АҚШ тарихнамасындағы позитивизм


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым минстрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Тарих факультеті

Деректану және тарихнама кафедрасы

АҚШ тарихнамасындағы позитивизм

(реферат)

Орындаған: Маулітханов Ә

Т-61К

Тексерген: т. ғ. д., профессор

О. Х. Мұхатова

Алматы 2009 ж

Мазмұны

Кіріспе 1 - 2 бет

  1. XIX ғасырдағы АҚШ қоғамындағы өзгерістер 2-3 бет
  2. АҚШ тарихнамасындағы либеральды бағыт 3-5бет

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап тарихнамада (әсіресе Англия, Франция, АҚШ, Италия, Ресей сияқты елдерде) позитивизм атты идеясы пайда болды. Позитивистік философияның негізін 30-40 жылдарда Огюст Конт қалаған еді. Бірақ негізгі позитивизм кезеңі Г. Спенсердің еңбектерінің дамыған уақытымен сәйкестендірілді. Позитивистік философия жаратылыстану ғылымдарының прогресінде пайда болып және дамыды. Осы позитивизм аясында қоғамдық танымның жаңа өнімі - социология пайда болды. Оның негізін салушы, дәстүрлі позитивистік философияның бастаушысы секілді Огюст Конт болды. Ол социологияны «әлеуметтік физика» деп қарап, астрономия, химия, физика, биология сияқты ғылымдармен қатар қойды. Позитивистік әсердің кеңеюінен тарихи зерттеу кең таралды және әлеуметтік-экономикалық тарих қайта өңделді. О. Конттың ойынша қоғамдағы революциялық өзгеріс -ол тарих заңдарын бұзу, яғни соған қарсы шығу деп қарастырады. Сонымен тарихнамадағы позитивизм XIX ғасырдың екінші жартысында әр түрлі бағыт бойынша жүргізілді. Олар:

  1. Жағымды бағыт
  2. Жағымсыз бағыт

Жалпы позитивизм термині (французша positivisme - оңды, дұрыс, нақтылы деген мағынаны білдіреді) - нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт. Позитивизм негізін салған жоғарыда айтып өткеніміздей, француз ойшылы Огюст Конт болды. Позитивизм XIX ғасырдың 30-жылдарында қалыптасты. Позитивизмнің алғашқы өкілдері: Э. Литтре, Г. Н. Вырубов, П. Лаффат, И. Тэн, Дж. С. Милль, Г. Спенсер болды. Позитимизм жаратылыстанужәне қоғамдық ғылымдардың методологиясына елеулі ықпал етті. Позитивизмнің кейінгі даму барысында махаизм, неопозитивизм, аналитикалық философия қалыптасты. [1. ]

Философиялық позитивизмнің жалпылама саяси деңгейі либерализм идеологиясына, яғни тарихнамадағы либералды ағым мен қоғамдық санаға сәйкес келді. XIX ғасырдың соңғы мыңжылдықтарында позитивизмнің тарихнамадағы әсері тіпті жақсы дамыған елдерде бөлшектенбеді. Позитивизмге тарихнамалық дәстүрлер қарсы болды. Бұл әсіресе Германияда көрініс тапты. Бірақ неміс мектептерінің өкілдері деректерді сынауда оларды зерттеу әдістеріндегі тарихилық білімдері маңызды орын алып отырды. Бұл мектептегі қосалқы тарихи пәндер мен тарихнамалық дамуына үлкен үлес қосқандар қатарына: И. Г. Дройзен,

австриялық тарихшы Ю. Фиккер және Т. Зиккель болды. Тарихи білімдер арнайы университтерде негізі қаланды. АҚШ-та алғашқы тарих кафедрасы ашылып 1881 жылы құрылды. Германия университеттеріндегі тарихи әдіс-тәсілдерін АҚШ XIX ғасырдың екінші жартысынан бастапөз тәжірибесінде қолдана бастады. Бұл университеттегі тарихшы-ғалымдар белгілі бір ғылыми зерттеумен айналысуы керек болды.

I . XIX ғасырдағы АҚШ қоғамындағы өзгерістер

XIX ғасырда АҚШ-тың әлеуметтік-экономикалық, саяси өмірінде үлкен өзгерістер болды. Осы уақыттардағы америка тарихын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады:

  1. 1861-1877 жылдардағы екінші буржуазиялық революция кезеңі
  2. XIX ғасырдағы соңғы мыңжылдықтардағы американдық капитализмнің монополистік сатыға айналу кезеңі.

«Буржуазиялық революция екі әлеуметтік жүйенің - құлдық жүйе мен еңбек еркіндігі жүйесі арасындағы шиеленіс». [2. ] Революция американдық ұлттар арасын бөлді. Плантатор күресте жетекшілік ету буржуазияның қолында болды. Якөтеріліске қатысушыларды талқандауға халықтың көпшілігі - жұмысшылар, фермерлер, негрлер болдв. Қайта құру кезеңінде негрлер негізгі радикальды күш болып саналды.

АҚШ тарихының жаңа кезеңі революцияның аяқталуымен байланысты болды. Плантаторлар мен күресте жеңіске жету - АҚШ экономикасының дамуында үлкен сілкініс болды. Құлдық мәселесі аяқталды, ал елдегі саяси билік буржазиялардың қолына өтті. XIX ғасырдың аяғына қарай АҚШ жоғары дамыған индустриалды елге, яғни әлемдегі алғашқы өнеркәсіпті державаға айналды.

1861-1865 жылдардағы революция кезеңіндегі Азаматтық соғыс тарихнамасы.

Бұл кезеңдегі публицистер ең алдымен тарихи оқиғаға, құлдық процесінің жойылуына әр түрлі бағалар берді. Осы тұрғыда В. И. Ленин былай дейді: « . . . публицистер ісі- қазіргі таңдағы тарихты жазу болып табылады». [3. ] Тек кейін, яғни Қайта құру кезеңінде ғана Азаматтық соғысқа сипаттама, оның зерттелу тарихын қарастыру кең белең алды. Бұл күрес барысында реакцияшыл-құлдық, либеральды және радикальды - аболиционистік бағыт пайда болды.

Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы аймақты және экономикалық айырмашылықты күшейткен бір фактор - құл иеленушілік болды. XIX ғасырдың 30жылдары екі секцияның бөлінуі біреуіндегі құлдықтың әлі күнге дейін болуы арқасында күшейе түсті. Солтүстікте оны жоюдың жақтастары - аболиционистердің қозғалысы өсе түсті. 1850 жылға қарай Оңтүстіктің жағалау аймақтарында құл иемдену 200жылдан аса өмір сүріп экономиканыңнегізгі салаларының құрамдас бөлігі болды. Плантаторлардың көпшілігі құлдық институты тұрақты түрде қажет деп есептеп отырды. Американ революциясы туғызған құлдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі 1808жылы жеңіспен аяқталып: конгресс АҚШ-қа құлдарды әкелуге тыйым салды. Аболиционистік қозғалыс өзінің шектен шыққан кездерінде қатты қарсыласатын және ымыраға келмейтін, сондықтан оның мүшелрі құлдықты тез арада жоюды талап етті. Бұл экстремисті қанаттың жетекшісі массачусетстік У. Л. Гаррисон болды. [4. ]

XIX ғасырдың соңғы ширегінде оңтүстік штаттарда «Джим Кроу заңдары» орнады. Ол бойынша негрлерге арнап бөлек мектептер ашылды, оларға қауымдық орындарға, парктерге, ресторандар мен қонақүйлерге кіруге рұқсат берілмеді. Көптеген негрлер дауыс беру құқығынан да айырылды, өйткені олар сайлаушылардан алынатын салықты төлей алмайтын және сауаттылығын тексеретін қолдан жасалған тестерден өте алмайтын. Алайда көптеген қаратүстілер орташа білім алып, қандай да болса, мамандыққа ие болды. Ал кейбіреулері тіпті еркін фермерлер, кәсіпкерлер мен бизнесмендер де бола бастады.

II. АҚШ тарихнамасындағы либеральды бағыт

Азаматтық соғыстың алғашқы тарихшысы болып, либеральды-буржуазиялық позицияны ұстанғандар соғыста белсенді атсалысқан Солтүстік қайраткерлері болды. 1866 жылы Оңтүстік журналисі Э. Поларданың «Жеңілген іс» атты мақаласына жауап ретінде Х. Грилидің екі томдық «Американдық конфликт» атты жұмысы шығарылады. Бұл жұмыста жаңа деңгейдегі Оңтүстік және Солтүстік арасындағы жағдайды көрсетті. Кейіннен Солтүстік жақтан соғыс жайында жазған ғалымдар Дж. Дрэпер, вице-президент Г. Вильсон және т. б. шықты. Хорас Грили (1811-1872) соғыс жылдарында ол құл иеленушілікке қарсы шыққан «Нью-Йоркская ежедневная трибуна» газетінің редакторы болды. Грилидің «Американдық конфликт» еңбегі Азамат соғыс тарихындағы маңызды фактор болып табылады. Грили оңтүстік тарихнамаға қарсы шығып отырды. 50-ге жуық құл иеленушілік және Азамат соғысы жайында оның баспасында мақалалар шығарылды. Мұның еңбегі «Бүлікшілер құжаттары» жинағына негізделініп шағырылды. Джон Дрэпер (1811-1882) - физика, химия, физиология сферасындағы көрнекті американ ғалымы. Оның «История интеллектуального развития Европы» и «Конфликт между религией и наукой» атты жұмыстары еуропалық тілдердің бәріне аудырыл. Оның ішінде орыс тілінде де жарық көрді. Дрэпер өзінің әлеуметтанулық көзқарас тұрғысынан ерте американдық позитивистік болыа саналады. Оның әлемдік көзқарастарына Конт және Бокль қатты әсер еткен болатын. Сондай-ақ оның «Мысли о будущей гражданской политике Америки» және «История американской Гражданской войны» атты еңбегі толықтай тарихи материалдардың барлығын қамтыған әлеуметтанулық еңбек болып табылады. Дрэпер Азаматтық соғысты сипаттай келе соғыс барысында солтүстік-солдаттардың ерлігін және де солтүстіктің жеңісі үшін негрлердің көп күш жұмсағандығы туралы айтады.

Буржуазиялық-демократиялық революция кезеңінде 1861-1877 жылдары радикалды аболиционистер американдық халықтардың революцияшылдары болды. Азаматтық соғысы барысында бұл топтар құл иеленушілікке қарсы революциялық соғыстың көпшілік бөлігін құрады. Ал Қайта жаңарту заманында саяси және әлеуметтік теңдік барысында жүргізілген негрлерге қарсы күресінде де басым көбіпшілігн осылар иемденді. Аболиционистер қатарынан алдыңғы шепке Ф. Дуглас, У. Филлипс, Т. Стивенс, Ч. Самнер және т. б. болды. Сондай -ақ қара нәсілділер арасындағы көшбасшы Фредерик Дуглас (1817 - 1895) еді. Бұл жазған туындыларының негізгі мазмұны соғыстың басты маңыздылығы құл иеленушілік жөнінде болды. Бұл Дуглас «Норзерн стар» апталығын бастырып шығарушы да еді. Құлдықпен күресудің сол кезеңдегі бір формасы қашқын құлдарға көмек көрсету, Солтүстікте немесе шекараның ар жағындағы Канада да пана беру болды. 1830 жылы бүкіл солтүстік штаттарда «жерасты теміржолы» деп аталатын құпия маршруттар торабы бар болатын. Ол солтүстік-батыста ең тиімді жұмыс істеді. Осының арқасында 1830 - 1860 жылдары тек Огайо штатында ғана 40 мың қашқын құлдар бостандық алды. 1840 жылға қарай елде 2000-ға жуық аболиционистік қоғам болып, оның сапында 200мыңдай адам болды.

Әлеуметтік жағдайдың терең әрі күрделі өзгеріске ұшырауы АҚШ-та XIX ғасырдың соңғы үш жылдығын қамтиды. Осы аралықта елдің рухани өмірінде теология маңызды роль атқарды. Алайда 1861-1877 жылдардағы Екінші американдық революциядан кейін қайтадан жаңа және күрделі мәселелер шыға бастады. Қоғамдық өмірдегі жетістіктерге жаратылыстану ғылымы мен ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері әсерін тигізді. Осы кезеңдерде АҚШ-тағы ең көп таралған идея Г. Спенсердің идясы болды. Бұл жерде Спенсерді эволюциядағы сенімділік, қатал ойлау жүйесі әсер етті.

80 - 90 жылдары антимонополистік идеология пайда бола бастады. Бұл жерде оқырмандарды «Прогресс и бедность» деп аталатын Г. Джордждың еңбектері назар аудартты. Сондай-ақ, Г. Д. Ллойд, Э. Бэлланың туындыларын айтпасқа болмайды.

XIX ғасырдың соңы американ тарихнамасына үлкен жетістіктер әкелді, яғни қорлары жаңа деректермен толтырылды, құжаттарды сыни тұрғыдан талдауда жаңа жолдары қалыптасты. Кітапханалардағы қорлар көлемі ұлғайтылды. Сонымен қатар, Вашингтондағы кітапхана елдегі ең ірі кітапхана болып саналды. Тарихи білім беру ұйымдарда тарихшылар саны артты. Алғашында тарих сабағын отырса, кейіннен ірі-ірі жоғарғы оқу орындарында дәріс және семинар түрінде де жүргізіліп отырды. Көптеген студенттер Германияға барып деректермен жұмыс істеу тәжірибелерін одан ары жетілдіріп отырды. Олардың өз уақыттары жеткен кезде АҚШ-қа қайтып оралып, ірі американдық университеттердегі саяси және тарих ғылымдары бойынша кафедра меңгерушісіне дейін көтеріліп отырды, мысалға, Г. Б. Адамс - Балтимор қаласындағы Джонс Гопкинс университетінің, Дж. Барджесс - Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университетінің, Ч. К. Адамас - Мичган университетінде қызмет атқарды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
XVIII ғасырдың – бірінші жартысы мен XIX ғасырдағы американдық тарихнаманың қалыптасуы
Ертедегі грек тарихшылары
Зерттеушілердің еңбектеріндегі А.Македонскийдің соғыс жылдары
Іі-дүние жүзілік соғыс және жаңаша көзқарас
ХХ ғасырдың философиясы
Деректану және тарихнаманың теориялық-методологиялық мәселелері. Дәрістер кешені
ХІХ-ХХ – ғасыр философиясы
Философия мен жеке ғылымдардың қарым қатынасы
Секуляризация және еркін ойшылық әлеуметтік-тарихи феномен ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz