соған тән өлшемді қолдансақ, терминологияға
тән функционалдық, басқа да қасиеттеріне нұқсан келетін сияқты; 2)
керісінше терминологияны жалпы әдеби тіл үлесінен шығарып, оны белгілі бір
тілдік жүйеден бөлек қарауға тағы да болмайды. Өйткені терминология тілдің
лексикалық құрамының бір тармағы, оның ішінде әдеби лексиканың бөлшегі
болып табылады. Терминдер әдеби тілдің ішіндегі ғылыммен байланысты
ұғымдарды білдіретіндіктен, ғылыми тілге материал болады, соған қызмет
етеді, осы ортада дамиды.
Сондықтан терминологиялық лексиканың тек өзіне ғана тән
лингвистикалық ерекшелігіне байланысты мәселелерді тек лексика өмір сүретін
табиғи орта - ғылым тілінің құрамында қарастырғанда ғана дұрыс шешуге
болады. Термин сөздер тек осы ортада ғана терминдік қасиетке ие болады,
өзінің негізгі қызметінде -номинативті-семасиологиялық функцияда
жұмсалады, тек жеке ұғымның атауы (номинативтік-дефинитивтік) бола алады,
яғни терминдік моносемантизмнің жасалуына жағдай жасайтын бірден-бір орта
ғылым тіл болу керек. Тілдің функционалдық тармақтарының бірі ғылым тілі
екендігін В. И. Сифоров былай баяндайды. "Лингвистика вплоть до последних
десятилетий разрабатывала ... традиционные системы (литературный язык,
территориальные знаковые системы) и лишь сравнительно недавно обратилось к
языку науки и техники. По-видимому, общей задачей, стоящей перед
лингвистами в этом плане, является активное обращение к материалу,
выходящему за пределы очерченных традиций".
Тіл мамандары терминдер жуйесін теориялық және практикалық жағынан екі
түрлі аспектіде қарастырады. Терминологияның тіл құрылымынан алатын орнын
айқындау, ғылым тілінің лексикасына байланысты жалпы ерекшеліктерді ашу
тілдік таңбаның ерекше бір түрлі болып табылатын терминдердің
лингвистикалық табиғатын түсіндірумен байланысты. Ғылым тілінің жалпы
қызметін айқындай отырып терминдер қызметін және терминдерге тән
ерекшеліктерді даралау, терминологиялық лексиканың жалпы даму бағдарын
белгілеу — осының бәрін терминдер жүйесін теориялық жағынан зерттеу болып
саналады.
Терминдерді практикалық аспектісі тұрғысынан зерттеу мына меселелерді
қамтиды: термин жүйесінде норма ұғымын қолдану мәселесі, конкрета (салалык)
терминдер жүйесін тәртіпке келтіру (жуйеге), унификациялау мәселесі,
терминологиялық сөз жасаудың жалпы бағытын айқындау, ғылым тіліндегі
негізгі категорияларды білдіретін ұғымдар үшін жаңа атаулардың жасалу
жолдары мен үлгілерін ашу.
Терминологияның теориялық және практикалық мәселелерінің ішіндегі ең
негізгісі - терминологиялық лексиканың тілдің кұрылымдық жүйесінен алатын
орнын анықтау. Өйткені, тек осы мәселе өзінің дұрыс шешімін тапқанда ғана
терминдердің жалпы табиғаты мен кызметі, даму тенденциясы мен жеке
салаларының (оның ішінде біздің зерттеу объектіміз болып отырған жалпы
лингвистикалық терминдердің) де ерекшеліктерін түсіндіруге болады.
Тіл білімінде терминологияның тіл жүйесінен алатын орнын анықтау
мәселесінде әлі күнге дейін бірізді тоқтамға келген пікірлер жоқ. Бірқатар
мамандар термин сөздерді әдеби лексиканың жеке 51 қатарына жатқызады. Ал
енді бір топ ғалымдар оларды әдеби тіл қадамы қатарынан алып, жалпы тіл
қадамының бір тобына қосады да, лексиканың жергілікті говор, диалект,
кәсіби сөз, жаргон пассив лексика катарына қояды. Біздің байқауымызша,
қазақ тіл білімі оқулыктары мен оку кұралдарында терминдік лексика
жайында тиіп-қашты айтылғаны болмаса, (қазақ тілі лексикалық
қадамы, оның дамуы туралы мәселелермен байланысты), оның қандай стильдік
топқа жататындығы, терминдер жүйесінің тілдік лексикасы құрамындағы орны
басқа топтармен қарым-қатынасы қазақ тіл білімінде де айқындалмай отыр.
Арнаулы (мамандық) лексиканың әдеби тіл құрамында қаралуға тиісті
екенін айта отырып, зерттеулердің көпшілігі осы топтағы сөздердің бір
бөлімінің тек қана белгілі мамандық өкілдерінің тілінде қолданылатындығын
айтады.
Сонымен, біз қазақ тіліндегі терминдер жүйесін ғылым тілі лексикасында
қарастырамыз. Өйткені термин сөздер осы ортада ғана біздің терминдік
қасиетке ие болады, одан шығып қалған жағдайда терминдік қасиетін жоғалтып,
ғылым мен техникалық ұғымдардың аты болудан қалады, яғни номинативтік-
дефинитифтік функциясынан айрылады. Сондықтан терминология өзінің негізгі
қызметінде ғылым тілінен басқа тілдің лексикалық жүйесінің ешқайсысына
жатпайды, жатуы мүмкін де емес. Рас, кейде бір сөз бірде мамандар тілінде
қолданылса, бірде басқа ортада кездесуі мүмкін. Мысалы, хирургиялық термин
операция сөзі әртүрлі жағдайда әр түрлі мағынада жұмсалуы мүмкін.
"Наркозбен операция жасау" дегенде өз мағынасында жұмсалған, ал
"Банкирлердің бұл операциясы ойдағыдай болды" дегенде басқа мағынада
банкирлердің әрекеті деген ұғымды білдіреді. Сондай-ақ "обвинитель" ұғымын
білдіретін "айыптаушы" деген заң термині бар. Осы сөз "мемлекеттік
айыптаушы сөйледі" дегенде осы мағынада жұмсалған, ал "Ол өзінің оқи алмай
қалғаны үшін үнемі мені айыптаушы еді"дегенде басқа мағынада, кінәлау
мәнінде айтылады. Осындай бір сөздің әр түрлі мағынада қолданылуына қарап,
терминдер лексиканың кез-келген қатпарларында қолданыла береді, бір
терминнің өзі бірнеше мағынаны білдіруі мүмкін деген қорытынды жасауға
болмайды. Жоғарыда келтірілген мысалдарда "операция", "айыптаушы" сөздері
терминдік мәнді тек кәсіптік ортада қолданылады (біріншісі медициналық
орта, екіншісі сот процесінде), сондықтан олардың әрқайсысы бір ғана
кәсіптік ұғымды білдіреді. Басқа жағдайда ол сөздер терминдік қасиетін
жойып, жалпылама лексика тобына енеді. Бұдан шығатын қорытынды терминдер
өзінің негізгі қызметін атқару үшін негізінен моносемиялы болуға тиісті,
сонымен бірге, олар арнаулы ғылыми-техникалық кәсіптік ұғымдардың атауы
болғандықтан, адамның жеке басына қатысты әртүрлі көңіл-күйін, сезімін
білдірмейді. Олай болса, терминдердің экспрессивтік, эмоционалдық мәні
болмайды. Моносемантизм, эмоционалдық мәннің болмауы терминдер семантикасын
айқындайтын негізгі факторлар болып табылады.
Термин сөздің бір ғана арнаулы ұғымды білдіруі тіл элементтерінің
таңбаға қатысы туралы мәселеге де жаңаша қараудың қажеттігін көрсетеді.
Басқа сөздер таңба ретінде әртүрлі
мазмұнда келсе, термин сөздердің әрқайсысы өздеріне тән мазмұнды ғана
білдіреді, мұнда мазмұн мен таңбаның сәйкестігі айқын. Оны, әсіресе,
интернационалдық терминдерді талдағанда байқауға болады. Мысалы,
"интернационал", "аналогия", "диалог", "лингва", "грамматика", "синтаксис"
т.б. сөздердің дүние жүзінің барлығында немесе көптеген тілдерінде
білдіретін мағыналары бірдей. Біздіңше, тіл біліміндегі "сөздер - өздері
білдіретін зат пен құбылыстарды білдіру үшін оларға берілген шартты атау:
"таңба" деген анықтаманы қайта қарап, толықтыруды қажет етеді.
Өйткені, интертерминдер әлемдегі тілдердің барлығында біркелкі
мағынада жұмсалса, бұл арада атауыш (означающий) пен аталушының
(означаемый) арасындағы қатынас табиғи қатынасқа айналып бара жатқаны емес
пе? Олай болса, бұл арадағы терминдік таңбалар (сөздер) басқа лексикалық
топтағы сөздердей емес, ерекше таңба болмай ма?
Дербес мемлекет ретінде өркениетке қадам басқан Қазақстан
Республикасы бұл күндері қазақ тіліне, оның тағдырына ерекше көңіл бөліп
келеді. Мемлекетік мәртебеге ие болған қазақ тілінің қоғамдық қызметін
жандандыру, қалыптастыру басты мәселеге айналды.
Осы орайда оның негізі туралы академик Әбдуәлі Қайдаровтың Ең алдымен
оның тірек болар үш тағаны — жазуы-сызуы (ұрпақ арасын жалғастырар алтын
көпірі), ономастикасы (жер бетіндегі ескерткіш), терминологиясы — (оның
баю, жаңару кезі) берік емес екендігін мойындау қажет деген сөзі ойымызға
оралады. Еліміздегі қарқынды қоғамдық әлеуметтік өмір туғызып отырған
күнделікті қызметтегі қолданыстың қажеттілігін мынадан көруге болады: бұрын
термин жасау жұмысымен тек лексикографтар мен лексикологтар, шет ел
тілдерінің мамандары, аудармашылар ғана айналысса, қазіргі ғылым мен
техника заманында — математиктер, физиктер, медицина қызметкерлері,
ауылшаруашылығы ғылымының өкілдері және басқа сала ғалымдары да жүйелі
түрде шұғылдана бастады.
Қазақ тіл білімі ғылымның өзге салалары секілді өзінің пайда болу, даму,
қалыптасу кезендерін бастан өткізді. Қазіргі дәлелденіп, қалыптасқан
көзқарас бойынша қазақ тіл білімі алғашқы нақты бастауын ХVIII ғасырдағы
орыс ғалымдары мен жиһанкездерінің түрлі сөздіктер түріндегі
лексикографиялық жұмыстарынан алатыны белгілі. Ал, қазақ тілінің
грамматикалық құрылысы жүйелі түрде XIX ғасырдың II жартысында зерттеу
нысанына айналды. Н.И.Ильминский, П.М.Мелиоранский, В.В.Катаринский секілді
орыс ғалымдарының миссионерлік макеатта болса да, қазақ тіліне назар
аударып, оған өз еңбектерін арнаған. Бұл кезең, яғни XIX ғасырдың II
жартысы, қазақ тіл білімі тарихындағы ерекше кезең болып табылады. Бұл
дәуірде қазақ тілі алғаш рет зерттеліп, ғылыми айналымға түсе
бастады. Міне, сол кезден қазақ тіл білімі өзінің тарихи даму жолын
бастады. Бұл жолдың оп-оңай өте шығатын даңғыл жол болмағандығы да белгілі.
Оған қайта үңіліп, оны саралап, безбендеу - қазақ тіл білімінің тек еткенін
біле қою үшін ғана емес, оның болашақ бағыт-бағдарын айқындауға да оң
ықпалын тигізетін игі шара болмақ. "Все более становится очевидным, что
современная наука (в широком смысле) может успешно развиваться лишь при
условии отличного знания всего того, что было сделано раньше, с учетом ее
успехов и достижений, со стремлением преодолеть ее ошибки и заблуждения.
Здесь одинаково важны и плюсы и минусы, и достижения и заблуждения" - дейдд
Р.А.Будагов. Ал, өткенге әрдайым сергек қарайтын Европада бұл мәселеге
ертерек ден қойылған, Лингвистиканың тарихына арналған түрлі жеке
зерттеулермен қатар Амстердам қаласында 1974 жылдан бастап "Нistoriografia
lingvistika* атты арнаулы журнал шығарылып келе жатқандығы да соның дәлелі.
Орыс тіл білімінде бұл мәселеге назар аудару біршама әріден бастау
алады.
Түркологияда тіл білімі тарихын зерттеуде әзірбайжан ғалымдарының
ыждағаттылық танытқаны көрінеді. Бұл орайда әзірбайжан тіл білімінің даму
тарихын кезеңдерге бөліп зерттеген және әрбір теориялық ілімдердің дамып,
қалыптасуын жеке зерттеу тақырыбы еткен еңбектер бар.
Сол сиякты қазақ тіл білімінде де соңғы кезде ғылым тарихын зерделеуге
деген бетбұрыс басталды. Бұл жерде қазақ тіл білімінің дамып, қалыптасуы
туралы әр кезде мерекелес шағын шолу мақалалар жазылып келгенін, ал, 1980
жылы Тіл білімі Институты шығарған "Развитие казахского советского
языкознания" атты жинақтың бұл бағыттағы жұмыстардың бастамасы
болғандығын атап айту керек. Т.Қордабаевтың 1987 жылы жарық көрген "Қазақ
тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары" атты еңбегі де осы жолдағы олқылықты
толтыруға бағытталған қадамның бірі болды, алайда ғалымның өзі айтқанындай
"көлемі шағын еңбек арқылы қазақ тіл білімінің тарихын қапысыз жасап шығу
мүмкін еместігіне" байланысты жұмыс тек шолу түрінде болып, автор мақсатына
сай, "алда атқарылатын үлкен іске козғаушы болу" қызметін атқарды.
Қазақ тілі туралы жазылған алғашқы зерттеу мәліметтері XVIII ғасырдан
басталады. Олардың бәрі қазақ тілінің сөздігі құрамына қатысты қолжазба
сөздіктер түрінде болды. "Егер отандық түркологияда қазақ, тілін
фонетикалық және грамматикалық тұрғыдан сипаттау жұмыстары XIX ғасырдың
екінші жартысында басталса, ал оның (қазақ тілінің) лексикографиясының
тарихы ертеректен басталады. Академик А.Н.Кононовтың және проф.
Н.А.Баскаковтың кітаптарында қазақ тілі сөздері кездесетін барлық қолжазба
материалдар мен сөздіктер берілген. Оның ішінде XVIII ғасырға жататын
Бакмейстер-Аделунг пен Палластың архивтен алынған сөздік материалдары
ерекше назар аудартады" - дейді Р.Сыздықова [26,14] Ал, СССР Ғылым
Академиясы Ленинград бөлімшесі архивтің, (Санкт-Петербург қаласындағы
Салтыков-Щедрин атындағы көпшілік кітапхананың қолжазба қорларында
сақталған қазақ тіліне қатысты бірқатар материалдармен қазақ жұртшылығын
алғаш таныстырған проф. С.Исаев болды. Ғалым Қазақ әдебиеті газетінің
1967 жыл, 10 ақпанындағы санындағы "Қазақ тілін зерттеудегі алғашқы қадам"
атты мақаласында оқырман назарына төмендегі қолжазбаларды ұсынады:
1) Француз тілінде жазылған "Парсы және татар диалектілері
деп аталатын қолжазба сөздік;
2) Орыс тілі сөздерінің қазақша, моңғолша аудармасы берілген
қолжазба сөздік;
3) "Хиуа, бұхар, қырғыз және мешер тілдеріне аударылған
орыс сөздерінің тізімі".
Қолжазба сездік:
Аделунг архивіндегі орысша-қазақша қолжазба сөздік.
Қазақ оқырманы назарына алғаш С.Исаев ұсынған бұл XVIII ғасыр
қолжазбалары тіл тарихын зерттеудегі аса маңызды тілдік ескерткіш
болуымен қатар, қазақ тіл білмі тарихын сол дәуірден бастауға
негіз болатын нақты дәлел ретінде қызмет етеді.
Ал, жоғарыда айтылғандай, қазақ тілінің грамматикалық құрылысының
орыс түркологтары тарапынан жүйелі зерттеле бастауы XIX ғасырдың II
жартысына тиесілі болды. Бұл кезең қазақ тіл туралы нақты зерттеу еңбек
жазған Н. И. Ильминский, М.Терентьев, П.М.Мелиоранский, В.В.Катаринский
секілді тағы басқа бірқатар орыс түркологтары шоғырының есімдерімен
байланысты болды. Профессор Қ.Жұбанов 1933 жылы "Политехникалық мектеп
журналында жарияланған бір мақаласында "Қазақ тілі - осы уақытқа дейін
жүйелі түрде тексеріліп, ғылым тезіне түспеген тіл. Қазақ тілін алғаш
зерттегендер патша үкіметінің отаршыл саясатын іске асыру
мақсатымен отар елдің әдет-ғұрпын, тілін, әдебиетін тексерген
миссионерлер..." — дейді.
30-жылдары қабылданып, күш бүгінге дейін барлық ұлт
тілдерінде қолданыс тауып келе жатқан "әрбір тілдің
мүмкіншіліктерін сарқа пайдалану" және "ғылыми принциптер негізінде барлық
ұлт тілдерінде терминологиялық қор жасалғандығы бәрімізге белгілі. Бұған
дәлел сол жылдары шыққан түсіндірме сөздіктер мен екі тілдік сөздіктер:
Орысша-қазақша әскери атаулар (Қызылорда, 1927); Терминологический словарь
(Агыбайулы, Алма-Ата, 1936); Қазақ тілінің терминдері (Қызылорда, 1936);
Русско-латино-казахский терминологический словарь (Т. 5); М.Исамбаев, Алма-
Ата, Изд. АН КазССР, 1960); Краткий русско-казахский словарь литературных
терминов (Т.Абетов, Алма-Ата, Изд. АН КазССР, 1962). Терминология
мәселелері әрбір тілде біршама зерттелсе де, осы бір ортақ дүниенің тілдік
табиғаты мен жасалу жолдары, құрамы мен мазмұндық сапасы әлі күнге дейін
арнайы да, салыстырылып та сөз болған емес.
Егер (20-30 жылдары) түркі тілдері біресе пуристік ағымға, тенденцияға
бой ұрып, орыс-интернационал терминдерін қайткен күнде де аударуға, одан
кейінгі бір дәуірде оларды сол қалпында қабылдауға тырысса, қазіргі кездегі
терминология жасау процесіне тән принцип-дифференциялық бағытта жүргізіліп
отыр. Бұл принциптің ерекшелігі ертеректе өз тіліміздің мүмкіншіліктерін
толық ескермей, қабылдана салынған кейбір терминдерді қайта қарап, оларға
жаңа балама табу, немесе мағыналық жағынан өзара жіктеу арқылы терминдік
мән беру болып табылады.
Осыған орай айта кететін бір жағдай: сол 20-30 жылдары жасалған
терминдердің кейбір ғылым саласында тұрақтап, күні бүгінге дейін өзгеріссіз
қолданылып келс жатқандары да жоқ емес. Бұдан мысал ретінде А.Байтұрсынұлы
тарапынан жасалған тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы әбден қалыптасып
кеткен жүздеген терминдерді келтіруге болады. Тіл білімінде қолданылатын
орыс және халықаралық терминдерді басқа ғылымдар саласындағыдай қалай болса
солай ала салмай, оқырман көпшілікке түсінікті болу үшін оларды жүйелі
түрде қазақ тілінің өзіне тән байырғы сөздер негізінде тыңнан жасауға ғалым
кеп күш салған. Қазақ тілімен туыстас түркі тілдерінде терминология
проблемасы белгілі 6ір жүйеге түспей, үйлесім таппай жатқан кездерде
А.Байтұрсынұлының жаңашыл әрекеті түркологияда ерекше көзге түскен еді.
Оның байырғы да қазақи сөздер негізінде жасаған қарапайым халыққа түсінікті
терминдері о баста жеке мақалаларында, кейінірек "Оқу құралы", "Тіл-құрал"
деп аталатын (I. Фонетика - "дыбыс жүйесі", II. Морфология - "сөз жүйесі'\
III. Синтаксис - "сөйлем жүйесі"); "Тіл жұмсар" ("Қолданбалы
грамматика") деп аталатын еңбектерінде кенінен қолданыла бастайды. Мәселен:
дыбыс, дауыссыз дыбыс, жарты дауысты дыбыс, қатац дыбыс, ұяң дыбыс, ымыралы
дыбыс, буын, сөз аягы, сөз басы, кірме сөз, қосалқы сөз, туынды сөз, тұлға,
түбір, жалғау, жұрнақ, қосымша, септік-атау, ілік, барыс, табыс, жатыс,
шығыс, көмектес, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу,
шылау, демеу, одағай, сөйлем, жай сөйлем, жалаң сөйлем, жайылма сөйлем,
сұраулы сөйлем, болымды сөйлем, болымсыз сөйлем, бастауыш, баяндауыш,
анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш т.б. жүздеген лингвистикалық терминдердің
қалыптасуы қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынұлы есімімен байланысты
айтылады.
Әрине, отызыншы жылдардан кейінгі жарты ғасырдың ішінде қазақ тіл
білімі қарқындап дамыды, жаңа терминдік ұғымдармен толыға түсті, байи
тусті. А.Байтұрсынұлы жасаған терминдердің кейбіреуі болмаса (мысалы,
ымыралы дыбыстар — индифферентные звуки т.б.) басым көпшілігі ғылыми
терминдік статусна ие болып, күні бүгінге дейін қолданылып келеді.
Терминолог ғалымдардың пікірінше, Ахмет Байтұрсынұлы жасаған кейбір
терминдерді қолданыстан шығарып тастау, ауыстыру әрекеттері де болған.
"Бірақ, - деп жазады, Ө.Айтбаев,-бұл әрекеттен ештеңе шықпады. Қайта бұдан
артық үлгілі қанша әрекет еткенмен жасай алмайтындарына көздері жетіп,
елдің бәрі А. Байтұрсынұлы терминдерін негізге алды. Күні бүгінге дейін
мектеп пен жоғары оқу орындарында пайдаланып келе жатқан оқулықтардағы
терминдік жүйе түгелімен Ахаң есімімен байланысты".
Бұл келтірілген мысалдан біз екі түрлі корытынды шығара аламыз.
Біріншіден, орыс және халықаралық ғылыми терминдерді ұлт тілі (қазақ)
негізінде де қалыптастыруға болатындығы, екіншіден, мұндай терминдер басқа
ауыс-түйіс терминдерге қарағанда өзінің қарапайым халыққа түсініктілігімен,
дәлдігімен және өміршеңдігімен ерекшелетіндігі.
Енді осыдан келіп, әрбір ұлт тілі термин жасауда өзінің ішкі
мүмкіншіліктерін сарқа пайдалануы керек" деген қағиданың шын мәнінде іске
асырылуы, немесе үстірт орындалуы жалпы ұлт әдеби тілдерінің қалыптасуына
және оның өзекті саласы - ғылым тілі статусына тигізетін ықпалы анық
байқалады.
1.2 Терминжасамның тарихи даму кезеңдері
Бірінші кезең XX ғасырдың басы мен 30 жылдардың екінші жартысындағы
аралықты қамтиды. Бұл кезең біз терминжасам процесінің алғашқы кезеңі деп
білеміз.
Осы жылдары қазақ тілінің грамматикалық құрылымы, лексикологиясы,
диалектологиясы жайлы мәселелер байыппен жетілдірілді. 10-30 жылдар
аралығында әр жерде сауат ашу мектептері, театр, газет, журналдар ашылып,
баспаханалар жұмыс істей бастады. Қазақтың байырғы сөздерінің қоғамдағы
қызметі кеңейіп, осы сөздер радионың, баспасөздің, көркем әдебиет, саяси
кітаптар тіліне айналды. Қайсыбір сөздер арнайы қолданысын тауып, терминдік
сапаға көшті. Осы айтылғанды ғалым-терминолог Ө.Айтбайұлының мынадай
тұжырымдары делелдейді "... Сонымен отандық ғылымның содан бергі өткен
жолын бір сәтке көзге елестетсек, терминологияға байланысты қыруар жұмыс
істелген екен. Екі тілде қаншама сөздік жарық көріп, қалың жұртшылыктың
игілігіне айналды. Қаншама сөздер терминдік мәнде қайта жаңғырып әдеби тіл
қорына келіп қосылды" ~ дейді. 20-30 жылдарда алфавит, орфография,
терминология мәселелері бірінші кезекте тұрды.
Өткен ғасырдың 10 жылдарынан бастап 30 жылдарына дейінгі аралықта
термин жасау ісі ұлт тілі негізінде жемісті жүргізілді.
Бірақ 30 жылдардың екінші жартысында тіл ғылымында, ғылым тілінде
күрделі өзгерістер енгізіле бастады. Ол орыс тілінен және сол тіл арқылы
келген интернационалдық терминдерге қатысты болды, демек кірме терминдердің
өзгертілмей айтылуы мен жазылуы еді. "Ендігі жерде ұлт тілдерінде термин
жасаумен шет тілдерінен қабылдаудың тәртібін өзі жүргізіп отырған тіл
саясатына сәйкес орталық белгілейтін болды... Ұлт тілдерінде термин
жасаудың мүмкіндігі шектеліп келуінің салдарынан терминологиямыздың негізгі
бөлшегін тіліміздің дыбыстық жүйесіне бағындырылмай алынған шет тілдерінің
сөздері құрайтын дережеге жетіп, тіліміз термин қабылдағыш тілге айнала
бастады" [Ө.Айт]. Ғылыми терминологияны ұлт тілі негізінде дамыту идеясын
ұстанған А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедов, Қ.Кемеңгерұлы тәрізді тұлғалардың
пікірлері "ұлтшыл" саналып, өздері қуғынға ұшырады..
Қазақ ғылыми терминологиясының алғашқы кезеңі осындай трагедиялы жағдайға
ұласқанымен, ғылымда бетке ұстар ірі тұлғалардың орнын, олардың ізін
қалдырып кетті. Олардың алдыңғы қатарында А.Байтұрсынов тұрды, сондықтан
қазақ тілі сөздерін түрлі топқа бөлу ісі ғұлама ғалым, біртуар тұлға
А.Байтұрсынұлы есімімен тығыз байланысты болды. Бүкіл саналы ғұмыры
ғасырлар тоғысына сәйкес келген А.Байтұрсынұлының XX ғасырдың алғашқы
ширегінде қазақ халқының саяси-әлеуметтік, қоғамдық өміріндегі орны ерекше
еді, қоғамдық қайраткер ретінде ұлттың рухани көсемі бола білген ол халқына
қатысты барлық шаруаға білек сыбана кірісті. Ғалымның бұл тұстағы қазақ
тілі біліміндегі еңбегі тіпті айрықща болды, оның қазақ балаларына арнап
жазған сауат ашу әліппесі [33], қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулығы
қазақ мәдениеті үшін маңызды жаңа белес болып табылады. А.Байтұрсынұлының
"Тіл - құрал" деп аталған үш бөлімнен тұратын оқулығының
морфологияға арналған бөлімі алғаш рет 1914 жылы, фонетикаға арналған
бөлімі 1915 жылы, синтаксиске арналған бөлімі 1916 жылы жарық көріп,
кейіннен әрқайсысы алты-жеті реттен толықтырылып, қайта басылып отырған.
Ы.Алтынсариннің орыс тіліндегі сөз таптарын қазақтарға үйрету мақсатымен
олардың (сөз таптарының) қазақша аударма үлгісінде жасаған алғашқы
тәжірбиесін ескере отырып, қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлудің тұңғыш
жүйесі және сәтті жүйесі А.Байтұрсынұлының осы "Тіл құралында" жасалған.
А.Байтұрсынұлы қазақ тіліндегі сөздерді әуелі атауыш сөздер, шылау
сөздер, одағай деп үлкен үш топқа бөледі. Алайда, ғалымның сөздерді бұлайша
үш топқа жіктеуін сонау ерте заман грамматистерінен бастау алатын, сөздерді
есім, етістік және жалғауыш деп ажыратуларының дәстүрлі жалғасы ретінде
қарауға болмайды. Автордың қазақ тілі сөздерін осылайша бөлінуінің
негізінде қазіргі тіл білімінде сөздерді автосемантикалық және
синсемантикалық деп жіктеудің принципі жатыр. А.Байтұрсынұлы атауыш сөздер
тобына зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістікті, ал шылау сөздер
тобына үстеу, демеу, жалғаулықты жатқызады. Автор одағайды сипаттауға
арналған параграфты шылау сөздер бөлімінде берілгенімен, қорытынды
пікірінде атауыш сөздерге де, шылау сөздерге де қоспай, сөздердің бұлардан
бөлек, ерекше тобы ретінде таниды. Бұның себебі де сөздерді осылайша
бөлудегі автордың ұстанымын (позициясын) айқындау барысында белгілі болды.
А.Байтұрсынұлы қазақ тілі сөздерін алдымен үш топқа жіктегенде, негізінен,
сөздердің лексикалық мағынасын басшылыққа алады, яғни сөздердің лексикалық
мағынасы негізінде қаншалықты дербес, дербес еместігін ескереді. Толық
лексикалық мағыналы сөздердің тәуелсіздігін, номинативтік қасиетін ескеріп,
оларды атауыш сөздер тобына біріктірсе, лексикалық мағынасы жоқ немесе
лексикалық мағынасынан жартылай ажырау нәтижесінде дербестігі де шартты
түрде болып қалған сөздерді шылау сөздерге жатқызады. Ғалым үстеу сөздердің
де басқа атауыш сөздермен салыстырғандағы дербестік дережесінің төмендігін
танып, оны шылау сөздер тобына енгізеді де, "Кей сөздер басқа сөздердің
мағынасын толтыру үшін үстеу болады", "Осындай сөз үстіне қосылып, сөздің
мағынасын толықтыратын сөздерді үстеу дейміз" - дейді ол. Алайда
А.Байтұрсынұлының бұл топтарын, сөз табы деп танымаймыз. Себебі, лексикалық
мағынасының бар-жоғына байланысты, соның нәтижесінде дербес, тәуелсіздігі
дәрежесін анықтау арқылы жеке-жеке топқа біріккен атауыш сөздер мен шылау
сөздер өзара оппозиция құрағанымен, бұл құбылыс тілдің лексикалық қабатының
көрінісі болып табылады.
Ал, сөздерді грамматикалық семантикасына, түрлену жуйесіне, синтаксис
сипатына қарай жіктеу нәтижесінде пайда болатын сөз таптары грамматикалық
құбылыс ретінде танылады, яғни айтылып отырған екі құбылыс тілдің бөлек-
бөлек екі деңгейінің, еншісіндегі құбылыстар. Қазақ тіл білімінде тілдің
лексикалық деңгейі болып табылатын сөз таптары (атауыш, шылау (көмекші)
сөздер) мен грамматикалық деңгейі шеңберінде қаралатын сөз таптарының ара-
жігін алғаш анық айырып берген С.Исаев болды.
А.Байтұрсынұлы жоғарыда айтылған сөз таптарын әрі қарай іштей жіктеп,
қазақ тіліне қатысты тоғыз сөз табын атайды:
1) зат есім;
2) сын есім;
3) сан есім;
4) есімдік;
5) етістік;
6) үстеу;
7) демеу;
8) жалғау;
9) одағай.
Шылау сөздер іштей үстеу, демеу, жалғау деп белгіленіп, олардың
әрқайсысының жеке сөз табы ретінде қаралуынан автордың сөздерді
таптастыруда семантикалық белгісіне сүйенетіндігі байқалады және оны
автордың өзі де "Сөздер мағынасына қарай 9 топқа бөлінеді" деп ашық
ескертеді. Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру проблемасының тарихына
арналған Т.Қордабаевтың өткен ғасырдың 50-жылдарының басына дейінгі кезеңді
қамтыған шағын шолу мақаласында да А.Байтұрсынұлының мағыналық принципті
басшылыққа алғаны айтылады. Ғалымның сөз таптастыруында қазақ тіл білімінің
кейінгі даму барысында қабылданбаған немесе қайта қаралып, түзетулер
енгізілген кейбір пікірлері болуы да сол дәуірдегі үстем көзқарас-
семантикалық принципке ғана сүйеніп, сөздерді таптастырудың нәтижесі
ретінде қаралуы керек. Солай бола тұрса да,
А. Байтұрсынұлының тіліміздегі сөздерді таптастыруындағы жалпы жүйе
негізінен көп өзгеруі күні бүгінге дейін сақталып келеді. Бұның өзі
ғалымның семантикалық принциптің түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі
үшін қаншалықты маңызды екенін тани білген, нәзік иірімдерін зерек аңғара
білген қайталанбас тума талантының дәлелі еді.
Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы оқу-ағарту ісі, оқулықтар жасау, әліппе, емле
мәселелерімен қатар мәдениет пен әдебиет саласында, қоғамдық өмірде
әлеуметтік мәні бар істермен айналысып, көп нәрселерге ұйтқы болды.
Тереңнен ой қозғап, байсалды пікірлер айтты. Оның бұл жұмысы көпшілік
тарапынан қолдау тауып, қайраткерлік, ғалымдық ағартушылық қызметтері мен
дарыны, таланты өз заманында аса жоғары бағаланып, мойындалды.
А.Байтұрсынұлының әдеби-ғылыми мұрасының ішіндегі ең көлемді, сонымен
қатар айрықша тиянақталған тұлсырымды еңбегі "Әдебиет танытқыш". "Әдебиет
танытқыш" алғаш рет 1926 жылы Ташкентте басылып шықты, ал 1989 жылы
"Жазушы" баспасынан, 1991 жылы "Жалын" баспасынан жарық көрді.
"Әдебиет танытқыш" — А.Байтұрсынұлының эстетикалық-философиялық
танымын, әдебиетшілік көзқарасын танытатын жүйелі зерттеу. Қазақ
филологиясының терминдік лексикасын жүйелеген, ешқашан маңызын жоймайтын
ерекше зор еңбек болып табылады.
Аталған еңбекте ғалым фольклорлық әдеби текстерді талдайды, жанрлық
түрлерге ат кояды, анықтама береді. "Әдебиет танытқышта" зерттеу нысаны
етіп, қазақ ауыз әдебиетінің қазақ жазба әдебиеттің алуан түрлі үлгілерін
алады.
"Әдебиет танытқыштың" бірінші бөлімі "Сөз өнерінің ғылымы" деп аталып,
әр түрлі бөлімшелерге, баптарға бөлініп, әрқайсысында нақты мәселе
қаралады.
Тіл, сөз өнері, шығарма деген сөздерге ғылыми анықтама береді.
А.Байтұрсынұлы сөз өнері ғылымын: 1) шығарманың тілінің ғылымы; 2)
шығарманың түрінің ғылымы деп екіге бөліп қарастырады. Ал тіл өңі жағынан
тіл я лұғат қисыны, мазмұн жағынан қара сөз жүйесі, дарынды сөз жүйесі деп
екіге бөлінеді. Ғалым шығарма тілі екі түрлі болатындығын айта келіп,
біріншісі -ақын тілі, екіншісі - әншейін тіл дейді.
Қазақ тілі терминологиясы қалыптасуының алғашқы кезеңдегі көрнекті
ғалымдарының енді бірі ~ Х.Досмұхамедұлы.
Х.Досмұхамедұлы оқулықтар жасауда, терминдерді жасауда
А. Байтұрсынұлы көрсеткен принциптерді басшылыққа алады.
Ғалым лексика, грамматика, фонетика, аударма, тіл, тарих
салаларына байланысты мәселелер жөнінде біраз пікір айтқан. Осы
тақырыптарды сөз еткенде көптеген лингвистикалық және
әдебиетке байланысты терминдерді қолданған.
Х.Досмұхамедұлының тілге байланысты жазылған онға жуық еңбегін атап өтуге
болады. Мәселен, көлем жағынан лингвистикалық терминдерді қолдану жағынан
"Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы" деген еңбегі. Бұл еңбекте ғалым
қазақ тіліне терминдерді басқа тілдерден орынсыз қабылдамау, алған күнде
тілдің өз заңына сәйкестендіріп қабылдауды ұсынады. Өзге тілден енген
қосымшаны үндестік заңына бағындырып қолдану керектігін айтады. Дыбыстардың
құрамын, түрлерін анықтай отырып, оларды дауысты, дауыссыз, дәнекер дыбыс,
жарым дауыстылар, жарты дауысты, жуан дыбыстар, жіңішке дыбыстар деп бөліп
тастайды.
Фонетикалық терминдер Х.Досмұхамедұлының еңбектерінде кезедседі. Ол
бұл терминдерді жалаң және күрделі деп бөліп қарастырады. 1. Жалаң атаулар:
дыбыс, буын, басу (екпін), дауыссыз, дауысты, демеу, үндесуүндесу,
дыбыстарды екілетіп айту, дыбыстарды қосарлатып айту, ереже, шолақ (у)
т.б.; 2. Тіркес атаулар: дауыстылар гармониясы, жарым дауысты, дәнекер
дыбыс, бас буын, бітеу буын, шала қос дыбыс, саңыраулау естілеу, жіңішке
сөз, жақша белгісі, ағайындас дыбыс, жат харіф т.б.
Лексикалық терминдер: меншікті түпкі сөз, еуропа сөздері, жуан сөз,
сөз өзгерісі, шала сіңген сөздер, жат сөздер т.б.
Емлеге байланысты терминдер: әліфбиәліппе, дәйекті, ноқат,
апостроп, сект, үтір, сызықша т.б.
Морфологиялық терминдер: 1. Жалаң атаулар: етістік, сарф, көсемше,
тәуелдік, тұқыл, түбір, демеулік т.б.; 2. Тіркес атаулар: ниетті көсемше,
ұйғарынды есімше, үнемді көсемше, асыл нұсқасы, туынды демеу, билік рай
т.б.
Жалпы тіл біліміне қатысты терминдер: халық тілі, "шатақ тіл",
жалғамалы тіл, хүкімет тілі, қазақ тілінің заңдары, ғылым тілі т.б.
Аталған терминдердің көпшілігі осы күнде қолданылады, ал бірен-саран
атаулар қолданыста жоқ. Мәселен, дәнекер дыбыс, ниетті көсемше, жарым
дауысты, ұйғарымды есімше, екілетіп айту, т.б.
Енді Х.Досмұхамедұлының ғылыми терминология мәселесіне қатысын
қарастыралық. Оның 1924 жылы жарық көрген "Қазақ тіліндегі сингармонизм
заңы" атты еңбегі бүгінгі таңда көпшілікке белгілі. Ал "Табиғат тану",
"Жануарлар", "Адамның тәні тірліп" атты оқулықтарын жазуы мен Вагнердің
еңбектерін тәржімалау барысында қолданған термин сөздері қазақ тілінің
ғылым тіліне айналуына толық мүмкіндігі барына кепілдік береді. Ол тек
ғылым тілін жасау, оны қалыптастыруды сөз етіп қана койған жоқ елдіктің бар
екенін, халықтың тірі екендігін білдірушісі маңызды қасиет – төл тілдің
мейлінше таза күйінде сақталуы деген.
Х.Досмұхамедұлының ғылыми терминология мәселесіне терең бойлауына ең
әуелі оқулықтар жазу қажеттігі себепкер болып, жол ашқан. Ғалым Бұқара
қаласында 1923 жылы өзбек орфографиясына арналған конференцияда осы
тақырыпта баяндама жасайды. Ол: "Термин сөздерді жасағанда әуелі өзбектің
өз тілін пайдалану керек. Егер ондай мүмкіндік болмаса, ескі өзбек тілінен
іздеу, одан әрі кетсе-туысқан тілдер – қазақ, парсы тілдері бар. Тым
болмаған жағдайда ғана европа тілдерінен алу керек", - деген [36]. Ол
европа мэәдениетін үлгі ете отырып, тіл мәселесінде сөйлеудің төл қасиетін
сақтауға шақырады: "Шет тілдерден алынған сөздердің бәрі өзбектің жатық
тіліне ыңғайлануы керек, соның өзінде мүмкіндігінше сөздің түбірі сақтаулы
тиіс", - деген [36].
Одан әрі:
* ғылыми терминология жасау ісінде әуесқойлыққа салынып кетуден сақтану;
* мектептің бастауыш класс оқушылары мен ғылыми-көпшілік басылымның
оқырмандары үшін жазылған кітаптарда жат сөздерді қолданудан қашу;
* бүкіл өзбек халқы үшін ғылыми терминология бір мекеменің
басшылығында жасалуы, ол мекемеде көп жұртқа танымал, беделді
азаматтардың болуы;
- мектеп пен баспасөздің қызметіне үлкен маңыз бере
отырып, ғылыми терминологияны қалыптастырушы мекеме ретінде өзбек
білім комиссиясын ғылыми күш-қызметкерлермен, қаражатпен
қамтамасыз ету;
ғылыми терминология үшін сөздер, ең алдымен, халықтың
сөйлеу тілінен алынуы керек;
қазіргі сөйлеу тілінде аз қолданылып жүрсе де, кей сөздерді халық мұрасынан
— ескі ән, жыр, ертегілерден алып пайдалану қажеттігі айтылған.
"Егер осы аталғандар бойынша термин сөздер табылмаса, латынның ғылыми
терминологиясы қолданылуы керек. Латын тілі — халықаралық ғылыми тіл.
Европа мәдениетіне ұмтылған халық латын терминологиясынан қаша алмайды.
"Ал, араб, парсы және орыс тілдерінің сөздері термин ретінде халықтық
сөйлеу тілінде кең етек алып кеткен жағдайында қолданыла береді. Өзбек
тіліне латын сөздерін пайдаланудың үйлесімсіздігі болған кезде орыс сөзі
кәдеге жарайды" — делінген [22].
Тіл мәселесі Халел Досмұхамедұлының жадынан шықпаған, терең ой салған.
Содан осы тезистегі пікірлер кең түрде зерделі зерттеуге ұласып, кейін
"Қазақ тілінің сингармонизм заңы" атты белгілі еңбегі жазылды. Баяндама
өзбек тілінің ғылыми терминологиясына арнап жазылса да, қаны бір туыс туркі
халықтарының тіл мәселесін кең қозғайды.
Халел Досмұхамедұлы сонымен қатар, әдебиет мәселесі, соның ішінде
фольклортануға да көп көңіл бөлген.
Х.Досмұхамедұлының еңбектерінде көптеген терминдер кездеседі.
Фольклор саласына қатысты жыр, толғау, жырау, айтыс сияқты сөздер кездеседі
Жазба әдебиетіне байланысты мақтау хат, жазба әдебиет, оқу әдебиеті, рушыл-
ақын сияқты сөздер бар.
Қорыта айтқанда, Х.Досмұхамедұлының қазақ тілінің терминдерін
жасаудағы рөлі ерекше болды. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей ғалымның 1924
жылы жарық көрген "Қазақ тіліндегі сингармонизм заңы" атты еңбегінде қазақ
тілінің дыбыс жүйесіне қатысты кейбір мәселелер баяндалады. Түркі тілі —
жалғамалы тіл болғандықтан қосымша жалғанғанда сөздердің түбірі
өзгермейтінін, қазақ сөздерінің түбірі бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке
келуі сингармонизм заңдылығы екендігін айтып, "сингармонизм түрік тілінің
айрықша өзіне біткен қасиеті", - дейді. Кезінде Қ.Жұбанов "тек түбір мен
қосымшалардың арасындағы дыбыстар ғана емес, сөздің ішіндегі дыбыстар да
өзара үндесіп тұратындықтан қазақ сөздері бірыңғай жуан не жіңішке болады"
деген А.Байтұрсынұлы мен Х.Досмұхамедұлының пікірлерімен толық келісуге
болмайтынын білдірген еді. Себебі қайтемін, бірақ, әпербақан, мінтаздай
деген екі түбірден жасалған сөздер өзінің ішкі үндестігін (аггормоноизация)
жоғалтқанын, ал бұл құбылыс, К.Юдахин айтқандай, өзге тілдің әсері емес, өз
тіліміздің ішкі даму ерекшелігінен туындағанын айтқан болатын .
Сингармонизмді дауысты дыбыстарға қатысты деп караған Х.Досмұхамедұлы:
"Дауысты дыбыстар қалай айтылса, дауыссыз я жарты дауысты дыбыстар солай
айтылмақшы. Бір сөздің ішіндегі дауысты дыбыстар бірігіп, өзге дыбыстарға
ән береді, дауыссыз жартыдауысты дыбыстар өз алдына үн шығара алмайды,
дауыстылардың берген әнін ғана ұстайды. Дауыстылар — сөздің қалай айтылуын
билеп тұрған ұйғарушылар, әншілер. Дауыссыздар мен жарым дауыстылар
бұлардың соңына ерген дауыссыз нөкерлері болып шығады. Сондықтан
сингармонизм заңы дауыстылардың гармондесу заңы, я дауыстылардың гармония
заңы деп те айтылады",- деген еді [36]. Шындығында да дауыстылар дауыстан,
ал дауыссыздар салдырдан жасалады да, дауыстылар созып айтуға келетін
болғандықтан сөзге ән береді. Қ.Жұбанов дауыстыларды осы қасиетіне
байланысты әнші дыбыстар деп те атаған болатын. Ал дауыстылардың жуан-
жіңішке болуы көрші дауыссыздарға ықпал етіп, дауыстының сазына қарай
айтылуын қамтамасыз етеді. Бұл ерекшеліктерді Х.Досмұамедұлы дауыстылардың
гармониям, яғни сингармонизм деп білді. Қ.Жұбанов түбір мен қосымша
аралығындағы үндестікті сингармонизм деп түсіндірген. Сөйтіп, қазақ
фонетикасындағы сингармонизм заңдылығы туралы алғашқы
тұжырымдар Х.Досмұхамедұлы мен Қ.Жұбанов еңбектерінде көрініс тапты.
Демек, Х.Досмұхамедұлы дауыстылар мен дауыссыздардың акустикалық
ерекшеліктерін де тани білген. Ол жарты дауыстылар деп, А.Байтұрсынұлы
көрсеткендей, и, у дыбыстарын айтып, оларды дауыстыға да, дауыссызға да
қоспай, бөлек қарастырған. Сонымен бірге, сонор дыбыстардың басқа
дауыссыздарға қарағанда салдырынан үні басым болатын болса, Х.Досмұхамедұлы
и, у дыбыстарының табиғатын, олардың "үнсіз, мүлде сақау еместігін" дұрыс
байқаған. Осы орайда, Қ.Жұбанов сонорлардың салдыры мен үні тең деген еді.
Х.Досмұхамедұлы: "Бар сөздің я жуан, я жіңішке болып әр түрлі айтылуы қазақ-
қырғыз тіліндегі әр дыбыстың біресе жуан, біресе жіңішке болып қос
айтылуынан. Дыбыс жуан айтылғанда тілдің түбімен айтылып, тамақтан
(көмейден) шыққандай болып сезіледі. Сол дыбыс жіңішке айтылғанда тілдің
ұшымен сөйлегендей болып, ауыздың алдыңғы жағынан шыққандай болып сезіледі.
Дауысты дыбыстарда бұл анық байқалады, дауыссыз я жарты дауысты дыбыстарда
дүдамал сезіледі", - дейді. Осы пікір арқылы Х.Досмұхамедұлы қазақ тілі
дыбыстарының жасалуындағы артикуляциялық ерекшеліктерін де анық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz