Жаңа пұтшылдық феномені


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді
ф. ғ. д., доцент А. Құрманәлиева
(қолы, күні)
Диплом жұмысы
«Жаңа пұтшылдық феномені»
Орындаған 4-курс студенті
Ергалиев Олжас Ерболұлы
Ғылыми жетекші
ф. ғ. д., доцент Қ. Затов
Норма бақылаушы Тұнғатова Ұ. А.
Кафедра меңгерушісінің рұқсатымен
қорғауға жіберілді Құрманалиева А. Д.
Алматы, 2013
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ ДІНИ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ. . 7
1. 1 Ежелгі діни жүйелердегі пұтшылдық . . . 7
1. 2 Қазақ халқының діни нанымдарының пұтшылық көріністері . . . 28
2 ЖАҢА ПҰТШЫЛДЫҚ ҚАЗІРГІ МӘДЕНИ ҚҰБЫЛЫС
РЕТІНДЕ . . . 39
2. 1 Қазіргі қоғамдағы жаңа пұтшылдықтың ерекшеліктері . . . 39
2. 2 Жаңа пұтшылдықтың қазіргі діни-философиялық аспектідегі негізгі ілімдері . . . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . ………. … . . . … . . . 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……… . . . 58
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында Қазақстан жеріндегі діни идеологиялық ахуал зерделеніп, түркілердің діни наным-сенімдері және дүниетанымы сараланады. Сондай-ақ, қазақ жеріндегі пұтқа табынушылықтың діни негізі топтастырылып, бұрынғы және қазіргі қоғамдағы жаңа пұтшылдықтың ерекшеліктері талданады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «дін», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.
Көптәңірлі сенімдердің атынан да көрініп тұрғандай пұт ұғымдары да әр түрлі. Мысалы, үнді дінінде көптеген пұттармен қоса олардың бәрінен де жоғары, бәрін жаратушы бас құдай туралы түсінік бар. Олар сонымен қатар әрбір құдай осы бас тәңірдің бір қыры деп ойлайды. Көптәңірлі буддизмде болса пұттар құтқарушы Буддамен салыстырғанда онша маңызды емес болып көрінеді. Қадими (ежелгі) гректердің пұттары Зевстің ең мықты құдай деп таниды. Гректердің құдайи пұттары жақсылықтарынан гөрі ақыл-еске симайтын жамандықтармен ерекшеленеді, олар ашулы, қаһарлы, кекшіл, шамкөс, ызақор пұттар. Көптәңірлі діндерде құдайлардың мол мөлшердегі аруақтар, перілер, жауыз рухтар туралы сенімдер қоса наным - сенімдермен күрделі байланыстарға кіретіні де белгілі.
Тәңірге, Жер, Суға табынудың пайда болуын адамда әуел бастан қалыптасқан ризашылық сезімдерімен байланыстыруға болады. Бұл құдайлар қарапайым тіршілік иелеріне қамқорлықпен қараған, ауыр кезеңдерде адамдарға азық - түлік сыйлаған мейірбандықтарына алғысын білдірудегі ниетінен туған деп есептеледі. Осындай өмірдің нақты шындығына көз жеткізу адамдарға жәрдемдесетін жоғары әлем бар деген түсінікті туғызуы да заңды еді. Ежелгі түрік әулеті өздерінің ұғымдарындағы ең биік шыңды Хан - Тәңірі деп атауы да кездейсоқтық болмағанын көреміз.
Көне түркілердің анимистік көзқарастары шаманизммен байланысты. Шамандық әр түрлі бітімдерде әлі күнге дейін сақталған. Бір-бірімен тылсым арқылы жалғасқан үш дүние (жоғарғы, ортаңғы, төменгі) оларды байланыстырып тұратын ерекше адамдарды, яғни шамандарды талап етті. Бақсы зікір салған кезде экстазға түсіп, үш әлемді байланыстырады. Гумилев Л. Н. рухтармен қарым-қатынастарға түсуді шаманизм деп атаған, ол ертеден келе жатқан құбылыс, табиғатпен байланысы болмаған, практикалық сипатта болған.
Қазақтардың алғашқы бақсы шаманы Қорқыт ата болды, ол туралы Шоқан Уәлиханов жазған еді. Біз Қорқыт атаның қазақтарды және оларға көршілес жатқан халықтарды қобыз ойнауға, түркі халықтарының аңыздарын жырлауға үйреткенін атап өтеміз.
Шамандардың басты сферасы - емшілік, жерлеу рәсімдері, болжау, шаруашылық түрлеріне ықпал ету. Бұларды көптеген интеллектуалдар де-факто жиі қолданды. Шамандықты өркениеттілік тұрғысынан талдау бұл құбылыстың алыс-жақын бастауларын зерттеуге, өткен мен қазіргінің сабақтастығын бағалауға, әртүрлі уақыт пен кеңістіктегі мәдениеттердің сұхбаттасуына мүмкіндік береді. Осы бағытта ежелгі шаманизм мен қазіргі психоаналитикалық теорияларды тарихын мағыналық тұрғыдан салыстыруға болады.
Дінге табынушылар үшін өз құдайлары адам ба, әлде зат па, жанды ма, әлде жансыз ба оның маңызы шамалы. Ең маңыздысы олар адамға ләззат пен рахат, қуаныш пен бақыт силай алса болғаны. Бұрынғы заманның қараңғы, надан саналатын адамдары өздері тәрізді жұмыр басты пенделер мен небір жасанды пұттарды ашықтан-ашық құдай деп атап, соларға құлшылық етіп, солардың ризалықтары үшін небір азғын істермен айналысып, тіпті солар үшін балаларын да құрбандыққа шалған болса, білімді, көзі ашық, саналатын қазіргі заманның адамдары да өздері тәрізді адамдарға, және ағаш, тас, металл, қағаз пұттарға ес-түссіз табынып, солар үшін небір азғындықтар жасап, тіпті өзге түгел өздерін де құрбан етіп те жатыр.
Бұрынғылар ләззат құдайы деп аталатын пұттың қасына жиналып алып, оларға құрбандық ретінде небір сорақы азғындықтармен айналысса, қазіргі адамдар жүректеріне пұт қылып орнатып қойған ләззат құдайына ар-ұяттарын, адалдықтарын, тазалықтарын құрбандыққа беріп, зинадан бастап небір жиркенішті азғындықтармен қалауларынша айналысуда.
Сондай-ақ, байлық құдайы ретінде орнатылған пұттарын риза ету үшін адамға дейін құрбандыққа шалып, оның қанын пұттарына жағып, егістіктеріне шашатын болса, қазіргі жүрегіне ақша пұтын орнатып қойған адамдар сол пұт үшін берісі алаяқтық жасап, әрісі адамдардың қанын судай шашып жүр.
Алғашқы қауымдық заманда перғауын-патшаларын, абыз-бақсыларын құдай санап, соларға құлдық ұрып, олардың ризалықтары үшін ештеңеден де тайынбай, өмірлерін де қиятын болса, қазіргі адамдар да биліктегі құдайлар мен «кумир» құдайларының ризалықтары үшін қылмыстар жасап, өзгелер түгел өз жандарын да аямауда.
Бұрынғылар өз ұрпағын аман сақтап, оларды көбейту үшін ұрпақ пұтына апарып бір баласын құрбандыққа шалатын болса, қазіргі адамдар бұл тұрғыдан алғанда олардан да асып түсуде. Олар ұрпағының амандығы, олардың өсіп-өнуі үшін құрбандық бермейді. Керісінше, олар «қызықтан құр қаламын, күн көре алмай қаламын, қызмет қуа алмай қаламын» деген қорқынышпен жүректеріне орнатып қойған қызық пұты, байлық пұты, қызмет пұты тәрізді пұттары үшін балаларын құрбандыққа шалып, оларды өз қолдарымен өлтіріп жатыр.
Пұтқа табынушылардың Қасиетті Қағбаға орнатқан пұттарын қиратып, ол жерден ағаш пұттарды аластау мүмкін болса, қазіргі пұтқа табынушылардың жүрек Қағбаларын рухани пұттардан тазарту оңай болмауда. Олар өздерінің лас пұттарын жанталаса қорғап, өршелене қарсылық көрсетуде.
Осылайша пұтқа табынушылық тұрғысынан алғанда көзі ашық, жетілген қазіргі адамдардың ертедегі надан адамдардан асып кетпесе, кем түсіп жатқандарын көреміз. Олардың айырмашылықтары, қазіргі «өркениетті» адамдар өздерінің пұттарын құдай деп атамайды. Және өздерінің азғын да, қылмысты пұтқа табынушылық істерін мәдениет, өнер, озықтық, өмірлік қажеттілік ретінде қисынды түрде дәлелдеп, өздерін сауатты түрде ақтай біледі. Сол арқылы олар зор адасу болып табылатын пұтқа табынушылықты өркениетті, еркін қоғамның зор жетістігі ретінде көрсетуде.
Жұмыстың деректік негізі. Көне діндердің пайда болуы мен эволюциялануы мәселесіне бірнеше ғылыми көзқарас бар: эволюциялық көзқарас (Чарльз Дарвиннің „Түрлердің шығуы” теориясы, 1859) ; әлеуметтік көзқарас (Огюст Конттың теориясы; ол бойынша дін - адамның рухани даму жолының алғашқы сатысы) ; анимистік теория (теорияның негізін салушы Э. Б. Тайлор) және функционалдық көзқарас.
Ежелгі және байырғы түріктердің діні әлі де толық зерттеле қойған жоқ. Сақ, хунну, көк түріктердің дінін ол дәуірде қалай атаған, оның жүйесі қандай, дін бе әлде наным-сенім бе дегенге к үні бүгінге дейін толық жауап берілмей келеді. Байырғы түріктердің наным - сеніміне арнайы қалам тартқан ғалымдар саусақпен санарлықтай ғана. Бұл мәселеге ең алғаш арнайы назар қойып зерттеген ғалымдар француз Жан Пьер Ру, ресейлік И. В. Стеблева, С. Г. Кляшторныйлар болды. Орта және Орталық Азия халықтарының ХХ-ХХІ ғасырға дейін сақталып келген шаманизмнің тарамдары олардың байырғы түрік оңғындарымен тікілей сабақтасытығын Л. П. Потопов, Анохин, С. Д. Майнагашев, Ш. Ш. Уәлиханов, Н. Ы. Дыренкова, Г. Д. Санжаев, Н. А. Алексеев, О. Пүрэв, А. Т. Төлеубаев, С. М. Абромзон, П. Пельо, Г. П. Снесарев секілді ондаған ғалымдар ғылыми еңбектерінің зерттеу объектісіне айналдырып келді.
Сондай»-ақ, аталған тақырыпқа байланысты егемедік алған жылдардан бастап шыққан кітаптардың және баспасөз беттерінде жарияланған Елбасы Н. Назарбаевтың, дінтанушы, ғалым М. Орынбековтың, тарихшы М. Қанидың және т. б. қазақтың зиялы қауымдарының қазақтың наным-сенімдері және дініне қатысты еңбектері мен зерттеулері ізденіс барысында пайдаланылды. Сонымен қатар, «Қазіргі дәстүрден тыс діни қозғалыстар мен культтер» тақырыбындағы еңбектің авторлары: Н. Байтенова, А. Құрманәлиева, Қ. Затов, Ш. Рысбекова, Қ. Борбасова, Б. Бейсенов, С. Абжалов, Б. Мейрбаев және т. б. елімізге танымал дінтанушылардың еңбектері зерделенді.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері.
Бұрынғы өткен заманда өздерінің пұттарын мекендеген жерлерінің ортасына, көрнекі алаңқайлар мен сәулетті храмдарға орнататын болса, қазіргі пұтқа табынушылар пұттарын сырт көзден жасырын, өз тәніндегі ең қасиетті орын жүрегінің қақ төріне орнатып қойғанын көреміз. Осыған байланысты зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты, баяғы қараңғы, надан адамдар мен қазіргі көзі ашық, сауатты адамдардың пұтқа табынуларының айырмашылықтары ашып көрсету. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алға қойылды:
- Түркілердің діни наным-сенімдері және дінiнің негізгі басымдықтарын топтастыру;
- Қазақ жеріндегі пұтқа табынушылықтың діни негізін зерделеу;
- Бұрынғы және қазіргі қоғамдағы жаңа пұтшылдықтың ерекшеліктерін талдау;
- Жаңа пұтшылдықтың қазіргі діни-философиялық аспектідегі негізгі ілімдерін ашып көрсету.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: зерттеу жұмысында бұрынғы пұтшылдықпен қазіргі қоғамдағы жаңа пұтшылдықтың ерекшеліктеріне дінтанулық талдау жасалынып, зерделенеді.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ ДІНИ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ
- Ежелгі діни жүйелердегі пұтшылдық
Адамзат тарихының бірінші, діни кезеңі құдайға деген сеніммен сипатталады, осы сенім түрлі топтардың мүдделерінің үйлесімін, қоғамдағы әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз етеді. Дін бұл кездері қоғамда интегративті (біріктіруші) қызмет атқарады. Бұдан соң адамзат екінші және үшінші кезеңдерді бастан өткереді. Бірақ, Конттың пікірінше, қоғамдағы әлеуметтік - тарихи өзгерістер адамзатты ерте ме, кеш пе, қоғамдағы қатынастардың рухани негізі ретінде „екінші теологиялық синтезге” алып келеді, сол кезде „позитивті діннің” үлкен маңызы болады.
Пұтқа табынушылық мәселесіне келмес бұрын, біз ежелгі діни жүйелерді топтастырып көрейік.
Ежелгі Шығыс адамды ертедегі дүние аясынан алып шыққан ұлы мәдениеттер отаны болды. Ертедегі дүниеден шыға отырып, Шығыс адамның дүниеге қатынасының мифологиялық тәсілін жеңе алмады. Бірақ ежелгі шығыс мәдениеттерінің әлемі - бұл табиғат апаттарының ғана емес, озбыр мемлекет қуатының құдайдай көрінуі. Ежелгі шығыс мәдениетінің негізі адамның дербестігі мен еркіндігін мойындамайтын абсолютті бірлік идеалы болып табылады. Мемлекеттің бұл типі қатаң біріктіру қажеттілігінен туды, ол нақты табиғат жағдайларына жауап болды. Осы мемлекет - шығыс озбырлығы зор төрешілдік аппаратпен басқарылады, оның бірлігі қол астына қарайтын адамдардың өмірі мен өліміне абсолютті билік етуге ие билеушімен бейнеленеді. Мемлекеттің мұндай типі Ежелгі Шығыс елдері Египет, Месопотамия, Үнді, Қытайға тән.
Ежелгі Египет - әлемдік өркениеттің дамуына үлкен әсер еткен ежелгі мәдениеттердің бірі. Б. з. дейінгі 3000 жылы перғауын патшалар басқаратын ерте құл иеленуші, орталықтандырылған озбыр формадағы мемлекет пайда болды. Египеттің жоғарғы билігін құрған негізгі принциптер оның мызғымастығы мен ақылға сыйымсыздығы болды.
Ежелгі египеттіктер мәдениетінің маңызды қасиеті мәңгілікке ұмтылу болды, оның белгісі «өлген адамға табыну» сенімінің болуы, оған сәйкес өлім өмірдің аяқталғандығын білдірмейді және мәңгілік өмірлік күш - «ка» ұзарады, және де тек жерлеу жорасын толық сақтаған жағдайда. Өлген адамның денесін сақтау қамы мумиялар жасау өнеріне әкелді. Өлген адамдардың денелері бальзамдалып, пирамидаларға салынды. Пирамидалардың ішіндегі ең ескісі 5 мың жыл бұрын салынған Джосер перғауынның пирамидасы, ол аспанға көтеріліп бара жатқан саты тәрізді салынған. Алайда ең белгілісі және өлшемі бойынша едәуірі - Хеопс пирамидасы [1, 21 б. ] .
Діни табынуда перғауынды құдай деп тану басты орын алды. Ол күн құдайы Ра тәрізді болды. Осирис - өлім құдайы және жерасты әлемінің патшасы. Исида - Осиристің әйелі және қарындасы, құнарлылық пен аналар қамқоршысы. Маат - шындық пен тәртіптілік құдайы. Кейбір жануарлар, өсімдіктер, заттар құдайлар болып саналды. Аменхотеп ІV перғауын (Эхнатон) (б. з. дейінгі 1419-1400 ж. ж. ) Атон құдайының атымен бір құдай ғана қалдыруды ойлады, бірақ бұған абыздар мен ақсүйектер қарсы тұрды.
Египет мәдениетінің маңызды құрама бөлігі иероглифтер - суретті символдық хат болды, онымен храмдар мен сарайлар алдындағы жоғары ескерткіш тастарды жазды, олар кейіннен буын жүйеліге айналды.
Б. з. дейінгі ІІ мыңжылдықтың бейнелеу өнерінің жауһарыТутанхамон перғауынның әйелімен бақшадағы барельефі, Аменхотеп ІV әйелі - Нефертитидің скульптуралық портреті, Аменхотеп ІІІ мүсіні болды. Ежелгі Египеттің бейнелеу өнеріне фигураларды жазық бейнелеу, статикалық, канондық шарттылық тән. Ерлердің денесі қызыл түспен, әйелдердің түсі қызғылт түспен, ал шаштары қара түспен, киімдері ақ түспен бейнеленген. Өнер мелшиіп тұру сипатында болады.
Египеттің көркем әдебиетінің ең ерте ескерткіштері б. з. дейінгі ІІ мыңжылдыққа жатады. Бұл - патшалар мен даналардың ұлдарына ақыл айтуы, ғажайыптар, сиқыршылар туралы көптеген ертегілер, повестер. Ежелгі Египет әдебиетінің ұзын сонар, дерексіз шығармаларының бірі - «Көңілі қалған адамның өз жанымен әңгімесі» («Беседа разочарованного со своей душой») .
Ежелгі Египет өркениеті б. з. дейінгі XVI-XV ғ. ғ. Жаңа патшалық кезеңінде өркендеудің жоғары дәрежесіне жетті.
Б. з. дейінгі IV-III мыңжылдықта Қос өзен территориясы - Тигр және Ефрат өзендерінің аңғарында Египтеттегі мәдениеттегідей жоғары мәдениет пайда болып, орнықты. Алайда мыңжылдықтар бойы бір ғана мемлекет - Ежелгі Египет қана болған Ніл аңғарынан ерекшелігі Қос өзенде (Месопотамияда) бір-бірін әр түрлі мемлекеттер ауыстырып отырды, оның ішінде Шумер, Аккад, Вавилония, Ассирия, Иран. Қос өзен тарихы мен мәдениеті Египеттегіге қарағанда динамикалы болды [3, 124 б. ] .
Қос өзеннің ежелгі мәдениеті - шумер-аккадтық. Шумерлер вавилон мәдениетінің рубасылары болды. Олар тарихта бірінші рет «Алтын ғасыр туралы» поэма шығарды, бірінші элегиялар жазды, бірінші кітапханалық каталог құрастырды, олар бірінші медициналық кітаптардың авторлары болды, егіншінің бірінші күнтізбесін жазды және т. б.
Бұл халыққа дүниедегі алғашқы жазу - шумер сына жазуы жатады, бұл белгілері сына тәрізді сызықшалар топтарынан тұратын белгілер жазуы, олар ылғалды сазға басылып жазылды.
Шумер-аккад өркениетінің мұрагері Вавилония болды. Б. з. дейінгі ІІ мыңжылдық ортасында Хаммурапи патша кезінде (б. з. дейінгі 1792-1750 ж. ж. ережелері) Вавилон қаласы өз маңында Шумер мен Аккадтың барлық облыстарын біріктірді. Хаммурапи кезінде екі метрлік тас бағанаға сына жазумен жазылған белгілі заңдар жиынтығы пайда болды. Бұл заңдарда Қос өзеннің ежелгі тұрғындарының шаруашылық өмірі, тұрмысы, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымы бейнеленді, олардың мүдделері нақты шындыққа көңіл аударып, маңындағы тайпалармен үнемі күресу қажеттігімен анықталды.
Қос өзеннің ежелгі тұрғындарының сенімінде су мен аспан шырақтарына табыну үлкен роль атқарды, ол астрономия мен математиканың тез дамуына әкелді. Осылай алты ондық жүйесі құрылды, ол қазіргі уақытқа дейін уақыт есептеуі - минутада, секундта бар. Вавилон астрономдары Күннің, Айдың айналуын және күн тұтылуының қайталануын бірінші болып есептеп шығарды. Вавилон ғалымдарының барлық ғылыми білімдері магиямен және балгерлікпен байланысты болды.
Вавилон абыздарының іліміне сәйкес адамдар Құдайларға қызмет ету үшін саздан жасалған. Құдайлар көп болған, ең бастылары мыналар: Шамаш - Күн құдайы, Син - Ай құдайы, Әйел құдай Иштар - махаббат құдайы, Нергал - өлім құдайы, Ирра - соғыс құдайы. Құдайлар патшаның қорғаушысы ретінде бейнеленеді, ол күшті патша билігіне бас иеді.
Қос өзеннің ежелгі тұрғындарының діни сенімдері олардың монументтік өнерінде бейнеленді. Қалаларда құдайларға арналған храмдар салынып, олардың жанында зиккурат - террасалармен қоршалған жоғары мұнара тұрғызылды, олар көлемі жағынан кертпеш кертпешпен азаяды, зиккураттың жоғарғы ярусы алтын күмбезмен аяқталады. Вавилон сәулетшілері Ежелгі Рим, одан кейін Орта ғасырлық Европаның құрылыс өнерінің негізі болып табылатын сәулет формаларын жасаушылар болды.
Вавилон мәдениетін, діні мен өнерін ассириялықтар пайдаланып, дамытты. Ассирия патшасы Ашшурбанипалдың (б. з. дейінгі VII ғ. ) Ниневиядағы сарайының қирандыларынан ғалымдар үлкен кітапхана тапты, ол он мыңнан астам сына жазбалы мәтіндерден тұрады. Шумер әдебиетінің маңызды ескерткіші - Гильгамеш туралы аңыздар циклі.
VI ғасырда Вавилон мен Ассирияның орнына Иран империясы келді. Иран өнері зиялы және байсалды болды, онда ассириялықтардың өнеріне тән мейірімсіздік болған жоқ. Бірақ мәдениет сабақтастығы сақталады. Бейнелеу өнерінің маңызды элементі жануарларды - қанатты өгіздерді, арыстандарды, грифондарды бейнелеу болып қала берді [3, 124 б. ] .
Б. з. IV ғасырда Иранды Египет сияқты Александр Македонский жаулап алды және эллинистік мәдениет әсерінің сферасына кірді.
Б. з. ІІІ ғасырында әулет билеушісі Сасанидтер болады. Сасанидті Ирандағы мемлекеттік дін зороастризм (осы діннің негізін салушы Заратуштра есімімен, европа транскрипциясында Зороастра) болды. Зороастризмнің бастапқы ережелері отқа бас ию және жақсылыққа сену болды. Зороастризмнің қасиетті кітабы - «Авеста». Ежелгі ирандықтардың діні пұтқа табыну емес, олар жеке заттарға емес, жалпы затқа табынады.
Билік жүргізуші діннің ауысуы VII ғасырға жатады, онда Иранды арабтар жаулап алып, жаңа сенім - ислам діні тарады.
Ежелгі Қытай тұрғындары өзіндік материалдық және рухани мәдениет құрды. Олар өмірді құдай жаратқанына, дүниеде барлығы қозғалыста болып, екі қарама-қарсы космостық күштер - Жарық пен Түнек қақтығысқанда өзгеретіндігіне сенді. Осы кезеңде (б. з. дейінгі ІІ мыңжылдық) қытайлықтарға табиғатқа табыну тән болды, олар тау, жер, өзен, күн, ай, жаңбыр, жел рухтарына табынды.
Сәл кейінірек патша билігіне бас иді. Патша аспанның ұлы болып саналды, яғни Құдайдың жердегі өкілі болып табылды. Қытайда ата-бабаларға табыну күшті болды. Ежелгі Қытай этносы типінің ерекшелігі рухани өмірде әлеуметтік этика мен әкімшілік практика басты роль атқарғандығы болды. Дұрыс пікірдегі қытай өмір мен өлім проблемалары туралы ойланған жоқ, о дүниедегі шатты өмір немесе қайғы-қасіреттен құтылу үшін емес, өмір үшін тіршілік етті. Дін емес, салттық этика дәстүрлі қытай мәдениетінің бейнесін қалыптастырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz