Сақ ескерткіштері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2

І.Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.2 Бесшатыр және Есік типтес ескерткіштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

II.тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері ... ... ... ... ... ...

1.1 Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі ... ... ...

1.2 Түгіскен және Ұйғарақ ескерткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

III.тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері ... ... ... ...

1.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі ... ... ... ...

1.2 Берел , Шілікті және Майәмір типтес ескерткіштер ... ... ... ... ... ... ... ...

ІҮ.тарау.Орталық Қазақстан сақ ескерткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ...



Ү.тарау.Солтүстік Қазақстан сақ ескерткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ...



Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
Тақырыптың өзектілігі: Жалпы ерте темір кезенінің басты көрсеткіші болып табылатын археологиялық ескерткіштердің хронологиялық диапозонының кендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге сақ дүниесі шеңберінде болған тығыз мәдени – шаруашылық байланыстар археологиялық материалдардан да анық көрініс табады. Осы ретте қорғандардың архитектуралық құрылысын, ондағы табылған олжаларды зерттеулер мен топтау мәдени – тарихи кезендерді түйіндеуге және осы мәдениеттерді жасаған сақ тайпаларының даму деңгейін саралауға мүмкіндік туғызады. Ерте темір дәуірінің ескерткіштері бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады, себебі Қазақ халқының бастаулары бастаулары осында жатыр. Қазіргі кезде ел басымыздың жарлығы бойынша құрылған «мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Қазақстан өңіріндегі барлық тарихи – географиялық аймақтарды қорғауға алынуына сәйкес тарихи ескерткіштерге баса назар аударылуда. Ескерткіштерді қайта жанғыртып, оларға ғылыми археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін үкімет тарапынан жыл сайын қаржы бөлінеді, осынын негізінде археологиялық экспедициялар жасақталып тарихтын қыр-сырларын ашуға тырысады.Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ерте темір дәуірінің ескерткіштерінің зерттелуін негізгі екі топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топқа отандық ғаламдар тобы, оған Черников С.С, Толстов С.П, Грязнов М.П, Андрианов Б.П және басқаларды жатқызамыз. Аталмыш ғалымдар Қазақстан территориясындағы көне ескерткіштерге алғаш болып археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, осының нәтижелерінде бұл өңірлердің археологиялық карталары, хронологиялары, кезеңдемелері мен жаңадан қорымдар ашылды. Екінші топқа тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы археолог ғалымдарды атауға болады. Оған Ақышев Қ.А, Байпақов К.М, Ақынжанов С.М, Самашев З.С, сынды ғалымдар.Аталмыш ғалымдар ірі археологиялық экспедициялар ұйымдастырып, онда қазба жұмыстарымен айналысты,бірінші кезекте қирай бастаған және жаңадан салынған құрылыс аймағында орналасқан нысандарға назар аударылуда.Жаңа материалдарды шоғырлану үрдісі жүріп жатыр, оларды жүйелеу, талдау жаңа еңбектер шығаруда. Қазіргі кезде археологтар жаңа құрал-жабдықтарды пайдалана отырып ескерткіштердің ашылмаған тұстарын тереңірек зерттеуде. Бұл өңірлердің ескерткіштері, жерлеу ғұрыптары, материалдық заттары, шаруашылығы қазіргі кезде айтарлықтай зерттелген, сондықтан қорымдарды зерттеуде өзекті мәселелердің бірі ерте темір дәуірінің қоныстарын зерттеу болып табылады. Бұл мәселемен қазіргі таңда Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология және Этнография Институты және тағыда басқа ғылыми мекемелер айналысуда.Бірақ та бұл археологиялық ескерткіштердің барлығы да осы уақытқа дейін өз қалпында жетпегенін ескергеннің өзінде әлі де құңды жаңалықтар өз ашылуын күтуде.
1. Агеева Е.И. Курганные могильники ранних кочевников северо-восточной части Алма-Атинской области.// Изв. АН Каз. ССР, Сер. истор., археологий, этнографий 1959 вып. 3 ( II), 83-85 сс.
2. Андрианов Б.В. Древние оросительные системы Приаралья. М., 1969, 192-199 сс.
3. Акишев А.К. Курган Иссык. Москва, 1978, 142-145 сс.
4. Акишев А.К. Искусство и идеология саков.А., 1984., 154-156 сс.
5. Акишев А.К., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. А., 1963, 140-141 сс.
6. Арсланова Ф.Х. Погребальный комплекс VIII-VII вв. д.н.э. из Восточного Казахстана. Сб. « В глубь веков», А., 1974, 63-67 сс.
7.Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. Алма-Ата, 1987.
8.
8.Бернштам А.Н. Основные этапы историй культуры Семиречья
и Тянь- Шаня // СА. Т. XI. Москва,
9.Вишневская О.А., Итина М.А. Ранние саки Приаралья. // Проблемы сакской археологий.- МИА. М., 1971, 197-208 сс.
10.Вишневская О.А. Культура сакских племен низовьев Сырдарьи в VII-V вв д.н.э. М., 1973, 170-172 сс.
11. Грязнов М.П. Памятники майэмирского этапа эпохи ранних дүние кочевников на Алтае. // КСИИМК, XVIII, 1947, 60-63 сс.
12. Жетісу энциклопедиясы. А., 2004.
13. Кадырбаев М.К. Курганные некрополи верховьев р. Илек // Древности Евразий в скифо-сарматское время. Москва, 1984, 141-143 сс.
14. Қазақстан тарихы. 1 том, А., 1996 ж.
15.Максимова А.Г. Курганы сакского времени могильника Жуантобе.
КСИИМК, 1960, вып. 80, 60-64 сс.
16. Мартынов Г.С. Иссыкские находки. // Краткие сообщения ИИМК, вып. 59, 1955, 150-156 сс.
17. Сорокин С.С. Памятники ранних кочевников в верховьях Бухтармы. АСГЭ, 8, 1966, 57-59 сс.
18. Степная полоса Азиатской части СССР в скифо-сарматское время. Москва, 1982.
19. Толстов С.П., Итина М.А. Саки низовьев Сыр-Дарьи ( по материалом Тагискена ). – СА, 1966, № 2, 151-175 сс.
20.Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. М., 1962. 210-212 сс.
21. Черников С.С. Загадка золотого кургана. 1965, 65-66 сс.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2

І-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ
ескерткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... . ... ... ...

1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..

1.2 Бесшатыр және Есік типтес
ескерткіштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері ... ... ... ... ... .. ..

1.1 Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің
зерттелуі ... ... ...

1.2 Түгіскен және Ұйғарақ
ескерткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... . ... ... ... ... .

III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері ... ... ... ...

1.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің
зерттелуі ... ... ... ...

1.2 Берел , Шілікті және Майәмір типтес
ескерткіштер ... ... ... ... ... ... ... ...

ІҮ-тарау.Орталық Қазақстан сақ
ескерткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... .

Ү-тарау.Солтүстік Қазақстан сақ
ескерткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .36

Пайдаланған әдебиеттер мен деректер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Жалпы ерте темір кезенінің басты көрсеткіші
болып табылатын археологиялық ескерткіштердің хронологиялық
диапозонының кендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге сақ дүниесі
шеңберінде болған тығыз мәдени – шаруашылық байланыстар
археологиялық материалдардан да анық көрініс табады. Осы ретте
қорғандардың архитектуралық құрылысын, ондағы табылған олжаларды
зерттеулер мен топтау мәдени – тарихи кезендерді түйіндеуге және
осы мәдениеттерді жасаған сақ тайпаларының даму деңгейін саралауға
мүмкіндік туғызады. Ерте темір дәуірінің ескерткіштері бүгінгі
таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады, себебі Қазақ
халқының бастаулары бастаулары осында жатыр. Қазіргі кезде ел
басымыздың жарлығы бойынша құрылған мәдени мұра бағдарламасы
бойынша Қазақстан өңіріндегі барлық тарихи – географиялық
аймақтарды қорғауға алынуына сәйкес тарихи ескерткіштерге баса
назар аударылуда. Ескерткіштерді қайта жанғыртып, оларға ғылыми
археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін үкімет тарапынан жыл
сайын қаржы бөлінеді, осынын негізінде археологиялық экспедициялар
жасақталып тарихтын қыр-сырларын ашуға тырысады.Оңтүстік және Шығыс
Қазақстан өңіріндегі ерте темір дәуірінің ескерткіштерінің
зерттелуін негізгі екі топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші
топқа отандық ғаламдар тобы, оған Черников С.С, Толстов С.П,
Грязнов М.П, Андрианов Б.П және басқаларды жатқызамыз. Аталмыш
ғалымдар Қазақстан территориясындағы көне ескерткіштерге алғаш
болып археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, осының
нәтижелерінде бұл өңірлердің археологиялық карталары,
хронологиялары, кезеңдемелері мен жаңадан қорымдар ашылды. Екінші
топқа тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы археолог ғалымдарды
атауға болады. Оған Ақышев Қ.А, Байпақов К.М, Ақынжанов С.М,
Самашев З.С, сынды ғалымдар.Аталмыш ғалымдар ірі археологиялық
экспедициялар ұйымдастырып, онда қазба жұмыстарымен
айналысты,бірінші кезекте қирай бастаған және жаңадан салынған
құрылыс аймағында орналасқан нысандарға назар аударылуда.Жаңа
материалдарды шоғырлану үрдісі жүріп жатыр, оларды жүйелеу, талдау
жаңа еңбектер шығаруда. Қазіргі кезде археологтар жаңа құрал-
жабдықтарды пайдалана отырып ескерткіштердің ашылмаған тұстарын
тереңірек зерттеуде. Бұл өңірлердің ескерткіштері, жерлеу
ғұрыптары, материалдық заттары, шаруашылығы қазіргі кезде
айтарлықтай зерттелген, сондықтан қорымдарды зерттеуде өзекті
мәселелердің бірі ерте темір дәуірінің қоныстарын зерттеу болып
табылады. Бұл мәселемен қазіргі таңда Ә.Х.Марғұлан атындағы
Археология және Этнография Институты және тағыда басқа ғылыми
мекемелер айналысуда.Бірақ та бұл археологиялық ескерткіштердің
барлығы да осы уақытқа дейін өз қалпында жетпегенін ескергеннің
өзінде әлі де құңды жаңалықтар өз ашылуын күтуде.
Деректік негіздеме: Мен өзімнің курстық жұмысымды жазғанда
негізінен археологиялық деректерді қолдандым. Оның ішінде белгілі
археолог ғалымдардың еңбектерін пайдаландым. Атап айтсақ:
К.А.Ақышев, А.Н.Бернштам, М.Қ Қадырбаев, С.П.Толстов, М.П.Грязнов,
С.С.Черников және т.б.Сонымен бірге қазіргі кездегі жарияланып
жүрген ғылыми журналдар мен окулықтарды пайдаландым.

Тақырыптың зерттелу деңгейі :
Тақырыптың зерттелу тарихын негізінен үш географиалық аймаққа
бөліп қарастырдым.
Алғашқысы Жетісу өңірі. Бұл өңір жайлы ең алғаш рет
Ш.Ш.Уалиханов, пен Н.Н.Пантусов Жетісу өлкесінің археологиялық
ескерткіштері мен тарихы туралы құнды мәліметтер берді. 1893-1894
жылдары белгілі шығыстанушы ғалым В.В.Бартольд Шу мен Талас
алқабының, Ыстықкөл Қазаншұңқыры мен Іле алқабының ескерткіштері
жайында Отчет о поездке в Среднюю Азию с научной целью атты
еңбегінде атап өтеді. Тіпті осы іс-сапарында Синьцзяннан келген
белгісіз көпестің тапсырмасымен қорғандардан құнды жәдігерлерді
тонаумен айналысатын топтардың іс - әрекеті жайлы да жазып
кетеді [8, 57-59 ].
Жетісу жеріндегі сақ ескерткіштерін зерттеу ХХ ғасырдың 30 –
жылдарынан бастап Қазақстан жерінде бірқатар археологиялық
экспедициялар жұмыстары жүргізіле басталады. Сақ тайпаларының
отырықшы мәдениеті мен мәдени дәстүрлерінің ерекшілігі мен
өзгешеліктерін анықтау мақсатында КСРО ҒА Қазақ филиалын
ұйымдастырған. А.Н.Бернштам басшылық еткен Жетісу мен Қазақстанның
Оңтүстігіндегі экспедициялар белсенді түрде зерттеу жұмыстарын
жүргізді. Осындай іргелі мәселелердің маңыздылығың ашып көрсетуде
Ғалым Алматы маңындағы Қарғалы, Талас аңғарларындағы Кеңқол
обалары, Үлкен Шу каналы бойында жүргізген ғылыми ізденістерінің
нәтіжесінде қол жеткізді. Жетісудың ерте көшпенділерін зерттеуге
Қ.А.Ақышев, Е.И.Агеева, Г.А.Кушаев, Н.И.Копылов, А.Г.Максимова,
Б.Н.Нұрмұхамбетов сияқты ғалымдардың да үлесі болды. 1954 жылдан
бастап Тарих, Археология, Этнография институты Қапшағай ГЭС – нің
салынуына байланысты Қ.А.Ақышевтің басшылығымен Іле археологиялық
экспедициясы ұйымдастырылды. Бұл кезеннің басты ерекшілігі, ХХ
ғасырдың 50 жылдарынан бастап ғылыми зерттеу жұмыстары барысында
Жетісудың көне тарихын көптеген қалтарыс тұстары ашылып сақ
дәуірінің Жалпы ерте темір кезенінің басты көрсеткіші болып
табылатын археологиялық ескерткіштердің хронологиялық диапозонының
кендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге сақ дүниесі шеңберінде
болған тығыз мәдени – шаруашылық байланыстар археологиялық
материалдардан да анық көрініс табады. Осы ретте қорғандардың
архитектуралық құрылысын, ондағы табылған олжаларды зерттеулер мен
топтау мәдени – тарихи кезендерді түйіндеуге және осы мәдениеттерді
жасаған сақ тайпаларының даму деңгейін саралауға мүмкіндік
туғызады.ескерткіштерін зерттеудің өлшеуші үлгісі іспеттес
ескерткіштердің тізбегі ғылыми айналымға енгізілді [ 3, 142 ].
Бұл өңірдің зерттеулі тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары
жалғасын тауып жатты , оның ішінде К.М.Байпақов, Б.Н.Нұрмұхамбетов,
Ф.П.Григорьев, Ю.А.Мотов, З.С.Самашев сынды т.б ғалымдары атап
өтуге болады. Бұл өңірдің археологиялық ескерткіштерінің зерттелу
деңгейі жеткілікті емес, сондықтан келешекте атқарылатын
археологиялық деректердің негізінде көне тарихымыз жүйелі түрде
зерттеледі деп ойлаймын.
Екінші аймақ – бұл Шығыс Қазақстан өңірі, бұл өңірді зерттеу
ХҮІІІ ғасырдың басынан басталады. Оған Д.Г.Мессершмидт,
Г.Ф.Миллер, И.Г.Гмелин сияқты ірі ғалымдарды атап өтуге болады. Ең
алғашты археологиялық қазба жұмыстар В.В.Радловтың есімімен
байланысты, ол осы өңірді зерттей келе ежелгі ескерткіштерді
алғашқы кесте түрінде кезендеуді ұсынды. 1911жылы В.А.Адрианов
Бұқтырма аймағындағы қорғандарға қазба жұмыстарын жүргізді, соның
нәтижесінде Шығыс Қазақстан өңірінің ерте темір дәуірінің
көшпенділерінің мәдениеттерінің кезендері аңықталды. Ал 1935
жылдан бастап Ертіс пен Тарбағатай аумақтарын С.С.Черников
зерттеді, ол негізінен осы өңірдегі ескерткіштердің хронологиясымен
айналысты. С.С.Черников Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ
мәдениеттерің үш кезенге бөліп қарастырады. С.С.Черниковтан кейін
Ертіс аңғарында Археологиялық зерттеулерді Ф.Х.А.рслановтың
басшылығымен Өскемен педагогикалық институтының экспедициясы
жалғастырды, (1960-70 жылдары). Бұл өңірдің сақ ескерткіштерінің
қорытынды жұмыстары М.Қ.Қадырбаевтің – Қазақ ССР тарихы тарауында
жазылды [ 20, 65., 13, 141].
Қазіргі кезде де Шығыс Қазақстан өңірін зерттеу жұмыстары
одан әрі жалғасуда, оған К.М.Байпақов,З.С.Самашев, А.С.Ермолаева,
Шілікті экспедициясының басшысы Ә.Т.Ташкенұлы сияқты ғалымдарды
атап өтуге болады.
Үшінші аймақ- Оңтүстік Қазақстан өңірі болып табылады. Бұл
өңірдің ескерткіштерін зерттеу мәселесі XIX ғасырдың басында
басталды. Бұл зерттеулер ежелгі антикалық деректер мен, орта
ғасырлық саяхатшылар мен, Географтардың арнайы хаттарында айтылады.
1946 жылдан бастап КСРО Ғ.А. Хорезм экспедициясы Оңтүстік
аудандарда археологиялық зерттеу жұмыстарын бастайды. Осы
экспедицияның зерттеу нәтижелерінде осы аймақта көптеген
ескерткіштер жиынтығы табылады, оның ішінде ең ірілерінің бірі
болып-Шырық-Рабат қаласы болады. Қазақстанның Оңтүстік өңірін
зерттеген ғалымдар қатарына Б.П.Адрианов, М.А.Итина, А.С.Кейс,
С.П.Толстов, Т.А.Жданко және т.б. ғалымдарды айтуға болады. 1957-60
жылдары Шырық-Рабат, Бәбіш-молда, Баланды сияқты ескерткіштерге
археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді, осының негізінде жаңа
қорымдар ашылды, ежелгі қоныстардың қалдықтары табылды [ 2, 192.,
19, 210 ].
1960-63 жылдары Түгіскен үстіртінде Оңтүстік және Солтүстік
Түгіскен қорғандары ашылды. Жалпы Оңтүстік өңірде Сыр бойы мен Арал
маңындағы ескерткіштері қазіргі кезде өте аз зерттелуде. Осыған
байланысты болашақта бұл өңірдің ерте темір дәуірінің ескерткіштері
өз деңгейінде зерттеледі деген сенімдемін.
Бүгінгі күні Қазақстанның археологтары да ерте темір
дәуірінің қорғандарынан көптеген көне материалдық заттар тауып,
дүние жүзінің мәдени коллекциясын толықтыруда.Мәселен Қ.А.Ақышевтің
Есік обасы мен З.С.Самащевтің Берел обасынан сақтардың құнды
заттары табылды. Сақтар өз қорғандарын сондықтан мақтан тұтқан.
Мұндай бай қорғандар Египеттегі фараондардың пирамидаларынан кем
түспейді деген Қазақстандық ғалымдар К.А.Ақышев еңбектерінде б.з.б.
VIII-IV ғасырлардағы Жетісу территориясын мекендеген сақ
патшаларының қабірлері туралы мәліметтер келтірген. Мен курстық
жұмысымды жазу барысында жоғарыда аталған авторлардың еңбектерін
басшылыққа алдым.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары
негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және
Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық
тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай
міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта
алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен
Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу
аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Тақырыптың территориялық шеңбері : Қазақстанның Оңтүстік
өңірі (Түгіскен мен Ұйғарақ ескерткіштері), Жетісу өңірі (Есік пен
Бесшатыр қорымдары), және Шығыс Қазақстан өңірлерін (Шілікті,
Берел) қамтиды.
Тақырыптың құрылымы: Кіріспе, үш тараудан тұрады, және
қорытынды.

І-Тарау. Жетісу өңіріңдегі сақ ескерткіштері

Жетісу өңіріндегі сақ мәдениеттерін зерттеу өзекті
мәселелердің бірі болып табылады. Жетісу өңірі ерте темір кезенінің
басты көрсеткіші болып табылатын археологиялық ескерткіштерінің
хронологиялық диапазонның кендігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар
сақ дүниесі шеңберінде болған тығыз мәдени-шаруашылық байланыстар
археологиялық материалдардан да аңық көрініс береді. Осы ретте
қорғандардың архитектуралық құрылысын, ондағы табылған олжаларды
зерттеу мен топтау мәдени-тарихи кезендерді түйіндеуге және осы
мәдениетті жасаған сақ тайпаларының даму денгейін саралауға
мүмкіндік туғызады. Бірақ та бұл археологиялық ескерткіштердің
барлығы да осы уақытқа дейін өз қалпында жетпегенің ескергеннің
өзінде әлі де талай ғылыми құнды жаналықтар өз ашылуын күтуде. ХІХ
ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ даласындағы көне
ескерткіштерге, табылған олжаларға Ресей ғалымдары тарапынан
қызығушылық арта түсті. Құрамына Сырдария мен Жетісу облыстары
кірген Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуына байланысты осы
өлкенің тарихына түпкілікті ден қойыла басталды. Жетісу жерін
зерттеудің алғашқы кезені 1862 жылғы орыстын ірі ғалымдарынын бірі
В.В.Радловтын зерттеулерімен тікелей байланысты, ол Қапал елді-
мекенінің жанынан үш обаны қазды және кездейсоқ олжалардың жиналуы
арқылы жетісуды мекендеген халықтар жайлы құнды мәліметтер жинайды.
Ал 1879 жылы жетісу өлкесінің алғашқы археологиялық картасы
жасалды. Табылған обалар мен қорғандарды сипаттау жұмыстары мен
Н.А.Абрамов және М.В.Флоринский В.В.Бартольд сияқты ғалымдар
айналысты. Осы зерттелген қазба жұмыстардың нәтижелері 1896 жылы
Н.Лыкошиннің археологическое изучение Туркестана до образование
Туркестанского кружка любителей археологий атты еңбегінде
жинақталды. Жүйелі түрде зерттеулер мен табылған олжаларды
салыстыра талдау жұмыстары А.Н.Бернштамның есімімен байланысты.
1936-1952 жылдары Кеңкөл, Қарғалы, Берікқара қорымдарын да және Шу
каналы бойында зерттеулер жүргізген, ол алғаш рет жетісу
ескерткіштерінің тарихи-археологиялық кезендемесін ұсынды.
Исседондардың сақ тайпалық бірлестігінің құрамына енгендігін айта
келе, қола дәуірінен бастап мәдениетті жергілікті халықтың
жасағандығын дәлелдеуге тырысты [8, 57-59 ].
Жетісудағы сақ археологиясының дамуындағы келесі үлкен
кезен 1954-1961 жылдарды қамтиды.1954 жылы тарих, археология және
этнография институты болашақта Қапшағай СЭС-нің су астында қалатын
аймақты зерттеу мақсатында К.А.Ақышев басқарған Іле археологиялық
экспедициясын ұйымдастырды. Алғашқы бір маусымнын өзінде-ақ
экспедиция сақтар дәуірі обаларының үлкен тобын тапты. 1957 жылы
жетісу археологиялық экспедициясы зерттеулерін бастайды. Сақ
ескерткіштерін, ортағасырлық қола мәдениетің зерттеу, оның негізгі
міндеттеріне айналды [3, 142-145 ].
1960 жылдары жетісудағы сақтар ескерткіштерін зерттеу
жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғастырылды. Іле алқабы сақтарының
мәдениетіне арналған монографияда К.А.Ақышев сақтар мәдениетінің
шығу сауалдарын қарастырып, жебе ұштарын хронологиялық жағынан
топтастырса Г.А.Кушаев жетісу мәдениетін кезендестіру маңызы бар
данықты оқиға Есік обасының ашылуы болды, одан табылған олжалар
сақтар мәдениетінің, олардың мифологиясын, өңері мен жазуын,
әлеуметтік құрылысын зерттеуге тың серпін берді. Алайда жемісті де
қарқынды жүргізген жетісудың ерте темір дәуірі заттай мәдениетін
зерттеу, топтау, жүйелеу, тарихи талдау жұмыстары соңғы жылдары өз
жалғасын таппай қалды. Соңғы жиырма жылдар ішінде Жетісу
көшпелілері жайлы мәлімет тек қазба жұмыстарынан алынған мәліметтер
арқылы толықтыруда [ 4, 154-156 ].
Қазақстанның әр өлкесінің, соның ішінде жетісудың сақ
дәуірінің ескерткіштерін тіркеу, сипаттау және картаға түсіру
жұмыстарын кешенді түрде, жаңа денгейде жүргізу керектігі
туындауда. Сақтар өмір сүрген уақытта адамнын қоршаған ортадан
жекеленіп бөлініп шығуына байланысты Жаңа дүниетаным қалыптасты.
Ірі обалар тек ғана адамды жерлеу орны емес, сонымен қатар әр уақыт
желісінде ғұрыптық рәсімдер орындалған күрделі жерлеу-ғұрыптық
кешен екендігі көрсеткен, үш топтан ғана тұрмағандығы қазіргі таңда
мойындалмаған құбылыс. Сонымен бірге Бернштамнын Қарғалы шаманның
жерлеуін ашуы бұл кезенде діни әдет-ғұрыптарды атқарушылардың-абыз,
шамандардың болғандығын айғақтайды. Сондықтан да осы көзқарастар
тұрғысынан тізбекте орналасқан обаларды жан-жақты, толық түрде
зерттеу арқылы ғылыми түйіндер жасауға болады [ 8, 58 ].
Б.з.б. мыңжылдықта жетісу мен оңтүстік қазақстан-
болжамдардың бірі бойынша Тиграхауда-сақтарға баланатын сақ
тайпаларының қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы
саналды. Сақ өркениеті - Орталық және Алдыңғы Азияның мәдениеті мен
өңері жетістіктерініңа бірегей синтезі.
Оба қорымдарымен петроглифтер топографиясы және олардың көп
болуы ерте кезде Қазақстан аумағының, оңтүстік-шығысы мен
оңтүстігінің толық игерілгенің көрсетеді. Үлкенді-кішілі Сырдария,
Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендерімен
басқаларының аңғарларында көптеген тас және топырақ обалар
шоғырланған. Олардың көбісі жүздеген төмпешіктері бар үлкен молалы
жер болып табылады. Мәселен Жуантөбе қорымы Іле өзенінің сол жақ
жағалауы-300 обадан, Берікқара қорымы талас өзені 500 төмпешіктен
тұрады, Кетпен- төбе алқабында 700 обадан тұратын қорымдар бар.
Бұларда және Жетісумен оңтүстік Қазақстанның басқа да ірі оба
қорымдарында адамдар әртүрлі уақыттарда жерленіп, олар жүздеген
жылдар бойында қалыптасқан [14, 60-64 ].
Биіктігі 20 метрге дейін жететін патша обалары дейтіндердің
көп жинақталуы жөнінен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға Орта Азияда
және Қазақстанның басқа аудандарында тең келетіні жоқ. Осындай
археологиялық ландшафт А.Н.Бернштамды патша сақтары мен усундер
нақ жетісуда мекендеген деген қорытындыға келген [8, 61-62 ].
Б.з.б Ү ғасырға жататын Бесшатыр қорымының сақ
перамидаларынан бөренелерден тұрғызылған ірі жерлеу құрылыстары
тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азиямен Қазақстан
аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сәулет өнерінің
бірегей ескерткіштері.
Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енетін
Есік обасындағы ақсүйек сақтың қабірі жерлеу ғұрпының байлығымен
қайран қалдырады. Оның киімі, бас киімі мен аяқ киімі алтыннан
жасалған 4000-ға жуық қаптырма мен қалақша арқылы әшекейленген,
олардың көпшілігі скиф-сақ кезіндегі аң стилінде орындалған. Есік
қабірінен табылған күміс тостағанның маңызы ерекше, оның түбіндегі
26 таңбадан тұратын жазу, тегінде, әліпбилік жазба болуы ықтимал
[8, 61 ].
1.2 Бесшатыр және Есік типтес ескерткіштер
Жетісу өңіріндегі ескерткіштерді негізінен екі топқа бөліп
қарастыруға болады. Оның бірінші тобы Бесшатырлық және екінші тобы
Есіктік типтегі ескерткіштер. Бесшатыр қорымы іле өзенінің оң
жағасында, шылбыр қойнауында орналасқан. Ол 31 обадан тұрады,
олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршақ тас және топырақ үйінділерімен
жабылған. Үйінділердің көлеміне қарай қорым обалары үлкен, орташа
және кіші обалар болып бөлінеді. Үлкен обалардың диаметрі 45
метрден 105 метрге дейін, олардың биіктігі 6 метрден 18 метрге
дейін жетіп ауытқып отырады. Орташаларында тиісінше 25-18 және 5-6
м, кішілерінде 6-18 м және 0,8-2 метр.
Сирек кездесетіндері болмаса, қазылған обалар бұрындары
тоңалып кеткен болып шықты. Дегенмен де Бесшатыр обалары мерзімін
белгілеуге болатын тамаша материал (қанжарлар, жебелердің ұштары)
ғана емес, сонымен қатар қабір үстіне орнатылған іргелі
құрылымдардың ерекше бағалы,жаңа үлгілерін де берді. Диаметрі 104м,
биіктігі 17 м Үлкен Бесшатыр обасы ерекше. Үйінді төбесі қиық конус
тәрізді, жалпақ төбесінің диаметрі 32 м. Обаның тас жамылғысы
табаны жағалай тығыз етіп бірнеше қабат төселген бұл орасан зор
үйінді орнатқан цоколь секілді болып көрінеді. Үйіндінің солтүстік
және оңтүстік жақтарында төменге қарай түсетін ордың ені 2 м, ізі
байқалды. Үйіндінің айналасынан 5-7 м қашықтықтан тас дуал өтеді
(ені 2м және сақталып қалған биіктігі 50-60см). Үйіндімен қатар бір
басы көмілген ірі тас бағандардан (менгирлерден) және үлкен қой
тастардан қоршау түрінде тұрғызылған дөңгелек құрылыстар сақталған.
Үлкен обаның айналасында барлығы 94 қоршау бар. Кейбір тік тұрған
тас бағандарға қазақ ру-тайпаларының таңбалары қашап салынған.
Обаның солтүстік-шығыс жағында тағыда осындай 7 қоршау бар, олар
оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Олардың
жанынан қыш ыдыстардың көптеген сынықтары табылды, қыш қазандардың
тұтқалары кездеседі. Қазылған қоршаулардың көпшілігінде тайыз
жерден күл-ыс дақтары табылды, екеуінен сүйек қалдықтары,
керамиканың сынықтары мен моншақтар шықты. Сірә, қоршаулар табыну
мақсатына арналып, отқа табынуға және құрбан шалу ғұрпына
байланысты болуы ықтимал .
[1, 83-85 ].
Бесшатыр үш үлкен обадан тұрады. Бірінші, Үшінші және Алтыншы
Бесшатыр обалары, орташа үш оба мен барлық ұсақ обалар қазылды.
Бірінші бесшатыр обасының диаметрі 52 м, биіктігі 7,6 м, оңтүстік
жағынан 8,93 м. Оба таспен жабылған. Үйіндінің түп жағына тас
неғұрлым тығыз қаланған, обаның төбесі жалпақ. Үйінді үш қабат. Ең
үлкені-екінші қабаты, ол қалындығы 8,5 метрден 13 метрге дейін
жететін топырақ пен қиыршық тастан тұрады. Төменгі қабатының
астында Тянь-шань шыршасының өнделген тұтас бөренелерінен салынған
үлкенағаш құрылыс табылды. Сағана үйілген топырақ астында жерленген
адамның үстіне тұрғызылған,бұл түгелдей жер бетіндегі құрылыс.
Бесшатыр сағанасы сол кезде ағаштан салынған күрделі құрылыс болып
табылады, ол бірнеше бөліктен тұрады олар:дәліз (дромос) қабірдің
алдыңғы кірер аузы және жерлеу бөлмесі. Сағананың барлық бөренелері
жақсы өнделген: бұтақтары мен бұдырлары тегістеліп шабылып, қабығы
аршылған. Бөлменің қабырғасын құрайтын бөренелер мұқият тегістеліп,
бір-біріне тығыз қиюластырылған, бүкіл құрылысты мейілінше тұрақты
ету үшін бөренелердің жуан жұмыр басы қарама-қарсы айқастырылып
салынған. Бұрыштарында бөренелер бір-біріне тек түйісіп қана тұрады
және өзара бекітілмеген сондықтан Бесшатыр құрылысы дағдылы
түсініктегі қима емес. Бөренелерде қашау мен Пышақ іздері жақсы
сақталған-олардың екі шеті мен ортасында кертік бар. Жерлеу
бөлмесінің бөренелерден тұратын төбесі жалпақ шиден есілген
арқандармен буылған қамыс төсеніш қабатымен жабылған. 14 обаны
қазған кезде жерлеу құрылымының жаңа үлгісі ашылды. Обаның жерлеу
құрылысының негізі - ұсақ қиыршық тастар араластырып топырақтан
тұрғызылған қабырғалар. Қабырғалар Бөренелермен үш қатар етіп
жабылған, бөренелердің төменгі екі қатары Тянь-шань шыршасынан, ал
жоғарғы қатары жете бөренелер. Бөренлермен жабылған төбесінде
таспен бұтадан және сексеуілдің шырпысынан он алты қатар етіп
күмбез тәрізді жаппа жасалған. Мазардың негізі төртбұрышты, ал
төбесі дөңгелек күмбез сияқты болған. Қабірдің шығыс жағында есігі
болып есіктің екі жағында жерге тігінен көмілген қос-қостан екі
бағана тұрған. Қос бағаналар бір-бірімен қазықтармен бекітілген
мейлінше берік болуы үшін бөренелер шиден өрілген жуан арқандармен
байланып тасталған. Кірер ауыздың төбесін бөренелердің үстінен ши
арқандармен болған екі қабат төсенішпен жапқан қабірдің лақытына
кірер жердің жанына жуан бөренің кесіндісі қойылған. Лақыттың
еденінде адамның шашыраған сүйектері жатыр [5, 140-141 ].
Бесшатырдың хронологиясы кіші обалардың бірінен табылған
заттар бойынша айқындалады. Оның үйіндісі астындағы ұзын жағы
батыстан шығысқа қаратылған үлкен қабір шұңқырында (көлемі 3,50-де
2м) жерленген екі адамның қаңқалары жатты. Сүйектер бірінің жанында
бірі шалқасынан созылып,бастары батысқа қаратып қойылған.
Жерленгендердің әрқайсының жанына оң жағынан қысқа семсер-ақинақтар
қойылған, ал сол жағында қола ұшты жебелер салынған қорамсаптардың
қалдықтары жатыр. Қанжарлардың сабы көбелек тәрізді,ұшы бүгілген.
Солтүстік жақтағы сүйектің сол жағында темір умбон жатыр, тағы бір
жатқан нәрсе, сірә кішкене ағаш қалқанның қалдығы болуы мүмкін, бел
тұсында темір тоға жатты. Сүйектердің арасынан төрт ақық мойыншақ
және біріне-бірі дәнекерленіп жапсырылған іші қуыс алтын
түйіршіктерден жасалған екі мойыншақ табылды. Материалдар
жиынтығына талдау жасау жалпы алғанда Бесшатырды б.з.б. Ү-ІҮ
ғ.ғ деп белгілеуге мүмкіндік береді. Бесшатыр қорымының көлемі 2
шаршы шақырым жерді алып жатыр. Алайда Бесшатыр обаларымен
байланысты ескерткіштердің таралған жері қорымның өз ауқымынан
әлдеқайда кең. Мәселен, қорымның солтүстік-шығыс жағындағы 5
шақырым жердегі төбеде алты қоршау орналасқан, олар келбеті мен
салынуы жағынан Бесшатыр обаларына ұқсас. Обалардың батыс жағында
үш шақырым жерде нақ осындай төрт қоршау бар. Одан да әріректе,
батыс жағынадағы 10 шақырым жерде де осындай, оңтүстіктен
солтүстікке қарай орналасқан 45 қоршау жатыр [8, 59-61 ].
Қорымның төңірегіндегі бұл құрылстардың орналасуы, олардың
сыртқы түрі, құрылымдары мен көлемінің бірдейлігі оларды Бесшатыр
қабірлерімен бір мезгілде салынған және олармен байланысты деп
санауға негіз береді. Менгирлерден қорымдар төңірегіне қарай ашық
салынған қоршаулар - Бесшатыр обаларына байланыссыз, қайта негізгі
обьектіні толықтыратын сияқты.
Сірә, Бесшатыр кешені Іле өзенінің аңғарында мекендеген
Жетісу сақтарының киелі орны болса керек. Орасан зор Бесшатыр
патшалық обалары орналасқан жерге сақтар ғасырлар бойы келіп
табынып, сансыз көп құрбандықтар әкелген, ас беріп, бата қылған, әр
түрлі діни жоралғылар жасаған. Мұндай діни салтанаттар мен
жоралғылар өткізілетін орындарға Менгирлер мен қойтастардан үлкен
қоршаулар тұрғызылған [8, 59-61 ].
Бесшатыр қорымының барлық обаларына-үлкендері мен
орташаларына да, кішілеріне де біркелкілік тән, олар тастар мен ірі
қиыршық тастардан үйілген, төбесі жалпақ (трапеция тәрізді),
етеліне тас тығыз қиюластырып қаланған болып келеді. Үлкен обалар
құрылымының ерекшелігі-үйінділер етегіндегі ордың терең
болуы,обалардың астына кіретін жер осы орлардан басталған. Тегінде
жерлеу және обаны тұрғызу жоралғылары жасалғаннан кейін жер астына
кіретін есік бата қылу, құлшылық егу және құрбан шалу үшін белгілі
бір уақытқа ашық қалдырып, сонан соң обаның кірер ауыз үстіндегі
топырағының бір бөлігі құлап басып қалған болса керек.
Сәулет өнерінің ескерткіші ретінде Бесшатырдың әрбір үлкен
обасы құрылыстың екі түрінен: сыртқы және ішкі түрлерінен тұрады.
Сыртқы құрылыс-тығыз қаланған тастардан, тас дуалдардан және
үйінділер төңірегінде менгирлермен қойтастар тізбегінен тұратын
үйдің үстіңгі қабатында орнатылған сияты жалпақ төбелі үшкіл
үйінді. Үйінді архитектурасында жер астына түсетін ор және ішкі
құрылыстары-ағаш қабір мен қуыстар маңызды ескерткіштер болып
табылады.
Мұның бәрі сақ тайпаларында Бесшатырдағы ғұрыптық құрылыстар
салынғанға дейін-ақ архитектуралық-құрылыс тәсілдері мен түрлері:
төрт бұрышты және дөңгелек етіп жоспарлау, тас қалау әдісі, ағаш
өндеу дағдырлары мен ағаштан құрылыс салу, құрылыс кезінде ағашты,
қамысты, тасты шеберлікпен ұштастыра пайдалана білудің ертеде-ақ
орныққанын дәлелдейді. Сірә, мұндай құрылыс тәжірибесі ғұрыптық
ескерткіштерді салу нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар тұрғын
үйлер мен қора-қопсылар салу кезінде де жинақталған болса керек.
Бесшатырдың ғұрыптық құрылыстары тайпаларының көсемдерің
мәңгі есте қалдыруға тырысқанын көрсетеді. Құрылыс салғанда оларды
бүлінбейтіндей (тоңалмайтын) ету ғана емес, сонымен бірге ”мәңгі”
тұратындай етіп салу мақсаты да көзделді. Сақтардың түсінігі
бойынша, ескерткіш өзінің көлемі жағынан көсемнің құдыреті мен
байлығына сай келіп,келер ұрпақтың бойына құрмет және қорқыныш
сезімін ұялатуға тиіс болды [14, 196-199 ].
Бесшатыр обалары өздерінің көрнектілігімен зор әсер
қалдырады. Үлкен обаны тұрғызу үшін ғана елу мың текше метрден
астам топырақ, тас, қиыршық тас пайдаланылған,ал оның үстіне
қорымнан үш шақырым жерде орналасқан ең жақын таулардан мыңға жуық
тақта тастармен қой тастар тасып әкелінген.
Оба үйінділерін стратиграфиялық зерттеу бұл үлкен
қорғандардың әрқайсысы тастар мен топырақты жөн-жосықсыз текшелеу
ғана емес, қайта құрылымды алдын ала ойластырылған сәулетті ғимарат
екенің көрсетеді. Топырақтың көп қабат етіп үйілуі оба ішіндегі
ағаш құрылысқа қажетті микроклиматты қалыптастырып, ескерткіш
обаның өз саның ұзақ уақыт сақтауына да әсер еткен.
Үйінділердің көлемі жағынан қорым обалары үлкен, орташа және
кіші болып бөлінеді, үйінділердің осы үш тобына қабір құрылыстарың
әр алуан түрі: үлкендері мен орташаларына-бөренелерден тұрғызылған
қабір, киіз үй тәрізді биік,ал барлық кіші обаларға жерден қазылған
шұңқыр (кейде оған салынған тас жәшік) сәйкес келеді. обадағы киіз
үй тәрізді шатырлы бейітке ешқайсысы ұқсамайды. Әзірше ол скиф-
сармат мәдениетінің обаларынан табылған осы түрдегі бірден-бір
құрылыс [14, 196-199 ].
Бесшатыр құрылыстарын салуға қажетті бөренелер оба орналасқан
орыннан шамамен 200-250 шақырым болатын Іле өзенінің арғы бетінен,
Іле Алатауының сілемдерінен дайындалған. Сол жерде ағаш кесілген,
бұтақтары мен бұдырларынан тазартылып, жасалған кертпелер арқылы
оларды өзенге сүйретіп апарып, салмен құрылыс салынатын жерге
жеткізген. Бұл орайда қыл арқандар мен ши талшықтарынан есілген
арқандар пайдаланылған.
Ағаш кесу, бөренелерді қысқарту және басқа да ауыр жұмыстар
жүзі тез мұқалатын ауыр қола балталармен орындалған. Бөренелерді
өңдеу сан алуан шоттар, қашаулар, үскілер, қола шапашоттармен
жүргізілген болса керек.
Бесшатыр обаларын қазғандағы материалдар Жетісудың сақ
тайпаларының мәдениеті туралы түсінікті байыта түседі. Олар көп
жылдық тәжірибенің жоғарыда атап өтілгеніндей, жерлеу қабірлерін
салу кезінде ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйлер салу кезінде де
жинақталғанын дәлелдейді. Бұдан Жетісу сақтары ”таза” көшпелі
болған жоқ, олар жылдың жылы маусымдарында ғана көшіп, суық
түсісімен қыстайтын жерлеріне барған да, қысқы тұрғын үйлерінде
қыстаған деген қорытынды шығады. Тұрғын үй салғанда олар ағаш, тас,
қамыс, бұта сияқты жергілікті материалды пайдаланған [14, 196-199
].
Келесі бір ірі ескерткіш Есік обасы болып табылады. Есік
обасы 40-тан астам обадан тұратын үлкен қорымның оңтүстік шетінде
орналасқан. Обанын диаметрі 60 м, биіктігі 6 м. Үйілген топырақтың
құрылымы айқын емес, бірақ көп қабатты (3-4 қабат) малта тас қабаты
қиыршық - сазды қабатпен ауысып отырады, орталықтағы моланың
айналасынан ірі қой тастар жиынтығы байқалады. Үйінді астында екі
қабір:орталық және бүйірдегі (оңтүстік) қабірлер бар. Ортадағы
қабір қарақшылардың неше дүркін тонауының салдарынан әбден шөккен.
Бүйіріндегі қабір сол күйінде сақталған. Лақыт Тянь-шань шыршасының
өңделген бөренелерінен салынған, оның көлемі: ішінен өлшегенде 2,9
х 1,5 м, сырты 3,3 х 1,9 м қабатымен қоса алғандағы биіктігі 1,3-
1,5 м.
Лақыттың оңтүстік және батыс бөліктеріне ыдыстар қойылған,
ал солтүстік бөлігінде лақыттың тура тақтай еденінде жерленген
адамның сүйектері жатыр. Ағаш қалдықтары мен темір тұтқаларға
қарағанда, өлік ағаш қақпақпен жабылған болуы керек. Ол басын
батысқа қаратып, шалқасынан созылып жатыр, бас сүйегінен өкше
сүйегіне дейінгі ұзындығы 165 см.
Есік обасындағы қабір құрылысы, сірә былайша тұрғызылған
болса керек: әуелі ұзына бойы батыстан шығысқа бағытталған
тікбұрышты қабір шұңқырын қазған. Оның түбіне бөрене қима-лақыт
жасалған. Оның құрылымы өте қарапайым ұзындықтары бірдей
бөренелерді көлденен лақыттың қабырғасы болатындай етіп
қаластырған. Бұрыштарында бөренелер өзара байланбаған, түйісіп қана
тұр, лақыттың ұзын және көлденең қабырғаларындағы бөренелердің
ұштары қабірдің опырылып түспеуі үшін кезек-кезек ұмсындырылып
шығарылған.
Лақыттың қабырғаларына бөренелер бес қатар етіп салынып, ол
үстінен де ұзын қабырғаларына көлдененінең қойылған бөренелермен
жабылған. Түбіне жақсылап өңделген бір-біріне жақсы қиюластырып
еден төселген. Еденге өлікпен неше түрлі нәрселер қойылған.
Шамасы, еденнің өлік жатқызылған тұсына ұсақ алтын
қаптырмалармен әшекйленіп тігілген мата төсеніш төселген болуы
керек. Төсеніш үстіне тамаша сәнді киімі кигізіліп, бесқаруы түгел
асылған өлік қойылған. Орныққан салт бойынша, өлік аяқ-қолы
созылып, басын батысқа, бетін жоғары қаратып шалқасынан
жатқызылған, оң қолының саусақтары кіндігінен төмен қойылып, сол
қолы бір жағына созылып жатыр [ 3, 142-145 ].
Оң жағында бел тұсына ағаш қыны бар темір семсер қойылған.
Қару ілетін аспалы белдікке алтын қаптырмалар мен жолбарыс басының
бедерлі бейнесі бар өткерме шегеленген. Белдіктің сол жағына шауып
бара жатқан бұлан мен ат пішінінде жасалған екі алтын тілігі
жапсырылған, қайыспен қапталған ағаш қыны бар темір ақинақ ілінген.
Оның әшекейлері арасынан белдіктің аспалары үшін жасалған,
бүктетілген қасқырдың бедерлі бейнесі салынған цилиндр формалы екі
қаптырма- тоға ерекше көз тартады.
Сол қолының қарында алтын ұшты символды жебе, одан
жоғарырақ сабы жалпақ алтын таспамен бунақтала оралған қамшы, одан
жоғарырақ- ішіне қола айна мен қызыл бояу салынған шағын жібек
қоржын жатты.
Лақыттың еденіне өлік тамағы салынған және ғұрыптың ыдыстар
қойылғаң. Жазуы бар күміс тостаған мен оқшауырақ тұрған алтынмен
апталған қола тегененің де соларға жататыны аңық. Оның ішінде
жыртқыш құстың тұмсығы мен тырнақтары түрінде жасалған бірнеше
мүсіндік алтын тіліктер жатыр. Ыдыстардың бірде-біреуінен
жануарлардың сүйектері ет тағамының қалдықтары табылған жоқ [ 16,
150-156].
Ыдыстардың орналастыруда белгілі біртәртіп сақталған. Қыш
және ағаш ыдыстар, бөлек қойылған. Оңтүстік қабырғаға жақын ағаш
ыдыстар, арт жағында-екі қатарда төрт табақша, алдынғы жағында-
тегенелер мен ожау тұр. Екінші қабырға жанына қыш құмыралар бір-
біріне түйістіріліп, бір қатарға тізіліп қойылған, олардың алдыңда
тегенелер орналасқан, тегенелердің арасында екі күміс тостаған мен
қасық бірге қойылған. Қола аяқ бөлек, қаңқаның бас жағында тұр.
Лақыттың шығыс қабырғасы жағындағы еден бөлігі заттардан бос. Сірә,
лақыттың есігі оның шығыс жағында болса керек.
Жерлеу ғұрып жасалып, дене қойылған соң лақыт қысқа
бөренелермен жабылып, шұңқыр топырақпен көмілген де, сонан соң
топырақ үйілген.
Антропологтардың анықтауынша, есік обасына жерленген адам 17-
18 жасар, бет бітіміне қарағанда ол сақтарға жатады ол алтынмен мол
тігілген сәнді киім киінген. Басына түгелдей түріде, көлемі де
әртүрлі алтын қаптырмалармен сәнделген, төбесі шошақ, биік ( 65-70
см дейін ) бас киім киген. Бас киім жылқы барыс, таутеке, құс
бейнеленген 150-дей алтын қаптырмалармен және тоғалармен сәнделген.
Есік жауынгерінің мойындаушы жолбарыстың басы іспеттес алтын алқа,
сол жақ сырғаларында - Перузадан жасалған салқыншақтары бар, көз
салған алтын сырға болған. Үстіне мата көйлек кигізілген, оның
өңірі мен жендері неше түрлі алтын қаптырмалар мен тізбелер
араластырылып,әшекейлеп, кестеленген көйлектің сыртынан киілген
қызыл бояумен боялған былғары бешпеттің өң бойы жолбарыстың басы
бейнеленген алтын тоғалармен қапталған. Бешпенттің сыртынан
зооморфтық стильде жасалған, көздің жауын алатын он алты көлемді
қаптырмамен қапталған құрама белдік табылған. Белдіктің оң жағына
қызыл қыңға салынған ұзын темір семсер, сол жағына бұлаң мен жылқы
бейнеленген алтын қаптырмалар шегеленген қыны бар темір ақинақ
ілінген. Шалбар тігіс-тігісі бойымен ұсақ алтын шеттіктермен
әдіптелген және балақтары бешпенттегідей алтын қаптырмалар
шегеленген саптама етікке сұғыңдырылған. Сақ жауыңгері саусағына
екі алтын жүзік таққан, олардың біреуі-сәңді бас киім киіп қырыңа
қарап тұрған адамның бас бейнесі бар алтын (жүзік мөр). Есік
обасындағы қабірдің мерзімі б.з.б. ІҮ ғасырдың аяғы ІІІ ғ
деп белгіленіп отыр [ 4, 154-156].
Сақ заманыңдағы қатардағы қауым мүшелерінің қабірлері көлемі
биіктік құрылыстың құрылымы мен қойылған заттары жөнінен
Бесшатырлық және Есіктік үлгідегі патшалық қабірлерден мүлдем
өзгеше.
Сақ мәдениеті алдыңғы кезенің ( б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғасырлар)
мұндай жерлеу орындарына Қарғалы-1 және Алтын емел-2 қорымдары
жатады. Қарғалы-1 қорымы осылай аталатын қойнауда (Алматыдан
батысқа қарай) орналасқан. Мұңдағы обаларға да тас үйінді
тұрғызылған, олардың астында сүйек салынған тас жәшіктер болды.
Сүйектер созылған күйінде, бастары солтүстік-батысқа қарап жатты.
Ескерткіштерді зерттеушілер Қарғалы-1 қорымының мерзімің б.з.б.
ҮІІІ-ҮІІ ғасырларға, қоладан сақтарға өтетін өтпелі дәуірге
жатқызады.
Шолақ тауларының алтынемел асуындағы тас жәшікті жерлеу
орындары алдыңғы сақ заманыңа жатады. Мұңдағы тас жәшіктер қырынаң
көмілген жалпақ тақта тастардан құралған да, ұзына бойымен батыстан
шығысқа бағытталған.
Жуантөбе қорымындағы обалар да сақ мәдениетінің алдыңғы
кезеніне жатады. Олардың көлемі шағын өзенің малта тастары аралас
топырақтан үйілген. Қабірлерде адам сүйектері көлденен қойылған
ағаштармен жабылған, ұзына бойы батыстан шығысқа қарай бағытталып,
жер шұңқырлар да жатты. Жерленгендердің жанынан табылған қола
ауыздықтар, пышақтар, сүйек пен ағаштан жасалған тарақтар
моншақтар, тартпалардың қола айылбастары және керамикалық ыдыстар
Жуантөбе мерзімің б.з.б. Ү-ҮІ ғғ деп белгіледі [ 15, 60-64].
Соңғы сақ заманының б.з.б. Ү-ІҮ ғғ біршама жақсы мәлім
Қадырбай-3, Қарашоқы және Қызылауыз сияқты ескерткіштер сол заманға
жатады. Шолақ тауларында Іле өзенінің оң жағасында орналасқан
Қарашоқы қорымында қазылған обаның топырақ пен қиыршық тас
араласқан шағын үйіндісі, үйінді үстінде дөңгелек қоршау мен оның
сыртынан қоршалған тағы бір қоршаудың тастары болды. Адам жерден
қазылған шұңқырға жерленген. Қабірдің ішінен б.з.б. Ү-ІҮ
ғасырларға жататын жебелердің ұңғылы қола ұштары табылды.
Қадырбай-2 іле аңғары қорымының обаларындағы үйінді тас
аралас топырақтан тұрғызылып, олардың іргелерің белдеулей тас
қалаңған. Жерден қазылған шұңқырдың түбіне қойылған тас жәшіктердің
ішінен шалқасынан созылған күйінде, басы солтүстік-батысқа немесе
батысқа қаратып жерленген өліктердің сүйектері табылды. Қабірлерден
б.з.б. ІҮ-ІІІ ғасырларға тән керамикалық ыдыстар, аңдық стильде
сәнделген қола тоға және сабы бар қола айна шықты. Жерлеу
мерзімі б.з.б.ІҮ-ІІІ.ғғ деп белгіленеді. Тұрақты жерлеу ғұрпы мен
құрал-саймандар Қызылауызға да тән [ 12, 48 ].
Кездейсоқ олжалар мен көмбелерден табылған мыс және қола
заттары сақ тайпаларының материалдық мәдениетінің тарихы жөнінде
жарқын деректемелер болып табылады. Көркемдігі жоғары олжалар мен
көмбелердің саны жөнінен сақ мәдениеті дамыған басқа аудандардан
Жетісуға тең келетіні жоқ. Олардың ішінде барынша назар
аударатындары-қола қазандар, құрбандық ыдыстары және шырағдандар
жинағы, тұрмыс заттары мен қару-жарақ, әсіресе монументті көркемдеп
құю бұйымдары. Бұлар-төрт аласа аяғы бар, жиегіне қанатты
арыстандардың мүсіні орналасқан тікбұрышты үстел, сондай-ақ төрт
мыс және бір темір қазан мен қола шырағданнан тұратын көмбе.
Төртбұрышты табақшалардың бұрыштарына орналастырылған шырағдан
қанатты жолбарыстардың төрт мүсінімен безендірілген. Басқа бір
көмбеден табылған шырағданның дөңгелек табақшасы қуыс конус тәрізді
тұғырға бекітілген, жиегінде бірінің соңынан бірі маңғаз басып келе
жатқан сегіз жолбарыс бейнеленген, ал табақшаның дәл ортасына айыр
өркешті екі түйенің мүсіндік бейнесі бекітілген [ 14, 164-173 ].
Тағы бір шырағдан төрт (үш қола және бір темір) қазанмен
бірге Есік қаласы маңынан табылды. Шырағданның дөңгелек табақшасы
тор көзді конус тәрізді тұғырға орнатылған. Табақша үстінде аттың,
ал оның қарсысында шығыстықтарша малдас құрып отырған ер адамның
мүсіні бекітілген.
Каминское плато маңынан (Алматы қаласының төңірегі)
көпшілігінің жануарлардың аяқтары түрінде жасалған үш аяғы бар он
қола қазаннан тұратын көмбе табылды. Жетісу қазандары, құрбан
шалатын орындары, шырағдандары сақтардың қою тәжірибесі мен жетік
техникасын және көркемдік талғамын дәлелдейтін аса көрнекті
мәдениет ескерткіштері болып табылады. Сақтардың көркемдік қола
бұйымдарының көптеп табылуы Жетісу тайпаларында құю ісі өнерінің
барынша дамығаны және олардың мәдениетінің төл тумалығын көрсетеді.
Жалпы алғанда Жетісу өңірінің сақ ескерткіштері одан әрі
зерттелуде. Қазіргі таңдағы Қазақстан археологиясында өзекті
мәселелердің бірі қоныстарды зерттеу. Осыған байланысты жыл сайын
Археологиялық экспедициялар ұйымдастырылып, қазба жұмыстарды одан
әрі толықтыруда. Дегенмен бұл өңірдің ескерткіштерін әлі де
тереңірек зерттеу қажет.

ІІ - тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері

2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Сырдария өңірінің тарихи-географиялық тұрғыдан зерттеу ХІХ
ғасырдың басында басталды, олар негізінен ежелгі антикалық деректер
мен ортағасырлық географтары мен саяхатшылардың, және сонымен бірге
көпестердің арнайы хаттарында айтылады. Яғни ХҮІІІ ғ Бұқара жерін
зерттеу үшін Сырдария өңірінен өткен зерттеушілердің деректері
болып табылады. Ежелгі Сырдария аңғарынын сақтарын зерттеулер КСРО
ҒА Этнография институтының Хорезм экспедициясының көп жылдар бойы
жүргізген қазба жұмыстарының жиынтығы негізінде анықталған. Ежелгі
Сырдария жерінен неолит бастап соңғы ортағасырға дейінгі
ескерткіштер зерттелген,оның ішінде ежелгі сақ ескерткіштері б.з.б
ҮІІ-Үғғ. Бұл жұмыстарды С.П.Толстов, М.А.Итина сияқты белгілі
ғалымдар бастады.
Ежелгі Сырдарияның атырауы оның қазіргі салалары арасында
орналасқан және ең оңтүстігі Інкәрдария өзенінің бастауының құрғақ
жерлерімен аяқталады. Бұл үлкен ұшбұрышты аймақ негізінен Оңтүстігі
Қарақұм мен батысы Арал теңізімен шектеліп, ендік бойымен және
меридиандық бағытпен созылған. Өзендердің атыраулары әртүрлі
бағыттармен ағуына сәйкес, жалпы су режимінің ерекшеліктерін
анықтау, әртүрлі хронологиялық кезеңдерге байланысты. Іңкәрдария
жүйесі (оңтүстігінде) және Қуандария жүйесі (солтүстікте) неолитпен
қола дәуірінде қалыптасты. Інкәрдария өзеніңде кейінгі сақ
кезенінің ескерткіштері б.з.б ҮІІ-Үғғ табылды. Жаңадария мен
Қуандария өзендері бойынан б.з.б І мыңжылдықтың ортасы мен б.з І
мыңжылдықтың ортасына жататын ескерткіштер тобы ашылды. Бұл
табылған археологиялық заттар адам баласының 1000 жыл бойы осы
жерде өмір сүргеннің көрсетеді. Б.П.Адрианов, М.А.Итина, А.С.Кейс
бойынша б.з.б. І мыңжылдықтың алғашқы жартысына ажататын
ескерткіштер тобы, кейінгі қола дәуірі және ерте темір дәуіріне
қатысты қоныстар Сырдария атырабының оңтүстік бөлігінде ашылды.
Өзендердің жағалауларында орналасқан көптеген қоныстардан
керамикалық бұйымдар б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ жататын қола садақ оғының сақ-
скифтік типтік заттары табылды [2, 65-66 ].
Бірақ негізгі материалдарды жер асты ескерткіштері берді, оған
қорғандар мен зираттар және мавзолейге ұқсас жер асты құбырлары
болып табылады. Осы аталған барлық қорғандар мен қоныстар ішкі
жазықтарда немесе таулы қыратта тізбектеліп орналасқан. Ал кейбір
жағдайда қорғандар қала тәріздес түрінде табылып жатты, мысалы
Шырық-рабат – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақ, массагет, сарматтардың көне қалалары
Солтүстік Қазақстандағы сақ тайпаларының ескерткіштері
Сақ ескерткіші
Батыс Қазақстандағы сақ тайпаларының ескерткіштері
Сақтардың ескерткіштері. Тасмола мәдениеті, Бесшатыр обасы, Есік қорғаны
Ғұндар Саяси тарихы
Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері (кезеңделуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциясы)
Ғұндар және үйсіндер археологиясы
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштері
Пәндер