Дінтану пәнін оқыту
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
1. Дінтану пәнінің оқытылу ерекшеліктері.
1.1. Батыс елдерінің діни білім беру тәжірибесі.
1.2. Шығыс елдерінің діни білім беру тәжірибесі.
1.3. ТМД елдеріндегі дінтану пәнін оқыту ерекшеліктері.
2. Қазіргі таңдағы Қазақстан жағдайындағы дінтану пәнін жетілдіру перспективасы.
2.1. Қазақстан жеріндегі діни білім мәселесі.
2.2. Қазақстан Республикасындағы дінтануды жетілдірудің негізгі жолдары.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Дінтану пәні не дін туралы білім көптеген Батыс және Шығыс елдерінде бұрыннан мемлекеттік білім жүйесінің міндетті компоненті болып келеді. Бұлай болып келу себебі дін әрқашанда әр қоғамның, мемлекеттің, адамның өмірінде дүниеге көзқарасы, сенімдер жүйесі ретінде маңызды орын алып келеді және солай бола бермек. Сонымен қатар дін қоғамдық феномен болғандықтан оның зерттелуі, жалпы халық, мемплекет тұтастығы үшін өзектілігі жойылмайды.
Дінді дұрыс, жете түсінбеу қоғамда түрлі сенім негізінде адамдар арасындағы, конфессия арасындағы, халықтар арасындағы қайшылықтарға алып келеді. Бір де бір дін адамзатты зұлымдыққа, жамандыққа шақырмайды, қайта қиын кезеңдерде адамға рухани азық, қолдау болып, қоғамның ұйтқысына айналады. Сол себептен діннің негізін, ішкі рухани дүниесін, шығу тарихын, даму барысындағы түрлі ағым, бағыттардың көзқарастарын, ерекшеліктерін зерттеу, білу маңызды.
Өткен ғасырларда дін қоғамның барлық салаларында басты доминанты болып келгені белгілі, көптеген ғылым, өнер жұлдыздары, ақын-жазушыларға, қоғам қайраткерлеріне, қарапайым халыққа руханилықтың, адамгершілік, ізгіліктің бірден-бір көзі болып келді. Қазіргі таңда технологиялық шапшаң және қарқынды дамуына байланысты материалдық құндылықтар бірінші орынға шығып, адамдар рухани құндылықтардан алшақтап, рухани азғындаушылыққа түсіп барады. Бұл адамзат баласын әрқашанда бауырмашылдыққа, игілікке, кемелділікке шақыратын діни сенімінен айырылғандығының себебі. Руханилықтың, адамгершіліктің негізгі көзі-дін, шынайы діни білім еш уақытта жаман іс-әрекеттерге жетелемейді. Діни білім өткен ғасырларда басты білім бұлағы болды, осы білім негізінен көптеген ұлы ойшылдар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері нәр алған. Адамдардың рухани өмірі мен күнделікті болмыс өмірін байланыстыратын діни сенімнің болмауы адамдарды тұрақтылық пен сабырлықтан айырып, белгісіздік және хаос тудырады. Діннің адам өмірінде, қоғам өмірінде алатын орны өте зор.
Көптеген батыс елдерінде дін ұлттық идентификацияның ең басты факторы болып есептеледі. Діни білім мемлекеттік білім беру жүйесінде бұрыннан келе жатқан маңызды фактор. Еліміз Кеңес Одағындағы коммунистік идеологияның салдарынан осы рухани потенциалдан жүз жылға жуық уақыттай қол үзіп қалады. Егемендігімізді алғалы бері біз бос кеңістікті рухани мұрамен толтыру мүмкіндігіне қол жеткіздік. Алайда біз бұл мүмкіндікті әлі де қолдана алмай отырмыз. Оның үстіне жалпы пост кеңестік елдердегі діни сауатсыздық жағдайын пайдаланған әлемдегі түрлі діни ағымдар жағдайды одан әрі күрделендіріп жіберді. Діннен мүлде хабары жоқ халық осы түрлі сенім жүйелерінің жетегінде кете барды.

1) The Fredom of Belief and Religion. Oxford 1987. 587 б.
2) Пыжиков. Высшая школа и научные учреждения Японии. Москва. 1993г. 458б.
3) Высшее образование в странах Западной Европы: проблемы и тенденции. Москва – 1989г. 385б.
4) К.Н. Цейкович, Л.Н.Тарасюк, Н.И.Давыдов, В.Ф.Пирог. высшая школа за рубежом: проблемы, поиски, решения. Москва – 1994.
5) Барбарига А.А. Среднее и среднее специальное образование в современной Англии. Киев – 1989г. 100б.
6) Высшее и среднее специальное образование за рубежом. Москва – 1989г. Научный реферативный сборник ро зарубежным публикациям. 110б.
7) Б.С.Гершунский. «Философия образования для ХХІ века». Москва – 2002. 585б.
8) Перестройка высшего образования в КНР. Москва 1991. Научно-исследовательский Институт высшего образования. 285б.
9) Высшего образование во Франции. Москва 1993. 150б.
10) Дінтанудағы исламтануды оқытудың кейбір өзекті мәселелері. Байтенова Н.Ж.
11) Джеймс.У. многообразие религиозного опыта. Москва – 1993г.
12) Кронштадский.И. Христианская философия. Москва 1992г.
13) Малерб.М. «Религии человечества». Москва – 1997г.
14) Щелокова Е7 этнос и религия: проблема взаймодействия // Мысль. – 2003.- № 97
15) Султангалиева А. Эволюция ислама в Казахстане. htt|//www.cvi.kz.
16) Щелокова Е. Религиозная ситуация в Казахстане в 20-60 годы ХХ века // евразийское сообщество.-2003. №4 ( 97-102б).
17) Амирова А. межэтнические отношения в Казахстане. htm.www.cvi.kz.
18) Радугин А. Введение в религиоведение. Курс лекции.- М.: издательство «Центр», 1996.-299б.
19) Казкенов К. религиозные процессы: диалог, дискуссия,дискурс // Мысль.-2003.-№7
20) Косиченко А.Г. Религиозная ситуация в Республике Казахстан // Аналитик7-2001ю №4-57.
21) Хазова Л. Мировой опыт и тенденции развития высшего образования // Красноярск – 1994.
22) Бернал Д. Наука в истории общества // Москва – 1956г. 385с.
23)Гайденко В. Смирнов Г. Западноевропейская наука в средние века // Москва – 1989г. 374с.
24) Гайденко В. История наукми в контексте культуры // Москва – 1990г. 265с.
25) Спенсер Г. Воспитание: умственное, нравственное и физическое // Москва – 2002г. 422с.
26) Ямбург Е.А. Школа на пути к свободе. Москва – 2000.
27) Рожанский Д. из истории античной науки и философии // Москва – 1991г. 550с.
28) Салимов В.Г. Заподноевропейская средневековая школа и педогагическая мысль // Москва – 1990. 460с.
29) Вульфсон Б. Л. Стратегия развития образования на западе на пороге ХХ века // Москва 1999. 320с.
30) Лопаткин Р.А. Религия, церковь в России и зарубежом // Москва – 1994. 95с.
31) Кыдыралина Ж.У. Этнос и религия В Казахстане: этнос и судьбы // Алматы -

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 1
1. Дінтану пәнінің оқытылу ерекшеліктері.
1.1. Батыс елдерінің діни білім беру тәжірибесі.
1.2. Шығыс елдерінің діни білім беру тәжірибесі.
1.3. ТМД елдеріндегі дінтану пәнін оқыту ерекшеліктері.
2. Қазіргі таңдағы Қазақстан жағдайындағы дінтану пәнін жетілдіру
перспективасы.
2.1. Қазақстан жеріндегі діни білім мәселесі.
2.2. Қазақстан Республикасындағы дінтануды жетілдірудің негізгі
жолдары.
Қорытынды.
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе.
Диссестациялық жұмыстың өзектілігі.
Дінтану пәні не дін туралы білім көптеген Батыс және Шығыс елдерінде
бұрыннан мемлекеттік білім жүйесінің міндетті компоненті болып келеді.
Бұлай болып келу себебі дін әрқашанда әр қоғамның, мемлекеттің, адамның
өмірінде дүниеге көзқарасы, сенімдер жүйесі ретінде маңызды орын алып
келеді және солай бола бермек. Сонымен қатар дін қоғамдық феномен
болғандықтан оның зерттелуі, жалпы халық, мемплекет тұтастығы үшін
өзектілігі жойылмайды.
Дінді дұрыс, жете түсінбеу қоғамда түрлі сенім негізінде адамдар
арасындағы, конфессия арасындағы, халықтар арасындағы қайшылықтарға алып
келеді. Бір де бір дін адамзатты зұлымдыққа, жамандыққа шақырмайды, қайта
қиын кезеңдерде адамға рухани азық, қолдау болып, қоғамның ұйтқысына
айналады. Сол себептен діннің негізін, ішкі рухани дүниесін, шығу тарихын,
даму барысындағы түрлі ағым, бағыттардың көзқарастарын, ерекшеліктерін
зерттеу, білу маңызды.
Өткен ғасырларда дін қоғамның барлық салаларында басты доминанты
болып келгені белгілі, көптеген ғылым, өнер жұлдыздары, ақын-жазушыларға,
қоғам қайраткерлеріне, қарапайым халыққа руханилықтың, адамгершілік,
ізгіліктің бірден-бір көзі болып келді. Қазіргі таңда технологиялық шапшаң
және қарқынды дамуына байланысты материалдық құндылықтар бірінші орынға
шығып, адамдар рухани құндылықтардан алшақтап, рухани азғындаушылыққа түсіп
барады. Бұл адамзат баласын әрқашанда бауырмашылдыққа, игілікке,
кемелділікке шақыратын діни сенімінен айырылғандығының себебі.
Руханилықтың, адамгершіліктің негізгі көзі-дін, шынайы діни білім еш
уақытта жаман іс-әрекеттерге жетелемейді. Діни білім өткен ғасырларда басты
білім бұлағы болды, осы білім негізінен көптеген ұлы ойшылдар, ғалымдар,
қоғам қайраткерлері нәр алған. Адамдардың рухани өмірі мен күнделікті
болмыс өмірін байланыстыратын діни сенімнің болмауы адамдарды тұрақтылық
пен сабырлықтан айырып, белгісіздік және хаос тудырады. Діннің адам
өмірінде, қоғам өмірінде алатын орны өте зор.
Көптеген батыс елдерінде дін ұлттық идентификацияның ең басты
факторы болып есептеледі. Діни білім мемлекеттік білім беру жүйесінде
бұрыннан келе жатқан маңызды фактор. Еліміз Кеңес Одағындағы коммунистік
идеологияның салдарынан осы рухани потенциалдан жүз жылға жуық уақыттай
қол үзіп қалады. Егемендігімізді алғалы бері біз бос кеңістікті рухани
мұрамен толтыру мүмкіндігіне қол жеткіздік. Алайда біз бұл мүмкіндікті әлі
де қолдана алмай отырмыз. Оның үстіне жалпы пост кеңестік елдердегі діни
сауатсыздық жағдайын пайдаланған әлемдегі түрлі діни ағымдар жағдайды одан
әрі күрделендіріп жіберді. Діннен мүлде хабары жоқ халық осы түрлі сенім
жүйелерінің жетегінде кете барды.
Қазақстан қоғамына келер болсақ, дінтану мамандығы 1990
жылдардан бері келе жатқан жас мамандықтардың бірі. Жалпы Кеңес Одағы
ыдырағаннан кейін Орта Азияда және ТМД елдерінде дінге деген қызығушылық
артып, діни ренессанс басталғаны белгілі. Қазақстан да осындай жағдайды
басынан кешіріп отыр. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, сенім бостандығы
жарияланған соң елімізге әлемнің түкпір-түкпірінен түрлі конфессия, діни
секталар ағылып келе бастады. Уақыт олардың дінді жамылып, түрлі саяси,
экономикалық, идеологиялық мүдделерін көздеп келгендігін көрсетті. Діннен
хабары жоқ халық түрлі христиандық, буддистік, индуистік ағымдардың
жетегінде кете барды. Ислам діні бойынша түрлі Араб елдерінің догматикалық
ерекшеліктері бар идеологияға ұрынған жастар да ислам діні бойынша түрлі
көзқарас ұстанып, қайшылықтарға соқтығысып жатады. Әсіресе әлемдік
халифат құрамыз деп, мемлекеттік саяси жүйеге қарсы шығатын ваххабистер,
Хизбут Тахрир діни ұйымы, Хезболлах ұйымдары Қазақстанда біраз
уағыздарын жүргізіп, мұсылман жастарды тартты.
Осындай жоғарыда аталған келеңсіздіктің, қауіптің алдын-алу үшін
біріншіден түрлі діндердің тарихы, ағымдары, бағыттары, ортодоксиялық
догмасы және секталардың ерекшеліктері, діндердің феноменологиясы жөнінде
білім беретін дінтану мамандығының енгізілуі өте маңызды.
Екіншіден рухани азғындаушылыққа түсіп бара жатқан жастарды діннің
адамгершілік, қайырымдылық, ізгілік принциптері арқылы тәрбиелеп, қоғамда
өз орнын тауып, өмірде дұрыс бағыт сілтеу үшін діни білім аса қажет.
Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері әлемде болып жатқан
көптеген процестер мен өзгерістердің ықпалынан өтті. Қоғамымымздың діни
құрамы өте күрделі және әркелкі болғандықтан әрқашанда діни шиеленістің
пайда болу қайпі бар. Осындай қауіптердің алдын алу үшін дін негіздері,
тарихы, пайда болуы жөнінде білім беру маңызды рөль атқарады. Білім
қараңғылықпен күресуде , түрлі діндер туралы бұрыс түсініктер мен
стереотиптермен күресуге көмектеседі. Оның устіне діни білім әлемнің
көптеген өркениетті мемлекеттеріндегі оқу орындарында бұрыннан жүріп
келеді. Алайда біз діни білімнің мектептердегі жүргізілуінің шетелдік
тәжірибесінің мұқият зерттеп, артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере
отырып, біздің қоғамымызға қолайлы жобасын жасауымыз керек. Біздің
мемлекетіміз түрлі конфессияларды, ұлттарды қамтитын күрделі қоғам. Осы
бейбіт қоғамымызда өмір сүретін түрлі ұлт өкілдерінің, түрлі дінді
ұстанатын азаматтардың құқықтарын шектемейтін, талаптарын ескеретін
дінтану пәнінің бағдарламасы аса қажет.
Қазақстан әлемде мемлекетік оқу орындарында діни білім
жүргізілмейтін бірнеше елдердің қатарына кіреді. Дегенмен дінтану пәнін
мектеп бағдарламасына, жоғарғы оқу орындарына енгізу мәселесі бойынша түрлі
қоғам қайраткерлері, білім беру Министрлігінің қызметкерлері, ғалымдар,
жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының қатысуымен бірнеше конференциялар
өтті. Әзірге дінтану пәні мектеп бағдарламасының құрамында жоқ, алайда
мәселе әлі де талқыланып жатыр және болашақта ашылмақ мүмкіндігі бар.
Дінтану – бұл діннің қоғамдық ретінде, жалпы жүйелік білім беретін
пән.
Қазіргі таңдағы жаһандану процесі тұсында әр мемлекет өзінің ұлттық
құндылықтарын, ұлттық болмысын сақтап қалуға тырысады. Бүгінгі әлеуметтік
жағдайда елімізде белгілі бір идеологиялық білім ретінде дінге деген
қажеттілік бар. Сол себептен қазақстан қоғамының түрлі ұлттық, конфессиялық
сипатын ескере отыра, соған қоса ұлттық діни мұраны сақтап қалатындай
қазіргі зайырлы қоғамға, заман талабына сай дінтану пәні жүйесін құрау
қажет.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеті.
1) Батыс және Шығыс елдеріндегі мемлекттік білім беру жүйесіндегі
діни білімнің жүргізілу ерекшеліктерін, олардың құрылымын және мазмұнын
салыстырмалы түрде қарастыру.
2) Елімізге саяси және идеологиялық жағынан біршама жақын ТМД
елдеріндегі дін туралы пәнннің құрылымын, мазмұнын, ерекшеліктерін
қарастыру.
3) Діни білім және дін туралы білімді жүргізу жөнінде түрлі
шетелдік, отандық ғалымдардың пікірлерін, ұсыныстарын, жолдарын қарастыру.
4) Қазақстандағы діни және этникалық жағдайды ескере отырып,
шетелдік діни білім беру тәжірибесінің артықшылықтыры мен кемшіліктерін
қарастыра отырып, Қазақстан Республикасың мемлекеттік білім беру
жүйесіндегі діни білім бағдарламасын жасаудың жолдарын ұсыну.
Диссертациялық жұмыстың жаңалығы.
1) Батыс Еуропа және Шығыс елдері, сонымен қатар ТМД елдерінің діни
құрамы жөнінде мәләметтер келтіріліп, сол елдердегі діни білім мен зайырлы
білім берудің ара-қатынасы анықталып, діни білімнің мемлекеттік білім беру
жүйесінде орны көрсетілді.
2) Діни білім және дінтану пәнінін жүргізу жөнінде соңғы батыстық,
шығыстық, отандық ғалымдардың ұсынған қызықты, әрі нақты идеялары мен
оларды жүзеге асыру тәсілдері келтірілді.
3) Көптеген Батыс және Шығыс елдерінің Конституцияларында зайырлы білім
мен діни білімнің үйлесімді жолдары келтірілді.
4) Қазақстан Республикасының ұлттық және конфессионалдық
ерекшеліктері ескеріле отырып, дін туралы пәннін жүргізудің жаңа тәсілдері
мен жолдары ұсынылды.
Зерттеудің методологиялық негіздемесі.
Ғылыми жұмыстың теориялық және практиаклық мәні.
Диссертациялық жұмыстың нәтижелерін мемлекеттік және жергілікті билік
органдарының білім беру саясаты саласында пайдалануға болады. Сонымен қатар
түрлі елдердің діни білім беру жөніндегі концепциялары Қазақстан
Республикасы үшін діни білім беру бағдарламасын құруда маңызды және құнды
болады. Алынған нәтижелер білім беру шараларымен айналысатын діни
құрылымдардың жетекшілері үшін де қызық болмақ. Диссертациялық жұмыстың
кейбір бөлімдері исламды жамылып, өздерінің саяси мақсаттарын көздеп
келетін исламдық топтармен , экстремизм мен терроризмен күресетін арнайы
органдардың қызығушылығн туғызуы мүмкін.
Жұмыстың зерттеу обьектісі. Зерттеу обьектісі - шетелдердегі
мемлекеттік білім беру жүйесіндегі діни білімнің жүргізілу тәжірибесі.
Қарастырылған тәжірибеге сүйене отырып Қазақстан қоғамы үшін тиімді діни
білім жобасын құрастыру.
Ғылыми жұмыстың құрылымы мен қысқаша мазмұны. Диссертациялық
жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытындыдан
тұрады.
Бірінші бөлімде Батыс Еуропа, Мұсылмандық Шығыс және мұсылмандық
емес шығыс елдеріндегі, ТМД елдеріндегі мемлекеттік оқу орындарындағыдіни
білімнің түрлі формалары, сипаттары, ерекшеліктері келтіріледі. Мәселен
Батыс Еуропада діни білім сол елдердің тарихи және ұлттық ерекшеліктерімен
анықталып, конфессионалды ілім негізінде жүргізіледі. Еуропа елдерінің
бірінде діни білім міндетті болса, енді бірінде діни білімге альтернативті
факультатив курсы ұсынылады.
Шығыс елдерінің көбісінде ислам діни мемлеекттік оқу орындарында
міндетті болып табылады, ғылыми жұмыста осы діни білімдердің мазмұндары
қарастырылды.
ТМД елдерінде діни білім мемлекеттік оқу орындарына енгізілу
салыстырмалы түрде жаңадан енгізіліп отыр, сол себепті діни білімге қатысты
ұсынылған методологиялық әдістер мен жолдар қарастырылады.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы Кеңес Одағы
құрылғанға дейінгі діни білім беру сипатына қысқаша шолу жасалып,
Қазақстандағы дін мен этника арарлық қатынастарға көңіл бөлінеді.
Қазіргі кездегі Қазақстан қоғамының көпконфессионалды сипаты
қарастырылып, діни білімді жетілдірудің жолдары мен шешімдері ұсынылады.
Қорытынды бөлімінде дисссертациялық жұмыста діни білімнің
шетелдік тәжірибесі мен діни білімнің Қазақстан қоғамы үшін маңыздылығы мен
рөлі айтылып өтіледі.

Батыс еуропа елдеріндегі діни білімді оқытудың
ерекшеліктері.
Бүгінгі күні әлемдегі елдердің мемлекеттік білім беру жүйесінде діни
білімнің маңызы зор және және бұл білім беруге ұлттық деңгейде жауапты
тұлғалардың негізгі мәселесі болып отыр. ЮНЕСКО да діни білімге ерекше
көңіл бөліп отыр. Ресми деректерге қарағанда діни білім шамамен әлемнің 140
елдерінде жүргізіледі.
ЮНЕСКОның Халықаралық білім беру беру бюросының жүргізген
зерттеуі мен анализдеріне сүйенсек әлемнің 73 елінде діни білім аптасына
кем дегенде бір рет жүретін міндетті пән болып табылады.
Халықаралық білім беру бюросының соңғы деректеріне қарағанда
діни білім берудің ең жоғарғы проценті Сауд Аравиясында -31% , Иеменде-28%.
Аталған елдерде діни білім алғашқы алты жылдықта оқытылады және бұл
көрсеткіш кез-келген елдермен салыстырғанда 3 есеге жоғары.
Әлемнің 69 елдерінің оқу бағдарламасында дін міндетті де ,
факультативті де емес. Дегенмени зерттеушілердің пікірінше бұл
бағдарламалар діни тақырыпты мүлде теріске шығармайды. Мәселен Швейцария
және Германия мемлекеттерінде діни білім беру мәселелері
орталықтандырылмаған, яғни бір өңірде діни білім міндетті болып табылса,
келесі өңірлерде жүргізілмейді.
Көптеген батыс елдерінде мемлекеттік және муниципалды оқу
орындарында азаматтардың өз діни сенімдеріне байланысты діни білім алу
құқықтары тиімді шешілген. Мемлекеттік және білім берудің зайырлы сипаты
сақтала отырып мемлекеттік оқу орындарында діни білім пәндері жүргізіледі.
Бүгінгі таңда мемлекеттік оқу орындарының зайырлы сипатының моделі сол
елдердің ұлттық-мәдени, тарихи әлеуметтік ерекшеліктерімен анықталады. Бір
елдің зайырлы сипатының моделі келесі елдің зайырлы сипатына моделіне
ұқсамайды.
Еуропалық тәжірибенің зерттеу нәтижесі зайырлы мектептердегі
діни білімді реттеудің және практикалық жүзеге асыру бойынша жалпы еуропа
елдеріне ортақ модельдің жоқтығын көрсетеді.
Әр мемлекеттің ұлттық санасы өз тарихи жетістіктерін өздері
қолданып, рухани мұраға , мәдени сабақтастыққа , сонымен қатар ұлттық білім
беру саласында өзіндік қатынас қалыптастырады. Еуропа елдерінің діни білім
беру жөнінде ерекшеліктері мен қатар ортақ тұстары да бар, мәселен таңдау
құқы: өз конфессиясының діни мәдениетін оқу не діни емес этиканы таңдау.
Көптеген батыс елдерінде діни білім діни ұйымдар арқылы
реттеліп, қадағаланып отырады. Діни ұйымдар осы пәндерді жүргізуге дайындық
пен оқытушыларды тағайындауды өз жауапкершіліктеріне алады. Мәселен олар
келесі мемлекеттер: Австрия , Бельгия, Кипр, Испания , Мальта , Польша,
Португалия , Чех Республикасы.
Кейбір мемлекеттерде (мәселен Венгрия , Италия , Латвия, Литва ,
Германия, Финляндия) мемлекеттер мен діни ұйымдар жоғарыда аталған
мәселелер бойынша қарым-қатынас жасай отырып, бірігіп шешімдер қабылдайды.
Бұл жағдайда діни білім оқытушылары на діни ұйымдар сертификат береді. Бұл
елдердің қатарына Австрия , Бельгия, Германия , Испания, Греция, Венгрия,
Италия , Латвия, Литва, Люксембург, Мальта , Польша, Португалия , Чех
Республикасы, Словакия жатады.
Кейбір елдерде діни конфессиональді білім факультатив ретінде
не басқа пәнді таңдау ретінде жүреді. Егер діни пән міндетті болған
жағдайда оқушының діни сеніміне және оның еркіне байланысты ол пәннен
босатылуға құқы бар. (Германия, Австрия, Кипр, Финляндия, Греция, Мальта,
Словакия).
Конфессиональді білімге мемлекет ұйымдастырушылық және
экономикалық жағынан қолдау көрсетеді, оқытушыларға жалақы төлеп, оқу орнын
тағайындап , оқу сағаттарын бөліп беру. Бұл тұста мемлекет қолдауы барлық
діндерге қатысты емес екендігін айта кету керек, соған байланысты белгілі
критерийлер бойынша мемлекет мойындаған дәстүрлі діндер ғана жүргізіледі.
Зайырлы мектептерде конфессионалды білім беруді ұйымдастыру үшін
келесі шарттар қойылады:
1. белгілі бір конфессияның осы пәнді жүргізуге ресми рұқсаты болуы
керек.(не мемлекетпен конкордаты болуы қажет.)
2. пәнді жүргізу үшін минимальді оқушылыр саны қажет. Топтағы
оқушылардың минимальді саны 7-13 тен кем болмауы керек.
(Польшада-7, Германияда-8-12, Австрия -10, Болгарияда-13). Еуропа
елдерінің мемлекеттік оқу орындарында діни білімді жүргізудің келесі
шарттарын бөліп көрметуге болады:
1) мектептерге мемлекет және діни ұйымлар арасындағы келісім
бойынша конституциялық не арнайы заңмен бекітілген,
2)білім беру орталықтарымен бекітілген, білім беру органымен
мақұлданған діни білім ресми түрде енгізілген
3) оқу орындары діни білім курстарын өздері ұйымдастыра алады:
дінді оқыту курсынан оқу пәндері Құдай Заңы, Құран және тағы басқа
аналогиялық пәндерді атауға болады.
Барлық оқушыларға міндетті болып табылатын діни-мәдени курсын басқа
конфессионалды бағыттағы курсқа не болмаса діни емес бағыттағы этикалық
курсқа алмастыруға боады.
Мысал ретінінде Германия , Швейцария, Финляндия , Ұлыбритания,
Бельгия, Греция ,Испания, Италия, Ирландия, Румыния , Польша, Эстония
елдерін келтірсе болады. Діни білімге мемлекет қаржылық көмек көрсетіп,
шіркеу ұсынған оқытушыларды тексеріп, оларды діни білім беруге
бекітеді.(Испания, Италия).
Дін туралы білім міндетті болып табылатын гуманитарлық курстарда
кеңінен берілген( мәселен,тарихи, әдеби, қоғамдық тілдік пәндер, география
және философия). Діни ұйымдар оқу орындарында мемлекеттік оқу орындарынан
тыс бөліп берген арнайы бір күні діни білімді жргізе алады. Мысал ретінде
Франция және Венгрия мемлекеттерін келтірсе болады.
Батыс социологиясында діни феноменді зерттеудің екі деңгейі көрінеді:
бірі - дінді жүйенің бөлігі ретінде қарастырып, оның басқа әлеуметтік
құрылымдармен байланысын анықтайтын теориялық жағы;
Екіншісі - әлеуметтік және демографиялық топтардың, жеке тұлғалардың
діндарлығын зерттейтін империялық жағы.
Діни білім беру жөнінде біз оның үш түрін ажыратуымыз керек:
1) уағыз түрінде
1) дінтану
1) этикалық тәрбие.
Уағыздау түріндегі діни білім белгілі бір ұйымға жататын оқушыларға
белгілі бір діннің ілімін білдіреді. Бұл кей жағдайларда катехизаторлық
курстар деп аталады. Бұл уағыз түріндегі діни білім мемлекеттік оқу
орындарында – жиі белгілі бір конфессиядағы шіркеу қызметкерлері жүргізеді.
Сенім бостандығын құрметтейтін барлық қоғамдық орта мектептерде оқушылардың
бұл пәндерге қатыспауға не ата-аналарының өтініші бойынша босатылуға
құқылары бар.
Дінтанулық түрі қазіргі діндерге ғылыми шолу, жалпы діндердің пайда
болуы және оның объективті түрде жүргізілуін білдіреді. Мемлекеттік оқу
орындарында бұл курстарды сол мектептің ұстаздары жүргізеді.
Этикалық тәрбие беру бұл мінезді тәрбиелеуде және этикаға деген
түрлі көзқарастар мен салыстырмалы және объективті шолу. Бұл этика бойынша
курстар діни емес, алайда мектептегі діни білім беру мақсаттарының және
саясаттың құрамдас бөлігі болып келеді. Мемлекеттік мектептерде әдетте бұл
пәнді сол мектептердің ұстаздары жүргізеді. Бұл этикалық тәрбие беру
жөніндегі курстар қоғамдық мектептерде факультативті курстар ретінде
ұсынылады, ол жерде сонымен қатар бір немесе бірнеше діндердің уағызы
жүргізіледі.
Қоғамдық мектептерде діни білім берудің әдісі көп, алайда сенім
бостандығын ұстанатын мемлекеттерді олардың діни білім беру әдісі бойынша 4
категорияға жіктеуге болады:
5) бір дінді уағыздау.
5) көптеген діндер ішіндегі бір дінге уағыздау.
5) дінтануды жүргізу және этикалық тәрбие беру.
5) қоғамдық метептердегі діни білім берудің жоқтығы.
Орта мектептерде бір ғана дінді уағыздап жүргізілетін пән бірнеше
мемлекеттердің мемлекеттік білім беру жүйесінде бар. Бұл қоғамында мұсылман
оқушылары немесе католиктік, православиялық шіркеулердің мүшелері басым
еуропалық немесе мұсылман елдері: мәселен, Греция, Иордания, Италия,
Польша. Одан басқа Канаданың квебек провинциясы оқушыларға католицизм
ілімін діни білім ретінде өз мемлекеттік білім жүйесіне ұсынады. Бұл
аталған елдердің барлығы ой бастандығын құрметтегендіктен, мектеп
оқушыларына бұл курстарға қатыспауға рұқсат береді. Польша және Квебекте
оқушылар сонымен қатар этика курсын таңдап алады.
Жоғарыда аталған мемлекеттер үшін өз халықтарының маңызды рухани
мұрасы болып келетін және мемлекет тарихында зор роль атқарған сенім
негіздерін оқушыларға үйрету өте орынды және қажетті болып табылады.
Біршама қоғам қайраткерлері бір ғана тарихи сенім негіздерін оқыту бұл
толық қалықты біріктіреді деп сенеді.
Алайда кез-келген дамыған мемлекетте барлығы бір ғана ресми дінді
мойындай бермейді. Бұл конфессияға жатпайтын оқушылар діни білім пәніне
қатысқысы келмейді және солай істеуге құқы да бар.
Бірнеше діндер арасындағы бір дінді уағыз ретінде жүргізу.
Бұл біздің шолуымызда бірнеше діндер арасында мектептерде бір дінді уағыз
жүргізу діни сабағы ұсынылады. Еуропада бұл – Австрия, Германия, Испания
елдері оқушыларға католицизм не протестантизм ілімінің бірін таңдауға
мүмкіндік береді:
Австрияда - бос уақыт, Германияда – этикалық тәрбие сабағы,
Испанияда – иудаизм және ислам, діни уағыз ретінде діни сабақты таңдауға
мүмкіндік беретін тағы бір мемлекет – Филиппин.
Дінтану не этикалық білім беру. Көптеген қазіргі құқықтық
мемлекеттерде қоғамдық орта мектептерде оқушылар дінтану пәнін оқиды.
Солтүстік Солтүстік Еуропаның 5 мемлекеті оқушыларға дінтану пәнін ұсынады:
Ұлыбритания, Нидерланды, Норвегия, Финляндия, Швеция. Негізінен бұл
курстарды орта мектеп ұстаздары жүргізеді, курс құрамында христиан дінінің
тарихы басым. Финляндияда дінтану курсын арнайы семинарияларды бітірген
оқытушылар жүргізеді. Оқушыларға арналған бұл курстар құрамына этикалық
принциптер енеді. Мәселен Тайваньда және Жапонияда қоғамдық мектептерде
оқушылар этика пәнін міндетті түрде оқиды, осы мемлекеттердегі ұстаз-
оқытушылар тек этика туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар балаларға
моральды тәрбие беріп, дұрыс мінез-құлық қалыптастыруға ұмтылады.
Жалпы Батыс Еуропа елдерінде дін күні бүгінге дейін қоғамдық өмірде
маңызды рольге ие. Көптеген өркениетті елдерде христиан мәдениеті бойынша
теологиялық ғылым, шіркеу тарихы бойынша қызмет ететін мемлекеттік және
конфессионалдық институттардың саны көп, ірі-ірі діни кітаптардан тұратын
кітапхана, архивтер, христиандық ғылыми-энциклопедиялық әдебиеттер өте көп.
Себебі Еуропа елдерінің тарихи бағытын жасаған, халықтарының рухани
болмысын құрған, мемлекеттіліктің типін құрған, кейіннен түрлі саясатты,
соғыстарды, шекараларды жасауын Шіркеудің догматмкалық ілімі анықтап
отырды. Православиялық, католиктік, протестанттық ілімдердің догматикалық
ерекшеліктерін білмей тұрып Шығыс пен Батыстың шынайы табиғатын түсіну,
олардың тарихи тағдырларының ерекшеліктерін түсіну мүмкін емес.
Еуропа мемлекеттерінің көпшілігінің мемлекеттік білім жүйесіндегі
діни білімге шіркеу ықпалы өте зор. Көптеген бастауыш және орта мектептер
осы шіркеу қаражатының көмегінің арқасында не садақа қаражаты негізінде
құрылды. Қазіргі кезде жеке мектептерден басқа бүкіл білім беру жүйесі
мемлекеттік болып саналғанмен, шіркеу қорларымен ескі дәстүрлі байланыстар
күні бүгінге дейін берік.
Осы мектептер енді өз кезегінде түрлі шіркеулерге, мәселен,
англикандық, рим-католиктік, православиелік шіркеулерге және басқа діни
ұйымдарға жатады. Көптеген елдерде діни білім барлық оқушыларға міндетті
және сабақ таңертеңгі құдайға дұға оқудан басталады, дін еуропалықтардың
көпшілігінің өмірінде маңызды орын алады.
Діни білім мәселесінің ғаламдық сипаты бар. Батыс Еуропаның
көптеген елдерінде дін күні бүгінге дейін ұлт болмысын анықтайды . діни
білімді жүргізудің түрлі әдістері бар және ол білім беру жөніндегі заңдарға
сәйкес шешіледі.
Қазіргі замандағы христиандық діни білім үш негізгі конфессия
ілімдерінің негізінде (католиктік, протестанттық, православие) дамып отыр.
Дүние жүзінде Рим католиктік шіркеуінің тұсында 53 католиктік
университеттер, 43 университеттік факультеттер мен институттар жұмыс
істейді. Бір ғана Италияда католик шіркеуінің қарауында 4,5 мың білім беру
орындары бар. Австрия, Испания, Португалия және Латын Америкасының көптеген
елдерінде дін барлық оқу орындарында міндетті пән ретінде жүргізіледі.
Бельгияда мәселен католиктік мектептердің оқушыларының саны мемлекеттік оқу
орындарындағы оқушылар санынан көп болып келеді. Франция мен Германияда да
католиктік мектептер көп кездеседі. АҚШ-тың өзінде 2700 орта білім беретін
мектептер бар. Латын Америкасының көптеген елдеріндегі оқу орындары Рим
католиктік ықпалы мен бақылауында. Католиктік мектептер сонымен қатар Азия
мен Африканың бірқатар елдерінде кездеседі. Католиктік теологиялық білімнің
негізгі ерекшеліктерінің бірі –қатаң орталықтандыру.ватикан барлық жалпы
білім беру мектептері мен теологиялық оқу орындарының орталығы.
Көптеген батыс елдерінде дінтану пәні бір конфессияға жататын
оқушыларға сол ілімді уағыздау түрінде жүргізіледі және “катехизаторлық
курстар” деп аталады. Бұл уағыз түріндегі діни білімді мемлекеттік оқу
орындарында бір конфессиядағы шіркеу қызметкерлері жүргізеді.
Сенім бостандығын құрметтейтін барлық қоғамдық оқу орындарында
оқушылардың бұл пәндерге ата аналарының өтініші бойынша босатылуға құқылыры
бар.
Жалпы Батыс Еуропа елдерінде дін күні бүгінге дейін қоғамдық өмірде маңызды
рольге ие. Көптеген өркениетті елдерде христиан мәдениеті бойынша

отырды.
Еуропа мемлекеттерінің көпшілігінің мемлекеттік білім
жүйесіндегі діни білімге шіркеу ықпалы өте зор. Көптеген бастауыш және орта
мектептер осы шіркеу қаражатының көмегінің арқасында не садақа қаражаты
негізінде құрылды. Қазіргі кезде жеке мектептерден басқа бүкіл білім беру
жүйесі мемлекеттік болып саналғанмен, шіркеу қорларымен ескі дәстүрлі
байланыстар күні бүгінге дейін берік.

Батыс елдерінің қоғамының діни құрамына көңіл бөліп, мемлекеттік
білім беру жүйесіндегі дінтану пәнін қарастырып өтейік.
Германия.
Германия мемлекетінің білім беру жүйесінің мақсаты -
оқушыларды демократиялық рухта, бавариялық рухта , неміс халқына деген
махаббат және халықтар арасындағы бейбітшілікті сақтауға тәрбиелеу.
Халқының 45% - протестанттар, 37% - католиктер.
Германия Конституциясының алғашқы статьяларының бірі, дәлірек
айтсақ 7 бабы мектеп істері мен дінге арналған, онда былай делінген;
конфессионалды емес мектептерден басқа қоғамдық мектептердің барлығында
діни білім міндетті болып табылады. Діни білім діни ұйымдардың
принциптерімен сәйкестендіріліп жүргізіледі және ол мемлекеттің
бақылауында болады.
Германияда діни білім әр штатта әртүрлі жүргізіледі. Мәселен
Мекленбург штатында діни білім штатты болып табылады. Мектептердің
негізгі мақсаты - оқушыларда моральдік - рухани құндылықтарды
қалыптастыру. Діни білімге байланысты, мемлекет оқу орындарын бөліп, оқу
материалдарын шығарып, оқытушылардың квалификациясын көтерумен айналысады.
Шіркеу оқыту бағдарламасының мазмұнын құрып, оған жауапты болады. Діни
білімге қатыспайтындарға не осы курстан бас тарқандарға альтернативті оқу
пәні ұсынылады. Діни білім шіркеудің негізгі заңдарына және діни
ұйымдардың принциптеріне сәйкес жүреді. Құдай Заңы пәніне қатыспайтын
оқушыларға бастауыш және орта сыныптарда Кішкентай балалармен
философиялық сұхбат , ал үлкен сыныптарда – философия пәні ұсынылады.
Құдай Заңы пәнінен бөлек Евангелиялық дін, Католик діні пәндері
жүргізіледі.
Барлық бастауыш мектептерде діни білім аптасына 2 сағат
жүреді, яғни бірінші сыныпта діни білімге жалпы оқу процесінің 10 пайызы ,
төртінші сыныпта 8 пайыз уақыт бөлінеді.
Германияда орта мектептердің бірнеше түрлері бар: негізгі,
реальді, жалпы және гимназиялар. Аталған мектептердің барлығында 5 тен 10
шы сыныпқа дейін діни білім аптасына 2 сағат жүреді. 5 сыныптарда діни
білімге жалпы оқу процесінің 7,5 пайызы, ал 10 сыныпта сәл төменірек 6,5
пайыз уақыт бөлінеді. Дегенмен мектептердегі діни білімге бөлінген
сағаттар салыстырмалы түрде жоғары.
Жоғарыда айтылғандай Германияның әрбір штатының жеке білім
беру жүйесі бар және әр штатта діни білімге альтернативті дәстурлі діни
білімнен басқа діни білімдерді не діни емес мораль курсын ұсынады. Бұл
альтернативтік діни емес курстарда да діндер жөнінде қысқаша информация
беріледі.
2,7 мұсылман халқы бар Германия мемлекеті үшін мұсылмандық
діни білім мәселесі өзекті. 1989 жылы Берлиннің Ислам Федерациясы құрған
мұсылмандық бастауыш мектеп 1995 жылдан бері мемлекттік қаржылық қолдау
алып тұрады.
1999 жылы Конституциялық Сот Берлиннің Исламдық Федерациясы
мемлекеттік мектептерде мұсылмандық діни білім жүргізуге болады деген
шешім қабылдайды. Көптеген федеральді штаттардың мемлекеттік мектептерінде
мұсылман оқушыларға мұсылмандық діни білім жүргізіледі. Бұл курс
оқушылардың еркімен және олардың туған тілінде жүреді. Бұл мұсылмандық
діни білімнің бағдарламасы Білім Беру министрлігінің көмегімен құрылды.
Протестантар мен католиктер тәрізді мұсылмандардың да аптасына екі рет
мұсылмандық мораль мен ислам тарихы мен негіздерін оқу мүмкіндігіне
қолдары жетті.
Қоғамдағы доминантты дінге жатпайтын оқушылар не болмаса басқа
себептермен діни сабаққа қатыспауға құқы лары бар, алайда оның орнына
этика немесе философия сабақтарына қатысулары тиіс. ФРГ-ның негізгі
Заңының 7 бабына сәйкес діни білім мемлекеттік және муниципалды
мектептерде міндетті және басқа пәндермен тең дәрежеде жүреді. Христиандық
діни білім ресми бағдарламаға кіріп, шіркеу тұрғысынан қадағаланып
отырады. Бұл діни пәннен алынған бағалар жоғарғы сыныптарға өткенде
ескеріледі.
Сонымен қатар оқушылардың өздерінің дүниеге көзқарастары мен
құндылықтарына сәйкес білім алуларына құқылары бар.
127 статья бойынша : мемлекет мақұлдаған діни ұйымдардың
оқушылардың діни сенімін қалыптастыруға өз ықпалдарын тигізуге құқылары
бар.
131 баб:
1) Мектеп оқушыларға тек білім беріп, олардың танымдық
қабілеттерін қана дамытумен шектелмей , сонымен қатар оқушылардың рухани
қасиеттерін және мінезін қалыптастыруы тиіс.
2) Білім берудің ең басты мақсаты құдайды тану, діни көзқарастарды
және адами қасиеттерді құрметтеуге үйрету.
Қазіргі күні Германияда мектептерге исламдық діни білім беруді
ендіру жөнінде пікірталас жүруде. Осы жаңа өзгеріс ендіруге қарсы
болғандардың пікірінше сабақ үстінде неміс мұсылмандарына
антиконституциялық құндылықтар түсіндерілуі мүмкін. Ал бұл ұсынысты
құптаушылар оқушылардың ислам жөнінде алатын білімдері фундаменталистік
мектептерде емес мемлекет қадағалайтын оқу орындарда жүруі жөн болады.
135 баб; мемлекеттік жалпы білім беру орындары барлық
азаматтарға ашық және бұл мектептерде оқушылар христиан сенімінің
принциптерінде тәрбиеленіп, басқа діндер мен дүниеге көзқарастармен
танысады. Басқа конфессия өкілдеріне діни білім бөлек жүргізіледі.
Конституцияның 7(3) бабы бойынша мектептерде діни білім беру
көптеген штаттарда міндетті болып келеді және ол міндетті түрде діни
топтардың принциптеріне сәйкес жүргізу керек. Ислам бірнеше штаттардағы
мектептерде оқытылады.
Сарапшылардың есептеуінше мұсылмандардың саны 1,7 миллион. Германияда
діни курстар дәстүрлі мектеп пәндеріне жатқанымен, оқушылар діни білім мен
зайырлы этика курстары екеуінің бірін таңдай алады.
Сонымен Германия конституциясында діни нейтралитет концепциясы
бекітілген, ол сенім бостандығын, діни және идеологиялық сенім бостандығын
қамтамасыз етіп, интеллектуалды өмірдің бостандығының алғашқы шарты болып
табылады.
Конституцияның 7 бабына сәйкес діни білім мемлекеттік
мектептердегі мемлекеттік оқу бағдарламасының құрамдас бөлігі болып
табылады, діни білім белгілі бір конфессияның ілімі мен принциптеріне
сәйкес жүруі керек және ол міндетті болып келеді. Алайда оқушылардың діни
білім алу қажеттігін ата-аналар шешеді. Діни білім беру жөнінде 1921 жылы
қабылданған заңның күні бүгінге дейін күші бар. Мемлекеттік білім беру
бағдарламасының құрамдас бөлігі ретінде діни білім мемлекет бақылауында.
Мемлекет осы пәнге байланысты барлық шығындарды төлейді. Діни білімді
шіркеу бекіткен бағдарлама бойынша шіркеу тағайындаған арнайы оқытушылар
жүргізеді. Яғни бұл дінтану пәні емес, мораль не этика жөнінде лекция емес,
бұл бір діни ұйымның нақты ілімі шеңберінде жүретін пән. Діни білімді
жүргізетін оқытушылар сәйкес рұқсат құжаттары жоқ оқытушыларға діни білім
жүргізуге тыйым салады.
Ұлыбритания.
Ұлыбританияда басты дін – христиан діні, халқының 65 пайызы
христиандар.
Басқа діни топтарға келсек, 1 миллион шамасында мұсылмандар, 330,000
еврейлер, 300,000 үндістер, 400,000 сикхтер, басқа да кішігірім діни топтар
– буддистер, джайниліктер, зороастрліктер, бахаистер, мармондар, иегова
куәгерлері, сайентологтар және т.б. жаңа діни ағымдар.
Англияда діни білім мәселесі келесі актілермен реттелген:
-1944 жылы қабылданған Заң.
-1998 жылғы Білім беруді реформалау Заңы.
Көптеген мектептердің жанында кішігірім Англокандық не Католиктік
шіркеу бөлімшелері бар және оқушылар ол жерге аптасына үш рет барып тұрады.
Ислам, иудаизм, буддизм не басқа діндерге жататын оқушылар бұл христиандық
рәсімдерден босатылады, алайда атейстер мен агностиктер босатылмайды.
Мемлекеттік мектептер Шіркеудегі рәсімдер мен Құдай Заңы пәні оқушылардың
моральдік құндылықтарын қалыптастырады деп есептейді.
1944 жылы қабылданған Заң былай дейді:
1) Діни білім барлық мектеп түрлеріне міндетті болып табылып, 1870
жылғы қабылданған Заң бойынша діни білімнің таза конфессионалдық сипаты
сақталып қалады.
2) Оқу күні басталар алдында немесе оқу күнінің соңында оқушылыр
бірігіп дұға оқулары тиіс.
3) Ата-аналардың өтініші бойынша оқушылар діни пәнге және дұғаға
қатыспауға болады. Және бұл ереже барлық мектеп түрлеріне ортақ болып
келеді:
1988 жылы қабылданған Білім беруді реформалау Заңы 1944 жылғы Заңның
көп тұстарын қайта қабылдады, сонымен қатар діни білімді күшейтетін бірнеше
өзгерістер енгізді. Маңызды өзгерістердің бірі- діни білім дінді оқыту
терминін дінді оқыту терминімен алмастыру болды. Алғаш рет христиан
дінінен өзге дін өкілдері діни білім беру бағдарламасыни құру Коммисиясына
қатысуға рұқсат алды. Соған қоса діни білім жөнінде үнемі болып тұратын
консультативті Кеңестер құрылды.
1988 жылы қабылданған Заңға сәйкес, кез-келген ресми
бағдарлама Ұлыбританиядағы негізгі діндердің тәжірибесін және білімін
ескере отырып, елдің негізгі діни дәстүрлері- христиандық болып табылатын
фактіні ескеруі тиіс. Христиандық тәрбие жөнінде ештеңе айтылмаған. Жаңадан
бекітілген бағдарламалар негізгі діндер жөнінде білім беріп, христиан
дініне еркше көңіл бөлуі керек. Барлық мемлекеттік мектептер ресми түрде
бекітілген бағдарлама бойынша діни білімді жүргізулері тиіс. Діни білім
өзінің спецификалық ерекшеліктеріне қарай фундаментальді пәндердің бірі
болып табылады. Діни білімнің мақсатын, формасын мемлекет анықтамайды,
соған қарамастан бұл пән басқа мектеп пәндерімен тең дәрежеде статусқа ие.
Мектептерде ислам алғаш 1975 жылдан бастап жүргізілді және сол уақыттан
бастап ұлттық білім беру бағдарламасының бір бөлігі болып келді.
1960 жылдардан бері конфессионалды емес білім беру силлабусы
дүниежүзілік діндерді оқытуға ерекше көңіл бөледі және белгілі бір дінді
уағыздауды болдырмады, сонымен қатар христиан дініндегі табыну актілерінен
біршама алшақтады. Дегенмен, 1988 жылы қабылданған Білім беру туралы заң
мемлекеттік мектептердегі діни білім беру силлабусы Ұлыбританияда басты
дін христиан діні болатын фактіні ескеруін талап етеді, сонымен қатар
Ұлыбританиядағы басқа да негізгі діндердің ілімдері мен практикасын да
ескереді. Ата-аналарының өтініші бойынша оқушылар діни білім пәнінен
босатыла алады.
Діни ұйымдарға деген сенімдеріне сәйкес толық діни силлабус негізінде
құрылған мектептер ашуға рұқсат етілген.
Солтүстік Ирландия.
Солтүстік Ирландия халқының 90 пайызы өздерін христиан дініне
жатқызады. 1991 жылдың санағы бойынша ирландия халқының 38,4пайызын
католиктер, ал 50,5 пайызын протестанттар құрайды. Солтүстік Ирландияда
шіркеуге барушылардың саны өте жоғары (58%), соның ішінде католиктер (94%).
Солтүстік Ирландияда арнайы және мектептерден басқа барлық
мектептерде діни білім жүргізу заңмен міндеттелген, және ұйымдық табыну да
міндет болып табылады.
Греция.
Діни құрамы: халықтың көпшілігі (97-98пайызы) Шығыс Ортодоксиялық Шіркеудің
мүшелері. Грецияда басқа да діни топтар, солардың ішінде: мұсылмандар,
еврейлер, католиктер, түрлі протестанттық сенім жүйелері, иегова куәгері,
мармондар, кришна санасы және бахаистер.
Греция Конституциясының 16 статьясының 2 пуктінде былай делінген :
Білім беру мемлкеттің ең басты мақсатын құрайды. Ол гректердің
адамгершілік, мәдени, кәсіби, физикалық тәрбиесін және олардың ұлттық жән
діни санасын қалыптастыруды қамтиды. Грецияда Білім беру Министрлігі
Дінмен тығыз байланысты екендігін айта кету маңызды. Мектептердегі діни
білім ата-ананы балаларының Грек Ортодрксиялық дініне жататындығын
жарияламаса, барлық оқушы, студенттерге міндетті болып табылады. Қазіргі
кездегі діндер туралы оқулықтар алғашқы тәжірибеге қарағанда діндер жөнінде
объективті мәліметтерді береді, әр дінге сол дін тұрғысынан келеді.
Грецияда православие ілімі діни пән ретінде мектептерде міндетті түрде
жүргізіледі. Ал басқа дін өкілдері бұл пәнге қатыспауға құқылары бар.
1988 жылға дейін бастауыш мектепте діни білімге қатысушы оқытушыларға
олардың Грек Ортодоксиялық Шіркеудің мүшелері болуы талап етілді. Ал 1988
жылдан кейін дінтану пәнінің мұғалімі мектеп мұғалімі ретінде өзінің діни
сеніміне байланыссыз сабақ жүргізе алады деген заң қабылданды.
Грецияда мұсылмандарға арналған Құранды үйрететін мектептер бар. Бұл
мұғалімдер мемлекет көмегімен толық университеттік курстар алып, мұғалімдік
ізбен не болмаса теологиялық исламдық жолмен кетуін өздері таңдайды.
Бельгия
Бельгияда мемлекттік мектептер оқушыларға алғашқы сыныптардан
соңғы сыныптарға дейін міндетті пән ретінде сол елдегі діндердің бірін не
конфессиядан тыс мораль негіздерін ұсынуы тиіс.
Бельгия Коституциясының 24 Заңының 3 бабына сәйкес Барлық
оқуға тиісті оқушылар діни не рухани білім алуға құқықтары бар. Бельгияда
мемлекеттік оқу орындарында Православие пәні 1997 жылдан бастап
жүргізіледі.
Бельгия Конституциясында келесі норма бекітілген:
Бельгия қоғамы нейтральді білімді ұйымдастырады. Нейтралдылық ата-аналар
мен оқушылардың философиялық, идеологиялық, діни көзқарасына деген құрметті
білдіреді. Мемлекеттік мектептер елдегі мойындалған діндер бойынша діни
білім не деноминациялық болып табылмайтын моральдікілім пәнін ұйымдастыру
керек. Осылайша Бельгияның Конституциясында демократиялық бостандықты
бұзбайтын маңызды және негізгі түсініктер бекітілген.
Мемлекет мойындайтын діндер деген түсінікке мысал келтірер
болсақ, Бельгияда қандай да бір діннің мемлекеттік статусы жоқ, мемлекет
зайырлы болып келеді. Алайда түрлі діни дәстүрлердің мәдени дәстүрлерін
құрметтей келе мемлекет қоғамдық өмірде, Бельгия халқының болмысына маңызды
ықпал еткен діндерді мойындап, олармен қарым-қатынасқа түсуді жөн көреді.
Белгияда бұл діндердің қатарына католик сенімі, православие, англикандық,
иудаизм, ислам жатады. Осы аталған діндер шеңберіндегі білім мемлекеттік
оқу орындарында міндетті болып табылып, міндетті оқу стандартына енеді.
Бельгияның мемлекеттік мектептерінде діни білім аптасына 2 рет
жүргізіледі, бұл жерде діни білім дінтанушылық сипатымен жүргізілмейді.
Діни білім белгілі бір конфессия ілімі мен принциптеріне сәйкес жүргізіледі
Бельгиядағы мемлекеттік мектептерде діни білім келесі маңызды актілермен
реттеледі:
1994 жылы 17.02 қабылданған заңының 24 статьясына сәйкес барлық
мемлекеттік мектептер бірінші сыныптан соңғы сыныптарға дейін елдегі
діндердің бірі мен діни емес мораль пәндерін ұсынулары қажет. Осы Заңның 3
статьясына сәйкес юарлық оқушылар діни және рухани білім алуға құқылы.
1959 жылы мектептер туралы қабылданған конституциялық нормалар мен
Заңға сәйкес мемлекеттік мектептерде келесі формалардың бірін таңдауға
мүмкіндік беретін курс бекітілген:
- осы елдегі ресми мақұлданған 6 діндер негізінде діни білім
бастауыш және орта деңгейде діни білім жүреді.(діни мораль).
- діни емес мораль курсы философиялық деген атаумен оқу процесінің
бөлігі болып табылады, алайда Бельгияның орта білім беру бағдарламасында
философияны оқыту оның тар мағынасында қолданбайды. Осыған қарамастан курс
мазмұнын мемлекет мойындаған діндер қадағалайды.
Бастуыш сыныптарда діни білім не діни емес мораль курсы жалпы оқу
процесінің 7% , Бельгияның франкофонды қоғамы үшін 7 пайызды, неміс тілді
және фламандық бөлігі үшін 7,1 пайызды құрайды.
Мемлекеттік оқу орындарында исламды оқыту курсы енгізілген,
алайда ол қиыншылықсыз өткен жоқ.
Венгрия.
Венгрия Еуропаның шығыс және батысының қиылысу нүктесінде жатыр және
көптеген ғасырлар бойы түрлі этникалық, топтары діни сенімдері болды.
Еврейлер Рим империясынан бері, христиан діні ІІІ ғасырдан бері бар.
Венгрия ондаған жылдар бойы Кеңес Өкіметінің құрамында болғандықтан,
дін марксистік ілімге сәйкес қоғамдық дамудың артқа тартқыш күші ретінде
коммунистік билік тұрғысынан шектеліп, қысымға алынып отырды. Идеологияны
халық санасына тереңірек енгізу үшін жан-жақты және түрлі шаралар
қолданылды. Барлық жоғарғы оқу орындарында бірден-бір ғылыми идеология
ретінде марксизм пәні міндетті түрде оқытылды. Діни көзқарастар, жалған
идеалдар, псевдо-ғылым деп қарастырылып университеттерде, мектептерде
жүргізілуге рұқсат етілмеді.
Бүгінгі таңда Венгрия халқының 60 пайызы өздерін католиктер, 20 пайызы
реформистер, 10 пайызы лютерандықтар деп есептейді. Сонымен қатар кішігірім
протестанттар, еврейлер және мұсылмандар бар.
Кеңес дәуірі кезінде шіркеулік мектептердің оқушыларына қоғамдық ғылымдар
жөніндегі университетке түсу өте қиынға түсетін. Егер ата-аналар
балаларының діни білім алуын қаласа олар мектеп қабырғасында, бірақ
сабақтардан тыс сағаттарда оқушылар дәріс ала алады және оған мемлекет
толықтай қолдау көрсетеді. Көптеген діни мектептер – католиктік. Сонымен
қатар 80 реформистер мектебі және университеті бар.
Ирландия.
Ирландия демократиялық мемлекет болып табылады. Еуропа елдерінің
ішінде ең діни халық болып ерекшеленеді, 92 пайызы католиктер, 80пайызы
өздерінің діни практикасын тұрақты өтейді, шіркеуге жиі барады. өз ұлтын
католик дінімен байланыстырады, ал протестанттар Британдықтар деп
есептеледі.
Ирландиядағы бастауыш мектептердің барлығы дерлік діни мектептер,
олардың көбісі жергілікті католик шіркеуінің қол астында. Орта мектептердің
60 пайызынан астамы католиктік діни тәртіппен жүргізіледі. Діни
мұғалімдерді дайындау католик шіркеуінің қолында және католиктер ғана
мемлекеттік мектептерде дінтану мұғалімдері болып дәріс бере алады және
оқытушыларға жанұя мәселесі бойынша қатаң талап қойылады.
Норвегия.
Христиан діні Норвегияның ұлттық дәстүрінің бір бөлігі және Норвегия
христиан мемлекеті деп саналады. Норвегияда мемлекеттік Шіркеу бар,
дегенмен дін және сенім бостандығы да жарияланған. Христиан діні Еуропаның
басқа елдерімен салыстырғанда кешірек келді. Христиан дінінің келуіне 1000
толуына байланысты мереке 1995жылы аталып өтті. Христиан діні Норвегия
халқына әскери христиан корольдерінің басшылығымен күштеп ендірілді.
Реформация дәуірінде Норвегия протестанттықтың лютерандық бағытына өтеді.
Норвегия этникалық және діни құрамы жағынан біркелкі қоғам. Дін мен
мемлекет арасындағы қатынас Конституцияның 2 бабында былай деп көрсетіледі:
Мемлекет азаматтары өз дінін ұстануға құқылы және Евангеликалық
Лютерандық дін мемлекеттің ресми діні болып табылады. Осы дінді ұстанатын
азаматтар өз балаларына міндетті түрде осы дін бойынша білім беруі тиіс.
Норвегия халқының 90 пайызы Евангелиялық Лютеран мемлекеттік Шіркеуінің
мүшелері. Қалғандары негізінен христиан дінінің түрлі бағыттарынан, мәселен
пентакосталық, Рим католиктері, Мезодистер, Баптистер және т.б.
Соңғы кезде ислам дінінің түрлі бағытындағы мұсылмандар өсіп келеді,
бір ғана Ослода 20 дан астам мешіттер бар. Мұсылман қауымдастығы 1970
жылдардағы 1000-нан 1995ж. 40000-ға дейін өсті. Бұл елге эмигранттар,
қашқындар ретінде ағылып келіп жатқан католиктер санынан да көп (32500).
Мемлекеттік шіркеуден тыс ең үлкен діни топ болып саналатын
Пентакосталықтардың санының өзі 40000, сонымен қатар 2000 еврей, 2300
сикхтер, 3000 индустар, 16000-нан аса иегова куәгерлері бар. Халықтың 6
пайызы еш діни топтың мүшесі болып саналмайды.
Қоғамдық мектептерде алғашқы 9 жылдықта (7-16) оқушыларға діни білім
міндетті болып табылады және ол Евангеликалық Лютерандық конфессия
негізінде құрылған. Басқа діндер жөнінде фактілік және объективтілік білім
де берілуі тиіс. Діни ілімді конфессиялық емес ету жөніндегі ұсыныс 1995 ж.
наурызда парламент отырысында қабылданбады, себебі парламент мүшелерінің
көпшілігі христиан діні Норвегия қоғамын және оның мәдени мұрасын түсіну
үшін қажет деп шешті.
Мемлекеттік шіркеуге жатпайтын оқушылар ата-анасының қалауы бойынша
бұл пәннен босатылады. Олар сол бос уақытты өздерінің сеніміне байланысты
діни білім алуға құқылы.
Польша.
Польша өзінің оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөлігіндегі
кішігірім украиндар, белорустар, литвалық топтарды санамағанда этникалық
құрамы жағынан біркелкі мемлекет.
Польшадағы украиндықтар, орыстар, белорустар үшін олардың ұлттық
ортодоксиялық шіркеулері этникалық және ұлттық болмыстың символы болып
табылады.
Польша қоғамы Рим католицизімінің дәстүрлі консервативті формасымен
ерекшеленеді. Католиктік емес сенім жүйелері ішінен Польшада ортодоксиялық
шіркеу 14 ғасырдан бері белсенді болып келеді. Басқа христиан дінінің
бағыттары 16-ғасырдан бастап, көбінесе Батыс Еуропаның саяси қашқындарының
нәтижесінде келді.
Кішігірім мұсылмандар және еврей қауымдастығы бар. 1990жылдан бері
протестанттық ссенім жүйесіндегі бағыттар сайентология шіркеуі, кришна
санасы тәрізді жаңа дңни ағывмдар пайда бола бастады. Кеңес дәуірі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz