Аридтену үрдісінің Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География факультеті
Физикалық география кафедрасы
Бітіру жұмысы
Аридтену үрдісінің Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсері
Орындаушы
4-курс студенті: И. И. Әміреева
Ғылыми жетекшісі:
б. ғ. д., профессор Ж. Ү. Мамытов
Норма бақылаушы: К. К Мақаш
аға оқытушы
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі,
г. ғ. к., доцент Ж. Н. Мұқашева
Алматы - 2007
Реферат
Бакалаврлық бітіру жұмысының тақырыбы: “ Аридтену үрдісінің Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсері”.
Жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бітіру жұмысының жалпы көлемі 51 беттен, 2суреттен тұрады.
Жұмыстың негізгі мақсаты-аридтену үрдісінің Сырдарияның төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсерін зерттеу.
Түйінді сөздер: шөлдену, аридтену, жер деградациясы, климат, топырақ.
Жұмысты орындау кезінде көптеген ғылыми материалдар және карталық әдебиеттер қолданыла отырып, 1:12 масштабтағы «Қызылорда облысының топырақтық-экологиялық» және «Топырақтың шөлденуі мен деградациясы» карталары құрастырылды. Оларды талқылап, мазмұндық сипаты мен шартты белгілері берілді.
Мазмұны
Беттері
Кіріспе . . . . 4
- Әдебиеттерге шолу. . . 6Қазақстанның топырақтарының аридтену жағдайлары . . . 6Қызылорда облысындағы топырақтардың аридтенуін зерттеу тарихы . . . 8
- Зерттеу нысандары мен әдістері. . . 11Сырдарияның төменгі ағысындағы алаптың физикалық-географиялық сипаттамасы . . . 11Геологиясы . . . 11Геоморфологиясы . . . 14Агроклиматтық жағдайының ерекшеліктері . . . 18Гидрографиясы . . . 20Топырақ-өсімдік жамылғысының сипаттамасы . . . 22Зерттеу әдістері . . . 26
- Аридтену үрдісінің Сырдарияның төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсері. . . 28Топырақтардың аридтенулерінің және шөлденулерінің негізгі себептері . . . 28Сырдарияның төменгі ағысындағы топырақтардың деградациялану нәтижелерін бағалаудағы шөлдену картасын құрастыру . . . 37Топырақтардың аридтенуі мен шөлдену үрдістерін тежейтін негізгі шаралар . . . 43
Тұжырымдық қорытындылар . . . 51
Әдебиеттер . . . 54
КІРІСПЕ
Казақстан Республикасында шөлдену мәселесі қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Шөлдену-куаңшылық зоналарының топырақтары мен өсімдік жамылғыларының аридизациясы мен биологиялық өнімділіктерінің азаюына алып келетін қайтарымсыз үрдіс ретінде жүретін табиғи құбылысқа жатады. Бұл үрдіс экстремалды жағдайларда биосфералық әлеуеттің толығымен бұзылып, зоналардың шөлге айналуына алып келеді [1] . Шөлдену үрдісі топырақ жабындығы мен өсімдік жамылғыларының деградацияга ұшырауынан, дефляция және су эрозияларының күшеюінен, қайталама сортаңданудың дамуынан, қабыршақты сор далалар алып жатқан аумақтардың көлемінің кеңеюінен және тағы басқа құбылыстардан байқалады.
Қазіргі кезде Республика аумағының 66%-ға жуығы шөлге айналған [2] . Орталык Азия мемлекеттерінің ішінде Қазақстан, шөлді зоналардың көлемі бойынша алдыңғы қатарлы орындардың бірінде болып саналады (1089, 4 мың шаршы метр) . Шөлдену үрдісінің дамуы табиғи, сондай-ақ антропогендік факторлардың әсерімен де байланысты. Қолайсыз табиғи үрдістердің дамуы зоналардың зоналық және азоналық ерекшеліктеріне байланысты болады. Зоналық ерекшеліктерге, ең алдымен, ғаламдық климат жағдайларының өзгеруін, жалпы аридизацияның күшеюін, эолды үрдістердің жылдамдауын жатқызуға болады. Ал, антропогендік факторлар осындай зоналарға тән табиғи үрдістердің артуына ғана, сонымен бірге, белгілі бір зонаға тән емес жаңа ерекшеліктердің пайда болуына да ықпал етеді.
Экожүйелердің деградацияға ұшырауы (шөлге айналуы) Қазакстанның
барлық табиғи зоналарында кездеседі. Республиканың көптеген облыстарындағы қауіпті радиациялык жағдай шөлдену және экологиялык дағдарыс үрдісімен де тікелей байланысты екендігі белгілі. Шөлдену үрдісі көптеген материалдық шығындарға, Республика халқының әлеуметтік және санитарлык-гигиеналық жағдайының нашарлауына алып келеді. Бұл үрдістердің нәтижелерінен табиғи ахуалдың жалпы шығындары елдің жалпы ұлттык табысына да әсер етеді. Осылардың жиынтығы қазіргі кездегі Қазақстанның экологиялық ахуалын өте күрделендіріп жіберді және шөлдену үрдісінің тереңдеуі мен кеңею беталысын туындатуда. Республика территориясындағы экологиялық жағдайдың жылдам нашарлауы шөлдену үрдісін ландшафттық деңгейде зерттеп, реттеуді қажет етеді. Бұл ретте ландшафттардың антропогендік әсерлерден деградацияға ұшырауының компонентаралық және ландшафтаралық байланыстарын, үрдістерін, ландшафттардың қызмет етуін (функциясын), дамуын және басқа да ерекшеліктерін зерттеу туындайды[3].
Ұсынып отырған, осы жұмыста Қазақстандағы шөлдену үрдісі жайында қолда бар мәліметтер талданып, жан-жақты талқыланды. Осының нәтижесінде Республикадағы жазықтардың шөлдену деңгейі мен үрдістеріне қарай аудандарға бөліну кестесі ұсынылып, оларды аудандарға бөліп, шөлдену үрдісінің даму, орналасу және кеңею бағытын зерттеу үшін, сондай-ақ шөлдену бұларды болдырмаудың алдын алу шараларын жүргізу үшін қажеттіліктерін көрсетуге тырыстық. Бағалау жағын қарастырғанда, шөлдену, адамзаттың қолайсыз әрекеттерінің салдарынан пайда болатын аридті, семиаридті және кұрғақ субгумидті аудандардың жерлерін деградацияға ұшырауы екендігі анықталды. Бұл тұжырымдама жер түсінігіне топырақтың, жергілікті судың, жер бедерінің, өсімдіктердің қасиеттері мен ауыл шаруашылык дақылдардың егілуі кіреді. Сонымен бірге Қазакстан Республикасындағы шөлдену үрдістерінің геоакпараттық жүйесін құру ұсынылып , деректер қорын құруға мүмкіндіктер берілді. Шөлдену үрдістерінің ГАЖ-сі аридтік геожүйелердің тұрақтылық механизмдерін, олардың қызмет ету, даму үрдістерін зерттеу, бүл мәселе бойынша ілімдерді талдап, шөлдену үрдістерінің әрі қарайғы өсу қарқынын болжау үшін оның географиялық-математикалық моделін жасап, шөлдену үрдісінің жағымсыз салдарын түрақтандыру немесе жою жөніндегі шешімдерді қабылдауға арналған маңызды міндет болып табылады.
Сонымен, ұсынылып отырған бакалаврлық бітіру жұмысының мақсаты-аридтену үрдісінің Сырдарияның төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсерін зерттеу
Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді шешуге тура келді:
- зерттелетін нысандардың қазіргі кездегі аридтену жағдайлары мен олардың зерттелу тарихына арналған ғылыми өдебиеттерге шолу жасау;
- зерттелетін нысандардың табиғаттық құрылымдарын сипаттау;
- топырақтардың аридтенулерінің және шөлденулерінің негізгі себептерін анықтау;
- Сырдарияның төменгі ағысындағы топырақтардың деградациялану нәтижелерін бағалаудағы шөлдену картасын құрастыру;
- осы аумақтағы аридтену мен шөлдену үрдістерін тежейтін негізгі шараларды анықтау
Жұмыс физикалық география кафедрасында және биология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Ү. Мамытовтың жетекшілігімен орындалғандықтан, кафедрадағы ұстаздарыма көптен-көп алғысымды білдіремін.
1. Әдебиеттерге шолу
- Қазақстанның топырақтарының аридтену жағдайлары
Қазақстандағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы табиғи және антропогендік себептерге байланысты болады. Бірақ, қазіргі кезде топырақ деградациясы өлеуметтік бақылаудан тыс қалып, адам іс-әрекеттерінің әсерлерінен жойқын болып жатыр. Ландшафтың басқа да компоненттері сияқты, топырақ деградациясы көптеген жағымсыз жағдай туғызады: оларды атап айтсақ, биологиялық өнімділіктің төмендеуіне, өсімдіктер мен жануарлар генофонының азаюына, биогеохимиялық циклдың бұзылуына, топырақтардың түзіліп, даму бағытына, жер беті альбедосының көлемі және климаттың өзгерулеріне душар етеді. Жоғарыда аталған үрдістер республака территориясының шөлденуіне әкеп соқтырады да, облыс, аудан және бүтіндей елдің әлеуметтік-экономикалық және демографиялық жағдайларына зор әсерін тигізеді[3, 4].
Топырақ деградациясы физикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді .
Бұл үрдістің негізгі факторлары мен нәтижелерін бөліп көрсету қажеттігі туындайды. Олар: 1) ауыл-шаруашылық, 2) өнеркәсіп, 3) энергетика, 4) урбандалу, 5) транспорт, 6) тұрмыстық қалдықтар, 7) туризм, демалыс, балық аулау және аңшылық, 8) климат пен құрлықтың аридтенуі. [5]
Жыл өткен сайын біз табиғи топырақтардан алшақтап, техногенді ластанған топырақтарды, яғни, технопедогенез нәтижесінде пайда болған топырақтарды танып, оқып үйренуге көшіп жатырмыз. В. А. Ковданың пікірінше “ . . . осыдан 50-70 жыл бұрын болған табиғи топырақтар қазір мүлдем жоқ. Топырақ өзгерісінің дәрежесі мен сипаты және олардың табиғи өнімділігі жергілікті және жалпы сипатта ғана болып қалды”, ал американ ғалымы Дж. А. Джоунс (1991 ж. ) атап көрсеткеніндей (4-тің сілтемесі), " . . . топырақ деградациясы адамзаттың жерді ысырапсыз пайдалануы мен ормандардың жоғары қарқындылықпен жойылып бара жатуымен тығыз байланысты". Осыдан келіп, топырақ деградациясы ауқымды және жаhандық құбылыстықмәселеге айналуда. Бұл туралы түрлі елдерде өтіп жатқан халықаралық форумдар мен іс-шараларда талқыланып жүр[6, 7] . Тіптен, 1983 ж. “Бүкіләлемдік топырақ саясаты” жарыққа шықты[8] .
Осындай халықаралық құжат және “Бүкіләлемдік топырақ саясатының орындалуы туралы бағдарламалар” 1984ж. “Почвоведение” журналында жарық көрді. Бұл бағдарламада топырақ қорларының жіктелуі, бағасы, болжамы, тиімді пайдаланулары мен қорғау туралы мәселелері қарастырылған. [9]
Сонымен, басылымдарда жарық көрген мәліметтерден топырақ деградациясын зерттеудің теориялық негізі әлі толық ашылмағанын байқауға болады. Бұл бағыттағы ең басты мәселелердің бірі-топырақ деградациясының болжамы мен зерттеудің жалпы әдістерін жасау болып табылады.
Ормандардың жойылуы, шөлдену мен топырақ деградациясының уақытша және жалпылай сипаттамасын алу үшін Дж. А:Джоунз (1991 ж. ) 4 ұсыныс жасайды: 1) карталар; 2) өзгерістердің фиксациясы; 3) олардың пайда болуының жеке мысалдарын зерттеу; 4) мониторинг. Жоғарыда көрсетілген ұсыныстардың 3-еуі сапалы және сандық қатынаста В:В: Докучаев ат. Топырақтану Институты мен Мәскеу университетінің (Солнцева, Герасимова, Рубилина, 1990) топырақтанушылары жасап шықты. Олар, негізінен, Ресейдің Европа бөлігіндегі гумидті зоналарының техногенді-қайта пайда болған топырақтарының жіктелу негізін жасады.
Қазақстандағы топырақ деградациясының мәселелері - Ж. У. Аханов, Э. А. Соколенко (1990), М. Е. Бельгибаев, В. Е. Минят, 1995; М. Е. Бельгибаев, Т. Д. Джалакузов, 1996 және т. б. ғалымдардың жұмыстарында келтірілген.
Бұл жұмыстар, негізінен, екі бағытта жүргізілген: 1) топырақтарды жел және су эрозиясынан қорғау; 2) татехникалық жұмыстары барысында бұзылған жерлерді қалпына келтіру. Бірақ та, жоғарыда көрсетілген жағдайлар топырақты эрозия мен дефляциядан қорғау жұмыстары мүлдем жүргізілмейтіндігін көрсетеді. Бұл, ұзақ уақыттан бері топырақтану және басқа да ғылыми бағыттағы ғылымның (экология, ботаника, ландшафтану, геоморфология, ландшафт геохимиясы, агроэкология және т. б. ) ғылыми-техникалық және өндірістік мәселесі болып табылады[10].
Дефляцияның өсу және күшею тенденциясы оңтүстік бағытта, ал, эрозия солтүстік аудандарда, таулы және тауалды аудандарында айқын байқалуда.
Бұл процестер антропогендік факторлардың әсерінен пайда болады. Табиғи жағдайларда сортаң топырақтар көлемінің артуына климаттық фактор-климат пен құрлықтың аридтенуінің күшеюі жағдай жасайды. Бұл процесс орманды-дала зонасынан басталып, келесі зонашықтарда айтарлықтай аудан көлемінде байқалады. Қазіргі кезде климаттың жаhандық жылынуының орташа жылдық көрсеткіші +0. 53°С-ды құрайды. Солтүстік Қазақстан метеостанциясында, автордың келтірген мәліметтерінің қорытындысы бойынша, соңғы 60-100 жылда орташа жылдық температура 1. 8-2. 0°С-қа дейін артқан (Бельгибаев, 1997) . Бұл жаhандық климаттың жылынуынан орташа есеппен 4 есеге дейін жоғары.
Климаттық жоғарыда көрсетілген параметрлерінің (температура, келешектегі даму тенденциясын көрсетеді) салдары Қазақстанның табиғат зоналарының біртіндеп солтүстік бағытқа жылжып бара жатқандығын көрсетеді.
Бұның, ең біріншіден, Солтүстік және Орталық Қазақстанға қатысы бар. Дала зонасы орманды-дала зонасына, соңғысы Сібірдегі орманды зонаға қарай ауысып барады. Климат пен құрлықтың аридтенуінің өсуі тұзды топырақтардың-сор және сортаңдардың көлемінің артуына әкеп соқтырады. Бұған, Оңтүстік Қазақстаннан Солтүстік Қазақстанға ауа арқылы баратын тұздар себеп болатын көрінеді. Дәл осындай қорытындыға жақын арада Топырақтану және агрохимия Институтының ғалымдары тоқталды.
Топырақ эволюциясы, олардың тұрақтылығы мен деградациясы бір-бірімен байланысты категориялар және мәселелер екендігін атап өту керек[4].
Қорытындыға Қазақстан топырақтары деградациясының зерттеліп жүрген мәселелердің негізгі топырақтарына тоқталайық:
- техногенді-қайта пайда болған топырақтардың бағасы, классификациясы және картографиясы;
- антропогенді-қайта пайда болған топырақтардың ұлттық классификациясының ФАО ЮНЕСКО (1988), американдық және Ресей (1966) классификацияларымен байланысты.
- Топырақ деградация индикаторларының білінуі;
- Топырақ деградациясының болжамы;
- Топырақ деградациясы мониторингінің топырақ жабындығының фондық мониторингімен қатарласуы;
- Топырақ деградациясының уақытша және кеңістік бойынша өзгеруі;
- Топырақ деградациясы және азық-түлік мәселесі;
- Топырақ деградациясы және олардың экологиялық салдары;
- Антропогенді-қайта пайда болған топырақтарды қалпрына келтіру, қорғау және өнімділігін арттырытын ішараларды ұйымдастыру.
Соңғы бөлікті міндетті түрде кең ауқымда жүргізу қажет. Бұл жерде, іс-шараларды жүргізу республика көлемінде, сондай-ақ, топырақтық-климат жағдайлары ұқсас өзге елдер, яғни дүниежүзілік көлемде қарастырылуы жайлы сөз болып отыр. Мәселен, бұл мәселе 1994ж., Парижде БҰҰ-ның шөлденуге қарсы концепциясында көрініс алды. Антропогендік-қайта пайда болған топырақтардың өнімділігін қалпына келтіру жайлы материалдарды міндетті түрде қарастыру қажет.
- Қызылорда облысындағы топырақтардың аридтенуін зерттеу тарихы
Топырақ жабындығы құрылымының өзгеруін 1952 жылы ҚазКСР ҒА Топырақтану Институты жасаған Қызылорда гидроузелінен басталып, әрі Жусалы станциясымен жалғасып, солтүстік және солтүстік-шығысында өзен арасымен, ал батысында-Жусан даласымен, оңтүстігінде Жаңадария жазығының солтүстігі арқылы өтетін оңтүстік коллектормен байланысып жатыр. Ауданы 377, 2 мың га.
Массивтегі топырақ түзілу процесі, ертеректе, Сырдария өзенінің күшті су тасқындарына байланысты жүрген. Ал, 1960 жылдан бастап, өзен суын реттеуге байланысты негізгі су балансының өтуі-суармалы суға байланысты болады. Топырақтың аридтенуі келесі стратегиялар бойыша жүруде: кебу-шөлдену-тақырлану, яғни, топырақ пен грунт суларынна тұздар жиналуда[10].
Аллювийлі-шалғынды тоғай топырақтары трансформацияның нәтижесіде аллювийлі-шалғынды кепкен және кей жерлерде типтік және шалғынды-сортаң топырақтарға айналуда. Бұрынғы аллювийлі-шалғынды топырақтар әлсіз-тұзды және грунт суларының жақын орналасқан жерінде дамыған болатын, ал әлсіз және күшті су кезеңдерінің кезектесіп келуі топырақ қабатында тұздың жиналуына себеп болады.
Сырдария ағыны реттеуден кейін, мұнда стихиялық жарылымдардың болуы тоқталды, ал олардың астыңғы бөлігіндегі топырақ кеуіп, ирригациялық каналдарға айналды. Нәтижесінде кей жерлерде грунт сулары біршама төмендеді, бірақ Шіркейлі-Маданият салаларының арна алды зонасында олар жердің беткі қабатына жақындаған болатын. Мұнда топырақ сумен шайылмайтындықтан, ондағы тұздың мөлшері барған сайын арта түсуде. Алқап топырағының трансформацияға ұшырауының негізгі себебі-мелиорация жұмыстарын жүргізбей, суруда. Мұның барлығы, ағынсыз грунт сулары жағдайында топырақтың қайта тұздануына әкеп соғады.
Сонымен қатар, алқаптың кебу территориясында батпақты және шалғынды-батпақты топырақ мөлшері арта түсуде.
Тақыр тәріздес топырақтар ауданының біршама азайғаны байқалады. Жусан даласында тақыр тәріздес топырақтарды игеру нәтижесінде, олар біртідеп батпақты жәе аллювийлі-тұзданға топырақтарға айналуда, бірақ басым түрде сортаңға айналуда. Сортаңдардың пайда болуына Жусан даласының қолайсыз гидрогеологиялық-мелиоративті жағдайлары себеп болды.
Өзен ағынын Шардара су қоймасы және Қызылорда бөгені арқылы реттеу-Қызылорда алқабының гидрологиялық режиміне айтарлықтай өзгерістер әкелді. 1947-52 және 1960-63 жж. геологиялық карталарда біріктірілген, М. А. Погребенскийдің (1969ж. ) мәліметтері бойынша алқаптың шығыс және орталық бөліктеріндегі грунт суларының деңгейі 0, 5-0, 9 м-ге дейін, ал батысында 1, 1-1, 8 м-ге дейін төмендеп кеткен. Тұзды су көлемі азайып, сәйкесінше, тұзды грунт суларының ауданы көбеюде, ал грунт суларының режимі гидрологиялықтан ирригациялық типке ауысты.
Сәйкесінше, тұз жиналу жағдайы да өзгерді. Сырдария суындағы тұздардың құрамы 50-жылдары, 0, 6 г/л-ді құрады (ион ағыны жылына 12 мн. т шамасында) . Бір жылдың ішінде алқапқа 1, 4 млн. т тұз жиналған.
Содан кейін болған топырақ жабындығының, мелиоративті және басқа да табиғи жағдайлардың өзгеруіне ҚазКСР ҒА топырақтану, ботаника және зоология институттарының мамандары сараптама жасады. Сараптама қорытындысы көрсеткеніндей, Шардара суқоймасының іске қосылуы, Сырдария ағысының кемуі Қызылорда облысының табиғи жағдайына үлкен өзгерістер әкелді.
Мұның барлығы төменгі салалардың климатының аридтенуіне, территорияның құрғауына, көлдердің жоғалуына топырақтың шөлденуіне және оның құнарлылығының кемуіне әкеп соқтырды. Өзен суының минералдық құрамының арту процесі әлі де болса өз жалғасын табуда. Болжамдарға сәйкес (Стпанов, Чембарисов, 1978 ж. ) 2000 жылы Сырдария өзеніндегі тұз мөлшері 3, 5 г/л-ге дейін өседі деп болжануда, ал ол су ағынының кемуіне қарамастан, топырақ пен грунт суларына тұздың жинала беруіне ықпал жасайды. Мәселен, Қызылорда алқабының сол жақ жағалауында жылыны еріген тұздардың тұздық балансының сальдосы +2, 01 млн. т-ны құрайды.
Жоғарыда атап көрсетілгеніндей, грунт суларының баланстық қоры кему үстінде. Олар суармалы судың инфильтрациясы арқылы қоректенеді. Қызылорда алқабының сол жақ жағалауында соңғы 10 жыл көлемінде грунт сулары 1-1, 5 м. тереңдікке дейін төмендеп кетті.
Төменгі ағыста гидрологиялық және гидрогеологиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты, топырақ жабындығының эволюциясы мен сапалық трансформациясы жүрді.
Шөлдену үрдісі барысында, топырақ айтарлықтай гумустық қабатынан айрылады және ол қайта қалпына келмейді. Шалғынды жердің топырағы үшін гумустан айрылу 13-27, батпақты топырақ үшін 33-35 т/га-ға сәйкес келеді. Аридтену үрдісі кезінде азоттың қоры да азайып кетеді. Ал, фосфор айтарлықтай төмендемейді. Жалпы айтқанда, Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы мелиоративтік жағдай бұл жерде мелиоративті іс-шаралар жүргізуді талап етеді.
Жоғарыда атап көрсетілгеніндей, Арал теңізі деңгейінің төмендеп, түбінің құрғау процесі қарқынды түрде жүруде. Мұнда топырақ жабындығының жаңа құрылымдық ландшафтары тез қалыптасуда. Жағалаудың солтүстік-шығыс, яғни, галофитті өсімдіктерге кедей, грунт сулары тұзданған бөлігін ауылшаруашылығы үшін пайдалануға болмайды.
Гидрологиялық жағдайдың нашарлап, тоғай, көлдердің азаюы құстардың көптеген түрінің санының өзгеруіне әкеп соқтыруда. ҚазКСР ҒА Зоология Институтының мәліметтері бойынша, Сырдарияның төменгі ағысының авиафаунасы 40-жылдары 319 құс түрінен, оның ішінде 173-і-ұя салатын, 123-і-ұшып келетін және 23-і-сирек ұшып келетін түрлерінен тұрған болатын. Олардың ішіндегі басым түрлері: пеликандар, бакландар, аққулар және үйректер мен қаздар, шағалалар болатын. Бұрын мекендеген колониялы құстар қазір мүлдем жоқ.
Гидроморфты топырақтың өзгеру қарқындылығы аридті климат жағдайына тікелей байланысты. Сырдарияның қазіргі атырауының гидроморфты топырақтары жартылай автоморфты даму этапына көше отырып, өзіне тән, өнім беретін қасиеттерінен айырылып жатыр[11].
- Зерттеу нысандары мен әдістеріСырдарияның төменгі ағысындағы алаптың физикалық-географиялық сипаттамасыГеологиясы
Солтүстік Қызылқұм территориясы «жабық» түрге жатады және жазық бетінде палеозой жыныстарының болмауымен сипатталады. Палеозой жыныстары мезозой және кайнозой құрылымдарының қалың жабынының астында жатыр. Мұнда төрттік шөгінділер кең тараған[12].
Палеозой жыныстары 400-2400 м тереңдікте жатыр. Бұрғылау деректері бойынша олар құмтас, қиыршық тас қабаттары бар әктастардан құралған, олардың өз аралық қатынасы және қалыңдығы белгісіз.
Мезозой шөгінділерінен юра және бор шөгінділері кең таралған. Соңғылары төменгі және жоғары бөлімдерге бөлінеді. Юра жыныстары аудан территориясында шектеулі түрде дамыған. Олар палеозой шөгінділеріне сәйкес. Көбінде әр түрлі фациядағы юра шөгінділері жеке кішкене ойыстарды құрайды.
Юра жыныстары палеозой фундаментінің ойыңқы жерінде, 2000-2400 метр тереңдікте табылды. Мұнда құмтас және алевриттер кездеседі, олардың қалыңдығы 20-70 метр.
Бор жүйесі . Бор шөгінділері ауданның батыс бөлігінде кең тараған.
Төменгі бөлім . Бұл кезеңнің шөгінділері бұрғылау нәтижесінде ашылды. Ол ара ала құла алеврит және боксит линзалары қабатшалары бар карбонатсыз аргилиттер түрінде көрсетілген. Шөгінділердің қалыңдығы 40-70 метр. Бор жүйесінің шөгінділеріне қоңыр алеврит жатады. Оларды сипаттайтын негізгі белгісі карбонаттылығы. Шөгінділердің қалыңдығы 40-60 метр. Мұнда шөгінділердің көлденең қимасында әртүрлі түйірлі құмтастар мен қиыршық тастар көп кездеседі.
Альпі шөгінділері Сырдария өзенінің сол жағында жүргізілген барлық терең саңылауларында ашылған. Альпінің көптеген кесінділерінде екі литологиялық бума төменгі-лагунді теңіз және жоғарғы-континентальды болып бөлінеді. Төменгі бума ала құла - қызыл, сары және дақты алевриттер, саз және майда және жұқа түйірлі құмтастар түрінде көрсетілген.
Жоғарғы бума ашық қызыл, қызғыш майда түйірлі құмдар, құмтастар және олардың арасында кездесетін алевролиттер мен саздардар тұрады. Жоғарғы континентальды қабаттың қалыңдығы 100-150 метр.
Жоғарғы бор шөгінділері төменгі борға қарағанда кең тараған. Олар жолақ түрінде Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінен, солтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Солтүстік-батыста олар жас шөгінділермен жасырынып жатыр, ал Қаратау жотасынан оңтүстік-батысқа қарай палеоген және жас шөгінділермен жабылған, бірақ олар Сырдария өзенінің оң жағасында, сонымен қатар батысқа қарай Қызылқұмда көптеген бұрғылау қуыстарымен қиылысады. Тек жеке бөліктерге ғана жоғарғы бор жыныстары жер бетінде жалаңаштанған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz